Азаматтық құқық субъектілері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Қысқартулар, арнайы символдармен терминдердің
тізімдемесі
КІРІСПЕ 7
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1. 1 Жеке тұлға ұғымы 10
1. 2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1. 3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1. 4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2. 1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2. 2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2. 3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2. 4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс -
азаматтық құқықтың субъектілері ретінде 47
3. 1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3. 2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59
Қысқартулар, арнайы символдармен терминдердің тізімдемесі
АҚШ - Америка құрама шататтары
АЕК - Айлық есептік көрсеткіш
б. - бап
ж - жыл
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР АК- Қазақстан Республикасының Азаттық кодексі
ҚСР - Қазақ социолистік республикасы
РФ - Рессей федерациясы
т. - тармақ
т. б - тағы басқа
т. с. с - тағы сол сияқты
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы суъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.
Мсалыға айтар болсақ тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері - ең алдымен адамдар (жеке тұлға) . Әрбір адам - құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл - ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т. б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар. Деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемені ұйымдарды, кәсіпорындарды және тағы сол сияқтыларды атайды.
Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі. Бұнда айта кететіні жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да азаматтық құқықтың субъектілері болып табылады.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады. Құқық қабілеттілігі - құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады.
Заң мен сот алдында бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
Жеке тұлғалар мен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.
Заңды тұлға дегеніміз - Азаматтық Кодекстің 33-бабының 1-тармағының 1 бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жежел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды біз заңды тұлға деп атаймыз. Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып табылады. Салыстырып қарасақ: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын ұйымдар танылады. Тағы бірін қарасақ: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы мүлікімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөйлейтін ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие бола алады. ҚР АК-те ұсынылған анықтама іс-жүзінде 1963 жылғы Азаматтық Кодекстің, сол сияқты 1991 жылғы Негіздерінің идеясы мен рухын сақтап қалды. Заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы айтылған.
Заңды тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынантар үшін заңды тұлға институтының практикалық мағыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».
Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға болып табылмағанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек бұл субъектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субъектілерінен ерекшеленеді.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құыққ туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ең алдымен азаматтық құқық қатынастарының субъектілерін анықтап, олардың мәнін ашып, әрқайсысына жекеше сипаттама беру, азаматтық құық субъектілері ретінде олардың рөлін, маңыздылығын, азаматтық құқық қатынастарындағы құқықтық жағдайын анықтау болып табылады.
Көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қойямыз:
- Жеке тұлға ұғымын ашу;
- Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігін талқылау;
- Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігін тақылау;
- Азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігі туралы түсінік және оның мағынасын ашу;
- Заңды тұлға ұғымы мен түрлерін көрсету;
- Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін зерттеу;
- Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністі - азаматық құқықтың субъектілері ретінде қарастыру болып табылады.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Републикасындағы азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтың қатынасқа түсуші субъектілері болып табылады.
Зерттеу пәні. Азаматтық құқықтың субъектілері өзі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибиелік фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдісітері қолданылады.
Зерттеу жұмысында азаматтық құығы аясындағы жеке және заңды тұлғалар мен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністі мәселелерін қарастырудың теориялық және тәжірибелік жақтарына жалпы мінездеме беріліп оларға талдау жасалынады.
Жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл дипломдық жұмыста алғаш азаматтық қықтағы субъектілердің жүйесі жан жақты қамтылып кешенді түрде талдау жасалып теориялық және тәжірибелік жақтарына мінездеме беріледі. Сонымен қатар бұл дипломдық жұмыста алғаш азаматтық құқықтың субъектілерінің жеке және заңды тұлғамен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністің өзекті мәселелерінен бастап олардың жекелеген түрлеріне анық түсінік беріліп, субъектілердің құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі талқыланады.
Зерттеу жұмысының құрылысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1. 1 Жеке тұлға ұғымы
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған “Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы” заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, “Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады. ” Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
«Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі».
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 - жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» заң күші бар Жарлығы [12]
Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.
Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі.
Азаматтың (жеке тұлғаның) аты. Әрбір адам азаматтық құқық қатынастарына белгілі бір атпен қатысады. Тиісінше жамылғы (ойдан шығарылған атпен) немесе жасырын (атаусыз) есіммен өте аракідік қана салыстырылады. Есім-азаматтың азаматтық құқықтық қатынасына қатысушы ретінде жекелену құралының бірі болып табылады. [2] “Есім” Қазақстан халықтарының көпшілігінде тегін, өзінің аты мен әкесінің атын қамтиды. Бірақ Қазақстанның кейбір халықтарының ұлттық дәстүрлері мұндай түсінікті білмейді, әкесінің аты ретінде және ол ресми жеке құжаттарында көрсетілмейді. 90-шы жылдардың басында еліміздің бұқаралық ақпарат қүралдпрында батыс елдерінде қабылданған дәстүрге көп көңіл бөлініп, жеке тұлғаның тегі мен атын ғана көрсету өмірге ене бастады. Дегенмен, батыстық мұндай үлгі Қазақстан дәстүрлеріне сәйкес келе бермейді жіне біздің жағдайымызда тек белгілі бір ортада ғана қолданылатын “еркіндік” ретінде қалады. Ал ресми құжаттарда азаматтық толық аты: тегі, өз аты иен әкесінің аты (қашан ұлттық дәстүрлер «әкесінің аты» түсінігін білмеген жағдайлардан басқасында) көрсетілуі тиіс. Біздің азаматтық заңдылығымыз ҚР Азаматтық кодексін қабылдағанға дейін азамат атына байланысты қарым-қатынастарды реттейтін нормаларды анықтаған жоқ. Бірқатар нормалар еліміздің Неке және отбасы туралы кодексінде жазылды. Онда ауыспалы аты, әкесінің аты және тегіне қазіргі уақытта заң азаматтық есімі-бұл ең алдымен азаматтық заңдылық дәрежесі екнін таниды. Мұндай шешім азаматтық құқық әрекеті саласын анықтайтын негізгі талаптарға толығымен сәйкес келеді. Заңға сәйкес азамат азаматтық құқық пен міндетті өз есімімен иеленеді және жүзеге асырады. Сондықтан басқа тұлғаның атымен құқықтар міндеттерді иеленуге жол берілмейді.
Өз атына құқық-азаматтық (жеке тұлғаның) тұлғаның мүліктік емес құқғы болып табылады. Орыстың көрнекті ғалымы И. А. Покровский тұлғаның ішкі сыры бай болған сайын, ол өз есімін қастерлеп, сақтауға тырысады, деп атап көрсетеді. “Бәріне белгілі, өз есімін қастерлеп сақтайтын ақсүйектер, ол құндылық деп түсінетін, уақыт өте келе адамды өзінің осы құндылықтары арқылы санасын қалыптастыратынын адамның ортақ қағидаларын орнықтырады”. Бұл біздің уақытымызда да толық қолдануға болатын сипат.
Азаматқа тиесілі ардақты есімі Азаматтық кодексте және басқа заңдарда қарастырылған жағдайларда және тәртіпте қолданады. Басқа жолмен жекеленбейтін және берілмеітін жақсылықтар қатарына қосылады. Әсіресе, есіміне байланысты құқықтарды қорғау оның атын бұрмалау, не азаматтың есімін оның ар-ожданына немесе іскерлік қасиетке қатысы болатын жүйелер мен түрлерінде қорғау қарастырылады. Азамат 16 жасқа толғанда заңда белгіленген тәртіпте (Азаматтық кодекске сәйкес атын, тегін, әкесінің атын қоса) өз атын өзгертуге хақысы бар. Бұл ретте ол өзінің бұрынғы атына ресімделген құжаттарға сәйкес өзгертулерді немесе оларды ауыстыруды (төлқұжат, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, диплом және т. б. ) өз есебінен енгізуді талап етуге құқылы. Азаматпен атын өзгерту бұрынғы есімімен алған оның құқығы мен міндеттерін тоқтатү немесе өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Бұған қоса, азамат өз атының ауысуы туралы қарызгерлері мен несиешілерін хабардар ету үшін қажетті шара қолдануға міндетті. Атының ауысуы туралы мәліметтердің осы тұлғаларда болмауынан туындаған себеп-салдарларға жауапкершілік атқаруға міндетті.
Азаматтардың тегін өзгертудің кейбір жағдайлары отбасы заңында да қарастырылады. Мысалы, некеге отырған кезде және некені бұзған шақта тегін өзгерту тәртібі жүйеленеді. Ата-аналар арасында неке бұзылған кезде баланың тегін өзгерту, сондай-ақ балалрдың тегін, атын, әкесінің атын 18 жасқа толмағанда, оларды асырап алғанда да тиісінше шешімін табады.
Азаматтың туған кезде алған аты (тегі, аты, әкесінің аты) туралы деректер, сондай-ақ атын ауыстыру азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады. Бұл тәртіп отбасы заңдарында да қарастырылады [36] .
1. 2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады. Құқық қабілеттілігі - құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады.
Заң мен сот алдында бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпенайналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, өнер, әдебиет және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады [1] .
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құкық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлықазаматтарға бірдей дептұжырымдалады. Конституция-ның 14-бабына сәикес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдықжәне мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымы-на, түрғылықгы жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтык кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құкық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік кұқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіңдігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек [41]
Құқықтық қабілет туралы жалпы түсінік заңда беріледі. Құқықтық қабілет-азаматтық құқықты иелену және міндеттерді атқару қабілеті. Бұдан, құқықтық қабілет осы құқықтар мен міндеттердің нысаны ьолу қабілетін, заңда қарастырылған немесе жол берілетін кез келген құқық немесе міндетті иелену мүмкіндігін білдіреді. Аталған жағдайдағы құндылық құқықтық қабілет болған кезде нақтылы субъективті құқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігімен көрініс береді. Ол-оның туындаудың қажетті жалпы алғы шарты, сондай-ақ оны жүзеге асыру құралы. Құқықтық қабілет еліміздің барлық азаматтарымен танылады. Ол адам дүниеге келген сәттен туындап, ол қайтыс болғанда аяқталады. Демек, құқықтық қабілет адамнан бөліп алуға болмайтын нәрсе, ол оның өмірі бойында жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілетті болады. Бірақ бұдан құқықтық қабілет адамның табиғи сипаты, көз, құлақ және т. б. деп тұжырым жасау да жөн емес. Дегенмен, құқықтық қабілет адам дүниеге келгенде туындайды, ол табиғаттан өз арнасын алмайды, заң қуатынан табады. Осылай өзін заңдық мүмкіндікті анықтайтын қоғамдық-заңдық сипаты екенін ұсынады. Тарихта адамдардың үлкен топтары сол әрекет еткен заңдармен құқықтық қабілетінен айрылған замандарда болған. Бұған құл иеленушілік қоғамдағы құлдарды қосуға болады.
Заң әдебиеттерінде азаматтың құқықтық қабілеті азаматқа тән белгілі мінез-құлық (немесе сипаты) ретінде жиі қарастырылады. [6] Бұл заңнан туындаған сипаты, сондықтан құқық пен міндет қабілетіиен көрініс беруі мүмкін. Қабілет заңдық мүмкіндіктен басқаны аңғартпайды ғой. Мұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып, онымен қамтамасыз етіледі. Ол өз алдына белгілі субъективті құқықты әрбір нақтылы тұлғада ұсынылады. “Құқықтық қабілет, -деп жазды С. П. Братусь, - ол құқық пен міндет нысаны”. Құқықтық қабілетті белгілі бір субъективті құқық ретінде түсіну біздің заң әдебиеттерімізде сөзсіз негіздемесін алды [18] . Құқықтық қабілет туралы нормалар заңда басқа барлық субъективтік құқықтарға қарағанда ең алдына қойылатынын атап өткен жөн. Сонымен заң шығарушы оны ерекше бағыт екенін баса көрсетіп, субъективтік құқықтардың кез келгені үзіліссіз байланыста болады, ал азаматтың құқықтық қабілетсіз ешқандай субъективті азаматтық құқық мімкін емес. Егер құқықтық қабілет өз алдына субъективтіқұқықты ұсынса, онда оның ерекшеліктерін ашып, басқа субъективтік құқықтарға қарағанда шектеу қажет. Ал басқа субъетивтік құқықтардан құқықтық қабілет ең алдымен осының алдында айтылғандай дербес мазмұнымен өзгешеленеді, заңда қарастырылған азаматтық құқықтыр мен міндеттерді иелену қабілетімен көрініс табады.
Бұған қоса, азаматтық құқықтың қабілеті басқа құқықтардан өз бағыты бойынша да ерекшеленеді. Ол әрбір азаматқа заңдық мүмкіндікті қамтамасыз етіп, нақтылы азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үшінші ерекшелігі тұлға мен құқық қабілетінің тығыз байланысымен байқалады. Себебі, заң оны жекелеуге жол бермейді. Азаматтық кодекске сәйкес құқық қабілетін шектеуге бағытталған мәмілелер қағыс қалады.
Сонымен, азаматтық құқықтық қабілеті - әрбір азаматқа тиесілі және одан бөліп алуға болмайтын құқық, оның мазмұны кез келген заңмен азаматтық құқық пен міндетке жол берілетін қабілетпен (мүмкіндікпен) ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz