Мәдениетті басқару


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

  1. Әлеуметтік-Мәдени сфераны басқару. . . 3

1. 1Білімді, ғылымды және мәдениетті басқару

1. 2Мәдениетті басқар

1. 3Денсаулық сақтауды басқару

1. 4Азаматтарды әлеуметтік қорғауды басқару

Әкімшілік-саяси сфераны басқару . . . 7 2. 1Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару

2. 2Сыртқы істерді басқару

2. 3Ішкі Істерді басқару

2. 4Әділетті басқару

2. 5Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды басқару

Қорытынды . . . . . 11

Қолданылған әдебиеттер . . . 12

КІРІСПЕ

Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.

  1. Әлеуметтік-Мәдени сфераны басқару

1. 1Білімді, ғылымды және мәдениетті басқару

Білім- жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделері үшін оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі.

Білімді басқару - білім жөніндегі мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге асыруға бағытталған құзыретті органдардың атқару және өкім ету қызметі.

Білімді басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі-ҚР Білім және ғылым министрлігі-жүйесінде оқу орындары бар министрліктер мен ведомстволар - Білім департаменттері- білім беру мекемелерінің ұйымдық құқықтық нысандары- Мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындары - мемлекеттік емес (жеке меншік, ҚР аумағында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктерінің білім беру ұйымдары) - халықаралық болуы мүмкін.

Білім беру ұйымдарының түрлері:

1) жалпы білім беретін (мектеп (бастауыш, негізгі, орта), лицей, гимназия) ;

2) кәсіптік бастауыш білім беретін (кәсіптік мектептер, кәсіптік лицейлер, тікелей өндіріс, оқу - өндірістік комбинаттар,

оқу орталықтары, курстар) ;

3) кәсіптік орта білім (колледждер, училищелер) ;

4) кәсіптік жоғарғы білім беретін (университет, академия, институт және оларға теңестірілген (консерватория, жоғарғы

мектеп, жоғарғы училище) ) .

ҚР білім және ғылым министрлігі - заңдарда көзделген шектерде білім және ғылым мен техника саласында сала аралық үйлестіруді іске асыратын орталық атқару органы болып табылады.

Осы министрліктің мынадай негізгі міндеттері бар:

1) білім, ғылым мен техника саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асыру;

2) жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат құндылықтары ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуы мен кәсіптік қалыптасуына бағытталған білім алуына қажетті жағдайлар жасау;

3) азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына кепілдендірілген тегін орта білім алуын қамтамасыз ету;

4) ғылыми зерттеулерді жетілдіруді ұйымдастырып, оларды міндетті түрде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ғылыми зерттеулердің нәтижесін мемлекеттік қабылдаудан өткізе отырып, ашыө конкурстар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз ету;

5) білім және ғылым саласын ақпараттандыру;

6) ресурстарды ғылым мен техниканы басым бағыттарына топтастырып, өз қызметінің саласына тікелей инвестиция таратуға қатысу;

7) білім, ғылым және техника саласынд жекешелендіру бағдарламасын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу;

8) министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

1. 2Мәдениетті басқару

Мәдениетті басқару - бұл мәдени даму жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыру, мемлекеттік мәдени - тәрбие функциясын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатындағы құзыретті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың атқару - бұйыру қызметі.

Мәдениетті басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі- ҚР мәдениет, ақпарат, қоғамдық келісім министрлігі- министрліктің комитеттері- министрліктің жергілікті жерлердегі департамменттері, басқармалары (бөлімдері) .

ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісі аясында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттілік берілген орталық атқару органы.

Осы министрліктің негізгі міндеттері:

1) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендету, сақтау, дамыту мен оның таралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және олардың таралуына қамқорлық жасау;

2) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, баспасөз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР даму стратегиясын түсіндіру және насихаттау;

3) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының үздік жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған кең ауқымды мәдени акциялар өткізу;

4) елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты әрі жете зерттеу, қорыту және талдау;

5) мемлекеттік органдардың мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мен құжаттардың бірізді жүйесін дамыту саласындағы қызметін ұйымдастыру.

1. 3Денсаулық сақтауды басқару

Денсаулық сақтауды басқару - азаматтардың денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алудың, медициналық көмек көрсетудің, қоғамдық гигиена мен санитарияның қолайлы жағдайын сақтаудың медициналық шараларын қолдану болып табылады.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі - өзіне тісті салаға басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде арнайы атқарушылық, бақылау, қадағалау функцияларын және азаматтардың денсаулығын сақтау саласында сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқару органы.

Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік саясаттың қағидалары:

1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау;

2) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кепілді көлем шеңберінде көрсететін медициналық - санитариялық,

дәрі- дәрмектік көмектің қолайлығы мен тегіндігі және оларды іске асырудағы жауапкершілік;

3) денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы;

4) медициналық-санитариялық және медициналық - әлеуметтік шаралардың ғылыми негізділігі мен профилактикалық

нысандылығы;

5) орталық атқарушы органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару

органдарының, жұмыс берушілердің, лауазымды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын нығайту мен сақтауды

қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі жауапкершілігі;

6) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің, басқа да осындай қызметпен айналысуға құқығы бар

адамдардың, азаматтардың денсаулығына келтірген нұқсаны үшін жауапкершілігі және т. б.

1. 4Азаматтарды әлеуметтік қорғауды басқару

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - бұл өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы.

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыру;

2) жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейлік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

3) әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

6) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

2-Әкімшілік-саяси сфераны басқару 2. 1Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару

Қорғаныс - Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік - құқықтық сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары:

1) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;

2) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің келісілген іс - қимыл жасауы;

3) Адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;

4) Ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс - әрекеттің күллі жиынтығын іске асыруды бақылау.

2. 2Сыртқы істерді басқару

Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысаны -заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары бар. Оның қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативті-құқықтық актілерге, сонай-ақ министрліктің жұмысын реттейтін Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен негізгі бағыттарын әзірлеу және ҚР Президенті мен Үкіметке тиісті ұсыныстар беру;

2) ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыру және сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;

3) ҚР егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымас беріктігін, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;

4) шет елдерде ҚР азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтры мен мүдделерін қорғау;

5) ҚР сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу;

6) мемлекеттік бағдарламаларды, басты жобаларды, соның ішінде халықаралық экономикалық және қары ұйымдары ұсынатын заемдар мен гранттардың есебінен іске асыру үшін тікелей шетелдік инвестицияларда басқа да қаржылық ресурстарды тартуға және министрліктің жұмысын реттейтін ережедегі т. б. міндеттерді орындайды.

2. 3Ішкі Істерді басқару

ҚР Ішкі Істер органдары ҚР заңдарына сйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімді функцияларды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Ішкі Істер органдарына мынадай негізгі міндеттер жүктелген:

1) қоғамдық тәртіпі қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соың ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;

2) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

3) сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде ұстаудың және әкімшілік жолмен қамауға алынғадарды ұстау орындарында құқықтық тәртіп пен режимді қамтамасыз ету;

4) өз құзыретінің шегінде жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау мен қадағалау;

5) паспорт және виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;

6) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;

7) ҚР заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

8) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тыю, тергеу, сондай-ақ қылмысткерлерді іздестіру;

9) қылмыстық жазалар мен әкімшілік жазалау шараларын қолдану;

10) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;

11) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарына өрт ауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;

12) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорзм актілерінің жолын кесу, кепілге алынғандарды бостатуға қатысу;

2. 4Әділетті басқару

ҚР Әділет министрлігі - бұл ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін, мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік орган. Министрлік қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге және Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырылады.

Әділет органдарының міндеттері:

- жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативті - құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдгін, ҚР егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдық мәдениеттің тұжырымдамасы
Корпоративті мәдениет
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
Ұйымдық мәдениет
Корпоративтік мәдениетті және ұйымдағы жаңа еңгізілімдерді басқару
«Selena Star» қонақ үй ішіндегі мейрамханасында корпоративтік мәдениетті талдау мен теориялық аспектілері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Жалпы, әмбебап – ұйымдар мәдениеті
Ұйымдағы корпоративті мәдениетті құрудың теоретика-методологиялық негіздері
Мәдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz