Ақсу - Жабағалы қорығының эндемик өсімдіктері мен жануарлары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Яссауи атындағы Медицина және жаратылыстану институты

Факультеті:
Жаратылыстану
Кафедрасы: География

СӨЖ.

Тақырыбы: Ақсу-Жабағылы қорығы.

Қабылдаған: Шайхидинұлы Ж

Орындаған. Молдашова Ж.
Тобы:
ЖГА – 515.

М А З М ¦ Н Ы

І. ТАРАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.1. Ақсу - Жабағалы қорығы аймағына жалпы сипаттама. . . . . . . . .

1.2. Тянь – Шань таулы өлкесіндегі биіктік белдеулі. . . . . . . .. . .
. . . . .

1.3. Геологиясы және кен байлықтары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .

1.4..Ақсу - Жабағалы қорығының эндемик өсімдіктері мен жануарлары
.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.1. Ақсу - Жабағалы қорығы аймағына жалпы сипаттама

Географиялық орны. Ақсу - Жабағалы қорығы Батыс Тянь - Шань
табиғатты мен таулы өлкесінің жан – жануарларын қорғау үшін 1926
жылы ұйымдастырылды.Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас және
Сайрам аудандарының аймағын , Талас Алатауы мен Өгем жотасын
қамтып, жалпы көлемі 75.09 мың гектардан (1997 ж) астам жерді алып
жатыр. Қорық төрт биіктік ланшафт белдеуін қамтиды.
Қазір Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүние жүзі
қорықтары тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр.Тянь –
Шань таулы жүйесінің Батыс Тянь – Шань тауларына кіретін Өгем,
Піскем , Қаратау, Талас Алатауы жоталары сонымен қатар Ақсу өзеніні
және Айнамкөл көлдері Ақсу – Жабағалы қорығының аумағында
орналасқан.Қорық аумағында құстардың 238 түрі және сүтқоректілердің
42 түрі есепке алынған. Өсімдіктер дүниесі әр алуан .Онда мүктің 61
, қынаның 58 , жоғары сатылы өсімдіктердің 1400 түрі және дәрілік
өсімдіктер түрі де кездеседі.
Ақсу – Жабағалы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы ,
онда ғылыми зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдар қорықтың
табиғи байлықтары жөнінде 400 - ден астам еңбектер жариялаған .
Табиғат – қоғам байлығы . Табиғат қазынасы сарқылмас қор
емес.Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдалануы, өніп - өсіп, артып
отыруы адамның қамқорлығын қажет етеді.Қазіргі кезде көптеген
мемлекеттерде биосфералық қорықтар деп аталатын ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар бар.Онда табиғи қорғау шаралары дүниежүзілік деңгейде
жүргізіліп, болжау жұмыстарына көптеген елдердің ғалымдары
қатыстыралады. Осындай мақсатта 1926 – 1998 жылдары аралығында Қазақстан
Республикасында мемлекеттік қорық ұйымдастырылды. Сондай қорықтардың
ең алғашқысы Ақсу – Жабағалы қорығы. Бұл қорық Арыс өзенінің
бассейніне кіретін екі өзен атымен аталады.Ақсу атауы Ақ – су судың
ақтығымен байланысты емес, керісінше таудан еріген қар, мұз суымен
қоректенуіне байланысты аталған. Қорықтың ең ірі өзені Ақсу , Үлкен
Ақсу, Кіші Ақсу, Бұғылтор өзендерінің қосылуымен пайда болған.Оның
ұзындығы 120 км, ені 20 км, судың тереңдігі жарты метрдей, су тасыған
кезде 2 м – ге дейін көтерілетін ағыны қатты тау өзені.
Жабағалы өзнеінің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі есе кіші,
тасыған уақытта суының түсі сары болады. Кейде ондағы саз
қоспаларының әсерінен қызыл түс болып келеді де. Өзендер басын мәңгі
қар мен мұздан алатындықтан сәуір және мамыр айларында екі рет
тасиды.Батыс Тянь – Шань тауларына кіретін Өгем , Піскем , Қаратау
жоталары шөлді зонада жатқандықтан төменгі белдеуде өсетін
өсімдіктерден эфемерлер мен эфемероидтар көп.Сондай – ақ жануарлар
дүниесінде де өзгешелік бар. Айталық жануарлардың сібірлік түрі аз
да, ал Оңтүстік Африка , Жерорта теңізі, Гималай тауларында өсетін
түрлері көптеп тараған. Төменгі шөл аймағында дала тасбақасы, әр
түрлі бауырмен жорғалаушылар , толай қояны, үнділік мысықторғайы
кездеседі. Орманды – шалғынды белдеулерде сұр аламан , жертесер , Тянь –
Шань тышқаны, түлкі , қасқыр мекендейді. Биік тау белдеуінде тауешкі,
арқар , қызыл қасқыр , сондай – ақ құстардың биік тауда өсетін
көптеген түрі бар. Тянь – Шань таулы өлкесінің қайталабас әсем
табиғаты , өсімдігі мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Алматы ,
Ақсу – Жабағалы қорықтары ұйымдастырылған.Қорық – ерекше қорғауды қажет
ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың
түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Көптеген ғалымдар өз
еңбектерінде қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.
Қазақстан фаунасы бай ел. Кәсіптік ауланатын аңдар мен құстарды ,
сирек кездесетін және тек қана қазақ жерінде ғана өсетін эндемик
жануарларды қорғаудың маңызы зор. Қазіргі таңда Республикамыздың
фаунасын толықтырып , молайту үшін сырттан әкелінген жануарларды
жерсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.Республикамыздың табиғи
ландшаафтары , орманды алқаптары және өсімдіктері мен жан –
жануарлдары адамдардың шаруашылық қызметі әсерінен өте қатты
өзгерген. Шаруашылықты дұрыс жүргізбеу қоршаған ортаның ластануына
әкеп соқты. Кез – келген табиғи ортаның ластануы міндетті түрде адам
организмінің ауруына әкеліп соғады.
Қазақстан табиғатын сақтаудың негізгі шарты табиғатты тиімді
рационалды пайдалану болып табылады.
Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Таулы өлкесінің
солтүстік беткейінде жануарлдың сібірлік , еуропалық түрлері
кездеседі, ал батысында Африкада , Жерорта теңізі мен Гималайда
өсетін жануарлар түрлері тараған.Биік тау белдеуінде тауешкі , арқар,
қызыл қасқыр , құстарынан саптар, альпі көкқарғасы, биік тау тазқараысы
т.б тіршілік етеді. Жалпы Солтүстік Тянь – Шаньның жануарлар
дүниесінің Батыс Тянь – Шаньның жануарлар дүниесінен едәуір
айырмашылығы бар. Солтүстік Тянь – Шаньда жерортатеңіздік , гиамлайлық ,
жергілікті немесе түркістандық түрлері кездеседі. Қазір қорықта
экология – туризм саласы жақсы дамып келеді. Облыс жері негізінен
жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 м болатын
Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу
аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара
даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл
облысының аумағымен шектес, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217
километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал
оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс шетіндегі - Өгем жотасында
облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес
өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс
сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік
нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан солтүстік батыска
қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр.
Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына тіреледі. Қазығұрт
туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су басқан кезде
жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне адамзат, жан-
жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза тұқым сақтап
қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың кемесі
Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі. Облыс аумағының жер бедеріндегі
жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды,
сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары
кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері
аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді. Жер
бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы
күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері
табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні
сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар,
кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Батыс Тянь- Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады.
Жер бедері күшті тілімденген. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының
батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км , ең биік шыңы –
Батыс Алемендин шыңы 4875 метр.Қырғыз Алатауы тақтатас , әктас ,
құмтас, гранит, диорит және палеозой шөгінділерінен құралған.Биіктік
белдеулік айқын байқалады.3700 метр биіктіктен жоғары мәңгі қар мен
мұздық басқан. Бұл жота - көршілес жатқан қазақтар мен қырғыздардың
ортақ мал жайылымы.
ҚАРАТАУ ЖОТАСЫ.
Қаратау жотасы түгелдей Қазақстан жерінде созылып жатыр, ол
экзогендік процестердің әсерінен қатты бұзылған жота. Абсолютік
биіктігі 2170 метр. Солтүстік - батыс бағытқа қарай сілемі 420 км
созылып жатады. Протерозой эрасында тақтатасы мен корбон дәуірінің
әктасы , құмтас конгламераторыарынан және девон кезеңінің жанартаулық
тау жыныстарынан түзілген. Қойнау пайдалы қазбалардан полиметалл
Ақсай, Жаңатас, Шолақтау кендері рудалары бар.
ӨГЕМ ЖОТАСЫ.
Қазақстан жерінің аумағында Өгем жотасының батыс беткейі ғана
кіреді. Герциннің граниті мен полеозой эрасының шөгінді тау
жыныстарынан түзілген , әдемі табиғаты мен өсімдік жан – жануарлар
дүниесін қорғау мақсатында Ақсу – Жабағалы қорығы ұйымдастырылған.
Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Тянь – Шань тауы Қазақстанның оңтүстік – шығыс бөлігін алып жатыр.
Тянь – Шань қытай тілінен аударғанда тәңір шыңы деген мағынаны
білдіреді, Шынына келгенде Тянь – Шань тауының шыңдары биік. Тянь –
Шань таулы өлкесінің біздің жеріміздегі ең биік шыңы – Хан Тәңірі.
Оның биіктігі 6995 метр. Тянь – Шань таулы өлкесіне кіретін тау
тізбектері ендік бағыт бойынша жатыр.

1.2. Тянь – Шань таулы өлкесіндегі биіктік белдеуі

Тянь – Шань таулы өлкесі шөл зонада жатыр. Сондықтан да топырағы
да, өсімдіктері де әр түрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда жергілікті
Тянь – Шаньға ғана тән өсімдік түрлері мен ортаазиялық ксерофитті
өсімдіктер тараған. Өгем жотасында сусыз тау жоталарында өсетін
ерекше ағаш - арша. Ол құрғақшылыққа төзімді , өте сирек өседі.Ондай
ағаш сирек өсетін ормандарды ғылым тілінде ксерофитті ормандар деп
атайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсу - Жабағалы қорығында қорғалатын өсімдіктер
Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары
Ақсу - Жабағылы қорығының құрылуы
Ақсу-жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы
«Қазақстанның танымды өсімдіктері және оларды пайдалану»
Ерекше қорғауға алынған территориялар жайында
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Қазақстан территориясындағы қорықтар. Қорықтар - табиғи лаборатория
Қазақстан Республикасында қорықтар
Қазақстан қорықтары жайлы
Пәндер