Дәнді дақылдарды жинау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе.
1.1 Дәнді бұршақ дақылдары.
II Негізгі бөлім.
2.1 Асбұршақ тұқымы.
2.2 Ноғаттық және ноқат дақылдары.
2.3 Май бұршақ.
2.4 Атбас бұршақ.
2.5 Дәнді дақылдарды жинау.
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Дәнді бұршақ дақылдары.

Құрамындағы белок мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге
пара – пар келетін дақыл жоқ, олардың тұқымдарында дәнді дақылдарға
қарағанда белок 1,5 – 3 есе артық – асбұршақта 20,4- 35,7% ноқатта – 22-
31, сиырбұршақта 22,3 – 37,8, майбұршақта – 27 -50 %. Бұршақ
өсімдіктерінің белогы толық бағалы және жоғары сапалы, өйткені
олардың құрамына амин қышқылдарының жеңіл еритын фракциялары –
тирозин, триптофан, лизин кіреді.
Ғылыми мекемелердің деректеріне сүйене отырып мынадай қорытынды
жасауға болады.Қазақстанның солтүстік обылыстарында өсіруге ең
жарамды асбұршақ, Қарағанды, Жезқазған, Торғай мен Целиноград
облыстарының оңтүстігінде суармайтын жерлер үшін ноғаттық пен ноқат,
ал суармалы жерлерге – ноғаттық пен асбұршақ жарамды. Қуаңшылдық
аудандар да тұрақты өнімді қуаңшылыққа төзімді дәнді бұршақтарды –
ноқат пен ноғаттықты өсіруге болады. Дәнді бұршақ дақылдарының
орташа өнімі 9,0 ц\га шамасында.

Асбұршақ тұқымы.
Асбұршақтың тұқымында 20 – 36% белок, 52% дейін азотсыз
экстактивті заттар ( АЭЗ ), 1,5 % клетчатка және 2 % күл бар. Солтүстік
Қазақстанда аудандастырылған ас бұршақтың сорттарында 24 – 27% белок
болады. Ас бұршақ азық – түлік және жемшөпке пайдаланылады, сұлы және
басқа бір жылдық дақылдармен араластырылып пішен, көк балауса,
пішендеме және витаминді шөп ұнын алуға өсіреді.
Ас бұршақ егістігінің көлемі Қазақстанда 100,0 мың га
аттығырақ, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстарында жыл сайын 10
– 25 мың га жерге себіледі, орташа өнімі 9,0 ц\га шамасында, ал әр
жылдары 4 центнерден 12 ц-ге дейін өзгереді. Солтүстік Қазақстан
жағдайында бұл дақыл жоғары өнім бере алады. Бүкіл одақтың астық
шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ( БАШҒЗИ ) және сот сынау
учаскелердің деректеріне қарағанда ас бұршақтың өнімі 14 – 20,0 ц\га,
бұл арна өнімінен 1,5 – 2,0 п\га жоғары, ал протеин шығыны арнамен
салыстырғанда 2 – 3 есе көп болады.
Ас бұршақ бір жылдың жаздық, алайда қысқы жылы болғанда
Оңтүстік аудандарда оның, қыстайтын формаларын күзде себу жолымен
өсіруге болады. Екі түрі өсіріледі: егістік ас бұршақ, гүлі ақ және
тұқымы бір түсті және далалық ас бұршақ гүлі қызғылт – көкшіл,
тұқымы қоңыр, кейде сепкіл түсті.Далалық ас бұршақ сабағының
айналасында жанама жапырақтың қуысында өсімдіктің алғашқы өсуі
кезінде анық көрінетін қызыл дақ болады. Далалық ас бұршақтың жем
азықтық және зор, оны құнарсыз топырақтарда да өсіруге қуаңшылдық
жылдары да жақсы астық және көк балауса өнімін алуға болады.
Егістік ас бұршақта ол арамшөп болып табылады. Далалық ас бұршақ
қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен ноғатық пен егістік ас бұршақтың
аудандастырылған сорттарының арасынын орын алады.Ыстық әрі құрғақ
күндері оның ( жапырақ саңылауы ) тыныс тесігі ерте жабылады және
ұзақ уақыт жабылып тұрады да – транспирапциясының күшеюіне жол
бермейді.
Сорттардың сипаттамасы. Неосыпающийся. 1 – Луган – МАТС-да
шығарылған. Эвадукум түршесіәне жатады.Сабағының ұзындығы орташа ( 67
– 83 см ) , түйін аралығының саны 14 – 22. 1000 тұқымның массасы 180
– 240 г, белок мөлшері 23 - 25% . Орташа мерзімде пісетін сорт.
Шашылып қалмауға өте төзімді. Қостанай, Көкшетау және Солтүстік
Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Романский 77. Қант қызылшасы. Бүкіл Ресейлік ҒЗИ-да шығарылған.
Вульгатум түршесіне жатады. Сабағының ұзындығы 60 – 80 см, түйін
аралық саны 12 – 18. 1000 тұқымның массасы 220 – 240, белок мөлшері
22 – 25%. Сорт орташа мершімде піседі. Солтүстік Қазақстан
облыстарында аудандастырылған.
Қан ( Дружный ) – Краснояр АҒЗИ-да шығарылған, сорт орташа
мерзімде піседі.Целинаград облысында аудандастырылған.
Таловец 55 – Оңтүстік Қазақстан белдеуі АШҒЗИ-да шығарылған. Сорт
орташа мерзімде піседі.Целинаград облысында аудандастырылған.
Ас бұршақты өсіргенде мал азықтық бағытындағы сорттар да
пайдаланылады.
Донбасс – Луган МАТС-да шығарылған. Эквадукум түршесіне
жатады.Өсімдіктері түйін аралықтарының саны 20 – 302 жететін биіктігі
100 см дейін сабақ қалыптастырылады. Жапырақтануы 37 - 64 %. 1000
санының массасы 219 – 218г. Орташадан кештеу пісетін сорт. Қуаңшылыққа
төзімділігі ортадан жоғары. Солтүстік Қазақстан облыстарында
аудандастырылған.
Карабалыкский укосный – Қарабалық МАТС-да шығарылған .Вульгатум
түршесіне жатады. Өсімдіктері жалпы түйін аралық саны 13 – 22 жететін
биіктігі 90см сабақ қалыптастырады. 1000 тұқымның массасы 103 – 109г.
Сорт кеш піседі.Қостанай, Целиноград облыстарында аудандастырылған .
Зерноградский – Дон АГЗИ-да шығарылған. Вульгатум түршесіне
жатады.Сабағы жасыл, биіктігі 10см -ден жоғары.Түйін аралығы 22 – 24 .
1000 тұқымның массасы 176г протеин мөлшері вегетативтік массасының
құрғақ затында 24 % дейін Көкшетау облыстарында аудандастырылған.
Харьковский Усатый – Украин өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-да
шығарылған. Мұртты және биік түршесіне жатады.Сабағы жасыл биіктігі
120 – 130см, түйін аралығы 28 – 30 дейін. 1000 тұқымының массасы 170
-177 г. Сарт ортадан кеш піседі.Вегетативтік массасының құрғақ
затындағы белок 23 % дейін.Целиноград, Қостанай облыстарында
аудандастырылған.
Биологияляқ ерекшеліктері. Ас бұршақ суыққа төзімді және ылғал
сүйгіш дақыл. Тұқым +1-2 градус жылылықта өне бастайды.Тәуліктің орташа
жылылығы +4-5 градус болғанда ас бұршақ 20 – 25 күнде көктеп
шығады, температура +10-12 градус болғанда бұл кезең 10 – 12 күнге
дейін ал +15 градуста - 7 – 8 күнге дейін қысқарады. Солтүстік
Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибие станциясының деректерінде тәуліктің
орташа температурасы +10-6 градус болғанда бұршақ тұқымының өркені
15-ші күні, +77,7градус температурада 10 күнде көктеп шыққан. Сонымен
ас бұршақ үшін биологиялық минимум +4-5 градус деп есептеледі, ал
максимумы – 35 градус.
Генеративтік органдардың қалыптасуы мен гүлденуі +6-7 градус
орташа тәуліктің температурада және күндізгі максимальды
температурада +18-20 градус болғанда жүзеге асады.
Олардың қалыптасуына ең қолайлы температура +16-20 градус
бұршағының жектіліп, тұқымының толысу үшін +22-16 градус қолайлы, +26
градустан жоғары температура өсімдікке зиянды әсер етеді, өнімнің
азаюы мен оның сапасының төмендеуіне әкеп соғады. Бұршақтың сортына
байланысты толық пісуіне қажетті тәуліктік орта температура
жиаынтығы 1100-1700 градус болуға тиіс. Орташа мерзімде пісетін
сорттарға қажетті температура жиынтығы 1300 – 1400 градус. Солтүстік
Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясының көрсеткішінде ( Бенц
В.А 1976 ) ортадан ерте пісетін Торстаг сортына көктеп шыққаннан
піскенге дейін 1210 – 1287 градус жылылық қажет, әр жылдалдағы
өзгеруі 1062 градустан 1404 градусқа дейін болды, орташа мерзімде
пісетін Омский сорты үшін 1461 – 1053 градус, Целиноград облысы
жағдайында орташа мерзімде пісетін Виктория Штрубе сортында 1500-
1700, Павлодар облысы жағдайында кеш пісетін Уладовский 208 сортында
-1387 – 1564 градуста болады. Ас бұршақтың өркендері 4 – 6, тіпті 8
градус бозқырауды көтереді.Бозқырауға ең төзімдісі далалық асбұршақ,
ол 12 градуска дейінгі бозкырауға шыдайды. Орта Азия мен Закавказьяда
бұршақтың кыстайтын сорттарын себеді, олар – 22 градуска дейінгі
аязға шыдайды. Бұршақ – ұзақ күннің өсімдігі.
Ас бұршақтың тұқымы бөрту кезінде өзінің салмағының 100 – 110
мөлшерінде ылғал сіңіреді. Алайда бөрту үшін өз салмағының 66 %
мөлшеріндей ылғал қажет өтетін сорттары да бар . Бөртуіне қажетті
ылғал мөлшері тұқым қабығының қалдығына, тұқым ірілігіне, олардың
биологиялық құрамына байланысты. Өсімдік әсіресе шашақтану - гүлдену
кезеңдерін де ылғалды көп тілейді. Бұл кезеңде бұршақ өнімді
жеделдете құрайдй, ылғал жетімсіздігі өсімдіктердің тозаңдатуы мен
астық өніміне әсерін тигізеді. Ас бұршақтың гүлдену кезеңі
созылынқы және себу мерзіміне байланысты маусымның аяғы – шілденің
бірінші жартысында басталады. Транспирациялық коэффициенті орта
есеппен 400-450, ауытқуы 300 - ден 600 - ға дейін Қазақстан ауыл
шаруашылық тәжірибелерінде ( Бенц В. А., 1976) супайдалану
коэффициенті 1ц құрғақ затқа есептегенде 39,4 т су сіңірген. Өсіп -
өну кезеңінде ас бұршақтың әр гектары орта есеппен жеті жылға
1652 т су сіңірген. Тұқым себілгеннен кейін алғашқы 20 кенде барлық
ылғалдың 18 % жуығын пайдаланса, кейінгі 30 кунде 56 %
пайдаланған. Ас бұршақ – ылғал сүйгіш
дақыл, алайда ол қуаңшылықты аудандарда да өсіп – жетіле алады, бұл
оның жақсы дамыған тамыр жүйесіне байланысты. Өсіп - өну кезеңінде
130 – 140мм ылғал мөлшері болса тәп тәуір өнім алады. Мұның өзі
асбұошақты Солтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында өсіруге
болатындығын тағы да дәлелдейді.
Ас бұршақ өсімдігі тез өседі. Көктеп шығып гүлденуіне дейін
асбұршақтың көптеген сорттарына 30 – 40 күн қажет . Өсімдік төменгі
қабаттан бастап гүлдейді . Ерте пісетін сорттардың алғашқы гүлдері 7
– 10 жапырақтың қуысында, орташа пісетін сорттардың гүлдері. 11 – 15
жапырақтың қуысында, ал кеш пісетін сорттардың гүлдері 18 – 20
жапырақтың қуысында қалыптасады. Төменгі қабаттағы бұршақ піскен мен
өсімдіктің өсуі жалғаса беруі мүмкін.
Ең жақсысы бұршаққа жеткілікті мөлшерде фосфор калий және
ізбесі бар саздақ және құмдақ топырақтар. Құмды, сортаң ,
батпақтанған, қышқыл топырақ ас бұршақ өсіруге жарамсыз. Ең қолайлы
топырақ РН – 6,7 – 7,0, бұларда түйнекті бактериялар белсенділігі
жоғары.Асбұршақ қара қоңыр топырақта жақсы өсіп дамиды.
Агротехника ерекшеліктері. Солтүстік Қазақстанда асбұршақты дәнді
– парлы ауыспалы егісінде пардан кейінгі бидайдан сон екінші үшінші
дақыл ретінде орналастырады. Өз тарапынан асбұршақ бидайға жақсы
алғы дақыл болады.Оны бұршақ тұқымдас өсімдіктерден және бұршақтан
кейін себуге болмайды.
Ас бұршаққа топырақты қайырмасыз құралмен өндірген жөн. Себу
алдындағы топырақ өңдеу бидайға дайындалатын технологияға ұқсас. АС
бұршақ фосфор тыңайтқыштарын жақсы қабылдайды, алайда әр бір
жекелеген жағдайда тыңайтқыш енгізу нормасын есептеу жолымен
анықтаған жөн.
Ас бұршақты еліміздің көптеген аудандарында жаздық бидайдан
ертерек сепкен дұрыс, өйткені бұл мерзімде тұқым ылғалмен жақсы
қамтамасыз етіледі.
Ас бұршақтың ылғалға деген қиын қыстау кезеңі ( генеративтік
органдардың қалыптасуы.) ерте мерзімде себілгенде және көпшілік
жылдары Солтүстік Қазақстанда мамырдың аяғы – маусымның басында
мамырдың үшінші он күндігінің басына қарай жылжытса, онда
генеративтік органдарының қалыптасу мерзімі кейінірек ығысады да
жазда түсетін мол ылғалға сәйкес келеді. Сондықтан аймақта орташа
мерзімде пісе тін және ортадан кештеу пісетін сорттарын мамыр
айының екінші он күндігінің соңы – үшінші он күннің басында себу
қажет деп қорытынды жасауға болады.
Cолтүстік Қазақыстан облыстарында қатардагы әдіспен сепкенде 0,8-
1,0 мли га өнгіш тұқымды және тарқатарлап сепкенде 1,2 мли га
өнгіш тұқымды ең қолайлы себу нормасы деп есептеу керек. Кейде
асбұршақты астыққа өсіргенде жапырылып қалмауға сүйеуіш дақылдармен
сұлы, арпа, бидаймен – 1:3 ара қатынасымен араластырып себуді ұсынады.
Көпшілік жағдайда бұл шара тиісті нәтиже бермейді де ас бұршақтың
өнімі төмендеп кетеді. Cолтүстік Қазақыстан ауылшаруашылық тәжірибе
станциясының көрсеткішінде таза жетістікте оның өнімі 12,8-13,3
цға, аралас егістікте -1,4-3,0 цға болды да тұқымның көбею
коэффиценті түйісінше 10,6-11,1 және 2,7-6,0 болған. Тұқымды 6-8 см
тереңдікке сіңіреді, ал топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде және
көктем құрғақ болғанда тұқымды 10-12 см дейін сіңіру қажет. Себуді
аяқтасымен егістікті тығыздайды.
Ас бұршақ, сиыр бұршақ, ноғаттық егістіктерінде бір жылдық астық
тұқымдас арамшөпке қарсы линурон және прометрин гербицидәің
пайдалану жақсы нәтиже береді.Қуаңшылық аймақта бұл гербицидті
топыраққа ас бұршақты сепкенге дейін енгізу керек, ылғал мол
болғанда оларды дәл себер алдында немесе себуді бітірісімен топырақ
бетіне шашады.
Гербицидті топыраққа енгізу нормасы ас бұршақ егістігінде 1,5-3,0
кг ға сиыр бұршақта -1,5 ноғаттықта 1,5-2,5 кгға, дәнді бұршақ
дақылдары егістігінде нормасы 1,5 кгға, арамшөптен жоғары дәрежеде
ластанғанда оның нормасы 2,0-2,5кгға дейін көбейтіледі.Ас бұршақ
егістігі қос жарнақты арамшөппен ластағанда 2М-4Х гербицидінің 2-3
кгға нормасымен ас бұршақтың 4-6 жапырақ кезеңінде өңдейді, ал бір
жылдық астық тұқымдас арамшөпке қарсы трихлорацетаты 4,5-нан 12,5
кгға дейін нормасымен қолданылады.Гүлдену кезеңінде далалық ас
бұршақпен сиыр бұршақ кездессе оларды жұлып тастау қажет.
Егін жинауға ылғалы жеткіліксіз және тұрақсыз ылғалдану
аймақтарында бұршақтың 60-70% ылғалы жеткілікті аймақтарда 85 %
дейін піскенде кіріседі.
Дәстеге шабуға әр түрлі алқымды арнаулы дәнді бұршақ
жатқаларын ( ЖБА-3,5 түріндегі ) пайдаланады.

Ноғаттық жене ноқат дақылдары.
Ноғаттық – қуаңшылыққа өте төзімді дәнді бұршақ дақылы.Оны
қуаңшылық аудандарда астыққа, көк балаусаға және пішінге өсіреді,
мұндай жағдайда ас бұршақты толықтырады.
Ноғаттық пішінінде 10-11 % қорытылатын белок тұқымында 26-30%
белок болады. Ноғаттық тұқымы +2-3 градуқа жылылықта өне
бастайды.Оның өсіп-өну кезеңі 70-120 күн. Ерте пісетін сорттарына
қажетті белсенді температура жиынтығы 1400 – 1500 градусқа орташа
мерзімді пісетіндерінде 1600 – 1700 градусқа, кеш пісетін сорттарында
2000 – 2450 градусқа. Ноғаттық топырақ талғамайды, тіпті жеңіл құмдақ
топырақта да өсе береді. Тот және басқа аурулармен аз залалданады.
Егістік ноғаттық қуаңшылыққа төзімді дәнді бұршақ дақылдарының
бірі. Көкшетау облысы жағдайларында, соңғы жылдағы зерттеулер мен
өндірістік сынау көрсеткендей ( Можаев Н.И., Решновеский С.В., 1986 ),
ноғаттық ас бұршаққа тамаша толлықтырма және астықпен пішінге
өсіруге болады. Алайда Солтүстік Қазақстанда ноғаттықтың
аудандастырылған сорттары жоқ. Шаруашылықтарда өнімділігі жөнінен
басқа дәнді бұршақтар мен салыстыру үшін Ақтөбе мен Семей
облыстарында аудандастырылған Степная 287, Кенельская 7 сорттарын
пайдалануға болады. Решновецкий С.Б деректеріне қарағанда Көкшетау
облысы жағдайында жүргізілген тәжірибелерде Чигла сорты өзін жақсы
жағынан көрсетті.
Ауыспалы егісте астыққа өсіргенде ноғаттықты дәнді дақылдан
кейін орналастырады, жаздық дақылдарға оның өзі жақсы алғы дақыл.
Алғы дақылдарға ноғаттықтың талғамы зор. Көк балаусаға немесе
пішенге өзгергенде ноғаттықты ферма маңы ауыспалы егісінде
орналастырады, дәнді парлы ауыспалы егісінде пардан кейінгі үшінші –
төртінші дақыл етіп отамалы дақылдардан кейін орналастыруға
болады.Топырақ өңдеу ас бұршақ егістігіне ұқсас жүргізіледі.
Тұқымға өсіргенде ең қолайлы себу мерзімі - мүмкіндігінше ерте
мал азығына - мамырдың аяғы – маусымның басы. Қатардағы әдіспен
гектарына 0,7-0,8 млн. өңгіш тұқым ( 150-170 кгға ) сепкенде барынша
мол өнім жиналады.Тұқым сіңіру өнімділігі қалыпты жағдайда 6-8 см, ал
қуаңшылықты жылдары, 8см дейін тереңдетіледі.
Ноқат - азық – түліктік және жемазықтық дақыл - тұқымында көп
мөлшерде белог ( 22-31%), май ( 4,1 -7,2 %), жане азотсыз экстративтік
заттар ( 47 -60 %) бар. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған ноқат
сорттарының тұқымында 24 – 27% белок болады. Ноқат сабағын көмкеріп
тұратын талшықтарда сүт қымыздық қышқылы болғандықтан оның көк
балаусасын малға тікелей жемшөп ретінде пайдаланбайды, тек
ұсақталган күйінде кәдеге жаратылады .
Ноқаттың басты бағалы қасиеті оның қуаңшылыққа төзімділігі.
Қазақстанның мал шаруашылықты аудандары үшін ол бағалы дақыл.
Қуаншылыққа - ең төзімді дәнді бұршақ дақыл ретінде ноқат
Целиноград облысының оңтүстік бөлігі, Қарағанды, Торгай, Қостанай
және Павлодар облыстары үшін болашағы зор дақыл, өнімділігі жөнінін
барлық дәнді бұршақ дақылдарынан ол кеш ілгері тұрады.
Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Мәдени түрдегі өсімдігінің биіктігі 20 – 70см, сабағы берік,
жапырылмайді.Кіндік тамыры топыраққа терең бойлайды, гүлдері
жекелеген, ұсақ, әдетте ақ түсті. Жемісі -1-2 тұқымды қысқа, қампиған
бұршақ. Тұқымды домалақ сәл сүйір бұрыштанған, тұмсықты, қойдың немесе
жапалақтың басына ұқсас.Бұршағы жапырылмайды, топырақ бетінен 16 -
30см, биіктігі сабақ бойында орналасқан, бұл тұқымға жинауға жақсы
мүмкіндік жасайды.1000 тұқымның массасы 250-300г. Ас бұршақпен
салыстырғанда ноқаттың айтарлықтай артықшылығы бар: қуаңшылыққа
төзімдірек, сабағы жапырылмайды және бұршағы жарылмайды.
Сорттары. Кинельский 17 - Кинель МСС-да шығарылған, биіктігі 35-
60см өсімдік. 1000 тұқымның массасы 250-320г белок мөлшері 20% дейін.
Сорт орташа мерзімде піседі ,қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен
ерекшеленеді. Павлодан облысында аудандандастырылған.
Краснокутский 123 – Краснокут АСС – да шығарылған. Өсімдігінің
формасы бұталы, сабағының биіктігі 26-30 см . 1000 тұқымының массасы
256 -330 г, белогтығы 17,3- 23,3% бұршағының жарылып кетпеуіне
төзімділігі жоғары. Сорт орташа мерзімде піседі , қуаншылықта өте
төзімді. Костанай, Целиноград облыстарында аудандастырылған.
Юбилейный - Краснокут МСС - да шығарылған. Бұтасы жинақты,
тік өседі, өсімдік биіктігі 40 - 48 см, төменгі бұршағының беку
биіктігі 24 -27 см сорт орташа мерзімде піседі , қуаңшылыққа
төзімді, көктемгі бозқырауды жақсы көтереді. Костанай, Қарағанды
облыстарында аудандастырылған.
Волгоградский 10 - Волгоград АШИ – да шыгарылған .
Траанскауказика хардеум түршесіне жатады. Өсімдігі бұталы, биіктігі
45 -50 см . Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді.
1000 тұқымның массасы 227 -268 г, белок мөлшері 17 -26 % .
Целиноград облысында аудандастырылган.
Биологялық ерекшеліктері. Ноқат ас бұршаққа қарағанда
жылылықты, әсіресе гүлдену және пісу кезеңінде, көп тілейді. Ол
бозқырауға төзімді, өркендері - 6 градус бозқырауға үсімейді.
Тұқымдары + 3 – 4 градус температурада өне бастайды, қолайлы
температурада +16 -18 градус, егін кегі 9 – 10 күн дегенде пайда
болады. Гүлденген және дәнденген кезіндегі жылылық 20 градустан төмен
болмауы қажет. Өсіп - өну кезеңінің ұзақтыгы әртүрлі сорттарында 60
-120 күн, орташа мерзімде пісетін сорттарға қажетті белсенді
температураға жиынтығы 1500 -1700 градус. Қысқа мерзімді қуаңшылықты
өсімдік жеңіл көтереді, ол үшін қолайсызкезеңде ноқат өсіуін
тежейді, қалыпты жағдайда өсуін әрі қарай жалғастырады.
Басқа бұршақ тұқымдастарға қарағанда ноқат ауа қуаңшылығын
жеңіл көтереді, және зиянкестермен аз жарақаттанады. Оның топыраққа
талғамы жоғары: қара және қоңыр, топырақта жақсы өседі де, ашық –
қоңыр, әсіресе сортаң жерлерде нашар өседі. Тыңайиқыш енгізілгенде
жеңіл топырақтарда да жақсы өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық ору технологиялық процестері және олардың ауа райы климаттық жағдайлармен байланысы
Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар
Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау,сұрыптау, жинау және есептеу туралы ақпарат
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестері
Дәнді дақылдардың түрлері
Астық жинайтын комбайн түрлері
Жаздық бидайды өсіру технологиясы
Ауыспалы егісті жобалау
Күздік бидай өсіру
Пәндер