Азаматтық сот өндірісіндегі дәлелдеудің проблемасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
3 АЗАМАТТЫҚ СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ СҰРАҚТАРЫН ҚАРАСТЫРУ
3.1 Азаматтық сот өндірісіндегі дәлелдеудің проблемасы

Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. ҚР Конституциясында баянды етілгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. [1]
Азаматтық сот ісін жүргізудің басты міндеттері болып азаматтардың, мемлекеттердің және ұйымдардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Бұның өзі құқық бұзушылық орын алған ақпаратты қамтитын талап арыз арқылы азаматтардың тікелей сотқа жүгінуіне әкеледі. [2]
Сот әділ төрелікті жүзеге асыру үшін алдымен азаматтық іс қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды анықтау қажет, содан кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Соттық дәлелдеулер көмегімен істің фактісін, мән-жайларды анықтап алып және қолдануға жататын материалдық нормаларға сүйене отырып, сот ішкі сенімімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы қорытындыға жетеді. Дәлелдеулер азаматтық іс жүргізу құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі. Дәлелдеулер жинау және оны сот процесінде ұсына білуден сот шешімі тікелей тәуелді деп атауға болады. Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдеулерді дұрыс зерттемеу барысында көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның нәтижесінде мұндай істер бойынша шығарылған шешімдер жарамсыз деп танылып, заңдық күшін жоюда. Мәселен, бір ғана Ақмола облысының статистикасына көз жүгіртсек, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде облыс соттарында 22 001 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен материалдар қаралған. Облыс соттарына азаматтық істер бойынша 281 іс пен 13 146 өтініш түскен (290 іс және 13 159 өтініш - 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында). Апелляциялық тәртіппен қарауға 608 азаматтық іс түскен (526 іс). Апелляциялық және қадағалау тәртібімен 149 шешімдердің күші жойылған және өзгертілген. Ал, 2010 жылдың бірінші жарты жылдықта 78 шешімдердің күші жойылған және өзгертілген. 2010 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 0,8 %-ға төмендеді. [3] Сот төрелігін жүзеге асырудың сапасының төмендеуі мен сот шешімдерінің көптеп заңдық күшінің жойылуына әкелетін себептердін бірі - дәлелдеулердің дұрыс зерттелмеуі болып табылады. Бұндай олқылықтар, біздің ойымызша, бір жағынан қарапайым халық арасында әділ сотқа деген сенімнің төмендеп кетуіне әкелсе, бір жағынан заң таразысын ұстағандардың қызметтерінің кемшін тұстары болып саналады . Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес, заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдеулер болып табылады. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдеулермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады. Енді дәлелдеулердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалымы К.Н. Малышев: Дәлелдеу біздің ойымызды кез келген фактінің растығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін тайғызған. Бұл мағынада дәледемелер логика ғылымына жатады - деген, ал техникалық мағынада соттық дәлелдеулер деп - даулы юрисдикциялық фактінің бар-жоқтығы туралы соттық шешіміне себеп болатын занды негіз, - деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдеулерге анықтаманың логикалық дәлелдеулер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған.Треушниковтың берген анықтамасы: Соттық дәлелдеулер дегеніміз
- қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процессуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелеген мән-жайлар. [4, С. 72-74] Дәлелдеулерді тараптар мен іске қатысушы баска да тұлғалар береді.
Азаматтық сот ісін жүргізудегі негізгі қағидалардың бірі бәсекелестік қағидасы болып табылады. Бұл, азаматтық процесте әр тарап өз талаптарын дәлелдеуі тиіс дегенді білдіреді. Сот дәлелдеулерді жинауға міндетті емес, бұл міндет тараптарға жүктеледі. Алайда, процесс қатысушылары сот дәлелдеулерін сұрату жөнінде талап-тілек жасаса, сот олардың бұл құқықтарын жүзеге асыруға міндетті. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Егембердиев Е.О. өз еңбегінде былай деген: Бүгінгі күні іс үшін мәні бар нақты мән-жайларды дәлелдеу міндеті толығымен тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғаларға жүктелген, ал сот оларға тек қосымша дәлелдеулер ұсынуға және олардың өтініштері бойынша дәлелдеулерді сұратып алдыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер
Азаматтық сот өндірісіндегі сот актілері
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері
Азаматық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы
Дәлелдемелердің түсінігі және белгілері
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау
Қылмыстық іс жүргізудегі жанама дәлелдемелер
Пәндер