Өлкетану жұмыстарының география сабағында пайдаланудың тиімділігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГі

Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

«География» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы : Өлкетану жұмыстарының география сабағында пайдаланудың тиімділігі.

Орындаған: ЖГА-516. Иштаева А

Ғылыми жетекшісі: аға. оқыт. Серім А.

Түркістан 2008

М А З М ¦ Н Ы

КІРІСПЕ . . .

І. Дидактика ғылымындағы - сабақта өлкетану материалын пайдалуну . . .

  1. Өлкетану материалдарды жинақтау және оқу үдерісінде қолдану . . .

1. 2. Өлкетану сабағын пайдалану . . .

1. 3. Өлкетану мұражайын ұйымдастыру жұмыстарының география сабағында тиімділігі . . .

ЌОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Адам есейе келе, жылдан жылға онда өз Отаны туралы тану құштарлығы күшейеді, Отанының табиғатының сұлулығын қорықтарын, қалалар мен ежелгі архитектуралық ескерткіштерін тануға қызығушылығы артады.

География сабақтарының ролі, бұл ондағы алғашқы кезеңдегі танылмаған, күрделі әрі алыс туристік жолдарын тануға жаңа адамды қалыптастыруға, оның рухани құндылықтарын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Өлкетану материалдары жинақтау - экскурсиялар, жорықтар, бақылаулар мен V-VIIIсыныптардағы география курсы бағдарлама бойынша оқушыларға қойылған нақты тапсырмалар, яғни өлкенің экономикасы, жергілікті жердің өзендері, облыстың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы мағұлматтарға үйене отыра қолданылады.

Жинақталған материалдар география курсы бойынша көптеген тақырыптарын оқытуда көрнекіліктер ретінде қолданылады.

Бұл материал бойынша табиғат, халқы, өз облысының немесе өлкенің шаруашылығы оқытылады. Оқушылар бұл материалдар бойынша тез табиғи негізгі заңдылықтарын меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге жоғары ғылыми деңгейде өз өлкенің географиясымен де танысады. Экскурсиялар мен жорықтардың мақсаты өз өлкенің табиғатымен танысу, «Гидросфера», «Литосфера», «Географиялық қабық», тақырыптары бойынша мағұлмат жинау.

Жорықтар мен экскурсияларды өткізу барысында ерекше көңіл тәжірибелік сыныптағы жұмыстарға бөлінеді. Өздерінің өлкенің өзенінің көлемін анықтау, ағыс жылдамдығы мен бағытын анықтау, рельеф формасын анықтау мен т. б. экскурсиядан кейін, жергілікті жердегі өзенге, білімдерін анықтау үшін арнайы сабақ өтіледі, яғни экскурсия барысында жиналған материалдар бойынша. Сабақ үсітнде мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін, немесе қоюға болады:

  1. Өзен бастау яғни қай жерден бастау алады?
  2. Қай бағытта ағып жатыр?
  3. Қай жерлер арқылы ағып жатыр?
  4. Өзен ағысының сипаты?

Егерде өзен ағысының өзгерістері туралы фотографиялар болса яғни тау жыныстарына байланысты, яғни берілген жергілікті жердің учаскесін құрайтын, өзен ағысының өзгеруінің фотографиялары болса, онда мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

  1. Өзендердің жыл мезгілдері бойынша режиім өзгерісі?
  2. Қандай салалары бар?
  3. Қай жерге барып құяды?
  4. Не мақсаттармен қолданылады?

Мұндай сабақ жоғары білімді әрі тәрбиелі сипатта болады. Өз өлкесін сүюді, бағалайды тәрбиелейді, жалпы өз Отанының табиғатын бағалау мен сыйлау - мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты болып табылады.

Өз облысын, өлкесінің табиғатымен таныстырып оқытуда яғни жалпы географиялық заңдылықтарын оқытуда туған өлке табиғатын басқа зоналар табиғатымен салыстыру әдісі арқылы өтіледі.

Сонымен бірге сабақ барысында табиғатты қорғау туралы соның ішінде облыстың табиғатын қорғау туралы әңгіме жүргізіледі.

Тақырыптың зерттелу деңгеиі. Қарастырып отырған тақырып бойынша Бударина А. В. Основы предпринимательской деятельности ., Москва 2002. Контрольные и проверочные работы по географии . 6 - 10 классы. - М., Дрофа, 1998. Т. Л. Казановская. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Әдістемелік құрал. Алматы, Мектеп, 2005. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2000ж Жалпы білім беретін орта мектепке арналған география пәнінің бағдарламалары. Алматы 12. 05. 2004 ж., бұйрық № 148. Қазақстан Республикасының Білім Заңы 2001ж

Тақырыптың мақсаты Географ мұғалімдері пән бойынша тек физикалық білімдерді ғана емес, сонымен бірге адамды тәрбиелеуді ғана емес, сонымен бірге адамды тәрбиелеуді яғни олардың армандарын іске асыруға үйретеді.

Мұғалімдер алдында жауапты талаптар қойылады. Бұлар: оқушыларды ғылым негіздерін терең әрі мықты білімдермен қамтамасыз ету, өмірге деген заманауы талаптарға сай деңгейде көзқарасын қалыптастыру және т. б. жатады.

Бұл мақсаттарды орныдауда негізгі оқу-тәрбие жұмыстарының ұымдастыру үлкен роль ойнайды, себебі географиялық өлкетану оқу-тәрбие жұмыстарында кең көлемде әрі жүйелі түрде қолданылады, яғни ол - оқушылардағы ғылым негіздерін меңгерудегі маңызды болып табылады.

Жұмыстың құрылымы Кiрiспе, бір тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

І. Дидактика ғылымындағы - сабақта өлкетану материалын пайдалуну

1. 1. Өлкетану материалдарды жинақтау және оқу үдерісінде қолдану.

Мектеп географиясының құрылымы мен мазмұны оқытуда жеке тұлғаның қабілеттерін дамытуға көңіл бөледі. Ол оқыту кезінде тұлғаның ғылыми және қолданбалы білімді қабылдау, түсіну қабілеттерін есепке алуды талап етеді. Географияны оқыту оқушыларға белгілі бір білім қорын берумен қатар оқулықатр мен оқытудың жаңа формаларының көмегімен оның ізденушілік, зерттеушілік, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын да қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда білім беру нәтижесі болып тек оның мөлшері ғана емес, сонымен қатар алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалану, жеке басының қабілеттерін дамыту мақсатында қолдана білу мүмкіндігі де есептеледі.

Мектеп географиясының дамыту процесіндегі орны да ерекше. Географияның қазіргі білім беру жүйесіндегі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары арасындағы «көпір» рөлін атқаруы оның мүмкіндіктерін арттырады. География сипаттаушы ғылым стереотипін әлде-қашан бұзып, конструктивті ғылым ретінде танылып келеді.

Қазіргі таңда сағат санының қысқартылуына байланысты оқытудың әдісі, тәсілі және формалары тиімділік, жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін қорытынды нәтиже алу бағытында жүргізілуі қажет. Бұл жағдайда тәжірибеге педагогикалық технологияның жеке тұлғаға бағытталуын енгізу уақыт талабына айналып отыр.

Сыныптан тыс жұмыста біліммен «байытудың» екі әдісі қолданылады.

  1. Көлденең немесе литеральды «байыту» - бұл кезде оқушылар білімін жаңа тақырыптарда қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толықтырады.
  2. Тік немесе қарқынды - бұл кезде білім тереңдетіліп, оқушыларға жоғары дәрежелі қиындықтағы тапсырмалар беріледі.

Осы бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесін білу мақсатында оқушылар арасында жүргізілген сауалнама олардың өлкетану мәселелеріне қызығушылығының жоғары екенін байқатты.

Өлкетану жеке тұлғаны тәрбиелеуде маңызды орын алады. Алдыңғы қатарлы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер көп аспектілі өлкетануды дамытуда, себебі, өлкетану жұмыстары оқушының зерттеушілік, танымдық қабілетін дамытып, отансүйгіштікке, мәдениетке, қайырымдылыққа, әсемдікті бағалауға тәрбиелейді.

Өлкетанудағы зерттеушілік-ізденушілік жұмыстардың аспектәілерін былай жүйелеуге болады:

  1. Өлкетанудың білім беру және тәрбиелеу маңызын анықтау.
  2. Өлкетанудың дәстүрлі аспектілерін жаңарту, жаңа аспектілерді жасау: әлеуметтік, экономикалық, этнографиялық, экологиялық, эстетикалық.
  3. Туристік-өлкетану жұмыстарындағы зерттеушілік жұмыстар элементі.

Сонымен бірге туристік өлкетану қызметі, арқылы оқушыларда адамгершілікке тәрбиелеуде де тиімді.

Қазақстанның білім беру саясатының басты міндеті - мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның көкейтесті әрі келешегі мол сұраныстарына сәйкес іргелі де сапалы білім беру. Балалар мен жастарды тәрбиелеу саласындағы мемелкеттік саясат Елбасы Жолдауында көрініс тапқан.

Осының бәрі рухани-адамгершілігі мол, шығармашыл, белсенді, дамушы тұлғаға деген әлеуметтік сұранысты арттыра түседі. Мектептегеі тәрбие үрдісін жақсарту шараларының қажеттілігі қоғамымыздың дамуындағы күнгейлі және көлеңкелі бетбұрыстарға байланысты болып отыр. Бір жағынан, қоғам өмірінің әр саласындағы демократиялық үрдістер нығаюда, мәдениеттер диалогі даму үстінде. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа белсенді түрде кірігуде.

Білім беру оқушы тұлғасын мақсатты түрде, педагогикалықтұрғыда ұйымдастырылған рухани, интеллектуалдық және дүние дамуын қамтамасыз ету үрдісі деп қарасытырылады. Мұндағы ең негізгі нәрсе - тұлғаның қалыптасуы, оның құрамына кіретіндер: оқыту, тәрбиелеу, ағарту. Білім беру педагогика үрдісінде ұғынудың, білімнің және тәжірибенің жиынтығы саналады. Осылайша, әлеуметтік-белсенді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мақсаты жаңашатолығып, оның практикалық, өмірлік бағыттары күшейді. Ақпаратты өздігінен игеруге, біліктілікті меңгеруге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға басымдылық беріледі. Аталған мақсаттарға жетудің міндетті шарты білім берудің тұлғалық бағытын күшейту болып табылады.

Н. И. Пирогов «Өмір мәселелері» деген әйгілі мақаласында адамгершілік пен білім берудің өзара байланысы туралы әлі күнге дейін маңызды мәселені қозғаған. Ол адамның мәні - рухани дамуына, ақыл-ойы мен адамгершілік табиғатына ден қояды.

И. А. Ильиннің де көптеген мақалаларындағы ой-пікірлері осыған келіп тоғысады. «Рухтан, ардан, сенім мен мінезден қол үзген білім, - деп жазды ол, - адамды қалыптастырмайды, керсінше, бүлдіреді, болмасаоның қолына өмірге қажетті мүмкіндіктерді, техникалық біліктілікті беріп қойды да, имансыз, арсыз, сенімсіщ әрі мінезсіз жан оларды зұлымдыққа пайдаланады. Ұяты жоқ білімдіден гөрі сауатсыз, бірақ адал, қарапайым адам артық екенін біржла мойындап, бекіту керек, сенім мен ар-ұяттан ада жалған «білімділік» ұлттық мәдениетті жасамайды, зимиян өркениетке ерік береді».

Дәл қазір, үшінші мыңжылдықтың басында біз адамның рух, жан, тән тұтастығының қаншалықты бұзылғанын көріп отырмыз. Адам өзі табиғаттың бөлшегі екенін ұмытып, оған санасыз қылымыскерлікпен зиян келтірді. Өркениеттің ізгілікке жат, жойқын салдарлары күн санап өсіп келеді.

Осындай жұмыс түрлерінің бірі - жобалау іс-әрекеті. Жобалау іс-әрекеті оқу қатар өз бетінше ойлау, ақпараттарды жинау дағдысын, болжам жасау, стандарттан тыс шешім қабылдау қабілеттерін дамытады. Жобалау әдістері әр саладағы білімді итеграциялауға, тәжірибе жүзінде пайдалануға және жаңа идеяларды жарыққа шығаруға мүмкіндік тудырады. Жобалау іс-әрекеті қызығушылықты тудыратын технологияның бірі.

Жоғары сынып оқушылары жоба бойынша жұмыс жасай отырып ғылыми шығармашылық жұмыстардың әдістерін игереді, зерттеулер мен эксперименттерге қатысады, ол өз кезегінде оқушының өзіне деген сенімнің артуына, жеткен жетістіктен қанағат алуға мүмкіндік береді. Мұның барлығы білім беру, әлеуметтік-адаптациялық функцияларына жауап береді.

Жеке жоба - негізгі іскерлік әрекетке бағытталған зерттеушілік әдісті пайдаланылатын шығармашылық жұмыс. Ол іс-әрекетті логикалық тізбе ретінде анықтайды: қажеттілік-қызығушылық. Қажеттілікті түсіну негізгі мақсатты анықтауға мүмкіндік береді, мақсат - қол жеткізу үшін нақтылы міндеттер мен жұмыс түрлерін жасауды қажет ететін іс-әрекеттің нәтижесі. Жобалар - белгілі бір уақытқа созылатын зерттеушілік жұмыс. Ол өз кезегінде әр саладан алған білім қорын пайдалануды талап етеді. Жоба жасағансоң автор оны қорғауы қадет. Жоба бойынша жұмыс мына жоспармен жүргізіледі.

  1. Тақырыппен танысу.
  2. Жоспар құру, міндеттерді бөлу.
  3. Жоба бойынша жұмыс жасау.
  4. Көркемдеу.
  5. Қорғау.

Қарым-қатынас өзара әрекет үрдісімен тығыз байланысты. Есею барысында жасөспірім қоршаған ортаның шындығымен бетпе-бет келеді. Өзара қарым-қатынас эмоциялық бояуға толы жауап реакция сипатын алады. Туристік-өлкетану қызметі жағдайларында қарым-қатынастың барлық белгілері неғұрлым айқын ашылады.

Табиғатпен қарым-қатынаста жасөспірім салыстырмалы дербестікке ие. Сондықтан эмоциялық жауап қайтарғыштыққа тәрбиелеу маңызды. Жағымды эмоциядан қалыптасқан қарым-қатынас адамгершілікке жатады, өйткені адам мен табиғат - бүтіннің бөлшектері. Адамгершілік қарым-қатынастың негізінде ізгі таңдау - пайда үшін емес, ар әмірімен, әділет пен мейірім тұрғысынан жасалған таңдау жатады. Жағымды эмоция ұятқа қозғау салады, ал ұят - адамның жеке іс-әрекетін реттеуші.


1. 2. Өлкетану сабағын пайдалану

Жас жеткіншектерге тянақты білім беру жолдарының дидактика ғылымнадағы негізгі саласы - сабаққа жергілкті жер материалдарын пайдалану. Осыған сүйене «Жергілікті жердегі халық», «Табиғат - адам» қатынасы, «Адамның жергілікті жер табиғатын пайдалануы, өзгертуі, қорғау», «Жергілікті жердің шаруашылық жағдайы» тақырыбымен біріктірілген саяхат сабақ өткізіледі.

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларды жергілікті жер халқымен таныстыру. Табиғат пен адам байланыстығын сипаттай отырып, дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыру.

Ал дамытушылық мақсаты: жергілікті жер жайындағы статистикалық, ақпараттық материалдармен, тік-сызбалармен жұмыс істеуге байланысты білік пен дағдылармен дамыту болды.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың туған өлке табиғатына және халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Оқу іс-әрекеттері. 1) Техникалық құралдар арқылы білім алу; 2) проблемалық сұрақтарға жауап беру; 3) Тірек - сызбалар бойынша жұмыс; 4) Десанттық көмек әдісі арқылы білім көздерімен танысу; 5) Статистикалық мәдіметтермен жұмыс; 6) Диаграммалар тұрғызу; 7) Тест жұмысы; 8) оқыту ойындарын жүргізу; 9) Эвристикалық әңгіме; 10) Геодиктант жүргізу; 11) Шығармашылық жұмыстар қорғау.

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі. 2) Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру кезеңі; 3) Саяхатқа шығу кезеңі,

1-аялдама. «Жергілікті жердің халқы»

1) Оқушыларға «Сендер тұратын елді мекен қалай аталады және ол қашан пайда болды? Ондағы халықтың саны қанша?» деген сұрақтар беріліп, оқушылар ауызша жауап береді.

2) Статистикалық деректерге жүгініп, жергілікті жердегі халық санының 1999-2004 жылдар аралығында өзгеру графигін немесе диаграмма сызады.

2-аялдама. «Ауыл шаруашылығы».

Жайық өзені бойынажәне мал жайылымдарына саяхат жасау.

Бейнемагнитафоннан көріністер көрсетіліп жатады. Сол кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады.

  1. Жер бедерін халық шаруашылықта қалай пайдаланады?
  2. Егін шаруашылығына қай жерлер пайдаланылады?

3-аяладама. «Қазба байлықтары»

Атырау облысының пайдалы қазбалар кен орындарына саяхат жасау. Тірек-сызбасы арқылы әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Облыс жерінде қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?
  2. Олар қандай мақсатта пайдаланылады?

4-аялдама «Өнеркәсіптер»

Облыстағы ірі өнеркәсіп орындарына саяхат жасау. Бейнематериалдар арқылы Ақтау облысының ірі өнеркәсіп орындары туралы бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар материал бойынша өз білгендерін әңгімелейді. Оқушылар материал бойынша өз білгендерін әңгімелейді.

5-аялдама. «Су байлығы».

Кемемен Жайық өзені арқылы жүзіп отырып, Каспий теңізіне саяхатқа шығу.

  1. Графопроектр арқылы тест жұмысы жүргізіледі.

Сұрақтар

  1. Жайық өзенінің ластану себептері қандай?
  2. Өзен жағалауында үй салу үшін қандай әрекеттер жасар едің?
  3. Каспий теңізінің деңгейі соңғы 10 жылда 1 метрге көтерілді. Бұдан қандай қауіп-қатер туындайды?
  4. Итбалықтардың қырылу себептері неде?

6-аялдама: «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі».

«Мені түсін» оқыту ойыны ойналады.

Графопроектр арқылы оқушыларға 10 түйінді сөз беріледі. Сол сөздерге байланысты оқушылар өз ойларын нақтылап жеткізіп, сөздердің мағынасын ашады.

Түйінді сөздер

  1. Бекіре
  2. Шөлейт өсімдіктері
  3. Жыртқыш аңдар
  4. Итбалық
  5. Ақбөкен
  6. Дәрілік өсімдіктер
  7. «Қызыл кітап»
  8. Құстар
  9. Су жануарлары
  10. Браконьер

7-аялдама. «Табиғат кешендері».

Жергілікті жердің табиғат кешендеріне саяхат жасау

Сұрақ.

  1. Сендер тұрған қай табиғат белдемінде орналасқан?
  2. Тұрған жерлерінде қандай табиғат кешендері бар?

8-аялдама. «Туған жер табиғатының өзгеруі және оны қорғау»

(Экологиялық соқпақ)

Соқпақ барысында оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады.

  1. Жергілікті жер табиғатының өзгеруі қай кезден бастап апатты жағдайға жете бастады?
  2. Қазіргі кезде қандай табиғат кешендері қатты өзгеріске ұшыраған?
  3. Атырауға жер сікіну қаупі бар ма? Оның пайда болу себебі неде?

9-аялдама. «Жергілікті жердің шаруашылық жағдайы».

1. Геодиктант жүргізіледі (ауызша)

2. «Егер мен әкім болсам . . . » тақырыбында үйге алдын ала берілген оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Оқушылар халықтың тұрмысын жақсартуға байланысты өз бағдарламаларын ортаға салады.

10. Қорытынды.

Эвристикалық әңгіме жүргізіледі. Бүгін сабаққа оқушылар өз беттерімен тұжырым жасайды.

  1. Бағалау. «Атырау - әнім» әні магнитафоннан жіберіліп жатады. Сол кезде оқушылар бағаланады.
  2. Үйге тапсырма. «Жергілікті жердің халқы және табиғаты» тарауын түгел қайталау. Баспасөз материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтау. Қайталау сабағына дайындалып келу.

Оқушыларды жылына екі рет, күзде және көктемде, табиғат аясына топсеруенге шығару кезінде, оқушылар өздері бақылап, байқаған табиғаттың жергіліуті ерекшеліктері мен адамдардың шаруашылық әрекеттерін жер бедерінің өзгеруіне және әр түрлі географиялық объектілер мен аймақтарды салыстыруға үйренеді. Табиғатта өткізілетін топсеруен оқушылардың кеңістік жағдайындағы түсінігінің дамуына, көзбен және қарапайым тәсілдердің көмегімен қашықтықты және биіктікті анықтаудың әдістерін үйренуіне, сондай-ақ тұсбағдар бойынша және қарапайым тәсілдердің көмегімен қашықтықты және жергілікті жердің белгілеріне қарай сол жерді бағдарлауына аса мол мүмкіндік береді. Топсеруен бағытының жергілікті ерекшеліктерін және оқушылардың әзірлігін ескере отырып, мұғалім жүру бағытының біріншісінен екіншісіне өткенде, кейде жеке аялдамада, сол әдістердің кейбіреуін үйретуді ұйымдастырады.

Оқушыларды топсеруенге шығару, мұғалімдер мен оқушылардың тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Мұғалімнің әзірлігіне мыналар жатады:

  • Топсеруеннің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау;
  • Баратын бағытты белгілеу, жүргізілу жоспарын жасап, жобасызбасын жасап, мектеп басшылығына бекіттіру;
  • Топсеруен кезінде тоқтайтын аялдамалардың саны мен орнын, әр аялдамада оқушылармен істелетін жұмыстардың мазмұны мен әдісін анықтау;
  • Топсеруен материалдардан география сабақтарында пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.

Мектептегі 6-сынып оқушыларымен оқу жылының аяғында өткізілген көктемгі топсеруен төмендегідей бағытта жүргізуге болады.

Топсеруеннің міндеттері.

  1. Жергілікті жердің нақты материалдары негізінде өсімдік пен топырақтың қалыптасуын көрсету.
  2. Адамдардың шаруашылық әрекетінен жер бедерінің өзгеруін, қалыптасуын көрсету.
  3. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және бұдан 250 жылдай бұрын жоңғар қалмақтарының Шет Меркі өзенінен су шығарған тоғанымен таныстыру.

Топсеруенге әзірлік.

Оқушыларды алдын ала топсеруен мақсатымен, таңдап алған бағытымен, жол жүру кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Жол жүруге ыңғайлы киімдер киюге және өздерімен бірге қағаз, қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш алу, жол қапшықтарына тамақ салып алуды үйрету.

Топсеруеннің жүргізілуі.

Мектеп ауласына жиналған оқушыларды түгендеп, баратын бағыт бойынша жолға шығу.

1-аялдама. Ауылдың оңтүстігіндегі тау жоталарының арасындағы бұлақ көздері

Бұл аялдамада оқушылар төмендегідей мәліметтермен танысады.

1. Ауылдың «Тоғызбұлақ» аталуы әр сайдан ағатын бұлақ суларына байланысты. 1928 жылы әр жерде бытырап орналасқан ауылдар осы жерге қоныстанып колхоз құрған. 1970 жылға дейін ауыл тұрғындары ауыз суды осы бастау көздерінен есекпен, шанамен тасып ішкен. 1970 жылдан кейін осы бастау суларын жинақтап, ауылға темір трубалар арқылы су жеткізген. Бұл жер ауыл деңгейінен биікте орналасқандықтан су өз ағынымен ауылға жетеді.

Бұрын бұл аймақ қоршалып, малдан қорғалатын. Кейін ауыл тұрғындарының еренсіздігінен қоршау қирап, ұрланып, қазіргі кезде мал жайылымына айналған. Судың мөлшері азайған.

Бұл аялдамада оқушылар:

  1. ауыл тарихы, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етілумен;
  2. адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың бүлінуі, жер бедерінің өзгеруі (жыралардың пайда болуы)
  3. жер асты суларының жинақталуы, оның жер бетіне шығуы;
  4. өсімдіктер (шалғын шөптер, балдырлар, жуа), жануаралар (сиыр, түлкі, қарсақ, т. б. ) дүниесімен танысады;
  5. өздері көрген, байқаған дүниелеріне сипаттама жазады.

2-аялдама. Шет Меркі өзені аңғарының жотасы

Бұл жерден өзен аңғары толық көрінеді. Төменде 1700-2000 метр тереңдікте күмістей жылтырап, ирелеңдеп Шет Меркі өзені ағып жатыр. Өзен жағасынан оңтүстікке қарай сай-салаларға тілімделген шырша, қарағай, терек, қайың, шетен өскен ну орман көмкерген таулы өлке басталады. Біз қырына шыққан оңтүстік беткейі тік, құлама жартасты, өсімдіктер дүниесі аздау

Бұл аялдамада оқушылар:

  1. таулардың пайда болуы, тау жыныстарының құрамымен, қатпарлы-жақпарлы таулардың пайда болуын;
  2. бір кездегі жер сілкінісінен кейін беткейлердің көшіп, жарлардың пайда болуын;
  3. суайрық жоталарын анықтауды;
  4. биіктік белдеулерінің, оның байқалуын;
  5. физикалық үгілуден таужыныстарының бөлшектенуін көріп, танысады.

Оқушыларға берілетін тапсырмалар:

  1. Топсеруен кезіндегі көргендері туралы, алған әсерлері туралы үйден әңгіме жазып келу.

Оқушыларға топсеруенге шығу кезіндегі алға қойған мақсаттары орындалғандығын, оқу жылы ішіндегі алған білімдерін жинақтап, бүгінгі көргендерімен салыстыру, сипаттама беру тапсырылады.

  1. Өлкетану мұражайын ұйымдастыру жұмыстарының география сабағында тиімділігі

Өлкетану - географияның, тарихтың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Ол туған жеріміздің тарихында болған оқиғаларды нақты мысалдар арқылы түсініп қабылдауымызға жағдай жасайды.

Өлкетану - ғылыми негізде жүргізілетін, белгілі бір теорияның жан-жақты зерттелуі. Қаланың, ауылдың, облыстың табиғат жағдайы, әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және дамуы өлкетанудың зерттеу объектісі болып табылады. Өлкетанушылар өз зерттеулерінде тарих, археология, этнология, география, геология және т. б. ғылымдардың мәліметтерін пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
Географияны оқыту әдістері
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz