Ұйымдасқан қылмыстылық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Ұйымдасқан қылмыстылық
2. Ұйымдасқан қылмыс түсінігі,белгілері
3. Қылмыстық топ
Әдебиеттер тізімі

Қылмыскерлiк бiздiң санамызда, бәрiнен бұрын, әр түрлi қылмыстар түрiнде көpiнic табады. Сондықтан, қылмыскерлiк туралы меселенi қарауды қылмыстан бастаған жөн. Қылмысты, қылмыстық құқық тұрғысынан да, криминология және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады. Қылмыстық-құқықтық тәсiлде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды бұзған өзiнше оқшауланған aктіci ретiнде талданады. Назар бұл жерде қылмыс құрамын оның төрт элементi арқылы талдау жағынан аударылады. Ол элементтер: объект, объективтiк жақ, субъект және субъективтiк жақ. Қылмысты жасау сатылары қылмыстық құқықтың критерийлер негiзiнде бөлiнiп алынады. Криминологиялық тәсiлде қылмыс бiрiншiден, адам үшiн сыртқы орта болып табылатын жағдайларда және адамның өзiнiң сипаттамаларымен бiр мезгiлде, екiншiден, бiр кездiк акт емес , кеңістік пен уақытта дамитын белгiлi бiр процесс ретiнде талданады. Талдаудың бұл eкi аспектici тек теориялық емес, практикалық та маңызғa ие. Қылмыстың қылмыстық-құқықтық талдамасы адам қылмыстық заңның нақты нормасында көзделген (тыйым салынған) ic-әрекеттi жасады және соған сәйкес ол қылмыстық жауаптылық көтеруге жатады деп тану ушiн қажеттi және өзге адамдардың сондай қылмыстар жасауының алдын алу үшiн не жасау керек; айыптыға қатысты және жасалған қылмыстық әpeкeттiң келеңсiз әлеуметтiк салдарларын болдырмау мақсатында заң шеriнде қандай нaқrы шараларды қабылдағaн жөн екендiгiн түciнyгe мүмкiндiк бередi. Заң қылмыстың өзiнiң қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамаларымен бiрге зерттелуiн талап етедi. Анықтама, алдын ала тергеу жүргiзгенде және icтi сотта қарағанда дәлелдеуге жататын мән- жайлар iшiнде қылмыстың сылтауы, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар (жауапкершiлiктi жеңiлдетeтiн және ауырлататындардан басқа), сондай-ақ қылмыс жасаудың себептерi мен жағдайлары сияқтылар да бар. Қылмыстар және қылмыскерлік Қылмыскерлiк ұғымы, көбiне қылмыстың көптiгi туралы, олардың статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады. Бұл - қылмыскерлiк анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, қылмыскерлiк көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініc табады. Қылмыскерлiктiң қылмыстың жекелеген турлерiмен салыстырғандағы ерекшелiгi - оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бiр қылмыстың саны статистикалық талдауға келедi, нәтижесiнде белгiлi бiр статистикалық заңдылық анықталады. Сондықтан да, қылмыскерлiк жайында тек қылмыстардың көптігi деп сөз болса, назар ол жайындағы мәлiметтердiң статистикалық талдамасына аударылады, қылмыскерлiктiң жайы, құрылымы динамикасы зерттеледi. Бірақ қылмыстарды жаппай деп зерттеу олардың сол жаппайлықта көп жаңа сипаттарға ие болатындығын көрсетiп отыр. Әр түрлі қылмыстар арасында белгiлi бiр қатаң қатнастар байқалады. Мысалы, ашылған және тiркелген жеңiл дене жарақаты, ұрып-соғу фактiлерiнiң қару алып жүрумен байланысты қылмыстардың саны азайғанда адамның өмipi мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыстap саны артады. Қылмыскерлiкке сипаттамалардың eкi тобы тән:
1) сыртқы сипаттамалар, олар қылмыскерлiктiң қоғамда қалай әрекет eтетінің оның қандай да бiр құрылымдарына таралатындығын: жалпы таралуын, сылтауын, әлеуметтiк бағыттылығын, қоғамға қауiптiлiгiн, әлеуметтiк-аумақтық әлеуметтік-топтыкқ, әлеуметтiк-салалық көп таралғандығын көpceтeтін;
2) iшкi: ұйымшылдығын, белсендiлiгiн, тұрақтылығын көрсететін сипаттамалар Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың - қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден - қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады, екіншіден - ондай қатынасу алдын ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс істеу жөнінде. Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара ролін белгілейді; қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рольдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сот тәжiрибесiнде адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда мен қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк көздейтiн заңнаманы қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:
1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда және қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстардың ерекше қауіптiлiгiне соттардың назары аударылсын. 2. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыс жасау кезiнде орын алуы мүмкiн. Сондықтан бiрнеше адамның абайсыздықтан қылмыс жасауы адамдар тобы жасаған қылмыс ретiнде қарастырылмайды.
3. Кінәлі адамдардың әрекеттеріне "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып", "ұйымдасқан топ болып" қылмыс жасау белгілері бойынша құқықтық баға бергенде ҚК-нің 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет. Қылмыс екі және одан да көп адамдардың қатысуымен жасалған жағдайларда "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгілері бойынша саралануы мүмкін. Кінәлі адамдардың әрекеттерін "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыс жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыс құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет. Қылмысты жасау үшін екі немесе одан да көп адамның жалпы күші біріктірілген және бірге қатысушылардың әрқайсының әрекеті басқа бірге қатысушылардың әрекет жасауы үшін қажетті шарт болып табылған және рөлдердің алдын ала бөлінуіне сәйкес барлық бірге қатысушылардың әрекетінен туындаған ортақ қылмыстық нәтижемен себепті байланыста болған жағдайларда ""топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыс жасау белгісі бойынша сараланады. Мұндай жағдайларда қылмысқа екі және одан да көп орындаушылардың қатысуы міндетті емес, басқа түрдегі бірдей қатысушылар болғанда бір орындаушы жеткілікті. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмысты орындаушылар болған жағдайларды қоспағанда, ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалып, осы қылмыс үшін жазаны көздейтін ҚК-нің тиісті бабы бойынша туындайды. Қылмысты бірге жасаушылармен алдын ала сөз байласпаған, алайда оны басқа адамдар жасауы барысында соларға қосылған және тікелей қатысқан адам өзі жасаған нақты әрекеттер үшін қылмысты орындаушы ретінде жауапты болуға тиіс. Қылмысты ұйымдасқан топтың құрамына кіретін адамдар жасағанда, сол сияқты бандалардың және қылмыстық бірлестіктердің мүшелері жасағанда да топ болып жасалған қылмыс белгісі бойынша саралануы мүмкін. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 15 Нормативтік қаулысымен.
4. Орындаушының жеке басына қатысты қылмыстық дәрежелеушi белгiлер, басқа қылмысқа қатысушыларға (ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушiге) тек олар орындаушыда аталған дәрежеленушi белгiлердiң бар екендiгiн бiлген және олар өздерiнiң iс-әрекеттерiмен осы орындаушылардың қылмысты жасауына мүмкiндiк туғызған жағдайларда ғана таңылуы мүмкiн екенiн есте ұстау қажет.
5. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыс жасауы деп нақты бiр қылмысты жасауға екi және одан да көп адамдардың қылмыстың объективтiк жағын құрайтын iс-әрекеттердi жасағанға дейiн келiсуiн түсiну қажет. Қылмысқа қатысушылардың бiрi алдын ала сөз байласып қылмыс жасаған және қылмыстың объективтi жағын орындау аяқталғанға дейiн оларға алдын ала сөз байласқан басқа адамдар қосылған жағдайларда, онда бастапқылардың да және соңғылардың да iс-әрекеттерiн бiр топ адамның алдын ала сөз байласып қылмыс жасауы деп дәрежелеу қажет.
6. ҚК-нің K970167_ 31-бабының 3-бөлiгiне сәйкес ұйымдасқан топ деп құрылғаны үшiн ҚК-нiң 235-бабының 1-бөлiгiмен жауапкершiлiк көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты ғана емес, сонымен бiрге құрылғаны үшiн ҚК-нiң 237-бабының 1-бөлiгiмен жауапкершiлiк көзделген тұрақты қарулы топты (банданы) да түсiну қажет. Бұл ретте банда, ұйымдасқан қылмыстық топтан қарулануымен және қылмыстық мақсаты - азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауымен ерекшеленедi. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ҚК-нің 31-бабының 4-бөлiгiне сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топ пен бандадан ауызбiрлiк белгiсiмен және оның ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылу мақсатымен ерекшеленедi. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) ұйымшылдығы, әдетте, жоғары дәрежеде болады және ол жекелеген қылмыстық бiрлестiктерден немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардан тұрады.
7. Банданы құрудың мақсаты ҚК-нiң K970167_ 237-бабының 1-бөлiгiне сәйкес азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады. Бұл ретте заң, шабуыл барысында банданың қандай қылмыстарды жасайтынын көрсетпейдi, ол азаматтың не ұйымның мүлкін, ақшалары мен өзге құндылықтарын тiкелей алып қою ғана емес, сонымен бiрге кiсi өлтiру, зорлау, қорқытып алу, бөтеннiң мүлкiн жою не бүлдiру және т.б. болуы мүмкін.
8. Жәбiрленушiге күш қолдану не оны дереу қолданамын деп шынайы қауiп туғызу арқылы қылмыстық нәтижеге қол жеткiзуге бағытталған әрекеттi бандитизм кезiнде шабуыл жасау деп түсiну қажет. Осы қылмыс құрамының басқа да мiндеттi белгiлерi болған жағдайда, iшiнде адамдары жоқ мекемелерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға шабуыл жасау және оларға күш қолданбау жағдайларында және шабуыл жасау үрдiсi кезiнде адамдар зардап шекпей, мүлiктiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
«Криминология» пәнінен дәрістер
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Криминология пәнінің түсінігі
Ұйымдасқан қылмыс және оны мен күресу жолдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің мәселелері
Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық іс – әрекет
Жедел іздестіру қызметінде қоданылатын техникалық құралдар. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтерді қолдану
Пәндер