Оқыту технологиясың мәні және интергралдық сиппатталуы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

I. ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПЕДАГОГИКАДА МАҢЫЗДЫ НҰСҚА 5
1.1.Технология және білім беру технологиясы 5
1.2. Педагогикалық технология уғымдары 7
1.3. Мақсатты айқындау тәсілдері 10

II. ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫМЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 14
2.1. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс 14
2.2. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары 17
2.3. Педагогикалық технология әдіс.тәсілдерінің іс.тәжірибеде жүзеге асуы 19

ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
Зерттелген тақырыптың өзектілігі - Республика ұстаздарының негізгі мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.
Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.
1. «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық бағдарламасы.
2. Әбдікәрімұлы Б. 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері. Ғылыми басылым. - Астана, 2008 ж.
3. Альмухамбетов Б.А. Модернизация деятельности методических служб на этапе перехода 12 - летнему образованию //Білімдегі жаңалықтар. - 2010.- №3
4. Усманов Ә.Ә., Сәрсенбаева М.Б. Педагогика (дәрістер жинағы). Оқу құралы. -Алматы, 2008 ж.
5. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.Педагогика,2009 г.
6. Бөрібаев Б., Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. Оқулық - Алматы, 2010 ж.
7. Елекешева М. М., Жаңа дәуірдегі педагогикалық технологиялар. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті. - Ақтөбе - 2010 ж.
8. Мурзабекова З. Р. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқулық Астана-2010 ж.
9. Қобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. Алматы-2008 ж.
10. Сулейменов С.К. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 2011. - №5.
11. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 2004 г.
12. Хуторской А.В. Современная дидактика. М. Феникс - 2008 г.
13. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Б 12 Жалпы педагогика: Оқулық - Алматы: «Нұр-пресс», 2005 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

I. ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПЕДАГОГИКАДА МАҢЫЗДЫ НҰСҚА 5
1.1.Технология және білім беру технологиясы 5
1.2. Педагогикалық технология уғымдары 7
1.3. Мақсатты айқындау тәсілдері 10

II. ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫМЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 14
2.1. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс 14
2.2. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде
қолданудың негізгі проблемалары 17
2.3. Педагогикалық технология әдіс-тәсілдерінің іс-тәжірибеде жүзеге асуы
19

ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ

Зерттелген тақырыптың өзектілігі - Республика ұстаздарының негізгі
мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын
қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары
жеке тұлға дайындау.
Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық
ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып
жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда,
білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде
мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б.
қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты
білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді
талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде
ғана жемісті болатынын ұғындыру.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі
өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру,
этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің
бірі. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік
білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық
мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде
тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас
ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі.
Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін,
ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен
сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің
өзі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Қазіргі мектеп
жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық,
педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға
қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын
салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру
үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі
технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты
ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық
технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.
Технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік
арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік
береді.
Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса
жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе,
оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса - оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі
жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам
оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр.
Жұмыстың мақсаты - оқыту технологиясың мәнін және интергралдық
сиппатталуын жаңа педагогикалық жанбарыста зерттеу.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу қажет:
- оқыту технологиясы педагогикада маңызды нұсқаларын қарастырамыз;
- педагогикадағы технологияның проблемаларымен негізгі бағыттарын
зерттейміз.
Зерттеу объектісіне оқу технология негізін зерттеуінде: оқыту мен
тәрбиенің бірлігі, оқушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, әр
оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Зерттеу құралы оқыту технологиясың мәні және интергралдық сиппатталуы
болып табылады.
Курстік жұмыстың құрылымы - кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды.
I. ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПЕДАГОГИКАДА МАҢЫЗДЫ НҰСҚА

1.1.Технология және білім беру технологиясы

Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар
қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім)
педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру,
болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде
қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар
сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену,
тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар,
бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту
технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты
орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда.
Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие
технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына
адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау,
қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі -
тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне
т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея
қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский
де дəріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни
технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін
жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек,
педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз:
- түбегейлі ойластырылған мақсаттарды;
- сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды;
- мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды
қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек.
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге
сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін
оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып
отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық
қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске
асырыла бастады.
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр.
Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық
процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен
байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп,
топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік
(модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл-
əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты
(ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу
(интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне
дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой
əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын
қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер
қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-
əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім
жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру
негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге
негізделген технология жəне т.б.
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым
болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының
қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да
негіздемелерге тəуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-
бірінен айырмасы - оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай
жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына
жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал
əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге,
əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа
материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық,
сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу
технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы
жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық
ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
1.2. Педагогикалық технология уғымдары

Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім,
ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың
игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз
етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған
(əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту-бекіту-қадағалау-бағалау
сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты
өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік
беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама
(парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде
- көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру;
- оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру;
- басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне - игерілгенді
қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады.
Мұғалім қызметтері - түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар
орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар
- үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие
процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс
-тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология
біршама кемшіліктерге де жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге
қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері
арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне
т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес,
болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт
шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. Жақын даму
аймағының мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін
ересектер басшылығында не ақылдылау дос -жарандарымен араласа жүріп шешуі
мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның
ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен
оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары
деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан
рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын,
оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы
бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне
оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі
тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен,
оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі - оқу ілгерілі жəне жедел
қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің
кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік
бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет
етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің
əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан
өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді.
Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі
мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен
тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға
да көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең
қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты
болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере
алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден
күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары
күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.
Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу
процесінің басқару жүйесін жақсарту.
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер,
Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ - бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-
машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама
бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология
əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық
деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;
- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары
жүйесінің берілуі;
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі
жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек
түсініктемелерін алуы;
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі
кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу
міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін
ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім,
ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі,
қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары
дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді
дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған
қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал
оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін
табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның
шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді,
нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз
тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне
дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына
жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі,
өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін
қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару
қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі
оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні -
оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не
белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль
- мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын
(технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық
мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға
келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу
мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де
көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға
оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін
өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына
жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы
мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын
тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы
ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден
танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов,
М.П.Щетинин жəне т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық
жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім,
тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда
ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік,
дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен,
оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен
алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне
ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп
ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт
сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ
өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін - жаңа жүктеме,
мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй
ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-
əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай
шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не
аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология
оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне
жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін
оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт
аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып,
толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы - бұл осы заманғы телебайланыс, электронды
почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ
білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім
иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу
мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден
қалғандарға, т.с.с.).
Сонымен оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі
оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу,
авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.

1.3. Мақсатты айқындау тәсілдері

Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп Мақсатқа жеттік пе?-
деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада диагностика
арқылы анықталған мақсат дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім,
іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға
тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Технологияның кезеңдері:
- оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
- жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
- диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда
одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері,
даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен
салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат аньщ болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі
жасалады.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
- қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру
түрлерін технология дейді.
- нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов
технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
- қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің
жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық
енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын
В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, т.б. әдістемесі десе, қазір
технологиясы дейді.
Екінші анықтамада технология ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға
алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология
ұғымынажақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның
тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану
шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде
мақсат қою мүмкін бе? Білім - оқыту мен тәрбие - деген анықтамаға
сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына
керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай
меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану
әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті
қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі
жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды
мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны
тексеретін нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
- түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
- үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
- олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы
жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
- оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және
анықтау.
Сонымен диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды
деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай
білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Педагогикалық технология мынадай мақсаттарды қанағаттандыруы тиіс:
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы
қажет;
- оқушының оқу - танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын
оқу - тәрбие үдерісінің жобасына негізделуі қажет;
- оқу мақсатын диагносты түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл
тексеріп бағалауды қажет етеді;
- тәжірибеде оқу үдерісінің толықтығын қамтамасыз ету тиісті.
Біздің пайымдауымызша, педагогикалық технология оқу тәрбие үдерісінің
шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі,
оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін құрамдас бөлігі.
Сонымен:
- Педагогикалық технология сатыланған және тәртіптелген іс - әрекет
жүйесі болып табылады. Мұны мүлтіксіз орындау белгілі бір тақырып көлемінде
ол мемлекеттік жалпы білім беру стандартына жоспарланған нәтижеге жетуге
кепілдік береді.
- Педагогикалық технология - оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және
жоспарланған түпкі нәтижеге кепілдік береліктей іс - әрекеттер жиынтығы.
Технологиялардағы басты жәй мақсатқа жету немесе мақсатқа жетпеуде,
осыдан барып технологияның тиімдігі шығады.
В.П.Беспалько Педагогикалық технологияның құрамдары атты еңбегінде
педагогикалық технология әдіснамалық бастау көздерін барынша айқын
тұжырымдады. Ол педагогикалық жүйені дидактикалық мәселе және берілген
мәселені шешудің технологиясы деп екі негізгі бөлікке бөлді.
Педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары: оқыту мен тәрбиенің
бірлігі, оқушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, әр оқушының
дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды төмендегі сызбадан
көруге болады.
Білімді меңгеру деңгейі
I - оқушылық , II - алгоритмдік, III - эвристикалық , IV - шығармашылық.
Қазіргі технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету
үшін Блум жүйесін пайдаланылудамыз.

1-кесте. Блум жүйесі

Оқушы іс - әрекеті
Білім Қабылдайды, түсінеді, ойлайды.
Түсінік Түсінеді, көрсетеді, жазады.
Қолдану Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді
пайдаланады.
Анализ Салыстырады, ашады, талдайды, ойлайды, т.б.
Синтез Продуктивті, шығармашылық жұмыстар құрастырады.
Баға (сыни баға) Бағалайды, талқылайды.

Енді осы моделге түсінік бере кетеміз:
- оқушылық деңгейде оқушы оқытушы көмегімен амал - әрекет жасайды.
Алдыңғы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.
- алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиіс жағдаят анық, оқушы
бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып мақсатқа жету үшін өз бетімен
жұмыс істейді.
- эвристикалық деңгейде  мақсат анық, бірақ жағдаят түсініксіз, оны
оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда да бұрынғы білім көмекке
келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей -
өнімді деңгей.
- шығармашылық деңгейде мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны
анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.
Зерттеуіміз көрсеткендей оқу- тәрбие үдерісінде Блум жүйесін
пайдаланғанда оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең
бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығушылығы артып, өз
бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, іскерлігі мен дағдысы қалыптасып,
ізденушілік - шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады.
Оқытушы алдын-ала сабақ жоспарын құруда түрлі интерактивті оқыту
формаларын: жарыстар, тренингтер ұйымдастырады. Себебі, психологтардың
дәлелдеуінше іс-әрекетпен сана тығыз байланысқан ұғымдар. Іс-әрекетте
болмаған нәрсе санада да қалыптаспайды.
Сондықтан оқушылардың өзара бірлескен белсенді іс-әрекеті арқылы ғана
саналы білімдер қалыптастыруға болады. Мұндай технологияны ендіруде 
жұмыссыз отыратын оқушылар болмайды. Оларда сабаққа деген қызығушылық
жоғары болады, олар өздерінің даму динамикасын, жетілгендерін жақсы
сезінеді.

II. ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫМЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2.1. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс

1. Диогностикалық құралдар арқылы оқушылардың білім, біліктілік
дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарай саралап оқытылады.
2. Оқу материалыи меңгерту және бекіту үшін танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыру.
Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан
түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі танда бастауыш мектептерде
дәстүрлі Л.В.ЗанковжәнеД.Б.Эльконин, В.В.Давыдов әдістемелері қолданылады.
3. Материалды меңгерудің сапасын бақылау.
Егер әдістемелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекітуі үшін
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса,
технологияда танымдық іс-әрекетті ұйым-дастыру және оның нәтижесін тексеру
қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу,
педагогикалық жүйені бұзады. Осы көзқарасқа сүйеніп оқыту процесін сызба
түрінде былай бейнелейміз.
Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге
мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені
анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте
алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары
ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен
материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін
диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу)
қолданылады.
4. Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудің, тәсілдері мен
әдістерін таңдау. Мұндай әдістер жеке пән әдістемелерінде жазылған.
5. Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі
өлі толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойынша
жекелеген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың
біліміндегі кемшіліктер анықталады, оны жойғанда ғана келесі бөлікке өтуге
болады.
6. Сыныптың барлық оқушыларының білімі мен тәрбиесіндегі кемшіліктерді
жоятын әдістемелерді таңдау.
Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын
түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын
қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған
материалдарды жаңа тақырыптармен байланыстырады.
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды
меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға ерекше
назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру процесін басқару
және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері
байланысты мұқият түрде жан-жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын
оқушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады.
Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды
міндет.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын
бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информация шығару құрылғылары
Дифференциалдық теңдеу. Шешім. Бағыттар өрісі. Интегралдық, фазалық қисықтар
Ұлы әлемтанушылардың бірі – Питирим Александрович Сорокин
Жалпыланған үш өлшемді Мойсил-Теодереско теңдеулер жүйесі үшін нетерлік есеп
Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы арқылы студенттердің тұлғалық қасиетін қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРЫС ӨЗЕНІН СУҒАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІККЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ
Пәндер