Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі ... ... ... ... ... 7-33
ІІ тарау

Қазақстанның сыртқы саясаты: ("Егемен Қазақстан",

"Қазақстан-Zaman", "Түркістан", "Казахстанская правда"

газеттерінің материалдары бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34- 54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55-58

Сілтеме және пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... .59-62

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...63-68

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың
жалпы жұрт таныған тең құқылы мүшесі ретінде орныққан бүгінгі таңда елдің
сыртқы қатынастарының құрылымдарын шетелдік әріптестермен арадағы
ынтымақтастықтың жаңа мазмұнымен толықтыру кезеңі туып отыр. Әңгіме, ең
алдымен қолдағы бар уағдаластықтарды толығымен іске асыру жайында болады.
Мұның өзі қызметтің аталмыш саласына қатыстылардың баршасынан табандылық
пен орнықты іс-қимыл жасауды, тиянақты жұмыс істеуді талап етеді.
Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық дамуын
қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Мұның өзі Қазақстанның басқа елдерге кең
танылуына және оның тәуелсіздігін ныѓайта түсеріне жол ашатыны сөзсіз. Оның
үстіне демократиялық және зайырлы мемелекет ретінде ол барлық
мемлекеттермен теңдік өзара ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды. Бұл
жерде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағдары сан қырлы Қазақстан
дипломатиясына, ұлттық, мемлекеттік дербестікті қалыптастыруға аса үлкен
көңіл бөліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жемісті еңбегін
атап өткен абзал. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Бутрос
Галидың : "...Н.Назарбаевтың сыртқы саяси қызметі қазіргі заманғы
халықаралық қатынастардың елеулі бөлігін құрайды" [1], - деуі кездейсоқ
емес.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын және оның халықаралық
қатынастар жүйесіндегі орнын зерделеу – бүгінгі қоғамдық ғылымдағы
зерттеудің күрделі обьектісі болып отырғандығын айтқан жөн. Бұл тың мәселе
ғылыми тұрғыда әдебиетте де, баспасөздерде де әлі жан-жақты зерттеліп,
қажетті түрде жүйелі қорытындыланған жоқ. Сондықтан да бұл проблемаға үлкен
теориялық-практикалық мүдделілік негіз бола алады.
Жоѓарыда айтылѓан жайлар мен Ќазаќстан Республикасыныњ халыќаралыќ
аренадаѓа сыртќы саяси ќарым-ќатынасы, оныњ тарихы мен даму мәселелері күні
бүгінге дейін толыќќанды зерттелмеуі ќатты толѓандыруда. Сондықтан осы
ѓылыми жұмыста тілге тиек етілер Қазақстан Республикасының халықаралық
қатынастар жүйесіндегі рөлін, орнын және проблемаларын ќарастыру, зерттеу
өзектілік танытады.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Жұмыста ЌР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтыњ Ќазаќстан халќына арнаған Жолдаулары, Қазақстан
Республикасының сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың Беласу, ҚР
дипломатиясы атты кітаптарынан керекті мәліметтер топтастырылды. Сондай-
аќ, сыртќы саясат таќырыптарына көптеп ќалам тербеп жүрген республикалыќ
"Егемен Қазақстан", еларалыќ "Қазақстан-Zaman " және халыќаралыќ
"Түркістан" секілді белді де беделді мерзімді басылымдар негізге алынды.
Мұнымен ќатар еліміздіњ көп ұлттылыќ ќұндылыѓын ескере отырып, таќырып
аясын зерттеу барысында аз да болса обьективтілік ќаѓидасын саќтау
шартымен республикалыќ орыс тілді "Казахстанская правда" басылымыныњ
біршама беттерін қарап шыѓуды жөн көрдік.
Диплом жұмысының мақсаты: Ѓылыми жұмысты ќолѓа алуда Қазаќстан
Республикасының халықаралық қатынастардағы ролі мен орнын, жүргізіп жатқан
саясатыныњ мањыздылыѓын айќындау және аталмыш таќырыптыњ бұќаралыќ аќпарат
ќұралдары беттерінде көрініс табуын зерттей отырып, зерделеу маќсаты
нысанаѓа алынды. Сондай-аќ, еліміздіњ сыртќы саясаты мен халыќаралыќ
ќатынастарыныњ зерттелуіне аз да болса өзіндік үлес ќосу шәкірттік
міндетіміз болмаќ. Ќала берді, осы диплом жұмысын жазу арќылы таќырыпќа
ќызыѓушылар мен терењірек зерттегісі келгендерге баѓыт-баѓдар беру маќсаты
да көзделді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Тәуелсіздікке алғаш аяқ басқан
елдің әлемдік істерге бару бағытындағы алғашқы қадамдары шет мемлекеттердің
жасалған қадамдары арқылы салыстыра отырып жазылады. Мұнымен ќатар,
Ќазаќстанныњ елшілік ќатынастары, оныњ өзге елдермен достыќ-ынтымаќтастыќ
келісімдері, экономикалыќ байланыстары мен мемлекетаралыќ саяси-
стратегиялыќ және елдестік бітім-шешімдері ел басылымдарында берілу
дењгейіне ауќымды сараптама жасалады.
Диплом жұмысының әдістемесі: Диплом жұмысы хронологиялыќ деректік
өлшеу әдісінде өлшемдік және жалпы сараптау негізінде ќолѓа алынып, Елбасы
Жолдаулары, дипломатиялық құжаттар, сонымен бірге баспасөз беттеріне
жүргізілген арнайы әдістік зерттеулер тұрѓысында жүзеге асады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы: Жоғарғы оқу орындарындағы
"050504 - Журналистика" бөлімінің студенттеріне Журналистика және
халықаралық қатынастар Журналистика және дипломатия секілді, ќала берді
"050202 - Халыќаралыќ ќатынастар" бөлімініњ студенттеріне "Халыќаралыќ
ќатынастардыњ тарихы", "Халыќаралыќ ќатынастардыњ ќазіргі мәселелері",
"Ќазаќстан Республикасыныњ сыртќы саясаты" пәндерінен халықаралық қатынас
пен дипломатиялық қызметтер туралы мәліметтер мен маѓлұматтар алуға
мүмкіндік бар.
Диплом жұмысының құрылымы: Ќазаќстанныњ сыртќы саяси ќатынастарыныњ
мєселелерін негізгі екі тарауѓа бөліп ќарастырдыќ. Бірінші тарауда
еліміздіњ халыќаралыќ ќатынастары, оныњ дүниежүзілік аренада алатын орны,
әлемдік ќауымдастыќтар мен одаќтастыќтардаѓы мањыздылыѓы және тењ дәрежелі
мүшелік ќұќыѓы баспасөз беттерінен алынѓан мысалдар мен материалдар аясында
сөз болады. Екінші тарауда мемлекетіміздіњ сыртќы саяси мәселелері "Егемен
Қазақстан", "Қазақстан-Zaman", "Түркістан", "Казахстанская правда"
газеттері негізінде сарапталып, осы басылым беттерінде көрініс табуы егжей-
тегжейлі жазылады. Аталмыш екі тарау да Ќазаќстанныњ сыртќы саяси және
халыќарылыќ ќатынастарына ќалам тербей отырып, баспасөздерде жарыќ көрген
материалдар бойынша жарияланѓан деректер негізінде дәйектеліп, түйінделеді.
Жұмыс жалпы алѓанда кіріспе, бірінші, екінші тараулар және қорытынды
бөлімдерінен ќұрылып, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі және
көрнекілік ретінде ќосымшада берілген әдістемелік зерттеулердің арнайы
сызба-нұсқалары көрсетілген.

І тарау

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі

"Біз өз елімізді халықаралық
ќоѓамдастыќтыњ толыќ ќұќылы және
жауапты мүшесі ретінде ќарастырамыз,
ал мұныњ өзі біздіњ аса мањызды
басымдыќтарымыздыњ бірі..."

ЌР Президенті Н.Ә.Назарбаев
(Ќазаќстан халќына Жолдауынан)

1990 жылы 25 қазанда егемендігін, 1991 жылы 16 желтоқсанда
тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан халықаралық дүниенің кең аренасына
шықты. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге
ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы
Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы,
Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден,
шет елдерімен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар
олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы
өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін
сақтау, дүниежүзілік соғысты болдырмау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Қазақстанның сыртқы саясатының басты ұстанымы мынадай:
1. Ұлттық мүдделерді қорғау;
2. Экономикалық түбірлі өзгерістерді жалғастыру және демократиялық
институттарды нығайтуды қамтамасыз ету,
3. Барлық елмен тең құқықты және әріптестік қатынастарды дамыту;
4. Ғаламдық және аймақтық интеграциялық үрдістерге белсенді қатысу.[2]
Қазақстан міне, осындай өлшемдерге жауап береді.
Әрине, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстан көптеген игі
шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние
жүзінің 180 нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130
дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың
бірі болып Түркия, АҚШ, Фрнация және т.б мемлекеттер мойындады.[3]
Қазірде Қазақстан шет елдерде 50 ден астам дипломатиялық және
консульдық өкілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан астам шетелдік
елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі
жұмыс істейді.
Осындай мемлекетаралық қатынастардың жаңа жүйесін қалыптастыруда
халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен нормаларынан айнымау бүкіл
дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделеріне сәйкес келеді. Қазіргідей
мемлекетердің өзара тәуелділігі, аймақтық ынтымақтастықтың дамуы,
халықаралық қатынастар жүйесінің демократиялануы заманында басқаша жол жоқ.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев: Қазақстан дүние тәрбиесінің
негізіне өзара тәуелсіздік және халықаралық қауымдастық мүшелерінің
егеменді теңдігі принципі алынуы қажет,- деп мәлімдеді.[4] Еліміздің
ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету үшін, оның дербес күш орталығы және мықты
аймақтық державаға айналуы қажет. Жетекші держевалар Қазақстаннның Орталық
Азиядағы тұрақтандырушы рөлін, әлеуеттік, сондай-ақ саяси, экономикалық
реформалар жүргізудегі айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін жоғары
бағалайды.
Орталық Азия елдері үшін мықты, экономикалық өміршең және саяси егемен
мемлекет құру міндетті күн тәртібінде тұрған мәселе. Еліміздің сыртқы істер
министрі Қ.К.Тоқаев Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының қызметкерлері
алдында сөйлеген сөзінде:
Біздің еліміздің тәжрибесі шын мәніндегі егемендікке қол жеткізу
қатпары көп, сан қилы қиындықтардан өту арқылы мүмкін болатынын
дәлелдеді.Тәуелсіздік пен егемендік үшін күн сайын тіптен сағат сайын
күресу керек. Бұл жерде күрес сан салалы және жан -жақты мағынада айтылып
отыр. Яғни бұл сыртқы саясаттағы мөлшеріміз, экономикалық реформа, ішкі
тұрақтылықты сақтау[5] , - деп атап көрсетті.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін, ең алдымен, аймақтық ынтымақтастық пен
әріптестікті жан – жақты қолдаудың және екіншіден, аймақта ұзақ мерзімді
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Батыс және Шығыс елдерімен ынтымақтастықты
дамытудың маңызы зор. Интеграция аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты
қолдаудың негізгі құралы болуы шарт. Өміршең аймақтық интеграиялық
бірлестіктің тірегі өзара теңдік пен өзара тиімділікке негізделген
экономикалық ынтымақтастық екендігі бүгінде аксиомаға айналды. Қазақстанның
Орталық Азиядағы саяси – экономикалық қана емес, мәдени тартылыс орталығы
болуы үшін шаралар қабылдаудың маңызы зор. Мұның өзі Қазақстанның басқа
елдерге кең танылуына және оның тәуелсіздігіне жол ашты оның үстіне
демократиялық және зиялы мемлекет ретінде ол барлық мемлекеттермен тең әрі
өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік алды. Бұл жерде Қазақстан
Республикасының сыртқы саяси бағдары сан қырлы Қазақстан дипломатиясына,
ұлттық мемлекеттік дербестікті қалыптастыруға аса үлкен көңіл бөліп отырған
Қазақстан Республикасының Президентінің жемісті еңбегін атап өту керек.
Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Бутрос Галидың:
Н.Назарбаевтың сыртқы саяси қызметі қазіргі заманғы халықаралық
қатынастардың елеулі бөлігін құрайды, деуі кездейсоқ емес.
Қазақстан республикасының сыртқы саясатын және оның халықаралық
қатынастар жүйесіндегі орынын зерделеу – бүгінгі қоғамдық ғылымдағы
зерттеудің күрделі обьектісі болып отырғандығын айтқан жөн. Бұл тың мәселе
ғылыми әдебиетте әлі жан – жақты зерттеліп, қажетті түрде жүйелі
қорытындыланған жоқ. [6]
Сыртқы саяси қызмет тұтқиылдан өзгертуге келмейтін, бөліп – жаруға
болмайтын, құбылмалылықты қабылдамайтын, үздіксіз процесс. Бұл маңызды
саладағы еліміздің ілкімді іс-қимылдары мен ауқымды күш-жігері мемлекет
басшысы алға қойған міндеттер мен мақсаттарға жету жұмылдырылды. Республика
азаматтары Қазақстанның өзге елдермен терезесі тең, дүниежүзілік
қауымдастықтың дербес мүшесі екендігіне мезгіл өткен сайын көз жеткізіп,
шетелдерге барғанда, қай ұлттың өкілі екеніне қарамастан өздерін қазақпыз
деп айтатын болған. Яғни, ел тұрғындары өздерінің мемлекетке тікелей
қатыстылығын сезіну сатысына көтерілді. әлбетте, тұрмыс деңгейіне,
әлеуметтік жағдайына және де өзге де себептерге байланысты жұртшылықтың
жалпы көңіл-күйінде әр алуан болуы мүмкін. Ел экономикасының ілгерілеуі,
соның нәтижесінде халықтың әл-ауқатының жақсаруы, келешекке деген сенімнің
артуы, демек мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына көпшіліктің қолдау
білдіруі бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Елбасының 2004 жылғы
жолдауындағы Бәсекеге қабілетті халық идеясының да мәні дәл осы тұрғыда
айқындала түседі.
Бүгінде Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес
мемлекеттермен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым - қатынастар
орнатты. Тәубә деуге болады, ешбір елмен саяси немесе экономикалық
жанжалдарға жол берілген жоқ. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі - көп
бағыттылыққа сын көзбен қарайтындардың бар екені рас. Алайда, көпвекторлық
жол – бұл біреулердің ойлап тапқаны немесе жоғарыдан түсірілген бұйрық –
нұсқау емес. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің
өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Ресей, Қытай және Орталық Азия
елдерімен көршілес отырып, жалпы ұзындығы 14 000 шақырымға жететін сыртқы
шекарасы бар Қазақстан үшін Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен
тұрақтылықты сақтап, өңірдің орнықты дамуын қамтамасыз ететіндей
қауіпсіздік жүйесін құру бәрінен де маңызды.
Мемлекеттің сыртқы саясатының табыстылығы көп ретте оның ұлттық
мүдделерінің, сондай – ақ оларды жүзеге асыру жолдары мен құралдарының
қаншалықты дәл анықталуына байланысты. Нақты анықталған және дұрыс
түсінілген ұлттық мүдделер мемлекеттің өз сыртқы саясатын табысты жүзеге
асыруының бірден-бір кепілі болып табылады. Саяси реализм бағытының негізін
қалаушы Г.Мрогентудың теориясына сай, біріншіден, мемлекеттің әскери және
экономикалық қуаты, екіншіден, оның барынша қауіпсіз болуы мен гүлденуінің
кепілі, үшіншіден, өзінің идеологиялық ұстанымдары мен рухани құндылықтарын
тарату мүмкіндіктерінен құралады[7], - деп жазды. өзінің Ұлттар
арасындағы саясат атты кітабында.
Тәуелсіз елдің әлемдік істерге бару бағытындағы жалпы философиясы
республика прагматизм сипттарын иемденетінін көрсетуде. Қазақстанның
әлемдік сахнадағы өмірлік мүдделерге оның беделі мен көзқарасы көп жағдайда
таяу шетел мемлекеттерінің әрқайсысымен толық ауқымды қатынастарды одан әрі
дамытуға тығыз байланысты деп ойлаймыз. Сондықтан да әскери саяси,
экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты, дағдарыстар мен
қақтығыстарды реттеу мен жеңудің тетіктерін әзірлеуді қамтамасыз ететін
тиімді ұйым ретінде достастықтың қалыптасуына бағытталған біздің бағытымыз
барынаша нәтижелі болуы тиіс. Қазір ТМД үшін ең бастысы – қол жеткен
келісімдерге нақты мазмұн беру.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев : Халықаралық
байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді,
атап айтқанда, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның
қауіпсіздігімен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық
жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды [8], -
деп атап көрсетті. Бұл аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін
дүниежүзі мемлекеті басшыларымен, жетекші экономикалық алыптармен,
халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізілді.
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін анықтау
үшін еліміздің географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы мен
мүмкіндігі ерекше маңызды болып отыр. Ең бастысы – Қазақстанның Европа мен
Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында орналасқан географиялық
жағдайынан туындайды. Таяу көршілер – Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық
Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік орталықтар
болып табылады.
Қазақстанның дүниежүзілік теңіз сауда арналарына жырақ жатқанына
қарамастан, біздің транзит әлеуетімізді пайдаланушы салалар болашақ
дамуымызға зор көмегін беретіндігі анықталып отыр. Оған дәлел Оңтүстік
Шығыс Азия, Қытай, Үндістан мен Ежелгі Құрлық елдерінің дүниежүзілік сауда
алмасу барысында көлік шығындарын төмендету қажеттілінен туындап
отырғандығында.
Қазақстан өзінің географиялық жағдайын ескере отырып, халықаралық
аренада көп векторлық, яғни көп қырлы бағдар ұсынды. Оның мәнісі – таяу
және алыс елдердің бәрімен өзара тиімді ынтмақтастықты дамыту болып
табылады. Бұл бағытта стратегиялық міндет - еліміздің тәуелсіздігі, оның
аумақтық тұтастығымен шекарасының бұзылмайтындығы орындалды.
Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына сәйкес және қауіпсіздікті сақтау
бағытында ынтымақтастықы ұлғайту ерекше маңыз беріп отыр. Еліміздің
геоэкономикалық жағдайына талдау жасағанда дүниежүзілік қоғамдастықтың
еліміздегі ХХІ ғасырдағы негізгі энергия көздерін берушілердің бірі деп
білуі есепке алынады, біздің мемлекетіміз мұнайдың, газдың, көмір мен уран
кендерінің дүниежүзілік қорларын иеленушілер ішінде алдыңғылардың бірі
екендігі белгілі.
Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін шетел инвестициялары керек. 1997
жылдың бас кезінде елімізде инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет
құрылды. Ол Қазақстан экономикасының бірінші кезектегі басым салаларына өз
капиталдарын салғысы келетін шетелдік инвесторларға едәуір жеңілдіктер мен
артықшылықтар беруді көздейді. Жан басына шаққанда шетелдік тікелей
инвестицияларды тарту деңгейі жағынан Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа,
ТМД елдерінің алғашқы бестігіне кіреді. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап
1997 – жылдың маусым айына дейін Қазақстан экономикасына шет мемлекеттер
604 миллиард доллар мөлшерінде инвестиция, ал оның 3,2 миллиард доллары
тікелей инвестиция болды. 1997 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша
Қазақстанда 2500 шетел компаниялары жұмыс істейді.
Қазақстанның ТМД елдері арасында алатын орны да ерекше. 1997 – жылы
көктемде ТМД елдері экономикалық Интеграциялық Ынтмақтастық Тұжырымдамасын
қабылдады. Ал қазан айында Бішкекте ТМД елдері үкіметтері басшыларының
кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Мұнда экономикалық құжаттардан басқа, ТМД
елдерінің қорғаныс қабілетін арттырудағы ынтымақтастықты олардың әуе
шабуылына қарсы қорғаныс корпорациясының пәрменділігін арттыру, ортақ
шекара қауіпсіздігін күшейту мәселелері бар. Коллективтік қауіпсіздік
туралы келісімге ТМД - ның тоғыз мемлекеті қол қойды. Оған : Украина,
Молдава, Түркменстан, қатыспайды. Қазан айында Кишиневта ТМД елдері
мемлекет басшыларының кеңесі өтті. Ал бір саясатшылардың пікірінше елдің
саясаты, экономикаға тікелей бағынышты деген пікірлер айтылуда.
Осы пікірге Гүлнәр Мұқанова былай дейді: Әрбір дамыған мемлекет
қандай да бір елге инвестиция тартпас бұрын – обьектінің экономикалық
мүмкіндіктерін жан – жағынан талдап, саралап алады. Бұл экономикалық
аксиома. Дамыған мемелекет деп акцент қоюымыздың себебі, біздің елдің
негізгі инвесторлары – осы дамудың жоғарғы деңгейіндегі мемлекеттер.
Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктеріне ешкім шәк келтірмес, алайда, бұл
арада елдің сыртқы саяси имиджінің атқарар функциясы зор. Яғни, саясат
экономикаға бағынышты кезең туды дегенімізбен, мемлекеттің сыртқы саяси
бейнесіне көп нәрсеге байланысты. Біз елшіліктердің мәдени тағы да басқа
тұрғыдан өзге елдермен дұрыс қатынас түзетіндігіне дауымыз жоқ. Алайда
бізді қызықтырғаны ол елшіліктердің экономикалық байланыстарды нығайту
жолындағы жұмысы. Қазіргі жағдайға қарап, экономикалық мүмкіндігіміз шаршап
кетті ме, жоқ әлде дипломатиямыз елдің сыртқы саяси бейнесін толық аша
алмай жүр ме деген ойға келеміз. Өйткені инвесторлар қатары өзгерген жоқ
яғни, олардың санына жаңадан қосылған мемлекеттерді байқай алмай отырмыз.
Мейлі, ТМД кеңістігінде инвестиция ең көп бөлінген екі ел болса, соның бірі
Қазақстан деп көңіл демдеуге болар еді. Алайда елдің сыртқы саясатына
жауапты өкілдіктер Қазақстанның өзге елдермен тауар айналымын реттеуде
құлықсыздық танытып отыр. Яғни, біз елшіліктердің қайраткерлігін өздері
орналасқан мемлекеттер мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы тұрғысынан
қарастырғанды жөн көрдік. [9]
Мұның бәрі біздің мемлекетіміздің алдында тұрған сыртқы экономикалық
міндеттерді шешуге көбірек тартылу сипатына ие болып отырған Қазақстан
дипломатиясымен тығыз үйлесіп жатыр. Мұның қажеттігіне 2005 жылдың ақпан
айында Алматыда елшілердің қатысуымен өткен, дипломатиялық қызмет жұмысының
қорытындылары жасалған және жаңа міндеттер анықталған сыртқы саясат
мәселелері жөніндегі кеңесте Елбасының сөйлеген сөзінде назар аударылды.
Шындығында, мұндай міндет барлық мемлекеттердің сыртқы саясат
ведмостваларының алдында барлық уақытта қойылған болатын. Бірақ бүгінгі
таңда, қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен ғаламдық идеологиялық қарама -
қарсы тұрудың жоғалған кезінде, әлемдік қоғамдастықтың бірлескен күш -
жігерлерімен ірі ауқымды әскери жанжалдар қауіпі төмендеген кезде,
экономикалық мәселелер халықаралық қатынастарда алдыңғы қатарға шықты.
Жалпылай алғанда, республика алдында тұрған сыртқы экоомикалық
міндеттер мыналар:
Біріншіден, Қазақстан өнімін өткізу үшін рынок іздеу. Біздің
экономикамыздың шикізаттық сипатының басымдығын ескере отырып, бізге
мұнайды экспортқа шығарудың тиімді жолдары қажет. Бұл мәселеде біз өзара
тиімді шарттарды өзінің көмегін көрсетуге дайын елдердің бәрімен ортақтасып
іс-қимыл жасауды көздеп отырмыз. Қазақстан, Ресей және Оманның қатысуымен
Каспий құбыр жүргізу концерні құрылды. Бұл жобаға сондай – ақ Шеврон да
қатысуда. Бірақ біз мұнайды басқа жаңа жолдармен тасымалдаудың, атап
айтқанда, Иран мен Түркия арқылы мүмкіндіктерін де жоққа шығармаймыз. Ал
экономикалық проблемалар мен тығыз байланыста. Өйткені жүздеген
километрлерге созылған мұнай және газ құбырларының құрылысы Батыс
инвесторлары тарапынан, олар аумақтарынан құбырлар өтетін мемлекеттердің
тұрақтылығына толық сенімді болған жағдайда ғана баратын, ірі
инвестицияларды талап етеді.
Екіншіден, Қазақстанға кредиттер мен инвестициялар ауадай қажет. Бұл
мәселе бойынша біз халықаралық қаржы ұйымдарымен (Дүниежүзілік банк. Қайта
құру мен дамудың Еуоропалық банкі және т.б) сондай – ақ ГФР және АҚШ сияқты
әзір кредиторлармен де ынтымақтастық жасайын деп отырмыз. Біз үшін Таяу
Шығыс араб әлемінің мысалы Сауд Арабиясы сияқты елдері, сондай –ақ Қиыр
Шығыс, мысалы, Жапонияның да маңызы аз болып отырған жоқ.
Үшіншіден, біз үшін кеңістік заманнан кейінгі кеңістіктегі
көршілеріміз – Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, ТМД-ның басқа
мемлекеттерімен арадағы үзілген экономикалық байланыстарды қалпына
келтірудің маңызы зор болып отыр. Біздің еліміздің экономикалық жүйелерінің
бірыңғай шаруашылықтың бір бөліктері болғанының арқасында олардың
арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мейлінше үйлесімді және табиғи
түрде жүзеге асырыла бастады.
Төртіншіден, Еуропа мен Азияның бұрынғы социалистік елдерінің нарықтық
экономиканы құрудағы тәжірибесінде біз ескермей қоймаймыз.
Біз өткір экономикалық бәсеке мен әлемдегі жай болмай тұрған
экономикалық жағдай кезінде өзіміздің назарымызда тұтасымен біз елмен
немесе бір аймақпен байланыстарға ғана шоғырландырып қою ең болмағанда
көрегендікке жатпайды деп санаймыз. Осының өзі, атап айтқанда, біздің
сыртқы саясатымыздың болғанын, бар екенін түсіндіреді және ол жеткілікті
түрде, еуро немесе азия бағытына бұрылмаған алуан түрлі болады.
Біз Ресей мен Беларусьтің кедендік одағына, Қарашығанақ кен шығару
жөніндегі келісімдерге зор маңыз береміз. Бірақ Иран, Пәкістан, Түркия және
ТМД-ның бірқатар елдері кіретін экономикалық ынтымақтастық ұйымнының
шеңберіндегі ынтымақтастыққа да аз көңіл бөліп отырған жоқпыз.
Ал осы экономикалық проблемаларды шешу үшін Сыртқы істер
министрлігінің дипломаттардың ең белсенді қатысуы талап етіліп отырғандығын
атап өткім келеді. Жоғарыда айтылғандай, идеологиялық қарама-қарсы тұру
қазіргі идеологиялық себептермен пайда болып отыратын, өздерінің
өткірлігімен қалыспайтын жанжалдар мен жағдайларға әкелетін экономикалық
бәсекелестікке ауысты. Бұған мысал іздеп алысқа барудың қажеті жоқ – Каспий
мұнайының проблемаларын, оны өндірумен тасымалдау жолдарын талқылау барлық
тараптардың дипломаттарының қатысуынсыз болмайды. Мұнымен бірге әртүрлі
салалардың өкілдерінің шаруа адамдарының, кәсіпкерлердің, мамандардың,
ғалымдардың және т.б пәрменді күш-жігерлері өте маңызды. Сондықтан да ақпан
кеңесіндегі және одан кейінгі өткізілген біздің министрлік алқасының
кеңейтілген мәжілісінде,: Сыртқы істер министрлігінің және басқа да
министрліктер мен ведмостваларының экономика саласындағы республика алдында
тұрған міндеттерді шешу жөніндегі күш жігерін үйлестіруді жолға қоюда қадам
жасалды. Біздің елшіліктеріміздің жұмысына талдау жасалынды, елшілер
министрліктерден шетел өкілдіктерінің жұмысы жөнінде айтылған тілектер мен
ескертулерді тікелей тыңдау мүмкіндігіне ие болды, олардың ең бастылары
біздің елшіліктеріміздің сыртқы экономикалық проблемаларға көбірек назар
аударуына келіп тоғысты[10],– дейді, Қазақстан республикасының сыртқы
істер министрі Қасымжомарт Тоқаев.
Қазақстанның сыртқы саясаты тұтас алғандағы мемлекеттік құрылыстың
ажыратылмас бөлігі болып табылады, ол біздің қоғамымыздың қауіпсізді мен
тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қоғам мен басқарып отырған
элитаны нығайтыдың тексеруден өткен, бірақ содан да болса күдкті әдісі бар
– елді сыртқы қауіптің алдында (көбінесе ойдан шығарылған) алдында үреймен
ширықтырып ұстау. Біз ең басынан – ақ мұндай жолдан бас тарттық Қазақстан
Президентінің сыртқы саяси күш жігері әрқашан да үлкен және кіші, жақын
және алыс мемлекеттермен қатынастарды орнатуға бағытталған. Мұның негізі
біздің қоғамымыздың тұрақтылығына Қытайлық, Ресейлік, Американдық
немесе басқа қауіптің бар екендігі туралы қолдан жасалған ертегі қажет емес
деген сенім болып табылады, ол біздің полиэтникалық, бірақ біртұтас
Қазақстан халқының азат, демократиялық, бейбітсүйгіш мемлекетті құруға
деген ұмтылысымен сабақтасып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті осыны зерделеп, ой елегінен
өткізгеннен кейін ғана Ортаазиялық Одақ құру деген идея ұсынып отыр.
Президенттің жауапкершілігі зор осы идеясын державалық амбиция деп
қабылдаушылар да кездеседі. Ал, Президенттің бұл бастамасы тарихи
қажеттіліктен туындаған ой еді. Қаласақ та, қаламасақ та қазір Орталық
Азияда алып мемлекеттердің саяси мүддерлері тоғыса бастады. Негізгі себеп –
отын энрегетикалық кадрдың тапшылығы болып отыр. Әрине, оның астарында
саяси мүдде де бар. Сондықтан бізге Орталық Азияда біртұтас түркі жұртының
тұжырымдамасын орнықтыру қажеттігі туындауда. Бұл ең басты мәселе.
Қазақстанның Орта Азияда көшбасшы болу мүмкіндігі мол. Жалпы, көшбасшы
болу үшін ең алдымен оның негізгі өлшемдері болуы керек. Енді осыған
қатысты аймақта орналасқан елдердің саяси, экономикалық жағдайын жеке-жеке
қарастырған жөн.
Біріншіден, Қазақстанның қазіргі саяси бағыты державалық талапқа жауап
береді. Еліміздің Еуразия кіндігінде орналасуы да алып құрлықтың едәуір
бөлігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін стартегиялық маңызға
ие.
Қазақстан да өмірлік маңызы бар минералдық шикізат қорының молдығы
оның халықаралық қауымдастықтағы ықпалды елдермен тең дәрежеде саяси мәміле
жасауға мүмкіндік береді. Шикізат көзі Қазақстанның экономикалық қайта
өрлеуінің негізгі тұтқасы болумен қатар, оны бейбітшілікті сақтау құралы
ретінде де пайдалануға мүмкіндік мол.
Еліміз стратегиялық маңызы бар транзиттік мүмкіндікке ие – Шығыс пен
Батыс арасындағы коммуникациялық қақпаның кілті Қазақстанның қолында тұр.

Екіншіден, технология, білім, ғылым саласында алда. Ақыл-ой байлығы
одан әрі даму үстінде – инфляция, экспорт, импорт алмастыру саясаты,
инвестиция тарту, алтын қоры жағынан ТМД бойынша алда. Әлемдік
шаруашылықтағы басты үрдіс – интеграцияны жүргізудің де озық үлгілері бар.
Аймақта орналасқан елдерге қарағанда жалпы ішкі өнімнің көлемінен баста
шаққанда 2700 доллорға жетті.
Қаржы нарығы толығымен саны өзгеріске түскен. Бұл саладағы барлық
қимыл-әрекет халықаралық қалыпқа сәйкестендірілген. Бұл Қазақстанның
Орталық Азия елдері арасындағы қаржы мәселесін шешетін мемлекет екенінің
дәлелі.
Үшіншіден, Қазақстан әскери-саяси дипломатиялық істерді зор
басымдықтарға қол жеткізіп отыр әскери күш-қуаты жетілдірілген. Құрылымы
жағынан он төрт округке бөлініп, қорғанушы бағытты көздейді. Аймақ елдері
арасында жеке дара әскери-теңіз флотына ие.
Әлемде 97 халықаралық ұйым бар болса, Қазақстанның соның 64-не
мүше.Әлемнің 130-дан астам мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас
орнатқан. Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары бүкіл әлемге кеңінен
танымал. Сондай-ақ Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы 2 наурызда
мүше болып, соның ауқымында да белсенді қызмет жүргізіп отыр. Тәуелсіздік
жылдары негізінен Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен құқықтық
шарт базасы қалыптасты және ол ұдайы жетілдіріліп келеді. Бұған мемлекет
аралық және үкімет аралық деңгейде 1300-ден астам халықаралық шарт
жасалғаны айқын айғақ бола алады.[11]
Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев 2005 жылғы 15 наурызда
Қазақстан Президентінің Республика халқына арнаған жолдауының негізгі
идеяларымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі комиссиясының
сессиясында әлемнің 150-ден астам елінен, халықаралық ұйымдар мен
мемлекеттік емес ұйымдардан келген делегаттарға таныстырды. Қазақстан
Республикасының министрі дамыған саяси институттары бар, адам құқығын бар
жағынан қорғаудан қамтамасыз ететін нағыз азаматтық қоғам құруға
бағытталған реформалардың өзгермейтіндігін алға тартты. Адам құқығы әсіресе
сөз бостандығына байланысты мәселелер Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен
бастап, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тәрізді беделді
Халықаралық ұйымының мүше мемлекеттерге қоятын басты талаптарының бірі
екені белгілі. Қазақстан 2009 жылы аталған ұйымға төрағалық ету жөнінде ТМД
елдерінің арасынан бірінші болып өтініш берген. Венада ЕҚЫҰ тұрақты
кеңесінің отырысында төрағалыққа үміткер мемлекет басшысының халыққа
жолдауының негізгі қағидаларының талқыға салынуы заңды құбылыстар
қабылданды. Өйткені, бұл құжатта Қазақстан мен Еуропалық ұйым арасындағы
ынтымақтастық елдің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екендігі
тайға таңба басқандай айқындалған.
Жолдауымен танысқан АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасында сөйлеген
сөзінде танымал конгрессмен Э.Тауш Қазақстан басшысының жолдауымен биік
бағалай келіп, оның негізгі қағидаларынан үзінді жасап 17 наурыздағы
отырыста Конгрестің Ресми Пратоколына енгізді. Әлемдегі қазіргі жағдай
Америка Құрама Штаттарына біздің принциптеріміз бен құндылықтарымызды
іздеуімізге және теңдеуімізге итермелейді. Осындай елдің бірі-Қазақстан
Республикасы Тоталитарлық режимде өмір сүрген бұл елдің қысқа мерзім ішінде
үлкен табыстарға жетуі таң қалдырады. АҚШ пен Қазақстанның табысты
ынтымақтастығы сындарлы маңызды өңірдегі байыптылықтың түпқазығы және екі
елдің сондай-ақ әлемнің мүдделеріне сай келеді[12], - дейді.
Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық және консульдық өкілдерінің
қарекет қимылы жедел ұлғайып барады. Оларды Президенттің таңдап тауып
тағайындаған адамдары ойдағыдай басқарып келеді. Елбасымыздың серіктері
мен пікірлестерінің көпшілігі Қазақстанның айдай әлем алдында қандай
беделге ие болғанының куәсі болып отыр. Президенттің әуе пырағы небір жаңа
мемлекеттермен құрлықтарды шарлап, қазақ басшысының беделі көтеріліп, ол
әлемнің жетекші елдерінің серкелерімен терезесі тең жағдайда келіссөз
жүргізді. Елбасымыздың ірі халықаралық жиындарда соның ішінде Біріккен
Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мәртебелі мінберінен сөйлеген, есте
қаларлық сөздері Қазақстанның халықаралық аренадағы дербестігі мен батыл
бағдары жөнінде айдай әлемді ойлануға мәжбүр етті. Бүгінде ол
конституциялық тұрғыдан бекітілген құқықтарын пайдалана отырып,
тәуелсіздіктің сыртқы саясатының шынайы сәулеткері болды десем, әсте де
артық айтқандық емес.
Мәселен, Қазақстан ядролық қару таратпайтын және оны ұстамайтын
мемлекетке айналды. Ресей, Қытай, Кіндік Азия, Америка, Еуропа және басқа
бағыттардағы қауіпсіздікті тану, көпшілікпен достықты қамтамасыз ету
жөніндегі серпінді қимылдың төрт көзі түгел. Еуропа мен Азия және басқа
құрлықтардың көптеген елдермен ғана емес, олардың аймақтық ұйымдармен де
атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен,
экономикалық ынтымақтастық және Ислам конференциясы ұйымдарымен, тағы
басқалармен белсенді саяси уағдаластықтар жолға қойылды. Қазақстанның
ғаламдық және аймақтық экономикалық үрдістерге кірігуі үшін қажетті
алғышарттардың іргетасы қаланды. [13]
Қазақстан үшін сыртқы саясаттың Еуропалық арнасының мәні барған сайын
артып барады. Мұның өзі Батыс Еуропадағы интеграцияның жоғары деңгейімен,
Еуроодақтың саяси және экономикалық тартымды орталықтың бірі ретінде
Қазақстан Республикасының ең ірі сауда – экономикалық серіктесі болуынан
туындап отыр. Еуропа саясатының Қазақстанға қатысты негізгі құрамдас үш
бөлегі – энергоресурс, геосаясат, көршіліктің сапалық өзгерістері
жағдайында Еуропа жайсаңдары Еуроазия кеңістігіндегі аймақтық үрдістерде
біздің елдің рөлі барған сайын өсіп келе жатқанын бір ауыздан атап өтуге
болады.
Қазақстан үшін маңызды пролемаларды айқындау және оларды бірлесіп
шешу жолдарын іздестіру мақсатында Еуропалық Қауісіздік Ынтымақтастық
Ұйымының институттарымен, оған мүше мемлекеттермен байланысты жалғастырудың
маңыздылығы туралы пікір ұстанады. Осы проблемалардың ішінде Орталық Азия
елдеріндегі өтпелі кезеңді әлемдік қоғамдастықтың тарапынан қолдауды
қамтамасыз ету, трансшекаралық суларды және энергоресурстарды бірлесіп
басқару, көліктік инфрақұрылым мен сауда байланыстарын дамыту сияқты
проблемаларды бөліп көрсету қажет. Бір жағынан бұл аймақ Орталық азия
елдерінің ЕҚЫҰ – ға интеграциялануын жеделдетуге жәрдемдеседі. [14]
Түстіктегі көршілеріміз келетін болсақ, олармен қарым
-қатынастарымыздың артықшылығын ешқайсы да жоққа шығармайды. Қазақстанның
Кіндік Азиядағы сыртқы саясаты екі жақты және көп жақты болып ойдағыдай
өрістеп келеді. Кіндік Азия экономикалық қауымдастығы жыл асқан сайын
нығайып келеді. Оның шеңберінде, қажетті құқықтық шарт негізі жасалып,
шаруашылық жүргізетін тұлғалардың ұжымдасуы үшін пәрменді тетік жолға
қойылды. Аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау жүйесін жасау,
терроризмге ұялы қылмысқа, қарудың контрабандасына және есірткілердің
заңсыз айналымына қарсы күрес нақты шаралар қолданылып келеді. Қазақстан
аймақтың туысқан республикаларымен тұрақты экономикалық және мәдени
байланыстарды жолға қойып, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен мәңгі достық
жөнінде шартқа қол қойды. Қорыта айтқанда, Қазақстан республикасы
шекарасының барлық ендігінде қауіпсіздіктің сенімді белдеуі жасалды деп
айтуға болады.
Президент Н.Назарбаевтың бірыңғай экономикалық кеңістік және
қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың тетігін жасауға бағытталған тәуелсіз
мемлекеттердің достастығы мен кеден одағы шеңберінде Еуроазия одағын құру
жөніндегі идеясы дәйекті жүзеге асырылып, келеді. Азиядағы өзара іс - қимыл
мен сенім-шаралары жөнінде кеңес шақыру бастамасының өзі Азия құрлығындағы
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өмірлік қажетінен туып отыр.

Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды.
Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 жылы төртінші мемлекет
Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес
Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер министрлер
кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. 1994 жылғы
шілдеде қаржы қоры оған қатысушы елдердің жарналарынан құрылған Орталық
Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойылды.
Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі
жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті
халықаралық күрделі мәселелерді және республикалардың экономикалық
интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттарға қол қойылды. Солардың
ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005
жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясының қабылдануы еді. [15]
ОАЭҚ мемлекет басшыларының 2000 жылғы сәуір және маусым айларындағы
Ташкент және Душанбе кездесулері олардың интеграцияға ұмтылысын тағы да
растап берді. 2001 жылғы қаңтар айында Орталық Азия экономикалық
қауымдастығына мүше елдер басшыларының Алматыда өткен кездесуінде
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан республикалары бірігіп,
Орталық Азияны еркін сауда аймағына айналдыруды көздейтіні туралы әңгіме
болды. Оған қоса кедендік, төлемдік және, волюталық одақ құру мәселесі де
қаралды. Сөйтіп,түпкі мақсат тауар, қызмет көрсету, капитал рыногының
ортақтығына қол жеткізу болып отырғаны атап көрсетілді. Ал 2002 жылдың
ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген
құжат негізінде Орталық Азия ынтымақтастығы болып қайта құрылды. Оған
қатысушы мемлекет басшыларының кезекті төртінші саммиті 2002 жылы желтоқсан
айында Қазақстан Республикасының орталығы Астанада болып өтті. Саммиттің
күн тәртібінде қаралған мәселелер : 2002 жылы 5-6 қазанында Душанбеде өткен
кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асыру: аймақтағы
қауіпсіздік проблемалары мен экономикалық ынтымақтастық және халықаралық
саясаттың көкейкесті мәселелерінде Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымына
мүше елдердің өзара ықпалдастығы т.б
Саммитті ашқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ОАЫ аясындағы
жүргізіліп жатқан жұмыстар барысына егжей – тегжейлі талдау жасай келіп:
Аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығын тұтастай алғанда оң бағалады. Ол,
сондай-ақ тараптардың түрлі салаларда өзара тығыз әріптестік бағытын
ұстанып отырғаны жаңа қателерге күш біріктіріп қарсы тұруға мүмкіндік
беретінін атап өтті. ОАЫ мемлекет басшылар Халықаралық Аралды құтқару
қорының аясында өзара ықпалдастықты дамытудың және оның қызметін жандандыру
жөнінде қосымша шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап көрсетті. Мемлекет
басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік Ауғанстандағы
жағдаймен тығыз байланыста екенін тағы да атап өтті. Сондай – ақ ОАЫ
аумағында біртұтас кеңістік құрудың маңызы зор екендігі айтылды. [16]
Бұдан басқа саммит мәжілісінде Орталық Азия аймағындағы су
-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, төрт мелекеттің де мүддесі
көздерген коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру және аймақтағы
мемлекеттерді азық-түлікпен қамтамсыз ету жөнінде жан-жақты сөз болды. Ал
2004 жылы 18 қазанда Тәжікстан астанасы – Душанбеде Орталық Азия
Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінің кезекті
отырысы өтті. Онда төрт мәселе қаралды. Біріншісі – Орталық Азия
Ынтымақтастығы ұйымының құрамына Ресей Федерациясын қабылдау, екіншісі –
2004 жылдың мамырында Астанада өткен Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше
мемлекеттер басшыларының қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыру барысы;
үшіншісі – Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше мемлекеттердің Ауғанстанмен
аймақтық қауіпсіздік және ынтмақтастықтың негізгі бағыттары; төртіншісі –
Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті
төрағасы туралы сөз қозғалды.
Аталмыш жиынның бастамашысы ретінде Қазақстан аймақтық және ғаламдық
қауіпсіздікті сақтап, нығайтуға елеулі үлес қосты. Бүгінде бұл бір маңызды
жұмыс айқын өрнегін тауып, қазіргі халықаралық өмірдің түсінерліктей
тетігіне айналып отыр. Қазақстанды күллі Азия мемлекеттері сондай – ақ
беделді халықаралық институтардың тұтас бір тобы, ең алдымен Біріккен
Ұлттар Ұйымы қолдады.
Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатарындағы жаңа мүшесі
ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық
проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанымын ядролық қарусыздану
жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы
Семей ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы
шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы қазақстанға үлкен бедел сыйлады және
БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік
саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моралдық құқық берді.
1992 жылы күзде өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47 сессиясын тәуелсіз
мемлекет өкілі ретінде Қазақстандық делегация қатысқан алғашқы форум
болатын. Осы сессияда Президент Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық
саясаты туралы сөз сөйледі.
Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін
назарға ала отырып, Н.Назарбаев былай деп мәлімдеді: Болып жатқан Бас
Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн
тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл
орайда мен ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға
бағытталған саяси, әлеуметік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей
жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын,
сондай – ақ пайда болуының өзі жан-жақты болжамдық талдауды талап ететін
проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды
орын алды . [17]
Осы форумда Н.Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та
әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздық
сипатын паш етті. Біріншіден, Қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі
ниет білдіру тәртібімен бір плюс бір формуласы бойынша БҰҰ-ның
бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула
төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір
пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғыбір пайызға ұлғайтады.
Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік сомасы есе өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім
білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия
құрлығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған
осы ұсыныс біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал
етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және
шынайы көзқарасы БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі өткір мәселелер
бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің
еліміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам
конференциясы ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ – мен
ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың
тең авторы болып табылады.
БҰҰ – дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы
қарайтын мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін
ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда, экономика, экология,
әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын
сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес
саласында БҰҰ – мен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл бөлінеді.
БҰҰ - халықаралық бейбітшілікті қатамасыз етуде де, сондай – ақ
тұрақты дамуға жәрдемдесуде де жауапкершілік жүктелген бірден бір
халықаралық ұйым. Тұрақты тату тұжырымдамасы 1992 жылы Рио – де Жанейрода
өткізілген БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі конференциясында
әзірленді. Қазақстан үшін осы тұжырымдаманың маңыздылығын ұғына отырып, Қ.Р
Үкіметі Конферениясының қорытынды құжатының – ХХІ ғасырға арналған күн
тәртібінің ұсыныстарын іске асыру жөнінде жоспар жасады. Осы құжатқа
сәйкес әзірленген ұлттық бағдарламаларды, сондай – ақ экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының қабылдауын БҰҰ да
экология мен тұрақты даму саласындағы халықаралық уағдаластыққа біздің
еліміздің басшылығының кешенді және байсалды көзқарасының нәтижесі ретінде
бағалады.
Біздің екінші бір экологиялық жан айқаймыз, - деп мәлімдеді
Н.Назарбаев – бұл біздің халқымыздың еркінен тыс Қазақстан жеріне салынған,
әлемдегі екі полигонның біреуі – Семей ядролық полигоны. Жарты миллионнан
астам адам зардап шеккен, ауадағы, жер үстіндегі және жер астындағы ядролық
заряд жарылыстарының жиынтық құны – Хиросима мен Нагосаки қайғысының
себепшісі болған құрылғылардың қуатынан жүздеген есе асып түседі.
Қазақстанның шешімімен осы ажал көзіне құм құйылды, бірақ осы аймақты
оңалту, зардап шеккендерді емдеу, жаңа туған балаларды сауықтыру үшін
орасан зор қаражат қажет. Осыны негізге алатын болсақ, деп атап көрсеткен
Н.Назарбаев - Қазақстандықтар белсенді халықаралық көмекке зәру.
Қазақстанның халықаралық сахнада бой көрсетуі сәтті өтті деп нық
сеніммен айтуға болады. Біздің мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықтың іс
жүзінде ғаламдық қауіпсіздікті қолдайтын бөлігінің қатарынан лайықты орын
алды.
БҰҰ-ға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген даму бағдарламаларымен
шарттарын қабылдайды. Олар мыналар:
БҰҰ-ның Қоры (ЮНИСЕФ) БҰҰ жүйесінің жетекші ұйымы болып табылады.
Қазақстан бұл ұйымға 1994 жылы ЮНИСЕФ – тің Өкілдігі ашылғаннан кейін
қордың тұрақты бағдарламалары бойынша жұмыс бастады.
Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНИДО) 1997 жылы
мүшесі атанды. ЮНИДО – ға мүшелікке қабылданғанға дейін осы ұйымның аясында
Қазақстанда инвестициялық жобаларды қалыптастырумен және бағалаумен
айналысқан.
Қазақстанның Халықаралық Еңбек ұйымымен (ХЕҰ) ынтымақтастығы 1993 жылы
осы Ұйымға кірген кезінен бастап Қазақстандық заңнаманы халықаралық еңбек
құқығының нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында ХЕҰ іс – шараларына біздің
еліміздің өкілдерінің қатысуы деңгейінде жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан 1994 жылы 14 ақпнан бастап Атом энергиясы жөніндегі
халықаралық агенттіктің 121 ші мүшесі болды, оған біздің еліміз Ядролық
қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Шарттың ережелеріне сәйкес 1994 жылы
26 шілдеде Алматыда ЯҚТШ-ға байланысты кепілдікті қолдану туралы Қазақстан
Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы келісімге қол қойылды.
Сауда және даму жөніндегі (ЮНКТАД) БҰҰ жүйесінің басты ұйымдарының
бірі, ол сауда, қаржы, технология және инвестиция саласындағы
проблемалармен шұғылданады. Қазақстан бірнеше жобалардың шеңберінде ЮНКТАД
– пен бірлесіп жұмыс істейді. Мәселен, Халықаралық сауда жүйесіне тиімді
кірігуде және еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты әзірлік
рәсімдерін жүргізуге жәрдем көрсетуге бағытталған.
1997 жылы Қазақстан БҰҰ – ның азық-түлік және ауыл шарушылығы ұйымына
(ФАО) кірді және осы ұйымның 175 – ші мүшесі болды. ФАО – мен ынтымақтастық
мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: зиянкес жәндіктерге қарсы күрес, ауыл
шаруашылығы жөнінде статистикалық деректерді жинау, ауыл шаруашылғында
ақпараттық-маркетингктік жүйе құру, Семей аймағын оңалту, су ресурстарын
басқару және т.б
Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымымен (ДИМҰ) ынтымақтастық осы
ұйымға 1993 жылы енген кезден бастап жүзеге асырылады, ол мақсат Қазақстан
заңнамасын интеллектуалдық меншік саласындағы халықаралық құқық
нормаларымен сәйкес келтіру. Осы ұйым барысында қоршаған орта проблемаларын
шешу үшін көптеген жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда, олардың
халықаралық, ұлттық және аймақтық сипаты бар. Олардың ішінде Каспий
экологялық бағдарламасы басты рөл ойнайды.
Міне осы сияқты БҰҰ-ның көптеген жобаларына мүше болып, Қазақстан
өзінің әлемдік деңгейін біршама көтерді. Осындай жолмен БҰҰ қызметіне
қатысып келе жатқан жылдар ішінде Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікті
нығайтуға нақты үлес қосып келе жатқан мемлекет ретінде өзінің позициясын
елеулі түрде нығайтты.
Қазақстанның Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымымен (НАТО) өзара қарым-
қатынасы туралы мәселені қараған кезде НАТО-ның ХХІ ғасыр қарсаңындағы
саясаты мен стратегиясына қысқаша тоқталу қажет. Бұл Қазақстанның Солтүстік
Атлантика одағына қатысты саясатын барабар бағалауға мүмкіндік береді.
Алайда осы кезде НАТО-ға жаңа мүшелерді жеделдетіп қабылдау үрдісі де
байқалады. Бұл әсіресе блоктық құрылымдардың шапшаң түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
Экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. Қарулы жанжалдар және халықаралық құқық
Мұнай секторындағы құлшыныс
Геосаясат түсінігі
Халықаралық ұйымдар жайында
Қазақстан Республикасында ұлттық валюта жүйесі
ҚР-ның геосаяси мүдделері
Пәндер