Жеке тұлғаның қоршаған ортасы мен кеңістігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жеке тұлғаның қоршаған ортасы мен кеңістігі

Адам аралық қатынас дегеніміз - қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келеді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында құрылса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзаратерең сыйластық ортада қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқанойы мен сезімінде көрініс береді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пенұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғанадар кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынстар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келк бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байлданысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады, екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Қарама-қарсылық қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен,оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекшелік қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайға екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен-бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-бірінен бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін сүйіспеншілік қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты - үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік. Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп - бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтің саяси-жағдай оларды әртүрлі париялармен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жастарда кездесіп тұрады: өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетеді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынас кейін ресми бекігенімен, тату-тәтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор - бұл адамдарды жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі ашық болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, Психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтіндігіне бәрімізде куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.
Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше адамның ой-өріс даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді.
Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді.Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсызд сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипата боларын ағара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталаған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарнттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау , көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілерімен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да бір әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.Ой-өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді,ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады., Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарлы жеңіл де ұтымды реттейтін - адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытиып баруға болады.
Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
Адамдар арасындағы қатынтардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психһологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі Ат кісінесіп, адам сөйлесіп дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады. Бөгде адамның бейнгесін қалыптпестыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануағ мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен танып, дұрыс бағасын беріп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бәрін өз қажеттіліктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары
Құзырлылық қатынас негізінде оқушылардың тәрбие кеңістігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негізі
Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі
Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде
Мектептегі тәрбие жүйесінің моделі
Ақпараттық модельдеу
Әлеуметтік педагогика пәні
Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде оқытудың теориясы
Пәндер