Әлемдік тәжірибедегі емдік туризм
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ежелгі жене Орта ғасырларда емдік туризмнің даму тарихы.
2. Емдік-сауықтыру туризмнің ерекшеліктері. Шипажайдың негізгі типтері.
3. Әлемдік тәжірибедегі емдік туризм.
4. Қазақстанның рекреациялық- сауықтыру туризмің даму мүмкіндіктері.
III.Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
І. Кіріспе.
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті орган-дардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірісте, физикалық және психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.
Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, казіргі өмір салтының элементтері.
Емдік сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу.
ІІ. Негігі бөлім.
1.Ежелгі және Орта ғасырларда емдік туризмнің даму тарихы.
Емдік мақсаттағы саяхаттардың да тарихы бар. Ежелгі гректер мен римдіктер шипалы жерлер мен климаты тамаша жерлерді өздерінің денсаулықтарын сауықтыру мақсатында қолданған. Мұндай шипажайларға ауру амдамдармен қатар сау адамдар да тынығу үшін келетін.
Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Аскленийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде V -- VІ ғасырларды біздің заманға дейінгі олардың саны 60 астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі ерекшілігмен пайдаланылды.
Туристтік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.
Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.
Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aquae Cal dae (қазіргі Виши, Франция), Aquae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария), Aquae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aquae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.
Емдік жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолаулы орын Неополитандық бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.
Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.
Орта ғасырларда емдік туризм де жақсы дамыған. Ұлы Карл мемлекетінің астанасы деп саналған Ахен (Аахен) қаласы бұрын Рим мен кельт байлары демалып емделген белгілі термалдық курорттың орнында орналасады. Осы сулардың шипалығын Гранн құдайының ықпалына байланыстырған. Ұлы Карл, оның әкесі Пипин ІІІ сияқты, бұл жерді жақсы көретін. Карл термалдық моншалардың жанында өзінің корольдық сарай ансамблін салған. Бұл ансамбль сол дәуірдің сәулет өнерінің шыңы деп есептелген.
Уақыт өзгергенімен саяхаттар мотивациялары өзгермей қала берді. Табиғаттың шипалы ерекшелігі ауру адамдарды шипажайларға келуіне негіз болды. Емдік мақсаттағы туристердің ағыны демалу немесе ойын - сауық мақсатындағыдай демалушылардай көп емес, бірақ олардың саны өсіп келеді.
2.Емдік-сауықтыру туризмнің ерекшеліктері. Шипажайдың негізгі типтері.
Саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқық статусы, саяхаттың ұзақтығы, рекреанттың қозғалу түрі, оның жасы, шаралар жиілігі және тағы басқалары - бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы деп аталынады. Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторларына қарай бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік батпақтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу және батпақпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-батпақпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео- батпақпен емдеу топтары болып та бөліне алады.
Шипажайлардың негізгі типтері.
1. бальнеологиялық
2. балшықтық
3. климаттық
Бальнеологиялық шипажайларда табиғи минералды сулармен емдейді.олар сыртқы және ішкі тұтынады. Минералды сулар көптеген ауруларды сауықтырады. Солардың ішінде асқазан - ішек ауруларын, жүрек тамыр ауруларын, қимылдатқыш аппартты ауру адамдар мұндай шипажайларға көп келеді. Жүргізілгне медециналық зерттеулер кейбір аурулардың осы шипажайларда емделгеннен кейін жақсы нәтижелерді көрсеткен.
Балшықты шипажайлар шипалы балшықтар бар (пелоидтар) жерлерде болады. Олар буын аурулары, жүйке аурулары, гинекалогиялық және кейбір ауруларды емдеуге осы балшықпен емдеу жақсы нәтиже береді.
Климаттық шипажайлар климат сияқты әртүрлі. Негізгі түрлері: теңіз жағалаулық, климаттық - қымыз сауықтыру. Бұл жердің климаттық табиғиғ факторларын (температура, атмосфералық қысым, күн шуағын) сауықтыру - профилактикалық мақсатта қолданады. Континенталды климат тән орманды шипажайлар жоғарғы тыныс жолдары, астма ауруларымен ауратын амдарға шипалы, ал таулы шипажайлар алғашқы формадағы туберкулез және қан аздық ауруларына шипалы болады.
Климаттық шипажайлардың ішіндегі кең тарағаны - теңіз жағалаулы шипажайлар. Мұнда туристер теңіз жағалауындағы демалыс пен нәтижелі емделуді үйлестіре алады. Бұл қан ауруларына, лимфа темірлері, костная ткань ауратын амдарға шипалы.
Климаттық шипажайлардың тағы бір түрі - климаттық - қымызбен емдейтін шипажайлар. Олар олар дала зонасында кең тараған. Қымыз ол жылқының қышқыл сүті. Қымыз адамдарда май мен ақуыздардың, салмақты көбейтеді. әлемде олардың саны 40 жуық. Оның көп бөлігі Ресей, Қазақстан және Түркменістан аумағында.
Жоғарыдағы шипажайлармен қатар, бірнеше табиғи факторларды пайдаланып емдейтін шипажайлар да бар. Оларды қайсібір түріне жатқызу қиын.
Емдік сауықтыру тризмінің бірнеше ерекшелігі бар.
Біріншіден, шипажайдарда жақсы нәтижелерге жету үшін үш аптадан кем демалуға боламайды.
Екіншіден, шипажайларда емделу арзан тұрмайды, яғни тек қалталылардың қалтасы көтереді.
Үшіншіден, шипажайларға ауру өшіккен кезде , орта жастан асқан адамдар келеді.
3.Әлемдік тәжірибедегі емдік туризм.
Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтар.
Ескі дүние, яғни Еуропадағы емдік-сауықтыру туризмінің негізгі аудандары Орталық және Шығыс Еуропада, сонымен қатар Батыс Еуропада орналасқан. Еуропа курорттық істің бай дәстүріне ие, мұнда емдік климаттық ресурстардың кең спектрі жайғасқан, науқастарға профилактикалық, емдеу және реабилитацияның заманға сай әдістерін пайдаланады. Санаторлы-курорттық іс арқасында туристердің ең көп санына ие еуропалық елдерді басып озушы ел - Чехия. Елдегі орасан зор және атақты курорттық аудан - Карловы Вары. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің статистикасы бойынша мұнда 70 елден 50000 жуық турист және 2 млн экскурсант келеді. Аңыз бойынша, бұл аймақтағы алғашқы емдік су көзін ашқан Карл ІV болыпты. Қазіргі таңда минералды су көздерінің жалпы саны - 12. Ең күштісі - Вржидлод - минутына 2000 литр ыстық су атқылайтын гейзер. Карловарлық минералды сулар химиялық құрамы бойынша бикарбонат-күкіртті-хлориднатрийлі болып саналады. Курорттағы емдік сулардың кешенді ғылыми анализін дәрігер Д.Бехер жүргізген. Бұл курортта атақты Петр І, Карл Маркс, Бетховен, Гончаров, Зигмунд Фрейд емделген. Карловы Варымен қатар, Чехиядағы ежелгі курорттық аудан Теплице - әлемдегі ең алғашқы ашылған радонды санаторлы курорт. Яхимов, Марианске-Лазне, Франтишкови-Лазне, Лугачовице, Янске-Лазне курорттары да елдің туризм нарығында үлкен орын алып отырған курорттар.Батыс Еуропадағы әлемдік маңызы бар атақты курорттар - Германияда- Баден-Баден, Висбаден, Баденвейлер, Вильдбад, Байерсбронн, Ахен; Францияда - Виши, Ницца, Биарицце; Ұлыбританияда - Бат; Бельгияда - Спа, т.б.Оңстүстік Еуропада емдік туризм нарығында жарқын көрінетін ел - Италия. Елдің солтүстік-шығысында, әсіресе Эмилья-Романья аймағында және Искья аралында бальнеолгиялық курорттар орын тепкен. Онда минералды термальды сулармен қатар, емдік балшықтар да бар. Чехияның танымал курорттары(емдік көрсеткіштері)Бехине - тірек - қимыл аппараты аурулары; Блудов - балалар мен жасөспірімдердің метаболизмінің нашарлауы, тыныс жолдары аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары; Дарков - Карвина - тірек-қимыл аппараты аурулары, жүйке жүйесі аурулары, тері аурулары;Франтишковы Лазне - қанайналым жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары, асқорыту жүйесі аурулары, тері аурулары, гинекологиялық аурулар; Яхимов(kарта) - тірек-қимыл, периферийлі жүйке жүйесі, зат алмасу процесі, тері, орталық жүйке жүйесі, остеопороз аурулары; Янске Лазне - онкологиялық аурулар; Есеник - релаксационды-қалпуна келтіретін және сауықтыру бағдарламары бойынша жұмыс жасайды. Карловы Вары - қанайналым жүйесі аурулары, асқорыту жүйесі аурулары, зат алмасу процесінің бұзылуы, ішкі секрецияның темір алмасуының бұзылуы, тыныс алу жолдары аурулары, тірек-қимыл жүйесі аурулары.Подебрады - қанайналым жүйесі аурулары, тірек-қимыл жүйесі аурулары;Теплице-над-Бечвоу - қанайналым жүйесі аурулары, зат алмасу професінінң бұзылуына байланысты туындайтын аурулар; Велиховки жүйке жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары.
Оңтүстік Еуропада емдік туризм нарығында жарқын көрінетін ел - Италия. Елдің солтүстік-шығысында, әсіресе, Эмилья-Романья аймағында және Искья аралында бальнеологиялық курорттар орналасқан. Онда термальды сулармен қоса, емдік балшықтар да бар. Испан.ия, Португалия, Греция елдері туристерді климаттық теңіздік курорттарымен тартады. Бірақ мұнда емдік процестен көрі демалыс пен көңіл көтеруге қатты мән беріледі. Бұл аймақтарда мамандандырылған емдік курорттар Батыс Еуропаға қарағанда сирек орналасқан. Испания - туризмнің ірі әлемдік орталықтарының бірі. Бұл елге жылына ондаған миллион туристер келеді. Елдің теңіздік курорттары жағалаудың бүкіл орнын алып жатыр: Каталониядағы Коста Бравадан Жерорта теңізіндегі Коста де ла Лусқа дейінгі аралықта. Қолжетімді және атақты курорттары - Коста Брава, Коста дель Маресме, Коста Дорада, Коста Бланка, Валенсия, Марбелья,т.б.
Италияны қоршап жатқан теңіз жағалау сызығымен, көрнекі бухталарымен, майда аралдарымен, жағажайларымен танымал. Италиядағы ең жоғары дәрежедегі курорттар - Вернацца, Риомаджор, Монтероссо-эль-Маре, Отранто, Тремити, Поллика, Камерота. Елдің тау-шаңғы курорттарының ең танымалы - құрамына 13 үлкен курорттарды сыйдырған Доломити Суперски курорттық зонасы
Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
Таяу Шығыста емдік-сауықтыру мақсатында туристер көбіне Өлі теңіз аймағына барады. Теңіз суы тұздар мен минералды заттарға бай. Мұнда Эйн-Бокек, Эйн-Букек, Эйн-Годи, Неве-Зохар курорттары орналасқан. Өлі теңіз немесе Тұзды теңіз аймағы табиғи емдік факторлармен ерекше: термальды минералды сулар, емдік балшықтар мен биометеорологиялық жағдайлар. Миллионға жуық жыл бұрын жер плитасының жылжуы нәтижесінде Өлі теңіз мұхиттан бөлінеді де, тұз бен минералдың жоғары концентрациясы суына айналады. Оның құрамында мұхит суындағы бромнан 80 есе, магнийдан 35есе, тұздан 10 есе көп бром, магний, тұз бар. Оңтүстік, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азияда басқа дүние бөліктерімен салыстырғанда төмен дамыған. Жапониядағы Хоккайдо аралындағы The Windsor Toya Resort and Spa тау-шаңғы курорты бұл аймақтағы сұранысқа ие алдағы орындағы курорт. Индонезиядағы Бали аралында орналасқан Alila Manggis курорты пайдалы әрі дәмді тамақ рационымен танымал. Диетотерапияның тиімді әдіс-тәсілдері осы курортта қолданылады. Въетнамдағы Кхан Коа курортында әлемдік тәжірибеден өткен түрлі массаж түрлері ұйымдастырылады. Бутандағы Ума Паро курортына йогамен айналысатын емделушілер барады.
Азия территориясында орналасқан бұрынғы кеңес, қазіргі ТМД мемлекеттерінің емдік туризм нарығындағы орны орасан зор. Кавказ минералды сулары, Сочи, Қырым, Есентукки, Ждановичи, Пятигорск, Алма-Арасан, Жаңақорған, Серноводск, Иссык-Ата, Кисловодск - әлемдегі сұранысқа ие бальнеологиялық және бальнеобалшықтық курорттар.
Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
Америка континентінде емдік туризм нарығының бірінші орнында сөзсіз Америка Құрама Штаттары тұр. Денсаулық сақтау саласындағы олардың жеткен жетістіктері әлем ғалымдары мен тұтынушылармен мойындалған. Америкада медициналық қызмет өте қымбат болғандықтан, халық көбіне профилактикалық ем алу үшін курорттарға барады. Солтүстік Америка курорттарының негізгі таралған типі - бальнеологиялық курорттар. Минералды сумен емдейтін курорттық орталықтары - Мамонт-Спрингс, Хибер-Спрингс, Хот-Спрингс - Арканзас штатында орналасқан. Туристер арасында теңіздік климаттық курорттар үлкен сұранысқа ие: Нью-Йорктағы Лонг-Бич, Солтүстік Каролинадағы Хаттерас, Флоридадағы Майами-Бич, Калифорниядағы Сан-Диего және Санта-Круз. Көл маңындағы курорттарда ем алу үшін Орталық Америка, Барбадос, Куба және Багам аралдарына барған тиімді. Континенттегі курорттардың кең спектрына қарамастан ел азаматтары шетелдерге шығып емделгенді жөн көреді. Әкімшілік статистикаға сүйенсек, 2006 жылы 15000 американдық емдік туристер Латын Америкасы мен Азияға барған екен, 2007 жылы бұл көрсеткіш 300000-ға, ал 2010 жылы 1 млн-ға жеткен екен.
Американың денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері - органдар пересадкасы, кардиохирургия, пластикалық операциялар - әлем дәрігерлері мен тұтынушылары арасында мойындалған. Осыған байланысты бұл континентте санаторлы-курортты мекемелрдің ерекше түрлері - яғни дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін емделушілерге қолайлы санаторий типтес ауруханалар мен емханалар бар. Дәрігерлік және көмекші медициналық персонал ең сапалы және жоғарғы квалификацияланған деп есептеледі. Клиникалық санаторлы кешендері соңғы ғылыми зерттеулерге байланысты және техникасы жаңа үлгімен жабдықталған. Американың санаторлы-курортты мекемелерінің негізгі типтеріне көптеген емдік-профилактикалық орындар жатады: санаторийлер, емдік пансионаттар, курорт емханалары, емдік жағажайлар, минералды су галереялары мен бюветтері, ванналы орындар, радонды емдік орындар, солярий, аэрарий және емдік жүзу бассейндері, т.б. Климаттық курорттарда сонымен қатар демалыс орындары, турбазалар, пансионаттар мен кемпингтер де бар.
4.Қазақстанның рекреациялық- сауықтыру туризмнің даму мүмкіндіктері.
Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады. Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да , қазақ Тазалық-саулық негізі, саулық - байлық негізі деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.
Санаторлы-курорттық емі туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауыктыру рекреациялық ресурстарын зерттеу,талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу; Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. Рекреация ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz