Тамақ өндірісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Құс шаруашылығы

ІІІ. Сүт және сүт өнімдері

ІV. Ұн және ұн өнімдері

І. Кіріспе

Тамақ өндірісі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға қазіргі таңда сүт өнімдерінің 40%-ы, ет өнімдерінің 29%-ы және көкөніс өнімдерінің 43%-ы шет елдерден жеткізіледі. Яғни, еліміздің отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерін қамсыздандыру қадамы әлі де күшейе қойған жоқ. Сондықтан Елбасымыздың алдағы он жылда ел экономикасын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына осы сала да ілігеді. Аграрлық өндірістің ірі әлеуетіне ие Қазақстанның бүл реттегі мүмкіндігі жоғары екені белгілі. Мәселен, тамақ өнеркәсібі бойынша осыған дейін жүзеге асырылған инновациялық жобалардың арқасында аталған нарықтағы өсім былтыр 4%-ды құрапты. Ал, биыл іске кіріскен "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясындағы қаржыландыру бойынша бұл ауқым әлі де арта түсері хақ. Бұған экономиканың стратегиялық маңызды салаларын оңалту мақсатында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры қолға алған жобалар куә.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы "Самұрық-Қазына" жалпы кұны 20 млрд АҚШ долларын құрайтын 40 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Оның ішіңде тамақ өнеркәсібін де. Қордағы даму институтының бірі болып табылатын "ҚазАгро" акционерлік коғамының өзі биыл 2010-2014 жылдарғы Қазақстанның индустрияландыру картасына енетін 8 жобаны жүзеге асыруды мойнына жүктепті. Сонымен, "Қазақстан Іскерінің" бүгінгі талдауы еліміздің тамақ өнеркәсібі саласын қамтымақ.

ІІ. Құс шаруашылығы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Рахман Алшанов, Қазақстан шикізат шығару бойынша алдына оқ бойы озық келе жатқан мемлекет, дегенді айтады. Бірақ одан біз кеп жағдайда ұтылып жатырмыз.

"Мысалы, Италияда күлсалғышты зерттеуге бүтін бір ғылыми зерттеу институты арналған. Сән нәтижесінде олар жылына 60 млрд еуро пайда көріп отыр. Біз 60 млн тонна шикізат шығарып, одан 40 млрд. АҚШ доллары шамасында табыс тапқанымызға мәзбіз. Швецияның халқы бізден екі есе аз. Бірақ онда 80 мың инновациялық кәсіпорын бар. Ал бізде небәрі - 300. Осының өзі ел экономикасын әртараптандырып, қайта өңдеуге көп жұмыс істеуімізді талап етеді", - дейді ғалым. Сондай-ақ, азық-түлікке қатысты бір мысал келтірген Рахман Алшанұлы, Қазақстан жылына 200 мың тоннаға жуық күс етін сырттан алатынын айтып, "аграрлы ел болсақ та осындай әлсіздік танытудамыз" дейді.

Ғалым сынға алған күс еті өндірісім алатын болсақ, шындығында мұнда импорт көлемі басым. Үстіміздегі жылдың өзінде елімізге 109 мың тонна құс еті импортталыпты, онда да оның 92%-ын "буштың сирағы" құрайды екен. Дегенмен бұл бағытта бізде жұмыс жасалмай жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мырзаның айтуынша, алдағы бес жылдың ішінде тауық етіне қатысты импортқа деген тәуелділіктен түбегейлі құтыламыз.

"Бізде кұс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл құс етін өндіру көлемі 20-25 мың тоннаға артты. Қазір құс өсіретін бес зауыт салынып жатыр. Алдағы бес жылда тағы алты кұс фабрикасын салу жоспарда бар. Осы жағынан алғанда, алдағы бес жыл көлемінде ішкі нарықтағы құс етіне деген сұраныстың 75-80%-ын өзіміз қамтамасыз ететін жағдайға жетуіміз керек", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.

Демек, құс фабрикалары тұрғызылғаннан кейін оның кластері де бір жолға қойылып, құс етінен дайындалатын тағамдар да өз елімізден шығатын күн алыс емес секілді . . .

ІІІ. Сүт және сүт өнімдері

Қазақстанға сүт өнімдерінің 40%-ы сырттан: Қытайдан, Ресейден және Қырғыз Республикасынан тасымалданады. Аталған елдер бізге жақын орналасқандыктан, ішкі нарықтағы импорттың бағасы да онша қымбат емес. Мұндай жағдайда отандық шағын сүт өндірушілердің олармен, әсіресе, құн жағынан бәсекеге түсуі қиын соғары анық. Соңғы кездері отандық сүт өндірушілер ауыл шаруашылығы министрлігіне "сүт сусыны" деген термин енгізуді сұрап жүр. Бұл құрғақ ұнтақтан жасалған сүтке қатысты нәрсе. Көбіне, импорттық тауарлардың құрғақ сүттен өндірілетінін ескерсек, оның құнарлылық жағына да күмән көп. Әрі Қытай сүтінен меламин шыкқандығын, оның адам ағзасына қауіпті екенін жапатармағай жариялап жататын баспасөз беттеріндегі бұл ақпарат та көпті алаңдатпай қоймайды. Әрине, бұл мәселені өзімізде осы өндірісті дамыту арқылы ғана шеше аламыз. . Сондықтан сүт өндірісін дамыту - өзекті мәселенің бірі.

Айта кетейік, биыл негізгі бағ ытты шағын жөне орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісіңдегі осы сектордың рөлін күшейтуге бағытталған "Самұрық-Қазынаның" "Даму" қорының "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. Онын . ішінде тамақ өнімдері де бар. Нақтырақ айтқанда, "Даму" қорынан Өскемендегі "Raimbek Vostok-Agro" серіктестігіне бұрынғы қаланың сүт комбинаты кешені аясында ұзақ мерзімге сақталатын зарарсыздаңдырылған сүт шығару бойынша жаңа өндірісті құру үшін 750 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған кәсіпорын сүт өндіруде еліміздегі көш бастаушы компанияға айналып отыр.

Ал, "Даму" қорының үшінші траншы бойынша несиелендіруге қол жеткізген Жаңаөзен сүт зауытының директоры Сәуле Жақаева, бизнес аясының кеңейіп келе жатқанын айтады.

"Бастапқыда тек қаймақ шығарумен айналысқан біздің зауыттан бүгін 14 түрлі өнім өндіріледі. Таяу болашақта шұбаттан өзге тамақ түрлерін дайындау да жоспарымызда бар. Бізден жылына 265 млн теңгенің 360 000 тонна сүті өндіріледі. Таяу болашақта Беларусьтегі әріптестерімізбен балмұздақ шығару бойынша өзара біріккен кәсіпорын құруды да ойлап отырмыз. Онда тек сиыр емес, түйе сүтін де пайдалану көзделген. Бұған Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауы ұйытқы болып отыр", - дейді ол.

Осындай жобалардың көптеп қолға алуынуына тілектестік білдірген Ауыл шаруашылығы институтының төрағасы Ғани Қалиев, "сүтті өндіру үшін мал басын арттыру керек, ал біздегі малдың 90%-ы жеке қолда. Ал, жеке қолдағы малмен біз алысқа бара алмаймыз" дегенді айтады.

"Сондықтан оларды ерікті түрде бір бірлестікке шоғырландырып, мал өнімдері кластерін дамытуымыз керек. Сонда сүтті де, басқа малдан алынатын өнімді де қайтадан өңдеу арқылы шығаратын тауар басын да арттыруға болады", - дейді ол. Сондай-ақ, Ғани Қалиев: "Қазір біз тұтынып отырған тағамның 60-70%-ы импорттан келеді. Ал, 15-18%-ын импорт құрайтын кез келген сала мемлекет ішінде құлдырай бастайды. Сол себепті шикізаттық емес саланы дамыту, оның ішіңде тамақ өнеркәсібін көтеру - бүгінгі тандағы шешім күттірмейтін өзекті мәселе", - дейді.

ІV. Ұн және ұн өнімдері

Астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бірақ, соған қарамастан бізде ұннан өндірілетін тағамдар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2009 жылы елімізде 127 228 тонна макарон өнімдері өндірілген, бұл 2008 жылмен (128 858 тонна) салыстырғанда 1, 3%-ға кем. Ал, макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқыңды өсу үстінде. Бұл ретте, соңғы жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтыну өсімі өндіріс көлемі өсімінен артық. Осыған байланысты соңғы жылдары өндірістегі экспорттың үлесі төмендеп, 2009 жылы 7%-ды құрады. Осы кезеңдегі макарон өнімдерінің импорты (20 422 тонна) 2, 5 есеге артқан. Сондықтан биыл "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша қаржыландырылған шикізаттық емес сектордағы 10 жобада тамақ түрлеріне басымдық берілуі кездейсоқтық болмаса керек. Оның ішінде, атап айтар болсақ, ұн және ұннан дайындалатын өнімдерді шығарумен айналысатын "Мулен" ЖШС, макарон өнімдерін шығаратын "Злак плюс М", ұн ж ә не ұннан дайындалатын өнімдер өндіретін "Тағам-Регион" және дәнді дақылдарды өңдеумен айналысатын "Компания "Аманат ЛТД" серіктестіктері де бар. Осының ішінде бүгіндері өндіріс аясын кеңейтіп, нарықта тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорынға айналғандығының арқасында үкімет тарапынан берілетін қаржылық қолдауға бірнеше мәрте қол жеткізе алған "Злак Плюс М" серіктестігінің директоры Александра Деменева өз пікірін былайша білдіреді: "Алғашқы қадамдарымыз киын болғанымен, іс бірте-бірте түзеле бастады. Ал, Италиядан алынған жаңа құрал-жабдық ісіміздің өнімділігі мен бәсекелестік қабілетімізді әрі қарай арттыруға мүмкіндік беретініне көз жеткізген соң, ескірген құрал-жабдықтарды жаңасына ауыстыруға шешім қабылдадық. Алайда, бүкіл қаржы айналымда болғандықтан, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорынан несие алуға бел будық. Алынған несиеге Италиядан макарон өнімдерін өндіруге арналған жаңа құрал-жабдық сатып алдық. Бұл өзгерістер өнім көлемін 30%-ға өсіруге көмектеседі деп жоспарлап отырмыз".

"Злак Плюс М" серіктестігі берген мәлімет бойынша, 2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тоннаны құрапты. 133-ке 30%-ды қосқанда 172, 9 тонна шығады. Демек, өнім ауқымы 39, 9 тоннаға артпақ. Отандық компания енді экспорт бойынша жоспар құруда. Алғашқы экспорт Қырғызстанға бағытталмақшы.

Отандық өнімге сұраныс бар . . .

Экспорт демекші, отандық тамақ өнімдерінің Еуропа нарығына шығуы оңай шаруа емес. Үстіміздегі аптада Алматыда өткен "Сауда академиясы: шикізаттық емес экспортты қолдау" семинарына қатысқан "Kaznex Invest" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігінің басқарушы директоры Жәлел Болатов мырзаның айтуынша, Батыс мемлекеттерінің тамақ өніміне қоятын талабы жоғары, әрі бұл сала бойынша стандарттау процесі күрделі. Сондықтан көбіне көтерме саудамен отандық тамақ түрін ол жаққа жеткізу қиындық туғызуда.

Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды. Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады. Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді. Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген. Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан. Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнер- кәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады. Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалык» АҚ (Балықшы а. ) . Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді. Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері - Петропавл қаласында орналасқан. Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т. б. ) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақ технологиясындағы ферменттер
Биоотын
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Тамақ өнімдерін кептіру
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)
Балық және балық өндірісі
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz