Бухгалтерлік баланс туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. 1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік . . . 3

1. 2. Баланс, актив және пассив . . . 5

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бухгалтерлік баланс (французша balanсе - таразы) - шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін Бухгалтерлік баланстың сол жағы(актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы(пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады. Бухгалтерлік баланс - қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т. б. түрлері болады.

1. 1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік

Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңына сәйкес қаржылық есеп берунысандарына мыналар жатады:

-бухгалтерлік баланс;

-табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;

-ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;

-меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс

Субъектілерге қаржылық есептілікті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айып пұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 1 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 6 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

«Қаржылық есептің мақсаты - бугалтерлік есепті» №30 «Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз етуі болып табылады.

Қаржылық есептілік негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есептілікті қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептілік шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

1. 2. Баланс, актив және пассив

Баланс - есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.

Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бугалтерлік талдау» оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ
Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік
Шаруашылық субъектінің түрлері
Есеп бөлімінің ережелері
Бухгалтерлік баланс туралы мағлұмат
Кәсіпорын балансы
Бухгалтерлік есептің міндеті
Баланстың активі мен пассиві
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz