Мұхиттың зерттелу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001034

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
География кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Үнді мұхиты

Орындаған: Есенбаев Б.
ЖГА - 516
Ғылыми жетекші: Беласарова Ш.

Түркістан 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Мұхиттар

1. Мұхиттың зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .5
2. Мұхит суы (жалпы
сипаттама) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 9
3. Өсімдік және жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

ІІ Үнді мұхиты
2.1 Географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Мұхит түбінің жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..21
2.3 Климаты. Табиғат байлықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ...28

КІРІСПЕ

Дүниежүзілік мұхиттың көлемі 361 млн. Км 2, немесе ол жер бетінің 71
процентін алып жатыр. Кейде біздің жерімізді бейнелі түрде, Мұхит
планетасы деп атайды. Алайда бұлай атау дұрыс емес. Мұхиттың көлемі өте
зор болғанымен, оның суының көлемі жер планетасы көлемінің 1800 бөлігін
ғана құрайды. Мұхиттың орташа тереңдігі 4000 м, бұл жер радиусының 0,0007
бөлігі ғана.
Үнді мұхиты – ауданы жөніндегі жер шарындағы үшінші (Тынық және Атлант
мұхиттарынан кейінгі) мұхит.
Көпшілік бөлігі Оңтүстік жарты (Азия, Африка, Австралия және
Антарктида аралығында) оргаласқан. Оңтүстік батысында Атлант мұхитымен,
шығысында Тыңық мұхитпен жалғасқан.
Теңіздерімен қосқандағы ауданы 74 917 мың. км2, орташа тереңдігі 3897
м, суының орташа көлемі 291 945 мың км2 (теңіздерді қоспағандағы тиісті
өлшемі: 73442,7 мың км2, 39 63 м және 291 030мың км3). Үнді мұхитының басқа
мұхиттарға қарағанда теңізі аз. Солтүстік бөлігінде Қызыл теңіз, Парсы
шығанағы, Андаман теңізі, Араб теңізі, шығыс бөлігінде Арафур және Тимор
теңіздері орналасқан. Ірі аралдары – Мадагаскар, Шри Ланка, Сокотра,
Маскерен, Крозе, Принс-Эдуард, Мальдив, Лаккадив, Чагос, Кокос, Андаман
т.б. Жағалауы нашар тілімделінген.
Үндістан мұхитының түпкі шөгінділері материктік беткей етегінде қалын,
мұхит орталығында жұқа. Неғұрлім көбірек таралғандары фораминифералы,
диатомды және маржанды шөгінділер.
Үнді мұхитында тектониктік құрылым біркелкі таралған. Әсіресе аз
көлемді қамтитын және Үндіқытай құрылымы мен Шығыс Африка рифтерінде ұласып
кететін қазіргі геосинклиналь және геогрифтенгі құрылымдар қарқынды дамуда.
Пайдалы қазындалырдан: материктік қайранда – мұнай және газ, монацит құмы,
рифті зоналарда – хром, темір, марганец, мыс рудалары. Мұхит шарасында –
темірлі – марганецті конкретцияның шөғірі кездеседі.
Метериктік беткей (Үнді және Ганг өзендерінің су асты аңғарларымен
тілімделген) тік (10-30˚) болып бітеді. Мұхиттың солтүстік шығыс бөлігінде
Зонд аралдарының доғасы мен қатар жатқан Зонд науасы (тереңдігі 7130 м)
орналасқан. Үнді мұхит шарасы жота, тау және жалдармен Арабия, Батыс
Австралия, Африка-Антарктида шұңғымаларына бөлінген.

І Мұхиттар

1. Мұхиттың зеттелу тарихы

Үнді мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең –
ертедегі теңізде жүзуден бастап 1772 ж. аралығы. Бұл кезең б.з. б. 3000-
1000 жылдар бұрын үнді, египет және финикая теңізшілерінің Үнді мұхитының
солтүстік бөлігінде жүзуден басталып, Дж. Куктың 1772-75 ж аралығында 71 ˚
оңтүстік ендікке өтумен аяқталды. Екінші кезең 1772-1873 ж. аралығында Дж.
Кук (1772) және орыс экспедицияларының (О.Коцебу Рюрикс кемесімен (1818)
және Паллен (1858-59) Циклон кемесімен) жүргізген терең сулық
зерттеулерін қамтиды. Үшінші кезең – 1873 жылдан қазіргі уақытқа дейін.
Мұхиттың, теңіздің немесе шығанақтың бүкіл кеңістігі су айдыны
(акватория) деп аталады (аква латынның су, терра - жер, құрлық
деген сөздерінен шыққан).
Адамзаттың бүкіл көпғасырлық тарихы Мұхитпен байланыста өткен. Жағалау
тұрғындары Мұхитты ең алдымен өздерінің тұрмыстық мақсаттары үшін зеттеген.
Балықшыларға су ағыстарының бағыты мен жылдамдығы, тереңдігінің сипаты,
балықтар мен басқа да тіршілік иелері жөнінде білім қажет болды. Өзге
елдерге ұйымдастырылған теңіз сауда экспедициялары кезінде Мұхит жөніндегі
білім кеңейе түсті.
Бірте – бірте Мұхиттың жағалау бөліктері жөнінде айтарлықтай көп
мағлұматтар жиналды. Сонымен қатар ашық мұхит кеңістігі, оның тереңдігі
ұзақ уақыт бойы беймәлім күйде қала берді деуге болады. 1872 жылы ғана
Мұхитты зерттейтін тұңғыш ғылыми экспедиция ұймдастырылды.
Англия корольдык қоғамы 1872-1874 жылдары Челленджер кемесімен
тұнғыш жер шарын айналып шығу экспедициясын жақсатады. Алты ғалым
Дүниежүзілік мұхиттың әр түрлі бөліктерінің күйі жөнінде мүмкіндігінше
толық мәліметтер жинауға тырысты.
Жүзудің алғашқы екі жылында Челенджер Атлант мұхитын зерттеді, одан
соң Қайырымды Үміт мүйісін айналып өтіп, Үнді мұхитындағы жұлқынған
қырғыншы ендіктерге өтті. Ол кезде бұл аумақтың карталарында ақтандақтар
басым болғандықтан, Челленджер киттер мен теңіз сұңқарларына ғана мәлім
жолмен жүзді. Кергелер аралы маңына аялдама жасаған соң, экспедиция
Оңтүстік полюске бағыт алды. Атлантиканың суық суынан алынған үлгілер
нәтижелері ғалымдарды таң қалдырды. Тіршілік жоқ деп есептелетін суық
тереңдіктен жүздеген тірі ағзалар табылды.
Челенджер Мельбурннен Тынық мұхит кеңістігін кесіп өтіп, бүырқанған
Магеллан бұғазы арқылы қайтадан Атлант мұхитына шықты.
Тұңғыш мұхит экспедициясының жұмыс нәтижелері негізінде терең сулы
мұхит алабының қартасы жасалды. Мұхит тереңдігінен 4 мыңнан астам жаңа
тіршілік иелері табылып, сипатталды. Осының нәтижесінде Мұхиттың ең терең
деген бөліктерінде де тіршілік бар деген тұжырым жасалды. Экспедиция
жинақталған материялдар 20 жылдан кейін ғана толық өнделді.
Қазіргі заманда Мұхитты зерттеудің маңызды әдісі – мұхит
экспедицияларын ұйымдастыру. Олар арнайы жасақталған ғылыми-зерттеу
кемелерінде жүгізіледі.
Ғалымдар кеменің белгілі бір бағытпен жүзуі кезінде әр түрлі
тереңдіктегі теңіз суының қасиеттерін бағыты мен жылдамдығын, өсімдіктер
мен жануарлардың таралуын зерттейді.
Терендікті зерттеу үшін арнайы сүңгуір қайықтар жасайды. Бұлар
басқаруға өте қолайлы сүнгуір аппараттар. Оның қызметкерлері адамның жетуі
қиын кез келген тереңдіктен мұхит суы (мысалы, гидротермалардың өте ыстық
суы) мен тау жыныстарының үлгісін алады. Мұхит шарасы мен ең тарең ойыстың
түбін зерттеу үшін арнаулы кемелер – батискафтар жасалады.
Ғарыштан түсірілетін суреттер бір мезгілде Мұхиттың күйін кең-байтақ
кеңістікте бақылау үшін зор мүмкіндіктер береді. Ғарышкерлер судың
температурасы мен тұздылығын, ағыстардың жылдамдығын, қалқыма мұздардың
бөлінуін өлшеп, бұлтарға, Мұхит бетіндегі толқындарға бақылау жүргізеді.
Мұхитты зерттеудің көптеген мәселелері адамның тіршілігі үшін маңызды
мүдделерімен байланысты. Кеменің жүзу үшін қауыпсыздығын қамтамасыз ету
үшін мұхит ағыстарын, теңіздер мен мұхиттағы толқындард, судың толысуын,
мұз жағдайларын білу керек. Мысалы, балық аулар кәсіпшілігін дұрыс
ұйымдастыру үшін қай мезгілде, қанша балық аулауға болатынын да білу қажет.

Мұхит қайраңынан пайдалы қазбалар өндіру мәселесі барған сайын кең
қанат жайып келеді. Ол үшін теңіз геологтары пайдалы қазбалардың қай жерде,
қаншалықты мөлшерде орналасқанын анықтау тиіс.
Мұхиттың ауа райы асханасы аталуы кездейсоқ емес. Оның су кеңістігі
үстінде ауа массалары қалыптасып, ылғалға қанығады да желдің айдауымен
құрлыққа өтеді. Мұхит бетінде онда жүзіп жүрген кемелер, жағалау мен арал
тұрғындары үшін қауіпті құйын, дауылдар түзіледі.
Қысқасы, Жак Пикар Теңіз дегеніміз – бұл проблемалар, құпиялар,
түсініксіз құбылыстар, орынсыз сұрақтар мен қызықты жұмбақтар қойнауы деп
өте дұрыс айтқан.

1.2 Мұхит суы (жалпы сипаттама)

Үнді мұхитының солтүстік бөлігінің беткі су қабатының циркуляциясында
муссондық сипат бар.
Мұхиттың онтүстік бөлігінде жылы және суық ағыстардан антициклондық
құбылыс қалыптасады.
Экватор бойындағы беткі су қабатының жылдық орташа температурасы +25,
+27 ˚ С болады да, экватордан полюстерге қарай төмендей береді.
Мұхиттың ең жылы суы 30 ˚ с.е. пен 30 ˚ о.е. аралығында, яғни
экваторлық-тропиктік зонада орналасқан. Атластың тақырыптық карталары
бойынша мұхит бетіндегі судың жылдық орташа температурасын анықтауға
болады.
Дүниежүзілік мұхит айдынының кейбір бөліктеріндегі беткі су қабатының
температурасы осы ендікпен орташа көрсеткіштерден өзгеше болуы мүмкін.
Мұндай айырмашылықтар Мұхиттағы негізгі жылу тасымалдаушы болып табылатын
мұхит ағыстарына байланысты.
Күн сәулелері судың 200 метрге дейінгі тереңдігіне өтеді. Судың мұндай
қабатының температурасы негізінен жыл мезгілдеріне қарай өзгереді. Одан соң
температура күрт төмендейді де, 1000 м. тереңдікте не бары +3, +4 ˚ С
болады. Мұхит түбіндегі судың температурасы өте төмен не бары + 2,5, +2,8
˚ С. Мұнда да ерекшеліктер болуі мүмкін: литосфера плиталары, гидротермалар
әсер ететің бөліктерінде судың температурасы + 250, +300 ˚ -ге С – ке дейін
жетеді.
Мұхит суынан орташа тұздығы 35 ‰ (промилле) болады (яғни 1000 г суда
35 грамм тұз кездеседі) ыстық белдеуде мұхит суының тұздылығы өте жоғары
болатыны байқалады. Бірақ осы белдеу шегінде де айырмашылықтар бар: ол
экватор бойында орташа мұхиттық денгейден сәл төмен – 34 ‰ болады.
Тропиктер бойында, керсінше, сәл жоғары – 36 ‰ шамасында. Қоңыржай
белдеулерде судың тұздылығы 33 ‰ – ге дейын төмендейді. Тереңдегі және
мұхитың төмендегі судың тұздылығы, орташа мұхиттық деңгейге тен.
Судың температурасы мен тұздылығы, бұған қоса тағы бір қасиетің –
мұхит суының тығыздығың тудырады. Теңіз және өзен суына (немесе тұшы көлде)
шомылған адам тұзды теңіз суында жеңіл қалқып тұратының біледі, ойткені
теңіз суының тығыздығы жоғары болады. Тығыздығы әр түрлі су әдетте
араласпайды да, өзінше ағыстар түзеді. Мысалы, күшті булану салдарынан
Жерорта теңізің суының тығыз, әрі ауыр суы теңіз түбіне баяу төмендейді
де, Гибралтар бұзағы арқылы Мұхитқа қосылады. Ал, Атлант мұхитының суы
Жерорта теңізіне беткі ағыс ретінде өтеді.
Тұзды әрі тығыз мұхит суы тұщы суға қарағанда едәуір төмен
температурада қатады. Мәселен, тұздылығы 36 ‰ Мұхит суы -2 ˚ С
температурада қатады. Поляр ендіктерінде қыста кейбір таяз сулы теңіздер
ғана қатады.
Поляр ендіктеріның суына мұздың бір бөлігі мұзтау түрінде құрлықтан
келеді.
Мұхит суы үздіксіз қозғалыста болады. Тұрақты желдердің әсерінен Мұхит
бетінде қуатты жел ағыстары түзіледі. Мәселен, пассаттардан әсерінен
солтүстік және оңтүстік жарты шарларда пассат ағыстары пайда болады. Жердің
өз өсін айналуы салдарынан жел ағыстары солтүстік жарты шарда желдің
бағытынан шамаман 45 ˚ оңға қарай және оңтүстік жарты шардыа – 45 ˚ солға
қарай ауытқиды. Сондықтан пассат ағыстарының жалпы бағыты шығыстан батысқа
қарай болады. Егер олардың жолында кедергілер – материктер кездеспесе,
олар Жерді айналатын бір айналма ағыс түзген болар еді. Мәселен, қоныржай
ендіктердегі желдердің әсерімен оңтүстік жарты шарда Батыс Желдер ағысы
түзіледі. Бұл ағыс оңтүстік жарты шардың бүкіл мұхиттарын аралап
өтетіндіктен, мұхитаралық ағыс деп аталады.
Беткі ағыстар 100-300 м тереңдікке дейінгі су қабатын ғана қамтиды да,
терендік артқан сайын біртіндеп жоыйлып кетеді. Алайда Мұхиттың бүкіл су
қабаты баяу араласып жатады. Ол қалайша өтеді?
Ағыстар ыстық экватор – тропик ендіктерінен солтүстік және оңтүстік
жарты шарлардың қоңыржай ендіктеріне едәуір жылы тұзды су әкеледі. Олар
айналасындағы сумен салыстырғанда едәуір тығыз болатындықтан, өзге сумен
араласпайды. Бұл су біртіндеп салқындай келе, бұрынғыдан да тығыз күйде
өтеді де, баяулап төмен түседі.
Мұхит зерттеушілер Солтүстік Атлантиканың батыс бөлігі мен Антарктика
айналасындағы су айдындары беткі судың тереңге ауысатын болып есептелетінін
анықтады.
Тереңге ауысқан су материктердің шығыс жағалауын бойлап, бүкіл Мұхитқа
таралады. Бұл – терең ағыстар. Мұхиттың кейбір бөліктерінде жел материктері
бойлай, мысалы, ол Солтүстік және Оңтүстік Американың биік таулы жағаларын
бойлай соғады. Мұнда желдің бағытынан аутқитын беткі ағыстар суды жағадан
батысқа қарай әкетеді. Бұл судың орнына тереңдегі су ауысады. Күн
сәулесінен жылынған беткі суға қарағанда, олар айтарлықтай салқын болады,
бұл теңізде шомылу әуесқойларына ұнамайды. Бірақ, балықшылырының қуанышына
қарай, тереңдегі су органикалық заттарға - балықтардың көрігіне, демек,
балыққа да өте бай болып келеді.
Судың горизанталь және вертикаль бағытта қозғалуы нәтижесінде Мұхит
суының беті мен терең қабаттарында жылу мен тұздылық үнемі бөлініп
таралумен болады.
Мұхиттағы белгілі температурасы, тұздылығы, тығыздығы болатын үлкен
су көлемі су массалары деп аталады.
Мұхитта қалындығы 200-250 метрге жететін беткі су массаларының қабаты
байқалады. Олар атмосферада ауасымен ұдайы жанасып, өзара
әрекеттесетіндіктен, қасиеттері үнемі өзгеріп отырады. Беткі су массалары
экваторлық, тропиктік, қоныржай ендіктердің, арктикалық және антарктикалық
су массалары болып бөлінеді.
Тереңдегі су массаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхит суының температурасы
Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
Тынық мұхиты
Әнші Мұхит және оның өмірі мен өнер жолы
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Колумбтың екінші экспедициясы
Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы
Австралия жағаларының пішіні
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Колумбтың төртінші экспедициясы
Пәндер