Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Әлиайдар Нұрдана

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – БОЛАШАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ

Ғылыми жетекшісі: А.Ж.Сарсенова

Қазақстан Республикасы
Түркістан – 2015

Мазмұны

Кіріспе

1. Жасыл экономика теориясы, оны жүзеге асыру мәселелері

1.1 Жасыл экономика теориясы және оның принциптері
1.2 Жасыл экономика тұжырымдамасын іске асыру кезеңдері және бағыттары

2. Қазақстан Республикасындағы жасыл экономиканың басымдықтары

2.1 Қазақстандағы жасыл экономиканы инвестициялау мәселелері
2.3 Жасыл экономикаға ауысуда тиісті ұйымдарды құру мәселелері

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жасыл экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен
қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану
өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. Жасыл
экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы
қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын
ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе жасыл технологиялар
жатыр. Мамандардың айтуы бойынша жасыл экономиканы дамыту, көптеген
постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты
біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Жасыл энергетикаға көшу, жасыл технологияларды енгізу – бұл
ғаламдық экономиканың дамушы векторы. Қазақстан көмірсутектерін қоса
алғанда, біздің жер қойнаулдарымызда орасан табиғи байлықтардың болуына
қарамастан, қалпына келтірілетін энергия көздерін белсенді түрде дамыту
ниетінде. Біздің 2050-Стратегиямызда осындай міндеттер қойылды. Біз жыл
сайын жасыл жаңғыртуға ұлттық ЖІӨ-нің 2%-ы көлемінде қаражат
инвестициялауды ойластырудамыз. Осының барлығын біз жасыл экономикаға
көшу Тұжырымдамасында көрсеттік және қабылдадық.
Жасыл даму қағидаты ҚР Жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму
мемлекеттік бағдарламасында (ЖИИД МБ) негізделген.
2010 жылы жасыл өсуге арналған, 2010-2014 жылдарға Жасыл даму
салалық бағдарламасы қабылданды.
2012 жылдан бастап GGGI Оңтүстік Корея жасыл даму халықаралық
институты орындайтын, Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін дайындау туралы
Үкімет және БҰҰДБ жобасы іске асырылуда.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен оның негізіне Жасыл даму қағидаты
алынған, Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 дейінгі Стратегиялық
жоспары бекітілді. Жоспар ресурс сақтау, энергия тиімділігі және энергияның
қалпына келтірілетін көздерін енгізу жүйесін құруды көздейді.

1. Жасыл экономика теориясы, оны жүзеге асыру мәселелері
1.1 Жасыл экономика теориясы және оның принциптері

Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін
қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік
өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа
негізделеді.
Бұл тек экология саласындағы мамандардың қадала қарайтын немесе оқитын
мәселесі емес, сонымен қатар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер тағы
басқа қарапайым азаматтардың да назарында болуына лайық.
Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады және қолда бар
құжаттар бойынша негізделеді: 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту бағдарламасы Агробизнес-2020, 2010-2014 жылдарға арналған
ҚР ГПФИИР, 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік
бағдарламасы, территорияларды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын, 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық
бағдарламасы тағы басқа салалық бағдарламалар.
Одан бөлек, 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару
бағдарламасын дайындау жоспарланып жатыр
Іс-шаралар қатары - тұжырымдаманың ең негізгі ережелерінің бірі, олар
қабылданғанда энергия тиімділігі маңызды жоғарылауына және өндірісте
энергия жұмсалымының төмендеуіне алып келеді.
Тұжырымдамада бекітілген баламалы және қайта қалпына келетін энергия
көздерін дамыту Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 ның басты идеясымен үндесіп
жатыр.
Ұсынылған жоспар бойынша, біздің энергосебет 2030 жылға қарай, 11%
-жел және күн көздерінен, 8% -атом, 10% - гидро, 21% - газ бен 49% -
көмірден тұратын болады. Ал, 2050 жылға қарай, жел және күн көздерінің
үлесі 39% дейін өседі, АЭС мен ГЭС үлесі 14%, газ станциялары 16% , және
қалған 31% көмір станцияларынан құралады.
Осындай тәсіл, қайта қалпына келмейтін ресурстарды елеулі түрде
үнемдеуге және қатты жанармаймен жұмыс істейтін станциялар, атмосфераға
шығаратын қауіпті қоқыстар жағдайын елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік
береді, Тағы бір, Тұжырымдамада қозғалған маңызды мәселелердің бірі – су
ресурстарын сақтау және үнемдеу.
Мамандардың болжауынша, біздің елдегі судың тым тапшылығы бұл 21
ғасырдың сұрақтары болуы мүмкін. Президентіміз Қазақстан -2050 атты
Халыққа Жолдауында нақты осы мәсәлеге ерекше назар аударғаны босқа емес.
Көптеген мамандардың болжамдарына сүйенсек, 2030 жылға қарай су
ресурстарының тапшылығы 14 млрд текше метрге дейін су құрауы мүмкін. Осы
қиындықты жеңу үшін, барлық жерге су сақтайтын технологияларды қолдану,
өнеркәсіптік және тұрмыстық қолданыста судың жұмсалуын төмендету, табиғи су
қоймаларын ластауға жол бермеу ұсынылады. Әрине, Тұжырымдаманы жүзеге асыру
үшін бюджеттік шығыстарды ұлғайту және жалпы сомасы, Тұжырымдамада
қарастырылған барлық іс шараларға қажет болатын жеке инвестицияларды тарту
қажет, 2050 жылға дейін орташа, жыл сайын 3,2 миллиард АҚШ доллары. Шамамен
бұл бюджеттен 1% баламалы, осы қаражаттың едәуір бөлігі инвестициялардан
тартылады деп жоспарланған, ал осы Тұжырымдаманың жүзеге асуы жаңа
өнеркәсіп салаларын құруға және қосымша 500 мың жаңа жұмыс орындарын беруге
мүмкіндік береді – жасыл экономикаға өту толығымен дер кезіндегі орынды
шешім болып табылады.
Экология мәселесі баршамызға ортақ мәселе, мемлекет көптеген оңтайлы
Жарлықтар шығаруы немесе ғаламдық Тұжырымдамаларды жүзеге асыруы мүмкін.
Осы ұйғарымдар жағдайды өзгертуі немесе Қазақстандағы экологиялық ахуалды
жақсартуы мүмкін бірақ тағы бір кішкене; жеке экология бар.

1.2 Жасыл экономика тұжырымдамасын іске асыру кезеңдері және бағыттары

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Жасыл экономикаға ауысу бойынша
тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде
экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер
тізбесі ұсынылды.
Жасыл экономикаға ауысу аясында:
• қорлардың тиімділігін арттыру;
• қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру;
• халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады;
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:
• бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және
табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, жасыл
инфрақұрылымды құру;
• екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары
технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
• үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне
табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың үшінші
өнеркәсіптік революция қағидаттарына ауысуы.

Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары 

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады.
Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ –
бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде
сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір
үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге,
жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің
ұстанымын айтарлықтай арттырады.
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия
тиімділігі.
  Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі
уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу
изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен
жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта
Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы
саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары
әрекет етеді.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан,
синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады.
Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық
тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын
көгалдандыру табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша
әрекет етуді жоспарлайды:
• жердің құнарлылығын басқару;
• суды тиімді пайдалану;
• өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
• фермаларды механикаландыру.
Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер,
үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі
кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік
өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты
тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу
технологиясы Алматыда іске асырылуда.
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің
шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын
тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
Алтыншы бағыт – таза көлікті дамыту
Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелдебензинде жүргізіледі. Қазіргі
уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге
асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына
жағдай жасайды.
Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару
Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын
сақтауға бағытталған.
Жасыл экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді
және ауқымды қызығушылық тудырады. Жасыл экономика бірінші кезекте
экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:
• ішкі жалпы өнімнің өсімі;
• елдің табыстарын ұлғайту;
• елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс
орындарын құру.
Бұл жерде жасыл экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың
сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен
тәуекелдерді төмендетеді.

2. Қазақстан Республикасындағы жасыл экономиканың басымдықтары
2.1 Қазақстандағы жасыл экономиканы инвестициялау мәселелері

Жасыл экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10
шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:
• ауыл шаруашылығы;
• тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
• энергетика;
• балық аулау;
• орман шаруашылығы;
• өнеркәсіп;
• туризм;
• көлік;
• қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
• су қорларын басқару.
Қазіргі уақытта, инвестициялау үшін Қазақстан экономикасының
басымдықты секторларының біріне баламаэнергетика (альтернативті энергетика)
саласы жатады. Балама энергетика Қазақстан экономикасын дамытудың балама
мүмкіндіктері болып табылады. Экономикалық дамудың осындай балама
мүмкіндігі соңғы 15-20 жылда әлемдік экономикада басым рөлді ойнап отырған
болашақ экономика секторларының бірі болып табылады.
Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы
дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын
энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді.
Қазақстанда өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстардың әлеуеті
өте зор болып табылады. Жаңартпалы энергетикалық ресурстарға гидроэнергия,
жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.
Экономикалық өсудің тұтынуға бағытталған баламалы үлгілерінің бірі
ретінде бүгінгі күні экологиялық экономика (жасыл даму) үлгісі
қарастырылып отыр. Себебі, зерттеулерге сүйенсек Әлемдік ЖІӨ 4 есе өсіп,
миллиондаған адамдардың жағдайы жақсарған, дегенмен 60% негiзгi әлемдiк
экосистема тауарлары және қызметтерінің сапасы төмендеген.Яғни адамзат
табиғи ресурстарды аяусыз қолданып, тұрақсыз бейнеде дамуда.Демек соңғы
онжылдықта экономикалық өсу табиғи ресурстар есебінен байқалды.Бұл
процестен табиғи ресурстар тіпті қайта қалпына келу дәрежесінен де айрылуға
шақ қалды.Осы тұрғыда жасыл экономиканы дер кезінде қолға алды. Жасыл
экономика – тұрақты даму кепілі екендігін тағы бір рет дәлелдейді.
Жасыл экономикада халықтың әл-ауқаттылығын көтеруде экожүйелердің
(экологиялық табиғи капиталдың) рөліне үлкен көңіл бөлініп отыр. Осыған
байланысты экологиялық қызметтер (адамның экожүйелерден алатын игіліктері
мен пайдалылықтары) қарастырылады және олар, ереже бойынша, бүгінгі
нарықтық экономиканың қызметіне қатыспайды.
Экономикалық өсудің тұтынуға бағытталған баламалы үлгілерінің бірі
ретінде бүгінгі күні экологиялық экономика (жасыл даму) үлгісі
қарастырылып отыр. Себебі, зерттеулерге сүйенсек Әлемдік ЖІӨ 4 есе өсіп,
миллиондаған адамдардың жағдайы жақсарған, дегенмен 60% негiзгi әлемдiк
экосистема тауарлары және қызметтерінің сапасы төмендеген.Яғни адамзат
табиғи ресурстарды аяусыз қолданып, тұрақсыз бейнеде дамуда.Демек соңғы
онжылдықта экономикалық өсу табиғи ресурстар есебінен байқалды.Бұл
процестен табиғи ресурстар тіпті қайта қалпына келу дәрежесінен де айрылуға
шақ қалды.Осы тұрғыда жасыл экономиканы дер кезінде қолға алды. Жасыл
экономика – тұрақты даму кепілі екендігін тағы бір рет дәлелдейді.
Жасыл экономикада халықтың әл-ауқаттылығын көтеруде экожүйелердің
(экологиялық табиғи капиталдың) рөліне үлкен көңіл бөлініп отыр. Осыған
байланысты экологиялық қызметтер (адамның экожүйелерден алатын игіліктері
мен пайдалылықтары) қарастырылады және олар, ереже бойынша, бүгінгі
нарықтық экономиканың қызметіне қатыспайды.
Жасыл экономикаға бет бұру үшін инвестициялаудың келесідей
бағыттарын ұсынуға болады:
1) Ғимараттар мен үйлердің энергиялық тиімділігін арттыру (яғни,
ғимараттардың энергиялық тиімділігін көтеру мақсатында оларды
қайта жөндеуге инвестиция салу), сонымен қатар, үйлер мен
кеңселердің айналасын көгалдандыру мен жасылдандыру үшін
материалдық ынталандыруды ұйымдастыру. Құрылыстың қазіргі
заманғы озық технологияларын қолдана отырып энергияны тұтынуды
80%-ға дейін қысқартуға болады.
2) Энергияны үнемдейтін және аз ластайтын көлік жүйесін енгізу.
3) Энергия таратудың интеллектуалдық жүйесі бар тұрақты энергетика
жүйесін енгізу.
4) Ұлттық саясаттағы игі бастамалар (экологиялық заңдылықтарды
енгізу немесе жетілдіру, тиімсіз субсидияларды төмендету немесе
тоқтату, отын сияқты пайдалы қазбалардың орнына жаңартылатын
энергияның көздерін кеңінен қолдануды, жеке автокөліктің орнына
қоғамдық көліктің түрлерін кеңінен қолдануды қолдау үшін
фискалдық шараларды жүргізу және т.б.).
5) Ауыл шаруашылығы және халықты тұщы сумен қамтамасыз ету.
6) Жер ресурстарын кеңінен қолдану және кешенді құрылыс саясаты.
7) Тұщы су ресурстарын орталықтан басқару.
8) Технологияларды әзірлеу және олармен алмасу.
9) Халықаралық ынтымақтастық – трансшекаралық, аймақтық, жаһандық.
Көптеген зерттеулерден ғалымдар экономиканың көгалдандыруына Әлемдік
ЖІӨ-нен 2% инвестиция салса 2011 - 2050 жж. қазіргідей дамудың ұзақ
мерзімді өсуді сонымен бірге ауа райы мәселелерін, су тапшылығы мәселелерін
шешуге, экожүйені сақтауға және тұрақты дамуға мүмкіндік береді.(Кесте 1)

Кесте 1. Әлемдiк экономика айналымына қосымша Әлемдік ЖІӨ-нен жасыл
экономика бағдарламасы мен қалыпты дамудың бағдарламасына бөлінген 2%
көлемінің нәтижелерi.
2011 2015 2020 2030 2050

Қал-
ыпты даму бағд. жас-
ыл
(%) Қал-
ыпты даму бағд. жас-
ыл
(%) Қал-
ыпты даму бағд. жас-
ыл
(%) Қалып-
ты даму бағд. жас-
ыл
(%) ЖІӨ (өзгерiссiз АҚШ долдарында) 69 344 79 306 -0,8 92 583
-0,4 119 307 2,7 172 049 15,7 Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9
992 10 959 -0,8 12205 -0,4 14577 2,4 19476 13,9
Ормандар ауданы
(млрд. га) 2787 2857 0,3 2946 0,3 3050 1,4 3273 3,4
Суды тұтыну (км3жыл) 3,94 3,92 1,4 3,89 3,2 3,83 7,9 3,71
21,0 Қалдықтарды көму
(млрд.т) 7,88 8,40 -4,9 9,02 -15,1 10,23 -38,3 12,29 -
87,2 Шығыстардың
биологиялық сыйымдылық қа қатынасы 1,51 1,60 -7,5 1,68 -12,5
1,84 -21,5 2,23 -47,9 Бастапқы энергияға қажеттiлiк
(млн.тонна мұнайбаламасыжыл) 12549 13674 -3,1 15086 -9,1 17755
-19,6 21687 -39,8 Балама энергияның бастапқы энергиядағы тұтыну
үлесі 13 13 15 13 17 12 19 12 27 Ескерту: ашық сұр
түсті ұяшықтарда жасыл экономика мен қалыпты даму бағдарламасына
инвестиция (+-) пайыздарындағы айырмашылық көрсетiлген.

Дамушы елдердің жасыл экономикаға тезірек көшудің басты
алғышарттары:
• Ұйымдастырушылық құрылымды және ауылдық жерлердің инфраструктурасын
дамыту;
• Тұрмысы төмен тұрғындарға санитарлық қызметтер көрсетуді жетілдіру;
• Таза сумен қамтамасыз етуге инвестиция тарту;
• Ғимараттарды жаңғырту (Жылыту, жарық және ғимараттарды желдету);
• Тұрақты өндіру мен тұтынудың үлгілерін енгізу;
• Жасыл бизнесті дамыту;
• Көлiк секторының энергиялық тиiмдiлiгiнiң жоғарылауы, таза отынның
пайдалануы;
• Халықаралық басшылықты күшейту;
• Ынталандыру инвестициялары және инновациялар;
• Экологиялық салықтарды енгізу;
• Технинологиялық қабілеттілік және білім;
• Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы да пайда тауып, қоршаған ортаның
қалдықтармен ластануын төмендету;
• Ұлттық нормативтік-құқықтық құжаттар;
• Тиімді саясат.
Экономиканың барлық субъектілерінің мүдделеріне сәйкес келетін және
қызығушылығын тудыратын бұл шара экологиялық жүктемені төмендетуге жағдай
жасайды, және де сол уақытта, біздің стратегиялық жоспарымызда көрсетілген
экономикалық өсуді қамтамасыз ете алады. Ел экономикасы үшін экологиялық
салықты енгізудің негізгі бағыты – бұл салық ауыртпашылығын әлеуметтік
маңызы бар қызметтен (мысалы, халықты жұмыспен қамту) қоршаған ортаға зиян
алып келетін қызметке аудару. Бұдан басқа, әрекет етудің экологиялық
жағынан қауіпсіз түрлерін (мысалы, жеке көліктерді пайдалануды төмендету
үшін қоғамдық көлік түрлерін дамыту) дамытуға инвестициялар салуды
арттырудың жолдары арқылы бюджетті қайта құрылымдау үдерісі де еліміздің
салық саясатын реформалаудың маңызды бір шарасы ретінде қарастырылады. Олай
болса, болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау мен табиғи капиталды
сақтап қалу бойынша тиімді және тындырымды іс-шараларды қабылдау жолымен
салық жүктемесін аса әділетті түрде қайта бөлу мәселесі біз үшін бүгінгі
күні үлкен мақсат ретінде саналады.
Экологиялық салықтар тиімділікке негізделген, әлеуметтік-экологиялық
бағыттылығы бар фискалдық жүйені қалыптастырудың аса маңызды құралы болып
табылады, оның негізгі қағидалары өндіру мен тұтынудың шығындарын реттеумен
және табыстарды тең бөлумен түсіндіріледі. Демек, экологиялық салықтарды
енгізу салықтың жалпы ауыртпашылығын көтермейді, ол оның қоғам ішінде қайта
бөлінуіне және табиғатқа экологиялық зиян келтіруді төмендетуге мүмкіндік
береді.
Экологиялық өсуді қалыптастырудың екінші тетігі болып тұрақты өндіру мен
тұтынудың үлгісін енгізу табылады. Біз білетініміздей, қоғамдық өндіру мен
қоғамдық тұтынудың әдістері экономиканың кез-келген тұрпатының негізгі
қозғаушы күші болып табылады және, сәйкесінше, іс жүзінде экономикалық
өсудің сапасын анықтайды. Шикізат материалдарының және басқа да
ресурстардың теңестірілген бағаларымен келістірілген реттеуші стандарттарды
әзірлеу өндірушілердің аса таза, әрі экологиялық жағынан тұрақты өндіріске
көшудің қызығушылығын туғызуы мүмкін.
Экологиялық экономиканың бұл бағыты мынадай құралдармен қарулана
алады: мемлекеттік сатып алымдардың экологиялық таза түрлері; тұтынудың
үрдістерін есепке алатын сұранысқа негізделген тауардың өмірлік циклі мен
басқаруды бағалау; ресурстарды қайта-қайта қолдануды және қалдықтарды қайта
өңдеуді төмендету арқылы ресурстарды тұрақты түрде қолдануды ынталандыру
және таза өндіріске деген қызығушылықты көтеру. Тауарлар мен қызметтерді
өндіру кезінде шикізатты қолданудың деңгейі мен атмосфераға тасталған
қалдықтар қоршаған ортаны қорғаудың шешуші факторлары болып табылады.
Тұтынудың көлемі неғұрлым өскен сайын қоршаған ортаға келетін жүктеме де
соғұрлым үлкен болады.
Экологиялық өсудің осындай тетігімен жасыл бизнесті дамыту тетігі
тығыз байланысты болып табылады. Жасыл бизнес іскерлік белсенділіктің
қайта жаңартылатын табиғи ресурстарды көптеп қолдану жағына өтуін,
экологиялық жағынан таза өнімдерді шығаруды, ресурстардың үнемделуін
қамтамасыз ету мақсатында таза технологияларды қолдану мен корпоративтік
стратегияларды жүргізуді болжайды. Ереже бойынша, жасыл бизнес саясатын
іске асыратын компаниялардың әлемдік нарықтарда имиджі жоғары болып
табылады, олардың өнімдері жоғары инновациялылықпен және жоғары бәсекелік
қабілеттілікпен ерекшеленеді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген компаниялар үшін жасыл
бизнесті дамыту – бұл бизнес өкілдеріне экологиялық жағынан таза өнімдерді
өндіру мен шығару арқылы салық жеңілдіктерін алу және әкімшіліктік
кедергілерді жұмсарту жолымен өздерінің бәсекелік қабілеттілігін көтеруге
мүмкіндік беретін аса табысты нарықтық стратегия.
Жалпы алғанда, жасыл бизнес және тұрақты тұтыну халықтың әл-ауқатын
көтеруге және қоршаған ортаны қорғауға негізгі құраушы элементтер болып
табылады.
Экологиялық өсудің тағы бір маңызды құралы болып тұрақты
инфрақұрылымды қалыптастыру табылады. Бұл болашақ ұрпақтың табиғи
ресурстардың жетіспеушілігін сезінбесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жасыл экономика»: болашақ экологияның негізі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ PR-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Жаратылыстану менің өмірімде
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 бағдарламасы
Қайнар-акб кәсіпорнының материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің қалыптасқан түрлері мен әдістерін зерттеу және өндірісті матариалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің тиімді жұмыс істеуінің жолдарын ұсыну
Халықаралық стандарттар
Пәндер