Адамның өзін-өзі қабылдауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Адамның өзін-өзі қабылдауы

Адамның өзін-өзі бағалау бұрын-сонды болмаған мәнге ие. Ол белгілі бір дәрежеде жалпылық “Мен” бейнесін және т. б. тартымдылықтың деңгейі сияқты көптеген тұлғалық түзілістердің одан әрі дамуын анықтайды.

Адамның дүниені тану және өзін-өзі тану мәселелерін қарастыра келе, Н. Мудрик былай деп тұжырымдайды:” . . . егер адам жас кезінде талдау және өзін-өзі талдау сияқты дағдыларды игермесе, онда оның кейін игеріле қоюы қиынырақ. Содан барып ол дүниені және өзін-өзі тануға тым нашар бағдарланады. Онда дүниенің бейнесі де, өзінің тұлғалы және өзінің дүниемен өзара қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі де қалыптаспайды. ”

Қоғамның әрбір мүшесінің өзін-өзі шынайы бағалауы қоғамдық мәні бар міндет болып табылады. Өйткені, өзін-өзі дұрыс бағаламау салдарынан тек жеке адам ғана емес, оның айналасындағы басқа адамдар да зардап шегеді. Бұл жөнінде “өзіндік мүмкіндіктерін жеткілікті дұрыс бағаламаған адам қиын мақсаттарға жетумен, кедергіні белсенді жеңумен байланысты қуаныштан айырылады, бере алатын мүмкіндігін қоғамға бере алмайды”-дейді Н. Мудрик.

Өзін-өзі бағалауды тұлғаның әлеуметтік дамуының басты көрсеткіштерінің бірі деп санаймыз. Өйткені жас ұлғайған сайын әлеуметтік тұлғаның өзін-өзі бағалауы өзін-өзі танудың басқа да құраушылары сияқты жылдам орныға бастайды. Нәтижесінде өзін-өзі бағалауы өзін-өзі танудың басқа да құраушылары сияқты жылдам орныға бастайды. Нәтижесінде өзін-өзі танудың бүкіл құрылымы орнығады. Бұл өзін-өзі бағалаудың және оның жекелеген құраушыларының одан әрі дамуы бірқалыпты және үйлесімді болды дегенді білдірмейді. В. Крубацкий былай деп жазады:”Жасөспірімнің өзін-өзі тануының елеулі ерекшелігі мынада - ол сөз жоқ өзінің күшті және әлсіз жақтарын, өзінің артықшылықтары менг кемшіліктерін жақсырақ және тереңірек бағалауға қабілетті. Мәселе мынада, Адамның өзін-өзі танудың дамуына басқа адамдардың пікірлері ықпал етеді. Жеткіншек (әсіресе кіші жастағы) өзіне басқалардың көзімен қарайды. Оның өзі жөніндегі пікрлері, көбінесе, ата-аналарының, мұғалімдерінің, жолдастарының сондай пікірлерін қайталайды. Мұнда оның өзін-өзі бағалауы да біршама шынайы. Өйткені ол айналасындағылардың шынайы бағасын қайталап тұр. Ал жасөспірімдікі басқашалау. Жасына қарай онда өзінің әрекетін және іс-әрекетін, өз тұлғасын өз бетімен талдау және бағалау үрдісі беки түседі. Сондықтан жасөспірім (тыңдаушы) өзінің жеке ерекшеліктерін және әрекетін төменгі сынып оқушысына қарағанда жақсырақ талдай алатын болғандықтан өзін жекелеген жағдайларда бағалауының шынайылығы аздау болады ”.

Өзін-өзі білуі мен өзіне - өзінің қатынасының деңгейлерінің арасындағы бұл қарама-қайшылық көптеген Адамдарда кейінгі ересек жаста да жалғасады деуге негіз бар.

Адамның өзін-өзі бағалаудың екінші бір өзіндік белгісіне В. Крутецкий өзінің болашағына қатысты бағалауын жатқызады. Бұл қағидаға Адамныңғы өзін-өзі білудің даму үрдісі оның болашаққа бағытталуымен көрініс табады. Сөйтіп, В. Крутецкий жасөспірім жастың тағы бір маңызды ерекшелігін атап көрсетеді:”Жасөспірім тұлғаны тұтас, оның қасиеттерінің бүкіл жиынтығын да бағалай алады. Ал төменгі сынып оқушысы болса өз тұлғасын жеке әрекеттері, қылықтары немесе әрі кеткенде бұл бағаны тұлғаға тұтас ауыстыра отырып жеке белгілері мен қасиеттері бойынша бағалайды” [19, 48) .

Жасөспірім жастың өзін-өзі бағалауының бұл ерекшелігі бұл жастағы “Мен”бейнесінің даму . Өзін-өзі бағалауды И. Кон осы тұрғыдан қарастырады. Ол былай дейді: “Мен” бейнесі элементтерінің когнитивтік күрделілігі мен жіктелуі кіші жастан ересек жасқа біріншіден, елеулі үзіліссіз және дағдарыссыз артады. Ересектер Адамдарға, ал жасөспірімдер жеткіншектерге қарағанда өзіндегі қасиеттерді көбірек ажыратады”.

Адамның өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктерін қарастырғанда И. Кон бұл жаста “Мен” бейнесінің тізбектілігінің және тұтастығының даму үрдісі артатындығын, бірақ мұнымен бірге тартымдылық деңгейінің және сыртқы бағалаудан өзін-өзі бағалауға қайта бағдарланудың қиындықтарының белгісі кейінгі дамудың көзі болып табылатын өзін-өзі білудің бірқатар ішкі мазмұндық қайшылықтарын туғызады деп тұжырымдайды.

Жасөспірім санасы мен танымы арқылы өзін-өзі түсінуге, өзінің жеке мүмкіндіктері мен сапаларын, дағдылары мен іскерліктерін, білімдерін және оларға қатынасын дұрыс қабылдауды әрі оны бағалауды үйренеді. Бұл кезеңде өзін-өзі бағалау тез дамиды, өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Адам, оның білімдері, іскерліктері мен дағдылары бағалау объектісіне айналады. Нәтижеде жасөспірім адамдарға қатынасындағы жеке өзінің бағаларындағы қателерді түсіне бастайды. Бұл өзін-өзі бағалаудың және өзара бағалаудың қалыптасуындағы маңызды сәтті сындық деп атауға болады.

Сөйтіп жасөспірім мұғалімдердің де, құрдастарының да пенде екендерін, олардың да кемшіліксіз еместігін түсіне бастайды. Содан соң оның тіршілігі және басқа адамдармен қарым-қатынасы салмақтанады, ашыла сөйлейді, өзін еркін ұстап, айналасына сезіктене қарауын және сенімсіздігін жоғалтады. Адамның жақсы жақтарымен бірге кемшіліктерінің де болатынын байқайды. Өзінің жеке дара ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, оқу материалын жақсырақ біле бастайды. Бұл өз кезегінде әлеуметтену үрдісінің мәні болып табылатын адамдық өзара қатынас нормалары мен ережелерін жақсырақ тануға ықпал етеді.

Адамның сыншылдық және өзін-өзі сынау күшейе түседі, өз бетімен пікір айтып қалыптасады. Олөзін-өзі бағалауына күшті ықпалын тигізеді.

Ф. Иващенко “Жоғары сынып оқушыларының еңбек оқуындағы өзін-өзі бағалауының ерекшеліктері” еңбегінде сыншылдықты ақылдың басқа қасиеттерімен байланыстырады. Байқағыштық, тапқырлық, жаңаны терең сезіну сияқты қасиеттер қарым-қатынас үрдісінде ғана шыңдала қоймайды, сонымен бірге заттың іс-әрекет үрдісінде де шыңдалады. Өйткені, барлық бағалық өлшемдер бағдарламалық материалдарға енген. Сондықтан оның кері ықпал ететін әсері де болуы мүмкін. Ол ықпал өзін-өзі тәрбиелеудің дамыған дағдыларынан жалпы ақыл-ой ерекшеліктеріне қарай бағытталады. Сөйтіп, бұл екі ерекшеліктің ықпалынан оқушылардың (тыңдаушылардың) оқу іс-әрекетіне, тұтас педагогикалық үрдісінде қатынасы қалыптасады [15, 59) .

Қарама-қайшылығы мол, ішкі және сыртқы, тұлғалық және тұлғааралық түсінушілігі барынша айқын білінген Адамныңғы тұлғаның қалыптасуындағы қиындықтар әлеуметтік, психологиялық, сондай-ақ эндокриндік жүйенің өзгеруімен, ағзаның өсуімен тікелей байланысты.

Өзін-өзі бағалау мен басқа адамдардың баға беруінің жасөспірім кезеңдегі алғашқы кездері: ата-аналардың пікірі, мұғалімдердің төрелігі, ересек адамдардың айтқандары, мектепте бірге істейтін жолдастарының көзқарастары және т. б. Мұндай көздер елеулі болып келеді. Бірақ, олар жүйесіз әрі басқаруға келмейді.

“Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы соғұрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруына тура келеді. Оның өз әрекеттерін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Сондай - ақ басқа да адамдармен тұлғалық саналары дамиды”.

Тұлғаның ішкі ұстанымының құрылымынан біз өзін-өзі бағалаудың негізгі мазмұндық элементін ажырата аламыз. Өзін-өзі бағалау тұлғаның тұтастық пен құрылымдық және тікелей білінетін сипаттамасы болып табылады. Өзін-өзі бағалауда тұлға үшін маңыздысы: шындық пен “Мен” және “Ол” арасындағы байланыс. Тұлғаның өз “Мен”-іне жақындауы өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттілігінің дамуы кезінде ғана жүзеге асады.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Біздің пікірімізше, оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып барады.

1. Психикалық дамудың тежелуі.

2. Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер.

3. Жаман мінездің қалыптасуы.

Адамдардың жүріс-тұрысындағы сенімсіздіктер мен қолайсыздықтар қайсыбір бұлшық еттер арасында осы кезде болатын сәйкессіз іс-әрекеттерден туындайды. Сол себепті бұл кезеңде ұл мен қыздардың физкультура - спортпен айналысуы өте қажет-ақ. Өйткені, дене жаттығулары бұлшық еттер мен буындарды шынықтырады, қозғалысты реттейтін нерв орталықтары іске машықтандырады. Жасөспірім дене тәрбиесімен және дене еңбегімен айналыспаса, өмір бойы қолайсыз әрі икемсіз болып қалуы мүмкін.

Тұлғаны зерттеу - психологиялық зерттеу аймақтарының бірі. Басқа аймақтар тәрбиелеу, педагогикалық психология, физиологиялық психология, әлеуметтік психология және психоанализ мәселелеріне арналған.

Айтылған барлық зерттеу аймақтары тұлға тақырыбына байланыстары баршылық. Тұлға психологиясы өз алдына осы тақырыпты нақты зерттеуді және тұлғаны анықтайтын факторларды қояды

Салыстыру негізінде екі тестті қолдандым: тұлғалық және өзін-өзі бағалауын анықтау.

Зерттеу барысы экспериментальды сыныпта өткізілді. Топтық және жекелік негізде тест қалыпты, күнделікті өмір жағдайында өткізіледі.

Зерттеу барысында бақылау, тестілеу әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысы 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең - сыныптағы әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін зерттеу.

2 кезең - өзін-өзі бағалауын анықтау.

3 кезең - анализ, өңдеу, зерттеу жұмысының қортындысын интерпритациялау.

Өзін-өзі бағалауын зерттеу үшін Столяренконың тұлғалық қасиеттің өзін-өзі бағалау әдістемесі қолданылды. .

Бұл әдістеменің мақсаты оқушының өзін-өзі бағалауының деңгейін анықтау.

Зерттеу жұмысының негізгі көзі - анкета. Анкета 20 тұлғалық қасиеті жазылған тұратын төрт кестеден тұрады. Мәселен, өзбеттілік, ашықтық, кеңпейілділік және т. б.

Әдістемені жүргізу барысы: оқушыға адамның жеке тұлғалық қасиеттері енгізілген төрт кестені ұсынады. «Мәселен, сенің ойынша идеалды адамның бойында тұлғалық қасиеттері қандай болуы керек?» Оқушы жазып алған қасиеттердің ішінен өз бойына тән қасиеттерді ерекшелеп алуы қажет. Осылай оқушы екінші қасиеттер жинағына, содан соң үшінші және төртінші кестеге көшеді.

Өзін-өзі бағалауының жоғарылығы формула арқылы анықталады:

Қ = Н / И * 100%

Н - нақты сапалар, И - идеалды адамның сапалары. Нәтижесінде өзін-өзі бағалауының орташа баллы анықталады. "Орташа" 46 баллдан 56 баллға шейін; "Жоғары" - 55-69; "Төмен" - 0-45.

ҚР президенті Н. Назарбаев: “Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденуі, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар өз ұрпағынан өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады” дейді. Елбасымыз қазақ елінің азаматтары Орта Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады, дамыған елдер қастарына қосылып, әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді. Бұдан жасөспірім тұжырым: әр қилы уақытта баланың ерекше қабілетін байқап жасөспірім оқушыларға көңіл бөліп, дарынды балаларды тәрбиелік шығаруымыз керек.

Бүгінгі мектеп оқушылары жоғары мәдениетті, ой - өрісі кең, ммандығын еркін таңдай алатын, білімді және бүгігі оқушылар дүниетаныммен өсіп-жетілуі, дене бітімі мен көзқарасы, тіршілігінен түсінігімен бұдан 10-15 жылға балалардан мүлдем өзгеше, сонымен бірге олардың әрқайсысының бір-бірінен ұқсамайтын өзіндік дара ерекшеліктері мінез-құлықтары бар. Сондықтан, қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде психологиялық және педагогикалық процесінің барлық саласында психологиялық - педагогикалық озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.

Міне осындай шын мәніндегі асыл қасиеттер болашақ жас адамның бойында қалыптасуы оқу - тәрбие жұмысының өзара дәйектілікпен ұштасып жататын алуан саласына тәуелді.

Зерттеу жұмыстарының материалдарын сүйене отырып мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер арасында тақырып аясын анықтайтын арнайы сауалнама өткізілді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің пікірлерін қорыту нәтижесінде жеке тұлғаны қалыптастыру үлгісі мен тұжырымының жобасы жасалды.

Бала оқытып, тәрбиелеумен айналысатын барша педагог қауымының басты міндеті-әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке тұлға қалыптастыру. Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсаты, міндеті, түрін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Ол үшін, біздің ойымызша, әрбір шәкірт төмендегідей психологиялық талаптарға ұмтылуы керек.

1. ”Мен істеймін” деу арқылы өзінің көңілі ауған адамдарға ұқсауға тырысып, еліктеу яғни, өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысу, осылайша, жіберген қателіктер мен жетістіктеріне талдау жасау, атқаратын жұмысының тетігін табу.

2. “Мен үшін керек” деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу, ізденсе, оқыса өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу, өзіндік түйсігін ояту.

3. “Мен істей аламын” деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қарау, қоғам талабына бағыну керектігін сезіну, өзін және өзіне қажеттілігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін өзін төзімділікке тәрбиелеу.

Ұсынылып, отырған тұжырым үлгісін басшылыққа алған жағдайда, мұғалімнің басты педагогикалық міндетті орындалып, оқушылардың дарындылыққа еліктеу, жіберілген кемшіліктің себебін табу, қоғамдық тәртіпті сыйлау және оған бағыну, жан-жақты даму мақсатында талаптану және төзімді болу сияқты тұлғалық қасиеттері қалыптасады деп ойлаймыз.

Тренинг - жаттығу №1

/Есімдер - қасиеттер/

Мақсаты: Жеке тұлғаның қарым-қатынасын, жақсы қасиеттерін есте сақтауға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Жүргізілуі: Қатынасушылар дөңгелене отырады. Солдан оңға қарай допты бір-біріне лақтыра отырып, есімдерін айтып және есімдерінің бастапқы әріптеріне өзінің бойындағы бір қасиетін айтады. Қатынасушылар бірінші алдындағылардың айтқандарын қайталап, өздерінің есімдерін-қасиеттерін айтады.

Тренинг - жаттығу №2

/Менің күнім/

Мақсаты: жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай білуге үйрету, бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынасқа, бір-бірлеріне қадірлеуге тәрбиелеу.

Жүргізілуі: қатынасушылар қазғазға күннің суретін салып, ортасына мен деп жазады. Әр шапағына өздерінің қасиеттерін жазады. Қатынасушылардың алдына әркімнің шапақтағы жазылған қасиеттері оқылады.

Қазіргі уақытта оқу- тәрбиелік процестерде белгілі - бір мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын бейнелейтін тұжырымдамаларда, оқушының жеке тұлғасын жан-жақты дамыту және оған тұтастық тұрғыда қарау аса маңызды. Мұндай тұрғы оқушы әрекетінің танымдық және мотивациялық жақтарын бірлікте қарстыруға мүмкіндік береді, оқу мен оқыту процестерінің тиімділігін арттырудың, кез-келген сатыдағы және түрдегі (ұлттық мектептерді қоса) мектеп оқушыларының тиімді даму мәселелерін шешудің жаңа көрсеткіштері мен өлшемдерін ашып көрсетеді. Сонымен бірге, ғылыми тұтастық тұрғыда оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасында гуманистік бағыттың жүзеге асуына жол ашады.

Ғылымдағы тұтастық тұрғы туралы сөз еткенде біз оқушы “менінің” өз әрекеттерінің субъектісі ретінде қалыптасуы мәселесіне тап боламыз. Осыған орай қазіргі білім беру жүйесі баланы дамытудан оның өзін-өзі дамыту бағытына бет бұруда. Мұғалімнің педагогикалық әрекетінің негізгі міндеттерінің бірі - оқушының өздігінен әрекеттену, жан-жақты ізденіп өз бетімен білім ала білу, жеке адамдық қасиеті мен ақыл - ой қабілеттерін дамыта білу дағдыларын қалыптастыру. Бұл процесс мұғалімнің педагогикалық білімдерімен қоса, психологиялық сауаттылығын қажет етеді. Ол үшін баланың психикалық даму ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытып, жүзеге асыруының негізгі психолгиялық астарларын механизмдерін анықтау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік перцепциялар түсінігі
Коммуникация туралы түсінік
Мен тұжырымдамасы. Мен бейнесін психодиагностикалау
Қатынастар психологиясы
Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Қарым - қатынастың интерактивті жағы
Қарым қатынас туралы пікірлер
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту
Мұғалімнің бейвербальді қарым –қатынас құралдарын меңгеруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz