Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚҚА ӨТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
1.1. 12 жылдық білім беру мақсаты
1.2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
1.3. 12 жылдық білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері

II БӨЛІМ. 12 жылдық білім жағдайындағы қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие жүйесінің моделі
2.1 12 жылдық білім жүйесіндегі мектептегі оқушылыр ұйымындығы ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері
2.2 12 жылдық мектеп жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарында этнопедагогика құндылықтарын ендіруге арналған "Атамекен" бағдарламасының мазмұны мен ерекшелiктерi

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса назар аударарлық мәселе.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғнии 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу - баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан -- жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару -- бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл -- күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық -- психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері - осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда.
Қоғамымыздың әлеуметтік - экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру ордасындағы психолог- мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен жиі жолығады. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз.
Курстық жұмыстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесін зерттеп талдау.
Зерттеу пәні: мектепке дайындық компоненттері.
Зерттеу болжамы: 12 жылдық мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдау үшін даярлық компоненттерін айқындалды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өту мәслелесінің мазмұнын зерттеу;
Курстық жұмыс кіріспеден, II бөлімнен, түйін, қорытынды, тәжірибелік ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Курстық жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.

I БӨЛІМ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚҚА ӨТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ

1.1. 12 жылдық білім беру мақсаты

Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.
Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатырдеп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім - тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.
Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар
12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.Жаңа көз - қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн.
Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр.
Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзіне құлақ асу абзал-ақ: Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: Тәрбиесіз қолға білім салма деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.
Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз - ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез- келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай болып табылады. Себебі, Ы.Алтынсарин Мұғалім - мектептің жүрегі,- деп айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.
Ұлы педагоктердің еңбектерін оқығанда, жауапсыз қалған сұрақтың шешімін табуға тырысып бағады екенсің. Сөзге тиек ететін болсақ, сонау өз заманының тұсында Ұлы дидактика деген еңбекті жазып шығараған педогок Янна - Амонс - Каменский ойыма оралып отыр. Белгілі педагок өз еңбегінде Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек? деген сауалдарға өз жауабын нақты түрде бере білген. Ендеше бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер Баланы оқуға қалай үйрету керек? Ойлауға қалай үйрету керек? Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек? деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты - оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, екінші бағыты - оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, үшінші бағыты - ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент - мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент - профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент - оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Қазақ халқы қашанда сөзге бай, өз орнын білетін, рухы мен талғамы биік халық қой. Жыр десе ішкін асын жерге қоятын ұлы ақындарымыздың бірі данышпан Абай атамыз бірде былай деп жырлаған екен:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті , зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі , қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сонда 12 жылдық мектеп тек бұрынғы 11 жылды бір жылға созу ма? Бұрынғыша оқыта берсе не болады? 12 жылдық мектеп бізге не береді? Немесе хан Абылай айтқандай :
Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік деген пікірден аулақ болып, 12 жылдық білім берудің мақсаты :
өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыруды жүзеге асыруға бір адамдай жұмылып еңбектене білсек, барлық қиыншылыққа бірден төтеп бере алатынымыз анық.
Қазақта Тамызығын тапсаң, тас та жанады деген сөз бар.Меніңше, басты идеясы Тұлға жетістігі болып табылатын 12 жылдық мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі.Өйткені, оның мақсаты - әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға , барша білім беру үлгісінен әрбір адамға өмір бойында білім беру үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Қоғам игілігі, елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің, жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп, барынша ат салысатынына сенеміз. Сол сенім бізді алға жетелейді.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің - тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып ,нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ.

1.2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр.
Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл - соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет.
Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет.
Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992)сай дүниежүзінде 136 мемлекетте 12-жылдық білім жүргізілуде,оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия,Франция,
Финляндия.ТМД елдерінен Украина,Өзбекстан,Балтық мемлекеттері көшті.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі:
:: Білім беру парадигмасының өзгеруі:
Білім,білік,дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан -құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
:: Оқушылардың денсаулығын сақтау проблемасы
:: Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру
:: Білім сапасын арттыру
:: Отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сәйкестендіру:
Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:
- жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
- күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
- ашықтығы;
- интерактивтігі.

12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:
- жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
- күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
- оқытудың сабақтастығы;
- әрбір оқыту сатысының даралығы;
Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылып отыр:
1.Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.
2.Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
3.Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.
4.Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.
5.Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
6.Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.
7.Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы.
8.Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану және оған талдау жасау шеберлігі.
9.Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.
12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім беруді реформалаудың стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, баршаға білім беру үлгісінен әрбір адамға өмір бойында білім беру үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, "жалпыға арналған білімнен", "білім әркімге өмір бойы" үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталады. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына; "Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына", "Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына", Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында" атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.

1.3. 12 жылдық білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді.
Оқусыз - білім жоқ, білімсіз - күнің жоқ деп халық айтқандай, білім мен ғылым - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да - мектеп. Расында да мектеп қоғамның дұрыс бағытта дамып, өркендеуіне өз үлесін қосумен қатар, қоғамдық қарым - қатынастар жүйесіне ықпал етіп, елдің тарихи дамуына әсерін тигізетін орда болып есептеледі.Сол себепті тәрбие ошағы - мектептің дұрыс бағытта дамуын үнемі қадағалау, оған өзгерістер енгізу бүгінгі күн талабынан туындап отыр.
Осы ретте еліміздегі 12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептің мақсаты:
жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді,
ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды:
-тәрбиелеу және дамытушылық іс - әрекетін ұйымдастыру;
-құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;
-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың жаңа әдістерін; жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеуді, жобалау әдістерін, денсаулық сақтау әдісін қолдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет.
Осы әдістерді іске асыру нәтижесінде жаңа мектеп түлегінің тұлғасында мынадай жетістіктер қалыптасатын болады:
1.Оқушының жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады, оның қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артады;
2.Балалардың бойында салауатты өмір салты қалыптасады;
3.Жеке ерекшіліктері ескерілген оқу-тәрбие нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игереді;
4.Ұлттық тілді, тарихты, отандық және әлемдік мәдениетті жетік біледі;
5.Баланың жалпы және арнайы қабілеттері қалыптасады;
6.Бойында қалыптастырған білім - біліктерді өмірде орынды қолдана алады;
7.Өзін - өзі дамыту, өзін - өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі, т.б.
12 жылдық жалпы білім беруге көшуге байланысты материалдық-техникалық базаны жаңарту жэне жалпы білім беретін мектептерді, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау жоспарланып отыр. Мысалы, 2007 жылы республика мектептеріне 1,04 млрд. теңгеге 1000 интерактивті тақта алынса, 2008 жылы бұл мектептерді толығымен жабдықтау үшін тағы да 721 мектепке интерактивті құралдар алу үшін бюджеттен 7,3 млрд. теңге қарастырылған.
2010 жылға дейін 6 мыңнан аса республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердің 80%-ның лингофондық және мультимедиялық кабинеттері мен физика, химия жэне биология кабинеттері жабдықталатын болады. 2008-2010 жылдары лингофондық және мультимедиялық кабинеттерді жабдықтауға 7 763 092 мың теңге қаржы қарастырылып отыр, яғни, 2008 жылға - 2 676 454 мың теңге, 2009 жылға -2 543 319 теңге және 2010 жылға - 2 3 31 193 мың теңге.
Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.
1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтарды әзірлеу, қайта әзірлеу және байқаудан өткізулер жүргізілді. 2009 жылға Оқулық РҒПО-ға ұсынылған оқулықтар саны 700-ден асты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы Алматы университеті Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылды және Ақтөбе, Қостанай, Семей, Павлодар, Тараз қалаларында бес педагогикалық институт құрылды. Осылайша, елімізде педагогикалық кадрларды дайындау бойынша жоғарғы педагогикалық білім беру жүйесі құрылды. Осы жұмыстардың арқасында мектеп мұғалімдерінің білім деңгейлері көтерілді. Республика бойынша жалпы алғанда 2009 жылы жұмыс істейтін мұғалімдердің 85,5 %-ның жоғарғы білімдері болды, 13,4 % - орта кәсіби, 0,4 % - бастапқы кәсіби, 0,8 % - жалпы орта.
Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық келісімшарттардың, келісімдердің және конвенциялардың негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан болашақта оқушылардың білім деңгейлерін салыстырмалы зерттеу бойынша PISA, PIRLS және басқа да халықаралық бағдарламаларға қатысуды жоспарлап отыр. 2007 жылдан бастап TIMMS-қа қатысу бойынша дайындық жұмысы басталды.
Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру және оның траекториясын анықтау тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесінде:
- қазіргі еліміздегі білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық
базасын нақтылауға;
- мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім мазмұнының қайталануына жол бермейтіндей етіп, сабақтастық және кіріктіру принциптері негізінде білім мазмұнын іріктеуге;
- түрлі пәндердің білім мазмұнын кіріктіру принципі негізінде оқу жүктемесін азайтуға;
- білім сапасын арттыруға негізделген білім берудің жаңа технологияларын ендіруге;
- білім беру стандарттарының қазіргі талабына сай типтік бағдарлама, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сапалы дайындауға;
- өздігінше білім алып, өзін-өзі рухани жетілдіруге бейімдейтін құзыреттілікке бағытталған білім алуға;
- қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, мұғалімді кәсіби дайындау жүйесін жетілдіруге;
- Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты кәсіби міндеттерді шығармашылықпен іске асыратын маман дайындаудағы жаңа жүйелерді ұсынуға;
- мектеп жасына дейінгі, 3-5 жастағы барлық балаларды толығымен балабақшамен қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейтін тұжырымдамалық ұсыныстар жасауға;
- мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне тиімді жолмен көшуіне;
- техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары білім алушыларының сапалық деңгейін көтеруге;
- жоғары оқу орындарының түгелдей кредиттік жүйеге көшуіне;
- білім сапасын бағалаудың ортақ жүйесіне көшуге;
- жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге;
- педагог мамандардың әлеуметтік статусын көтеруге;
- білім беру мекемелерінің білікті кадр мамандармен толықтырылуына, жағдай жасауға;
- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыс жоспарларын белгілеуге мүмкіндік туады.
II БӨЛІМ. 12 жылдық білім жағдайындағы қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие жүйесінің моделі

2.1 12 жылдық білім жүйесіндегі мектептегі оқушылыр ұйымындығы ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері

Оқушылар ұйымы, немесе - балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен жас өскiндердiң шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Демек, бiздiң қарастырып отырған объектiмiздiң пайда болуы және оның пайда болуына әсер еткен факторлар мен басқа құбылыстарды ажырату мен талдау - кез келген проблеманы терең зерттеу жұмысына негiзгі тұтқа болары хақ.
Оқушылар ұйымы деген атау - ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие және басқа атаулармен тығыз байланыста дами отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылып келеді. Оқушылар ұйымын - балалар ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда кездеседі. Бұл жөнінде Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте төмендегідей анықтама беріледі:
".. Балалар ұжымы (коллектив детский) - қоғамға пайдалы әрекет жасауда (еңбек ету, қоғамдық шығармашылық қызмет, білімін шыңдау, туристік-өлкетану жұмыстарымен айналысу т.б) өз алдына үлкен мақсат қойып, көздеген игіліктеріне жету барысында ұжымды тұрғыда бірлескен балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық топтасулары.
Аталмыш қоғамдық топтасудың (ұйымдасудың) - негізгі ерекшелігі - бір мақсат пен бір мүддедегі іс-шараларды бірлесе отырып атқару болмақ. Балалар ұжымының ересек адамдар ұжымынан өзгешелігі - олардың іс-әрекеттеріне ұстаз-педагогтар мен тәрбиеші-тәлімгерлердің бағыт-бағдар беріп жасауы қажет. Социалистік мемлекеттерде ең белсенді және бір мақсатқа жетуде ірі ұжымдық топтасуға жататын қоғамдық бірлестіктер - пионер ұйымдары болып табылады; Кеңестер Одағында олар В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық пионер ұйымына біріккен. ..."[7,430].
Сондай-ақ ұжым туралы салааралық ғылыми түсіндірме сөздіктерде: "..ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарындағы оқитын студенттердің, оқушылардың тобы" және "..Ұжымтоп - мектеп және мектептен тыс тәрбие ұжымы кеңесінің шешімі бойынша құрылған оқушылар ұйымының негізгі құрылымдық бөлігі..",- деп, анықтама береді [9,221-222].
Ұжым туралы Үлкен Кеңес энциклопедиясында: "..Ұжым (коллектив) - социалистік қоғамның негізгі құрылымдарының бірі; ол - белгілі бір маңызды қоғамдық мәселелерді шешуде ерікті түрде адамдарды біріктіруші ұжымды түрде топтасқан әлеуметтік топ болып табылады. Ұжым - өз мүшелерінің ой-армандарын бір мақсатқа біріктіретін, әр мүшенің (индивидтің) жеке мүддесін қорғайтын және олардың шығармашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Оқыту техникалық құралдар негіздері
Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту
Білім берудегі құзыреттілік тәсіл
Мектеп журналының электрондык түрі
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
Қазақ тілі сабағын оқыту
Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық
Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру
Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі
Пәндер