Дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Дағдарысты сипаттайтын белгілер және оның ерекшеліктері
2.2 Дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару
2.3 Қазақстан тәжірибесіндегі дағдарысты мемлекеттік басқару
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінде елдер мен континенттерді тітіркентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс - бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқада жағдайларды жатқызамыз.Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да. Объективті түрғыдан дағдарыс көптеген жағдайларды өзара байланысын сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарлатады. Бүл тұрғыда дағдарысты және оның алдын алуды шеттетіп, дағдарысты түрақтандыру, бірінің біріне ұласуы, дағдарыстан шығуды осы шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика ғана емес, сонымен қатар табиғатта циклды өмір сүреді, және тек экономика дамуы ғана дағдарыс жағдайын туындатпайды. Қоғам дамуының әр түрлі этапында дағдарыс қатынасына деген түсінік те әр қилы болады. Мысалға, бір позиция бойынша дағдарыс тек табиғи қүбылыс салдары, ал басқалары - дағдарысты адамдар өздері туындатады, олардың қателіктері, дұрыс көңіл бөлмеуі, білместік, сенімсіздік деп қарастырады. К.Маркс болса қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің экономика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан қүрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қалыптастырды, жеке меншікті жойған қоғамдық - экономикалық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бүрындары өсім қиындықтары, даму проблемалары, тұрып қалу терминдері жиі қолданылып келді, кейіннен олар дағдарыс түсінігіне ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды. Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тенденцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен тереңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

2.1 Дағдарысты сипаттайтын белгілер және оның ерекшеліктері
Дағдарыс түсінігі кез-келген басқарушылық шешімдерді әзірлеудің методологиясына әсер ететін тәуекел түсінігімен тығыз байланысты.Дағдарыстың қаупі әрқашан да болады, сондықтан дағдарысты жағдайдың пайда болуының белгілерін білу және оларды шешу мүмкіндігін бағалау өте маңызды. Дағдарыстың алдын-алу - бұл басқарылатын үрдіс. Бұны адамдардың, өндірістің және экономиканың даму тарихында болған көптеген дағдарыстар растайды. Басқарудың сәттілігі дағдарысты, оның басталуының белгілерін уақытысында танып білуге байланысты. Дағдарыстың белгілері, ең алдымен, оның технологиялық керек-жарағы бойынша сараланады: ауқымы, проблематикасы, даму аумағы,себептері, мүмкін салдары, көрініс фазалары.Дағдарысты тануда проблемалардың өзара байланысын бағалау үлкен мәнге ие. Әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда дағдарысқа қарсы дамудың мониторингі қызмет ету керек. Бұл - даму үдерістерін бақылау және олардың тенденцияларын дағдарысқа қарсы басқару өлшемдері бойынша қадағалау. Біз ауа-райды, жер сілкіністерді болжай аламыз және онымен арнайы қызметтер айналысады. Басқару жүйесінде неге мұндай қызметтер бола алмайды? Бұндай болжам жасау үшін дағдарысты дамудың белгілері және көрсеткіштері, оларды есептеудің методологиясы және оны талдау барысында қолдану қажет. Дағдарысты болжау тек жағдайларды және үрдістерді арнайы талдау негізінде мүмкін. Жалпы дағдарысты тануда әлеуметтік-экономикалық жүйенің жағдайын бағалаудың барлық көрсеткіштері қатысады. Бүгінгі таңда басқарудың қиындықтарымен және өндірістік қызметтің ұлғаймалы ауқымдарымен байланысты дағдарысты жағдайларды тану және дағдарысты болжау кәсіптік негізге қойылу керек. Дағдарыстың алдын-алу - дағдарысты жағдайларды талдау әдістемесіне және дағдарысқа қарсы басқару аймағындағы мамандардың болуына байланысты. Дағдарыс - қоршаған ортада оның тіршілік тұрақтылығына қауіп-қатер болатын әлеуметтік-экономикалық жүйеде (ұйымда) қарама-қайшылықтардың шиеленісуі. Дағдарыстың себебі әр түрлі болуы мүмкін. Олар 5 түрге бөлінеді: объективті, субъективті, табиғи, ішкі және сыртқы. Объективті - жаңғырту және қайта құрылымдаудың кезеңдік қажеттіліктермен байланысты. Субъективті - басқарудағы қателіктерді және волюнтаризмді бейнелейді.Табиғи - ауа-райының құбылыстарын, жер сілкіністерді және т.б. сипаттайды.Ішкі - маркетингтің қатерлі стратегияларымен, ішкі жанжалдармен, өндірістік ұйымдағы жетіспеушіліктермен, басқарудың, инновациялық және инвестициялық саясаттың жетілдірілмегендігімен байланысты.Сыртқы - макроэкономикалық дамудың үрдістерімен және стратегиясымен немесе әлемдік экономиканың дамуымен, елдегі саяси жағдайлармен, бәсекелестермен байланысты.Қоғамдық қайта өндірудің классикалық циклы төрт фазадан тұрады.
1фаза.Дағдарыс.Өндіріс көлемі, іскерлік белсенділік қысқарады, баға төмендейді, жұмыссыздық өседі және банкротқа ұшырау саны өседі, күнделікті сұранысқа ие тауарларды шығаратын салалар өндірісі салыстырмалы түрде аз мөлшерге қысқарады.Сонымен қатар, қолайсыз экономикалық жағдайда тұтынушылар тұрмыстық техника, құрал жабдықтарды сатып алуды тоқтатуы мүмкін.Соған сәйкес металургия, ауыр машина жасау өндірісінде, машина өндіретін салаларда жоғары болады, жеңіл тамақ өнеркәсібіне қарағанда.Экономиканың монополиялы және монополиясы жоқ секторлардың дағдарысқа деген реакциясы әртүрлі болды, яғни монополия өзінің экономикалық билігіне сүйене отырып дағдарысты аз шығындармен өткізуі мүмкін.
2фаза.Депрессия.Жарты жылдан үш жылға дейін созылады.Оған сенімсіздік, реттелмеген іс әрекеттер тәнБұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының төмендеуімен сипатталады. 3фаза.тірілу.Бұ л қайта қалпына келтіру фазасы.Капитал салымы басталады, баға өседі, өндіріс, жұмыспен қамту, пайыздық ставкалар.Жаңа кәсіпорындар құрылады.
4фаза.өсу. (бум). Бұл фазада еңбекақы,тауарлық қор өседі,жаңа тауар,жаңа кәсіпорын пайда болады.Экономиканы жаңа деңгейге апаратын өсім оны жаңа кезеңдік дағдарысқа дайындайды.Кезеңдік дағдарыстың себебі болып жиынтық сұраныстың қысқаруы, өндірістің құлдырауы, табыстың азаюы, шығынның өсуі болып табылады.
Мемлекеттік басқару дағдарысы - мемлекет басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгерілмеуімен, қоғамдық-саяси қатынастардың басқару деңгейінің төмендеуімен, саяси қақтығыстардың ұшырауымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуімен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері:
oo саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы;
oo қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы;
oo басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси институттарының теңестірілмеуі, қоршаған орта мен өзара қарым-қатынастың үзілуі;
oo мемлекеттік билік заңдылығының бұзылуы.
Дағдарыстардың даму симптомы және себептері. Симптомалар көрсеткіштерден көрінеді.Дағдарыс симптомы болып көрсеткіштер жағдайында,сонымен қатар, оның өзгеру тенденциялары да табылады.Көрсеткіштер жағдайы бекітілген нормативті көлемінен салыстырылып бағалануы мүмкін.Дағдарыстың даму симптомы болып көрсеткіштердің заңды қатынастарқа сәйкессіздігі табылады. Мысалы, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, еңбекақы өсу қарқынынан өсу керек.Егер ондай болмаса, дағдарыс қауіптілігі өседі.Симптом бұл шын дағдарыс себептерін сипаттамайтын, дағдарыс құбылыстарының алғашқы сыртқы көрінісі.Дағдарыстарды симптомы бойынша ғана емес, сонымен бірге себептері және нақты факторлары бойынша бағалау қажет.Дағдарыс факторы дағдарыстардың төнгендігін нақтылайтын, жағдай немесе бекітілген тенденция.Дағдарыс себептері дағдарыс факторы көрініс беретін жағдай немесе құбылыс.Мыс, инфляция дағдарыс факторлары болып табылады.Инфляцияның себебі ақша массасының көп болуымен байланысты. Дағдарыс симптомы болып мыс, долларды есеп операцияларында қолдану, еңбекақының өсімі және ақталмағандығы, бағаның өсімі.Ұйымда өнім сапасының төмендеуі, технологиялық тәртіптің бұзылуы, техникалық құралдардың ескіруі, несиелер бойынша үлкен берешек дағдарыс факторы болып қарастырылуы мүмкін.Ал себебіне экономиканың жалпы жағдайы, персоналдың төмен біліктілігі, ынталандыру жүйесінің кемшіліктері жатады.Дағдарыс симптомына кері тенденцияның тұрақтылығы, іскерлік кенліспеушіліктер, қаржылық проблемалардың өсуі жатады.
2.2 Дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің әлеуметтік аспектісі.Тоқырап тұрған қуаттарды жүктеу, әлеуметтік тұрғыдан жұмыспен қамтудың көбеюін, әлеуметтік шиеленістерді және елдегі қылмыстық жағдайдың төмендеуін білдіреді. Толық жүктелмеген қуаттар экономиканың дағдарыстан шығудың бастапқы кезеңдеріндегі экономикалық өсудің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар инвестициялық қызметтің келешек айтарлықтай белсенділігінің маңызды алғышарттары болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, негізіне келесі ұстанымдар жататын белсенді өндірістік саясатқа тіреледі (яғни әлеуметтік аспектілер келесі б.т.): оны жүзеге асырудағы оның барлық қатысушыларының қызығушылықтарын ескеруді қамтамасыз ету; әлеуметтік-экономикалық бағдар: құрылымдық өзгерістер үстіндегі жағымсыз салдарларды азайтуға, ал осыдан соң тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін де ыңғайлы жағдайлар туғызу; шаралардың арнаулы (мекенжайлық) сипаты және оларды жүзеге асырудың соңғы нәтижелеріне қатысушылардың жоғары жауапкершілігі; өндірістегі өзгеріс процесінің қатысушылары үшін келісімдік қатынастар жүйесі мен конкурстық негіздер; өндірісті жетілдіруді қамтамасыз ету және ғылыми-өндірістік және зияткерлік (интеллектуальные) шамаларды қамтамасыз ету мақсатымен қорларды орталықтандыру; мемлекеттік мүлікті жалға беру, лизинг және инвестициялық сату конкурстарын кеңінен пайдалану; еңбек, капитал, тауарлар мен қызметтер, технология және т.б. нарықтарындағы жалпылық сұраныс уәждемесін (мотивация) дамыту және қолдау.
Дағдарысқа қарсы басқарушы басқару функцияларын персонифицируші болып табылады.Оның қызметінің классикалық негіздерінен басқа келесідей функцияларды атқарады:
1 Стратегиялық-жағдайды талдау және болжау негізінде ұйымның мақсаттарын белгілеу, стратегия жасаумен жоспар құруды үйлестіру.
2 Әкімшілік - нәтижелерді қадағалау және бағалау, қызметін коррекциялау, оны мерзім, уақыт, ресурстар бойынша үйлестіру, ынталандыру және жазалау шараларын жүйелендіру жүйесін қалыптастыру.
3 Сараптамалык-инновациялық дағдарысқа қарсы басқарушыдан ұдайы, мақсатты бағдарланған экономиканың әр түрлі саласындағы жаңашылдықтармен танысу, бағалау және сараптау, тәжірибеге енгізу жағдайын жасауды талап етеді.
4 Тәрбиелік - ұжымда жағымды моральдік-психологиялық ортаны жасау, дәстүрлерді бұзбау, кекілжіңдердің алдын алу және стандартты мінез-құлықты қалыптастыруды ұйғарады.
5 Көшбасшылық - дағдарысқа қарсы басқарушы бұл функциясында қоластындағы қыметкерлер мен әріптестерінің қызығушылықтары ұйымның мақсаттарына қайшы келмеуін қадағалайтын қызметтің ұйытқысы болады. Топтың ішкі бірлігін сақтап қалу мен жұмыстағы жалпы көз қарасы соған байланысты болады. Дағдарыс - әлеуметтік-экономикалық жүйедегі объективті құбылыс. Бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет етуі және даму негізінде адамның басқарылатын қызметі жатыр деген түсінігімен үйлеседі.
Адамның барлық қызметі әркелкі және үйлесімсіз өзгеретін мүддесін қанағаттандыруға негізделеді. Жеке адамдарда және әлеуметтік топтарда мүдделер қарама-қайшылықта болады. Мүдделердің қарама-қайшылығы және олардың өзгерістерінің объективті әркелкі болуы дағдарыстың мүмкіндіктерін және қажеттілігін анықтайды. Дәл осы әлеуметтік-экономикалық жүйедегі және табиғи жағдайлармен байланысты дағдарыстың негізінде жатыр. Серпінді және адами мүдделерінің өзара іс-қимылын абсолютті басқару мүмкін емес, өйткені оның мүдделерінің жүйесінде еркіндік, басқарудың демократиясы, дербестік бар. Осындай мүдделерде тиімді басқару құрылады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің даму мөлшері бойынша дағдарысқа қарсы дамудағы адами фактор рөлінің көтерілуі дағдарысты жою, онымен күресті емес, оны уақытысында болжауды және шешуді білдіреді. Дағдарысқа қарсы даму - бұл дағдарыстың абсолютті болмауы емес, сәтті дамудың импульсі болып табылатын мұндай дағдарыстардың болуы. Мақсатқа және мүддеге тек адам ғана ие бола алады. Дәл осылар дағдарысты танудың және олардың алдын-алудың негізі болып табылады. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне әсер ететін факторлар. 1) Дағдарысқа қарсы басқару профессионалдылығы және арнайы дайындық. Мұнда басқару профессионалдылығымен қатар профессионалды білім қажет. 2) Табиғаттан берілген және арнайы дайындық процесінде жинақталған басқару өнері. Көптеген дағдарыстық жағдайда жекелеген басқару өнері дағдарыстан шығудың шешуші факторы болып табылады.3) Тәуекелдік шешімдерді өңдеу әдістемесі. 4) Жағдайды ғылыми талдау, тенденцияларды болжау. 5) Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің маңызды факторы болып корпаративтілік табылады. Корпаративтілік бұл ішкі потриотизм және энтуазизм. 6) Лидерлік бұл тек менеджердің жеке қасиеті емес, ол бүкіл басқару жүйесінің сипаты. 7) Оперативтілік және басқару икемділігі. 8) Дағдарысқа қарсы бағдарлама сапасы және стратегия. 9) Адам факторы. Мониторинг жүйесі. Ол дағдарыс төнуінің ықтималдылығын анықтау бойынша арнайы ұйымдасқан қызметті білдіреді.
Дағдарысқа қарсы басқару тиімді және тиімділігі төмен болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі мақсатқа жету деңгейімен сипатталады. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мелекеттің рөлі. Нарықтық экономика - бұл өз қамы емес, ол құрал. Сондықтан да мемлекет жігері ғылыми-техникалық және өндірістік шамаларды барынша қолдану, адам капиталын сақтап қалу, реформалардың кең әлеуметтік қолдауын қамтамасыз етуге бағытталу керек. Осыған сәйкес белсенді өндірістік және әлеуметтік саясатты өткізудің нақты әдістері әзірлену қажет, көптеген институттардың қалыптасу мәселесіне ерекше назар аудару қажет, онсыз нарықтық экономика қалыпты жұмыс істей алмайды. Соңғысы өте маңызды. Себебі, егер нарық - өзін өзі реттеу жүйесі деп алсақ, бұл қатал жағдайларда ғана дұрыс болуы мүмкін, онда ол бәрі бір де ешқашан өзін-өзі қалыптастыру жүйесі бола алмайды. Дамудың негізгі мәселесі - бұл үкімет пен нарық арасындағы әрекеттесу. Бұл мемелекетттің экономика жұмыстарын араласу керек пе, жоқ па деген сұрақ емес. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, бәсекелес сатушылардың нарығы тауарлар мен қызметтерді өндіру мен таратудың қазіргі күні ең әсерлі түрлі болып табылады. Бірақ нарық вакуумда дами алмайды, ол заңдық және реттеу негізіне мұқтаж. Ал мемлекет даму үшін, мүлік құқықтарын қорғап, жаңа құқықтық және реттеу жүйелерін әзірлеп, азаматтардың кәсіпкерлік жұмыстарына ықпал жасап және қоршаған ортаны қорғап осындай негізді қалыптастыруда. Нарық оның түрлерінен айырмашылықтарымен ажыратылса, мемлекет те өзі туралы түрлі әдістер мен түрлер арқылы білдіреді. Мемлекеттің араласуы міндетті түрде бір істі жасауда ғана көрінбейді. Ол жеке белсенділікті реттеу, қаржылық көмек түрінде және т.б. болуы мүмкін.
Дағдарыс жағдайынан шығудың негізгі белгілері
1) Экономикалық өсудің тәсілдерінің өгеруіне ықпал ететтін инновацияларды әзірлеу. Бұл бұрынғы экономикалық өсу әдісінен шығу талаптануға мүмкіндік беретін талдау қатынастары саласындағы өзгерістер. Сонымен бірге бұл кәсіпорындардың ұмтылатын ішкі ұйымдастыру мен бәсекелестік түрлері.
2) Инновацияны тарату жағдайларын іздеу. Инновациялар (жаңартпа), микро және макродеңгейдегі жағдайлар оларды қабылдауға бейімделмеген болса, инновациялар қажетті және қажетсіз, сонымен бірге ерте болуы мүмкін. Сондықтан да дағдарыс жағдайында инновацияларды таратуды анықтайтын факторлар жайлы сұрақтар өте маңызды.
3) Жергілікті және ғаламдық өзгерістер арасында айырмашылықтарды анықтау. Жаңа енгізілім қисыны шеңберінде қосымша жаңартпалар (инновация) мен құрылымдық өзгерістер арасын айыра білу қажет.
4) Бірмезетте өтіп жатқан өзгерістердің құрылымдық үйлесімділігін орнату. Бұл дағдарысты жғдайларын реттеу үрдісінің қисынан туындайды.Қабылданатын өзгерістер мақсатқа әкелмеуі немесе болжамдалмаған салдарға әкелуі мүмкін.
5) Ұйымдастырушылық-құрылымдық жаңалықтар. Бұл аспект әкімшілік механизмді нығайтуда көрінеді. Мемлекет тарапынан тұрғындарға жағдай туғызу барысында, мемлекет пен тұрғындар арасында тығыз байланыс пайда болады. Мемлекет дағдарыс жағдайын ретеу тиімділігін, халықтың өмір сүруіне әсер тигізуімен бағалайды. Дағдарысқа қарсы басқарудың технологиялық кестесі 8 блоктан тұрады.
1 блок. Дағдарысқа қарсы басқарудың бұл кезеңінде мамандандырылған жұмысшы тобы құрылады. Мамандар дағдарыс теориясын,болжау, басқару шешімін өңдеу, басқару жүйесін зерттеу, макроэкономика, микроэкономика т.б. білімді игеру қажет мамандар сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқару процесінде мәселелерді шеше білу және басқаруға байланысты арнайы дайындығы болуы, аймақтық және салалық инфрақұрылымдық өнеркәсіп жұмысының ерекшелігін, қаржы, жеке тұлғаларды, технологияларды басқару ерекшелігін түсінуі қажет.Бұлар басқару аппаратында жеке құрылымдық бірлік және консультанттық статусы болады.
2блок.Дағдарысқа қарсы басқаруға байланысты шаралардың мақсатқа лайықтылығы және уақытысымен өткізуі тексеріледі.Мақсатқа лайықтылық кезеңінде бастапқы жағдайға оралу қажет-жаңа мақсат іздеу, соған байланысты жаңа шараларды жоспарлау.
3блок.Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Экономикалық дағдарыс себептері
Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Экономикадағы дағдарыс жағдайы және экономикаға оның әсері
Пәндер