ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНА СИПАТТАМА


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП СТАНДАРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есеп берудің сипаттамасы . . . 5
1. 2 ХҚЕС-на сәйкес ақша қаражатының қозғалысы . . . 7
1. 3 ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есеп берудің нысандары . . . 13

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНА СИПАТТАМА

2. 1Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту маңыздылығы . . . 18

2. 2 Қаржы секторында ХҚЕС дамыту мәселелері . . . 20

2. 3 Халықаралық есеп стандартын жетілдіру жолдары . . . 23

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Ұлттық және халықаралық қаржылық есеп стандарттарына өлшеуге қоятын талаптарынан алынып тасталған кәсіпорынның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін.

Жаһандану және Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық компаниялардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан республикада бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдама қаржылық есептіліктің сапасын көтеруді келешек мақсаттардың негізгі бағыттарының бірі ретінде танып отыр.

Егер өлшемге қойылатын талаптар шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда өлшемге қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша өлшенетіндей болып қолданылады. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда кәсіпорын сату шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты тақырыбындағы халыққа Жолдауында: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік»-деп көрсеткен.

Ғаламдық дамумен қатарласа жүру Қазақстанның міндеті екендігін айқын мақсат етіп ұстаған Н. Назарбаевтың бұл сөздерінен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жаңарудың қарқынды жолын таңдағандығын көре аламыз. Көптеген дамыған шетелдер тәжірибесі көрсетіп және ол елдердің өкілдері мойындап отырғандай Қазақстанның индустриалды-инновациялық технология-ны пайдалану бағытындағы даму қарқыны ерекше. Осы бағытты ұстанғандықтан аймақтағы «көш басшыға» айналғандығымыз да белгілі /1, 5б/.

Қаржылық есептілікті қалыптастырудың орталық және неғұрлым күрделі мәселелерінің бірі шешім қабылдау үдерісін толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есептіліктің шынайылығы қабылданатын шешімдердің сапасын, түптеп келгенде, шаруашылық субъектілері қызметінің тиімділігін анықтайды.

Кәсіпорын ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің баланстарында ең соңғы көрсетілген кезең үшін баланста көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауы керкек.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдалану-шылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушы-лар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел-статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс блудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарын- да, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесін- де жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Курстық жұмыстың мақсаты: бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандартын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негізін, тәжірибесін зерттеу, және қазақстандық жағдайларға бейім есеп пен есептіліктің объектілерін түзетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті:

- ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есеп берудің сипаттамасын ашу;

- ХҚЕС-на сәйкес ақша қаражатының қозғалысын реттеу;

- ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік хатқа сипаттама беру;

- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту маңыздылығын анықтау;

- Қаржы секторында ХҚЕС дамыту мәселелерін қарастыру;

- Халықаралық есеп стандартын жетілдіру жолдарын қалыптастыру;

Зерттеу нысаны: Қаржылық емептіліктің халықаралық стандартына сипаттама.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі: қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік ұсынымдары табылады. Зерттеу барысында қаржылық есептіліктің түрлі тәсілдері, әлем елдерінің бухгалтерлік стандарттары, есептің және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, кәсіби бухгалтерлік ұйымдардың әдістемелік материалдары мен ұсыныстары, Қазақстан Республикасының нормативтік актілері зерттеліп салыстырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП СТАНДАРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есеп берудің сипаттамасы

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары - жоғары кәсіби ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны. Халықаралық есеп тәжіри-бесінде әр түрлі елдерде есептізерттеумен, салыстырумен және жіктеумен, беру унификациясы бойынша дайындалымдар және ұсыныстармен айналы-сатын көптеген ұйымдар бар. Олардың ішінен атап көрсетуге болатын-дары: /2, 327-329б/.

- Халықаралық бухгалтерлік стандарттар комитеті;

- Біріккен Ұлттар Ұйымы;

- Трансұлттық корпорациялар бойынша комиссия;

- Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша эксперттердің үкіметаралық жұмыс тобы ( БҰҰ ) ;

- Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйым;

- Еуропалық Одақ ( ЕО ) ;

Есеп стандарттары үрдісіне ықпал етуші кәсіби бухгалтерлердің аймақтық ұйымдарына мыналар жатады:

- Кәсіби бухгалтерлердің Еуропалық федерациясы;

- Америкааралық бухгалтерлік ассоциация;

- АСЕАН елі мүшелері бухгалтерлерінің федерациясы;

- Азия және Тынық мұхит аймақтары бухгалтерлерінің конфедерациясы;

- Бухгалтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес.

- Америкалық ұйымдар:

- Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссия;

- Қаржылық есеп стандарттары бойынша кеңес.

- Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстан Республикасында да қолданылады.

ХҚЕС- ке сәйкес қаржылық есептілікті даярлаудың екі негізгі әдісі бар: қаржылық есептілікті трансформациялау; параллельді есеп (конверсия) .

Алғашқы әдіс - ең қарапайым әдіс, алайда, одан 50%-ға дейін қателік айқындалуы мүмкін. Трансформациялау үдерісі (алдыңғы есеп кезеңдерінде түзету әдісі) - бухгалтерлік есептің қазақстандық жүйемен қалыптастырылған ақпаратын ХҚЕС сәйкес келтіру үшін дүркін-дүркін талдайтын және түзететін тәсіл.

Қаржылық есептілікті трансформациялау үдерісі қажет болған жағдайда ғана жүргізіледі және қосарлы жазуды құрумен және жүргізумен байланысы тұрақты үстеме шығыстарды талап етпейді. Сондықтан бұл әдіс компаниялар үшін арзанға түседі.

Трансформациялау үдерісінің кемшілігіне мүмкін болатын қателерден басқа, ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты кезең соңында ғана алуға болады және де трансформацияның негізгі үдерісі аяқталғаннан кейін «қолмен» түзетулер жасау қажет болады.

Бүгінгі таңда көптеген қазақстандық компаниялар үшін (әсіресе шетел инвестициялары барлар үшін) анағұрлым келешегі бар тәсіл - параллель есеп (конверсия) жүргізу болып табылады. Қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес құру мақсатында операциялардың параллель есебін жүргізу көп пайдалы басқару ақпаратын береді. Есептің бұл әдісі анағұрлым күрделі, бірақ дәл тәсіл болып табылады.

Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс. Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс.

Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс.

Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс.

Қаржылық есептілікті түзетуге монетарлық емес активтерді, пайда мен залал туралы есеп беру баптарын қайта есептеу, монетарлық баптар бойынша қаржылық нәтижелерді есептеу дұрыстығын тексеру кіреді. «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының кредиті бойынша сәйкесінше шоттармен корреспонденцияда негізгі құралдар және қорлардың инфляция деңгейіне түзету сомалары көрсетілуі керек, ал осы шоттың дебеті бойынша жинақталған амортизацияның түзетілген мөлшері және компанияның меншікті капиталының сәйкесінше шоттармен корреспонденциясында түзету сомасы көрсетіледі.

Активтердің жүргізілген қайта бағалауы нәтижесінде баланс бұзылмас үшін оны активтердің сол жоғарлаған сомасына меншікті капитал көрсеткішін көбейту жолымен қалпына келтіру қажет.

Меншікті капиталдың көрсеткішін бұлай көбейтуді баланстың жеке графасында көрсету керек. Негізгі құралдарды қайта есептеу (бастапқы құны негізінде) сызбасы 1 - суретте көрсетілген.

Негізгі құралдардың сатып алынған күні, сатып

алған кездегі бастапқы құны және амортизациясы

туралы ақпаратты дайындау

Негізгі құралдардың бастапқы құнын және

амортизациясын олардың сатып алу күнінен бастап

есептік күнге сәйкес ТБИ қолданумен қайта есептеу

Есептік кезең үшін амортизациялық аударымдарды

негізгі құралдардың қайта есептелінген бастапқы

құны негізінде есептеу

Есеп беру жылында негізгі құралдарды сатудан

түскен (шығуы) қаржылық нәтижелерді қайта

есептеу

Негізгі құралдарды қайта есептеу (есеп беру және

алдыңғы жылдарға) нәтижелерін анықтау

Баланста және пайда мен залал туралы есеп беруде

сәйкесінше түзетулерді жүргізу

1- сурет - Негізгі құралдарды қайта есептеудің жалпы сызбасы

Е с к е р т у - Жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылған.

Балансты түзету. Компания мен басқа тарап арасындағы келісімге сәйкес түзету жасауға жататын монетарлық активтер мен міндеттемелер (депозиттер, облигациялар және т. б. ) баланста келісімде қарастырылған сомада көрсетіледі. Басқа монетарлық баптар көрсеткішері түзетілмейді.

1. 2 ХҚЕС-на сәйкес ақша қаражатының қозғалысы

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру ХҚЕС талаптары бойын-ша жасалады. Есепте негiзгi (немесе операциялық), инвестициялық және қаржы жөнiндегi қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде алынған ақшалай қаражат aғыны (тасқыны) туралы барлық деректерi, сондай-ақ қаржы қызметiнде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерiнiң таза көбеюi, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттерi көрсетiледі /3, 129-134б/.

ХҚЕС бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның к:аржылық жағдайындағы өзгерicтi бaғaлауға мүмкiндiк бередi, бұл оларды есептi кезең iшiндегi операциялық (Kipic алатын негiзгi қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтерiне жатпайтын өзге де қызметi), инвестициялық (ұзақ мерзiмдi алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметi (жеке капиталы мен заем қaражаттарының мөлшерi және құpaмындaғы өзгерic нәтижесi болып табылатын заңды тұлғаның қызметi) тұрғысынан алғанда қаражаттардың түcyi мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етедi. Ақша к; аражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттiң есептi жылдың iшiндегi қаржылық есебiнiң құрамында берiледi.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметiнiң тұрғыснан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшiн керек, мұның өзi заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерiнiң ықпалын бағалауға мүмкiндiк бередi.

Инвестициялық қызметтен түceтiн ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдic пайдалануы мүмкiн, бұл әдic жағдайында ақшалай түciм қаражаттары мен төлемдердiң негiзгi түрлерi ашып көрсетiледi, не жанама

Операциялық қызметi - заңды тұлғаның табыс алатын негiзгi қызметi және инвестициялық пен қаржылық қызметтерiне қатысы жоқ басқадай қызметi;

Инвестициялық қызметi - ұзақ мерзiмдi активтердi алу және сату;

Қаржылық қызметi - заңды тұлғаның меншiктi капиталының және несие қаражатының мөлшерi мен құрамындағы өзгерiстер әдiсі пайдалануы мүмкiн, бұл әдiс жaғдайында ақшалай түсім қаражаттaры мен төлемдердiң негiзгi түрлерi ашып көрсeтiледi, не жанама әдiс пайдалануы мүмкін, бұл әдic жағдайында таза табыс пен зиянғa ағымдағы активтер мен мiндегтемелерге, ақша операцияларының өзгерicтерiне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесi болып табылатын кipicтepiнe немесе зияндарына қарап тузетулер енгiзiледi.

2. Тікелей және жанама әдіс

Oперациялық қызметтегi ақша қозrалысын анықтау үшiн тiкелей және жанама әдiстер пайдаланылады.

Тiкелей әдicтe ақша қозғалыстарының негiзгi түрлерi ашылады. Мысалы, өнiмдi сатудан түскен түciмнeн сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерiн, КДШ (көлiк-дайындау шығыстарының) төлемiн, несие үшiн пайыздық төлемдерiн, бюджетке тиесiлi төлемдерiн шегередi.

Операциялық қызметте тiкелей әдiстi пайдаланған кезде ақша қаражатының түcyi мен шығуының нәтижесi: өнiмдi, жұмысты, қызметтi сатқаннан түскен түciмнeн, алынған аванстан, пайыздан, дивидендтен, роялтиден және т. б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердiгерлер-дiң қарьrзын төлегеннен, берiлген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерiнен және т. б. шығыстарынан тұрады.

Жанама әдiстер - бұл әдicте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен мiндеттемелерiне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, каржылық және инвестициялық қызметтердiң нәтижесi болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректир) жасалады. Бұл әдiсте баланс мәлiметтерi мен қаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп беру мәлiметтерiн негiзге алады. Бұл әдiс қаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп берудiң әрбip баптарына тузету енгiзудi көздемейдi. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептiк кезеңнiң көрсеткiштерiне түзетулер енгiзiледі.

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу, сату жене берiлген несиенi өтеу және алу.

Инвестициялық қызметке мыналар жатады: /4, 127-129б/.

- негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi және басқа да ұзақ мерзiмдi активтердi сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсiп-орындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсiмдер;

- негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi және басқа да ұзак мерзiмдi активтердi сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарының шығысы;

- қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсiпорындарға қарыз ақша беру, баска да төлемдер.

Инвестициялық қызмет бухгалтерлiк баланстың ұзақ мерзiмдi активтерiнiң құрамына кiредi. Оған қаржылық инвестицияға әсер eтетін операциялар да кiредi. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызме-тiнiң нетижесi туралы есеп беруiнде көрінic табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретiнде көрiнедi, сондай-ақ негiзгi құралдарды және басқа да сатудың нәтижесi көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншiк капиталы мен қарыз кaпиталының құрамы мен мөлшерiнiң өзгерiciнiң нәтижесi болып табылады.

Оған мыналар жатады:

- шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктiк және банктiк емес несиелер, басқада түсiмдер;

- алынған банктiк және банктiк емес несиелердi етеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерiнен акциясын сатып алу үшiн жұмсалған қара-жаттар, дивиденттер және баска да жұмсалған қаражаттар.

Кәсiпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтердi, және негiзгi құралдарды ұзак мерзiмдi несиенiң есебiнен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен етеу; басқа кәспiорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т. б. жатады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру үшiн арнайы әзiрленген кестелердi (таблицаны) пайдаланады, онда келесi ақпараттар келтiрiледi (ақша қаражатының қозғалысын жанама әдiспен есептеу) :

-өткен және есептiк жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстыры-лады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады (+, -) ;

-өткен және есептiк жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтиже-сi туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, сондай-ақ есеп-тiк кезеңнiң соңындағы таратылмаған табысы (зияны) салыстырылады.

Мәлiметтердi салыстырудың нәтижесiнде қандайда қызмет түріне (операциондык, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзiрленген кестелердiң мелiметтерiне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгiзу мүмкiндiгi туады. Осы жанама әдic бойынша жасалған кесте жоғарыда келтiрiлдi.

Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын тiкелей әдiс бойынша анықтаған кезде олардық қозғалысына әсер eтетін фак-торлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған опера-цияларының ара жiгi ашылады.

Егер де операциялар өзiнiң экономикалық мазмұны бойынша бiртектес болып келсе, онда олар есеп беруде бiр бaпқа бipiктiрiлуi мүмкін. Тiкелей әдicтiң негiзiнде жасалған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру нысаны төменде кeлтiрiледi.

Ақша ағымдағы туралы ақпаратты пайдалану:

1. кәсіпорындардың ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және олардың эквиваленттерін бағалау, сонымен қатар кәсіпорынның осы секілді ақша қаражаттары ағымын пайдалану қажеттілігі.

2. кәсіпорынның таза активтегі өзгерістерді, оның қаржылық құрылымын (оның өтімділігі және төлем қабілеттілігін қоса) және оның сомаға әсер ету қабілеттілігі және ауыспалы жағдайлар мен мүмкіндіктерге үйренісу мақсатындағы ақша ағымдарының мерзімін бағалау.

3. әр түрлі кәсіпорынның операциялық іс-әрекетіндегі есептілігін салыстыру, өйткені бұл шаруашылық іс-әрекетіндегі оқиғалар мен операцияларға қолданылатын әртүрлі бухгалтерлік есеп әдістерін қолдану әрекеттерін есепке алмайды.

Ақпаратты қосымша ашып көрсету

Кәсіпорын ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелген не сатылған кезең үшін ескертулерде мынадай ақпаратты:

(а) ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) сипатын;

(b) сату немесе болжанатын шығаруға әкелетін фактілер мен жағдайлардың сипатын және осы шығарудың күтілген тәсілі мен уақытын;

(с) 20-22-параграфтарға сәйкес танылған басқа да пайда немесе залалды, егер пайда және залал туралы есептің өзінде бұл жеке көрсетілмесе, онда осы пайда немесе залал кіретін пайда және залал туралы есептің бабын;

(d) егер қолданылса, онда ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) 14-«Сараланымдық есептілік» Халықаралық стандартына сәйкес көрсетілген сегментті ашып көрсетуге тиіс.

42 Егер 26 немесе 29-параграф қолданылса, онда кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданған кезеңде осы шешімге әкелген фактілер мен жағдайлардың сипатын және бұл шешімнің осы кезең және осының алдында көрсетілген кезеңдер қызметінің нәтижелеріне тигізетін әсерін ашып көрсетуге тиіс. Осы Стандарт күшіне енген күннен кейін болашақта осы Стандарт сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын қызметке қолданылуға тиіс. Егер бағалар және осы Стандартты қолдануға қажетті басқа да ақпарат бұл критерийлер бастапқыда қанағаттандырылған уақытта алынған болса, кәсіпорынның осы Стандарт талаптарын осы Стандарт күшіне енген күнге дейінгі кез келген күннен кейін сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын барлық ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын қызметке қолдануына болады.

Күшіне ену күні

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай бухгалтерлік есеп
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының теорияда және тәжірибеде алғашқы қолданылуы
34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Кәсіпорын қаржылық нәтижесінің қалыптасуы
Қаржылық есептіліктің элементтері
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі
Сатып алушыны айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz