Қаржылық мекемелердің шоттары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 2
I Депозит
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
II Депозит түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..7
2.1 Талап етілгенге
дейінгі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2 Мерзімді
депозиттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.8
2.3 жинақ
салымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 9
2.4 бағалы
қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...11
III.1 Коммерциялық банктердің депозиттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ...1 2
3.2 Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары
... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 4
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...26
Кіріспе
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері
саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді коммерциялық
банктер деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық
айырбастаушылар қызметінен басталады. Банк сөзі итальянша banco cөзінен
шыға отырып, айырбас үстелі деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы
клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) –
бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық
банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен
қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей
сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы,
зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік
нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып,
қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында
сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі
әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың
экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге
асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және
олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары
қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері
жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау
формаларының бірі.
Депозиттік операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың
субъектілері ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен
тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі.
Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтынақшалай табыстар мен тұрғындардың
жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де
тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және
жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына
орналастырған жағдайда; екіншісі, жасанды депозиттер, яғни банк клиентке
чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе
үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де
болады.Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары
түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады.
Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан
тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің
өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Курстық жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым
- Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;
- Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен ертеңін
дәлелдеу;
- Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндеті мынадай
- Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
- Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын жүзеге
асыруға талдау жасау;
Тақырып өткірлігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық экономика
кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады.
Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды
қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан
Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша
массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып
ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан диплом жұмыс
тақырыбы өзекті болып табылады.
Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президнтінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері,
отандық және шет ел экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Депозит түсінігі
Банк ресурстарының құрылымндак тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттаррмен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің басым

Нарықтық қатнастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін уақытша босақшалай қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де
болады.
Банктік тәжірибеде барлық артылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне
байланысты үлкен екі топқа бөледі:
-депозиттік қаражаттар
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құррайды. Депозиттар
банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит- бұл клиенттің (жеке жәнне заңды тұлғалардың) банктегі белгілі
бір шотқа салған және өздері пайдалана алтын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар-бұл банктің алған қарыздарын түрінде
немесе өздеренің меншінті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын

тартылмайды; екіншіден , мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің
өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбінесе ірі коммерциялық банктер

Депозит ( латынша depositum-сақтауғу берілген зат ) – бұл клиент
қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар
болып табылады.
Банктік депозит міні зерттей отырып, З.С.Каценеленбаун депозиттің
екіжақтылық сипатын атап көрсеткен. Днпозиттер салымшылар үшін потенциалды
қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі
мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы
үшін екі рөлде көрінеді: бір жағынан, ақша рөлінде, екінші жағынан, пайыз
әкелетін капитал рөлінде. Депозиттердің қолма-қол ақшамен салыстырғанда
артықшалығы – ол пайыздық сыйақы әкеледі... ал кемшілігі – капиталдың
әдеттегі әкелетін пайызынан азырақ пайыз әкеледі. Осы төмендетілген пайыз
көздейсоқ жағдай емес, бұл банк табиғатының негізі болып табылады. Өйткені,
банктік депозит бойынша төлейтін пайызы өзқаражатын орналастыруда түсетін
пайыздан төмен болады. Бұл жерде екеуінің қатынасы-14 болып табылады.
Депозит тек клиентке ғана емес, сондай- ақ банкке де пайдалы. Көптеген
депозиттердің бпнкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк
оны тиімді салаларға орналастырады. Депозиттер бойынша пайыз бен несие
бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады.
Банктердің осы табысты көбейтуге тырысуы ресурстық базасы көбейтуге
ұмтылуына әкеледі.
Банктің алтын ережесі бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен
мерзімі міндеттемелерінің мөлшерін мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы
ережеге сәйкес бпнктер ағымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсты
ретінде қолдана алмас еді. Алайда, әдетте клиентер бір мезгілде барлық
қаражатты алмайтындықтан , банктік қолма-қол ақша резерві тым көп
боламауына да болады. Сонымен қатар, көптеген банктік операциялар
қолмаөқолсыз жүреді. Кассалық резерв ретінде қолданелмаған қолма- қол ақша
қаражаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге ресурс түрінде
қолданылуы мүмкін.
Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті және пассивті болып
бөлінеді. Активті депозиттік операциялар- банктің уақытша бос ақша
қаражаттарын басқа корреспондендент –банктердегі шоттар орналастыруға
байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретіеде, яғни жалпы
активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар- клиенттірдің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі
көзі.
Салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының
әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк
қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және
олардың қаражаттарры мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға
ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық ммазмұна қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
Талап етуіне дейінгі депозиттер
Меррзімді депозиттер
Жинақ салықтары
Бағалы қағаздар
Сондай-ақ, оларды мынадай белгілерін қарай жіктеуге болады:
Мерзімдеріне қарай
Салым иелерінің категорияларына қарай
Қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай
Пайыз төлеу тәсіліне қарай
Банктің активтік операциялары бойынща жеңілдіктер алуына қарай,т.б.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрге
бөлінеді:
Жеке тұлғалардың шоттары
Кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың шоттары
Жергілікті билік ұйымдарының шоттары
Қаржылық мекемелердің шоттары
Шетелдік азаматтардың шоттары
Депозит түрлері
2.1 Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері салымшыға
міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді. Бұл түрдің
қолайлығы чектердің қауіпсіз болуымен және оны жазып беру арқылы төлем
орындаудағы қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сондай-ақ ол алғашқы талап
етумен ақшаны қолма-қол өндіріп алуға мүмкіндік береді. Чек депозиттері
қымбат тұратын есептік операциялар мен өткізулерді жүзеге асыруды қажет
етеді, сондықтан да банктердің көбісі осы қызмет көрсетулер үшін белгілі
бір төлемді белгілейді. Оның мөлшерінің өзгеруі бір айдың ішінде жазылған
чектер санының және депозиттер мөлшерінің өзгеруімен қатар жүреді. Бірақ
банк өзінің коммерциялық мақсаты үшін, мысалы, ссуданы 60, 90, 120 күнге
және контокорренттік несиені беруде пайдаланатын, олардың көзқарасынша
жеткілікті болып табылатын баланс қалдығын салымшы бір ай бойы шотта
сақтайтын болса, бұл төлемді өндіріп алудан банктер жиі бас тартады.
Чек депозитінің негізгі типтерінің біріне өз ерекшелігі бар талап
етілгенге дейінгі салым жатады:
• жарнаны және ақшаны өндіріп алу қандай да бір
шектеусіз, кез келген уақытта бөлшек немесе толықтай
жүзеге асырылады;
• ақша шоттан қолма-қол ақша түрінде немесе чектің
көмегімен алынуы мүмкін;
• банк комиссиялық сыйақыны пайдаланғаны үшін шот
иесіне нақты бір айлық мөлшерлемеде немесе әрбір
жазылған чек үшін белгілейді;
• шот иесінің шотындағы қалдықтың бұрын ескертілген
орташа мөлшерін клиенттің қолдау шартымен шотты
пайдаланғаны үшін клиенттен комиссияны өндіріп
алудан бас тартудың формасында оған "жасырын" пайыз
төленеді, алайда салымшы бұл шартты бұзатын болса, ол
шотты жүргізумен және әрбір чекті өндірумен байланыс-
ты банктің барлық операциялық шығындарын төлейді.
• талап етілгенге дейінгі депозит бойынша банк ең аз
шамадағы резервті орталық банкте мерзімді депозитке
қарағанда үлкен пропорцияда сақтауға міндетті.
Банктің көптеген клиенттері депозиттердің мұндай типтеріндегі ақша
қаражатының мөлшерін ең аз шамаға жеткізуге ұмтылады, өйткені талап
етілгенге дейінгі салым ақша бойынша эксплициттік (яғни, анық тұлғаланған)
пайыз табысы төленбейді. Ең аз шамаға жеткізудің бір тәсілі — автоматты
түрде тазаланатын шоттардың мүмкіндіктерін пайдалану. Онымен ағымдағы
операцияларды жүзеге асыра отырып, банк клиентпен ескерілген ең аз шамадан
асып түсетін кез келген ақша сомасынан шотты "тазалайды" (немесе оларды
аударады). Әрі оны пайыз табысын әкелетін қаржы құралдарына, мысалы, кері
сатып алу келісіміне орналастырады. Мұндай операцияны банк әрбір жұмыс
күнінің аяғында жүзеге асырады. Бұл операцияны жүзеге асыруға қажетті төлем
чектері банкке түсетін болса, қаражат тура осы талап етілгенге дейінгі
салымға кері аударылады.
Талап етілгенге дейінгі салымдағы несие қалдығын ең аз шамаға жеткізудің
басқа да, яғни қаражатты ATS-шотқа (automatic transfer service) — автоматты
аудару шотына орналастыру болып табылатын әдісі бар. Бұл депозит түрі пайыз
әкелетін ақша қорларын сақтаушы шоттан чектерді өтеуге арналған чектік
депозиттерге автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді. Банктер салымшының
келісімімен несиенің артығын өтеу (овердрафт) немесе чек шоттарындағы ең аз
шамадағы балансты қолдау қажеттілігінің пайда болуына қарай талап етілгенге
дейінгі салымға пайыз әкелетін шоттарды автоматты түрде аударуды жүзеге
асырады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы талап еткенге дейінгі
салымда ұстауына, әрі бір мезгілде пайызды автоматтық аудару шоты бойынша
алуына мүмкіндік береді.
Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі контокоррент болып
табылады. Контокоррент - банктің клиентпен болатын барлық операциялары
ескерілетін және клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан алынатын барлық
төлемдер де, шотқа аударма, салым және т.б. түрінде түсетін барлық қаражат
та банк ссудасы ретінде көрініс табатын бірыңғай шот. Бұл шот қолданылуына
байланысты активті-пассивті деп аталады. Контокоррент бойынша несие
сальдосы клиенттің өз қаражатына өкім етуін, ал дебеттік сальдода —
айналымға қарызға алынған қаражаттың тартылатынын және шот иесі банк
борышқоры болатынын білдіреді. Банк несие сальдосы бойынша клиенттің
пайдасына пайыз есептейді. Ал дебеттік сальдода - банк берген ссудасы үшін
пайызды өз пайдасына өндіріп алады. Шот иесінің пайдасына шешілетін пайызға
қарағанда, банк пайдасына шешілетін пайыз ең жоғары мөлшерлеме бойынша
есептеледі. Мұндай шоттар тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты
қарыз алушыларға ғана айрықша сенім білдірудің белгісі ретінде ашылады.
Қаражат түсімінен шығын артып кеткен әрбір жеке жағдайда шот иесі несиені
арнайы ресімдеусіз-ақ банкпен арадағы келісімшартта ескертілген белгілі бір
сома шегінде ала алады.
2.2 Мерзімді депозиттер дегеніміз – банктерде белгілі бір мерзімге және
пайыз төлеу шартында орналыстырылан клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін.Мерзімді қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер
мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеул
міндетті.
Мерзімді депозиттердің ерекшклігі талап еткенге дейінгі депозите
қарағанды оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бүл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткенде
салым иесі алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті -мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер. Меншікті -мерзімді
депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейін;
- 30-90 күнге дейін;
- 90-180 күнге дейін;
- 180-360 күнгедейін;
- 360-күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді.
Өтініш беру уақыты алдынала келісіледі және депозит бойынша соған сэйкес
пайыз белгіленеді.
Мерзімді депозитттердің мынадай ерекшеліктері болады:
• есепайырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
• шоттағы қаражат баяу айналады;
• тұрақты пайыз төленеді;
• пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Үлттық банкі тарапынан реттеліп
отырады;
• ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
• бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
2.3 Тағы бір кең тараған депозиттің түрі - жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу жэне алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет. Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап
етеді:операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу
жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа.
Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде
жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар. Мерзімді
депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты
бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бүл салымдардың түрлері
бойынша мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Жинақ салымдарының
төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандайда ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке түлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым
операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- үлыс салымдары;
- ақшалай - затай үтыс салымдары;
- мақсатты және ағымды салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- волюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде
пайыз төлейді.
Қосымша жарна тосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді.Бұл шотта жинақталған соманы белгілі бір күнге толық
төленеді. Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар үшін өте төменгі пайыз төленеді. Мерзімді
депозиттермен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік жэне жинац
сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік жэне жинақ сертификаттары - бүл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін жэне оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куэландыратын банк
змитенттэң жазбаша куэлігі. Депозиттік жэне сертификаттары иемденуіне қарай
екі түрлі болып келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мэлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал, мэлімдеуші сертфикаттарда салым иесінің аты жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік жэне жинақ сертификаттары сатылған тауарлар жэне көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Әлемдік банктік тэжірибеде депозиттік сертификаттың мынадай
екі түрі бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификатар салым иелерінің қолдарында болып,
уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір түлғаларға екінші нарықта
сатып алу сату арқылы өтеді. Жинақ сертификаты жеке түлғаларға арналып
шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім
аралығын қүрайды. Жинақ сертификаты тек жеке түлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік жэне жинақ сертификаттары мерзімінен бүрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мүндай жағдайда банк сертификатты сатып алады,бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді.
2.4 Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге
бөлінеді:
- кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен
облигациялары;
- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялары
мен облигациялары;
шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар мен
құндылықтар
3.1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да
кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы
ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын
анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді,
оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын
оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі
біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық
банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары
табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын.
Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің
келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің
несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің,
оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және
тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты — олардың активтері мен
пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды
тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ
мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты
көздерін қалыптастыру;
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде
карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты
банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің
депозиттерін арттыру;
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен
өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды
тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа
түрлерін дайындау және енгізу;
- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің
жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын
азайту.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
- ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктілігі
және оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;
- нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда депозиттік
өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі;
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының
қолайлылығы;
Депозиттік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту
әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет корсету
аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді
икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы
өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің
негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі
тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік
позициясының әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең
қабілетті субъектісі ретінде банктің күйреуіне әкеледі. Банк қызметінің
мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелділікте
максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама
–тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен
тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға
жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға
жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын
Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы бір уақытта
ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды: бұдан басқа ешбір табыстылық пен
тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе
тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді; табыстылық пен тәуекелдің
бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары
деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.
болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтың
ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы
комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен
бірге, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке, таңдаулы банктің депозиттік
саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы
критерийлер болуы керек.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы
критерийлерімыналар:
- банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділігі, тұрақтылықты
ұстап тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да
операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің
келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі, тәуекелдік және табыстылық
дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер
портфелінің оңтайлылығын банкке деген салымшылар (заңды және жеке тұлғалар)
талабының жиынтығы ретінде ең артынан қарауының, өтімділіктің және
табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын критерийлердің негізінде
жіктеліуінің (несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен
мерзімі, талап ету дәрежесіне, проценттік ставка деңгейі және т.б.)
қалыптасуына үлкен көңіл бөлу қажет.
- банк ресурсының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz