Екінші деңгейлі банк
Жоспары
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының банк заңдылығы
1. Банк заңдылығының пайда болуы және дамуы
2. Банк заңдылығын жетілдірудің кейбір жағдайлары
2. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1. Банк жүйесі
2. Ұлттық банк-банк жүйесінің жоғарғы деңгейі
3. Екінші деңгейлі банк
3. Банк операцияларын құқықтық реттеу
1. Екінші деңгейлі банктердің мәмілелері
2. Банк операцияларын жіктеу
3. Несие операциялары
4. Банктің сенім операциялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Банк секторы өзінің қызмет атқарылымы жағынан кез келген мемлекеттің
қаржы рыногындағы мейлінше икемді және дамыған қызмет түрі.Банк қаржы
мекемелері қаржы қорларын шығаруды, сатып алуды, сақтауды және таратуды,
бағалы қағаздар шығаруды, ақша қаражатарын сақтау және кредиттерді,
кәсіпорындар мен тұрғындарға беруді жүзеге асырады. Банкілер жүргізіп
жатқан саясатпен айналымдағы ақша саны реттеледі, оған баға деңгейінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету кепілдігі болып табылатын ақша массасының
деңгейі тәуелді, бұл экономикалық жүйегеәсер етеді. Міне, сондықтан банк
жүйесінің тұрақтылығы және белсенділігі кез-келген қоғамның жалпы тіршілік
тонусын анықтайды
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру, құқықтық
мемлекент құру барысында қаржы органдары сферасында әкімшілік билікті жою
және бүкіл банк қызметін нақты құқықтық реттеудің шешуші маңызы бар.
Республиканың банк жүйесі экономикалық реформалар басталмас бұрын үш ірі
банктерде: Мемлекеттік банк, Құрылыс банк , Сыртқы сауда банктерінен
құралуы және олар Одақтас құрылым құрамына кірді. Бұл қуатты банктер
–монополистер болды, олар клиентураға қызмет көрсетумен қатар,экономиканы
әкімшілік-әмірлік басқару ісіне сәйкес,билік жүргізу қызметін басқарды.
Банк жүйесін реформалаудың бірінші кезеңіне Мемлекеттік банк, Сыртқы
экономбанк, Тұрғынәлеуметтік, Жинақбанк, Құрылысбанк,Агроөнеркәсіпбанк
кірді,бірақ қаржы-несие саясатында елеулі әзгерістер бола қойған жоқ.
Одан әрі 1989 ж. елімізде алғашқы кооперативтік және ұжымдық банктердің
құрылуымен банк жүйесін қайта құру кең масштабты сипатқа ие бола бастады.
Жаңа типтегі банктер құрылтайшылардың өз еркіменқұрылды.
1990 ж. 17 желтоқсанда Қазақ ССР-даңы банк және банк қызметі туралы
заңның қабылдануымен банк реформасының екінші кезеңі басталды.
Осы заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі тұжырымдалды.Мұнда
жоғарғы деңгей - Қазақ ССР мемлекеттікбанкісімен, ал төменгі деңгей
комерциялық банктерге берілді. Комерциялық банктер құрамына жаңадан
құрылған жаңа типті (кооператиптік, акционерлік т.б.),сондай-ақ мемлекеттік
мамандандырылған (Сыртқыэкономбанк, Агроөнеркәсіпбанк, Тұрғынәлеуметбанк,
Өндірісті құрылысбанк) банктер кірді.
Бұл реформа сәтсіз болды.
Атап айтқанда (меншік нысанына қарай)мемлекеттік банктер жаңа типті
банктермен қатар комерциялық болып жарияланды, ал негізінде экономикалық
жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың құқықтық статусы айқындалуы тиіс
еді, яғни алғашқысы мемлекеттің мемлекеттің қаржы агенттері,оларға
өздерінің экономикалық әлеуметтік атқарылымын іске асыру құралы ретінде
болса, ал екіншісі комерциялық кәсіпорындар, кәсіпкерлер.
1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы банктер туралы жаңа
заңға сәйкес банктер формальді жеке және мемлекеттік банк болып бөлінді (2-
бап).
1993 жылғы реформа, Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесінің 10- шы
сессиясында банк жүйесі және валюталық реттеуге арналған негізгі заң
пакеттері қабылданған кезде, республиканың егеменді ел болып қалыптасқаны,
оның әлемдік қауымдастықтың тең құқықтық мүшесі болып табылғаны,
белсенділігінің артқаны атап көрсетілді.
Қазақстан Республикасындағы банктер туралы , Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы , Валюталық реттеу туралы заңдар негізінде жасалған
жаңа заңның бұрынғы заңнан айырмашылығы өзгешелігі көп. Ең алдымен бұл
Ұлттық банктің республика үкіметінен және басқа билік органдарынан
тәуелсіздігін бекіту, оның жоғарғы кеңес пен Президентке есеп беруі болды.
Жаңа заң Ұлттық банк атқарылымы мен өкілеттілігін елеулі кеңейтіп, ақша
айналымы, несие, банктік есеп айрысу, валюталық қатынастар саласында
бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу жауапкершілігін жүктейді. Тағы бір
жаңалық-бұл комерциялық банктер қызметіне бақылау және қадағалауды күшейту,
ұлттық банкке банктер құру процесінде, олардың қызметі мен экономикалық
нормативтердің тізімін белгілеуде қосымша өкілдік.
Жаңа комерциялық банктердің құқы мен міндеттерін, олардың құқықтық
статусын нақты айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңда алғаш рет, банк оның
филиалдары өкілдіктері, еншілес банк шетелдік банк ұғымдарына анықтама
берілген, депозит ұғымы енгізілген. Одан басқа банк операцияларының толық
тізімі анықталған, бұл заңда банктен басқа, заңды және жеке тұлғаларға
салым және депозиттерге қор тарту, комерциялық кредиттеу, нақты ақшаны
нақты ақшасыз есеп айрысуға, сатуға тиым салынған.
1995 жылғы реформада бірқатар аса маңызды нормативті актілер қабылданды:
Бұл, Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңы (1995 жыл 31
тамыз), заңды күші бар Шаруашылық серіктестіктері туралы (1995 жыл 2 мамыр)
жарлығы, Лицензиялау туралы (1995 жыл 17 сәуір)заңы,Қазақстан Республикасы
Аудиторлық қызмет туралы (1993 жыл 18 қазан) заңы.
Банктер және банк қызметі туралы жарлықтың ерекшелігі оны дайындауға
алғаш рет 1993 жылы шілдеде құрылған Қазақстан Республикасы банктер
ассоциациясы қатысты.
Жаңа жарлықтың ережелерінің бірі ретінде жарғылық қорды қалыптастыру
тәртібі,комерциялық банктердің жарғылық капиталын директивті ұлғайтуға
бағытталған Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің жүргізген қызметін атап
өту қажет.
Банктік сертификат өз функциясы жағынан кез келген мемлекетте қаржы
рыногында мейлінше икемді, Банк қаржы мекемелері, қаржы қорларын шығару,
ақша қаражаттарын сақтау және кәсіпорындар мен халыққа несие беру
жұмыстарын жүзеге асырады. Банктер жүргізіп отырған саясатпен айналымдағы
ақша саны реттеледі, оған ақша массасының деңгейі тәуелді, ол баға
деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету кепілі болып табылады.
1. ҚАЗАҚСТАНҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БАНК ЗАҢДЫЛЫҒЫ
1.Банк заңдылығының пайда болуы
КСРО ыдырап және Қазақстан 1991 жылы егеменді мемлекет мәртебесін алған
соң республиканың банк жүйесін одан әрі реформалау, оның құқықтық негізін
құру, банк қызметін реттейтін жаңа заң актілерін қабылдау қажеттілігі
туды.Осы жағдайлар1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасындағы банктер
туралы заңдарының қабылдануына әкеп тірелді. Көрсетілген нормативті
актілердің қабылдануы екі деңгейлі банк жүйесін бекітті, және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктермен өзара
қатынастарының тәртібін анықтады. Одан басқа бұл Қазақстанда көптеген (200-
ге жуық) екінші деңгейлі банктердің құрылуына ықпал етті, бұл экономикалық
реформаның бастапқы негізіндегі нарықтық қатынастардың даму және қолайлы
бәсекелестік макроэкономикалық ортаның қалыптасуы талаптарына жауап береді.
Одан әрі, мемлекетте Президент және Үкімет атынан орталық атқару
үкіметінің ролінің күшеюіне байланысты елді терең экономикалық дағдарыстан
шығару және егемендіктің маңызды атрибуты-1993 жылы 15 қарашада ұлттық
валюта- Қазақстандық теңгенің енгізілуімен, ал сонымен бірге 1995 жылдың 1
наурызынан Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекс (Жалпы бөлім) күшіне
енуімен, жаңа банк заңын қабылдау қажеттілігі туды және ол заң қабылданды.
1995 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жарлығы, ал 1995 жылы 31
тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар Қазақстан
Республикасының банктер және банк қызметі туралы жарлығы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жарлықтың қабылдануының
негізгі мақсаты ақша кредит саясатын жүзеге асыруда Ұлттық Банктің ролін
мейлінше толық көрсету және заңды халықаралық стандартқа бейімдеу болып
табылады. Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы Президенті және Жоғарғы
өкілетті органдар алдында есеп беруші механизмнің заңды белгіленбеуі құқық
қолдану тәжірибесінде проблемалар туғызды, осыған байланысты Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы жарлығында Ұлттық Банктің Президент
және Парламентпен өзара қимыл әрекеттері анық және толық баяндалған. Атап
айтқанда, Ұлттық Банктің тек Президентке есепті екені анықталынған және
оның тапсырмасымен Ұлттық Банкі қызметіне тексеру жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы жарлықтың ескі
Қазақстан Республикасының банктер туралы заңынан елеулі өзгерістері бар:
екінші деңгейлі банктердің түрлері анықталған-мемлекеттік, мемлекетаралық
банктер, мемлекеттік банктерден өзге, барлық банктер тек акционерлік қоғам
нысанында құрылады, банктер ассоциациясы (одақтар) құруға рұқсат етілді,
алғаш рет банктік емес қаржы мекемесі ұғымына түсініктеме берілді, ол банк
болып табылды, бірақ Ұлттық Банк лицензиясы негізінде банк операцияларының
жеке түрлерін жүргізуге құқылы, банктерді құру, қайта құру және тарату
тәртібі толық және нақты баяндалған, банктерді консервациялау-жаңа ұғымы
енгізілді, мұнда Ұлттық банктің шешімімен банктің қаржы жағдайын сауықтыру
және жұмысының сапасын жақсарту мақсатында ықтиярсыз шаралар және
процедуралар жүргізу қарастырылған. Банк операцияларының жаңа түрлері-
клиринг, ломбард, төлем карточкаларын шығару т.б.қарастырылған. Банкте
басшылық қызметімен айналысатын қызметкерлерге белгілі талаптар
белгіленген, банкпен ерекше қатынастарға байланысты тұлғаларға жеңілдік
жағдайлар жасауға тыйым салу енгізілді.
Банк саласында жаңа заң актілері қабылданды, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк тарапынан екінші деңгейлі банктердің құрылуы және қызмет
істеуіне бақылау және талаптардың қатаюы-1995 жылы 15 сәуірден валюта
операцияларын жүргізуге лицензия алған банктер үшін жарғылық қордың ең аз
мөлшерін1,5 млн. АҚШ долларына эквивалентті белгілеу, тұрғындар салымын
тарту және филиалдар ашу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасымен
1996 жылы 9 ақпанда Қазақстан Республикасында банктерді тарату Ережесінің
бекітілуі (одан әрі өзгертулер және толықтырулар енгізу арқылы), 1996 жылы
29 ақпанда банктерді құру, қайта құруға рұқсат беру, қайта шақыру, банк
операцияларын жүргізу, оларды жою және тоқтату, филиалдар және банк
өкілдіктерін ашуға, біріктіруге келісім беру, қайта шақыру Ережелері,
1996жылы 28 наурыздағы банкті бақылау құқын алу және жүзеге асыру шарттары
туралы Ережелер, 1996 ж.10 мамырдағы екінші деңгейлі банктердің халықаралық
стандарттарға көшу тәртібі туралы Ережелер (жаңа редакциясы 1996 ж. 12
желтоқсан), 1996 ж. 31 желтоқсандағы капитал мөлшері теріс банктердің
акцияларын ықтиярсыз сатып алу және сату тәртібі туралы Ережелер- мұның
бәрі мемлекеттік банк секторын бақылауды күшейту ұмтылысын дәлелдейді және
Қазақстанда банктер санының азаюына әкелді.
Қазақстанның банктерінің тұрақсыз қаржы жағдайы қазіргі кезде Ұлттық Банк
және Қазақстан Республикасы өкіметінің Орталық органдарын дағдарыстан шығу
жолдарын іздестіру мақсатында банк ортасына жоғары көрсетілген араласуды
іске асыруға мәжбүр етті. 1996 ж. 4 қазанда республиканың ірі банкісі ОАО
КрамдсБанктің таратылуы, 1997 ж. 15 қаңтарда ірі және кең жүйелі филиалдары
бар ОАО Тұранбанк (1991 ж. дейін Өнеркәсіп Құрылысбанк) және ОАО Қазақстан
Әлембанк (1991 ж. дейін Сыртқыэкономбанк) бір банкке акциялары ықтиярсыз
сатып алынып және олардың қаржы сатылуымен бір банкке бірігуге (бұл аталған
банктердің бәрі дағдарысты жағдайда болды және теңгемен милиардтаған сомада
теріс капиталы болды). Мемлекеттік сауықтыру банкісіне төлем қабілеті жоқ
кәсіпорындарды қызмет көрсетуге беру (кәсіпорындарды іріктеу,
кәсіпорындарды қайта құру АГЕНТТІГІНДЕ құрылған төлем қабілетсіз
кәсіпорындар тізбесінен ведомствалық комисия және Қазақстан Республикасы
Үкіметімен жүргізіледі). Қолданылып жүрген банк және азаматтық заңдылықтың
өзгеруі-мұның бәрі тұтасымен алғанда, бір жағынан меншік иелерінің құқын
шектеуде белгілі қауіп, ал екінші жағынан-қаржы және банк дағдарысынан
тезірек шығу үмітін туғызады.
Мүлікті сенімді басқару институтын жалпы нысанасымен үшінші тұлғаға
өкілеттікке берілген меншік құқын іске асыру ретінде сипаттауға болады.
Азаматтық құқықта мұндай институт болды ма? Иә, болды. Кеңестік кезеңде
бірқатар себептерге байланысты мүлікті басқару құқы оның иесіне немесе
меншік құқы бар басқа тұлғаға емес, ал өз мүддесіне қызмет атқармайтын және
заңды мәні бар әрекетті жүзеге асырушы үшінші тұлғаға берілді. Сонымен
бірге азаматтық заңмен,мүлік сақталуы, пайдалануы және дұрыс қолданылуына
жауапкершілік жүктей отырып заңды емес әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі
қарастырылады. Мысалы,1964 ж. ҚазССР АК 533,540 баптары, 1964 ж. РСФСР АК
544,545 баптарында қарастырылған өсиетті орындаушыны тағайындаған жағдайда.
Осындай жағдай қамқорлыққа алынған тұлғалар мүліктеріне қатысты да
қалыптасты. 1969 ж. КазССР КОБС 123 бабында мүлікті басқару жайлы тікелей
айтылған. Тоталитарлық жүйе жағдайында мұндай қатынастар тек тұрмыс
саласында ғана кездесті. Бұл институтты мемлекеттік меншік құқығын іске
асыруда қолдану қажеттілігі болмады. Бұл ұғым 90-шы жылдардың басынан бері
екінші тынысқа ие болды.
Мүлікті сенімді басқаруға аса назар аудару белгісіне, сенімді басқару
институтының модельді азаматтық кодекске енгізілуін жатқызуға болады.
Нарықтық экономика жағдайында қандай болмасын күтілмеген жағдайда
азаматтық айналым қатысушыларының мүлігімен ие болатынының көрнекті мысалы
ретінде КрамдсБанк ахуалы болып табылады. Бір сәтте жеке және заңды
тұлғалардың қорлары қозғалыссыз, қатып қалады.
Құқық субьектілерінің қорларын банкке депозитке орналастырған жағдайда
(банк салымы шарты) банк ақшаны белгілі процентке қабылдайды, құқық
субьектілерінің бұл мүлкі банк міндеттемесі құрамына енеді, банк мүлкінен
бөлек бұл мүлікке есеп жүргізілмейді. Депозит сенімділігінің дәрежесі
тікелей банк сенімділігі дәрежесіне байланысты. Банк міндеттемесіе өтейтін
қорларды құрайды.
Банкке мүлікті сенімді басқаруға беру дегеніміз, банкке қиыншылық туған
жағдайда, банк таратылған не банкроттыққа ұшыраған кезде, банкке берілген
ақша қорлары (мүлік), жою массасына енгізілмейді және сенімді басқару
құрылтайшысына немесе сенімді басқару қатынастарын белгілеу актісінде
тікелей көрсетілген өзге тұлғаға қайтарып беріледі. Бұл сенім
операцияларының нәтижелеріне мүдделі мүдделі сенімді басқару құрылтайшысы
және бенефицияларының қауіпсіздендіру талаптарынан туындаған. Одан басқа,
сенімді басқарушыменөзіне жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру процесінде
алынған мүлік, оның берген мүлігінің құрамына кіреді. Банк клиентіне
мүлікті толық көлемде қайтаруға кепілдік берілген.
Бұл ережеге мүлікті сенімді басқару институты бекітілген барлық елдер
бағынады. Мысалы,1996 жылы қабылданған РФ АК екінші бөлім, сенімді басқару
обьектісі болып табылатын мүлік, сенімді басқарушының жеке балансында
көрсетіледі, оған арналып жеке есеп шот ашылуын қарастырады. Қорларды
банкке сенімді басқаруға беру сенімді басқару инвестор құрылтайшысының
мейлінше белсенді ролін қарастыруы сенімді басқару ақша қаражаттарын
депозитке салумен салыстырғанда көп дәрежеде ауқатты және белсенді
клиенттерге бағдарланған. Бұл механизм инвесторлардың экономикаға нақты
үлестерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кеңес дәуірінің кейінгі кеңестік елдерінің тәжірибесіне тоқталайық.
Латвиялық банктер сенімді басқаруды табысты қолдануда (1996 ж. бас
кезеңдегі деректер бойынша). Бұл операциялардың аса маңызды ерекшелігі
жақсы табыс кіргізеді: депозит салымдарына қарағанда орта есеппен 2 есе
жоғары. Мұндайда, барлық салымның жоғары сенімділік және өтімділік
талаптары өз мәнін сақтайды.
Банктердің сенім операцияларының заңдылық бекітілуі болғанымен, қазіргі
кезде көптеген сұрақтар туындап тұр. Бұл заңды да, әлі АК Ерекше бөлімі
қабылданған жоқ. Сенімді басқаруға қабылданған қорларды еспке алу
мәселелері шешілген жоқ, трасталық шот дегеніміз не, бухгалтерлік есеп
жоспарын өзгерту қажет, бұл жөнінде банк қызметін реттейтін орган Ұлттық
Банк мейлінше белсенді позиция ұстауы қажет.
Бұл институт бұрыннан қалыптасқан қатынастарға да әсер етеді. Заңдардағы
қайта қарауды талап ететін кейбір кезеңдерін атап көрсеткен жөн. Банк
саласына қатысты қолданылып жүрген заң банктерді бірнеше негізбен бөлуді
қарастырады. Олардың бірі банктерді депозитті инвестициялық бөлу болып
табылады. Мұндай бөлу критериі, банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық
қорына қатысу мүмкіндігі, инвестициялық банктерге депозит қабылдауға тыйым
салу болып табылады.
Банктерді депозитті және инвестициялық бөлу, АҚШ-та 1993 жылы Гласс-
Стигал заң жобасымен бағалы қағаздар рыногындағы алыпсатарлыққа жауап
ретінде енгізілді.Қазіргі күні жоғарыда көрсетілген заң актісінің көтеген
бөлігі күшін жойды және американдық банктер әмбебап болып табылады, оларды
басқа компаниялар акцияларын өз атынан да, өз клиенттері атынан да сатып
алуға және иеленуге рұқсат берілген. Қалған елдерде банкті мұндай бөлу жоқ.
Инвестициялық банктер сенім операцияларын пайдаланып, депозит қабылдауға
тыйым салуды айналып өте алады. Депозитті банктер қазіргі кезде заңмен
белгіленген заңды тұлғалардың жарғылық қорына қатысу тыйымын айналып өтуде.
2. Банк заңдылығын жетілдірудуң кейбір жағдайлары
Қазіргі барлық азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеуші, негізгі
азаматтық-құқықтық құжат, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі болып
табылады. Екінші деңгейлі банктер, қаржы ұйымының өзіндік қызметі бола
тұра, азаматтық айналым саласында және оларды құру тәртібі, қызмет нысаны
және туындайтын өзара қатынастар азаматтық құқықта бекітілген қағида және
ережелермен реттелуі тиіс.
Ескі, бірақ әзір қолданылып жүрген ҚР (ерекше бөлім) банк қызметі
мәселелеріне небары 5 бап арналған. Қазіргі кезде банк қызметін жалпы
құқықтық реттеу заңға сәйкес және нормативті актілер деңгейінде жүзеге
асырылады. Өкінішке орай, банк заңдылығы азаматтық заңның шеңберінен шығып
кеткен, мұнда құқықтың негізгі көзі қуатты мемлекеттік билік өкілдігі бар
Ұлттық банктің нормативті актілері болып табылады.
1998 жылғы 2 наурыздағы жаңа заң жалпы бөлімінің барлық негізгі
бөлімдерін неғұрлым толығырақ жетілдіру мәселесін оның әс жүзінде үш жылдық
тәжірибесін есепке ала отырып шешеді.
Ең алдымен ол азаматтық заңмен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін
нақтылады және осы саладағы заң актілерінің басымдықтарын нақты шектеді.
Азаматтық заң нормаларын отбасы, еңбек қатынастары, табиғи ресурстарды
пайдалану және қоршаған ортаны қорғау қатынастарын реттейтін нормалармен
неғұрлым толық сәйкестендіру мақсатында Азаматтық кодекстің 3-ші бабы
елеулі өзгерістерге ұшырады. Осыларға байланысты жаңа редакцияда АК 1 және3
баптарының текстеріндегі бұрын жіберілген әр түрлі оқу жойылды. 3 баптағы
ең маңызды өзгеріс банк және банк заңдылығы арасындағы тиісті балансты
белгілеу болып табылады, оның бұзылуы көптеген банк клиенттерінің, ал кейде
бүкіл мемлекеттің мүддесін қорғауды әлсіретеді.
Бұл проблеманы айқындай түсу үшін АК 3 бап, 3-тармағында енді редакцияда,
банк құру, қайта құру, банкроттық және таратуға байланысты банк қызметіне
және аудиторлық тексеруге, ал сонымен бірге банк операцияларының жеке
түрлерін лицензиялауға байланысты, қатынастарды реттеуде банк заңдылығының
басымдылығын қарстыру қабылданған.
Ал банк және олардың клиенттері, сондай-ақ банктер арқылы клиентер
арасындағы қатынастарға келетін болсақ , мұнда азаматтың басымдығы қалпына
келтірілген. Бұл салада АК нормалары арасында немесе банк қызметін
реттейтін басқа да заң актілері мензаңдар арасында қарама-қайшылық туса,
онда азаматтық заң актілері қолданылады.
ҚР банк және банк қызметі туралыжарлықтың 4 бабына сәйкес, банк қызметі
ҚР Конституциясымен, ҚР заң актілерімен, ҚР жасаған халықаралық актілермен,
ал сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары және заң актілерінің негізі
және орындалуына сәйкес, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Ұлттық
Банк шығаратын нормативтік актілермен реттеледі. Бұдан мынадай тұжырым
шығады, АК-тіің ережелері банк заңдылығына қарама қайшы келмеуі тиіс, ал
керісінше, нормативті актілер Кодекске қайшы келмеуі тиіс. Бұл банк
саласында қалыптасатын қатынастар азаматтық құқықтық бола тұра,
ведомствалық және салалық ерекшеліктері басым, азаматтық құқықтың жалпы
қағидаларына бағынуы тиіс. Одан басқа, бұл тармақ ҚР Президентінің заңды
күші бар ҚР Ұлттық Банк туралы және Банк және банк қызметі туралы
жарлықтарында бкітілген Ұлттық Банк өкілеттігін одан әрі елеулі кеңейткен.
Мәселен, ҚР Ұлттық Банк туралы жарлықтың 4 бабына сәйкес Ұлттық Банк ҚР
заңдарын орындауда және олардың негізінде өз құзыретіне жататын мәселелер
барлық банктер орындауға міндетті нормативті актілер шығарады. Банк және
банк қызметі туралы жарлықтың 4 бабына сәйкес Ұлттық Банктің нормативті
актілері ҚР Президентінің жарлықтарын және заң актілері негізінде
орындалуына шығарылды.
Жаңа мысал: 1997 ж.10 ақпанда Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік салық комитеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банктің N 10-2-21030 және N 1001841 “Кепілдік заттарын сату
немесе кепілдікке салынған мүлікті кепіл ұстаушы мүлігіне беру
операцияларына салық салу туралы” бірлескен хаты басылды, оның
негізгі ережелері мынадай: егер кепілге салынған мүлік соттан тыс
ықтиярсыз тәртіппен сатылса және бұл мүлікті кепіл ұстаушы ретінде
банктің өзі сатса , онда салық төлеушісі(НДС және акциз), мүлікті
сатқан тұлға, яғни банк болып табылады.
Бұл жағдайда бұл құжат заңсыз және келесі негіздер бойынша
күші жоқ болып табылады.
Келесі кепіл талап ету қарызды өндіріп алу
тәсілі,өтемақы шарасы болып табылады және пайда табу нысанын
көpдемейді.
Банк кепіл затының меншігі де, оның табыс табу мақсатына
сататын комиссонерде емес,ал тек берген кредит қайтарамын ,
қамтамасыз ету ретінде кепіл қабылдайды және кепілзатын келтірілген
зиянды берілген кредит шегінде өтеу үшін сатады, өйткені
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің(Жалпы бөлім)319-бабындағы
6-тармағына сәйкес, кепіл мүлкінің бағасы кредиттен асқан кезде
,айырмашылық кепіл берушіге қайтарылады.
Кепілге салынған мүлікті аукцион арқылы сатқан кезде банктен
НДС төленген соң ақша қаражаты несие қарызын өтемесе және оның
проценттерін төленген НЛС салығына сәйкес келсе және осыған
байланысты қалған сомасы банк шығынына есептеп шығару
қажеттілігі пайда болды.
1995 ж 24 сәуірдегі N 2235 Қазақстан Республикасы
Президентінің заңды күші бар “Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығының 54-бабының 2-
тармағына сәйкес салынатын айналымы салықтан басталған меншікті
өндірістік мұқтаждықтар үшін іске асырылатындардан өзге
товар,жұмыс және қызметті сату айналымы болып табылады және
қаржы қызметі көрсету айналымы (кредит беру қаржы қызметіне
жатады)НДС төлеуден босатылады , онда кредит ресурстарын алуға
салынған мүліктен одан әрі жүргізілетін операциялардың бәрінің
салықтан босатылуы заңдй көрінеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің 319-баптың 5- тармағына сәйкес саудаға екі сатып
алушыдан кем адам қатысқандықтан, сауда болмады деп жариялағанда
,кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті не өз меншігіне
айналдырады, жаңа сауда тағайындауды талап етуге құқы бар.
Дегенмен, көрсетілген бірлескен хат кепіл ұстаушыларға (банкке)
таңдау құқын қалдырмайды.
Шет елдің заңдарын талдай келе, ешбір мемлекеттке мұндай
ерекше жағдай бекітілмегенін, атап өткен жөн. Нарқтық
экономиканың құқықтық негізгі дамыған елдерде банк қызметі АҚШ-та
сауда және Францияда Азаматтық кодекстермен банктердің
әкімшілік немесе қаржы сипатындағы ұйғарымдарын шығару
өкілеттілігі ғана белгіленген жоғарыда баяндалғандар негізінде,
біздің пікірімізше, Азаматтық кодекстің 3-бабының 3-тармағын,
Қазақстан Республикасы Конститутциясына және азаматтық құқыққа
қайшы келгендіктен, алып растауға жатады.
Банктер нарықтың, экономиканың өзіндік элементі болып
табылады, олардың қызмет саласы , мүлік айналымына қатысушылардың
мүдделері жүзеге асырылатын қызмет саласы. Сондықтан банк
заңдылығы банктерге қажетті бостандық беріп , толық тәртіптелу
тиіс және сонымен қатар банк, клиенттерінің мүддесін қорғауға
кепілдік беруі тиіс. Бірақ бұл монополияланған бір орган,
ал бұл жағдайда Ұлттық Банк бболмауы тиіс, Ал АК
ережелерінде жеткілікті қамтылуы тиіс.
Ұлттық Банк нормативті актілердің азаматтық құқық
институтын реттейтін азаматтық құқықтық нормаларға қайшы
келетін бірнеше мысал келтіруге болады. Бұл жағдайда АК
нормаларын қолдану жоққа шғарылып отыр , өйткені банк
заңдылығының басымдығының бекітетін АК 3-бабының 3-тармағы
ереже қолданылды және бұл негізде банктер Қазқстан
Республикасы Ұлттық Банктің Ережелері мен нұсқауларына
бағынуға мәжбүр.
Мысалы 1994 ж. 11 ақпанда Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасымен бекітілген,”1992 ж. 19 қарашадағы
Қазақстан Республикасы нақты ақшасыз есеп
айырысутуралы” уақытша ережелерге N1 қосымшаға сәйкес
кепілдеме хаттарын орындау құжаттары қатарына жатқызылған,
соның негізінде төлемшілер шотына хорларды есептеп шығару
олардың келісімінсіз жүргізіледі. Осы ережелерге сәйкес
банк(кредитор),қарызды кпілден есептеп шығара ала ма деген
тұжырым туады. Дегенмен, ҚР АҚ (Жалпы бөлім) 3-тармағына сәйкес
кредитор субсидиаларлы жауапкершілік жүктеген кепілге бермес
бұрын, бұл талаптың қарызгермен қанағаттандырылуына сапалы
шаралар қолдануы тиіс, атап айтқанда , қарсы талаппен есепке
алу жолымен және қолданылып жүрген тәртіппен қарызгер
мүлкіне өндіріп алуды талап ету.Мұнда кепіл және кепілдеме
ұғымдары тұрпайы қосылып, олардың айқын бұзылғаны көрініп
тұр.
Азаматтық - құқықтық нормаларының банк заңның нормаларымен қарама
-қайшылығын көрсете отырып, тіпті 1995 ж.31 тамыз N2447 заңды
күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
енгізілген, ҚР АК-не өзгерістерді қолдаумен байланысты, яғни
АК -тармағы 3-бабының жаңа редакциясының енгізілуімен бұл
бұл ережелер заңсыз болып табылады, өйткені жоғарыда
көрсетілген нормативтік актілер жарлық күшіне енгізілгенге
дейін қабылданды.
Қазіргі кезде банктер, азаматтық-құқықтық қатынастар
субъектілері бола тұра екі жақты жағдайда қалып отыр.Бір
жағынан, кепілдік және кепілдеме шарттары жайлы айтсақ, онда
АК нормаларын қолдаған жөн, өйткені оның нормалары аса ірі
жәнекөптеген теориялық зерттеулерге сүйенеді және кез келген
субъект бұл институттармен байланысып, ең алдымен АК
негіздеріне әрекет етеді.Екінші жағынан, қолданылып жүрген
заң күшінен банк мекемелері Ұлттық Банк нормативті
актілеріне бағынуға мәжбүр.
Ұлттық Банктің заңзыз норма шығаруының келесі мысалына,
1996 ж. 27 қыркүйекте N229 ҚР Ұлттық Банк Басқармасының
қаулысымен бекітілген екінші деңгейлі банктердің басшылық
қызметіне тағайындауға жататын кандидатураларды үйлестіру
тәртібі және ҚР Ұлттық банк квалификациялық комиссиясының
өкілеттілігі туралы Ережені жатқызуға болады.
1996 ж. 7 желтоқсандағы N50 ҚР Заңында енгізілген Ұлттық
Банктің мынадай өкілеттігіне аса назар аударған жөн. Капитал
мөлшерлері теріс банктерінің акцияларын ықтиярсыз сатып алу
және оларды міндатті түрде кейін дереу жаңа инвесторларға
сату өкілеттігі.
Шартты салымдар қатынастарын реттейтін жоба баптарында
барлық жерде шартты салымды алу үшін белгіленген
шарттардың орындауын немесе дәлел болуын талап етеді.
Мұнда ,құқық теориясында заңды фактілер түсінігі бар.Ол іс-
әрекет және оқиғадан тұрады.Сондықтан шартты орындаудан өзге
(іс-әрекетке жататын), көрсетілген шарттардан шегіну деген
болады (оқиғаға жататын) осы Кодексті қабылдауда мұны
ескерген жөн.
Жобаның 771-бабына сәйкес банк шотының келісім
шартына сәйкес банк ақша қаражаттарын клиент шотына
сақтауға шотқа талап берілген кезде олардың болуын
қамтамасыз етуге міндетті.
Біздің пікірімізше, банкке бұл талаптарға қатаң белгілеу жөн емес, банк
клиент шотындағы ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және есеп
шотқа қойылатын талаптарды дер кезінде орындауға міндетті.
АК жобасының ерекше бөлімінде есеп айырысуға арналған тараудың болуы
көптеген талас туғызуда.Біздің ойымызша, бұл тарауды жобадан алып тастаған
дұрыс болар еді, ал бұл мәселе бойынша “Қазақстан Республикасында төлемдер
және есеп айырысулар туралы” бөлек заң дайындап қабылдаған дұрыс.
ІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БАНК ОРТАСЫ
1.Банк жүйесі
Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың басталуы “Банктер және банк
қызметі туралы” және “Ұлттық банк туралы” заңдардың қабылдануымен
бекітілуді, мұнда банк жүйесі екі деңгейлі жүйе ретінде анықталып, Ұлттық
банк және комерциялық банктердің атқарылымы анық айқындалды.Ұлттық банктің
негізгі міндеті ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ал
комерциялық банктер тікелей экономиканы қаржыландырумен айналысуы тиіс.
Бүгінгі банк жүйесі жалпы қиындықтармен қарама қайшылықтарды басатн
кешіріп, жалпы экономикалық ахуалды бейнелейді. Қалыпты қызмет атқарушы
валюта-қаржы нарығы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың
тиімділігінің қажетті шарты. Ал банк жүйесінің тұрақты дамуы жарғылық
капиталды өсіру, банк табысын ұлғайтуда ғана мүмкін, бұл бірінші кезектие
банктердің өздерінің стратегиясына олардың саясатының терең және
тиімділігіне байланысты.
Қазақстандық банктердің жағдайын талдай отырып, республикада
кішігірім, бірақ сенімді және “консервативті” ірі жарғылық қоры және
филиалдар жүйесі бар банктер жүйесі қызмет атқаратынын айтуға болады. Бұл
банктерн экономикалық нормативтерді сақтайды, ал кредит тәуелділігі рұқсат
етілген мөлшерде.
Танымал топ, қаржы нарығында оң орнын табуға тырысып, жоғарғы
тәуелділік режимінде жұмыс істейтін банктер жатады, бұл меншікті капиталдың
азаюына әкеледі, оның салдарынан қолданып жүрген экономикалық нормативтер
бұзылады. Активтерді ұлғайтудың бір әдісі бұрынғысынша көптеген банктер
үшін депозиттер және салымдар бойынша жоғарғы процент ставкасы болып
отыр.Олардың ұсынатын процент ставкасының деңгейін кредиттің қайтарылмау
тәуекелділігін арттыруға көбіне әсер етеді, бұл кредит қаржысының
нашарлауына әкеледі.
Кейбір банктер өз салымдарының қаражаттарына қауіп тудырып, әдіс
тазалығы жайлы ойламай бүкіл банк жүйесінің беделін түсіреді. Мұндай
банктердің лицензиялары мүмкін немесе Ұлттық банк олардың қызметін ішінара
шектейді.
Қазақстанда 1998 жылғы 1-ші қаңтарындағы мәлімет бойынша 2-ші
деңгейлі 83 банк тіркелген, соның ішінде: мемлекет аралық - 1, мемлекеттік
немесе жарғылық капиталға 100 % үкімет қатысуымен (резидент емес банктердің
еншілес банктерін қосқанда) – 20.
Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейлі банктерді капиталдандыру
және өтемділік талаптарының өсуі банктерді тарату және бірігу процесін
жеделдетті. 1997 жылы екінші деңгейлі 23 банк лицензиясы кері шақырылды,
соның ішіндегі жұмыстағы кемшіліктері үшін 17, ерікті таратуға байланысты –
1 және бірігуге байланысты- 15.
Екінші деңгейлі банктердің жиынтық мешікті капиталы 1997 жылы
1 желтоқсанда 33 млрд. Тенге құрады.
(29.02.96 ж. НПК басқармасы қаулысымен бекітілген
пруденциялды нормативтер туралы ережеге сәйкес есептелген бұл көрсеткіш
1997 жылы 1-ші қаңтарына 13,5 млрд. Тенге құрады.) Бұл республикада екінші
деңгейдегі банктерді капиталдандырудың елеулі жоғарылауы тенденциясының
дәлелі.
1998 жылдың 1-ші қаңтарынан республикада шетел қатысуымен 20
банк жұмыс істейді (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда),
олардың тіркелген жиынтық капиталы 4 млрд. Тенге құрайды немесе екінші
деңгейлі банктердің жиынтық тіркелген жарғы капиталының 12,9 %.
1998 жылдың соңына республиканың банк жүйесіне шетел
капиталының қатысуын шектеуді алып тастау туралы Ұлттық банк көзқарасы
сақталуда. Тиісті заң жобасы жылдың екінші жартысында үкіметке енгізілді.
1998 жылдың соңына қарай бірінші топқа енгізілген банктер
капитал жетекшілігі, активтер чсапасы және әртараптануы, менеджмент
деңгейі, бухгалтерлік есеп, ақпарат беру және қорғау жағынан халықаралық
стандартқа сәйкестігіне жнтуі тиіс.Банк саласын сауықтандыру мақсатында
екінші деңгейлі банктерде ішкі бақылау жүйесі енгізіледі. Банкпен берілген
ақпарат шындығын және баланс мөлдірлігін арттыру үшін банктерді есепшоттың
жаңа жоспары бойынша мәліметтерді автоматтандырылған өңдеуге көшіру
жоспарланады.
Активдердің және банк мсіндеттемелерінің нақты бағасын
анықтау мақсатында нарықтық бағамен бағамдауды енгізу ұйғарылды. Ұлттық НПК
қызметі банктерді ірілендіруге оларды капиталға айналдыруға, әсіресе
аймақтық банктер деңгейінде бағытталады, бұл қаржы делдалдығын кеңейтуге
және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұлттық банк банктердің шағын және орта бизнес субьектілерін
макрокредиттеу, ауылшаруашылығы орта және ұзақ мерзімді банктерді қайта
бағдарлау мақсатымен ауылшаруашылығын кредиттеуге орта мерзімді және ұзақ
мерзімді кредиттер беруді ынталандыру механизімдерін әзірлеуге қатысады.
Ұлттық банк республикадағы банк жүйесін қаржы тұрақтығын
нығайту мақсатында екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа көшуін
жүзеге асырады. Екінші деңгейлі банктер халықаралық стандарттарға көшіру
мәселесі туралы қаулы қабылданды, осыған сәйкес екінші деңгейлі 30 банк
екінші топқа –2000 жылдың соңына таман мерзімді халықаралық стандартқа
жетуі тиіс.
Банк жүйесінің қалыптасуы
ҚР Азаматтық кодексі жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше
бөлімінің қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк
қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті
тараулар заем және кредит, банк салымы және есепшот шарттарын реттеуге
арналған. Кодекс кредиторлардың құқын қорғауды күшейтудегі принциптік
ерекшеліктерден тұрады: құқықты бұзған емес, құқығы бар тарап қорғалады.
Екінші ерекшелігі кодекс нормасы және олардың бұзылған нормалармен олардың
коллизиясы мүмкін ара қатынастар. Банк заңдылығы Азаматтық кодекстен, заңды
күші бар ҚР Президентінің жарлықтары “Ұлттық банк туралы” “ҚР Банктер және
банк қызметі туралы” және басқа актілерден тұрады.
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі шарт туралы жалпы нормалардан, ал
ерекше бөлім жобасы Азаматтық кодекстің бірінші бөліміндегі нормаларға
қатысты арнаулы нормаларды қарастыруы тиіс. Екінші бөлімді қабылдағаннан
кейін оның нормалары бірінші бөлімдегі колизацияға енген нормаларды ысырып
шығарады. Бірақ, сондай-ақ Азаматтық кодекс жалпы және ерекше бөліміндегі
нормалардың қарама- қайшылыққа түсуі ғана мүмкін емес, сонымен бірге
кодекспен рұқсат етілмеген арнайы заңға енгізілген нормалардың да қарама -
қайшылықта болуы мүмкін. Мұндай жағдайда актілер иерархиясы принципі күшіне
енеді. Ол Азаматтық кодекстің 2-ші тарауының 3-ші бабында бекітілген. Оған
сәйкес кодекстің басқа құқық актілерінен, соның ішінде заңдардан басымдығы
бар. Мысалы, чектердің төлем айналымында пайдалану тәртібі және шарттардың
Азаматтық кодекспен реттелуі, ал онымен реттелмейтін бөлігі басқа заңдармен
және оларға сәйкес банк ережелерімен белгіленеді.
Біздің республикамыздың банк жүйесінің қалыптасу проблемасына
толығырақ тоқталайық. Қаржы нарығының (ақша нарығы) қызмет атқаруының
ажырамас құрамдас бөлігі меншік иелерінің жинақ салымдары болып табылады:
заңды және жеке тұлғалар және дамыған банк жүйесі. Басқа қаржы
делдалдарымен қатар банктер тұрғындар жинақ қаражаттарын, оларды ұтымды
пайдалану әдістерін табатын қарыз алушы фирмалар және кәсіпорындарға
бағыттайды.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарық шаруашылығы
жағдайында көптеген жинақ салымдары жеке тұлғалармен жүргізіледі, ал
шығындар негізінен кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
Капитал өндіріс қорлары түрінде бір саладан екіншісіне ауыса алмайды.
Меншік иелері жинақтарының қарыз алушыларға тікелей ауысуы тіке және жанама
қаржыландыру әдісімен жүзеге асырылады. Тіке қаржыландыру бұл фирманың ақша
қаражаттарын алып, орнына инвестицияны жүзеге асыру осы фирма меншігіне
үлестік қатысу құқын беру.
Жанама ақша ағындарының қаржы делдалдары арқылы өтуі мысалы банктер.
Банктер салымшылардан қаражаттарды қабылдап және оларды қарыз
алушыларға беру арқылы қаржы делдалы ролін атқарады. Бұл қызмет бүкіл
мүдделі тараптарға пайда әкеледі.
Банк екі түрлі операция жүргізуге бағдарланған кәсіпорын:
1. Кең спектрлі қызмет көрсету салымдарын басқару.
2. Кредиттер беру.
Банктің бұл атқарылымдары барлық ұлттық банк жүйелеріне әмбебап болып
табылады.
Банк ісінің қалыптасуы терең қайта құрулар арқылы жүргізіледі.
Бірінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде ірі жеке банктер операциялар
негізін, өнеркәсіпті кредиттеу және бағалы қағаздармен мәмілелер құрады.
Нақты ақшасыз есеп айрысу әлі де кеңінен тараған жоқ. Тек бірінші дүние
жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ғана ұлт меншігіне айналдыру толқыны
басталды. Алғашқы перфокарталық есептеу машиналары және клиенттерге
есепшоттар бойынша кітап көшірмесін жүргізу банктердің іріленуіне әкеледі,
шағын жеке және провинциалды банктер ірілерге енгізілді, ірі банктер
арасында да бірігу жүргізілді.
1960-шы жылдары халық қаражаттары елеулі роль атқара бастады. Бұқара
халықтың кірістерінің өсуі, жеке тұлғалардың банктің ең перспективті
клиенттерді бөлуіне әкелді. Бұған қолма қол ақшасыз жалақы енгізу ықпал
етті. Кейін банктер инвестициялық компаниялар құрып, маркетингпен айналыса
бастады. Бұл жинақ салымы кішігірім болғанның өзінде-ақ оларды бағалы
қағазға салуға мүмкіндік берді. Тағы бір процесс банк жүйесінің дамуына
ықпал етті. Бұл коммерциялық банктердің қызметін реттеуді мемлекеттік
ырықтандыру.
1980-ші жылдары банк жүйесі қызметін бақылауда ырықтандыру жағына
қарай елеулі өзгерістер жүргізілді. Мысал ретінде Италияда жүргізілген
міндетті резервтер жүйесі реформасын алуға болады. Коммерциялық банктер өз
резервтерін пайдалануға құқық алды, әйтсе де бұл құқық уақытша және сандық
шеңберлерімен қатаң шектелді. Шектеудің екінші көрсеткіші- кредит беруге
белгіленген тіркеулі лимит. Өз жинақ қаражатын пайдаланып ресурстарды
тартқан жағдайда ғана лимиттен асыру мүмкіндігіне ие бола алады. Сонымен
несие лимиті банк резервтері есебінен емес тартылған қосымша эмиссия
есебінен белгіленді. 1980-ші жылдардың ортасында лимит алынып тасталды.
Сонымен бірге орталық банктер қарамағындағы , олардың белсенді пайдаланып
жүрген кредит көлемінің өсу лимиті алынды.
1980-ші жылдары “Банктік емес кредит мекемелерінің” араласуы
салдарынан банктердің қаржы делдалдары ретіндегі ролі елеулі төмендегенін
атап айтқан жөн. Сол кезде банк қызметінің өткізілім ішкі рыноктары
таусылды, бәсеке шиеленісіп, сөйтіп экономикалық өсудің әлемдік қарқыны
төмендеді және кредит тәуелділігі жоғарылады.
Осындай жағдайларда батыс банктер өткізілімінің жаңа рыноктарына
Шығыс Европа елдеріне назар аудара бастады.
Қаржы институттары және капитал рыногының қызмет атқару ұлттық
экономика үшін өмірлік маңызы бар, сондықтан банк сферасы үкімет тарапынан
мұқият қадағалау және реттеу обьектісі болып табылады. Әр елде банк
қызметінің әр алуан аспектілерін реттейтін құқықтық актілер жүйесі жұмыс
істейді.
ҚР банк жүйесін реформалау “ҚР Ұлттық банкісі туралы” заңдарының
қабылдануымен басталады. Республика заңымен екі деңгейлі банк жүйесі
бекітілген. Мұнда Ұлттық банк орталық банк болып табылады да, ал екінші
деңгейлі банктер – бұл банк қызметін жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар.
(3-бап, “ҚР-ның банктер және банк қызметі туралы заңы”)
Төменгі екінші деңгейлі банктер былайша бөлінеді:
-жеке заң актісі негізінде құрылған мемлекеттік банктер немесе жарғылық
қордың жалғыз қожасы болып табылатын үкімет шешімі ;
-депозиттерді қабылдауға және басқа банк операцияларын жүргізуге құқы
бар депозитті банктер;
-қызметінің негізгі түрлері тікелей және қоржынды инвестицияларды жүзеге
асыру болып табылатын инвестициялық банктер;
-шетел қатысуымен банктер акцияларының 50%-тен астамы иелікте, меншікте
және басқаруда болады:
а) резидент емес;
б) резиденттер-заңды тұлғалар акцияларының 50%-тенастамы иелікте,
меншікте және резидент емес басқаруда;
в) резидент еместердің сенімді тұлғалары болып табылатын резиденттер.
-халықаралық үкіметтік шарттар негізінде құрылған және жұмыс істейтін
мемлекет аралық банктер.
Дүниежүзілік тәжірибеде Ұлттық банк жүйесінің екі негізгі типі
қалыптасқан- германдық универсалды банктерге негізделген және
англосаксондық кредит мекемелерін қарап, коммерциялық және инвестициялыққа
бөлуді ұйғарады. Германияның әмбебап банктері ұзақ мерзімді кредиттерді
беру, сонымен қатар кәсіпорынның меншікті қорына қаражат салумен
айналысады. Банктер неміс кәсіпорындарының капиталына үлестік түрде
“қатысады”. Кәсіпорындар үшін бұл қатысу өнеркәсіпті қаржыландырудың жалпы
бағасын қысқартады, ал банкке кәсіпорын жұмысын және қорлардың жұмсалуының
өте жақсы бақылауын қамтамасыз етеді.
Ағылшын банк жүйесі екі ғасыр бойы қалыптасты және аз мамандалумен
сипатталды. Атап айтқанда, коммерциялық банктер, сауда банктері, бағалы
қағаздарды есепке алу компаниялары. Ұлыбритания соңғы кезге дейін банк
жұмысын реттейтін арнайы заңдары жоқ ел болып келді, ал оларды бақылау
жасырын және бейресми сипатта болды. Бұл елдегі банктер акционерлік
компаниялар туралы жалпы заңмен реттелді.
Соңғы уақытта көптеген елдерде банк қызметінің күшейген кезінде,
универсалды және мамандандырылған банктер айырмашылығы көп талас туғызды.
Шет елдердегі көптеген коммерциялық банктер қазір “банк супермаркеттеріне”
айналды. Онда әр алуан түрлі банк қызметі көрсетілді. Қазіргі заманғы
банкирлердің іс-әрекет принципі “темір” ережеге бағынады: егер клиент
банкке келсе, онда оған бұл банкте көрсетілмейтін қызмет түрі болмауға
тиіс.
Банктер болашақта универсалды болуы тиіс, өйткені мамандандырылған
банкке қарағанда оның артықшылығы көп. Ол коммерциялық тәуекелділіктен
қорғалған, коньюктураның өзгеруі оған ақша әсер етпейді, сонымен ол
мейлінше бәсекеге қабілетті.
Егер әлемдік банк жүйесі мүмкіндігімен Қазақстанның жағдайын
салыстырсақ, онда біздің жүйе нарықтық шаруашылық жүйесі деп сипатталатын
жүйеден әлі алыс. Біздегі нарықтық типтегі банк жүйесін құру процесі
жүргізілуде, басқа кредит институттары жүйелері құрылуда, банк ісінің жаңа
технологиялары енгізілуде. Коммерциялық банктер халықаралық қаржы
рыноктарына кіреді. Мамандандырылған банк жүйесі ұсынатын заңды жетілдіру
процесі жүріп жатыр.
Банктің қалыпты қызмет атқаруы үшін банкроттыққа әкелетін үш
жағдайдың болмағаны дұрыс: несие қайтармау, өтімсіздік және негізгі
қызметтен шығындар. Бұлардың әрқайсысы банктің меншікті капиталының азаюына
әкеледі, қарыз алушы проценттік төлемдерді төлей алмаған жағдайда болса
немесе несиенің негізгі сомасын өтелетін кезде төлей алмаса, несие мерзімі
өтіп кетеді.
Әртүрлі елдердегі ұлттық банк заңдылығы несиені есептеп шығару
проблемасын былайша шешеді. Мысалы, АҚШ-та несие қысқа мерзімде есептен
шығарылады. Басқа елдерде несие бойынша процент тоқтатылғаннан кейін 90 күн
мерзім беріледі.
Мемлекеттік реттеу күшті елдерде белгіленбеген ұзақ мерзімге уақыт
беріледі. Егер несиелерді есептен шығару жүргізілмесе, онда субсидиялау
жүзеге асырылады. Өйткені жойылмайтын несиелерді беруге кредит ресурстары
жұмсалады, ал олар нақты капитал жинақтауды ынталандыруға пайдаланылады
және экономикалық дамуға ықпалын тигізеді. Тұрақты табыс алып отырған
банктер үшін кішігірім өтелмеген несиелерді есептен шығару елеулі проблема
туғызбайды. Есептен шығару банкті осындай мөлшерге меншікті капиталын
қысқартуды міндеттейді.
Қарыздардың төленбеу проблемаларын шешудің нарықтық тәсілі
“Банкроттық туралы” заңның тиімді әрекеті болып табылады.Бұл заң қарыз
кәсіпорындарды банкрот деп жариялауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар
таратылады немесе филиал ретінде басқа фирмаларға қосылады.
Банк қызметінде өтемділіктің маңызы өте зор. Пайда табу және өз
клиенттерінің ақшаны есепшоттан кез келген уақытта алу талаптарын үйлестіру
қажет.
Экономикалық сөздік өтемділікке мынадай анықтама береді. Өтемділік өз
қаржы міндеттерін тез орындау қабілеттілігі. Тез өтетін қорлар қаржы
міндеттемесін орындауға мүмкіндік береді. Іс жүзінде өтімділік шекарасы өте
қозғалмалы және қаржы міндеттемелері бойынша төлем мерзімінің келуіне
байланысты.
Банк сақтау мерзімі көрсетілмейтін салымдар қабылдаған кезде, ол бұл
салымды салымшының бірінші талабы бойынша төлеуге міндеттеме алады. Сөйтіп
ол барлық салымшылар бірдей бір мезгілде өз депозиттерін талап
етпейтінінесепке алады.
Банкте қандай болмасын бір күні , ол салымды аз қабылдап, ал депозитті
артық төлейтіндей жағдайда бақылауда ұстау үшін банк белгілі бір деңгейде
өтімділікті қолдайды.
Банк ісінің пайда болған кезінен бастап, жеке банктердің
банкроттығынан туындаған тұрақсыздық салымдарды жаппай алу банктердің
ішінара резервтік өтеу саясаты мемлекетті банк қызметін реттеу тәжірибесін
кеңейтуге итермелейді. Бұл салымшыларды қаржы зияндығынан қорғайды және
экономикаға залал келтіретін банк банкроттығы зардаптарынан құтылуға
мүмкіндік береді.
Кез келген елде Орталық банк мемлекеттік банк және мемлекеттік
өкіметке қызмет көрсетуші банк болып табылады. Орталық банк олардың
есепшоттарын жүргізеді, олардың сальдосы пассивінде бейнелейді де,
мемлекетте және мемлекеттік өкіметте дебитор бола алмайды. Әсіресе түсу
және төлем қозғалысы жүргізілетін мемлекет есепшоты аса маңызды болып
табылады. Депозиттерді және мемлекеттік төлемдерді басқару ролінен өзге
орталық банк мемлекетті қаржыландыруда және басқару органдарын мемлекетпен
қаржыландыруда тіке және жанама роль атқарады. Оның активінде қаржы
министрлігінің міндеттемелері бейнеленеді. Бұл аванстардан басқа үкімет
жеңілдік кредиттеріне ықпал ете алады. Олардың шарттары еркін айтылады
немесе заңмен белгіленеді. Орталық банк мемлекеттік тіке немесе жанама
қаржыландыруын мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алу жолымен жүзеге
асырады.
Ұлттық банктің мемлекетке берген төленбеген аванстың жалпы сомасы,
мемлекеттің соңғы үш жылда орташа жылына түскен Халықаралық валюта қорының
ұсыныстарының мәні мынада, яғни түсімнің белгілі процентіне тең сомадан
аспауы тиіс. Орталық банктің тікелей, сондай-ақ жанама несиелеріне үкімет
шектеу қоя алады.
Орталық банк мемлекеттік бюджетті дайындауға байланысты кеңес беруде
шешуші роль атқарады. Екі жақты міндетті кеңес беру аса қажет, өйткені
Ұлттық банктің белгілі ақша саясатын бағыттау қабілеті үкіметтің қаржы
позициясына елеулі әсерін тигізеді. Өте кең қаржы позициясы, ішкі және
сыртқы тұрақтылықты үшін Ұлттық банкке қатаң ақша саясатын ұстауға тура
келеді. Әйтсе де бұл жеке сектордың экономикалық қызметке және өсуге
мүмкіндігін азайтады.
Сот реформасын жүргізу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz