Үстірттің өсімдік дүниесі


-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Жаратылыстану факультеті.
«География кафедрасы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Үстірт тегістігінің табиғи ресурыстары»
БЕКІТЕМІН Ғылыми жетекшісі :
Кафедра меңгерушісі Ғ. ғ. к., А. Курбаниязов
Тех. Ғ. К. А. Мейірбеков
Хаттама № Орындаған : Искаков. Д«» 2009 ж. ЖГА-516 тобы, 050116
Түркістан - 2009 жыл
Жоспар.
Кіріспе.
І-тарау. Табиғи географиялық
А) релефі
Б) климаты
В) топырақтары
Г) сулары
ІІ-тарау. Аймақты зерттеудің геологиялық, геоморфологиялық қысқаша очеркі.
2. 1. Үстірттің геологиялық структурасы.
2. 2Гидрологиясы:
2. 3. Үстірттің өсімдік дүниесі.
2. 4. Пайдалы қазбалары.
2. 5Үстірт жайлаулары және бұл жайлауда өсетін өсімдіктердің химиялық құрамы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Соңғы уақытта Үстірт тегістігінде мұнай, газ, табиғи тұз, құрылыс материалдары және басқа да жер асты байлықтары анықталған.
Бұл кенднерді атап айтсақ газ кендерінен Шахпахта, Қуаныш, Аланбек.
Табиғи тұз кендерінен Барсакелмес және басқаларын мысал етуге болады. Бұл табиғи байлықтарды мемлекетіміз пайдаланып, олар арқылы жаңа өнеркәсіп тармақтары пайда болды. Бұған мысал ретінде Үстірттегі Қоңырат Сода зауытын алуғ болады. Сол жұмысты бақылау арқылы, Үстірт тегістігінң қазіргі кездегі структуралық тарихына, геологиялық құрылымына анықтама беру мүмкін.
Бұл бақылауда аймақтың өте көп табиғи географиялық оқу тарихы гидрогеологиялық және пайдалы қазбалар туралы мәләмет алуға болады.
Үстірттің географиялық тарихы ХХ-ғасырдың басында зерттеле бастады.
І-тарау. Табиғи географиялық орны.
Үстірт - Орталық Қазақстан провинциясының оңтүстік-батысында орналасқан. Аймақ құрылымында Үстірт платосы және Маңғышлақ түбегі бар. Үстірт Маңғыстау түбегі мен Арал теңізі арасында орналасқан. Ол биік плато. Орташа биіктігі 200 м, бірақ батысында 342м және оңтүстік-батысында Қапланқыр 370 м нүктесі бар. Үстіртте бірнеше олйпаттар кездеседі (Самқұм, Асакаовдан, Барсакелмес) . Олардың орташа биіктігі 30-50 м-ден аспайды. Үстірттің өзіне тән қасиеттерінің бірі оның қоршаған ортасымен шектеседі.
Үстірт шөлде орналасқан. Оның беткі қабаты Неоген (Сармат теңізі) әктас, мергелден құралған, бұл жыныстардың арасында тұз қабаттары да ұшырайды. Үстірттің негізгі ежелгі қатпарлардан, яғни мезозой және полеоген қатпарларынан түзілген. Сол себепті Үстірттің негізі кимерий бұрмалануынан пайда болған деп пайымдайды. Кейінгі уақытитары оның үсті Сармат теңізінің (миоцен дәуірінде) шөгінді жыныстарынан қапталған.
Үстіртте ағын сулары жоқ. Грунт сулары өте тереңде (20-50 м) орналасқан.
Үстірт қоңыржай белдеуде орналасқан. Шілде айында ауа райының орташа температурасы 26-28 градус, ең ыстық температура 43 градусқа дейін болады. Қаңтар айының орташа температурасы -8, -18 градусқа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 100-130 мм. Үстірт Шөл зонасының солтүстігінде орналасқан. Бұл жерде сұр қоңыр топырақтары тән. Топырақ қабаты қалың емес және шірінді мөлшері (0, 5-0, 8 %) өте аз. Топырағында гипсті қабат қалың (0, 5) болып келеді, топырақтың беткі қабаты әктас, гипсті және тұздардың көптігі мен басқа топырақтардан ажыратылыпр тұрды.
Бұл аймақта өсімдік аз және сирек кездеседі, ең көп таралған өсімдік бұрғап бұтасы, сексеуіл сияқты өсімдіктер кездеседі.
Үстіртте сүтқоректілердің 36 түрі, құстардың 53 түрі, жорғалаушылардың 20 түрі бар.
Үстірт орналасуына байланысты 3 бөлікке - солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Оның табиғи байлықтары мұнай, газ, және тұздың үлкен бассейндері бар.
Үстіртті жергілікті халықтар қыр деп атайды. Үстірттің Қарақалпақстанға кіретін бөлігінің шщеткі нүктесі 58 º 41' слотүстік ендікте және 41º 30' солтүстік бойлықта орналасқан бөлігі жер жүзі кең толқын тегістіктерден тұрады.
Үстірт неоген дәуірінде көтерілген биіктік болып есептелінеді. Қарақалпақстан бөлігі кіретін Үстірттің ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 292 м биік (Қарабауыр биіктігі) .
Үстірт тегісчтікткен тұрады, тек қана кейбір жерлерінде биіктіктер және рельефтің әр түрлі формалары кездеседі. Бұл рельеф формалары ағымсыз және терең. Барсакемес ойпатынан оңтүстікке қарай Қарабауыр қырына дейін биіктеп кетеді және ендік бойында орналасқан. Оңтүстікке қарай Үстірнт рельефі төқмен түседі. Оңтүстік-шығысында Ассаков ойпаи\ты орналасқан, ол сарықамыс ойпатына жалғасып кетеді. Бұл ойпатт мұхит деңгейінен 20-45 м төменде орналсқан. Үстірттің өте үлкен ойпаты Барсакелмес ойпаты болып есептелінеді. Оның ені 30 км-ге, ұзындығы 70 км-ге созылып жатыр. Ойпаттың терең жері мұхит деңгейінен 65 м тереңіде орналасқан. Кейбір жерлерінің биіктігі 20-25 м биіктікте кездеседі. Ойпаттың тегіс жерінде Шайтанқала кіші аралы орналасқан. Барсакелмеғстің солтүстік жер бедері биік төмен болып келеді.
Қарақалпақстан Үстірттің солтүстік-батыс бөлігінде Барскелмес пен Шүрік сексеуілдерінен тұрады.
Солтүстік-шығысында Қаралымбет тұз көлі сонымен қатар Барсакелмес және оңтүстік батысында Шурджа ауданында құмды жерлер кездеседі.
Үстірт жер бедерінің ерекшелігі, ол жерде әр түрлі тақыр жерлер кездаседі. Олар 2 м - 10 км-ге дейін созылып жатыр. Тақыр жерлердің бетіндегі топырақтар тығыз орналасқан, әдетте құрғақ уақыттары жарылып кетеді. Бұл жерде өсімдік өспейді. Бұл жерде су қоймаларының көпшілігі тұзды су болып есептелінеді және Үстірттің геологиялық тарихы А. С. Берг (1908) А. Д. Архангельский (1815) Н. И Андрусова (1918) Н. А. Благовидова (1925) И. П. Герасимов (1930) С. Н. Кольов және басқа ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген.
Үстірт ежелгі дәуір қатпарлықтарынан, әсіресе Ақ-тұмсық мүйісі Тұран фаунасы табылған. Бұл кезеңдегі қапарлықтар мен фауна өқалдықтары Шахпахта, Шурджа және үстірттің оңтүстік-батысында табылған.
Үстіртті қалыптастырған үштік кезеңде ортша қалыңдығы 100 м Сармат теңізінің су қайтуынан қалыптасқан. Үстірт көп дәуірлер арасында оның тектоникасында өзгерістер кездеседі. Үстірттің аумағында жел, хаст процесі және суффозияның әсерінен өзгерген.
Б) климаты
Үстірттің Қарақалпақстанға кіретін бөлігінің климатына О. М. Житомир және М. Г. Сабиннің мағлұматтарында (1963) қарастырған.
Үстірттің бұл бөлімінде жиі-жиі тұман болып тұрады. Өсімдік дүниесіне бай.
Үстірт климаты кескін континенталь. Үстірттің Қарақалпақстан жағында 2 метеостанция Қосбұлақтың орталығында және Шүріктің солтүстігінде орналасқан. Бұл метеостанциялардың көп жылдық мағлұматтарын есептегенде атмосфераның орташа жылдық жылдық температурасы 8-ден -12 арасында. Қаңтар айында солтүстігінде орташа температура -9-10, орталық бөлігінде -8 градус шамасында. Шілде айының орташа температурасы 26-28 градус байқалады.
Кейбір жылдары температураның максимум көрсеткіші шілдеде плюс 47 грдус, минимум көрсеткіші минус 38 градусқа дейін барады. Ерте күз және көктемде аязды күндері өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді. Мысалы, 1965 жылы наурыз айында эфемер өсімдіктердің қырылып кетуіне әкеп соғады.
Қарақалпақстан үстіртінің жалпы жауын-шашын мөлшері жылына 90 мм-ден 120 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашын солтүстік бөлігіне көп түседі, ал оңтүстігінде солтүстікке қарағанда аз жауады.
Үстірттің Орта Азиядағы басқа шөлдерден айырмашылығы бұл жердің көп бөлігі жылдың жылы маусымына тура келеді.
Қарақалпақстан үстіртіне жылы маусымда солтүстік ауданына 80 мм, ал оңтүстігінде 60-80 мм жауын түседі. Үстірт тегістігінің үлкен бөлігін құрғақшылық кездері тіршілігі жоқ аймақ болып көрінеді. Биюргеннің әлсіз өсіп-өнуіне байланысты қара дақ болады. Әдетте жыл жақсы болғанда Үстірттің күз мезгілі әсем көрініске ие.
Үстірттің сонымен қатар жауын-шашын температурасы бойынша бір тегіс түспесе көктемде және жазда жауын-шашын көп түседі. Орта Азияның басқа шөлдеріне қарағанда Үстіртті қар қабаты қалың болып келеді. Жер беті тегіс болуына байланысты қар жел әрекетінен қозғалысқа ұшырап тұрады.
Үстірттің ауа жылдамдығы 5-6 м/сек. Жалпы жел шығысынан және солтүстік-шығысына қарай қозғалады.
В) Топырағы
Орта Азия шөлдерінің арасында Үстірттің топырағы ауыр және сұр топырақ болып келуімен ерекшеленеді. Мұндай топырақтар жауын-шашын кезінде жақсы ылғалды жұтады. Бірақ көбіне құрғақ болып келген жылдары, қысқа ылғал топырақтың астыңғы қабатына дейін жетіп бара алмайды. Үстірт топырағының ерекше қасиетінің бірі оның құрамында карбонаттың молдығы. С. А. Шувошовтың (1949) көрсеткіші бойынша карбонат мөлшері топырақтың көлденең кесіндісінен 2, 3 пайызға жеткен. Ол топырақ қабатында емес, оның жоғары қабаттарында көптеп шоғырланған.
Үстірт топырағы гипске өте бай. Гипс қабаты 40-60 см тереңдікте орналасқан. Кейбір жерлерде 5-10 см тереңдікте, извест қабатына дейін жетеді. Извест қабаты 90-130 см тереңдікте орналасқан.
Орта Азияның шөлдерінде гипсті топырақты жерлерде өсімдік түрі аз мөлшерде кездеседі, оны Е. П. Коровин (1969) «Гипсті жарты тамырлы» өсімдіктер түріне кіргізген.
1бет жок
Үстірт топырағы тез еритін, тұз мөлшері С. А. Шуваловтың есебі бойынша 5, 1 пайызға жетеді.
Үстірт топырақ қабатының ерекше қасиеті, сор топырақ болып табылады. Эфемерлер мен эфемеройдтардың дамуы және таралуы үшін микрорельефтің әсері үлкен.
Үстірттің Қарақалпақстан бөлігінде тақырлы жерлер мен биюргендердің 5 % орналасқан, әдетте бұл жерлер жер бетінің жарылуымен. Ерекшеленеді. Жарылуының нәтижесінде топырақтың терең ылғалдануына алып келеді.
Үстірт микрорельефінің пайда болуында жануарлардың үлесі үлкен. Жерді қазатын жануарлардың топырақ құрамының, микрорельефінің құрылымына өсімдік ұрықтарының таралуына көптеген әсері бар.
Г) Сулары.
Үстіртті сумен қамтамасыз етцдің негізгі көзі грунт және жер асты сулары болып табылады. Олар көп немесе аз мөлшкерде минералданған. Бірақ кейбір кездері суару және шаруашылық үшін жарамды болып табылады. Грунт сулары онша тереңде емес. Тегістікте құдықтар біртегіс орналаспаған. Көптеген құдықтар керуен жрлында қоңырат, самқұдығы, Шуманайауданы, әмбінің кейі бір бөлігінде және де басқа да жерлерде орналасқан.
Құдықтың арасы 30-35 км, тек қана оңтүстігінде 100 км қашық аралықта орналасқан. САГУ экспедициясы 1944-1945 жылдары Қарақалпақстан Үстірті шекарасында 300 құдық тізімге алынған.
Тегістіңтің солтүстік-батыс бөлігінде жаңадан 50 шахталық құдықты жайлау миллиоративтік тресті құрды. Бұлардан бөлек кейінгі жылдары скважиналар жанынан сулары ашылды. Келешекте оларды оазис учаскаларына диханшылықта суару жұмсытарын іске қосу мақсатында белгілеген.
Ішуге жарамды сумен қамтамасыз етідің тағы бір түрі бұл атыраулық судың топталуы. Бұл атыраулық судың есебінен қысқа мерзімде Хаки суы қалыптасты. Бұл су тақырлы жерлерде пайда болады. Мұндай жерлер тығыз және су сіңбейтін аймақтарында ішуге жарамды сулар Шілде айларында болады. Кейбір жылдары жауын-шашын негізінде хақтрға су толады және атыраулық сулардың есебінен терең емес құдықтарға да су толады. Су жинаудың жалпы ауданы 300 км²-қа тең. Мұндай су жүз мың адамды жыл сайын қамтамасыз ете алады.
2-баб. регионды зертеудің қысқаша геологик-геоморфологик очеркі.
ХХ ғасырдың бірінші жартысынан осы аймақты зерттеу басталған. Бұл зерттеулер маршрутты, табиғи-географик маңызы бар және территорияның геологиялық құрылымы туралы болмақ.
Бұларға Э. А. Эварсман (1825-1829) , К. П. Келмерсен(1945) , И. Г. Борщов(1861-1865), Н. А. Северцов(1860-1873) , Л. Н. Мещер (1882), А. П. Карпинский(1883, 1920), И. В. Мушкетов (1886), И. И. Андрусов (1888), Э. Зюсс(1888, 1901), Л. С. Берг (1908), М. В. Баярунас(1910-1912) және басқалардың ғылыми жұмыстары жеткілікті.
Үстіртте 1924 жылдан бастап И. П. Герасимов, С. А. Ковалев(1929), А. В. Данов(1927), В. А. Фодорович(1929) басшылығында бір қанша экспедициялар ұйымдастырылды.
Оңтүстік Үстіртте 1929 жылдан бастап И. П. Луппов өз зерттеулерін бастаған.
Үстірттің геологиялық зерттелуіне О. С. Вяловтың(1925-1938) жұмыстары үлкен үлес қосты.
Ол Үстірттің барлық геологиялық стратографик, тектоник, гидрогеологиялық және геоморфологик және оны қоршап тұрған чинктерді үйрені және Үстірттің 1:2 масштабтағы геологиялық картасын жасады.
Үстірттің Амудариядан төменгі жағы мен шекараланатын бөлігінде 1932 жылы А. И. Смолько жұмыс жүргізді. Ол 1:1 масштабты геологиялық картасын құрастырды. Ол алғашқы болып Үстіртте мұнай мен газ болуы керектігі туралы айтты.
Оңтүстік Орал Жағасының геологиялық зерттелуі 1932 жылы ұйымдастырылған кешенді экспедицияға Қарақалпақстан үлкен үлес қосты. Н. В. Ломакин, А. Ф. Соседко, И. П. Герасимов, А. С. Запорожецев, Н. П. Петров жұмыстарында стратиграфик, тектоник, гидрогеологиялық, геоморфологик және пайдалы қазбалар туралы толық мәліметтер берілген.
Кейінгі кезде В. И. Солун (19410) Үстірт чинктеріндегі бор дәуіріндегі жыныстарға жоғарғы бор, палеогенді, неогенді қатпарлықтардың орталық жазық бөлігінде барлығы анықталған. Ол литологик, стратиграфик, жоғары бол, палеогендік, неогендік қатпарлықтардың Айбуийрде, Барсакелместе, Шахпахтада, Қарауимбетте, Ақйул тұмсығындағы зерттеулер туралы жазған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында В. А. Бахрамаеев, Н. П. Луппова, А. Л. Яншин басшылығында Арал бойы мен Үстіртте геологик зерттеу жұмыстары алып барылды.
1948 жылдан бастап Үстірт территориясы және оған жақын орналасқан райондарында кең көлемді геологиялық сүретке түсіру, бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
Палеогендік бөлік бойынша Н. Е. Минаков(1952, 1954, 1956) үлкен үлес қосты. Ол палеоген қатпарлықтарында планктонды фораминифердің әр түрлерін зерттеді. Бұл төменгі палеогенді қатпарлық арасыдан орта және жоғары эоценнды ажыратып алуға жағдай жасайды.
Алдағы 1953-1955 жылдары АЛЯншин (1953), ГАйзенштахдттың (1954) РИВияловтың (1954) , ВГРихтер және ЕГМаевтің (1955) , ВИСамодуровтің (1955), ВЕХайнның (1955), ВИПетрушевскийның (1955) және басқаларының өте көп жиналған жұмыстары болды. Бұл жұмыстардың ішінде негізінен ВЛЯншинның және ЕАПетрушевскийдің жұмыстары өте жақсылығымен көзге түседі.
Осыдан мемлекеттің геологиялық картасын тзу жұмыстары қолға алына бастады. Бұл жұмыыста ВАГТ басшылық жасады. 1956 жылдан бастап СГКП қосылды. Осыдан соң 1957 жылдан бастап бұл жұмысқа Өзбекстанның бас геологиясының іздеу бөлімі жұмылдырылды. Геологиялық сүрет түсіру жұмыстары конструкторлық бұрғылау мен кен көлемді алып барылды. Бұл жұмыстың соңында тектоник жәнее стратигарфик қатпарлықтардың анық көрсеткіші алынды.
Тошыс кортировалары джәне профиллі скважина жәрдемі нәтижесінде үштік қатпарлықтары және жоғары горизонттық бор жүйелері толық зерттелді.
1956 жылдан ВНИГНИ жоғарыда көрсетілген территорияда мұнай-газдың барлығы, перспективасына баға берді және 1956-1965 жылдарда геологиялық іздеу ғылыми зерттеу жұмыстарына бас жоспар түзілді.
Сейсмикалық бұрғылау жұмыстары нәтижесінде зерттелген территорияның терең құрылымы белгіленді және қатар жергілікті көтерулер анықталды.
1958 жылдан бастап зерттелген территорияның мұнай-газының болашағы және геологик құрылымын зерттеуге ВНИГНИ, ВНИГРИ, ИГИРНИГИ, МИНХ, ГП, ИГ және РТН кірісті.
Зерттеулер барысында А. М. Акрамходжаев, А. А. Бакиров, А. Г. Бабаев, А. А. Борисов, И. И. Быков,
Ю. М. Васильев, А. А. Валиев, В. Г. Гаврилов, И. Г. Гранберг, Р. Г. Гарецкий, Ю. Н.
Годин, Г. К. Дикенштейн, Е. А. Жуков, Е. М. Казаков, В. Г. Коц, Н. С. Мельничук, В. ИПопов, Н. И. Приднев, К. А. Набиев, Б. Б. Таль -Бирекши, Л. П. Полканова, В. П. Полякова, ИС. Родилский, И. В. Скворцов, Ю. А. Федотов, М. М. Чарфгин, И. Н. Щебуева, А. Е. Шлезингер, В. И. Шрайбман, В. М. Кочетнова, Ж. А. Грузкин, Ж. Сомонов, Ж. Юлдашев, С. С. Щульц және басқалардың есептері мен жұмыстары жарияланды.
Жоғарыдағы зерттеулер негізінен Үстірттің, Оңтүстік Ембінің, маңыстаудың және басқа аудандардың фундамантті құрылысын терең үйрену бойынша жұмысты 1956-19600 жылдарда Р. Г. Гарецкий және В. И. Шрайбман жасады.
Олар сейсмикалық, гравникалық және аэромагниттық зерттеу сүреттерін негізізге алып, гравитацион даланы аудандастыру картасын жинау негізінде, тектоникалық аудандастыру схемасын, палеозойды фундамент картасын және басқада жұмыстарды істеп шықты.
1962 жылы ИГИРНИГИ Өзбекстан Ғылымдар Академиясы қызметкерлері А. М. Акрамходжаев, Ю. А. Федотов, Ю. Н. Микинова, Я. С. Ибрагимов, Е. А. Жукова және басқалардың қарақалпақстан геологиясы және мұнай газына байланысты сұрақтар деген атпен кітап шығарды.
Бұл жұмыс бүл регион бойынша геологиялық зерттеулердің бірінші бөлімі аяқталды.
Онда жыныстық стратиграфиялык, тектоникалық, палеозойлық, меза-кайнозойлық, литологик, петрографик құрамы, пермотриассик және мезазойлық қатпарлықтардың коллекторлық қасиеті туралы айтылған.
АААкрамходжаевтың басшылығында авторлар бұл істің кейбір бабында мұнай-газ бойынша регион болашағы бақылау схемасыны берген.
Соло схемаға негізделініп зерттелген территория және оған жақын райондар болашағы бар бөлімдерге ажыратылып көрсетілген.
1960 жылы Үстіртте бірінші рет параметрик скважина бұрғылауы басталды. Бірінші рет Ақ Тұмсық ірі көтерілу болған зонасына қаратылды, бірақ бұл жерде мұнай-газ қазылма байлықтарының белгілері жоқ болып шықты.
Келесі кезде қазылма байлықа болашағы бар зоналарға қаратылды.
Іздеу жұмыстары Барсакелместің шығыс және солтүстік бөлімдерінде(Аланбек, Ақшолақ, Каскадин, Қуаныш, Қараой) және Ассекеауданда, Шахпахтыда алып барылды.
Осының нәтижесінде Шахпахты жотасыдан газдың орны және Аламбек, Қуашыш жоталарында да газ барлығы анықталды.
1967 жылы А. М. Акрамходжаев, Х. Х. Авазходжаев, А. А. Валиев, С. С. Айходжаев,
Х. Х. Иноғомов, К. Ажуков, К. А. Алимов, Х. С. Хочиев, Ж. Ю. Юлдашевтардың «Үстірт мезазойлық қатпарлықтарында жоталар тектоник, фациал-литологик, геохимик, химия-бутумонологик мұнай-газ орны бұрғылауы, оның геологик құрылымы негіздері» атты екі томды еңбегінде бұл іздеулер жұмыстарының бір қаншасы туралы мәлімет жиналып толық қамтылған.
Бұл монографияда Үстірттің мезо-кайназойлық қатпарлықтардың фациал-палеографик характеристикасы және минерал құрамы, петрографик, тектоник, стратиграфик бөліктері келтірілген.
Литологик және химик-бутиминологик зерттеулері анализдері негізінде палеозойлық, пермо-триастық, мезазойлық қатпарлықтың сол регионның мұнай және газға ие болған бағыт берілді.
Геологик-географик очеркті аяқтай келе осы зерттелер бойынша көптеген сұрақтар туылуда. Бұл зерттеулерді бастапқы кезең деп қарастырған жөн.
Үстірттің геологиялық құрылымы.
Үстіртте мұнай және газды іздеу үшін бұрғылау жұмыстары нәтижесінде, оның терең қатпарлығының құрылысы бойынша мәліметтер алынды. Сол ауданды тексерудегі жиналған материалдарды оқып үйренгенде оның үлкен герцинді прогибы бөлініп шығарылған және Орталық Үстірт көтерілімдерінің топтарға бөлінуі көрсетілген.
Көтерілу шеттеріндегі пермге дейінгі известняк бөліктері, сланец, құмтастар, эффузиялық және магмалық топталуы, скважиналар арқылы ашылды. Бірақ олардың ж асы анықталмады. Қалыңдығы 350 м Үстірттің ең маңызды геологиялық факторы перм және триастың бөлімдерге бөлінбеген . Атап айтсақ бұл шөгінділер Шығыс Өзбектанда аз көрсетілген. Үстірттің пермдік және триастық қатпарлары қызыл түрдегі континенттің пайда болуы түрінде, ағып өткен су ағымы дельталарында жиналған, Полеокаспий теңізі бұғазына келіп түскені көрсетілген.
Көп жағдайларда пермо-триастық бөлімдер және оны қоршап тұрған юра түзілім шөгінділері жатқызылып қалады. Сондықтан оны бірлемші тізімді топқа жатқызу мүмкін. Құрылысы және орналасуы жағдайына қарап Үстірт пермо-триастық жағдайлары, теңіз организмдері көп кездесетін Маңғыстаудың триастық және дамыған күл-қоқыс аудандарынан шұғыл бөлініп тұрады.
Шығыс Барсекелместен Аламбек, Ассаковдан бұрғылаушылар пермотриастық қатпарларды тесіп өткен.
Олар құмтастар, олевралиттер қатпарлықтардың извест мен араласқан түрінде келтірілген. Мұның конгломераты белгіленіп, қалыңдығы 770 м-ден аспайды. кескіннің төменгі бөлігі пермге, жоғары бөлігі болса триасқа жетеді деп шартты түрде белгіленген. Көпшілік жағдайларда орташа қалдықтарының қатпарлығының жайылмасы болғандығы себепті перм-триастың бөлінбеген қатпарлықтар бөлімдерге бөлінеді.
Орталық Үстірт көтерілімі тобы зонасында перм-триастық қатпарлықтар жоқ. Юралық, бор палеогендік шөгінділер кейбір пунктерде ғана кездеседі, олар кесінді де күшті ықшамдалып көрсетілген. ы
Мезазой қатпарлықтары үлкен көтерілімде шамамен неогеннең алдыңғы уақыттары мүжілген. Бірақ консилиментациялық топтау әсерін жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар юра қатпарлығы өте төменде жатады.
Перм-триас қалыңдығының үстінде орналасқан юра қатпарлығының ең толық кесілмесі Барсакелмес, Ассаковдан бұрғылау жұмыстарымен анықталмаған. Мұнда юра тізбесі барлық бөліктері мен көрсетілген . Сазды олеврит қатпары көбірек органикалық қалдықтары аз болған төменгі және орта юра кесілмесі бір типтегі характерге ие.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz