Еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Заңтану секциясы

Тақырыбы:Еңбекті қорғау салсындағы кейбір мәселелері

Баяндамашы: ЗҚЭ-711 тобының
студенті Н.Жоламанова

Ғылыми жетекшісі:
Г.Н. Көшербаева

Түркістан – 2010ж.

Жоспар

Кіріспе
І. Негізгі бөлім: Еңбекті қорғау азаматтардың құқығын қамтамасыз ету
қағидалары.
1. Еңбекті қорғау азаматтардың конституциялық құқығы.
2. Еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері.
3. Қызметкердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігін және еңбек
қорғау саласындағы қызметі.
4. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру, тергеп – тексеру
және есепке алу.
ІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген
онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы
тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды,
жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды,
қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады. Өткен жылы
ХЕҰ-ның ұсынымдары мен дамыған епдердің тәжірибесіне сәйкес Еңбек Кодексі
қабылданды. еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер
күшіне енгізілді, Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі
мемлекеттік бағдарлама іске асырылды, еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты
ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді.
Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек
заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің
әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей
байланысты.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің
бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы
құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі
рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал
етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің
неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық
бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Кәсіподақтар қызметінің бұл қыры Қазақстан Республикасының қолданыла
бастаған жаңа Еңбек кодексінде өзінің барабар көрінісін тапты. Онда еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарының бірі - бұл салада қызметкерлердің заңды мүдделері мен
құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуге қолдау жасау болып
табылатыны нақты белгіленген. Осыған сәйкес әртүрлі меншік формаларындағы
кәсіпорындарда (ұйымдарда) кәсіподақ органдары еңбекті қорғау жөніндегі
қоғамдық инспекторларды сайлау жұмысын ұйымдастыруды аяқтап келеді.
Кәсіподақтар жұмыс істейтін кәсіпорындарда олардың жалпы саны қазіргі
уақытта 20 мың адамнан асты.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - қызметкерлердің кәсіпорында
немесе ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық
бақылауды жүзеге асыратын өкілі. Ереже бойынша ол кәсіподақ жиналысында, ал
кәсіптік одақ болмаған жағдайда - кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы
жиналысында (конференциясында) сайланады. Ол өзінің атқарған қызметі
жөніндегі есебін кәсіпорын (ұйым) кәсіподақ комитетінің комиссиясына, ол
болмаған жағдайда ұжымның жалпы жи-налысында береді. Қоғамдық инспектор
құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғау республика заңнамасымен, салалық және
аймақтық келісімдермен, ұжымдық шарттардың ережелерімен реттеледі.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар - бұл еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау ережелері мен нормалары талаптарын сақтауға қоғамдық
бақылау жүргізудің негізгі және ең бұқаралық буыны. Өзінің өндірістік
бөлімшесінде қызметкерлердің арасында үнемі болатын олар өндірістік
процесске қатысушылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
қатынастарындағы мәселелеріне басқалардан гөрі тиімді ықпал ете алады.
Сондықтан да қоғамдық инспекторлардың еңбекті қорғау жөнін-дегі
сауаттылығы, олардың белсенді қызметі қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігі
мен денсаулығын, өмірін сақтауда көрнекті рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 24 бабының 2 тармағында
адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың
қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету
құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау
және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы
орындайды.
Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада
еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның
өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада
еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас
бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем
дегенде бір кұрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп
саналады.
Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды
жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау
ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар,
машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына
қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік
жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Немесе егер ластанумен байланысты жұмыстар
өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық
цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған,
газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан
тыс асып кетсе -бұл еңбекті қорғаудың медици-налық құрамдас бөлігінің
бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни,
сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп
төнген.
Дәл осындай жағдай еңбекті қорғаудың экономикалык аспектісі бұзылған
кезде де орын алады, яғни, еңбекті қорғау каржыландырылмаса және осының
нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз
етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар
қызметкгерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын
тудыратыны сөзсіз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет.
Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен
қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің,
тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп
жүрген азаматтардың еңбегіне таралады.
Сонымен еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік
актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен
жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару,
қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері, қызметкерлердің және жұмыс
берушінің бұл саладағы құқықтары мен міндеттері Еңбек кодексінің
5-бөлімінің 306 — 327 баптарының нормаларымен реттелген.
Заң бойынша еңбек қауіпсіздігі деп еңбек қызметі процесінде
қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін
болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің
қорғалу жай-күйі түсініледі.
Еңбекті қорғау — бұл еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. Бұл жүйе құқықтық,
әлеуметтік — экономикалық, ұйымдастыру — техникалық, санитарлық
-эпидемиологиялық, емдеу — профилактика, оңалту және өзге де іс — шаралар
мен құралдардан тұрады.
Еңбек кодексінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары белгіленген. Олар, мысалы, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласыңдағы Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға; әртүрлі
бағдарламаларды әзірлеуге; қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің
сақталуына қоғамдық бақылаудың тәртібін бекітуге және т.б. жүзеге асыруға
бағытталған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлкеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік
органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жәніндегі талаптар Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтык актілерімен белгіленеді. Бұл
талаптарда қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезіңде олардың өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ережелер, рәсімдер мен өлшемдер қамтылады.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс
берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару
органдары іс-қимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына
қағидаттарға негізделеді:
1. қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
2. меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық
жауаптылығына;
3. еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы
қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен
үйлестіруге;
4. барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне
қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
5. кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының
барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге
асыруға;
1. еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық
және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
2. қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын,
еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен енгізуді
ынталандыруға;
3. мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
4. кәсіпорындардың еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз
етуге, ал қызметкерлердің – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
ережелері мен нормаларын сақтауға экономикалық мүдделілігіне;
кәсіпорынның қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялауға;
өндірістік мақсатқа қолданылатын өнімнің қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігін сертификаттауды өткізуге;
мемлекеттік сараптама органдарының тікелей жұмыс орындарындағы еңбек
жағдайларын, сондай-ақ жаңа салынатын және қайта жаңғыртылатын
кәсіпорындардың жобаларындағы өндірістің қауіптілігі мен зияндығын
бағалауға;
меншік иесі қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ
киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу-алдын алу тамағымен қамтамасыз
етуге;
өндірістегі әрбір жазатайым жағдайды және әрбір кәсіби ауруды тексеру мен
есепке алудың міндеттілігі, өндірістік жарақаттың, кәсіби аурудың деңгейі
туралы және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы
қызметкерлердің хабардарлығын қамтамасыз етуге;
өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен
қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
жоғары және арнаулы орта оқу орындарында енбекті қорғау мен қауіпсіздік
техникасы жөнінде мамандар даярлауға;
еңбекшілердің, жұмыс берушілердің өкілетті ұйымдарының, қоғамдық
бірлестіктердің, кәсіпорындар мен жеке адамдардың еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша қолдауға негізделеді.
Заңда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер
құқықтарының кепілдіктерін айқындайтын құқықтық нормалар мынадай мәселелер
бойынша топтастырылған:
1. Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
құқықтарына берілетін кепілдіктер. Бұлардың ішінде, мысалы, еңбек шартында
зиянды және қауіпті өндірістік жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін
кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс.
2. Еңбек қызметі процесіңде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау құқытарына берілетін кепілдіктер. Бұл ретте мынаны атап
айтқан жөн. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары
мемлкеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Бұлар жұмыс
берушінің кінәсінен орындалмаған, бұзылған жағдайларда қызметкерлердің
заңды кепілдіктері қолданылады.
3. Кепілдіктер тобына сонымен бірге жұмыс берушінің қызметкерлерді
міңдетті медициналық тексеруден өткізу; еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін
тексеру жөніндегі міндеттері жатады.
Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау саласыңдағы құқықтары мен міндеттері Еңбек кодексінің 35-тарауында
(314—318-баптар) қаралған.
Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде, мысалы,
тиісті жабдықталған жұмыс орнына; белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық
— тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы
киіммен қамтамасыз етілуге; қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына және
т.б. құқығы бар.
Сонымен бірге заңмен қызметкерлерге бірнеше міндетгер де жүктелген.
Атап айтар болсақ, мысалы, қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніңдегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-
ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі
талаптарын сақтауға міндетті.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмыс беруші:
қызметкерлерді өнертапқыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға; белгіленген
тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
заңмен бекітілген міндеттерінен, мысалға, мыналарды атап көрсетейік: еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру — техникалық іс-
шараларын жүргізуге; мемлкеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын
орындауға; өңдірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша 5
жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік аттестаттауды өткізуге;
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және т.б. іске асыруға
міндетті.
Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніңдегі
құқықтық нормалар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласыңдағы
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; өндірістік объектілер мен өндіріс
құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі талаптар; жұмыс орыңдарының қауіпсіздік талаптары
туралы мәселелерді реттеуге арналған (Еңбек кодексінің 319 — 321-баптары).
Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қьізметіне
байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де
зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған.
Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары
және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің
өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы
тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым
оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау
деп атала-тын 322-327 баптары бойынша топтастырылған.
Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтары
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс
орнына;
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек
шартында, ұжымдық шартта кезделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық
үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен
қамтамасыз етілуге;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық
бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға
тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;
3) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға
қатысуға;
4) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл
жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай
отырып, жұмысты орындаудан бастартуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек
міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік
даярлыққа;
жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек
жағдайларыныңжай-күйі, еңбекқауіпсіздігіжәнееңбекті қорғаутуралы, өмірі мен
денсаулығынатөнген қатер туралы, сондай-ақоны зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауілті өндірістік факторлардың әсерінен қорғаужөніндегі шаралар
туралы дәйекті ақпарат алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының
сақталуына;
9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
міндеттері.
Қызметкер:
1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың)
белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін
жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы
медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты
басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде
медициналық куәландырудан өтуге;
3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға
және мақсатқа сай пайдалануға;
4) медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс
беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың,
ережелердіңжәне нұс-қаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің
өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға
міндетті.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
құқықтары
Жұмыс беруші:
1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны,
қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін
ынталандыруға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын
қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және
тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
міндеттері.
Жұмыс беруші:
1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық
процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс
орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді
болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен
даярлаудан өткізуге;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық
іс-шараларын жүргізуге;
4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу
жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес
білімін тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға,
қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес
қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру
құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық
тағамдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық
бөлімшелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды
адамдарына, қызметкерлердің өкілдеріне солардың жазбаша сауалы бойынша
ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың
жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге;
7) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
8) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың
есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға;
10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес
қызметкерлер өкілдерінің қатысу ымен өндірістік объектілердегі еңбек
жағдайларының жай-күйі бойын-ша бес жылда бір реттен сирек болмайтындай
етіп мерзімдік аттестаттауды еткізуге, сондай-ақреконструкциядан,
жаңғыртудан, жаңатехника немесетехнология орнатудан кейін міндетті
аттестаттауды өткізуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге;
12) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына
зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;
13) қатты,улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
ахуалы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық
бөлімшесіне хабарлауға;
14) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-
ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде
не кәсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен
қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық
тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуге;
16) авариялық жағдайдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа
адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға
міндетті.
2. Қызмет ерекшеліктері мен жұмыстардың түрлері, айрықша қауіптілік
кездерінің болуы ескеріле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс
берушінің қосымша міндеттері көзделуі мүмкін.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс- шараларды
қаржыландыру.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды
қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды.
Қаражат көлемі ұжымдық шартпен айқындалады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді қабылдау.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық актілер еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық,
санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды,
ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды
ұйымдастыру және жүргізу ережесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 851 Қаулысы
бойынша осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек
кодексінің 15-бабының ІІІ тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды
ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін белгілейді.
1. Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау талап-тарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Мемлекеттік
бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің немесе қызметкердің
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауына тексеру (бұдан
әрі - тексерулер) жүргізуі жолымен жүзеге асырылады.
Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:
1) жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның
аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп
жүргізілетін тексеру.
Жоспарлы тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау
мәселелері жөніндегі басқа да бақылаушы органдармен және қызметкерлердің
өкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде де жүргізілуі мүмкін,
Егер Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмесе, бір жеке
немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеружылына бір реттен асырылмай,
ал шағын кәсіпкерпік субъ-ектілеріне қатысты - үш жылда бір реттен жиі емес
өткізілуі тиіс.
Жекелеген ұйымдарда немесе экономиканыңтиісті салалары ұйымдарында кешенді
тексеру жүргізу қажеттілігін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың қалыптасқан жай-
күйін немесе өндірістік жарақаттанушылық деңгейін ескере отырып айқындайды
және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне
тиісті тапсырмалар жібереді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері
тапсырмалардың негізінде, сондай-ақ ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау талаптарының сақталуы жөніндегі талдау нәтижелеріне сәйқес
тиісті айға, тоқсанға, жарты жылдыққа және бір жылға арналған тексеру
жүргізу жоспарын жасайды.
2) жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңцы тұлғалар. мемлекеттік
органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы туралы
өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау пәнінен семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбек қорғауды басқару жүйесі
ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Заңы
Еңбек қорғау жөніндегі заңдар
Еңбек қорғау пәнінен дәрістер
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Пәндер