Таулы аймақтардың шөл зонасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.

1. Дүние жүзінің шөл-шөлейт аймақтары

2. Тропиктік шөлдер

3. Оңтүстік Америкадағы шөлдер мен шөлейттер

2. ТМД мемлекеттерінің шөл даласы

2.1 Таулы аймақтардың шөл зонасы

2.2 Қазақстандағы шөл зонасы

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер

Тропиктік шөлдер

Шөл – жауын-шашыны өте аз, өсімдіктері сирек, кейбір жерлерінде олар
мүлдем кездеспейтін табиғат зонасы. Пайда болу себептері мен табиғат
жағдайларына қарай жер бетіндегі шөлдер барынша алуан түрлі болып келеді.
Африкада совонналардан шөлдерге өту тропиктік ауаның мейлінше құрғақтығына
байланысты.
Африкада шөлдер орасан зор кеңістікті алып жатыр. Материктің көп
бөлігі шөлдер мен сованналардың ұлесіне тиеді. Сондықтан Африканы
сованналар мен шөлдердің нақтысы даму материгі деп атайды.
Материктің солтүстігінде жер бетіндегі ең үлкен шөл Сахара жатыр.
Температураның тәуліктік анплитудасының едәуір болуы физикалық күшті үгілу
туғызады, мұның әсерінен тау жыныстары шатынап сынып, тас қиыршық тасқын
және құм үйіндісіне айналады. Сахарада орасан зор жер көлемін бетін тос
басқан тегіс кеңістік –тасты шөлдер алып жатады. Тасты шөлдер сазды және
құмды шөлдермен кездесіп отырады, олардың кейбір жерлерінде құм төбелер мен
шағындар үйіліп жатады.
Шөлдердің топырағында қарашірік өте аз болады (ол неліктен?), мұнда
тропиктік шөл топырағы түзіледі. Құмды шөлдерден өзгеше, сазды шөлдердің
топырағында өсімадіктердің тіршілігі үшін қажетті минералдық тұздар көп.
Қолдан суарған жағдайда мұндай топырақты жерлерден жақсы түсім алуға
болады. Тасты және құмды шөлдердің кең жері топырақ жамылғысынан жұрдай.
Сахарада өсімдіктер жоқтың қасы ал кейбір жерлерінде, әсіресе орталық
бөлігінде – мүлдем болмайды. Оқта-текте қылтиған шөптер мен тікенекті
бұталар кездеседі. Шөл өсімдіктерінің тамырлары күшті дамыған, олар суды
өте тереңнен және кең алқаптан алуға мүмкіндік береді (мысалы жантақ).
Булануды азайту үшін көптеген өсімдіктердің топырақтары өте ұсақ болып
келеді., олардың орнына көбіне тікенектер өседі. Кейбір өсімдіктердің
жаңбырдан кейін ғана пайда болады да, өте тез өсіп, гүлдейді, тұқым береді,
одан соң құрайды. Кейде тастардың бетіне қыналар, сортаң топырақтарда сораң
мен жусан өседі. Оазистер гғана өсімдектерге бай болып келеді. Оазистердің
кең тараған құрамы пальмасы.
Сахараның жануарлары шөл климатының жағдайларына бейімделген.
Мәселен, бөкендер су мен қорек іздеп өте алыс жерлерге бара алады.
Кесірткелер, тасбақа мен жыландар ұзақ уақыт сусыз жүре алады. Әртүрлі
қоңыздар, көкқасқа шегіртке тұқымдастар, құршаяндар өте көп тараған
жыртқыштардан қорқау қасқыр, шибөрі, түлкі кездеседі.
Оңтүстік Африкада шөлдер зонасы Атлант мұхиттының жағалауларын алып
жатыр. Осында Нониб шөлі орналасқан, оның Вельвичие деп аталатын өзіне тән
бірегей әрі ғажайып өсімдігі бар. Бұл өсімдіктің қысқа діңі жер бетінен 50
см ғана шығып тұрады. Оның ұшынан ұзындығы 3-м-ге дейін жететін тығыз
қабықты екі жапырақ тарайды. Жапырақтары ұшынан бірте-бірте қурап, сабақ
жағынан үздіксіз өсе береді. Вельвичие 150 жылдан астам уақыт өсе алады.
Оңтүстік Африканың шөлдері шығыс пен солтүстікке қарай шөлейттерге
ауысады, мұнда жастыққа ұқсаған тікенекті өсімдіктер, сондай-ақ сүттіген
мен алоэ басып қалады. Бұл аймақта сонымен қатар жергілікті халық пен
жануарлардың шөлін қандыратын, шырынды жемістері бар жабайы қарбыз өседі.
Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары.
Қара топырақтың шалғынды дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа-райы
құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа-райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан
булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 200-300 мм-дей. Осыған орай
өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалын өсетін бозды-бетейлі даланың орнына
сирегірек өсетін бетегейлі жуанды құрғақ дала басады. Осының әсерінен
өсімдіктердің топыраққа тұсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері
кемиді, қара топырақтың түсі қара қоңырға өзгереді.
Құрғақ даланың зоналық топырағы қара қоңыр жалпы көлемі 107 млн
гектар, ияғни ТМД елдерінің 4,8 % -ін алып жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан
территориясында.
Қара шірінді бұл топырақтарда 2%-тен 4% арасында. Қара қоңыр
топырақтың морфологиялық құрлысы төмендегідей А-0-20 см, қара қоңыр түсті,
нығыздалған, 35-45 см-ден әк кездеседі.
ВС-50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген әк қосылыстары бар.
С-100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы қабаттары кездеседі.
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын
бірнеше зонаға бөлінеді. Күңгірт қара қоңыр топырақ, орталығында жай қара
қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қоңыртопырақтар кездеседі. Ең
терісіндегі зонада құрғақтау дала ортасындағызона нағыз құрғақ дала
саналса, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл-дала).
Зонашасына үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пайдалануды Қазақстан
нысанасында қарастырамыз.
Бұл зонаның көлемі үлкен емес, бұрынғы КСРО территориясының 3-4 %
дейін алып жатыр, оның басым көпшілігі Қазақстан жерінде, зона
топырақтарының біршама бөлігі Каспийдің терістік батыс аймақтарында,
терістік Кавказ, Астрахань Волгородь, Сарытау облысының террриториясында
орын алған зонаның аз ғана бөлігі Арал теңізі мен Қара теңіз аралығын
қамтиды. Ал кеңбайтақ Сібір аймағында бұл топырақтар үлесіне тау
аралықтарындағы кшігірім жазық аралдар кіреді.
Ауа-райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін алып жатыр. Зонада сортан
және сорланған топырақтар мол. Дегенмен күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр,
жай қара қоңыр, топырақтар зоналарының 20-30%-не жуық. Ал ашық қара қоңыр
топырақты зонада егістен өнімді суармайынша алу мүмкін емес.
Терістік суық шөлді зонаның топырақтары.
Кең байтақ ТМД елдерінің оңтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз,
сондықтан да мұнда биологиялық тіршілігі шамалы дамыған зона кездеседі. Шөл
мен шөлдердің айырмашылығы мол. Біздердегі шөлдерде басым бөлігі терістік
суық шөлдерге жатады. Бұл жердің жазы ыстық, қысы суық. Экваторға
жақындаған сайын қыссыз ыстық шөлдер басым. ТМД елдерінде мұндай жерлер тек
Туркменияда ғана бар.
Шөлді зона елдерінің ТМД барлық жер көлемінің 9-10% -ке жуығын алып
жатыр, көлемі 220 млн гектардан асады, оның басым көпшілігі Қазақстан мен
Орта Азия республикасында шамалы бөлігі Каспий жағалауының терістік
батысындағы Астрахань облысының территориясында.
Бұл зонаға күн сәулесі мол түседі, вегетациялық уақыт ұзақ қоректік
минералды заттар жеткілікті, ал жеткіліксіз-тек ылғал мен органикалық
заттар.
Ауадан түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 80-120 мм, ал жерден булану
мүмкіндігі бұдан 10-15 мм артық. Бұл өсімдіктердің қалыпты өсуіне
жеткіліксіз. Мұнда шөлге бейімделген кейбір сирек өсетін бұта, сор шөптер
шығады, ал кейбір жерлерде ол да жоқ.
Топырағында қара шірінді өте аз (0,5-1,5%) болғандықтан, оның түсі
ақшыл, бозғұлт болып келеді. Зонаның терістік бөлігінде негізінен жуанды
шөптер өсіп, онда Құба топырақ, ал зонаның оңтүстік бөлігінде жусанды-
сарышөптер басым, мұнда сұр құба топырақ түзіледі. Ескеретін жай, бұрынғы
одақ кезіндегі Мәскеуден шығатын барлық топырақтану картографиялық
материалдар мен оқулықтарда шөп зонаның терістік бөлігі, яғни құба
топырақтар орын алған алқаптар жартылай шөл даласына тән болатын. Қазақстан
ғалымдары өзендерінің көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде зонаны терістік
бөлігін де шөл зонасына жатқызады.
Бұл аймақтағы топырақтарда сулану аз, булану көп болғандықтан, топырақ
құрамында корбанатты, гипстер, суға тез еритін басқа да тұздар мол.
Морфологиялық пішімі жөнді дамымаған.
А қабатының қасындағы – 15-20 см, ал беткі топырақ қабыршығы 0,5 см,
ал оның асты бозғыл қабатты, борпылдақ қабат, одан кейін күңгірт –құба
түсті, механикалық құрамы ауырлау, көп жағдайда сортандау В қабаты (15-20-
30-40 см) орналасады. Корбанаттар топырақ бетінен, ал гипстер В.В.С
қабаттарынан кездеседі. (ВС-40-50 см, С-50-70 см) Суырып, тыңайзытқыштар
енгізген кезде суға қанған егістіктер күннің ыстығынғ уақыттың ұзақтығын
пайдаланып тамаша өнімдер береді. Бұл аймақтарда екі ландшафт, шөл мен
оазис алма –кезек кезектесіп отыратыны осыдан. Орта Азия, Қазақстан
республикасының оазистеріне ТМД елдерінің негізгі бағалы дақылдары-мақта,
бау-бақша жүзімдер, көкеністер, қант қызылшасы, темекі күріш т.б. дақылдар
егіліп тамаша өнімдер беріледі.
Шөлдің көп жерлері жайлымды жерлер. Бұл аймақтарда өсуге жайлымдық сор
шөптер бейімделген. Мұнда түйе, қой шаруашылығы, әсіресе қаракөл тұқымын
өсіру жақсы өріс алған. Бұл зонада тақыр мен құл басып жатқан жерлер де
жеткілікті. Бұл зонаның жерін пайдалану жөнінде кейінірек молырақ
танысасыңдар.
Субтропикалық белдеу. Оңтүстік тау етектеріндегі шөлді даланың сұр
топырақтары.
Бұл топырақтар ТМД елдерінде негізінен Орта Азия республикалары мен
Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау етектерінде тау баурайларында орын
алған. Бұл топырақтардың аздаған бөлігі мен көлемі Әзербайжан
республикасындағы таулар арасымен етектерінде Кура-Аракс ойпатында
кездеседі. Субтропикалық белдеуге жатқызылу себебі бұл топырақтар зонасында
жазы ыстықәрі ұзақ болумен қысы да суық емес. Тіпті Орта Азия мен
Азербайжанда қыстың өзі жылы.
Зонаның көлемі 32 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 1,5%-і. Бұл зонаның
терістікке қарай орналасқан шөл зонасынан ерекшілігі ерте көктемде ылғалдың
мол түсуі. Сондықтан да ылғалдың басым көпшілігі ауаға буланбай жерге жақсы
сіңеді.
Топырақ көбінесе таулы аймақтардан орын алатындықтан, табиғаттың оның
ішінде топырақтың биіктік белдеуінің ең төменгі сатысы болып табылады.
Сонымен бұл топырақтар Әзербайжандағы Кавказ тауларының, Түркмениядағы
Копетдаг, оның оңтүстігіндегі Ауғанстан тауларының етектерінде
Өзбекстандағы Зеравшан, Түркістан, Шатқал жоталары мен Талас Алатауы мен
Күнгей, Іле Алатауларының тауелді жазықтарына орналасқан. Жазық аймақтағы
шөл-дала зонасына яғни ондағы түзелген ашық қоңыр топырақтар мен
салыстырғанда, бұл белдеу тау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Қазақстанның табиғаты
Орманды дала зонасы
Қазақстанның климатына сипаттама
Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер
Зоналық топырақтар
Белдеулер
Ландшафт түзуші факторлар
Пәндер