Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГі

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

География кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы : Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа
тәрбиелеу.

Орындаған: ЖГА-516.
Ғылыми
жетекшісі: аға. оқыт. Серім А.

Түркістан
2008

М А З М ¦ Н Ы

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І. Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда
елжандылыққа тәрбиелеу . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . .. . . . . .
. . . . . . . .

1.1. Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу
әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.2. Қазақстанның физикалық картасы мен кескін карталармен жұмыс жүргізу
әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . .

1.3. Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда өлкеміз жайында аудио –
бейне техникалық құралдарды пайдалану әдістері . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.4. Қазақстанның жер – су аттарын ның шығу тегіжайлы мағлұматтарды
география сабағында қолдану. . . . . . . . . . . . . . . . .

ЌОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
.

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Қарастырып отырған тақырыптың маңыздылығы
Қазақстанның физикалық географиясын оқытудың әдістерін,бұл пәнді оқытуда
тиімді тәсілдерін қарастыру. Қазақстанның физикалық географиясы пәнінің
зерттеу обьектісі. Пәннің мақсаты мен міндеттері: Қазақстанның физикалық –
географиялық аудандастырылуы, Қазақстанның физгеографиялық зерттелу
деңгейі. Қазақстанның физикалық – геграфиялық курсы география ғылымдарынның
құрамдас бөліктерінің бірі. Курстың мақсаты туған жерге, туған елге, туған
жерді сүю, қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану оны сақтау туралы
материялдарды меңгерту, арқылы балаларды елжандылыққа тәрбиелеу, табиғатты
қорғауға баулу, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, экологиялық білім беру
жолдарын меңгереді, оқушылар құрлықтар мен мұхиттардың физ – географиялық
курсынан алған білімдерін тереңдете отырып өздерінің туып өскен қазақ
жерінің табиғаты жайлы оқып біледі. Қазақстанның физикалық –
географиясынның негізгі мақсаттарынның бірі адамның табиғат пен қарым –
қатынасы туралы білім береді. Адамның іс әрекетінен қоршаған ортаға әсері,
бүгінгі күннің экологиялық проблемаларын қарастырады. географиялық
сипаттама беру.
Қазақстанның физикалық география пәнін оқытуда тірек
конспектілерді қалай қолдануға болады? Оны география сабағында қалай
қолданамыз? Картамен жұмыс жасау, контур карталармен жұмыс жасау, тірек
конспектілерімен жұмыс жасау және сөзтізбектер және ребустар жасау
арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын артыру.
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда схемалар мен картасхемалар
сызу. Географияны оқыту үстінде сынып тақтасына диаграммалар, графиктер
салу.
Қазақстанның физикалық география оқулығындағы схемалармен, сызулармен,
суреттермен танысу. Сабақта олардың кейбіреулерін графикалық бейнелеуге
қойылатын талаптарға сай келетіндігін анықтау. Жаңашыл мұғалімдер, олардың
идеялары да көп.Әр мұғалім өзінің қабілеті мен бейіміне, мүмкіндігіне
қарай өзі таңдап алуы керек. Мұғалімнің мынадай жан – жақты түсіндіруі, оқу
материалын тірек – сигналдармен жазылған плакат бойынша қысқаша мазмұндау,
тірек – сигналдармен үлестірмелі материал бойынша әрбір оқушының танысуы,
оқулықпен және тірек – сигналдар парағымен оқушының үйде жұмыс жасауы,
тірек – сигналдарды келесі сабақта жазбаша жаңғырту, тірек – сигнал бойынша
жауап беру, бұрын оқылған материалдарды үнемі тереңдету және қайталап
отыру.
Оқу материалдарындағы негізгі ұғымдар мен құбыластарды сұлба немесе
сурет түрінде беру керек. Ол мынадай тәсілдерден құралады, мұғалім
түсіндіре отырып, тақтаға сурет салады, ал оқушылар оны өз дәптерлеріне
түсіреді.Тақтадағы жазбалар бойынша мұғалімнің қайталап түсіндіруі.
Оқушылардың оқулық және конспект бойынша үйде жұмыс жасауы. Келесі сабақта
оқушының тақтадағы конспект бойынша жауап беруі.
Тақырыптың зерттелу деңгеиі. Қарастырып отырған тақырып бойынша
материалдар Жалпы білім беретін орта мектепке арналған география пәнінің
бағдарламасы. Алматы, 2000 ж. А.В.Даринский Методика преподовании география
. Москва , Просвщение 1979. еңбектері аталмыш мәселе жайында егжей-
тегжейлі мағлұмат береді. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика Алматы
2000ж. Жалпы білім беретін орта мектептің география пәніне арнаған
мемлкеттік стандарт. ҚР МЖБС 2., Мектеп. Республикалық ғылыми әдістемелік
педагогикалық журнал. Қараша 2006 ж.
Тақырыптың мақсаты: Қазақстанның географиялық орнын анықтау, жер
бедерінің ерекшеліктерін, табиғат ресурстары, биік таулар мен жазықтар,
табиғат зоналарын, ерекше қорғалатын аймақтары қорықтар және саябақтар,
қорықшаларды пайдалы қазбалары, жер беті сулары және олардың ресурстары,
топырағы мен фаунасы – флорасы жайындағы материалдарды аудио – бейне
таспалар мен техникалық оқу құралдарын пайдалану, графикалық жұмыстар
жүргізу, географиялық тест жасау оларды пайдалану, сөзжұмбақтар, бұл пәнде
контур картамен жұмыс істеу тәсілін игерту, географиялық бақылаулар жүргізу
және картаны оқи білу мен мазмұнына қарай ажырата білуге оқушылардың осы
пәнді игеруге пайдаланатын әдістердің маңызын ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы кiрiспе, бір тарау, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

І. Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа
тәрбиелеу
1.1. Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу
әдістері

Қазақстанның физикалық географиясын оқытудағы мақсатымыз сонымен
қатар пәнің мақсаты туған жерге, туған елге, туған жерді сүю, қорғау,
табиғат байлықтарын тиімді пайдалану оны сақтау туралы материялдарды
меңгерту, арқылы балаларды елжандылыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға
баулу, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, экологиялық білім беру жолдарын
меңгереді, оқушылар құрлықтар мен мұхиттардың физикалық – географиялық
курсынан алған білімдерін тереңдете отырып өздерінің туып өскен қазақ
жерінің табиғаты жайлы оқып біледі. Қазақстанның физикалық –
географиясынның негізгі мақсаттарынның бірі адамның табиғат пен қарым –
қатынасы туралы білім береді. Адамның іс әрекетінен қоршаған ортаға әсері,
бүгінгі күннің экологиялық проблемаларын қарастырады. географиялық
сипаттама беру. Адамның туған өлкесінің, табиғат байлықтары, географиялық
орны, биік таулары, флорасы мен фаунасы, оның зерттелу тарихының маңызын,
туған өлкенің Отанымыздың бір бөлшегі екенін, ал Отан қасиетті ұғым екенін
ашып көрсету. Менің
Отаным – Қазақстан деген ұлағаты сөзді ұрпағымыздың бойына сіңіріп, өз
ойларын дұрыс тұжырымдай білуге, рефераттар мен мен шығармашылық жұмыстарын
талапқа сай орындалуға бағыт – бағдар беру арқылы оқушылар ойын дамыту.
Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, адамның туып өскен жері, атамекені,
ел – жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы
бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ. Отан – от басынан
басталады, демек өз бесігің, өз үйің.
Қазақстанның жер аумағы ұлан – байтақ, оның табиғи ланшафттары да әр
алуан түрлі. Сондықтанда республикамыздың табиғат байлықтарының қорын
зерттеп, оларды ұтымды пайдалану жолдарын келер ұрпағымыздың білуі шарт.
Туған жерді сүю, аялап қорғау үшін , мүмкіндігінше табиғат, жер
байлықтарын зерттеу керек, көне тарихын көңілге түйіп, келешегіне көз
салу қажет.
Не ? Қайда ? Қашан? Деген танымдық ойын ұйымдастырамыз. Бұл ойын
шарты бойынша Қазақстанда болған оқиғаларды оқимын , оқушылар бұл
оқиғалардың жылы немесе қайда болғанын анықтап жауап береді әр
сұраққа бал қойылып жарыс ұйымдастырсақ болады.
1.Алғашқы Президент сайлауы қашан болды?

1991.1.ХІІ.
2.Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдары ?
3.Қазақстан көмірдің қоры жөнінен ТМД елдері ішінде нешінші орында?
4.Никель рудасы кай облыс жерінде өндіріледі ?
5.Қазақстан неше жыл КСРО – ның құрамында болды??
6.Қазақтардың дүние жүзілік ІІ – құрылтайы қайда өтті ?
7.Қазақстанның алғашқы астанасы болған қала?
Бұл пәнді оқыту арқылы өз Отанын сүиетін, өз тарихын
қастерлейтін, ел басына күн туғанда өз Отанын қорғаудан аянбайтын,
патриоттық тәрбие беру арқылы білімді де білікті болашақ адамзатты
тәрбиелеу.

Сөзжұмбақтар шешу. Қазақстан, Түркістан, Менің Қазақстаным
тақырыптарынна сөзжұмбақтар, ребустар жасап сыныпты екі топқа бөліп
жарыстыра отырып шешу әдісін, немесе сабақты пысықтау кезеңінде
хранологиялық карточкаларды жасап бұл ойында таулардың биіктігін,
өзендердің ұзындығы, ерекше даталар Қазақстан Республикасынның БҰҰ
– на мүшелікке кірген жылын жазып тақтаға ілеміз содан кейін бұл сандардың
неге қатысты екенін оқушылардаң танымдық ой интелектуалын дамытамыз.
Географияны оқытуда көрнекіліктерді
пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Көрнекіліктер оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты пәнді оқытуға қызықтыратын, терең білуге
көмектесетін құралдар. Алдымен мұғалім көрсеткіштер мен көрнекі құралдарды
пайдалануды оны сабақта қолдану әдістерімен жатығады. Мектепте оқушылармен
көрнекі құралдарды көбейту мақсатында үйірме құрылып үйірмеде қалай
көрнекіліктер жасайтындары жөнінде тапсырма беріледі.
Географияны оқытуда схемалар мен картасхемаларды сызу.Сынып тақтасына
сабақты түсіндіру барысында графиктер салу. Графикалық жұмыстар анық,
қарапайым, бейнелеудің түсініктілігі және методикалық талаптарға сай
келуі, географиялық ойды көрсетуі, тексті түсіндіруі, сабақта пайдалану
мүмкіндігі қарастырылуы қажет.Графиктерді сызу үшін әр түрлі статистикалық
анықтауыштардағы атластардағы, оқулықтардағы цифрларды пайдалану
қажет.Мысалы Қазақстандағы жауын – шашынның түсу мөлшері мен булану
мөлшерін, таулардың биіктік дәрежесін т.б материалдарды графиктерді сызу
арқылы түсіндіру.

1.2. . Қазақстанның физикалық картасы мен кескін карталармен жұмыс жүргізу
әдістері

Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс істей отырып оқушыларға
Қазақстанның биік тауларын, жазықтарын, ойпаттарын, ең төменгі нүктесін, ең
биік нүктесін, теңіздері мен көлдерін, табиғаты әсем қорғалатын аймақтары
қорықтарын, өзендерін, топырағымен тереңдей таныстыра аламыз. Карта
дегеніміз грек тілінен аударғанда жазуға пайдаланылатын папирус парағы деп
сипатталады. Жер беттінің жұлдызды аспаның немесе оның бөліктерінің
картографиялық проекцияларды пайдалана отырып шарты белгілерд арқылы
жасалған кішірейтілген бейнесі немесе үлгісі.
Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін,
батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын т.б анықтауға болады.
Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және
сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен
елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде,
жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады.
Картамен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын оқушылар бастауыш
сыныптарда меңгереді.Олар көлбеу жазықтықта шартты түрде және масштапен
елді мекендер картаға түсірілгеннін біледі. Жер жағдайының рельефі, тау,
өзен, көлдің шартты белгілерін және олармен жұмыс істеудің бастапқы
дағдыларын игереді. Елді мекендерді көрстіп, мемлекеттердің шекароасын
ажырата алған оқушыларда тарихи және географиялық карталардың айырмашылығы
туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Сонымен бірге олар картамен бағдарлау
оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс дағдыларын да меңгеріп шығады. Негізгі
мектепте осы білімдерді одан әрі дамыту және тереңдету талап етіледі. 1)
Карта – географияның әліп-биі, яғни географиялық зерттеулердің бастапқы
және соңғы сәті; 2) Карта – көру-бақылау мүмкіндігі шетеулі адам мен зор
өлшемді географиялық зерттеулердің нысаны – Жер шарының беткі деңгейі
арасындағы қажетті көпір; 3) Карта – географиялық заңдылықтарды анықтау
құралы; 4) Карта – географияның екінші тілі; 5) Карта – географиялылық
талаптарының бірі; Әдіс теориясының идеясы мен қолданысқа енуінің негізін
қалаған дәл осы Салищев болатын. Ол географиялық карталар іс құралы ретінде
маманға қызмет ете отырып, құбылыстардың жаңа байланыстары мен таралу
заңдылықтарын орнататындығын бірінші рет ерекше атап өті. Сонда Нақтылықты
зерттеу мен үйретудің картографиялық әдісі деген ұғым ең алғаш рет
қолданылған болатын. Картаны пайдалану деңгейі. Алғашында
зерттеушілер картаның негізгі артықшылықтары деп оның шолу жасау
мүмкіндіктерін қарастырды, яғни карта жай көзбен көруге болмайтын нәрсені,
білімді реттеу мен жүйелеуді, кеңістіктегі заңдылықтарды ашуды ұсына
алады,- деп есептеді. Картаны пайдаланудың дәл осы деңгейіне
А.Гумбольдттың, В. Докучаевтың, А.Тиллоның еңбектері жатады. Карта
көмегімен айқындалған барлық ғаламдық және аймақтық заңдылықтар сапалық
сипатқа ие болды. Картаны талдаудың негізгі әдісі – салыстырмалы
географиялық әдіс болды, ал жетекші ұстаным – оқымыстылардың шығармашылық
ынтасы еді. Картаны пайдаланудың жаңа деңгейі жаратылыстану ғылымына сандық
әдістердің енгізілуімен байланысты. Салыстырмалы түрде, география,
геология, тарих және осы сынды ілімдер белгілі бір мағынада.
Негізі мектептің алғашқы сабақтарында оқушылардың картографиялық
ептілігі мен дағдылары ең алдымен картаның шарты белгілерін пайдалана
алу, нысандарды бағдарлай білуі анықталады.
Масштаб туралы оқушылардың білімін тереңдету үшін мынадай арнайы
тапсырма беруге болады. Мысалы, бірнеше қабырғалық картадан бір нысанды
көрсету, масштабты пайдаланып Алматы Астананың арақашықтығын айқындау.
Кескін карталар – білімді игеріп және бекітуге географиялық картамен
жұмыс істеуді жаңа дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл
географиялық оқытудың, оқушылардың танымдық әрекетін дамытудың маңызды
практикалық құралы. Кескін картамен жұмыс мақсаты және жүйелі түрді
жүргізілгенде ғана нәтижелі болады.
Мұғалім кескін картаны таныстырғанда географиялық карталарды
түсіндіргендегі сияқты бұл карталарды да оқытудың әдіс-тәсілдері бар. Бұл
карталарды оқыту ең қарапайым тапсырмаларда басталады. Мемлекеттің
шекарасын белгілеу, атын жазу, қалаларды белгілеу, негізгі деректердің
мерзімін көрсету өсімдіктер мен жануарлардың жергілікті жерлердің
эндемиктерін белгілеу тапсырмалары беріледі. Одан соң бұл кезекте оқушылар
шағын кескін карталарды салыстырады, картаны масштабына қарамастан, құрлық
пен теңіздердің кескіндерін ажыратып үйренеді. Біртіндеп тапсырма күрделене
береді. Картографиялық бағдарлама туралы білімдер негізінде кескін картаға
бағдарлар мен шекаралар белгіленеді.
Кескін картаны толтыруда оқуға қажетті талаптар сақталуы керек.
Бірінші кезекте кескін картада жыртылған, бүктелген кірлеген парақ сияқты
ұқыпсыздық болмауы тиіс. Жазулары анық қатесіз, өзге ақпаратты оқуға
кедергі жасамайтын бос жерге жазылған жөн. Аумақ шекаралар анық, ұқыпты
боялуы керек. Ескі карталардың негізінде дайындалған шаблондар
картографиялық көмекші құралдардың орнын толтыра алады. Үлгілер арқылы
оқушылардың картографиялық білімдері мен дағдыларын тексеруге болады.
Мысал келтіре кетейі: Қазақстанның кескін картадан ең төменгі және ең
жоғарғы нүктелерін белгілеңдер. Табиғат байлықтары, табиғат зоналарын
белгілеңдер деп тапсырмалар береміз. Географиялық білімдер оқушылар бойында
мектепте қалыптасады, кескін карталардан белгілендері ойда ұзақ сақталады
екінші жағынан алар болсақ баланың картаға және география пәніне
қызығушылығы артады.
1.4. Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда өлкеміз жайында аудио –
бейне , техникалық құралдарды пайдалану әдістері

Мектептің және бұл пәннің міндеті - әр оқушыны тәрбиелей отырып, терең
білім беру. Сонымен қатар оқушынның ойлау қабілетін дамыту. Оның білім
алуға деген ынтасын, жауапкершілігін артыра отырып, іздемпаздыққа
дағдыландыру. Баланың ойына, сезіміне серпіліс беруді мақсат етіп қойған
дұрыс.
Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім өтілетін тақырыбының мазмұнына
сай тиімді оқыту әдістерін дұрыс таңдай білуі тиіс. Олардың арасында ең кең
тараған түрі Огародников, Бабанский, Лемберг сынды ғалымдар ұсынған оқыту
әдістерінің жүйелері. Бұл ғалымдар оқыту әдістерін үш топқа бөлген. Олар:
1. Ауызша ( әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс).
2. Көрнекілік ( суреттеп сипаттау, картамен жұмыс).
3. Зертханалық, тәжірбиелік жұмыстар.
Егерде балалардың есту қабілеті арқылы дәріс, әңгіме ақпараттың 20
пайызын, көру қабілеті арқылы, дәріс көрнекілікпен 50 пайызын, дәріс,
көрнекілік, ТОҚ – пен 70 пайызын қабылдап алатынын ескерсек, бұл әдістердің
тиімді екеніне дау жоқ.
Сабақтың көрнекілік ұстанымын техникалық құралдар арқылы жүзеге асыру
– оқушыларды білімге деген қажеттілікті тудыру, ынталандыру және берілетін
білімнің түсінуін қамтамасыз ету деген сөз. Оқытудың техникалық құралдары
білім берудің көрнекілігін, бейнелігін, әсерлілігін күшейтіп, оқушылардың
шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады. Оқытудың техникалық
құралдарының арасынан география сабағында экрандық құралдар, диафильм, диа
позитив, кодопозотив, оқу кино фильмдері, теле бағдарламалар, кампютиерлік
бағдарламаларды қолдануға болады.
Мектеп оқулықтарының бағдарламасына сай дайындалған диафильм
диапозотивтерді қазіргі кезде мектептерде өте сирек қолданыла бастады.
Олардың көпшілігі жаңа бағдарламаның мазмұнына сай келмегенімен олардың
саралап пайдалану, география сабағының тиімділігін арттыруға көп септігін
тигізеді.
Бүгінгі күндері білім беруде қолданылып жүрген дәстүрлі сабақтар мен
әдеттен тыс яғни дәстүрлі емес сабақтардың барлық түрлеріне дерлік аудио –
бейне материалдарды мұғалім шеберлігіне байланысты қолдануға болады. Мектеп
практикасында көп қолданылатын оқытудың технологиялық құралдары түрінің
бірі – кодоскоп. Ол экранға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда экологиялық білім мен тәрбие
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістері
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
География оқулықтары
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Пәндер