Инвестициялық жобаның жалпы принциптері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Инвестициялар

1. 1. Инвестициялардың құрылымы мен мінездемесі . . . 5

1. 2. Инвестиция және оларды бағалау әдістері . . . 10

1. 3. Қаржылық инвестицияның маңызы және оларды жіктеу . . . 13

ІІ. Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясын басқару.

2. 1. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқаруын талдау . . . 21

2. 2. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері . . . 25

2. 3. Қазіргі таңда ҚР- ң кәсіпорындарына ивестиция тартудың мәселелері . . . 28

ІІІ. Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайы мен сыртқы саясаты.

3. 1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестердің даму

тенденциясы . . . 32

Қорытынды . . . 38

Пайдаланылған әдебиеттері тізімі . . . 39

Кіріспе

Адам мен саясат бір - бірімен өзара тығыз байланысты. Бір қарағанда шет ел инвестициясы тауқыметтердің шешуші тұтқасы болмауы мүмкін. Бірақ олар инвестиция арқылы жаңа технологиялар енгізеді, өндірісті басқару мен ұйымдастырудың озық әдістерімен жұмыс істейді.

Қазақстан экспорты айналымының өсуіне ықпалын тигізеді. Осының бәрі ел экономикасының тұрақты болып, өндіріс өнімінің көбеюіне жол ашады.

Инвестицияны өзара қорғау және қолдану туралы қол қойылған үкіметаралық келісімдер шет ел инвестицияларына қосымша кепілдіктер береді. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан 23 елмен келісім жасасты. Қазіргі уақытта тағы 21 елмен келісімді жоспарлауда. Қазақстанның Халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, елдермен, бүкіләлемдік шаруашылық байланыстарға түсуі, республикаға сыртқы ресурстарда тартуға жол ашты.

Сонымен бұл тақырыпты талдау барысында Президент Н. Ә. Назарбаев дұрыс бағыт беріп отырған Республиканың сыртқы саясаты өзінің қалыптасуы кезеңінен өтіп, Қазақстанның жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатының негізгі құрамдарының біріне айналуы, тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижесі Президент Н. Ә. Назарбаев ұсынған ұтымды сыртқы саяси стратегияны Казақстанның бұлжытпай жүргізіп отырғандығының жарқын дәлелі, бұл саясат Қазақстанның қауіпсіз ғұмыр кешуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, оның дүниежүзілік экономикаға үйлесімді кіреуіне жағдай тудыратыны, оның жалпы инвестиция экономикалық байланыстарды кеңейтуге кең мүмкіндіктер беретіні жөнінде сөз қозғалады.

Қазақстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң 1997 жылы 28 ақпанда қабылданған болатын. Онда инвестицияның қызметі - инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Осы заңды дамытуға байланысты Қазақстан Революциясының Президенті 1997 жылы 5-ші сәуірде тікелей отандық пен шетелдік инвестицияларын тарту үшін Қ. Р. экономикасының басым секторларының тізімі жөнінде Жарлық шығарды

І. Инвестициялар туралы түсінік

1. 1. Инвестицияның құрылымы мен мінездемесі

Бұл түзетулердің маңыздылығы «Юридикалық тұлға, яғни азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс әрекеттер жиынтығы» түсінігіндегі инвестициялық іс - әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:

  • инновациялық;
  • капиталды құрылыс;
  • қаржы капиталын әртүрлі формада қолдануға іске асады.

2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10, 6 пайызға өсті. 2001 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстық 10-ынды және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13-1 пайыз шегінде өсуі Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік құрылымдағы көлемнің жартысынан астамын республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау) игерген. Мұнда Алматы және Астана қалаларының үлесі басым. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47, 0 пайызды, орташаларінікі - 27, 9 пайызды, шығындарінікі - 23, 9 пайызды, халық үлесі - 1, 2 пайызды құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45, 0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9, 6 пайыздың пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0, 6 пайыздың пунктке өсіп, 4, 8 % құрады. Негізгі капиталға жұмсалған басқы шығындар 131 млрд. теңгені құрады. Оның 89, 1% геологиялық барлауға жұмсалған.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартыысынан астамын меншіктің нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырды. Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2001 жылмен салыстырғанда 0, 5 пайыздың пунктке төмендейді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0, 6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту аграрлық - өнеркәсіптік кешенді дамыту, сумен жыбдықтау, экология әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын мемлекет инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2001 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрнғысынша кен өндіру өнеркәсібіне, өңдеу өнеркәсібіне, көлік және байланысқа келеді. Кен өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай ментабиғи газ өндіруге және осы салаларда қызмет көрсетуге келеді. Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44, 4 пайызы тиеді.

Көлік және байланыста негізгі капиталға жзұмсалған инвлестициялардың елеулі үлес салмағы құқыларымен айдауға әуе көлігіне және электр байланысқа келеді.

Негізгі капиталға жұмсалан инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұның 68% -ы геологиялық барлау және іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвеслтицилардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынан мардымсыз.

Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік дежңгезйі әлі төмен қалпында болды. Негізгі капитала жұмсалған инвестищциялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы жкөлемінде үйлер мен имараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13, 3 % құрады. Негізгі капиталға жұмсалан инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталады. Басм қаржыландыратын кез ретінде кәсіпорыннцң жменшікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55, 2% құрады. Сонымен меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде темір кенін ашық әдіспен өндіруде, ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тажздан жасалынған бұйымдар өндіруде қағаз массасын қағаз кардон және осылардан жасалған бұйымдар өндірбуде; көне мұнай өнімдеріне және олардың материалдар өндіру мен темір жол көмегін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инлвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру үлбір өңддеу, және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібін уран, және тарий кендерінен басқа түсті металл кендерін өндіру бойынша өнеркәсіп орындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалады.

Сырттан таратылған аражат құрлымында бюджет қаражатының үлесі 2001 жылымен салыстырғанда 1, 5 % -ға ъөсті, бұл республикалық инвестициялық іске асыру үшін республикамыз бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2, 7 және 0, 6 % -ға өсті. Шетелдік банк кредиттері үлесінің 5, 7 % -ға төмендегені, басқа шетелдік қаражаттың 5, 0% -ға өскені байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестидцияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестірбуді жүзеге асыратын кәсіапорындарда, мемлекеттік басқару, ұйымдарында, былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда, денсаулық сақтау ұйымдарында және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынзша дкәсіпорындарда байқалды.

Ішкі және шетелдік инвестициялардың жара салмағы көбінесе кен өндіруден, өркәсібіне салынған шетелдік салымдарға тәуелді болатын. Сонымен, кен өндіру өнеркәсібіне жұмсалған шетелдік инвестициялар үлесі, 1999 - 2002 жылдары елеулі төжмендесе де, жоғары болып тұр - 64, 4%. Экономиканың көптеген басқа салаларында ішкі инвлестициялардан басым. Материалдың айналым қаражат қорларын толтыруға кеткен шығындар қарды емес активтерге жұмсалған инвлетициялар құрылымында елеулі бола тұрып, 20041 жылымен салыстырғанда 2, 4 % -ға төмендегі, ал 1998 -2002 жылдар кезешңі аралығында оның төжмендеуі 23, 1% құрады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканың өслу імен капиталдық қаралуына көрсеткіш - негізгі капиталға жұмсалған инестициялар дкөлемініең өсуімен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақдшаны жұмылдыруға тікеледй отандық және шетелдік инвестицдиялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдар амасын іске асыру болашақта инвестиция қызметте ең үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді. Ал 2003 жылы - шет елдер инвестициясының негізгі көлемі мен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының негізгі құрал жабдықтарын жасауға бағытталады. Жалпы республика көлемінде шетел инвестицияларын игерудегі ең көп үлесі Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының еншісінде. Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көмегімен меншіктің жеке нысандарға кәсіпорындармен ұйымдар сондай -ақ өз қызметіщн Қазақстан Республикасының аумағында іске асыратын басқа мемлекеттің шаруашылық жүргізу субъектілері игерді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның басым көлемін меншіктік нысандарындағы кәсіпорындар игерді. Жылдың басынан бері индвестиция көлемінің біраз бөлігі тұрғын үй құралына жұмсалады. 2003 жылы инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі шетел инвестициясы болды. Бұл инвестициялар өнеркәсіпті дамытуға жұмасалды, ондағы басты тұлғалар: мұнай және табиғи газ өндіру көжлік пен байланыс және құрылыс салалары.

Өндірісті инвестициялық қажеттілігін үш типге бөлүге болады:

1) Тікелей инвестициялар;

2) Қосалқы инвестициялар;

3) Ғылми-зерттеу жұмыстарын орындауды инвестициялау.

1. Тикелей инвестициялар- инвестициялық жобаның іске асырылуына қажет. Бұған негізгі және айналым қорлары (материалдық және материалдық емес активтер) инвестициялары жатады.

Негізгі қорлар инвестицияларына:

а) Жеткізуіне, құруына, қосуына жаратылған қаражатпен қоса жаңа құрал-жабдықтарды алу ( немесе жасату) ;

б) Қолданылып жатқан құрал- жабдықтарды модернизациялау;

в) Жаңа құрылыстар салу және қайта құрылымы;

г) Технологиялық жабдықтар, құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

д) Қолдағы бар құрал және жаңа технологиялар жатады.

Айналым қорлар инвестициясына:

а) Негізгі және қосымша материалдардың жаңа және қосымша запастары;

б) Дайын өнімнің жаңа және қосымша запастары;

в) Дебиторлар шотының көбеюі.

Мұндай инвестициялардың қажеттілігі: товар өндірісі көлемінің көбеюінен автоматты түрде товарлық - материалдар шикізат қорының, қосымша элементтері және дайын өнімдері көбіне керек. Және де өндіріс көлемінің көбеюі мен сатылуынан өндірістің дебиторлық қарызы өседі. Баланстың активтік баптары және осы баптардың дұрас өнуі қосымша көздерімен қаржыландыру керек. Материалдық емес активтер инвестициясы жаңа сауда нормасы мен жаңа құрал -жабдықтар (патент, лицензия) алумен байланысты.

2. Қосалқы инвестицияларға - территориялдық және функцияналдық тікелей обьектімен байланысты салымдар жатады.

а) обьектіге салымдар: технологиялық - нормалы эксплуатацияларға байланысты емес (канализацияға, подьездік жолдарға, электр жүргізу саласына т. с. с.

б) өндірістік емес мінездегі салымдар, мысалы қоршаған ортаны қорғау қызметіне, әлеуметтік инфрақұрылымға т. с. с.

3. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жобаны жүргізеді.

1. Инвестициялық жобаның жалпы схемасы.

2. Инвестициялық жобаның жалпы принциптері.

1) Қаржылық анықтама инвестиция бойынша - кіріс түсіру мақсатымен шаруашылық қызметіне жұмсалған барлық активтер.

Экономикалық тұрғыдан инвестиция - бұл негізгі капиталдық техникалық қайта жабдықталуына, кеңейтілуі, ашылуына кеткен шығын және осыған байланысты айналым капиталының өзгеруі - деп түсінуге болады.

Инвестициялық жобаны талдау схемасы реттік деңгеймен жүргізіледі. Жобаның бизнес идеясынан кейін, идеяны жүзеге асыру үшін негізгі және айналым капиталының құрамы қандай мөлшерде жаратылу керек, қысқаша айтқанда жобаның орындалуына нелер сатып алынуы керек. Осыдан кейін керекті негізгі және айналым қорларын алу үшін ақшаны қайдан аламыз деген сұрақ туындайды. Кейін жаратылған ақша қалай жұмыс істейтінін және жиналған қаражатқа алынған негізгі қорлардың қайтарымы қалай болатынын талдау қажет. Соңғы сұрағымыз маңыздырақ, өйткені, егер кәсіпорынның керекті сол ақшаны жинаса, онда ол кәсіпорында осы ақшаны инвестицияға баламалы мүмкіндік пайда болады.

Жоғарыда айтылғандай инвестициялық талдауды үш блокқа бөлуге болады:

1. Жобаның инвестициялық қажеттілігін анықтау.

2. Сырттан келтірілетін капиталдың құнын анықтау және қаржылаудың қорлану көздерін таңдау және іздеу.

3. Инвестициялық жобаның қаржы қайтарымын ақша ағымының түрінде болжау және инвестициялық жобаны ақша ағымының инвестиция көлемінің бағалау эффектісін салыстыру жолымен.

2. Инвестициялық жобаның жалпы принциптері.

Инвестицияға қатысты ұғымдар ұзақ уақыттан бұл экономикада және құрылыста ғана пайдаланылып келген экономикалық жобалау жағдайында жалпы принциптері мен эффективті капитал жұмсауды бағалау әдістері жасалынған және үлкен практикалық тәжірибе жиналған.

Жобалық экономика жағдайында жобалар нормативті болып табылатын. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық ағымдар моделі бірінші орында болып табылады. Олар жобаның іске асырылуымен соның негізінде интегралдық көрсеткіштері мен жобаның тұрақты көрсеткіштерін бағалаумен, және оның сыртқы әсерлерінің өзгеруіне байланысты орындалуымен тығыз байланысты.

Қазақстан экономикалық жағдайында инвестицияларын бағалаудың үш түрлі принциптермен қарастырылады: Методологиялық, әдістемелік және операциялық.

1) Методологиялық принциптер жобаның қай түріне болсада жалпылама беріледі.

1. Нәтижелік - жалпы жобаның орындалуы қанағаттанарлық болып, нәтижесінде келер пайдамыз шығындардан асу керек.

2. «Жобасыз және жобамен» орындалған іс шараларын салыстыру.

«Жобалық» және «жобасыз» мысалдарды салыстыру негізінде нәтижесі мен шығыны анықталып жобасыз мысалды келтіру керек.

3. Адеквативті және обьективті. Жасалған жобаға байланысты - алынған анықтамалардың қаншалықты шындыққа жанасымды екенін анықтап - бағалау нәтижесін және шығынын құрылымын дұрыс көрсету керек.

4. Коррективті.

Пайдаланылатын бағалау методтары жалпы қойылған талаптарға сәйкес келуі керек.

а) Монотонды: нәтижелер көбейіп, шығындар азайған және басқада тең жағдайларда жоба бағасы көтерілу қажет.

б) Трензитивті - егер бірінші жоба екінші жобадан жақсы болса, екінші жоба үшінші жобадан жақсы болса онда бірінші жоба үшінші жобадан жақсы болуы керек.

в) Ардитивті- жобалар бәсекелестік етпесе, бірнеше жобалардың тиімдісін бірге қарастыруға болады.

5. Системалық - жобаның орындалу эффектісінің системасын жәнеде тек ішкі ғана емес сыртқы есебінде системалау.

6. Комплексты: Экономикалық және экономикалық емес салдармен орындалғанын, жоба бағасын орындалу процессін бөлшектеп, жобаның өмір сүру циклінде қарастыру қажет.

7. Шектеулі ресурстар. Барлық ресурстардың шектеулі болатынын ескеру қажет.

8. Альтернативтік баға. Жобаның орындалуына қажет ресурстарды бағалау кезінде жіберіліп алынған пайда мен осы ресурстарды альтернативті пайдалануын байланыстырып ескеру керек

9. Шектеусіз тұтыну. Жалпы ресурстар тұтыну шектеусіз болғандықтан, барлық шектеулі ресурстар эффективті пайдаланылу керек.

ІІ Әдістемелік принциптер жобаның экономикалық қаржылық саласымен байланысты.

1. Жоба спецификасы және инвесторлар құрамы - жобаның мазмұнын, жобаның құрылымын және берілген жобаға эффективті көрсеткіштер құрылуының әдістерін анықтайды. Барлық жобаға қатысушылардың қызығушылықтарын ескеріп, компромисті шешім қабылдау қажет.

2. Жобаға қатысушылардың қызығушылықтарының сәйкескелмеушілігі - әртүрлі эффективті көрсеткіштер және әртүрлі жобалар варианттары жобаның әртүрлі деңгей алуына әкеледі. Осыған байланысты инвестиция нәтижесін бағалау - жан-жақты барлық қатысушылар көзқарасымен қарастырылу керек: коммерциялық, бюджеттік.

3. Динамика процессі инвестициялық жобалық орындалуына байланысты, есеп және талдау динамикасының көрсеткіштерін жобаның барлық өмір сүру кезеңінде ескеру керек.

4. Әр уақытты шығындардың және нәтижесінің барқалыпты еместігі шығын мен инвестиция нәтижелерін белгіленген бір уақытын есептеу кезеңінің басынан көрсету қажеттілігін көрсетеді.

5. Келісім принциптері. Инвестицияның нәтижелерін бағалау кезеңінде пайдаланылатын көрсеткіштер және берілгендер иерархиялық, уақытын, құрылымына, мақсатына сәкес келу керек

6. Шектеулі басқару. Инвестициялар барлық инвестициялық процесті барлық параметрлерінде басқара алады.

7. Субоптимизация - бағалауға дейінгі жобалар параметрінің оптимизациясы.

8. Ақпараттау толық еместігінің есебі.

9. Капитал құрылымының есебі. Жобаны қаржыландыруға дейінгі капитал біртекті болмағандықтан меншікті және сырттан алу капиталы жобаны бағалау кезінде ескерілуі керек.

ІІІ Операциялық принциптер инвестициялық процесін басқару мен жобалауын ұйымдастырумен байланысты.

1. Модельдеу - жобаның жан-жақты жағдайын ескере отырып экономика - математикалық модельдерді қарастыру.

2. Компьютерлік сүйеу - берілгендермен шығындардың үлкен мөлшерде болуына байланысты интерактивтік күнтәртібін ұйымдастыру нәтижелерді талдау,

3. Диолоктік - интерактивтік күнтәртібін ұйымдастыру нәтижелерді талдау, бөлек факторлардың әсерін талдауға мүмкіндік береді.

4. Симпифмкация - бірнеше эквиваленті әдістер бағасының таңдауға мүмкіндік береді.

5. Рационалдық түрін таңдау - есептеу нәтижелерімен берілген көрсеткіштер.

Жобаның құрамында Ғылыми - зерттеу жұыстарын қамтамасыз ету қаралады. Бұл бәрінен бұрын материалдық қорлар (қондырғылар, компьютерлер және және әртүрлі құрылымдар жоба алдынан жүргізілетін зерттеулер үшін) Мысалы: Өндіріс орнында ғылыми зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін өндіріс орнының тапсырмасы қажет болуы мүмкін. Инвестицияның жалпы құны барлық инвестициялық шығындардың жинағына тең: тікелей инвестициялар, қосалқы инвестициялар және ғылыми - зерттеу жұмыстарының инвестицияларының жинағына тең.

Барлық инвестициялық қажеттілігі 21-ші кестеде келтірілген инвестицияның ағымы түрінде беріледі.

1. Инвестициялық қажеттілік: 1. Инвестициялық қажеттілік
1-ші жыл: 1-ші жыл
2-ші жыл: 2-ші жыл
барлығы: барлығы
1. Инвестициялық қажеттілік: 2. Құрылыс және қайта құру
1-ші жыл: 0, 340
2-ші жыл: 0, 120
барлығы: 0, 460
1. Инвестициялық қажеттілік: 3. Қондырғылар мен механизмдер
1-ші жыл: 6, 300
2-ші жыл: 3, 300
барлығы: 9, 600
1. Инвестициялық қажеттілік: 4. Қондырғыларды орнықтыру және түзеу
1-ші жыл: 0, 048
2-ші жыл: 0, 020
барлығы: 0, 068
1. Инвестициялық қажеттілік: 5. Лицензиялар мен технологиялар
1-ші жыл: 0, 340
2-ші жыл: 0, 000
барлығы: 0, 340
1. Инвестициялық қажеттілік: 6. Жобалау жұмыстары
1-ші жыл: 0, 095
2-ші жыл: 0, 000
барлығы: 0, 095
1. Инвестициялық қажеттілік: 7. Персоналды оқыту
1-ші жыл: 0, 014
2-ші жыл: 0, 000
барлығы: 0, 014
1. Инвестициялық қажеттілік: 8. Айналым қорларға төлемдер
1-ші жыл: 0, 000
2-ші жыл: 0, 036
барлығы: 0, 036
1. Инвестициялық қажеттілік: 9. Қосалқы шығындар
1-ші жыл: 0, 023
2-ші жыл: 0, 014
барлығы: 0, 037
1. Инвестициялық қажеттілік: 10. Алдын-ала білмеген шығындар
1-ші жыл: 0, 010
2-ші жыл: 0, 010
барлығы: 0, 020
1. Инвестициялық қажеттілік: 11. Инвестицияның жалпы қоры
1-ші жыл: 7, 170
2-ші жыл: 3, 500
барлығы: 10, 670

1. 2. Инвестиция және оларды бағалау әдістері

Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы (нарықтық) құн

бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы.

Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық

құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын

иеленгендегі алынған қаржылық инвестициялары листингтік биржаның

қорынаенгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау

қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор

биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына белгілі бір

есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың

табыстылығына байлансты анықтауға болады.

Табыстың тіркелген (фиксаждалған) деңгейі бар облигациялардың

құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқыны

ның құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пайыз

дық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облигацияны бағалау

үшін мынадай теңдік пайдаланылады:

C C C N

P = + + . . . + + ,

(l + k) (l + k) ² (l + k) ⁿ (l + k) ⁿ

Мұндағы: P - облигацияның ағымдағы құны;

C - жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық

табыстың пайызы;

k - жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс;

n - облигацияны өтеу (жабылу) мерзіміне дейінгі қалған

мерзімі.

Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер жылына бір

рет емес, екі рет төленеді. Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге

болады:

C/2 C/2 C/2 N

p = + + . . . + --- + ,

(l+k/2) (l+k/2) ² (l+k/2) ²ⁿ (l+k/2) ²ⁿ

Мысал. Субъект өзінің есеп саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды ағымдағы (нарықтағы) құны бойынша есепке алады және сол инвестицияның номиналдық табыс проценті 11% болған, ал оның жабылу мерзімі 17 жылға белгіленген, алынған облигацияның құны 1400 теңге құраған. Шығарылған облигацияның өтеуіне дейін қалған кезеңі үшін (6 жыл) табысы, 36% құраған. Облигациялар бойынша проценттер жылына екі рет төленеді. Облигацияға ие болғаннан кейін он екі ай өткен соң кәсіпорын оларды сату жөнінде шешім қабылдайды. Есеп саясатына сәйкес қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құны жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Енді біз облигациялардың ағымдағы құнын анықтайық:

  • жабу мерзіміне дейін алынатын табысы - 25% (облигациялар бойынша барлығы 36% қарастырылған, оның 11%-і төленіп үлгерді, сол себепті қалған табыс 25% (36-11) ) ;
  • номиналдық проценттік табысы - 154 теңге құраған (140×11%), (154:2=77 теңге) ;
  • облигациялардың жабылуына дейінгі мерзімі - 5 жыл (6-1) .

Бұл жағдайларда облигациялардың нарықтық құнының формуласы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажетті инвестициялардың құрамы мен мінездемесі
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Инвестицияны қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы тартылған ресурстардың рөлі
Кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы кедергілер
Бизнес жобаның тиімділігін бағалау
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясын басқару
Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар
«Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz