ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ 5
1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы 5
1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы 8
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 17
2.1 Банкаралық несие нарығындағы келісімдер 17
2.2 Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен
мағынасының нығаю перспективалары 23
3. БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ 26
3.1 Банкаралық несиелеудің шетелдік тәжірбиесі 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Қазақстанға өзінің нарықтық қаржы жүйесін жоқтан құруға тура
келді. Құрылатын жүйенің ең маңызды құраушысы болып тиімді жұмыс істейтін
ақша нарығы табылады. Ол ынталандырушы монетарлық саясатты жүргізуде және
банк жүйесінің дамуындағы қажетті тереңдікке жетуде өте маңызды.
Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық нарығы банктік инвестицияларды,
банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез әрі тиімді қайта бөлу арқылы,
нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Салдары ретінде,
банкаралық нарық инвестициялардың жалпы көлеміне және нәтижесіне әсер
етеді, сонымен қатар инвестициялық шешімдерді қабылдау көзқарасынан
қарағанда экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды.
Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк
жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды
жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша
резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз
шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған
банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар
нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған
банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда
болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға
қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Банкаралық нарық монетарлық саясатты жүргізу барысында жетекші роль
атқарады. Ақша нарығы қаржы ресурстарын банк жүйесіне, нәтижесінде,
кәсіпорындарға және үй шаруашылығына тиімді бөлуге арналған. Бұл дегеніміз,
тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық монетарлық саясаттың тікелей әсер
етуден жанама әсер ету әдістеріне өтудің қажетті шарты болып табылады. Кең
қолданылатын ашық нарықтағы операциялардың әсерін бүкіл банктік жүйе
бойынша таратуға көмектесетін банкаралық нарықтың жұмысынсыз берілген
операциялар жетерліктей тиімді болмайды. Осылай, әлсіз банкаралық нарық
монетарлық саясатты асыру мүмкіндіктерін шектейді, өйткені тиімді жұмыс
істейтін банкаралық нарығы болмағанда, банк жүйесіне қажетті берілу
механизмі да болмайды. Осыдан, өтімділіктің тиімді қайта бөлінуіне
көмектесетін, тиімді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық монетарлық
саясаттың жанама құралдарының банктік жүйеге берілуі үшін қажетті.
Тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық баға механизмдерін және жекелеген
банктердің өтімді ресурстарға жету мүмкіндіктерін қолдана отырып, банк
жүйесіндегі нарықтық тәртіпті жоғарлатады. Банктік жүйені ақша-несие реттеу
органдарымен саналы басқару банк жүйесі қауіпсіздігінің және орнықтылығының
тек біршама деңгейін қамтамасыз ете алады. Банктердің өздері саналы банктік
операцияларды жүргізуге ұмтылуының маңыздылығы осыдан артық болмаса кем
емес. Банк жүйесі мен нарығы туралы ең интенсивті (және дереу) белгілерді
қалыптастыратын жөнді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық бұл нарықтық
тәртіп үшін басты негізі болады.
Өтпелі экономикасы бар елдер үшін, соның ішінде ҚР, тиімді банкаралық
нарықты құру өте күрделі мәселе. Бүгінгі күнде, ҚР қаржы нарықтары толық
жетілмеген, жетерліктей сыйымдылығы жоқ (бұл оларды потенциалды орнықсыз
етеді) және жетерліктей функционалды емес. Оларға өтімділік тұрақсыздығының
мерзімді ушығуы тән, соған қарамастан Ұлттық банк бүгінге дейін күрделі
дағдарыстарды болдырмауға тырысты. Алайда, ҚР халқаралық қаржы нарықтарына
бірігу жағдайында, нәтижесінде шетелдік қоржынды инвестициялардың артуы
салдарынан жалпы қаржылық жағдай одан аса тұрақсыз болып отыр, бұған 1997
жылдың соңындағы оқиғалар дәлел.
Дамушы нарықтардың мәселелерінің бірі болып қол жетерлік ақпараттың
жетерліктей айқын болмауы, бұл халықаралық есеп стандарттары (ХЕС) кіргізу
аяқталмаған жағдайда әріптестердің (банктердің) несиеқабілеттілігін
сараптауды қиындатады. Берілген кезеңде, стандартталған ақпараттың
жетіспеушілігі жағдайында, несиелік тәуекелді сараптау бойынша мүмкіндіктер
шектелген, сондықтан берілген жетіспеушілік болашақта да қате инвестициялық
шешімдер қабылдауға итермелеуі мүмкін. Осылай, ақпараттың қол жетерлігі мен
сапасын жоғарлату нарықтағы табысты жұмыстың маңызды шарттарының бірі болып
табылады.
Қаржылық нарықтың сегментациясы дамушы экономикаларға тән тағы бір
жетіспеушілігі болып табылады. Несиенің банкаралық нарығы – көптеген басқа
нарықтарды өзіне жатқызатын, қаржы жүйесі құраушысының бірі ғана. Олардың
арасында банкаралық несие нарығымен ең тығыз байланысты болып мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығы табылады. Дәл осы ішкі мемлекеттік несие
облигациялары банкаралық несие мәмілелерін жүргізгенде кепілзат ретінде
қолданылады. Алайда мемлекеттік бағалы қағаздарының екіншілік нарығының
өтімділігі жоғалған жағдайда, осы бағалы қағаздармен қамтамасыз етудің
бағасы өсуі мүмкін, бұл өз кезегінде несиенің банкаралық нарығының жұмысы
мен дамуына едәуір әсер етеді. Яғни, несиенің банкаралық нарығын, оның
жұмысының сыртқы ортасын құрайтын басқа қаржы нарықтарымен тығыз байланыста
қарастыру керек. Берілген жұмыстың тақырыбы өзекті және іс жүзінде мағыналы
екенін атап айтуға болады.

1. ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ

1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы

Қаржы нарықтары іс-жүзінде тауарлық-шикізаттық нарықтарға ұқсас
функцияларды орындайды – олар қатысушыларды ресурстарға сұраныс пен ұсыныс
туралы барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді және осы ресурстардың
нарықтық бағаларын қалыптастырады. Бұл функцияларды іске асыру қаржылық
нарықтарға тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігін туғызуға, тәуекелдерді
басқаруға көмектесуге, компанияларды басқаруға әсер етуге жағдай жасайды.
Әр түрлі қаржылық құралдардың, сонымен қатар оларды сату әдістерінің түрі
мен қалыптарының алуан түрлілігі салдарынан түрлі қаржылық нарықтар бар.
Оларды бірнеше сипаттарына қарай жіктеуге болады. Ұсынылатын ресурстардың
ұзақтылығына байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капитал нарықтары
деп бөлуге болады. Соңғы жағдайда, әдетте, ақша нарықтары туралы айтады,
оларға мерзімі 1 жыл мәмілелер жасасады.
Ақша нарықтары валюталық нарықтарға және несие нарықтарына бөлінеді.
Несие нарықтарында кәсіпорындар мен бактер мерзімді қарыздарды ала алады.
Кәсіпорындар, әдетте, коммерциялық банктерде несиеленеді.
Банкаралық несие ретінде бір банктің басқа банкке береген несиесі немесе
басқа банкте орналастырылған банк депозиті бола алады. Берілген жағдайда
несиелік қатынастардың субъектілері коммерциялық және орталық банктер болып
табылады. Бос несие ресурстары бар банктер бұл ресурстарды банкаралық несие
нарығында, яғни ақша нарығында сатады. Банкаралық несиенің көмегімен
банктер өзінің өтімділігін оперативті басқарып, керек болған жағдайда
қаражаттарды жедел тарта алады немесе бос несие ресурстарын уақытша
орналастыра алады.
Банктердің өздері қысқа мерзімді капиталды банкаралық несие нарығында
тартады. Бұл тектес несиенің бағасының нысанасы ретінде Лондон банкаралық
нарығының (LIBOR) ұсыныс қойылымы қызмет етеді.
Сәйкес қойылымдар: EURIBOR – 50 ірі еуропалық банктердің банкаралық
депозиттері бойынша орташа пайыздық қойылым, MIBOR – ресейлік банкаралық
несие нарығы, KIBOR – украиналық нарық. Сонымен қатар, тартудың
(сұраныстың) банкаралық қойылымдарын несиелік ресурстарға және несие
ұсынудың іс жүзіндегі қойылымына бөледі.
Қазақстандық банктер несиені шет елдерден тартқан жағдайда, олар LIBOR
қойылымдарын қолданады.
Банкаралық нарық (Interbank market) – қарыз капиталдар нарығының бөлігі,
мұнда несиелік мекемелердің уақытша бос ақша ресурстары көбінесе қысқа
мерзімді депозит түрінде өзара банктермен тартылып, орналастырылады.
Банкаралық несие нарығын экономисттер құрамына теңгелік және валюталық
несиелер, соның ішінде қысқа мерзімді және өте қысқа, бойынша операциялар
кіретін банкаралық қаржы нарығының шешуші секторы деп атайды. Банкаралық
несие нарығы нарықтың басқа секторларында банктердің активті операцияларына
қажетті құрал көзі болып табылады.
Банкаралық нарықтағы несиелік операциялар – банкілік бизнестің аса
маңызды бағыттарының бірі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл қаражат
көзінің арқасында таза пайданың, резервті қорларға жіберілетін және банк
акционерлеріне дивидендтер төлеуге жұмсалатын салмақты бөлігін
қалыптастырады. Одан басқа, коммерциялық банктердің басқа несиелік
мекемелерден несие алуы коммерциялық банк балансының төлемқабілеттілігін
сақтауда маңызды роль атқарады.
Бүгінгі күнде қолданылып жүрген қаржы құралдарының ішінде банкаралық
несиелер қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруіне өте сезімтал болады,
өйткені банктер банкаралық несие нарығын қаржы нарығының басқа
секторларында белсенді әрекеттерге қажетті құралдардың оперативті көзі
ретінде жиі қарастырады. Сондықтан банкаралық несиелер бойынша қойылымдар –
жалпы қаржы нарығындағы жағдайдың барометрі.
Ивасенко А.Г. пікірінше, банкаралық несие - несие ресурстарының қымбат
емес көзі. Банкаралық несиелер көбінесе банктің ағымды өтімділігін сақтауды
немесе құралдардың пайдалы салынуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Банкаралық несие тән ерекшеліктер – оның қысқа мерзімге төмен пайыздық
қойылымдармен (орнықсыз қаржы жүйесі кезіндегі пайыздық қойылымдар күрт
өзгеруі мүмкін) берілуі және қаражаттарды беру әдісінің оперативтілігі.
Қазақстан Республикасында қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдайында,
банкаралық несие нарығын – ең арзан және қысқа ақшалар нарығы ретінде
қарастыруға болады.
Осылай, банкаралық несиені бір банктің басқа банкке жеделдік,
қайтарымдылық, ақылық шартпен берілетін несиесі ретінде қарауға болады.
Банкаралық несие коммерциялық банктердің қалыптасу кезеңінде несие
ресурстарының негізгі көзі болды. Бос несие ресурстары, әдетте салмақты
несиелік саясатын жүргізетін банктерде болады.
Банкаралық несие нарығы несие ресурстары банкаралық несие және
банкаралық депозиттер түрінде сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының
ең ірі сегменттеріне жатады.
Несие ресурстарының нарығы қаржы нарығының басқа сегменттерінен өзінің
коммерциялық банктерге қызмет көрсету әмбебаптылығымен ерекшеленеді,
өйткені әр түрлі банк операцияларымен байланысты банкаралық қатынастарды
сипаттайды. Соған қоса, ол коммерциялық банк баланстарының өтімділігін
сақтау мен корреспонденттік шотты толықтыруға және қаржы нарығының басқа да
тиімдірек сегменттерінде белсенді әрекет ету үшін қажетті ең оперативті
қаражат көзі болып табылады.
Банкаралық несиемен қаржы нарығының 1 -ден 7 күнге дейінгі мерзімге
несие берілетін қысқа ақша секілді нарықтар да байланысты. Осылай бір
күндік несиелер (пайдалану мерзімі бүгіннен ертеңге дейін, ертеңнен
бүрсігүнге дейін, бүрсігүннен одан әрі бір күнге, овернайт) банкаралық
несие нарығында шешуші роль атқаратын болды. Сонымен бірге апталық
(бүрсігүннен бір аптаға), екі, үш, төрт апталық несиелер де қолданылады.
Оған қоса біздің елде 0,1жыл, 2 және 3 жылға берілетін біріккен несиелер
пайдаланып жатыр.
Бұл несиелердің тартымдылығы олардың ұзақ уақыт бойы арзан несиелік
ресурс ретінде болғандығымен түсіндіріледі. Несиелік ақшалар сатып
алушыларға да, сатушыларға қолайлы болды.
Банкаралық несиенің қалыптық сипаттамасын қарастырғанда, оның жеке
жағдайына, яғни қамтамасыз етуші қарызға назар аударамыз. Бұл
қайтарымдылық, төлемділік шартымен берілетін, кепілзатпен қамтамасыз
етілетін және тағайындалуы бойынша жұмсалатын банкаралық несие мерзімі
бірден 30 күнге дейін беріледі. Егер қарыз беруші немесе банк қарызды
мерзімнен бұрын қайтарып алғысы немесе қайтарғысы келсе, аталмыш несие
келісімшартта көрсетілген мезімге дейін қайтарылуы мүмкін.
Екінші деңгейдегі банктерде осындай несиені қамтамасыз ету үшін
негізінен бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар секілді қаржылық
институттар пайдаланылады.
Банкаралық несиелеу кезіндегі қолданылатын санаттар, кейбір
ерекшеліктерді ескермегенде, банктердің өз клиенттерін несиелеу
кезіндегісіне ұқсас.
Мысалы, халықаралық тәжірибеде рrice drawing credit – банкаралық
пайыздық қойылым сияқты ұғым пайдаланылады. Мұны банкаралық несие
нарығындағы несиенің пайыздық қойылымы деп атайды.
Әдетте, нарықтағы негізгі неселеушісі елдің Орталық Банкісі (Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі) болып табылады. Коммерциялық банктер басқа
коммерциялық банктердің қарыз алушы немесе несие беруші ретінде болады.
Әдетте, қаражаттарды қарызға беру бір реттік несие келісімшарты негізінде
немесе басқа банктерде депозит орналастыру түрінде жүргізіледі.
Банкаралық несие нарығы жұмысының бүкіл тарихындағы мәселелер домино
әсеріне саяды. Бұл қаржылық теріс әсер банкаралық нарықта, бір немесе бір
жүйеге байланысқан бірнеше банктердің несиені қайтару шартын орындамау
кезінде, орын алады.
Әлемдік қаржы жүйесінде банкаралық несие нарығының қойылымдарын
ажыратады. Дамыған елдердің банкаралық несие нарығының келесі қойылымдары
белгілі:
LIBOR – Лондондық банкаралық депозит нарығының ұсыныс қойылымы (1, 3, 6
айға және 1 жылға берілетін қарыздар). Соңғы жылдарда 6-7% деңгейде
сақталып тұр, халықаралық қаржы нарықтары үшін негіз болып табылады;
FIBOR – Майндағы Франфуркттегі қор биржасының қойылымы;
PIBOR – Париждік банкаралық нарықтың қойылымы және т.б.
Мәскеудегі банкаралық нарықта келесі қойылымдар қолданыста:
МИБОР – қысқа мерзімді қарыздар орналастыру;
МИБИД, ИНСТАР – несиелік ресурстарды тарту.
Пайыздық қойылымдардың өзгеруі туралы ақпарат үнемі баспаға шығып
отырады.
Несие бойынша пайыздық қойылымды анықтау. Төленетін сомманың көлемін
(өсірілген) қарапайым пайыз қойылымын қолдану арқылы анықтау:
А. Z = K + V = K + m ´ y ´ K100 = K (1 + m ´ y100), (1)

мұндағы Z – несиенің өсірілген соммасы,
K – берілген қарыздың көлемі,
V – m жылға төленген пайыздық ақшаның соммасы, (егер m1 болса,
күнмен есептелген несие мерзімін 360-қа бөлу керек ),
y(%) – пайыздың жылдық қойылымы,
m – пайыздыр төленетін мерзім.
ЛИБОР негіздік қойылымы – бұл банкаралық нарықтағы депозиттер үшін
әлемдік валютамен (доллармен, евромен, швейцарлық франкпен) берілген ұсыныс
қойылымы, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін есептеу Кезеңінің бірінші
күнінде (немесе бастапқы есептеу кезеңі кезіндегі пайыздық төлем күніне не
пайыз есептеудің осындай кезеңінің күнінде, не болмаса пайыздық есептеудің
бірінші күнінің алдында болатын келесі күнінде) бағаланады және банкпен
негізді анықталынып, жылдық пайыздар ретінде көрсетіледі.
Банк қарыз алушыны, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін анықталынатын
ЛИБОР негіздік қойылымы және ЛИБОР жиынтық спрэды туралы хабардар етеді.
ЛИБОР" жиынтық спрэды – пайыздарды есептеудің әрбір кезеңі үшін: (а) бір
пайыздың жартысы (%-дан 12); (b) теріс (немесе оң) пайыздарды есептеу
кезеңі үшін орташа маржасы, Банктің төленбеген қарыз қаражаттарына немесе
бірвалюталы несиелерді, Банкпен негізді анықталатын және жылдық пайыздар
ретінде көрсетілетін несие бөліктерін қаржыландыруға Банкпен бөлінген қарыз
қаражаттарының бөлігіне қатысты алты айлық депозиттері бойынша
қойылымдарынан немесе Лондондық банкаралық ұсыныс қойылымынынан төмен
(немесе жоғары).
Қысқа мерзімді ресурстардың банкаралық нарығындағы тұрақтылық пайыздық
қойылымдар шегін ұстап тұруымен анықталынады. Іс жүзінде бұл Ұлттық банктің
белгілі бір шарттармен немесе белгілі бір қойылымдармен overnight
несиелерін береді немесе қабылдауымен асырылады. Шектің жоғарғы жағы репо
мәмілелерімен қамтамасыз етіліп, ал төменгі шекарасы біркүнгі депозиттер
бойынша Ұлттық банк қойылымдарымен қамтамасыз етіледі.
Банкаралық несие нарығының қатысушыларының құрамына қаржылық жағдайдың
өзгеруіне байланысты өзінің операцияларын үнемі жүргізбейтін банктер
кіреді. Банкаралық несие нарығының ең белсенді операторлары – өз атынан
және өз есебінен әрекет ететін дилер-банктер, олар қарыз алушы немесе
кредитор ретінде болуы мүмкін. Олардың табысы – пайыздық маржа, яғни
қаражаттарды орналастыру мен тарту қойылымдарының арасындағы айырмашылық.
Оперативті жүйелерді, мысалы REUTERS DEALING 2000, қолдану мәмілелерді
оперативті жасаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді: банктер
стандартты ақпаратты (ағымдағы бағамдар, шарттар, басқа да анықтамалық
деректер), сонымен қатар мәмілелерді жасаудың белгілі бір құралдарды алады.
Оперативті жүйелерді пайдаланудан түскен табыс есептеуге қатысушылардың
абоненттік және коммисиондық төлемдерден құралады.
Банкаралық несие нарығы – коммерциялық банктердің несие ресурстарын
толықтыру көздерінің бірі және өзінің өтімділігін реттеудің оперативті
құралы. [26]
Коммерциялық банк басқа банктің несиесін тікелей немесе делдал (басқа
банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе) арқылы алуы мүмкін. Банкаралық несие –
қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге қарағанда, оларға резервті
талаптар қойылмайды, сондықтан банкке алынған банкаралық несиенің соммасын
толығымен табысты салымдар үшін қолдануға болады. Несиелік ресурстардың
бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым – ұсыныс пен
сұраныс әсерінен қалыптасады. ТМД -дағы Банкаралық несие жағдайы туралы
төменде көрсетілген арнайы көрсеткіштер ақпарат береді:
MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) – сату бойынша ұсыныстың орташа
қойылымы, MIBID (Moscow Interbank Bid) – сатып алу бойынша ұсыныстың орташа
қойылымы.
MIACR (Moscow Interbank Actual Credit Rate) – банкаралық несие бойынша
орташа нақты пайыздық қойылым. Жоғарыда аталған көрсеткіштер Қазақстанның
ірі банктері – банкаралық несие нарығының қатысушылары бойынша есептеледі.

1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы

Банкаралық несие нарығының пайда болу тарихын қарастырғанда банкаралық
корреспонденттік қатынастардың бастау көзіне назар аудару керек. Банкаралық
есептер, қаражатты төлеуші мен алушы әр түрлі банктермен пайдаланған
жағдайда, сонымен қатар қолма-қол ақшаны өзара несиелегенде және орын
ауыстыру кезінде, пайда болады. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы
шаруашылықта қолма-қолсыз есеп айырысу банктер арасындағы өзара есеп
айырысуларды тудырады.
Төлемдік механизм – нарықтық экономика мен банкаралық несие нарығының
негізгі құрылымдарының бірі. Ол шаруашылық жүйедегі заттар алмасуын
қамтамасыз етеді және оның үздіксіз жұмысынан экономикалық институттар
істеуінің жалпы тиімділігі тәуелді болады.
Көбінесе банктермен жүргізілетін ақшалық операцияларда қоғамдағы
экономикалық қатынастардың барлық түрі дерлік орын алады. Бұл өз кезегінде
банктер арасындағы – банкаралық есеп айырысуларынсыз мүмкін емес,
шаруашылық байланыстардың кең таралуына, үлкен территориялық алшақтыққа
және басқа да бір қатар алғышарттарға тәуелді.
Жоғарыда айтылған төлемдік механизм Қазақстан Республикасында да осы
жолмен дамып, кейінен банкаралық несие нарығының негізіне айналды. КСРО-да
және Қазақстанда банкаралық есеп айырысулар клиринг негізінде болды, олар
Мемлекеттік банктің есептік бөлімшелермен жүзеге асырылып, қатысушылары
ретінде Мемлекеттік банктің бірқалалық мекемелері мен басқа несиелік
мекемелер болды.
КСРО кезінде есептік бөлімшелер маманданған банктердің құрылуына 1922 –
1923 жылдарда байланысты құрыла бастады. Сол кезде олар КСРО Мемлекеттік
банкінің, маманданған банктер мен жинақтаушы кассалардың өзара талаптарын
есептеуді жүзеге асырды, төлемдік құжаттардың күнделікті алмасуын жүргізді,
есептеуге қатысушыларға ағымдағы, өзара есеп айырысудың қорытынды сальдосы
көрсетілетін, шоттарды ашты. Есептеу бөлімшелерінің операциялары дамудың
жоғарғы шегіне 1926 – 1928 жылдарда жетті.
1930 – 1932 жылдарда жүргізілген несие реформасы нәтижесінде несие
жүйесінің құрылымында және оның буындарының кейбір функцияларының сипатында
өзгерістер енді. КСРО Мемлекеттік банкіндегі кассалық операцияларды, қысқа
мерзімді несиелеу мен шаруашылық нысандар арасындағы есеп айырысулар
бойынша операциялардың түгел дерлігін, төрт маманданған банктерде (Өндіріс-
құрылыстық банкісінде, Ауыл шаруашылық банкісінде, Сауда банкісінде) ұзақ
мерзімді салымдар операцияларын, қапиталды салымдарды және мердігерлік
ұйымдарды несиелеу және қаржыландыру бойынша операцияларды орталықтандыру –
осының бәрі бұл банктер арасындағы есеп айырысу кезіндегі клиринг (оның
әдеттегі мағынасында) әдісін қолдануды керексіз етті.
1933 жылы КСРО Мемлекеттік банк жүйесінде филиаларалық айналымының
шоттары негізінде есептеулер енгізіліп, қайта құруға дейін әрекет етті.
Мемлекеттік банктегі төлемдік айналымның көп бөлігі өтетін мекемелері
арасындағы банкішілік есептеулер 1933 жылы енгізілген, филиаларалық
айналымдардың шоттар жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Филиаларалық
айналымдар жүйесіне КСРО Сыртқы сауда банкісінің мекемелері де енгізілді.
Жыл сайын Мемлекеттік банктің филиаларалық есептеулері бойынша 200 млн.
жететін ақша аударулары жүргізілді. 01.08.1934 жылдан бастап есетеудің бұл
түрі тарала басталып, 1935 жылдың наурызында толығымен енгізілді.
Елде іс жүзінде бірегей мемлекеттік банк болғандықтан, бұл клиринг жалпы
мемлекеттік сипатта болды. Банктік мекемелер арасындағы филиаларалық
айналымдар шоттары арқылы өзара есептеулер шаруашылықтағы өзара
есептеулермен қоса жүргізілмеді. Отандық банкілік тәжірибеде шаруашылық
нысандар арасында есеп айырысудың өзара талаптар мен міндеттерге
негізделген түрлері қолданылды: тұрақты әрекет ететіндер – өзара есеп
бюросы, орталықтандырылған өзара есеп бюросы арқылы, орталықтанбаған
тәртіпте қарсы талаптарды есепке алу жолымен салааралық және салаішілік
есептеулер, бір реттік – жыл соңындағы салаішілік, әсіресе салааралық
есепке алулар.
Бұл есептеулер жүйесі банкішілік өзгеше клиринг ретінде болып табылды.
Филиаларалық айналымдар бойынша филиаларалық есептеулердің қорытынды
сальдосы КСРО Мемлекеттік банк Басқармасында анықталды және көрсетілді.
КСРО-дағы банк жүйесінің дамуы кезінде үйлескен банкаралық және банкішілік
есептеулер жүйесі құрылды. Оның мәні келесіде болды: КСРО Мемлекеттік
банкісі елдің эмиссиялық-кассалық және несиелік-есептік орталығы ретінде
басқа несиелік институттармен (КСРО Құрылыс банкісімен және КСРО
Мемлекеттік еңбек жинақ кассаларымен) өзінің корреспонденттік қатынастарын,
Мемлекеттік банк басқармасында КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассаларына
және КСРО Құрылыс банкісінің басқармасына ашылған корреспонденттік шоттар
көмегімен қалыптастырды. Көрсетілген несиелік институттардың бөлімшелеріне
Мемлекеттік банк мекемелерінде корреспонденттік субшоттар ашылып, бұлар
бойынша төлемдер ондағы қаражат болуына тәуелсіз жүргізілетін. Жалпылама,
Құрылыс банкінің және Мемлекеттік еңбек жинақ кассалардың корреспонденттік
шоттары бойынша есептеулер несиелік сальдо шегінде жүргізілді.
Филиаларалық айналымдар типті шоттарды қолдануы бар мұндай схема Құрылыс
банктің мекемелері арасындағы, сонымен қатар жинақтаушы кассалар жүйесінің
ішіндегі өзара төлемдерде де пайдаланылды. Шоттары басқа қалалардың
филиалдарында орналасқан жағдайда, филиаларалық айналымдар банктік
мекемелердің өз клиенттерінің Қаражаттарын, аудару кезінде қолданылды.
Филиаларалық айналымдар негізгі бөлігі шаруашылық нысандардың тауар
жеткізу, қызмет көрсеу, мемлекеттік бюджеттің кассалық орындау, банктердің
эмиссия-кассалық операцияларан және бюджеттік емес қаражаттарды
қалыптастырды және пайдалану бойынша қолма-қолсыз есеп айырысуларымен
байланысты болды.
Филиаларалық айналымдар арқылы есеп айырысулардың жақсы жағы – олар
жақсы ұйымдасқан және белгілі дәрежеде банктердің бухгалтерлік аппаратын
тәртіпке келтірді, өйткені ол ерекше дәл ұйымдастыруды және қатаң бақылауды
талап етті. Әрине, филиаларалық айналымдар бойынша құжаттарды қолмен өңдеу
кезінде Филиаларалық айналымдар есепке алу және бақылау бойынша операциялар
банктердің есептік-операциялық жұмыстар көлеміндегі үлесі салмақты.
Болашақта, банктердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, қызмет
нәтижесіне олардың нақты ынталылығын және жауаптылығын көтеру, шаруашылық
(коммерциялық) есеп айырысудың принциптерін банк бөлімшелеріне дейін
жеткізу көзделді.
Берілген есеп айырысулар жағдайында маманданған банктер мекемелері іс
жүзінде Мемлекеттік банктің ресурстарын автоматты түрде жұмылдырды, сонымен
қатар бір-біріне ресурстарды несие ретінде, бар-жоғына қарамастан автоматты
түрде беріп отырды. Берілген несиелер иесіз, мерзімсіз және ақысыз болды.
Нәтижесінде, Мемлекеттік банк ақша айналымын реттеу және банктер қызметін
бақылау мүмкіндігінен, әсіресе пайыздық қойылымдар мен міндетті резервтер
нормасын өзгерту, активті және пассивті операциялар сияқты экономикалық
әдістерден айырылды. Мұның барлығы өз кезегінде қайта-құрудың (1988-1990
жж.) алғашқы жылдарында жүргізілген ақша-несие саясатының нәтижелілігін
жоққа шығарды.
Сондықтан сол уақытта банк жүйесінің, халық шаруашылығын ақша-несиелі
реттеудің қазіргі заманғы әдістерін жұмылдыруға болатын түрлендірулер
қажеттілігі туды. Елде банктердің шетелде кең таралған екі деңгейде
ұйымдасқан құрылымы құрыла бастады.
Көптеген коммерциялық банктердің құрылуымен, КСРО ыдырауымен, Қазақстан
Республикасының егемендік алуымен бірге жүрген нарықтық экономикаға өтуіміз
банкаралық есеп айырысу жүйесіне, әр түрлі банктердің ресурстарын айқын
шектеуін қамтамасыз ете алмайтын жүйеге ретінде көптеген өзгерістерді
енгізді. Бұл өзгерістер банктер арасындағы корреспонденттік қатынастардың
ашылуына өтуге және банкаралық несие нарығының дамуына сайды.
Қазіргі уақытта қазақстандық банктер несие бойынша, басқа банктерде
ашылатын корреспонденттік шоттар қолданылатын есеп айырысуларды кең
пайдаланбайды. Банкаралық несие нарығындағы несие операцияларын өткізуде
банктер тәжірибесінің жетіспеуі, техникалық жабдықталуының төмен деңгейі,
ақпарат беру арнайы арналарының болмауы банкілік есеп айырысулар үшін үлкен
мәселе болып табылады.
Екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасындағы төлемдерді жүзеге асыру
және біріншісі басқаның нұсқауы немесе есебінен несиелеу, сонымен қатар
несие беру, инвестициялық және басқа да қызметтер көрсету туралы келісімдік
қатынастар банкаралық қарыздар бойынша қатынастарға жатады.
Бұл қатынастар ел ішінде және басқа елдерде орналасқан несиелік
институттар арасында болуы мүмкін. Қазіргі күнгі жағдайда әрбір банк бір
емес, ондаған, кей кезде мыңдаған банктермен корреспонденттік тораптар
арқылы байланысқан. Корреспонденттік қатынастар алуан түрлі несиелік
мекемелер арасында, соның ішінде әр түрлі елдердің банктері арасында; әр
түрлі тәуелсіз коммерциялық банктер арасында; орталық және коммерциялық
банктер арасында; егеменді елдерді орталық банктері арасында болуы мүмкін.
[16]
Бұл тектес қатынастар банктер мен клирингтік палата типті арнайы
банкаралық ұйымдар арасында болуы мүмін. Корреспондеттік қатынастардың бір
түрі болып әр түрлі банктер арасындағы қатынастар табылады.
Бүгінгі күнгі банкаралық есеп айырысудың механизмі жағдайында банктер
өзара есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің
мекемелеріндегі корреспонденттік шоттар арқылы жүргізуді қалайды.
Әдетте, ұсақ банктер өзінің корреспонденттік шоттарын ірілеу банк
мекемелеінде ашады. Соңғылары өздерінде кішірек банктердің банкаралық
депозиттер ашуы үшін өзара бәсекелесте болады. Ірі банктер де бір-бірінде
депозттік шоттар ашу арқылы өзара осындай қатынаста болуы мүмкін.
Корреспонденттік қатынастардың дамуы банкке жаңа банк бөлімшесінің ашылуына
ұқсас бір қатар артықшылықтар береді. Сонымен бірге банк өзінің заңды
дербестігін және жүргізілетін операцияларды бақылауын сақтайды.
Корреспонденттік қатынастарды, әсіресе шетелдік банктермен орнату
шегінде екі жақ та әріптес-банктің ауқаттылығына және сенімділігіне назар
аударады. Қарыз алу туралы өтініш хатымен бірге барлық керекті құжаттар
қосылады: банк қызметі туралы есеп беру, оның жарғысы мен белгілі бір
операцияларды жүгізуге лицензиялар. Корреспонденттік қатынастар алмастыру
хаттары немесе сәйкес банкілік операциялардың атқарылу тәртібі мен шарты
қарастырылатын арнайы корреспонденттік келісім қорытындысы ретінде
рәсімделеді. Корреспондентік келісімшартар мерзімді және мерзімсіз болып
бөлінеді.
Қазақстан Республикасының банкілік жүйесіндегі банкаралық несиелер
банктер арасындағы есеп айырысудың екінші (орталықтандырылған) нұсқасына
бағытталады. Мұндай есеп айырысуларды осы мақсатта арнайы құрылған нысандар
Ұлттық Банктің Оперативті Басқармасы орындайды.
Банкаралық несиелер бойынша есеп айырысудың төмен сапасының негізгі
себебі есеп айырысуға қатысушылардың (кәсіпорындар, банктер, Ұлттық Банктің
облыстық басқармалары) техникалық жабдықталу деңгейінде артта қалушылық
болып табылады. Банкілік ақпаратты беру мен өңдеу жүйесін ЭЕМ негізінде
жүргізу мәліметтерді байланыс арналары арқылы жіберу мүмкіндігінен айырады,
сенімділігі төмен және эксплуатациясы көп шығын келтіреді.
Банкаралық несиелер тәжірибесіндегі есеп айырысу механизмін реформалауды
өзгерткеннен кейін де Ұлттық банктің облыстық басқармаларында жаңылыстар
мен төлемдердің кешігуі байқалады.
Бір себебі болып шаруашылықтар арасындағы есеп айырысулардың ескішіл
қағаздық технологиясы табылады. Есеп айырысу кезіндегі негізгі төлем
құжаттары ретінде, жалпы алғанда төлем айналысының 90% аса құрайтын төлем
тапсырмасы болады.
Осындай есеп айырысулардың жоғары еңбек сыйымдылығымен қатар оларды
орындау кезінде түрлі қателіктердің болуы мүмкін. Бұл қателіктер аралық
буын – Ұлттық банктің облыстық басқармасы арқылы есеп айырысу кезінде
жиіледі. Белгілі бір кедергілер есеп айырысу тәжірибесінде келісімдік,
қаржылық, төлемдік тәртіптің төмендеуімен сыйыспайтын төлем тапсырмаларының
кейінгі акцептісінің болуымен байланысты пайда болды.
Банкаралық несиелердегі жоғарыда аталған бұзушылықтар негізінен Ұлттық
Банктің Облыстық Басқармаларының жаман жұмысына қатысты. Бірақ кейбір
жағдайларда олар банктердің өздерінен болады.
Банкаралық қарыз бен құжат айналымын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында
есеп айырысудың бекітілген ережелерін бұзғаны үшін жазалау шараларының
шеңберін кеңейту керек. Әсіресе, зардап шеккен жақтың пайдасына қазір
қолданып жүрген уақытылы емес аударымдар кезіндегі әрбір кешігу күніне
төленетін айыппұл ғана емес, соған қоса осы уақытта жоғалған кірістің
соммасын сот тәртібімен өндіріп алынуы керек.
Қолданылып жүрген банкаралық несиелер жүйесінің сипаттамасына қысқаша
резюме жасайық. Клиенттер арасындағы есеп айырысу қатынастары, сонымен
қатар банкаралық несиелер бойынша операцияларды есептеуде кемінде
банктердің бес ішкі жүйелерді өзіне жатқызады.
Банктің осы аймақтың банктерімен орналасу аймағындағы тікелей есеп
айырысулары аймақтық (аймақаралық) ақпарат орталығы арқылы. Ұлттық Банктің
Облыстық Басқармалары арқылы банктің орналасу аймағынан тыс орналасқан
немесе осы аймақта орналасқан бірақ тура есеп айырысудың қатысушысы болып
табылмайтын банктермен есеп айырысулар жақын шетелдің Ұлттық Банктерінің
Облыстық басқармалары арқылы.
Бас банк арқылы оның филиалдарын бас банктің өзімен басқа филиалдардағы
ресурстарды қайта бөлу корреспонденттік шоттарды пайдаланумен несиелеу
жүргізіледі:
а) жақын шетелде;
б) алыс шетелде.
Осылай, банктердің қажетті несиелерді артығымен төлеп тастаудың
мүмкіндіктері жетерліктей кең. Басқа жағынан, алуан түрлі корреспонденттік
қатынастар кезінде пайдаланатын әр қилы шоттарды басқару банк үшін үлкен
мәселеге айналады.
Жалпы алғанда, жүйе әсіресе есеп айырысуды жүргізудің алғашқы кезеңінде
күрделілігімен, көп буындылығымен, үлкен еңбек сыйымдылығымен жеткіліксіз
сенімсіздігімен ерекшеленеді. Бүгінде ҚР банкаралық несие нарығындағы
несиелердің осы сипаттары ел экономикасындағы төлемдер жүргізуде елеулі
кемшіліктерге себеп болды.
Қазіргі кезде Қазақстанда банкаралық несие жетерліктей кең қолданылады.
Ол банк арасында несиелік ресурстарды сату-сатып алу туралы келісімшартты
жасау кезінде пайда болады.
Банкаралық несие нарығы дамуының алғашқы кезеңінде 90 жылдардың басында
ҚР-да несиелік ресурстардың аукцион арқылы жұмылдырылды. Аукцион арқылы
сатылатын ресуртар көлемінің өсуі (2003 жылдан 2005 жылға дейін 78 аукцион
өткізіліп, 5,3млрд. тг. соммаға несиелер ұсынылды), оларға коммерциялық
банктердің қатысуына жіберу шарттарын өзгерту және сырт аймақтағы банктерді
қосу банкаралық несие нарығының қалыптасуына қажетті шарттарды құруға
көмектесті.
Қысқа банкаралық несиелерінің ұйымдасқан нарығы, орталықтандырылған
несиелеу Қазақстандағы несиелік саясатының басты құралы болудан қалған
кезде, 1995 жылда іске қосылып, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 1996 жылдың
басына дейін қарқынды өсті. Банкаралық несиелік операциялардың
ұйымдастырылуымен және жүргізілуімен Қазақстанның орталық клирингтік
палатасы айналысты, мұндағы саудалар күн сайын қашықтан қатысу тәртібімен
классикалық аукцион ретінде жүргізілді. [5]
Бірақ та, несиелер нарығы жетерліктей тұрақсыз дамыды. Берілген
несиелерді төлеуді ескергенде, 2005 жылдың басына қарай орталықтанған
несиелер бойынша қарыз 31,1 млрд. тенгені құрады.
Бюджет депозиттерін ескерсек, орталықтанған несилер бойынша қарыздар
26,0 млрд. тенгеде анықталды немесе 2004 жыл ішінде 4,3 есе өсті, ал ақша
массасы кезінде 8,5 есе өсті.
Осыдан басқа, банктердің несиелік операцияларының табыстылығының
валюталы-алып сатарлық операцияларының табыстылығынан жоғарлауы қамтамасыз
етілді. Нәтижесінде, шетел валютасына сұраныстың тұрақтылығы мен теңге
бағамының тұрақтылығы пайда болды.
Банктердің қаржылық орнықтылығын, ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету және депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің
минималды жарғылық капиталына талаптар жоғарлатылды.
2005 жылы істеп тұрған банктерден 31-інің (17%) жарғылық қоры 50-ден 200
млн. теңгеге дейінгі көлемде болды, 43-інде (23%) 5-тен 50 млн. теңгеге
дейін, ал банктердің жалпы санының 60%-ында жарғылық қор 1 млн. теңгеден
аспады. [28]
Мұның бәрі банкаралық несие ұйымдасқан нарығының көлемдері былтырғы
жылдың соңында үлкен тәуекелдерге байланысты нөлге дейін төмендеп,
дилерлердің сол кезде айтқанындай, банктердің бір-біріне сенімсіздігін
көрсетті. 2003 жылда банкаралық несиелеу негізінен ұйымдаспаған ақша
нарығында іске асырылды. Қысқа ақшалардың (30 күнге дейін) ұлттық
валютадағы несиелер көлемі 5,9 млрд. теңгені, ал олар бойынша сыйақы
мөлшерінің орташа қойылымының мәні 11,3%-ды құрады. Нарықтың бұл
сегментінде шетелдік валютада несиелер де ұсынылды. АҚШ долларымен
берілетін қысқа несиелер жылына сыйақы мөлшерінің орташа қойылымы 8,9%
болатын, 45,9 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазақ ұлттық клирингтік палатасының директоры Марат Ефесов сол кезде
Reuters агенттігіне хабарлағанындай, банкаралық несие нарығының 10-12
белсенді қатысушыларынан өткен жылдың соңына қарай 5-6 қалды, 2002 жылдың
басынан мәмілелер болған жоқ. Бұл нарық бір-біріне жүз пайыздық
сенімділікті талап етеді,– деді Марат Ефесов.
Ұлттық Банктің сол кездегі төрағасы Ораз Жандосов айтқанындай,
банкаралық несие нарығы өзінің дамуының ең төменгі нүктесіне жетті, ал
нарықтағы көлемдердің нөлге дейін төмендеуі, банктердің сенімділік
мәселесіне қатысты. Нарық банк секторында алғашқы қиындықтар туғанға шейін
жұмыс істеді, банктердің белгілі бір бөлігі қиыншылықтарды бастарынан
кешіріп, алған несиелерін қайтармауы салдарынан бұл нарықтың артықшылықтары
жоғала бастады, - деп белгіледі сол кездегі ҚР ҰБ төрағасы.
Банкаралық несие нарығы ең төменгі нүктеге жетіп, осыдан серіппенің жаңа
шеңберімен даму басталады деп есептеді сол кезде ҚР Ұлттық банкінің
төрағасы. Банкаралық несие нарығының дамуы, банктер өздерінің
сенімділігіне, бір-біріне газеттерде басылған емес, аудитпен бекітілген өз
баланстарын ұсыну арқылы көзі жеткенде басталуы керек еді. [28]
Банктер арасындағы сенімді саясатын үлкейту үшін Ұлттық Банк ең алдымен,
барлық коммерциялық банктерге бірінші сәуірге дейін өздерінің баланстық
есеп беруді, сонымен қатар аудиторлық келісімі бар пайда мен шығын шоттарын
екі республикалық газеттерде жариялауын міндет етті. Сонымен қатар, Ұлттық
Банктің нұсқауы бойынша барлық коммерциялық банктер ақпан соңына дейін,
өздерінің қайта капиталдандыру жобаларын ұсынуы тиіс, бұл банктерді
халықаралық стандарттарға сай екі деңгейге мүмкіндік береді. Банкаралық
несие ұйымдасқан нарығының бар формасын пайдалана алатын, бірақ бір-біріне
толық сеніммен қарайтын банктер тобы қайта дамуы керек және бұл топтан
толық сенімге ие емес банктерді шығарып отыру керек,-деді сол кездегі
банкаралық нарығының дамуы бойынша ҚР ҰБ стратегиялық бағдарламасы. [5]
Мемлекеттік бағалы қағаздардағы қаражаттарды тоқтату, халық салымдарының
сыртқа кетуі және басқа бірқатар себептерге орай көптеген банктер алған
банкаралық несиелерін қайтаруға шамасы жетпеді. Психологиялық фактор да өз
рөлін атқарды. Қауіпсіздік шараларын орындап, нарық операторлары өзара
несиелеу лимиттерін жауып, нарықтан кетті. Сонымен, 90-шы жылдардың соңында
Ұлттық Банк өзінің банк жүйесін қалпына келтіруге кірісті. Сонымен қатар,
банкаралық несие нарығының қайта даму кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін.
Дилерлердің айтуы бойынша, банкаралық несие нарығының функцияларын РЕПО
операциялары (Мемлекеттік қазынашылық облигацияларды кепілге ала отырып
несиелеу) алмастырды, ал бірін-бірі тікелей несиелеу бір-бірінде лимиттері
бар банктермен асырылады. Казкоммерцбанктің дилинг басқармасының бастығы С.
Васильев сөзіне қарағанда сауда алаңы жоқ кезде қысқа несиелер (28 күнге
дейін) бойынша қойылымдар бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар
бойынша қойылымдарға тәуелді. Нарықтық жылдық қойылымдардың деңгейі несие
мерзіміне байланысты 20-дан 30 пайызға дейін ауытқиды, overnight несиелері
бойынша мәмілелер 20-25 жылдық пайыздар шегінде жасалады. Банкаралық несие
ұйымдасқан нарығы тек банктің ағымдағы өтімділігіне қажетті қысқа мерзімді
операциялар үшін керек, деген қорытынды жасауға болады. Бұл орайда, Батыс
елдеріндеріне ұқсас сауда алаңшасын құру керек.
Сонымен, ҚР Ұлттық Банкісі 90-шы жылдардың соңына қарай біріншілік
нарықта қысқа мерзімді ноталар көлемін РЕПО нарығында белсендірек қатысу
жолымен жоспарлы төмендету банкаралық нарықтағы сыйақы мөлшері бойынша күрт
жоғарылауын болдырмау және банк жүйесіндегі қысқа мерзімді өтімділігін
реттеу мақсатында көзделді. [5]
Банк өтімділігінің мәселесі, дәлірек айтқанда, өтімділік пен
пайдалылықтың тиімді үйлесуі – әрбір ҚР банкі үшін, бұл жүйе
қалыптастыратын ірі банк болсын немесе корпоративті клиенттерге қызмет
ететін ұсақ банк болсын, өте маңызды мәселенің бірі. Бұл мәселе банкаралық
несиелеу бойынша мәмілелер жасасатын банктерді де мазалайды. [19]
Әрине, несие беретін банкке одан ақша қаражаттарын алатын банктің
өтімділігін білу қажет. Бұл орайда, банкаралық несие нарығының құрылымын
банк өтімділігінің анықтамасы береді және оның сипаттамасын қарастырады
(сәттік өтімділіктің, ұзақ мерзімді өтімділіктің нормативі және т.б.). [21]
Банк жүйесі Қазақстанда бүгінгі күнде негізінен коммерциялық банктермен
– барлық несиелік жүйенің шешуші буыны. Коммерциялық банктер қаржылық
қызметтердің кең диапазонын ұсына отырып, өзінше қаржылық делдалдар болып
табылады. Шаруашылық қызмет кезінде босайтын халықтың қаржыларын,
жинақтарын және басқа бос ақша қаражаттарын тарта отырып, олар қосымша
капитал қажеттілерге уақытша пайдалануға береді.
Басқа сөзбен айтқанда, олар ақша қаражаттарын жинау және жұмылдыру
функцияларын атқарады. Несиелік ұйымдардың бұл қызметі барлық мүдделі
жақтарға нақты пайда әкеледі. Салымшалар салынған ақша қаражаттарына шоттар
қалдығындағы пайыздар ретінде табыс алады. Халық салымдары (соның ішінде,
шетел валютасында да) соңғы жылда 40%-ға өскенін атап өтейік.
Қарыз алушылар (компаниялар, өнеркәсіпті кәсіпорындар, яғни нақты сектор
және т.б.) түрлі мерзімдерге ақша қаражаттарын алып, табыс әкелетін
іскерлік операцияларды жүргізе алады. Бірақ мұнда нақты сектоордың ұзақ
мерзімде дамуының және өсуінің қуатты тежеуіш факторы – ұзақ ақшаның
болмауы. Ал өндіріс болса, осындай қаржылық құралдарды қажет етеді.
Банк секторының нақты секторды несиелеу құрылымын қарастырсақ, берілген
несиелердің 90%-ын 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді несиелер құрайды.
Банктердің экономикалық пайдасы банкілік табысты тарту мен орналастыру
қойылымдарының арасындағы спрэды (айырмашылығы) арқылы ұлғайтумен
байланысты.
Бұл орайда, несиелік жүйеде қаржы-инвестициялық компаниялар, сақтандыру
компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. секілді банкілік емес несие-
қаржылық институттар бар екенін ескеру керек, банкілік емес институттар
капиталды жинайтын және жұмылдыратын қаржылық бассейні болып табылады.
Қазақстанда аз болсын дамыған сақтандыру компаниялары нақты секторда
қаржы құралдары арқылы жұмылдыруға қажетті қаражаттарға жеткіліксіз жинады.
Соңғылары да айтарлықтай дамыды деуге болмайды. Айта кету керек, 2004
жылдың қорытындысы бойынша сақтандыру салымдары алдыңғы жылға қарағанда 7%-
ға өсті.
Сақтандыру нарығының жоғары шоғырлануы сақталып отыр, Қазақстан
Республикасының сақтандыру сыйақысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкралық несие
Қазақстанның валюта нарығының даму перспективасы және оның FOREX Халықаралық валюталық нарығына қатысуы
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Банкаралық несие
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Орталық банктің ақша – несие саясаты
Қашықтан қадағалау механизмі
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдары
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Пәндер