Титан өндіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Тау-кен өнеркәсібі туралы мағлұмат.

2.Тау-кен өндірісінің құрал-жабдықтары.

3. Түсті металлургия кәсіпорындарында өндірудің жаңа технологиялық
процестері

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы -10том. 1975ж -276б

2. О.Сыздықов., Б.Оразбаев., Ғ.Нысанбаев

Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық. Алматы Республикалық
баспа кабинеті 1993ж. 290 бет.

Кен өнеркәсібі — кен байлықтары кеніштерін барлауға, оларды жер
қойнауынан өндіруге және бастапқы өңдеуге байланысты өндіріс салалары
кешені. Тау-кен өндірісі мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
1) отын өндірісі (мұнай, табиғи газ шығару, көмір, тақтатас, шымтезек
өндіру):
2) кентас өндіретін өнеркәсіп (темір кентасын марганец кентасын өндіру,
түсті, асыл, сирекметалдар өндіру, радиоактивті элементтерді өңдіру);
3) бейметал қазындылары мен жергілікті құрылыс материалдары өнеркәсібі
(мәрмәр. гранит, асбест, бор, доломит, кварцит, каолин, саз балшық, ғаныш,
мергель, дала шпаты, әктас өндіру);
4) кен-химия өнеркәсібі (апатит, калий тұздары, нефелин, селитра, күкірт
колчеданы, бор кентасы, фосфат шикізаты өндірісі);
5) минералдық су (жер асты минералдық суы, сумен жабдықтау, т.б.
мақсаттар үшін су шығару).
Тау-кен ісі көне заманнан белгілі. 18ғ-дың аяғынан тез дами бастады.
Әсіресе, кеңестік кезеңде Тау-кен өндірісі Донецк, Кузнецк, Қарағанды,
Печора көмір алаптары, Кривой Рог темір кентасы алабы, Курск магнит
аномалиясы. Қостанай облысындағы темір кентасы кендері, Жайық Еділ
жағалауы, Батыс Сібір, Түрікменстан Солтүстік Кавказ мұнай аудандары сияқты
ірі алаптар мен кен орындары ашылып, мол өнім бере бастады.
Қазақстан аумағында кеңестік кезеңде өнеркәсіптік маңызы бар кен
байлықтарының 1600 кеніші табылды. Оның ішінде мұнай, табиғи газ, темір кен-
тасы, көмір, мыс, қорғасын, хромит, марганец кентасы, мырыш, т.б.
байлықтардың мол көзі ашылды. Сонымен қатар жер асты суыныңда мол көзі
анықталды. Актөбе облысында хромнт, никель кентасы, Торғайдың темір және
боксит кеніштері, Алтайдың, Жезқазғанның, Қарағанды мен Теміртаудың кен
кешендері, Соколов-Сарыбай мен Қашардың кен орындары, Жетібайдың Өзеннің,
Оңтүстік Маңғыстаудың Кенкияқтың, Прорваның Боранкөлдің, т.б. мұнай-газ
кендері іске қосылды. Казір Қазақстанда Тау-кен өндірісі өнеркәсіптің ең
серпінді саласы болып табылады. Бұл саланың жедел қарқынмен дамуы негізінен
еліміздің басты экспортты және валюталық түсім көзі болып табылатын шикі
мұнай және ілеспе газ өндіру жолымен айқындалды.
Жер қойнауынан кен байлықтарын алу барысында қолданылатын еңбек
құралдарының жиынтығы. Тау-кен техникасының негізгі міндеті – қазбаларды
түсіру мен оны шегендеу, тау-кен массивін бұзу, қопарылған таукен массивін
тиеу және оны өңдеу орнына жеткізу жұмыстарын жеңілдету мақсатындағы
адамдардың жартылай немесе түгелдей атқаратын қызметін алмастыру. Тау-кен
техникасының алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі арнайы құралдардан бастап
шпурларды, ұңғымаларды бұрғылауда, оларды жарылғыш заттармен қопаруда,
қопарылған кенді тиеп, тасымалдауда қолданылатын күрделі автоматтандырылған
машиналар мен механизмдерге дейін тарихи ұзақ даму жолынан өтті. Кен
өндірудің көлемі өскен сайын ағаштан, бұғы мүйізінен, тастардан жасалған
құрал-саймандардың жетілдірілуімен қатарөзге әдістер де пайдаланылды. Мыс,
кен өндіру барысында кездесетін қатты тау жыныстарында қайла, сүймен,
темірқашау, сына, үлкен балғаларды қолданудан бұрын тау жынысының
беріктілігін азайту үшін оны отпен қыздырып, артынша су құю арқылы күрт
салқындату әдісі қолданылады. Тау-кен ісіндегі елеулі жаңалықтар мыс-қола
заманында темірден бұйымдар жасау кезеңінде болды. Темірден жасалған балта,
қайла, балға, сына, күрек, қырғыш (сырма) сияқты құрал-саймандар таукен
ісінде ұзақ уақыт қолданыс тапты. 12-16ғасырларда жер қойнауына тік және
жабық бағытта ұзындығы едәуір қазбалар жүргізудің мүмкіндігі таукен
жұмысында мылтық дәрісін қолданумен байланысты біршама жақсарды. Жер
қойнауында қазылған тау жыныстарын жер бетіне шығаруға бастапқыда бір
дөңгелекті арба, кейіннен төрт дөңгелекті арбалар мен арнайы ағаш
төсеніштермен тасымалданды. Ауыр жүктерді жоғары көтеретін машина ойлап
табу нәтижесінде тау жыныстарын жер бетіне шығару жұмыстары біршама
жеңілдетілді.
Комбинат ұжымы бұрынғы одақ бойынша түсті металлургия кәсіпорындары
ішінде жер астында өздігінен жүретін жаңа типтегі машиналарды бірінші болып
қолданды. Бұл еңбек өнімділігін 39% -ға арттырды, өнімнің өзіндік құнын
6,4%-ға арзандатты. 1964-1966 жылдары комбинат кеншілері көлденең кен
қазбасын шапшандықпен өтуде үш рет дүниежүзілік рекордтар жасады. Сол үшін
комбинатгың бір топ жұмысшы және инженер-техник қызметкерлері Лениндік
сыйлықтың лауреаты (1966ж) атанды. Сондыктан Ащысай түсті металл
комбинатында озат тәсілді үйрететін Бүкіл Одақтың алғашқы кеншілер мектебі
жұмыс істеді. Ол тікелей Мәскеуге бағынатын. Одақ бойынша жер — жерден
кеншілер келіп, оқып, тәжірибе жинақтайтын.
"Ачполиметалл " комбинатында 1961 — 1965 жылдары өздігінен жүретін
мынадай машиналар мен жабдықтар сынақтан өткізілді:
1 .Бұрғылау қондырғылары СБУ-2, СБУ-70, ЦНИИ жерасты шахта құрылысы.
2.Бұрғылау қондырғылары БКГ-3, Гипроуглемаш
З.Бұрғылау қондырғысы БУВ - 2 және СВБ -75 станогы Гипроникель. 4.Үздіксіз
тиеу машиналары ПНБ — 3, ПНБ — ЗК, ПНБ — ЗМ Ясногорск машина жасау зауыты.
5.Тасымалдау вагондары ІВС - 10, 2ВС - 15, 2ВС - 15РВ мұндай вагондар 1967
жылдан Воронеж кен байыту жабдықтары зауытында көптеп шығарылып келеді.
6.Қосалқы жабдықтар - забой төбесін мекендейтін кареткалар шығарыла
бастаған еді, олар:
- КСО - 12, Гипроникель
- СП - 12 Жезқазған ЦПИЭЛ.
Осы аталған жабдықтар шығарылғанға дейін кеншілер негізін қол еңбегімен
әрекет етуші еді. Қазіргі кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Титан - жалпы сипаттама
Титан элементі
Ферроқорытпаларды зерттеу
Титан және оның ең маңызды қосылыстары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері
Түсті металлургияның салалық құрамы
Титан кендытермия
Металлургия өндірісінің негіздері
Титан қожын хлорлау
Өнеркәсіпті басқару жүйесі және еңбекті ұйымдастыру
Қара және түсті металдардың шикізат базасын, өндіру және таралуын талдау
Пәндер