Еркін және тағайындалған валюта нарықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001035
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университететі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
қалыптасуы мен дамуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орындаған: ЭҚЖ - 815. Сангилбаев Б.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Мунасипова М.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Түркістан 2010

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Тарау. Валюта нарығы.
1.1. Валюта нарығы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Еркін және тағайындалған валюта нарықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
1.3. Валюталық жүйе және оның түрлері. ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .18 1.4. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат ... ... ... ... ... .24

ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасындағы валюталық нарығы және оның даму жолдары
2.1.Қазақстан Республикасының валюта жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 29
2.2.Қазақстан Республикасының валюталық нарығы ... ... ... ... ... ... ...32
2.3. Валюталық операция түрлері мен олардың есебі ... ... ... ... ... ... ... 38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43

Кіріспе
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар -- тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс болды, ал қалған жылдары оң сальдо байқалады. Демек. 1998 ж. елдің экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып, шетел валютасының тапшылығы пайда болды Бірақ елдің теріс сальдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ.
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына -- операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

І. Тарау. Валюта нарығы
1.1. Валюта нарығы туралы түсінік
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына -- операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар -- тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс болды, ал қалған жылдары оң сальдо байқалады. Демек. 1998 ж. елдің экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып, шетел валютасының тапшылығы пайда болды Бірақ елдің теріс сальдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ.
Төлем балансының экономикаға әсері валюта нарығына әсер етуі арқылы жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта нарығы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдір ішіндегі өзінің 5 функциясын (қызметін) орындауыш нарығымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сондықтан да валюта нарығы толығырақ қарастырайық.
Атауы
2005ж
2006 ж
2007 ж
2008 ж
1. Ішкі жалпы өнім, млрд.тг.
1733,3
2016,5
2596,0
3285,4
2. Экспорт, млн.АҚШ долл.
5870,6
5988,5
9615,4
8646,9
3. Импорт, млн.АҚШ долл.
6671,5
5648,3
6849,8
6363,0
4. Сауда баланс сальдосы ҚР
-800,9
343,7
2765,6
2283,9
5. Теңгенің нарығы (кезең аяғында)
83,9
138,2
144,5
153,2
Кезең бойынша
78,3
119,5
142,1
146,7

Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде "теңге" валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания Ресейдің бір резидентіне қант сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет, себебі қазақстандық жабдықтаушы өз елінде теңгемен салық, жалақы және т.б. төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы ғана бар. Осындай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты "екі әр түрлі ұлттық валюталарды қолдану мәселесі" болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына теңгені айырбастай алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндік бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, нарықмен айырбасталады. Валюта нарығы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153тг = 1$, 70тг = 1DM, 4 тг = 1RR.
1.2. Еркін және тағайындалған валюта нарықтары
Қазіргі заманда валюта нарығын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
валютаның еркін айналымдағы нарығы;
тағайындалатын валюта нарық әдісі.
Валютаның еркін айналымдағы нарығы кезінде нарық ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Оны келесі графиктен көре аламыз.

Теңгенің рубльге айырбасталына алынатын нарық жағдайын қарастырайық (66-сурет).
Бірінші жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарлары да арзандайды. Сондықтан қазақстандықтар Ресей тауарларына деген сұранысты өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген сұранысты өсіреді.
Екінші жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзан болып, оған деген сұраныс жоғарылап, теңгеге деген сұраныс та жоғарылайды.
Сонымен сұраныс пен ұсыныс арақатынасының жалпы әдісі осы түрде болады және 265-беттегі кесте бойынша бір теңге бес рубльге тең болады.
Валютаның еркін айналымдағы нарығына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта нарығы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады.
Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу максатында Қымбат ақша саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа
елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.
Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.
Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта нарығы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады (66-сурет).
Тепе-тендік валюта нарығы 1 rr = ах 1 тт. жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жағдайда Қазақстанның қажет ететін рублі мен Ресейдің қажет ететін теңге көлемі бір-біріне тең деп санаймыз. Енді белгілі бір факторлардың әсерінен қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы D-дан D'-ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық операциялар елге аА көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар аС көлемді қажет етеді. Сонда алғашқы нарық бойынша төлем балансының тапшылығы AC қисығына тең болады. Нарық нарық заңдарымен қалыптасатындықтан ол 1 rr = алх 1тт. нарықға ауысады. Ал бұл нарық бойынша ресейліктерге қазақстандық тауарлар арзан болып, қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның экспорты тиімді болып, теңгеге деген сұраныс артады, ал Қазақстандағы рубльге деген сұраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты түрде түзетіледі.
Еркін айналым кемшіліктері:
Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде
долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 тт. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
Сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының нарығы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта нарығына тәуелді болады.
:: Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді. Тагайындалатын валюта багамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта нарығын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда (66-сурет) валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта нарығының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:
:: Резервттерді қолдану. Бұл валюта нарығын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған
еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, нарық ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тәсілдің тиімсіз жағы: егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.
Сауда саясаты. Oл мемлекеттің нарықды бір қалыпта ұстау мақсатындағы импортты (яғни шет ел валютасына деген сұранысты) шектеу, керісінше экспортты (өз валютасына деген сұранысты) ынталандыру саясаты.
Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бұл қолдан жасалған шектеулер экономиканың дамуына кедергі жасайды.
Валюталық бақылау; оңтайландыру. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні келесіде: мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына (экспорттаушыларына) шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Алынған азын-аулақ шетел валютасын импорттаушыларға бөліп береді. Сонда импорт көлемін елдің экспорт көлеміне байланысты етеді. Бұл жүйенің келесідей кемшіліктері бар:
сауданың бұзылуы;
кемсітушілік;
тандаманың шектеулілігі;
Қара базар.
:: Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Енді валюталық нарықдарға келетін болсақ, соңғы жылдары валюталық нарықдардың үш түрі қолданылады:
:: Алтын стандарт. 1879 -- 1934 жылдар аралығында әлемде алтын стандарт атты жүйе қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта нарығының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді.
Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды:
1) ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;
алтын қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-тендік қажет;
алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын салмағының қатынасы валюталық нарықды білдірді. Мысалы, АҚШ-тың доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға бүндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда америкалықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан нарық үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін нарық 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл нарықнан төмен нарық қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал бұл нүкте алтынның импорттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен доллардың тепе-тендік жағдайы 66-суреттегі сұраныс пен ұсыныс жағдайындай болсын. Белгілі бір себептердің әсерінен британдық фунтқа сұраныс артсын (D' қисығына дейін). Соның нәтижесінде Америка үшін нарық алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартының алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмыс істеушілер санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керісінше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, керісінше долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан (D) нүктесіне түседі. Бұл жүйенің нашар жағы: жұмыссыздық деңгейінің өсуі, жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы. Төлем балансы жағымсыз болған жағдайда елдегі алтын басқа елдерге көшуінен туындайтын жоғарыда айтылған жағдайлардың әсерінен ел экономикасының құлдырау қаупі бар.
Бреттон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда (саммитте) әсер етілетін байланған валюталық нарық жүйесі туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келеңсіз өсерін жоятын жүйе болуы керек. Ол конференцияда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.
Бұл жүйенің пайда болуына не әсер етті? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға (ақшаның құнсыздануына) ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, а және б елдері бар және а елі өз валютасының құнын б елінің валютасына қарағаңда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті. Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде а және б елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін а елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Соңдықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты -- дүние жүзіндегі валюта нарығының тұрақтылығын сақтау болды. Әр ел өзінің ұлттық валютасын алтынмен немесе доллармен бағалап, оның тұрақтылығын сақтауға міндетті болды. Нарықды ХВҚ-ның рұқсатынсыз (10%-ға ғана) өзгертуге мүмкіндік берілді. Валюта нарығын өзгертпей ұстауға алтынның немесе басқа да қордың болуы қажет. Себебі теріс баланс кезінде елдің шетел валютасына қажеттілігі 66-суреттен көріп отырғанымыздай АВ кесіндісін құрайды. Сол кесіндіні толтыру, яғни валютаны қалыпы нарықда ұстау келесі көздерден жүргізіледі:
Қорлар. Алдыңғы жылдарда қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;
Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына сатып, оны өз елінің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;
ХВҚ-дан қарыз aлy. Бреттон-Вуд валюталық жүйесіне енген әр ел өзінің ЖҮӨ-іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем жасап тұруы келісілген еді. Сол төлемдерден жиналған қордан әр ел өзіне
қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс қалыптастырады.
Бұл жүйенің кемшілігі бар. Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.
Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта нарығын қамтамасыз етіп, әлемдік сауданы ынталаңдырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта нарығын тұрақты ұстап тұруда қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.
Бұл жүйе неге жойылып кетті? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
Алтынның үлкен қорын құрап алды.
Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты нарықмен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан да доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігін жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971 ж. 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.
3. Бұл жүйені реттеулі ауытқулы валюта нарығы деп атаған дұрыс болады. Қалыпты валюта нарығын кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясатын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі нарықды реттеуді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артыкшылық пайда болмауы үшін әдетте нарықға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде Бреттон-Вуд жүйесіне қарағанда нарық ауытқулары айқын көрінеді (67-сурет). Бірақ азын-аулақ болып тұратын ауытқулар елдің сауда қатынастарына кедергі жасайды. Сондықтан да Орталық банк анда-санда шетел валютасын сатып алып, оны ішкі нарықта сатады. Екі мысал келтірейік:

1987 жылғы Үлкен жетілік интервенциясы (басқыншылығы). 1987 ж. АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада елдері долларды тұрақтандыруға келісім жасасады. Америкада байқалған көпжылдық теріс сальдоның салдарынан доллардың құны төмендеп, дамыған елдердің экономикасына кері әсер етеді деп танылып, дамыған елдер оны сатып алуға яғни қосымша сұраныс тудыруға келісті.
2. 1994 жылгы интервенция. 1994 жылы доллардың құны көп жылғы теріс сальдо әсерінен төмендеді. Бағалы қағаздарды инвестициялауға басқа елдердегі доллардың сатылуы да әсер етті. Оны шешу үшін АҚШ-тың қарамағындағы 16 Орталық банктердің долларды сатып алуы көзделіп, іске асырылды. Бұндай әрекеттің нәтижесінде доллардың арзандау қарқыны төмендеді.
Шындығында бұл жүйе жоғарыдағы мысалдардан да күрделі әдістермен жүргізіледі. Оның жақтаушылары да, қарсыластары да бар.
Жақтаушыларының келтіретін дәлелі:
сауда көлемінің өсуі. Бұл жүйе кезінде сауда нақты көлемінің өсуі байқалды;
келеңсіз жағдайлардың басқарылуы. Экономикалық қиыншылықтарды өткізу жеңілденді.
Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерін айтуда:
ауыспалылықпен бейімделу. Валюта нарығы экономикалық көрсеткіштер бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отырды;
жүйелі еместігі. Белгіленген нормалардың болмауынан әр ел нарықды өзгерту туралы шешім қабылдайды.
Сонымен бұл жүйе қазіргі кездегі қолданылып келе жатқан бірден-бір жүйе.
Жоғарыда айтылған нарық қалыптастыру түрлеріне байланысты мемлекеттің саясаты мен әрекеттері де әр түрлі болады. Төмендегідей негізгі түсініктерді білу қажет.
Экономикадағы бұл түсініктердің қолданылуын қарастырайық.
1. Ақша мен валюта нарығының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
Ақша нарығындағы тепе-тендік формуласы:
MD=(PQ)(V(i))=M (2.1.)
Мұнда: MD -- ақшаға деген сұраныс; Р - баға; Q -- көлем. V(i) -- ақша айналымының жылдамдығы; пайыз мөлшерлемесі (і)-ге тәуелді. М -- ақша ұсынысы. Сатып алу мүмкіндігінің паритеті тендеуі:
Р = ЕР* (2.2)
Мұнда: Р -- ішкі баға; Е -- нарық; Р* -- сыртқы нарықтағы шетел валютасымен көрсетілген баға.
Пайыздық төрелік жүргізушінің (арбитраждың) қарапайым формуласы:
1 + і = (Е+1Е)*(1 + і*) (2.3)
Мұнда: і(і*) -- елдегі (шетелдегі) пайыздық мөлшерлеме;
Е+1 -- келесі кезендегі нарық. Мына формуланы табамыз:
MV(i)=EP*Q (2.4)
Бұл формуланың графигі 67-суретте берілген. Көріп отырғанымыздай Е-нің өсуі М-нің өсуіне әкеледі, ал керісінше төмендеуі М-нің де төмендеуіне соқтырады. Бұл формуланы валюта нарық жүйесіне байланысты түрлендіруге болады. Мысалы, тағайындалатын валюта нарық жүйесінде бізге Е-ге байланысты М-нің мәнін табу керек. Яғни:
M = ((EP*Q)V(i))
Ал нарық еркін тағайындалатын болса, бізге М-ге байланысты Е-нің мәнін табу керек. Яғни:
E = ((MV(i))(P*Q))
Басқаша айтқанда, нарықды Орталық банк белгілеген жағдайда Е экзогенді айнымалы шама болып Орталық банктің тағайындауымен анықталады, ал М болса экономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін тағайындалатын жағдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.
2. Тағайындалатын және еркін айналымдагы нарық кезіндегі ақша саясаты.
а) Тағайындалатын нарық кезінде Е-ні Орталық банк тағайындап, оның арзандауына кедергі жасауға тырысады. Сол мақсатта ол өзінің валюта қорын сата бастайды. Ол бұл әрекетті М-нің бастапқы қалпына келгенге дейін жасауы керек. Ең соңында Орталық банк алғашқы М-нан ауытқу көлеміне тең мөлшерде валюта сатуға мәжбүр болады.
Е(В*с-В*с-1) = - (Dgc- Dgc-1)
М9нда: В* -- валюта қорының мөлшері;
Dgc -- Орталық банктегі мемлекеттік облигациялар мөлшері.
ә) Уақыт өткеннен соң Орталық банк өзінің валюта қорының азайғандығын, ал ішкі облигациялардың керісінше көбейгендігін байқайды. Б9ған қоса ақша базасының (Мһ) өзгермелігі анықталады:
Мһ - Мһ-1 = (Dgc- Dgc-1)+ Е (В *с -В *с-1) = 0

Сонымен жоғарыдағыдан анықтағанымыз Орталық банк ақша мөлшеріне әсер ете алмайды, яғни М эндогенді.
Бұл жерде алмастыру коэффициенті (ОС) түсінігін аша кету керек. Ол Орталық банктің облигациялар мөлшеріне кетірген валюта мөлшерінің қатынасын анықтайды. Оның қысқаша формуласы:
OC = -(E(В *с -В *с-1) ( Dgc- Dgc-1))
Біз қарастырған формулада оның мәні 1-ге тең. Ал әдетте оның мәні -- 1 мен 0 аралығында жатады. Себебі капиталдың әлемдік қозғалысына шынында көптеген кедергілер бар.

1.3. Валюталық жүйе және оның түрлері

Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген . Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банкетр арқылы халықаралық есеп айырысулар жуйелері дами түсті .
Халықаралық валюталық халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырды. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына , саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуеді болып келеді. Сыртқа экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді .
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айрысулады , валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайнда ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен текникадеңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да ,бұл влюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді . Халықаралық влюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді. Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық влюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетарлық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
-Ұлттық валюталық жүйе.
- Дүниежүзілік валюталық жүйе.
- Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйе - бұл халақаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісім шарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтардың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері

Ұлттық валюталық жүйе
Дүниежүзілк валюталық жүйе

1) Ұлттық валюта

1) Резервтік валюталар

2) Ұлттық валютаның алмастырылу шарты

2) Валюталық өзара алмастырылу шарты

3) Ұлттық валюта паритеті

3) Валюталық паритеттерінің ортақ режимі

4) Ұлттық валюта бағамының режимі

4) Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы

5) валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы

5) Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу
Ұлттық валюталық жүйе
Дүниежүзілк валюталық жүйе

6) Елдің халықаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу

6) Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламеттеу

7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы

8) Елдің халықаралық есеп айрысуларын регламенттеу

8) Халықаралық есеп айрысудың негізгі формаларының біртұтастығы

9) Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

9) Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі

10) Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары

10) Мемлекетаралық валюталық реттеуді жұзеге асыраты халықаралық ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік жүйе төңірегінде құрылады . Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) - бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұймдастырылу - экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет - валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді. Егер де ұлтық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне ,алдүниежүзілікі валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халқаралық есептеу бірлітеріне негізделеді .
Резервтік валюта- бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтада негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағымын анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағымын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резер құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін аустырылатын ұлттық валюталары.
Валюта- бұл бірішіден , сол елдің ақша белгілері ; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері ; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро ) .
Валюталық бағам-бір елдің ақша бірлінің екенші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы .
Валюталық бағамның қажеттігі :
1) таурлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды . Импортер ұлттық валютасын шетелдер тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3) фирмалардың және банкетерді шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының бағамы төмен болады . Ақшаның инфляциялық құнсыздануы , ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта нарығы туралы түсінік
Нарық және иерархия
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
Халықаралық валюта және несие-қаржы нарықтары
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы
Қаржы валюта нарығы
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан экономикасынығ нарықтық экономикасы
Валюта – дербес экономикалық категория ретінде
Валюталық бағам түсінігі
Пәндер