Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

РЕФЕРАТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Тарау. Банкілік қызметтің пайда болуы мен қалыптасу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..5
І.1. Банкілік қызмет мемлекеттік реттеудің обьектісі ретінде ... ...8
ІІ Тарау. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
ІІ.1. Коммерциялық банктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІ.2. Коммерциялық банктің мүлікік құқықтық жағдайы мен іс жүзіне
асыратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІ.3. Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті,
лицензиялаудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ІІ.4. Банктің ұйымдық құрлымы филиалдар мен өкілдіктердің
құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Нормативтік актілер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкерінің
құқықтық жағдайы” деген тақырыбқа арналған. Бітіру жұмысы екі тараудан,
қорындыдан тұрады. Бітіру жұмысын жазу барысында Қзақстан Республикасының
және шетел ғалымдарының монографиялық ғылыми еңбектерін сондай-ақ ақпарат
құралдар көздерінен материалдар қарастырылды. Бітіру жұмысының бірінші
тарауы банктің және банкілік қызметтің пайда блуы мен қалыптасу
ерекшеліктеріне сондай-ақ банкілік қызметтің мемлекеттік реттеудің
обьектісі ретіндегі мәселелер қарастырылды. Бітіру жұмысының екінші тарауы
екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы қарастырылады. Бұл тарауда
екінші деңгейдегі банктердің түрлеріне, олардың іс-жүзіне асыратын
операцияларына кең көлемде тоқталдық. Бітіру жұмысын жазу барысында осы
тақырыпқа байланысты өз деңгейінде қолданылды.

КІРІСПЕ.

Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз
ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады.
Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған
мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде
республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет
атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне
асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты
республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда
республикамызда 38 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олардың екеуі
мемлекеттік, біреуі мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып
табылады. Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде
ісжүзіне асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек.
Қазақстан Републикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты
жұмыс істеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Өйткені
президентіміз банк саласына орасан зор көңіл аударып Ұлттық Банкті ешқандай
мемлекеттік органдарға тәуелсіз қалыптасуына бар жағдай жасады. Екінші
деңгейдегі Банктердің құқықтық жағдайы конститутциямен және 1995 жылғы 30
наурыздағы Ұлттық Банк туралы, 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер және
банкілік қызмет туралы заңдармен сондай-ақ президенттің жарлықтарымен,
Ұлттық банктің нормативтік құқықық актілермен анықталынады. Осы
нормативтік құқықтық актілер бүгінгі таңдағы банк қызметтінің құқықтық
негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне
тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың
қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан
жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық,
айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша
капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын
білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан
Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда
кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің
бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде
конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар
болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның
Ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Ұлттық Банкі
өз құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді
қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал
Ұлттық Банк қызметін ҚР-нң Президенті қадағалайды, Ұлттық Банк президент
алдында есеп береді. ҚР-ның банк жүйесі ТМД мемлекеттерінің ішінде даму
қарқыны жағынан бірінші орында тұр. Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге
банкілік қызметті іс жүзіне асыру үшін лицензия беретін бірден-бір
мемлекеттік орган болып табылады. Банктер заң талаптарын орындамаған
жағдайда Ұлттық Банк олардан лицензияны қайтарып алуға құқылы.

І.Тарау. Банкілік қызметтің пайда болуы мен қалыптасу ерекшіліктері.
Банкілер дегеніміз- ақша қаржылары мен қорларды жинақтау, кредит беру,
ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгілі-бір түрін айналысқа жіберу, бағалы
қағаздар шығару және олармен операция жасау сияқты т.б қызмет атқаратын
экономикалық арнаулы институттар. Банк товар-ақша қатынастары негізінде
пайда болады да, оның әлеуметтік-экономикалық ролі қоғамдық формацияның
сипатымен анықталады. Банк ісінің кейбір белгілері құл иеленушілік және
феодалдық қоғамдарда бой көрсетеді. Орта ғасырда банк ісі ең алдымен
Солтүстік Италияның сауда өнеркәсіпті қалаларында дами бастады. "Банк" және
"Банкир" терминдерінің түбі "стол" мағынасын беретін итальян сөзінен
шыққан. Өйткені ақша айырбастаушылар мен өсімқорлар операцияларды стол
басында отырып жүргізген.
1929-33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін банк
жүйесінде мемлекеттің ролі барынша орта түсті. Буржуазиялық мемлекеттер
мақсатында Банк пен кредитті пайдалануға күш салды.
Банк саласында мемлекеттік меншік жоғары дәрежеде дами бастады.
Мемлекет Банк сияқты жеке меншіктік Банкте үкіметті, оның ішінде
олардың соғыс шығындарын қаржыландырудың көзіне айналды. Дамып келе жатқан
елдерде Банктің көптеген ерекшелігі бар. Бұрын бұл елдерде империалистік
елдердің банк монополияларды үстемдік етті. Қазір кейбір елдерде ұлттық
жеке меншіктік банк капиталдары дами бастады. Бұл елдерде мемлекеттің
Банкті өз қолына алуы оларды ұлт экономикасын өркендету мақсатына
пайдалануға жағдай туғызады.
Еліміз саяси тәуелділікті тоқсаныншы жылдардың басында алғанымен,
экономикалық-тәуелсіздік айналымға ұлттық валютамыз "теңге" кіргеннен
кейін ғана келгені белгілі.
Төл ақшамызды айналымға шығару Ұлттық банк жүйесін, несие және ақша,
қаржы жүйесін қайта құрудың іргетасы болды десек ешбір қателеспейміз.
Екіншіден тағы бір қиымдық банк жүйесін қайта құру елімізде жүзеге асырыла
бастаған басқа да реформалармен және нарыққа өту кезеңіндегі экономикадағы
толып жатқан қайшылықпен тұспа-тұс.
Мемлекет аймақтық саясат 2002 жылы реформалардың бірте-бірте аймақтық
деңгейге көшуін ескеріп атқарылатын болғандықтан,біртұтас банк жүйесі
кезеңінен-ақ кең тараған мемлекеттік банктердің бөлімшелері мәселесі өте
маңызды бола түспек.Банк бөлімшелері жөніндегі салмақты,сындарлы саясат кем
дегенде түрлі аймақтық болашағынан хабардар болуға мүмкіндік береді.
Банк бөлімшелерін дамытудың алғышарттары:
1. Банк өз операцияларын жүргізуде, түрлі салаларда жұмыс істеуге,
клиенттердің көп түрлі болуына ұмтылады.
2. Бөлімшелер жүйесі банктерге экономикалық тұрғыдан қаржы ресурастарын
тепе-тең бөлуге, ақшаның дұрыс айналымда болуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. Қаржы көп шоғырланған аудандардағы басы артық ақшаны
тез арада қаржы аз аудандарға таратуға жол ашады.
3. Жергілікті жерлерде бөлімшелері бар ірі шаруашылық ұйымдары құрылады. Ал
оларға сол жергіліктіжерде несие берген оңтайлы.
Жаңа бөлімшелер ашу мәселесіне келсек, ол мынадай жерлерде ашылғаны
жөн:
- тек банк бөлімшесі мекемесінің арқасында ғана айналымға түсіруге
болатын жергілікті қаражаттың болуы;
- Жергілікті деңгейдегі ірі 10-15 тен кем емес клиенттің болуы.
Қазақстан банкі жүйесінде қызмет ететін мамандардың интелектуалдық
потенциалы әзіргі нарықтық қатынасқа дейінгі деңгейде қалған жалпы
тұрғындардың негізгі бөлігінің дәл сондай потенциалынан жоғары. Сондықтан
банктер өз дамуының жолында клиенттерді өтіп жатқан процестердің аясына
тартып, олардың бойына жаңа мәдениетті сіңіреді.
Жинақ банктер Ассоциациясының тапсырысы бойынша 1992 жылы ТМД
Статкомитеті жүргізген ішінара зерттеу мәліметтеріне сәйкес ТМД-ның кейбір
мемлекеттерінде кәспкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған жиналымдар 0,2-
3% аралығында болған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш әрине өсе түседі деп
болжайды.
Енді Қазақстан халқына әлемдегі банктің көмгі туралы айтар болсақ,
бүкіл дүниежүзілік банктің өкілі Киоши Кодера үстіміздегі жылдың ішінде бір
апталық жұмыс сапарымен Қазақстанда болып, республика үкіметін арадағы
қарым-қатынастың кейбір мәселелерін шешті.
Банк өзінің атқаратын қызметіне қарай орталық эмиссиялық, коммерцилық,
инвестициялық, жинақ, арнаулы салаға бейімделген банк болып бөлінеді.
Банктің меншік формасы жағынан акционерлік, банкир үйлері,
кооперативтік, мемлекеттің араласуымен болатын аралас Банк, мемлекет аралық
сияқты түрлері бар.
Банк операциялары пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті
операциялар арқылы Банк кредит беру үшін, ресурстар құрайды, ал активті
операциялар арқылы осы ресурстарды пайда табу мақсатына пайдаланады.
Банк операциялары неғұрлым көлемді болса, оны жүргізуге кеткен шығын да
соғұрлым аз болады. Банктің шоғырлануы негізінен пайданың қорлануы арқылы
банкілердің мемлекеті капиталының өсуі түрінде іске асады. Мысалы: АҚШ-та
1900-1958 жылдарыаралығында банкілердің акционерлік капиталы 1 млрд $ 5,6
млрд $ дейін көбейді. Бәсеке күрестің барысында банкілердің өзара бірігуі
немесе бірін-бірі жалмап қоюы Банк шоғырлнуына жағдай жасайды. Мысалы 1900-
57 жылдары Англияда осындай жолмен банкілер саны 90-21 ге дейін кемиді.
Барлық капиталистік елдерде Банк шоғырлауында филиалдар санының өсуі орасан
зор роль атқарады. Мысалы 1952-1967 жылдары американ банкілерінің филиалдар
жүйесі 4 есе көбейді. Қазіргі кездегі Банк шоғырлануының ерекшелігі сол, ол
формальдық түрде дербес болып саналатын банкілердіңакцияларын сатып алу
немесе алмасу жолымен ірі банкілер тарапынан бақылау орнату арқылы іске
асырылады. Банк шоғырлануының мұндай түрі, әсіресе АҚШ-та тараған. Мысалы:
онда депозитті 40 млрд $ асатын 500 банкілі Холдинг-компаниялар бақылап
отыр. Банк шоғырлану процесі өз дамуның жоғары сатысында банк
монополияларын туғызады.

І. 1.Банкілік қызмет мемлекеттік реттеудің обьектісі ретінде.
Банкілік қызмет ”Банктертер және банкілік қызмет туралы” заңның 30-
бабында көрсетілгендей -”банкілік операцияларды және басқа да, заңда
көрсетілген, операцияларды іске асыру болып табылады.
Субьектілік прициптерге негізделе отырып, кез-келген операцияны банкілік
деп тануға болады, себебі банкілік операцияны басқа, банктер тағы, үйлерді
жалға алады, яғни банкілік операциялармен қатар, банктер басқа да іс-
әрекеттерді жүзеге асырады.
Екінші принципті ретінде пәндік принциптерді алуғаболады, және осы жерде
біз банкілік операцияның не екенін айтып кетуіміз керек.
Тікелей банкілік операцияға заңды анықтама берілмеген. Алайда ”Банктертер
және банкілік қызмет туралы” заңының 30-бабының 2-тармағында
көрсетілгендей, банкілік оаерацияларға клесілер жатады:
А) Заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
Б) Жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
В) Банкілермен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарынашу және жүргізу;
В-1 Осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақты саны
көрініс табатын жеке және заңды тұлғалардың метал шоттарын ашу және
жүргізу;
Г) Кассалық операциялар: банкноттармен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта
есептеу ұстау, айырбастау, сұрыптау қаттап буу және сақтау;
Д) Аудару операциялары: заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың ақшасын
аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
Е) есептеу операциялар: заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың вексельдері
мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
Ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес: ақшалай
түрде несие беру
З) жеке тұлғалармен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент
банктердің тапсырмасы мен олардың банктік шоттары бойынша есеп
айырсуларды жүзеге асыру;
И) сенім (трасталық) операциялар: сенім білдірілген адамның мүддесі үшін
және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және құнды
қағаздарды басқару;
К) клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру сорттау және
растау, сондай-ақ олардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және
клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
Л) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтармен үй-жайларды жалға
беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;
М) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды
және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;
Н) төлем карточкаларын шығару;
О) банкноттарды, мәнеттермен қазыналарды инкассациалау және басқа жақа
салып жіберу;
П) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
Р) төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;
С) чек кітапшаларын шығару;
Т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтік қызмет;
У) акредитивті ашу мен растау жіне ол бойынша міндеттемелерді орындау;
Ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдікиерін беру;
Х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл
болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру;
Жоғарыда аталған операциялар жүргізу үшін банкілерге және басқа заңды
тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк қана құқылы. Осы баптың 2-тармағында
аталғаннан басқа банкілер және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық банктің лицензиясы болған жағдайда мына
операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
А) қымбат тазартылған бағалы металлдарды(алтын, күміс, платина, платина
тобына жататын металдар) құйма күйнде, қымбат тазартылған бағалы
металдардан жасалған мәнеттерді, зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге
қабылдау, есепке алу,сақтау және сату;
Б) құрамында бағалы металдармен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып
алу, кепілге қабылдау есепке алу, сақтау және сату;
В) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау,
төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ
делдалдық тәртібімен ескертпелі вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
Д) лизинг қызметін жүзеге асыру;
Е) өз меншігінднгі бағалы қағаздарды эмиссиялау;
Ж) факторингтік(сауда-саттық) операциялар: тауарларды сатып алушының қырыз
міндеттемесін сатушыға айналым түспейтн жолмен вексель сатып алу арқылы
төлеу.
Жоғарыда көрсетілген, екінші топ көрініп тұрғандай басқа да ұйымдардың
құзыретіне кіреді. Сол себептен соларды тек банктік қызметіне,банктерге
жатқызуға болмайды.
Осы баптың 4-тармағында банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби
қызметінің мазмұны ашылып көрсетілген:
a) Мемлекеттік бағалы қағаздармен-делдалдық
b) Диллерлік- мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ осы заңда
көрсетілгендей өзге де бағалы қағаздармен
в) кастодиалдық;
г) клириенгтік түолерін жүзеге асыруға құқылы.Банктердің клирингтік
қызметті қоспағанда бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда
аталған бір немесе бірнеше бірлескен түрлерін жүзеге асыруына лицензияларды
Ұлттық банктің келісімімен уәкілетті орган береді: Банктер және банкілік
қызмет туралы”заңда ”Операция ” терминімен қатар ”Мәміле ”деген термин
қолданылады. Сонымен, енді осы екі терминдер арасындағы қарым-қатынасты
қарастырайық.
Тереңге үңілмей-ақ айта кетуіміз қажет, ”мәміле ”(келісім шарт) –бұл
тікелей юридикалық термин, ол ”банкілік операциялар ” түсінігі болса,
юридикалық мазмұнымен қатар экономикалық мазмұнына не болады. Сонымен қатар
банкілік операцияны құқықтық, юридикалық ұғымы ретінде мынадай түрде
көрсетілуі мүмкін: ”негізгі жасалатын іс-әрекеттер, яғни келісімдер, бір
жақты келісімдер, және де құқықтық қатынастарды жүзеге асыруға бағытталған
істер ”
Жоғарыда айтылғанға келетін болсақ, онда ”банкілік операциялар” үлкен
және кішігірім ұйымдарға байланысты болады.
Кең көлемде, үлкен ұғыммен қарастыратын болсақ, онда ол кез-келген
банктердің іс-әрекеттері, және де жоғарыдан белгілі болғандай субьектілерге
қарап операцияларды бөлуге өте қиын, сондықтан заң шығарушы органдар осыған
көп көңіл бөледі.
Сонымен мемлекет,мүмкін жалпы банктік операциялар анықтамасымен
байланысты болмаса да, банктерге шектеулер қояды.
Тар мағынада банк қызметін тікелей банк операцияларын іс жүзіне
асыруды айтамыз, яғни ”Банктертер жіне банкілік қызмет туралы”заңда
көрсетілгендей, фактілі және заңды немесе юридикалық әрекеттер. Аталған
әрекеттерді тек банктер іс жүзіне асыра алады.
Егер банк қызметін тұтас құбылыс ретінде қарастыратын болсақ, онда
оны анықталған банк операцияны жүргізу арқылы, ақша немесе басқа қаржы
құралдары арқылы, іске асатын банктік кәсіби қызметі деп айтуға болады, ал
ол сонымен қатар ҚР Ұлттық Банктің лицензиясына не болуы тиіс.
Негізіненбанк қызметін басқа кәсіби қызметтерден бөліп қарастыру
қажет, біріншіден, кәсіпкерліктің жалпы субьектілерден, осы ұйымдар тобы
үстімен мемлекеттік қадағалауды және реттеуді қамтамасыз ету үшін.
Кәсіпкерлік субьектілерден банктерді келесі белгілері, жағдайлары
айырады, олардың функциялары немесе қызметтері депозиттер алу, кредиттер
беру және мемлекеттегі төлем айпалымына жәрдем беру немесе қолғабыс.
Мемлекет өз тарапынан, жариялы түрде,банк статусын не болмаған заңды
тұлғаларға “банк” деп аталуына немесе өзін банк қызметімен айналысатын ұйым
деп атауға тыйым салады. Кез-келген банк операциясын жасауы үшін лицензияға
не болу керек, банкі болып табылмайтын кез-келген заңды тұлға кәсіби қызмет
негізінде лицензиясыз, негізінен, банк операцияларын (яғни “Банктер туралы”
заңның 30-бап 2-тармағына сәйкес) іс жүзіне асыра алмайды.
Сондай-ақ, банк операцияларын жүргізу үшін ҚР Ұлттық Банктің
лицензиясына ие болмаған заңды тұлғаларға, банк операциялар категориясына
кіретін қызметіне жарнама жасауға тыйым салынған.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
құқықтық жағдайы, ҚР Ұлттық Банктің лицензиясын алу тәртібі келесі
нормативті құқықтық актілерде белгіленген, мысалы, 1997 жылы 12 сәуір күні
Ұлттық Банкінің басқармасының қаулысымен бекітілген кредиттік серіктестік
туралы ережелер жиынтығы (положение); №221 1997 жылы 23 мамыр күні ҚР
Ұлттық Банкінің басқармасының қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржылық
ұйымдар туралы ережелер жиынтығы; 1995 жылы 16 қараша күні ҚР Ұлттық
Банкінің басқармасының қаулысымен бекітілген Ломбардтар туралы ережелер
жиынтығы.
Осыған байланысты келесі жағдайды айта кету қажет, соңғы жылдары әр
түрлі қаржы топтар, ұйымдар, халықтық ақталып тұтындыратын, бірақ банкі
болып табылмайтын ұйымдар саны көбее түсті. Халық өз ақталып тұтындырып
(көбінесе процестер арқылы немесеәр түрлі басқа мүліктік игіліктері
арқылы), аталған ұйымдар негізінен банк операцияларын жүзеге асырады; олар
кредиторлар сұранысып қанағаттандыру үшін жеткілікті жорғылық қорға ие
болмайды. Мысал ретінде келесі атақты ұйымдарды айта аламыз, ”МММ”,
”КонерИнвест” және тағы басқалары. Олардың қызметі пирамидалық принципті
негізінде салынған, басынан бастап көбінесе қылмыстық бетілеріне не болып
отырады. Халық мүдделерін қорғау тарапынан мемлекет аталған қызметке тыйым
салуы тиіс.
Реттеу қызметі-ол, А.М. Витченко айтуы бойынша, ”заңды құқықтардың
анықталуы және қатысушылар міндеттері, құқықтармен міндеттерін сақтауменен
байланысты, мемлекеттің қоғамдық қатынастарға әсер етуі” болып табылады.
Келесі жағдайда ұмытпауымыз керек, банк қызметтерінің мемлекеттік
реттелуі сол мемлекеттегі орын алып отыратын банкілік жүйе тегінде жүзеге
асырылады. Мемлекет нақты орын алған банк жүйесіне байланыстыбелгілі бір
құқықтармен қатысушыларды қамтамасыз етеді және міндеттерді анықтады.
Банк жүйесінің салынуына байланысты келесі үш моделін немесе түрін
бөліп қарастыруға болады:
1. Мемлекеттік моделі;
2. Мемлекеттік емес моделі;
3. Аралас моделі;
Бірінші банкілік жүйенің моделіне мысал ретінде Совет Ресейдің
революциядағыкетіп 1920 жылдар аралығы қамтитын мерзімін қарастыра аламыз
1917 жылы 14 желтоқсан күні қабылданған Орталық Атқару Комитетінің
банктерді ұлттандыру туралы Декреті бойынша, ”халықтық ауыл-шаруашылығының
дұрыс ұйымдары үшін, банк спекуляциясына жол бермеуі үшін және
дүниежүзіндегі жұмысшылар және крестиандар және барлық еңбек етуіхалықты
банк капиталының эксплутациядан азат ету үшін, халық және кедей топтың
мүддесін қорғаушы Ресей Республикасының Халық банкін құру үшін,”бірінші
деп, банк ісін мемлекет монополиясы деп таныды, екіншіден, өз тарапына
декрет қосты, сондай-ақ таратылған банктердің активтерімен поссивтері Халық
банкіне көшті. Монополияны, яғни банк ісінің монополиясын, Мемлекеттік
банкі іс жүзіне асырады, кейін аты Халық банкіне ауыстырылуы.
Осыған сай келетін мемлекеттік моделі Совет Одағында отызыншы жылдарынан
бастап сексенінші жылдар соңына дейін болып отырған.
Жалпы, қорыта келіп мұндай банкілік жүйенің моделі орын алған кезінде
тек мемлекеттік банктер орын алуы;мысалы СССР мемлекеттік банкі мемлекет
тарапынан өз қызметін атқарып, билік етуін құзырына ие болған
Банкілік жүйенің екінші моделі жеке меншік банктерге негізделген.
Аталған банк жүйесінің моделі барлық мемлекеттерде орын алып отырған деп
айтуға болады, өйткені банкілік ісінің өзі жеке меншік қызметі ретінде
пайда болған немесе жеке меншік кәсіпкерлік деп те айтуға болады. Ал енді
банкілік жүйесінің үшінші моделіне келетін болсақ , қазіргі кезде аралас
моделі көп тараған болып келеді, яғни ондай моделі орын алған кезде
мемлекеттік және жкеменшік банктер болады. Мемлекеттік банктерді
мемлекеттік органдары болып табылады, жкек меншік банктердің үстінен билік
ету, реттеу құзыретіне ие, мемлекеттің ақша-кредиттік саясатын жүргізеді.
Жеке меншік банктерге келетін болсақ, олар кәсіпкерлік қызметінің
субьектілердің ерекше түрлері болады.
Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйесінің ерекшелігіне тоқталатын
болсақ, мемлекетімізде екі ҚР-ң орталық банкі болып табылады, және
республикадағы банкілік жүйесенің бірінші жоғарғы деңгейін құрайды.
Банкілік жүйенің бірінші деңгейіне келесі функциялары тән болуы қажет,
яғни кредиттік нарықты ұйымдастыру және ондағы кәсіби қызметін іс жүзіне
асыруға байланысты функциялары.
Банк қызметі кәсіпкерлік қызметінің түрлерінің бірі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметінің жалпы анықтамасы ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы
бөлімі, кодексі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған) 10-бабаында
көрсетілген. Ол бойынша: Меншік түріне қарамастан, азаматтардың және заңды
тұлғалардың инициативті қызметі-кәсіпкерлік.
Банк кез-кегген операцияларды жүргізген кезде, соның ішінде банк
операцияларының өздерін, біріншіден пайда табуды көздейді. Сол сияқты, банк
кредиттердің ақша тұрпатында берілген үшін сыйақының көлемін белгілейді,
банкілік кепілдіктермен қамтамасыз етеді, жеке және заңды тұлғалардың
атынан төлемдерін жүргізеді. Банк, өз кезегінде, өз атынан қызмет етеді.
Бірақ сонымен қатар банк қызметінің кәсіпкерліктің бір түрі
болғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктері орын алады, олар келесілер:
- банк қызмет ету борышында тек қана өзінің ақша мүлігін қолданады, яғни
қауіп белгілі бір көлемде оның қатысушыларына төледі;
- банк операцияларының іс жүзіне асырылуы мемлекеттік кредит-ақша саясат
жүргізіліуінің маңызды элементі, бөлігі болып табылады;
- банк қызметі ерекше құқықтық реттеу тәртібіне ие.
Банктердің кәсіпкерлік қызметінің қаупі қатысушыларына да тиуі мүмкін.
Енді осы мәселеге тоқталайық. Кез-келген жеке немесе заңды тұлға өз ақталып
банк-коммерцияның ұйымға тұтындырып болса, ол ақшасын банкке ендіріп,
халыққа көмек көрсету және пайда табу үшін қолданатын білуі тиіс. Кез-
келген жеке немесе заңды тұлға ақшалы банк қызметіне тұтындырып оның банк
операцияларын жүргізілу үшін пайдаланатынын білуі тиіс, мысалы, банкілік
ссудалары беру арқылы. Осы жағдайлар мен мәселелерді еске ала отырып жеке
немесе заңды тұлға өз ақшасын, әрине, жақсы, тұрақты банкке тұтындыратыны
дұрыс. Айта кету керек, ақшалар физикалық сақтау үшін берілмейді, яғни
белгілі бір пайда көлеміне ие болу үшін, осы жағдай банк төлемінің
мәселесін азаматтық-құқықтық сақтау мәшілдеп айыратыны мәлім. Міне,
сондықтан, біздің ойымызша, ақша жұмылдырушылары, қатысушылары алдап ала
банкінің кәсіпкерлік қызметінің қазіріне төндіріледі.
Айтылған мәселелер кәсіпкерлік қауіпі анықтамасымен нақтыландырылады,
яғни жұмылдырушы, банк қызметін қатысушы жоқ, тарап пайда таба алмауына,
ақтарып айырылу мүмкіндігіне көзі жетуі тиіс.
Осы тұрғыдан, біздің ойымызша, ”Банктер туралы” заңның-бап 2-тармақпенен
бекітілген ереже әділ болып табылады.
Көрсетілген ереже бойынша, мемлекет банктердің міндеттемелеріне жауап
ьермейді, тек қана егер мемлекет ондай жауапкерлікті өзіне алмаса немесе
мемлекеттік банктерге қатысты мемлекет жарғылық қорға тұтындырып мүмкін
көлемінде жауап береді.
Жалпы осы жұмыстың келесі бөлім, тарауларында біздің банкілік қызметі
қоғамдық өмірдің көбіне кең көлемде шектелген саласы екеніне көзіміз
жетеді, Көптеген заңды, юридикалық әдебиеттерде көрсетілгендей, ”банкілік
қызметі, мемлекет тарапынан, көптеген шектеулерге ие, ел шектеулер
анықталған қоғамдық, жария, құқықтық функциялары іс жүзіне асыру үшін
керек, солардың ішінде ақшалардың басылып шығарылуы, төлем - ақшалық жүйені
ұйымдастыру, қаржы саласындағы қызметтіқадағалау және реттеу, жалпы
мемлекеттік төлем жүйесін ұйымдастыру, валюталық қадағалау және тағы
басқалары ”
Келесі сұраққа жауап беруге тырысайық. Мемлекет тарапынан банк
қызметінің сондай қатал реттелудің себебісі неде?
Осы жоғарыда көрсетілген сұраққа жауап беру үшін банкілердің қоғамдық
маңыздылықтарына мән беруіміз керек. Банктер миллиондаған адамдардың
ақшаларын сақтап тұрады.
Банктер кредитте жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін өтеп
тұрады, жай ссудаларынан басталып және ұзақ мерзімді проектілерге кең
көлемді қаржылық салулармен бітіп. Банктер заңды тұлғалардың арасындағы
төлемдер орталығы болып келеді.Сонымен, банктерге қоғамдағы орын алатын
ақталармен тікелей қалыптаса болады, яғнибанктер өте үлкен, әрі маңызды
жауапкершілігіне не, сондықтан ел дұрыс түрде іс жүзіне асырлу үшін
мемлекет ел қызметті реттеуі тиіс.
Айтылған мәлімет тең дәрежеде барлық мемлекеттердегі банкілік қызметіне
қатысты болып табылады. Сонымен, американдық ғалымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Банкілік құқық құқық саласы ретінде
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Аударым берушінің банкісінің делдал банкке тапсырыс беруі
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банктің активтері мен пассивтері
Қазақстан Республикасының депозиттер нарығы
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Ұлттық Банктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы ақпарат
Пәндер