Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГі
Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
«География» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы : Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.
Орындаған: ЖГА-515. Сапарбекова М
Ғылыми жетекшісі: аға. оқыт. Серім А.
Түркістан 2008
М А З М ¦ Н Ы
КІРІСПЕ . . .
І. Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістеме
- лік ерекшелігі . . .
- Пәнді оқытудың әдіс - тәсілдері мен сабақ түрлері . . .
1. 2. Проблемалық оқыту әдісін пайдалану . . .
1. 3. Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудағы иновациянның сипаты . . .
1. 4. Қазақстанның экономикалық географиясын оқытуда көрнекі құралдарды тиімді пайдалану тәсілдері . . .
ЌОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні мемлекеттің қазіргі даму кезеңінде шешілетін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді оқып үйренуде, оқушылардың жалпы мәдениеті мен өз бетінше ойлауын дамытуға бағытталған. Оның мазмұндық желілерін елдің жалпы экономикалық сипаттаммсы, экономикалық аудандастыру, қазақстанның дүние жүзілік экономикадағы рөлі, табиғат пен қоғамның өзара байланысын құрайды.
Экономикалық және әлеуметтік географияс курсын оқып үйренуде оқушылар экономикалық және әлеуметтік процестерді сауатты түрде түсіндіру үшін экономикалық ұғымдар мен терминдерді танып біледі.
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығының жаңалығы оқу материалдарынның мазмұны «Қазіргі дүниедегі Қазақстан » « табиғат пен қоғамның өзара байланысы » бөлімдері енгізілген.
Бұл бөлімдерде Қазақстанның дүние жүзі картасындағы геосаяси орны, жақын шетелдермен өзара байланыстар, табиғат пен қоғамның өзара байланысының қазіргі прблемалары қарастырылады.
« Аграрлық өнеркәсіптік кешен » тақырыбы әлеуметік инфрақұрылым салалары туралы жаңа оқу материалдарымен толықтырылған. Онда әлеуметтік инфрақұрылымның салалары сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, негізгі реакциялық аймақтар қарастырыфлады. Қарастырып отырған тақырыптың маңыздылығы Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістерін, бұл пәнді оқытуда тиімді тәсілдерін қарастыру. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттері проблемаларға байланысты анықталады. Мұғалім өзінің өтілетін сабағындағы материалдарға байланысты мазмұны мен мақсатына қарай қажетті көрнекі құралдарды таңдап пайдалану. Қазақстанның экономикалық географиясы пәнінің зерттеу обьектісі. Пәннің мақсаты мен міндеттері: Қазақстанның экономикалық - географиялық аудандастырылуы, Қазақстанның пайдалы қазбалары, халық шаруашылығы, транспорты, интеграциялық байланыстары. Қазақстанның экономикалық - геграфиялық курсы география ғылымдарынның құрамдас бөліктерінің бірі. Курстың мақсаты табиғат байлықтарын тиімді пайдалану оны сақтау туралы материялдарды меңгерту
Географияны оқытуда схемалар мен картасхемалар сызу. . Географияны оқыту үстінде сынып тақтасына диаграммалар, графиктер салу.
Геогрфия оқулығындағы схемалармен, сызулармен, суреттермен танысу. Оқу материалдарындағы негізгі ұғымдар мен құбыластарды сұлба немесе сурет түрінде беру . Оқушылардың оқулық және конспект бойынша үйде жұмыс жасауы. Келесі сабақта оқушының тақтадағы конспект бойынша жауап беруі. Тесттер жасау арқылы оқушылардың біліктілігін тексеруге тиімді.
Тақырыптың зерттелу деңгеиі. Қарастырып отырған тақырып бойынша Бударина А. В. Основы предпринимательской деятельности ., Москва 2002. Контрольные и проверочные работы по географии . 6 - 10 классы. - М., Дрофа, 1998. Т. Л. Казановская. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Әдістемелік құрал. Алматы, Мектеп, 2005. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2000ж Жалпы білім беретін орта мектепке арналған география пәнінің бағдарламалары. Алматы 12. 05. 2004 ж., бұйрық № 148. Қазақстан Республикасының Білім Заңы 2001ж
Тақырыптың мақсаты: Қарастырып отырған тақырып бойынша мынадай мақсат қойдым:: Қазақстанның экономикалық географиясында орнын анықтау, жер бедері, халықының жағдайы, өмір суру деңгейі, көлік кешені, халықаралық экономикалық байланыстары мен ұйымдармен ынтымақтастығы жайында графикалық жұмыстар жүргізу, географиялық тест жасау оларды пайдалану, диаграммалар, бұл пәнде контур картамен жұмыс істеу тәсілін игерту, географиялық бақылаулар жүргізу, карталарды пайдалану арқылы оқушылардың осы пәнді игеруге пайдаланатын әдістердің маңызын ашып көрсету. Жалпы айтқанда Қазақстанның экономикалық географиясын оқытуда материалдарды оқушылардың оңай, әрі тез игерту әдістерін ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы Кiрiспе, бір тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
І. Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістеме
- лік ерекшелігі
1. 1. Пәнді оқытудың әдіс - тәсілдері мен сабақ түрлері
Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістемелік жүйесі оқушылардың өз бетінше білім алуы мен танымдық әрекетін дамытуға, пәнді оқыту барысында тәрбие түрлерін жүзеге асыруға бағытталған. Осыған сәйкес, ұзақ уақыт географияны оқытудың тәжірбиесі нәтижесінде тиімділігі дәлелденген мынадай негізгі оқыту әдіс - тәсілдері белгілі : ауызша баяндау әдісі, көрнекі құралдармен илюстрациялармен, сарамандық жұмыстар әдісі ( тақырыптық карталарды салыстыру, статистикалық мәліметтерді өңдеу, географиялық әдебиеттермен, хрестоматиямен жұмыс )
Жоғарыда аталған әдіс - тәсілдердің неғұрлым тиімді түрлері сабақты ұйымдастырудың жолдары дәстүрлі сабақтар мен дәстүрлі емес сабақтар, танымжорық, факульдативтік сабақтар және т. б. оқу әрекетінің түрлеріне келер болсақ жалпылама оқыту, топқа бөліп оқыту және жеке оқыту әдістері бар сабаққа сәйкес таңдап алынады.
Сабақты ұйымдастыру жолдары біріңғай, бір салынға салынбауы қажет. Мүмкіндігінше әрбір мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін, білімі мен біліктілігінің қаншалықты дәрежеде екендігіне сүйене отырып, неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қорытынды шығатын сабақ түрлерін таңдай білуі шарт. Географиялық білім берудің басты құралы - сабақтың маңызы еш уақытта төмендемек емес, керісінше оқушының өздігінен білім алуы мүкіншілігін жүйелі әрі сапалы деңгейге көтерудегі рөлі күнен - күнге жоғарылуда. Қазіргі сабақтың ең басты көрсеткіштері ретінде төменгі педагогикалық шарттардың орындалуын атауға болады:
- Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастың өзара түсінушіліке негізделуі.
- Оқуцшылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш салуы.
- Оқушылардың пәнге деген шығаврмашылық қызығушылығын ойын элеметтерін және т. б енгізу арқылы арттыру.
әрбір тақырыптың аясында оқушыларға тәлім - тәрбие берудің мүмкіншіліктерін неғұрлым тиімді пайдалану.
Осы шарттар негізінде сабақты түрлендіріп өткізу, әсіресе дәстүрлі емес сабақтарды кеңінен енгізу қажеттілігі туындайды. Мұндай сабақтарды Қазақстанның экономикалық геграфиясы пәнінде көптеп өткізуге толық мүмкіндік бар.
Ал сынақ сабақтарда өткен бөлімдер бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін сынау мақсатын көздейді. Олардың викториналық сұрақтарға жауап, тапқырлар сайысы, білім байқауқаулары түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар бөлім соңында «өз білімдеріңді тексеріңдер » деген атпен берілген сұрақтар топтамасын сынақ - сабақтарда пайдалануға болады. Сұрақтарды біртіндеп күрделендіру арқылы сынақты бірнеше кезеңге бөліп өткізуге болады. Осыған сәйкес топтың білімі мен біліктілігіне ұпайлар түрінде баға беріледі.
Соңғы жылдары әр түрлі бағыттағы ойынға негізделген сабақтарды өткізу мектеп тәжірбиесіне кеңінен енгізілуде. өйткені ойынға құрылған сабақтарда оқушылардың белсенділігі артып, әдетте түсінуі, есте сақтауға қиын түсетін мәселелерді игеруге ерекше шабытпен кіріседі. Қазақстанның экономикалық географиясынан ойынға негізделген сабақтарды ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар. Ойын сабақтарды Не? Қайда ? Қашан ? Ең, Ең, Ең. Мемлекетіміздің пайдалы қазбалары, Мемлекетіміздің өндіріс салалары. Тақырыптары бойынша өткізуге болады. Қайталау сабақтарында сынақ пен ойын элементерін ұштастыруға болады. Ол үшін сыныптағы оқушыларды екі немесе бірнеше топтарға бөліп, әрбір топтағы оқушыларға тапсырмалар жиынтығын, сарамандық жұмыстар беріледі. Сабақ қорытындысы сайыс нәтижесінде шығарылады.
1. 2. Проблемалық оқыту әдісін пайдалану
Проблемалы оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру турлы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.
Проблемалы оқыту - бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.
Психологтар адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін атайды: репродуктивті және продуктивті, шығармашылық.
Репродуктивті іс-әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім жаңа оқу материалын, жаңа ұғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы орындаудың жолдарын көресетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес орындауы қажет.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім проблемалық ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.
Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белгілі ситуацияда жаңа білімді, әрекет жасаудың жаңа ережесін табады. Бірақ оқушының дайын алгоритмді, үлгіні пайдалануы да мүмкін.
Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлаумен, байымдаумен, өз бетінше ізденумен сипатталады (проблема түрінде сұрақтар қою, жорамал ой туғызу т. б. ) .
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритмнен, үлгіден, формализмнен аумаушылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның мәні, негізгі идеялары тез түсініп ұғыну, істің кенеттен шешілу жолдарын табу.
Оқушылардың шығармашықы ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.
Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді немесе істі іздеуге, түсіндіруг талаптанады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық пайда болуынан проблеманың шешілуіне дейін мынадай кезеңдері болады:
- проблемалық ситуацияның пайда болуы;
- проблеманы - сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
- болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
- болжамды дәлелдеу;
- проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.
Проблемалы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, түрлі тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады. Осының нәтижесінде әрбір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге тырысады.
Деген сұраққа оқушы сызба түрінде оқушы тақтада жауап береді. «Оқытудың әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың жұмыс тәсілдері . Оқушылардың білімді меңгеруіне, олардың дүнмиегекөзқарасын қалыптастыруға, қабілетін арттыруға осы тәсілдер арқылықол жеткізіледі» деген әйгіліпедагог И. Болдырев.
Оқушының тану қабілетін арттырып, ақыл-ой әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызы өте зор. Проблемалық оқытудың нәтижесі өте терең де берік білім беріп қою немесе тәсілдерін үйретумен тынбайды, оқушылардың ақылы жаңа сапаға ие болады, ой-өрісі кеңейіп, ширақы тез ойланады да, оқушылар мұғалімнің сұрағына тезірекжауап беріп, өз біліміне және оқылып отырған материалға сын көзімен қарауға дағыланады.
Проблемалық оқытуды география сабағында кез келген тақырыпты өткенде түрліше ұйымдастыруға болады. Көп тараған екі жолы бар:
1. проблемалық мәселелер қоя білу;
2. проблемалық ситуация құра білу.
Проблемалық мәселе қою проблемалық ситуация құрудан жеңілірек. Мұнда ойдан ой туғызудың қажеті жоқ, ой түйіні шағын әрі өздігінен туады. Пробеламалық мәселелер мен ситуациялардықұру үшін әр түрлі білім көздерін, қосымша материалдарды, оқулық мәтінін, картаны, сурет, сызба, т. б. пайдалану қажет.
Проблема проблемалық ситуация болып табылады, бірақ әр түрлі проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Қазақстан экономикалық географиясында Ауыл шаруашылық тақырыбын аяқтағанда Агроөнеркәсіп комплекісінің негізгі саласы ауыл шаруашылығынның салалық құрылымын сызба түрінде көрсет.
Мал шаруашылығынның негізгі саласы - қой шаруашылығы. Сондықтан оқушыларға оқулықта берілген қой, ешкі, сиыр басынның өсуі мен кемуі диаграммасын салыстыруды ұсынам. Оқушылар диаграммалардан қой басынның саны әр жылда әркелкі болғандығын анықтайды.
Қазақстан халқы. Оқушылар Қазақстан халқынның санымен сарамандық жұмыс жасайды. 1940 - 6, 1, 1950 ж - 6, 5, 1955 ж - 7, 5, 1960 ж - 9, 6, 1965 ж - 11, 8, 1970 ж - 13, 1975 ж - 15, 1980 ж - 15, 8, 1991 ж - 16, 8, 1996 ж- 16, 5, 1999 ж - 14, 9 млн. адам есебімен.
Осы мәліметтерді негізгі ала отырып, график сызады. Халықтың саны жылдар бойынша өзгеуін салыстырады, қорытынды жазады. Бұған оқушылар газет беттерінен алған және өткен сабақтардағы білімдерін пайдаланады.
Бұл жерде проблемалық ситуация туды да, ол проблемаға айналды. Өйткені оқушылардың химия пәнінен алған білім проблеманы шешуде игі әсер етті.
Сонымен, оқушының әр түрлі шығармашылық оқыту іс-әрекетінде мұғалім проблемалық ситуация туғызады, жаңа білімді игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесе ұжымдасып шешуіне басшылық етеді. Міне, проблемалы оқытудың мәні осында.
1. 3. Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудағы инновациянның сипаты
Жаңашылдық яғни « Инновация » - жаңалық, жаңашылдық өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал, әдіс, процесс ретінде әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процесте инновациия оқыту мен тәрбиеннің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушынның бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деген ұғымды танытады.
Жаңашылдық адамдардың кәсіптік қызметтінің бәрінде де тән болғандықтан ол зерттеу мен талдаудың және тәжірбиеге енгізудің нысанына айналғаен. Жаңашылдық өздігінен пайда болмайды, сондықтан ол ғылыми ізденістің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның әрекетінің нәтижесі ретінде басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалы процестің жаңалықтың түбегейлі жоспарында жаңалық процестерді алқа апарушылар ретінде мектеп директоры, пән мұғалімінің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көпқырлылығына - дидактикалық, компьютерлік, мәселелік, модульдік т. б - қарамастан жетекші педагогикалық қызметті іске асыруға мұғалім еншісінде. Оқу - тәрбие процесінде қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім өзінің кәсіптік қызметі арнаулы пәндік білімдерімен ғана шектеліп қоймай жан - жақты дайындықты талап етеді. Осы негізде педпагогикалық жаңашылдық қабылдау, бағалау және іске асыру дағдылары қалыптасады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктерінегізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамтыу міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Оқушылардың ойын дамыту мақсатында ХХ ғасырларда кинодемонстрация әдісі кең етек алған еді. Демек әр дәуірдің өзіндік ерекшелігі бар.
«ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуы тиіс. Елдің дамуы осы арқылы бағаланады», деген еді ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, бір сөзінде.
Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары, қашықтықтан оқыту көмекке келіп отыр. Яғни, оқытутехнологиясы педагогикалық әдістерге негізделуде. 1960 жылдары шетел зерттеушілері «педагогикалық технология « терминін енгізген еді. «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» (М. Скаткин) .
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандырады:
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
- оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;
- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет;
- іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі қажет.
Оқушылардың танымдық көз қарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстаным қалыптастыру, мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық шеберлгіне байланысты. Теориялық білімдерді игерту жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осы орайда білім алу сапасын жақсартудың бірден-бір жолы оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялырды қолдану. әріптестеріміз шәкірттерге мемлекеттік білім стандартында оқу бағдарламаларында көрсетілген талаптарға сай білім, тәрбие беремін, өмірде қажет болатын біліктер мен бейімділікті қалыптастырамыз десе күнделікті тәжірибеде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен ендіруге белсене кірісуі қажет.
Географияны оқытуда көрнекіліктерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Көрнекіліктер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты пәнді оқытуға қызықтыратын, терең білуге көмектесетін құралдар. Алдымен мұғалім көрсеткіштер мен көрнекі құралдарды пайдалануды оны сабақта қолдану әдістерімен жатығады. Мектепте оқушылармен көрнекі құралдарды көбейту мақсатында үйірме құрылып үйірмеде қалай көрнекіліктер жасайтындары жөнінде тапсырма беріледі.
Соңғы жылдары география сабағынтарында оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу басқаның пікірін тыңдай білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жеке тұлғаны дамыту жолында жұмыс жүргізілуде
1. 4. Қазақстанның экономикалық географиясын оқытуда көрнекі құралдарды тиімді пайдалану тәсілдері
Қазақстанның экономикалық географиясые оқыту құралдарына оқулық, тақырыптық карталар, хрестоматия, қосымша әдебиеттер, көрнекі құралдар жатады. Географияны оқытуда көрнекіліктерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Көрнекіліктер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты пәнді оқытуға қызықтыратын, терең білуге көмектесетін құралдар. Алдымен мұғалім көрсеткіштер мен көрнекі құралдарды пайдалануды оны сабақта қолдану әдістерімен жатығады. Бұл оқыту құралдарынның ішіндегі ең маңыздысы - оқулық. Оқулық оқушы үшін тек қана білім көзі ғана емес, оқушынның ғылыми - танымдық әрекетін ұйымдастырудағы басты құрал болып табылады. Сондықтан мұғалімнің басчты міндеттерінің бірі - оөқушыларды оқулықпен жүиелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Оқулықпен жұмыс істеудің тиімділігін артыру үшін ең алдымен оқушылар оқулық авторларынның өздеріне арнаған алғысөзімен танысуы қажет. Мұнда оқулық мазмұнының ерекшеліктері, оқулықпен жұмыс істеуге қатысты жалпы нұсқаулар беріледі.
Диаграммамен жұмыс оқушылардың статистикалық материялдардан қоғамдық құбылыстардың дамуын көріп, олардың өзара ішкі байланыстарынанықтай алу дағдыларын қалыптастырады. Диаграммалар оқылатын материялдарды, процестерді салыстыруға қолданады. Олар күрделі процестерді қысқа және нұсқа түсіндіруге мүмкіндік береді. Мектеп оқулықтарында диаграмманың доға, шеңбер, бағана, бейне сияқты үлгілері қолданылады. Олар біртекті мағлұматтар мен әр текті құбылыстарндың стстистикасы мен динамикасын шартылықпен көрсетуге негізделген. Оқушылар статистикалық мағлұматтарды өте нашар игереді, сандар тілін түсіне түсіне бермейді, сандық материалдыдарды әлеуметтік - экономикалық процестермен байланыстыра алмайды, сондықтан сандық мәліметтерді сабақта қосалқы материал ретінде ғана қолданады. Бұндай олқылақтарды жою үшін мұғалім география сабағында диаграммамен жұмыс жасауда шығармашылық ізденіске көңіл бөлуі тиіс.
Диаграммаға мысал келтіре кетейік. Мұнай өндіру, Қазақстанның электр энергиясын өндірудің динамикасы, көлік түрлері бойынша жолаушы айналымдарынның процентін есебімен көрсетеміз.
Географияны оқытуда графикалық жұмыстарды орындау практикалық сабақтарды өз бетінше жұмыс жүргізу арқылы орындалатын графикалық жұмыстарды жүргізудің мақсаты жаттығулар мен картасхемалар және суреттер салуды талап етеді. Бұл тақырыпта оқушылардың байқағыштығы мен ойлауын дамытуда графикалық жұмыстардың жақсы құрал екендігі анықталған. Ұғымдарды қалыптастыруда заттың пайда болуы мен дамуын көріп түсінуде өте қажет болатын заттың маңызды белгілерін бөлшектеуге көмектесін графикалық жұмыстардың ерекшелігін білу қажет. Одан басқа, графикалық практикалық дағды алып, оны дамытуда географиялық құбылыстар мен заттарды бейнелеуге, оқулықтар мен әр түрлі әдебиеттердегі схемаларды, картасхемаларды, картаграммаларды, суреттерді оқып түсінуге көмектеседі.
Географияны оқытуда схемалар мен картасхемаларды сызу. Сынып тақтасына сабақты түсіндіру барысында графиктер салу. Графикалық жұмыстар анық, қарапайым, бейнелеудің түсініктілігі және методикалық талаптарға сай келуі, географиялық ойды көрсетуі, тексті түсіндіруі, сабақта пайдалану мүмкіндігі қарастырылуы қажет. Графиктерді сызу үшін әр түрлі статистикалық анықтауыштардағы атластардағы, оқулықтардағы цифрларды пайдалану қажет.
Қазақстанның экономикалық картасымен жұмыс істей отырып оқушыларға Қазақстанның отын - энергетика өнеркәсібі, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, көлік жолдары, металургия салаларын тереңдей таныстыра аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz