Франчайзингтің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.Франчайзингтің дамуы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Франчайзингтің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3.Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Кіріспе

Франчайзинг , франшизинг (ағылш. franchіse -- жеңілдік; ағылш. franchіsіng -- артықшылық) -- ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған "ата компаниялар" басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда -- бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, "ноу-хау", жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.

Мақсат: -франчайзинг түсінігін қалыптастыру
-пайдалы және пайдасыз жақтарын ашып қарау
-экономикамен байланысын қарастыру
Міндет: -мемлекетте іс шара жүргізіп жатқан кәсіпорындарды зерттеу
-экономикамен байланыстыра отырып жан жақты зерттеулер жүргізу
-мемлекетке тигізетін пайда және зияндарын терен қарастыру

1.Франчайзингтің дамуы және түрлері

Өріс алушы нарықта франчайзинг - кәсіпкелерді пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Барлық франчайзингтік мәмлелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:
1. Тауарлық франчайзинг
2. Өндірістік франчайзинг
3. Іскерлік франчайзинг
Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы: TEXACO, Chevron, Procter&Gamble, Coca-Cola.
Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: Дока-Пицца, Довгань компаниялары.
Іскерлік франчайзинг -- жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда -- саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: Mac Donald s рестораны, Алматы Құс АҚ, Okan Inter - Continental мейрамханалық желілері жатады.
Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты:
1. Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзинг.
Мысалы, Форд және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. Аdidas компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастырды.
2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, Coca -- cola және Pepsi компаниялары өз концентраттарын , сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады.
3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг. Мысалы, ойншықтар сататын Христиансенс дүкендері.
4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін Mac Donald s және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады. (Хамидулла А.)

1. Франчайзингтің ерекшеліктері

Франчайзингбизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:
1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
2. Салық салыну базасының қысқаруы.
Франчайзер үшін артықшылықтар:
-- өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы;
-- шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;
-- меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
-- лицензияны сатудан түскен табыс;
-- франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;
-- меншіктік сауда желісі арқылы өткізубойынша шығындарды қысқарту;
-- жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.

Франчайзер үшін кемшіліктер:
-- өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
-- франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі мүмкін;
-- франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын бақылау қиыншылығы;
-- франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау қиыншылығы
-- франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал;
-- жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;
-- коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары;

Франчайзи артықшылықтары:
-- шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;
-- дайын қуыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Франчайзинг
Франчайзингтік төлем
Франчайзер үшін артықшылықтар
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Франчайзинг жүйесі
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Пәндер