Инновациялық педагогикалық технологиялар туралы


Инновациялық педагогикалық технологиалар туралы.
Мектепке дейінгі мекемелер басқа да білім беретін институттар сияқты қоғамдық қатынастарда жұмыс істегендіктен, оның жағдайы көптеген сыртқы факторлармен, әлеуметтік ортамен қарым - қатынасының сипатымен анықталады. Қоғамымыздағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, педагогтардың және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Педагогтардың алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін, жоғары деңгейде баланың жан - жақты дамуына әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұрды.
Осындай тарихи кезеңде адам мен мемлекеттің қарым - қатынасының мәні өзгерді. Нарықтық жағдайда ол жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігінің өсуіне қызмет етуге бағытталды. Мектепке дейінгі педагогика адамзаттың сұраныстарынан қалмауға тырысады, оқыту мен тәрбиенің қиындығы мен қайшылықтарын алдын - ала білуге ұмтылады, сонымен бірге білім беру жүйесінің дамуына қоғамдық мүдделер негіз болады. Қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер әлеуметтік тапсырыс құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқытудың мәселесін қарастыра отырып В. Никитин былай атап өтеді: «егер бұрын мектептерді мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің баланы мектепке дайындау деңгейі қанағаттандырса, енді инновациялық мектептердің пайда болуы баланың жеке тұлғалық, танымдық, ойлау белсенділігі түрлі қызметтерде өздігінен сауалдарды шеше алатын сапасы жаңа талаптарды ұсынады». Бұл өз кезегінде білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде жаңа технологиялармен жұмыс істеу бағытының өзгеруін қажетсінеді.
В. Щетинин мен Н. Хроменков білім алудың ең басты мақсаты мен құндылығы - адамдардың білімге, біліктілікке, дағдыға деген қажеттілігін қанағаттандыру оның рухани күштерінің жетілуі мен қабілеттілігінен және жеке тұлғаның шығармашылық әлеуметтілігі мен қоғамдық дамдан тұрады деп атайды. Әлеуметтік тапсырыс беруші қоғамның барлық мүшелері: балалар, ата - аналар, әлеуметтік топтар мен сыныптар, мекемелер мен өнеркәсіптердің мүддесі білім мен тәрбиені жүзеге асырудың құралдарын, нысандары мен мақсаттарын анықтауда және осы саланы жетілдіруде нгізге алынады, яғни елдегі білім берудің дамуы туралы мәселе әлеуметтік тапсырысқа сәйкес шешіледі.
В. Подобед білім беру мәселесін қарастыра отырып, білім берудің әлеуметтік тапсырысын шартты түрде: қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және даралық деп 4 түрге бөлді. Қоғамдық тапсырыс жеке тұлғаның жан - жақты дамуында білімге деген қажеттілігінің дамуының әр кезеңінде объективтілігімен анықталады. Ол білім беру ісінің барлық салаларының әлемдік дамуына бағытталған. Аймақтық тапсырыс бірқатар шарттардың ықпалының нәтижесінде әлеуметтік, мәдени, экономикалық, ұлттық, демографиялық және басқа да аймақтық ерекшелік негізінде қалыптасады. Ұжымдық және жекеменшік тапсырыстар оқушылардың, ата - аналардың, әлеуметтік топтардың, қоғамдық мекемелердің білім алу ерекшеліктерінің түрлілігімен, жеке тұлғаның мүдделерін қанағаттандыру қажеттілігімен және адамның қабілеттілігі, бейімділігі негізінде анықталады. Кешенді қажеттіліктердің негізінде (қоғамдық, аймақтық, ұжымдық, жекеменшіктік) олардыңі қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктерінің мөлшері, кезектілігі мәселесі шешіледі. Қоғамның қажеттіліктері заңды актіге және нормативті іс қағаздарға сүйенеді. Олар елдің мүдделерін нығайтып және білдіріп, әлеуметтік тапсырыстарға қарсы келмей, білім алуға қоғамдық, аймақтық және жеке қажеттіліктерін қорғауы керек.
Білім беруде жаңа тапсырыстар педагогикалық бірлестіктерде, ғылыми - зерттеу зертханаларында пікірталас, түрлі көзқарастарды салыстыру, мақсаттарды жетілдіру құралдарының негізінде туындайды және адам туралы ғылымнің кешенді талдамаларының жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен білім беруге әлеуметтік тапсырыс кең қоғамдық пікірдің негізінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңының 8 тарауында көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ал қазір қоғамдық сұраныстарды жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі жаңалықтарды түсінуде және ынталандыруда «жаңа», «жаңалық», «жаңа енгізулер» немесе «инновация», «инновациялық үрдіс» категорияларына ерекше көңіл бөлінген. Бұл мәселе К. Ангеловский, В. Ляудис, В. Загвязинский, Л. Подымова, М. Поташник, В. Сластенин, Н. Юсуфбеков сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен баяндалған.
С. Ожегов сөздігі «жаңа» сөзіне төмендегідей анықтама береді:
- бірінші рет туындаған не жасалған; көненің орнына келген, жақында пайда болған немесе туындаған, қайтадан ашылған;
- жақында өткен, не осы кезге байланысты;
- аз белгілі.
Берілген анықтама «жаңаның» анықтамасының сипаттамасын «бірнеше туындаған», әсіресе «қайтадан ашылған», бұрыннан белгілі «ескінің» элементі ретінде айтады.
В. Загвязинский көзқарасындағы педагогикадағы «жаңалық» - бұл тек ұсыныстар, тәсілдер, технологиялар емес, бұл элементтердің «кешені» немесе педагогикалық үрдістің бөлек элементтері, олар өздерінде үдемелі бастамаларды құрайды. Сонымен «жаңалық» бұрынғы белгіленген синтезін құраса да, үдемелі жүйеге әкелуі керек.
Педагогикалық сөздікте Батыс елдерінде ХХ ғасырдың 50 - жылдарының аяғында, ал біздің елімізде соңғы онжылдықта қолданыла бастаған «инновация» түсінігі кейде «жаңаны енгізу», «жаңалық» түсініктерімен қосылып айтылады.
Шындығында, «инновация» (латынша inb - novus - жаңашылдық) көптеген ғалымдар менпедагогтарды пікірінше, «жаңалық енгізу» болып табылады. М. Поташкин барлық түсініктердмыі талқылай келе: « . . . жаңалық енгізу - бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы және т. б. ), ал «инновация» - бұл осы құралдары игеру үрдісі» деп анықтама береді.
«Инновация» термині өзгерістердің жағымды және белсенді сипаттамасын, олардың әлеуметтік қажеттілігін бейнелейді. Педагогикалық инновациялардың екі ерекшелігі бар. Олардың біреуінің қызметінің объектісі дамытушы, баланың жеке тұлғалық қайталанбас «менін» иеленген. Үрдістің басқа ерекшелігі: оның орталық фигурасы болып инноватор педагогтің тұлғасы болады, оның даралығы жаңалықтың тиімділігіне тәуелді.
«Жаңашыл» сөзі орыс тілінде - жақсартушы, «жааландырушы» аналогында мағынасы бар. Бұдан шығатын қорытынды: жаңашылдық - бұл бұрыннан бар нәрсеге жақсартулар, өзгерістер енгізу. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» психологиялық - педагогикалық әдебиетте ең көп таралған және қолданылатын ұғым.
Қаралып отырған ұғым әр түрлі болып түсіндіріледі: кейбіреулері бұл ұғымды оқу мен тәрбиенің жоғары жетістіктерін бағалау құралы десе, екіншісі, бұл категорияға жаңа педагогикалық технологияға өту және құру - бұл болашақ ақпарат өркендеу алдындағы білім беруге қойылған міндеттер мен өзекті шешімдердің заңды құбылысы деп көрсетеді. «Педагогикалық технология» ұғымы алғаш рет АҚШ - та енгізіліп, әр түрлі түсініктер берілген.
С. Смирнов анықтамасы бойынша «методика» немесе «форма» оқу ұйымдарында синоним ұғымдар (бақылау жұмысын жазу технологиясы, топтық қызметті ұйымдастыру технологиясы, қарым - қатынастар технологиясы және т. б. ) ретінде көрсетілген. Бұл түсіндірулер бастапқы «технология» ұғымын аша алмайды. Берілген ұғымдарды салыстыра талдау Л. Шкутина, М. Танасейчуктің жұмыстарында көрсетілген.
«Білім беру технологиясы» - кең ұғым. Бұған әр түрлі оқу технологиялары тарапынан педагогикалық технологиялар енеді. Педагогикалық технология өзіне әр түрлі ғылым мен тәжірибенің әр саласында таралған мамандандыру технологияларын біріктіре алады, оларға жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық, т. б. жатады.
Оқыту технологиясы - бұл жақын ұғым, бірақ «педагогикалық технологиямен» тепе - тең келмейді, өйткені, ол педагогикалық технология таңдаған мәселелер, тақырып, пәндерге белгілі шеңберде нақты түсініктерді игерудің жолдарын көрсетеді. Оқыту технологиясы вариативті және жеке әдістерімен туыстас.
Б. Лихачев «педагогикалық технология» - оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтайтын арнаулы құралдар жиынтығы деп жазса, Г. Селевконың түсініктерінде «педагогикалық технология» үш түрлі аспектілермен көрсетіледі:
- оқыту әдістері мен педагогикалық үрдістерді жобалау және мазмұндау мақсаттарын талдайтын әрі зерттейтін педагогика ғылымның бір бөлігі;
- оқытудың жоспарланған нәтижеге жету көздері мен әдістері;
- педагогикалық құралдар мен әдістемелік, аспаптық, технологиялық үрдістерді жүзеге асыру.
Г. Селевконың «Қазіргі заманғы білім беру технологиясы» кітабында білім беру технологияларын кең түрде қарастырған. Атап айтқанда, олар төмендегідей.
- Жеке басты педагогикалық үрдістерге бейімдеу;
- Материалдарды қайта жасау мен дидактикалық жетілдіру;
- Жеке пәндердің педагогикалық технологиясы;
- Табиғаттану технологиясы;
- Дамыта оқыту технологиясы;
- Баламалы технологиялар;
- Авторлық мектеп педагогикалық технологиясы;
- Оқушылардың белсенділіктері мен шығармашылықтарына негізделген педагогикалық технология;
- Оқу үрдістерін ұйымдастыру және басқару тиімділіктері негізіндегі педагогикалық технология.
Оқыту технологияларын сабақта тиімді қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Тек олардың ерекшеліктеріне, мән - мағынасына қарай таңдап, қолдана білсек, ұтарымыз көп.
Инновациялық білім беру технологиясы туралы.
Қәзіргі кезде әлемдегі жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнынан қайта құру және оқу - тәрбие орындарының іс - әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде ең алдымен «инновация», «педагогикалық технология» ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылды.
«Инновация» термині ғылымға ХIX ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес «бағалаушылардың» іс - әрекетіндегі өзгерістер құрайды. Инновациялық динамика жаңа білімдердің техникалық немесе әлеуметтік шындыққа айналуының логикалық реттелген технологиясын танытып, жаңа білімнің тауар немесе қызмет көрсету үлгісіне айналу сатыларын білдіреді.
Педагогикалық инновациялардың феноменологиясы «инновациялық ағын» ұғымын енгізеді. Бұл ұғымға педагогикалық жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері енеді. Жаңашыл педагог - жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.
Сонымен қатар зерттеушілер мұғалімдердің инновациялық - педагогикалық үрдісіне деген қатынасына әсер ететін басқада факторларды атап өтуде. Оларға мыналар жатады:
- Жаңалықтың мақсаты,
- Жаңалығты енгізу әдістемесі,
- Жаңалықтың мотивациясы,
- Қғам талаптарын қанағаттандыру,
- Оның жұмыс нәтижесін арттыратынына көз жеткіздіру.
«Новация» ұғымы (латынша NOVUS - жаңа) біздің тарапымыздын жаңа егізілім деп түсіндіріледі. Ғылыми әдебиетте «нововведение» деген орыс сөзі бір жүйеден екінші жағдайға ауыстыру, ендірілу ортасына жаңа тұрақты элементтер (жаңалықтар) әкелетін мақсатты бағытталған өзгеріс ретінде анықталады. Әрине бұл жаңа енгізілім жаңаруымен байланысты. Алайда барлық жаңа нәрсе әр кезде дұрыс нәтиже бере бермейді. Оның себепетері мынадай:
Біріншіден, жаңа нірсе барлық кезде өзекті мәселелерді шешу құралы болып табылмайды. Шындығында, мұғалімдер мектеп атқару тиіс мәселелерді зерделемей, кейде оны бір жақты қарастырады.
Екіншіден, әрбір жаңа құрал толық бір нақты жағдайларда туындап, белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады. Алайда көптеген ұстаздар құралдарды таңдау кезінде нақты жағдайда талдау жасауды басшылыққа алмастан, өздеріне ұнайтын нәрселерге ғана назар аударады.
Үшіншіден, ғылымдар жаңа бір нәрсені пайдаланушылардың санының ұлғаюы, оны меңгерудегі жаңа тәжірибенің пайда болуы жаңалықтың нәтижелі болатын жағдайларын қатайта түсетіндігін бұрыннан байқаған. Сондықтан біздер өзгермелі жағдайда жаңа құралдарды пайдалану дұрыс нәтиже беретіндігіне деген ішкі сенімділігі болған жағдайдың өзінде, ұстаздар, психологтар, әлеуметтанушылар тарапынан бақыланбайтын эксперименттік бақылау жүргізу қажет деп есептедік.
Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жысыу (тудыру, әзірлеу), меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс - әрекет ұғынылады. Білім беру қызметінде орталық орынды иеленетін оқу - тәрбиелік үрдісін инновациялық тұрғыда қарастыруға болады. Өйткені оның мақсаты - жастарға тұлғаның жаңа қасиеттерін қалыптастыруда жаңа білімдер беру. Тұлғаны қалыптастырумен байланысты жағдайларды зерттеуге деген қызығушылық оның ішінде инновацияға деген қызығушылық мәселесі соңғы уақытта әлеуметтанушылардың да назарында тұр. Соңғы жылдары жинақталған педагогикалық білім, оның құрамындағы ңргелң сипаттағы білім мен оны педагогикалық практикаға енгіңзу жіне пайдаланудың қиындығы арасындағы қайшылық ерекше күшейе түседі. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік және және практикалық білімді жасау үрдісі мен педагогикалық тәжірибені зерттеу нәтижелерін меңгеру үрдісі арасында маңызды алшақтық пайда болды. Мұндай алшақтықтың бір себебі педагогикалық білімді дамыту мен оны енгізудегі кереғарлықта, олардың өзара тұжырымдық негіздерінен тыс әзірленуінде.
Педагогикалық инноватика осындай байланыстыіске асырып, педагогикада жаңалықтарды жасау, олардың меңгеру мен практика жүзіндеқолдану үрдістерін біріктіретін инновациялық үрдістерге тән қызмет мөлшерлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған қайшылық инноватикалық білімнің ерекше саласы ретінде педагогикалық инноватиканы әзірлеу мәселесін айқындауға мәжбүр етті. Мұндай жаңаны құру мен оны практикада қолдану үрдістерін үйлесімді біріктіру жолдары көрсетілді. Бұл талдау педагогикада инновациялық үрдістер теориясын, инновациялық үрдістерді бейнелейтін жетекші категориялар мен қағидаларды және қоғамдағы инновациялық үрдістердің жалпы теориясының ерекше бөлімі ретіндегі педагогикалық инноватиканың құрамдас негіздерін терең түрде әзірлеу қажеттілігін көрсетіп берді.
Жалпы айтқанда, инноватика ғылымының негізінде мына мәселелер айқындалады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz