Банктік қызметті ұйымдастыру
Жоспар
Кіріспе
1. Банктік қызметті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1. Банктің мәні және оның қызметтері мен ұйымдастыру
негіздері ... ... ... .
2. Банк
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Банк тәуекелдері және оны
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Банк тәуекелдерін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2. Банк қызметін

... ... ... ... ..
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі
операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау
дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі
банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал
түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етгі, сондықтан
банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің
шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражатгары болмаған
жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарык тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген
операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықган
банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең
төменгі деңгейге дейін жеттізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал
нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз
ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін
түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру
кереқ: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш
ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз.
Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан
тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту
түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту
категориясьн қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл
тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Демек, нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің, басты тәуекелдікгі
және банкротты төмендету арқылы операциялардан түсетін пайданы барынша
жоғарлатудан тұрады. Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан кұралады:
қалай да арзанға сатып алу;
рентабельдік мөлшерлеме бойынша оны және көрсетілген қызметтерді сату;
келесідей жолдармен тәуекелдік зияндарын төмендету:
сенімді клиенттер таңдау және кепілдемелер алу, операцияларды
диверсификациялау және әр түрлі қарыздық капиталдар нарығын игеру.
1. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
Банктің жарғылық қоры қандай кездерден қалыптасқанына қарай банк
туралы заңдарда олар мемлекеттік, жеке, акционерлік, аралас және шетелдік
боп жіктеледі.
Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшелігі мен
артыкшылыгы неде? Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдар
туралы заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бұл заңды тұлға. Онда
құрылтайшының (акционерлік қоғамның қатысушылары құрылтайшылар деп аталады)
меншік кұкығы Ұлттық банктің лицензиясы иегізінде шығарылған акциялармен
айғақталады. Акционерлердің үлесі мен банктің табысы сатып алынған
акциялардың санына тікелей тәуелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып
алынған акцияның сомасымен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе
банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар (претензия) жекелеген акционерлерге
емес, банкке ұсынылады, яғни банктен талап етіледі.
Акциоиерлердің банкті баскару бойынша жауапкершілігі басқарманы
сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатынын мәселелері бойынша дауыс
берумен шектеледі.
Банкті акционерлік емес формада (үлестік жеке форма) ұйымдастыру
қатысушылардың құкығын растайтын қандай да бір формалдық айғақты қажет
етпейді.
Пайшы (үлескер) банк қызметіне қатысты барлық тәуекелдікті өз мойнына
алады әрі оның барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Банкротқа
ұшыраған жағдайда барлық талапхаттар банкке де және өз мүлкіне жауап
беретін әрбір үлескерге ұсынылады.
Екіншіден, акционерлер акцияны баска тұлғаға бере алады. Бұл арада
банк жекелеген акционерлер банкротқа ұшырағанда немесе кұзіреттілігін
жоғалтқанда немесе қоғамнан бөлініп шыққанда да өз жұмысын жалғастыра
береді. Ал, катысушы өзінің үлесін пай формасында басқа қатысушылардың
келісімінсіз бере алмайды. Үшіншіден, акциоиерлік банкте оны басқару
бойынша қызмет нақты бөлінген. Акционерлер басқарманы, басқарма төрағаны,
ал, ол (төраға) басқару аппаратын сайлайды. Басқару аппараты өз кезегінде
мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін аныктайды. Жеке банкте қатысушылар
оны басқаруға тікелей катысады әрі олар администраторлар болып табылады
және басшылықтың тиімділігі олардың жеке сапасына қарай орын алады.
Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың кемшіліктері: акционерлік
банкті құрудың қиындығы (жергілікті үкіметтен рұксат алуды қажет етеді),
икемділігі аз әрі өзгерген жағдайда бейімделу қабілеті төмен болады.
Бұл аталмыш кемшіліктерге карамастан банктерді акционерлік формада
ұйымдастыру - нарықтық экономикада ең тиімді әрі баламалы жол болып
табылады және нарықтық экономикасы дамыған барлық елде банктердің көбісі
акционерлік компамиялар немесе корпорация формасында ұйымдастырылған.
Банк мекемесі және банк қызметін тоқтату
Банк ұйымы біршама күрделі процедураны білдіреді әрі елдің арнайы
заңдарымен реттеледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында
банктерді кұруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын
тіркейтін кітапты жүргізеді.
Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде де рұқсат беріледі.
Рұқсат беру барысында Ұлттық банк орындалатын банк операциялярын
анықтайды.
Банк туралы заңдар мен заң актілерінде банк қызметін бастауды және
тоқтатуды карастыратын тәртіптер реттелмеленген.
Банкті кұруға рұқсат алу ушін мынадай құжаттар қажет:
рұқсат беру жөніндегі өтініш;
экономикалық негіздемесі;
жуық арадағы 2-3 жылға жасалған болжамды да қамтитын іскерлік жоспар;
— құрылтайшылар ұсынған банк басшыларының (төраға мен бас бухгалтер)
кәсіби жарамдылығы туралы мәлімет;
- құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жөніндегі
аудиторлық тұжырым;- жарғылық қордың шотына қаражаттың енгізілгенін
растайтын кұжат.
Оның үстіне, бірлескен немесе шетелдік банктерді, сондай-ак, олардың
еншілес банктерін кұруға рұксат алу үшін мыналар қажет: - заңды тұлғалардың
құрылтайшылары үшін; олардың заңды мәртебесін растайтын жарғы немесе баска
құжат және өткен екі жылдың жарияланған балансы; шетелдік құрылтайшының
бірлескен банкке қатысуы туралы, республика аумағында шетелдік банкті құру
немесе еншілес банкті ашу туралы тиісті органның рұқсаты; Қазақстан
аумағында бірлескен банкке шетелдік құрылтайшының қатысуына шетелдік
құрылтайшының қарсылык білдірмегенін растайтын бақылаушы органдардың
жазбаша хабарламасы.
Банк өз қызметін колданыстағы заңның 68-74 баптарындагы ережеге
сәйкес, сонымен бірге, Қазақстан Республмкасының белгіленген колдапыстағы
заң жағдайларында банк құрылтайшыларының шешімі бойынша тоқтады.
Банктер құрылтайшылар, акциоиерлер бекіткен жарғының негізінде әрекет
етеді.
Банк жарғысы мыналарды қамтуы керек:
банк пен оның орналасқан орнының атауы;
банк жүзеге асыратын банктік операциялардың тізбесі;
жарғылық кордың мөлшері және банк құрған өзге қорлардың тізбесі;
. банктің баскару органы, оның бақылаушы оргаиы, құрылымы туралы және
олардың қалыптасу тәртібі мен қызметтері туралы ереже;
- банкті таратудың тәртібі.
Банк бір қалыпты жұмыс істеу үшін жарғылық, резервтік, сақтандырушы
және басқа да қорлар құрылады.
Жарғының қор банк міндеттемелерінің негізгі қамтамасыз етушісі ретінде
қызмет етеді әрі акцияларды шығарудың есебінен, кұрылтайшылар жарнасының
есебінен калыптасады.
Бастапқы жарғылық және резервтік корлардың ең аз шамадағы мөлшерін
Ұлттық банк белгілейді. Банктің жарғылық қоры жаңа акционерлерді тарту
жолымен, құрылтайшылардың қосымша акцияны сатып алуымен, мүліктің кұнын
қайта бағалау және дивидендтерді қайта инвестициялау арқылы ұлғайтылуы
мүмкін. Жарғылық кордың мөлшері жалпы акционерлер жиналысының шешімімен
арттырылады немесе кемітіледі. Жарғылық қордың өзгерісін Ұлттық банк
тіркейді.
Банктің болжанбағын шығындары мен залалдарын өтеу үшін резервтік қор
құрылады. Ол банк пайдасынан жарғылық қор сомасының 25% мелшеріне дейін жыл
сайын аударылатын қаражаттың есебінен қалыптасады. Ол банк басқармасының
шешімі бойынша жұмсалады.
Сақтандыру қоры мен басқа да арпайы тағайындаудағы қорлар банк
пайдасынан аударылатын қаражаттардың есебінен қалыптасады және олар
басқарманың шешімі мен жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша
жұмсалады.
Қазақстан Республикасында мемлекет пен банктің жауапкершіліктері
заңмен шек қойылған. Банктер мемлекеттік міндетемесі бойынша, ал мемлекет
банктердің міндеттемесі бойынша жауап бермейді, алайда, банктер немесе
мемлекет мұндай жауапкершілікті өз мойнына алғанда олардың арасындағы
заңмен белгіленген шектің маңызы болмайды.
Банктер оператіивтік банк күйзелісіне қатысты шешімдерді дербес
қабылдайды, яғни, үкіметтің өкілетгі және атқарушы органдарына тәуелді
болмайды.
Банк бас офистің орналасқан орнынан тыс ҚР аумағында өзінің
филиалдарын, кассалық-есеп айырысу бөлімдерін ашуға кұқылы.
Филиал, банк өкілдігі - банк берген өкілеттіліктің шегінде әрекет
ететін, банк атынан банктік операцияларды жүзеге асыратын, банктің мекен-
жайынан тыс жерде орналасатын және заңды тұлға болып табылмайтын банктің
бөлімшесі. Олар банкпен бірдей бірыңгай баланска ие.
Банктің кассалық-есеп айырысу бөлімі - банктің жекелеген түрлерін
орындайтын филиалдық немесе өкілдік мәртебесі жоқ, заңды тұлға болып
табылмайтын, өкілетті органның келісімі негізінде құрылған банктің аумақтық
оқшауландырылған бөлімшесі. Банктің Филиалы, өкілдігі және кассалық-есеп
айырысу бөлімі қолданыстағы заңда белгіленген тәртіп бойынша жабылады.
Банктердің Ұлттық банкпен, ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу
әрі қадағалау жөніндегі агенттігімен өзара қарым-қатынасы.
Банктердің Ұлттық банкпен және Қазақстан Республикасы Агенттігімен
өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік
қызмет туралы заңның 41-51 баптарыман, сондай-ақ, ҚР ҚР Ұлттық банкісі
туралы заңының 61-64 баптарымен анықталатын принциптердің негізінде
құрылады. Ұлттық банк пен агенттік өз қызметінде бүкіл банк жүйесінің ақша-
несие жүйесін нығайту әрі дамыту мүддесінде калыпты жұмыс істеуіне ықпалын
тигізеді, банктерді олардың қызметіпе қатысты мәселелер бойынша нормативтік
құжаттармен уақтылы қамтамасыз етеді, банк жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады және банктердің жүмысына әдістемелік көмек көрсетеді.
Ұлттык банк заңда карастырылған жағдайларда ғана болмаса, банктің
оперативтік қызметіне араласа алмайды. Оның реттеуші әрі бақылаушы
қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы заңымен шектелген.
Банктердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың несие берушілері
мен клиенттерінің мүдделерін қорғау, сондай-ақ, ақша айналымын нығайту
мақсаттарында Ұлттық банк пен Агенттік дербес күн сайынғы балансты
белгілейді. Банктер мен олардың филиалдары орындауға міндетті бұл
экономикалық нормативтер, сонымен бірге, еншілес банктер мен банк
бірлестіктеріне де қолданылады.
Ұлттық банк бланктердің міндетті нормативтерді сақтауына Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкісі туралы заңмен анықталатын өкілеттіліктерге
сәйкес өздері шығарған нормативтік актілерді дұрыс қолданылуына бақылау
жүргізеді.
Банктер Ұлттық банк пен Агенттікке банк қызметіне қатысты басқа да
құжаттармен бірге баланстарды, есепшіліктерді береді. Мұнда алынған
мәліметтің құпиялылығы сакталады.
Ұлттық банк пен Агенттік кез келген уақытта өзінің өкілеттілігіне
сәйкес тиісті мәселелерді банктерге барып тексере алады. Банктерде
пруденциялык нормативтердің бұрмаланғаны анықталған жағдайда Агенттік
бұрмалауды жоюдың мерзімін және басқа да шарттарын белгілейді. Қазақстан
Республикасындагы банктер мен банк қызметі туралы заңға сәйкес Ұлттык банк
пен Агенттіктің пруденциялық иормативтері мен нормативтік актілері жиі
бұрмаланған жағдайда, олардың белгіленген банк операцияларын иормативтерге
сәйкес өткізудің мерзімі мен өзге шарттары орындалмаган жағдайда,
есепшіліктер берілмегенде немесе күмәнді есепшіліктерді ұсынғанда және жыл
қорытындысын залалмен аяқтаған жағдайда Ұлттық банк пен Агенттік банк
құрылтайшыларының алдына банктің қаржылық тұрғыдан сауығуы бойынша
шараларды өткізу турасында, оның басшылығын ауыстыру туралы, банктерді
қайта құру немесе тарату жөнінде мәселе кояды. Әрі мынадай санкцияларды
қолдануы мүмкін:
заңмен белгіленген ақшалай айыппұл өндіріп алу;
Ұлттық банкте орналастырылған резервтік кордағы дебитор-банктің берешегін
есептен шығару;
осы заңның 42 бабында қарастырылған жекелеген нормативтерді өзгерту;
Қазакстан Республикасы Ұлттық банкі туралы заңда
қарастырылған жағдайда банкті уақытша басқару;
банк операцияларының кейбір түрлеріне қатысты лицензияны қайтарып алу;
банктердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде алынған табысты бюджетке алу.
Банктердегі бухгалтерлік есептің ережесі, есепшіліктің және өзге де
материалдардың көлемі мен сипатын Ұлттық банк белгілейді.
Банктер мен олардың клиенттері арасындагы қарым-қатынас
Клиенттерді таратудағы банктердің арасында күшейе түскен бәсекелестік
банктердің клиентке, олармен серіктестік қатынасты орнатуға катысы
ұйымдастыру мәселелеріне айрықша назар аударуын талап етеді. Қазақстан
Республикасындагы Банктер мен банктік қызмет туралы заңның 33-бабы бойынша
банктер тең құқыкты серіктестіктер ретінде алға шығып, өз операцияларын
еркін несие ресурстары нарығында жүзеге асыра алады. Өз қызметінде олар
өздерінің клиенттеріне қаражатты орналастырудың, несиені алудың жақсы
жағдайын, банк қызметінің ауқымды спектрін ұсынумен бір-бірімен
бәсекелеседі. Банк өз клиентінің алдында жауапты болады.
Банктердің клиентпен жүргізетін экономикалық жұмысы банкке клиенттерді
таратудан бастап, олардың шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды
орындауға дейін банк қызметінің барлық жағын қамтиды.
Банктер клиенттерді оз жағына тартуы үшін нақты жұмыстарды жүргізуіне
тура келеді - жарнама, жаңа қызмет түрлерін енгізу, келіссөздер жүргізу,
қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісімшарттарды әзірлеу әрі
бекіту және т.б. Бұл жұмыстардың барлығы да банктің өз активтері мен
пассивтерін басқару жөніндегі қызметімен тығыз байланысты.
Клиенттермен жүргізілетін жұмыс әр түрлі келісімшарттарды бекітудің
негізінде құрылады: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсетулер,
бірлескен қызмет, депозит шоттарын ашу әрі жүргізу және т.б. туралы
келісімшарттар.
Клиенттердің ағымдағы әрі есеп айырысу шоттарын ашу және олар бойынша
операцияларды жүзеге асыру есеп айырысу мен кассалық-есеп айырысу
қызметтері туралы келісімшарттың негізінде жүргізіледі.
Есеп айырысу кызметін көрсету жөніндегі келісімшартта есеп айырысу
немесе ағымдағы шотты ашудың шарты және олар бойынша операцияларды жүзеге
асырудың шарты көрсетіледі. Кассалық-есеп айырысу қызметін көрсету туралы
келісімшартта бұдан басқа кассалық операцияны жүргізудің тәртібі реттеледі.
Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімде өту кепілдігін
қамтамасыз етуі керек.
Орындауға жатпайтын банктік операциялар орындау барысындағы банктердің
материалдық жауапкершілігі де осы келісімшартта айтылатын болады.
Орындауға жатпайтын банктік операциялар жүзеге асырылған жағдайда банк
пен клиент Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен Қазақстан
Республикасындагы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәртібін бұзғаны үшін
салынатын экономикалық санкциялар туралы ережеге сәйкес жауап береді. Банк
пен клиенттің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын болса, бірлескен қызмет
туралы келісімшарт бекітіледі. Онда тараптардың құқыктары мен міндеттері,
олардың арасында пайданы белудің әрі қаржыландырудың тәртібі айтылады.
Клиентті несиелеу банк пен клиент арасында бекітілген несие
келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің
және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардын құқықтары мен
міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.
Кейбір банктерде несие келісімшарттарымен (ол бірнеше
жылдарпа,бекітіледі) қатар несие хаттамасы пайдаланылады. Несие хаттамасы
ағымдағы жылға жасалады. Онда жекелеген сәттер, мысалы, тиімділіктің
баршаға ортақ және өзіндік ерекшелігі бар критерийлері, жекелеген несие
түрлерін берудің шарттары нақтыланады. Депозитік шоттарды ашу әрі жүргізу
туралы келісімшарт осы депозиттің ашылатын мерзімі, ол бойынша пайызды
төлеудің тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражатты өндіріп алудың тәртібі
туралы мәліметтерді қамтитын болады.
Барлық аталмыш келісімшарттар банктің клиентпен өзара қарым-
қатынасының сипатын анықтайды. Келісімшарттар олардың арасында болатын
келіссөздердің, бір-бірінің қызметін алдын ала мұқият зерделеудің
нәтижесінде бекітіледі. Банк нақты әдістеме бойынша, көбінесе өтімділік,
айланымдылық, қаражатты тарту және пайдалылық секілді негізгі төрт
көрсеткішке сүйеніп, серіктесінің қаржылық жағдайы мен несие кабілеттілігін
талдайды.
Жоғарыда аталған келісімшарттар банктің бастамасы мен және клиенттің
бастамасымен де бұзылуы мүмкін. Бекітілген келісімшарттың бұзудың тәртібі
мен шарты айтылатын болады. Келісімшартардың бұзылуына мыналар себепкер
болуы мүмкін: тараптардың өз міндеттемесін орындамауы, өз міндеттемесін
орындаудың мүмкін еместігі, тараптардың өз міндеттемесін теріс пайдалану
және т.б.
Депозиттермен жүргізілетін ағымдағы экономикалық жұмыс банктің
пассивтерді басқару бойынша қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып
табылады. Ол банк клиенттерінің шоты бойынша қаражаттың қозғалысын талдауды
және ең өтімді депозиттер тобын өтімділігі аз депозиттер тобына
түрлендірудің мүмкіндіктерін анықтауды ұйғарады. Мұндай талдау банкке
сенімсіз клиенттерді және төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік
береді. Банкке мұндай ақпарат осы клиентке оның несиеге мұқтаждығы
анықталған жағдайда несие берудің мәселесін шешу барысында қажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымдағы жұмыстың тағы бір бағытына
клиенттің банк қызметінің жаңа түріне мұқтаждығын анықтау, есеп айырысудың
формасын жетілдіру жатады.
Банк клиентпен келісе отырып, баланысты несие бөліміне берудің мерзімі
меи тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді.
Әрі осылардың негізінде клиеиттің қаржылық жағдайын және оның несиеге
қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуыи қамтамасыз
етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды,
кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.
Несиені және баска төлемдерді уақтылы қайтармаған клиенттерге қатысты
Қазақстан Реслубликасындагы банктер мен банк қызметі туралы заңның 36
бабына сәйкес банк мынадай шараларды қолдама алады:
жаңа (екінші мәрте) несиені бермеу;
осы клиенттің шоттындағы кез келген қаражатпен оның
берешегін өндіріп алу;
соттың шешімімен салынған мүлікті сату.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес мұндай қарыз
алушылар төлем қабілеті жоқ тұлғалар ретінде жариялануы мүмкін.
Банктердің өз клиенттеріме оларға берілген несие мен оның пайызы
бойынша қоятын талапхатының мерзімі ескерілмейді.
Банктер өз клиенттерінің және корреспонденттерінің салым ақшалары,
шоттары, операциялары бойынша құпияны сақтауға кепілдік береді. Банктің
барлық қызметкері банк корреспонденттері мен клиенттерінің салым ақшасы,
шоты және операциясы бойынша құпияны сақтауға міндетті.
Заңды тұлғалардың салым ақшасы, шоты және операциясы бойынша банктің
аныктамасы сотқа, төрелік сотқа, тергеу орнына, прокуратураға, аудиторлық
ұйымға, сондай-ақ, салық салу мәселесі бойынша салық орындарына беріледі.
Баланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық
тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке
және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айнапды. Германияда
италияндық сауда үйлсрінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі кұрылып,
одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және
т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда
болып үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын
операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай
қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кезінен колданыла
бастады. Банктер клиеиттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар
бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шыкты. Есеп айырысуды
қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін
банк билеттерін (һиеи - гуду) шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталықка
(банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк
секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық
операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX гасырдың басында оган
елдің эмиссиялық банкісі деген атақ (статус, мәртебе) берілді. Оның
банкноттары толемнің әмбебеп, заңды кұралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген
елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялык банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік түргыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық
банктер болған жок, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық
эмиссиялык банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
XX ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазакстанның банктері болған
емес. Бұл турасында осы тараудың келесі тармағында айтылады.
1.1Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы замангы ұғымын қарастырып
көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек акшаны сақтаудың орны деп
жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан
да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны
экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық
ұйым ретінде карайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен
ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау
секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін
терен зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына
қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді,
әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
банк мәнін ма ҚР деңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің
біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық
институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін
ашуды қажет етеді;
банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді кажет етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша
қызметін карастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы
бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк
деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет
түрлерінің бәрі бірдей кажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін
талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл
мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыга келеді, ол нақты банк
қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның
мәнін тұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана
мақсатқа лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын
мекемені емес, керісінше, белгілі бір қызмет бар институтты білдіреді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай
болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де,
эмиссиялық банкке де және т.б. барлық бантерге бірдей тән болып табылады.
Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-
бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз
қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде
банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік түргыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе опы басқа
экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды
қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген
қаржылық, кеңес беру және т.б.қызмет түрлерін (200-ден астам) басқа
экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз клиентеріне
көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа
институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен
тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерде көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс,
тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да
бір соманы білдіріп коймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін
капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары
ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады. Банк өнеркәсіп және сауда
кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол
мекеме меи ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен
деңгейде өндірушілік сипатымеи алга шығады.
Несие ісі - банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Әрі
беріден соң, ол шаруашылык жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың
төлем айналымын қолма-қол ақша формасыида және қолма-қол ақшасыз формада
реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік
ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкімдік
беретін құрылғыны ойның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк
құрылгысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде
болмайды орі дамымайды:
банк капиталы сауда және өнеркәсіп қайталынап босаған
өзіндік ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында
артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен ииституттардың қызметінен
айрықшалапатын банк қызметі;
банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі
бар жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын,
құрылғыларын, ішкі және сырткы ақпаратын, өндірістік материалдардың
белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына
жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол акша формасындағы жеке қолма-
кол ақша формасындагы және қолма-кол акшасыз формадағы төлем айналымын
реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде
анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын
ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне
ғаиа тән өзгешелікке ие болуы керек; бірыңғай заң аясында, қоғамның, заң
нормалары шегінде жұмыс істеуі қажет;
өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне
(банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
Банк теориясынын маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе
кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік
тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл
басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән
қызметі.
О.И. Лаврушин банктің қызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның
біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға
құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі
болып табылады. Мәселенін, мәні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тән
емес. Алайда уақытша бос акшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар
ерекшеліктері болады:
шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің
өз қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен
пайдаланылады;
шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың
меншік иесі - бастапқы несие беруші (банк клиенті);
қаражатты шогырландыру тек арнайы ұлгайтумен (лицен-
зия) жүзеге асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне
айналады.
Екінші қызмет — ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен
карыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал
болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен
сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде
контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат
айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы
және халықты несиелеу, төлем кұралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет- делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін
тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек. Оған тереңірек үңілуі қажет.
Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне,
экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады (ағылады). Банк шоты бойынша
жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі,
яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар
мен аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу
саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен
сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк
капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылыктың қажеттіліктеріне
қарай түрлендіру (өзгерту) мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл
тәуекелдікті (катерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің
арасындағы қатынасты кеңейетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет.
2. Банк жүйесі
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарыктық экономиканың
маңызды күрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының
негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық кажегті элементтер мен кажетті пропорцияларды
қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет,
әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принципіердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесіиде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі жәнет.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толыктырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдык бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалык өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында
Ақша, несие, банктер (жалпы редакциясын О.И. Лаврушин басқарған, М.: Ф және
С. 2002. 285-290 бб.) тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз.
Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері
қандай:
Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық
банк құрайтын нақты бірлікке бағына
отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
Банк жүйесі өзінің кұрамдық элементтерімен, олардың
өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің
Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана
тән тетік жұмыс істейді.
Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті.
Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде
көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген беліктерінің қажет болған жағдайда бір-
бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ акша
банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал
ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға
болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да,
банк жүйесі сақталып қалады.
Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа
байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы
институттары пайда болады.
Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек
өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз
тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол
сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын
жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету
саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше
саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа
саясатты жүргізеді.
Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі
реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР
Банктер мен банк кызметі туралы заңында (3-бап) былайша жазылған:
Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің
жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар
Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің
төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Шетелдік катысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және
(немесе) басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие:
а) ҚР бейрезиденттері;
ә) занды тұлғалар
ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және
(немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (окушылардың салым ақшасы);
ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.
Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған әрі
әрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
1.04.2005 ж. жағдай бойынша Қазақстан банк жүйесінің құрылымы
Саны
Ұлттық банк 1
Оның аумақтық органдары 16
Екінші деңгейлі банктер 35
Оның ішінде. коммерциялық банктер 34
Олардын ішіндегі шетелдік қатысушылар банкісі 6
Мемлекеттік банк 1
Шетелдердің еншілес банктері 9
Тәекелдік банктердің өкілдігі 17
Қазақстан даму банкісі 1
Екінші деңгейлі банктердің филиалдары 398
Есеп айырысу-кассалық бөлімдері 1148
Аудиторлық ұйымдар 26
Жеке тұлғалардың депозитін кепілдендіретін қор 1
Ипотекалық несиені сақтандыру 1
Несие бюросы 1
О.И. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:
бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты
элементтерді камтиды;
өзіндік ерекшелігі бар;
элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;
динамикалық жүйе болып табылады;
жабық тұрпат жүйесі ретінде алға шығады;
өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болған:
- банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;
- нарықтық банк жүйесі;
- өтпелі кезең жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да және социалистік
жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір
деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір
эмиссиялық және несие институты болды. Онда барлық несие ресурстары
орталықтандырылып, бөлінеді. Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі
банктерге мемлекеттік монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық
шаруашылықта орталықсыздандырылған басқару жүйесімен көптеген банк түрлері
жұмыс істейді. Олар эмиссиялык және несиелік қызметтерды өзара бөлісіп
алған. Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялық банктердің міндеттемелері
бойынша жауап бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік
мемлекеттердің, оның ішінде Қазакстанның осы заманғы банк жүйелерін
жатқызуга болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады. алайда, ол
алдындагы банк жүйесінің меңдік дағынан әлі арылып біткен жоқ, әлі де
өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыган
тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне де жаткызуға
болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық базасы
әрдайым өзгеріп отырады, банктердің саны, банк жүйесінін құрылымы үдайы
өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк заидары соңғы 10-15
жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар мен
өзгерістер енгізілді.
Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер,
банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды
иемесе бір-бірімен косылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады.
Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, етпелі кезеңнің әлі тұрақтанбаған банк
жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынастың
және т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі кандай шамада реттелетініне
қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
мамандандырылған банк ісі. онда банктер мен банктік
емес мекемелер операцияларының арасына қатаң шекара
қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
* барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін
жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі. Батыс және Орталық
Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да өнеркәсібі дамыган
елдерде несие институттарының арасындағы дәстүрлі шекараның жойылуынан
байқалып отырған банктерді әмбебаптандыру тенденциясына артықшылық береді.
Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды басқару осы заманғы банктерді өз
клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп
қызметлы несие мекемесіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жағынан
клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы
заманғы банк технологияларын қолдану, өз қызметін әртараптандыру (жан-жақты
дамыту) арқылы сенімділік пен инвестиция үшін үлкен қаржылық мүмкіндіктерге
ие болу мақсатында банктер өздерін ірілендіруге әрі капиталдандыруға
ұмтылыс жасап отыр. Мұндай тенденция көптеген мемлекеттерге тән. Мәселен,
XX ғасырдың 90-шы жылдары АҚШ-та коммерциялық банктер 15,5 млрд доллар
пайда алып, 2,5 трлн доллар сомасындагы активтерді бақылайды. 2000 жылы
жуық шамамен 17 млрд доллар пайда алған, 5 трлн доллар сомасындағы
активтерге ие 9500 коммерциялық банктер ғана калды,
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін
келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен (елдің орталык банкісі),
депозиттік банктерден (ақшалай салым ақшаны қабылдаумен және несиелеумен
ғана айналысады), сауда банктерінен (сыртқы сауда саласында), достастық
банктерінен (аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік банктерден (50),
консорциумдік банктерден, есеп-қисап үйлерінен (кысқа мерзімді
операцияларды орындайды (олардың саны - 9) және бірқатар банктік емес
мекемелерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді.
Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде
ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
біріншісі - 3 аса ірі банк - Швейцарияның Біріккен банкісі, Швейцариялық
банк корпораңиясы, Швейцариялық несие банкісі;
* екіншісі - несиелеу мен есеп айырысуға маманданған, негізінен
жергілікті салымшылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және
жинақ ақша банктері;
* үшіншісі - инвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын жекеше
банктер.
Швейцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне банктердің құпиялылығы
және банктермен инвестициялық компаниялар қызметінің бақыланатындығы
жатады. Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы жүйесіне ие және оларды
Федералдық Банк комиссиясы, Ұлттық банк, Швейцариялық банктер ассоциаңиясы
жүзеге асырады.
АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық дамыған жүйе (ФДЖ) кіреді. Ол 12
федералдық резервтік банктен (жоғары деңгей) тұрады, 6 мың коммерциялық
банк ФДЖ-ға мүше, ал ФДЖ-ға мүше емес коммерциялық банктер Депозиттерді
сақтандырудың федералдық корпорациясына (ДСФК) кіреді, олардың саны шамамен
3 мындай болады және ФДЖ мен ДСФК-ге мүше емес банктер бар.
Жапонияның банк жүйесі Жапония Банкісін, коммерциялық банктерді,
мамандандырылған несие ииституттарын, қаржы компанияларын, үкіметтік несие
мекемелерін, пошталық-жинақ ақша кассаларын қамтиды.
Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені
республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары
мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО
тарихыменжәнереволюцияга дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста
болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк,
акционерлік банктер, өзара несие қогамы, қалалық банктер, ипотекалық несие
банкісі және баска несие мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі (өз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл
несие жүйесінің Орталык банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа
шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің
Мемлекеттік банкісі 1914 жы2Ш.
Германияда банктерді, банктер үстінен бақылауды Федералдық ведомство
сияқты арнайы орган жүргізеді.
Бақылаудың негізгі себебі осы ведомствоның арнайы де-ҚР өтімен,
Орталық банктің келісімі бойынша анықгалады.
Францияда банктерді қадағалау қызметі Франция банкінің басқарушысы
жетекшілік ететін бірнеше комитеттердің қолында шоғыраландырылған.
2. БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІК

тәуекел теориясының дамуы үшін негіз бодып табылады.
Шығыңдар. Банктер өз қызметі барысында бегілі бір шығындар
шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық
институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп
айырысу операциядарымен, бағдлы қағаздармен байланысты шыгындар; жұмыс-
көлемді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына
қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты
белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның
жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды,
есептеулерге жасалатын талдаудың жетіліксіздігінен немесе жағдайдың
болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекедігі нашар
несиелік порхфельмен ресурстарды нашар орналастыру),
конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан
қолайсыз жағдайларга ұшырауына қауіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz