Тастақ шөл өсімдіктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

Жаратылыстану факультеті.

«География кафедрасы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : « Қызылқұм шөлінің физгеографиялық ерекшеліктері мен экологиясы»

БЕКІТЕМІН Ғылыми жетекшісі :

Кафедра меңгерушісі Ғ. ғ. к., А. Курбаниязов

Тех. Ғ. К. А. Мейірбеков

Хаттама № Орындаған : Жусипов. А«» 2009 ж. ЖГА-515 тобы, 050116

Түркістан - 2009 жыл.

Жоспар

Кіріспе :

І Табиғи-географиялық өзгешеліктері

1. 1 Қызылкұм геологиясы және жер беті рельефі

1. 2 Аймақтың климаты

1. 3 Қызылкұм флорасы 1. 4 Қызылкұм фаунасы

II. Қызылқұмның қазіргі экологиялық жағдайы

2. 1 Қызылқұм шөлінің географиялық үйренілу тарихи және ғылыми- қолданбалы маңызы

2. 2 Қызылқұм табиғи жайлаулары және бұл жайлауларда өсетін өсімдіктердің химиялық құрамы.

2. 2 Арал теңізінің солтүстік Қызылқұм табиғатына тигізетің әсері

2. 3 Шөлденуге қарсы күрес.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.

Казіргі кезеңнің Дүние жүздік актуал пролемаларының бірі болып дүние жүзінің шөлдену процесі болып есептеледі . Себебі XX ғасырда дүниежүзінде антропогендік қысым басымның табиғаттқа әсерінің кушеиунен және жахандық глобаль климатың жылынуы, шөлдену процессін кең маштабта күшейуне алып келді, Осы себептен БҮҰ қасындағы ЮНЕСКО бөлімінде 1982 жылы шөлденуге қарсы күрес аты ұйым құрылды.

Орта Азия аймағының Евразия құрлығының оталығында жайласуы, климаттының континенталдығыағын Жер үсті суларының тапшылығы шөлдердің дамуына алып келеді.

Қазақстан мен Орта Азия шөлдері Тұран ойпатында орналасқан. Бұл аймақ шөлдері ойпаттың оңтүстігіндегі Копетдаг тауларынан солтүстік ендіктің 48°-на дейін және шығысқа қарай Каспий теңізінің Тянь-Шань және Памир-Алтай тауларына дейін созылған. Осы кең байтақ аймақта геологиялық және ландшафттық тұрғыда әр типті шөлдер бар.

Құмды шөлдер (Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм, Арал маңы қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық),

Тасты шөлдер (Бетпақ дала, Үстірт),

Сазды шөлдер мен сорлар (Өлі Қолтық және Қайдақ) . Шөлдер рельефінің ерекшелігі құрғақ арналар мен аңғарлардың ағысының ойыстарының болуы. Ойыстардың кейбірі қазаншұңқыр формасында (Сарықамыс, Барсакелмес т. б. ), ең терең ойыс - Қарақия (теңіз деңгейінен - 132 м төмен) Маңғыстау түбегінде орналсқан.

Құмдардың өмірі, олардың үстіңгі қабатында болып жатқан табиғи процестер шөлдердің климаты мен жел режимі және құмның ылғалдануымен тығыз байланысты. Жылжымалы құмдар жел әсерінен көп түрлі рельеф түзеді. Атап айтқанда, бархандармен жарты ай тәріздес дюналар көптеп кездеседі. Аймақтың климатына күн сәулесінің түсу ұзақтығы, құрғақшылық, континенталдылық тән. Бұл оның субтропиктердің солтүстік шекарасында мұхиттан алыс, Еуразия құрлығының ішінде орналасуымен, сондай-ақ бұлтсыз және аз - аз бұлтты ауа райын қалыптастыруға жағдай жасайтын атмосфералық циркуляциямен түсіндіріледі. Орта Азия климаты көбінесе 2 кезеңге бөлінеді. Мамырдың ортасынан қазанның ортасына дейін - жылы және құрғақ, қалған мезгілде ылғалды және суық. Жылы ылғалды кезде Атлантикадан желдер соғады. Ыстық және құрғақ климат пен құрғақ желдерге байланысты Орта Азия мен Қазақстан шөлдерінде булану мөлшері өте жоғары, булану түсетін жауын -шашын мөлшерінен 20 - 25 есе көп деп есептеледі. Шөлде жаз ыстық болатын болса (күндіз көлеңкеде +40°С +45°С)

қысы жұмсақ келеді. Қарақұмда қаңтардағы температура +1, 4°С болса, Қызылқұмда -0, 4°С -4, 1°С-ге жетеді.

Аймақтың жазық бөлігінің климаты ұзақ вегетациялық кезеңмен сондай - ақ ұзақ аязсыз кезеңмен ерекшеленеді. Солтүстік 210 күн оңтүстік 24 күн. Бұл өсіп - өнуі ұзақ болатын дақылдарды, соның ішінде мақтаны, субтропиктік өсімдіктерді өсіруге үлкен мүмкіндік береді. Қазақстанның климаты солтүстігінде Батыс Сібір климатымен ұқсас ал оңтүстігінің климаты Орта Азия шөлдерінің климатымен сәйкес келеді. Бірақ Қазақстан шөлдері солтүстікке таман орналасқандықтан, климаты ұзақта суық қысымен, қысқа жазымен ерекшеленеді, вегетациялық және аязсыз кезеңі қысқа жауын - шашыны көптеу түседі. Аймақтың орталық және батыс аудандары өзенге кедей. Орта Азия мұздықты қарлы қоректену типіне жататын өзендер -, Сырдария және Амудария. Тұран жазығында, әсіресе қазақ жерінде көктемде қар жаңбыр суымен қоректену есебінен құрылатын жылғалар өте көп. Торғай, Сарысу сияқты өзендердің арнасы кеуіп кетпейді, тек жекелеген жерлері ғана құрғайды.

Сондай шөлдердін бірі Қызылқұм шөлі болып есептеледі. Ол Орта Азия ең үлкен өзендері Амудария мен Сырдария аралығында, сотүстік жағында Арал теңізі, оңтүстігінде Зарафшан тауларына дейінгі аралықты алып жатыр. Қызылқұмның солтүстік жағы Қазақыстанда ал оңтүстігі жағы Өзбекістан аумағында жайласқан.

Өзектілігі. Қызылқұм шөл ландшафт типтерінің таралуындағы климаттың әсері өте үлкен. Шөл жазының ыстықтығымен, температурасының жоғарылығымен жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, беткі ағыстардың жоқтығымен, эолдық процестердің ролінің жоғарылауымен, өзіне тән флорасы және фаунасымен ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылым мен техниканың дамуы, табиғатқа антропогендік босымның күшейіуі экологиялық шол экожүиесінің өзгеруіне үлкен әсер етті.

ХХІ ғасырдың басында табиғи процестердің қайтымсыз өзгерістері байқалуда және қоршаған ортаның тұрақты тепе - теңдігі түсу үстінде.

Казіргі кезде Қызылқұм шөлінде халық хожалығы үшін игерілуі барысында табиғи тепетендіктің бұзымауы керекмаңызды, осы себепті бұл аймақ тың табиғатың үирену маңызды

Құмды шөлдер Қазақстанның барлық жер көлемінің 9 % құрайды.

Бұл қауіпті құбылыстың себептері климаттың тым құрғақ болуы, ауа-райының тым ысып кетуі, өсімдік жамылғысының жойылуы, ауылшаруашылығының өркендеуі, табиғат байлығын дұрыс пайдаланбау.

Осы жағдайлар мен шөлдің тоқтаусыз кеңеюі, құмның жылжуы салдарынан табиғи жағдайлардың нашарлауы. Жерлердің сортаңдануы, қуаңшылықтың жиілеуі бәріде тірі организмдердің өміріне зиянды табиғат құбылыстарына қарсы тұру қажеттілігін туғызады.

Шөл зонасының табиғи ерекшеліктері ғасырлар бойы шөлде өмір сүретіндерді оның экологиялық жүйесіне бейімделуге мәжбүр етті.

Бүгінгі танда адамзат алдында тұрған басты мақсаттардың бірі-өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануар, өсімдіктер дүниесін қаз-қалпында, яғни табиғи күйінде сақтап, болашақта ұрпақтарға қалдыра білу.

Зерттелу деңгейі . Диплом жұмысын жазу барысында көптеген әдебиеттерді пайдаландым. 1984 жылы Алматыда жарық көрген И. И. Чигаркиннің « Қазақстан шөлдерінің игерілуі », яғни Қазақстан жеріндегі ландшафт типтеріне шөл зонасының әсері, 1981 - 1983 жылдары жарық көрген А. Р. Бабаевтың « КСРО шолдерінің игерілуінің өзекті мәселелері » және « Шөл ерекшелігі » еңбектерінде шөл зонасы және оның фаунасы мен

флорасы жайлы құнды мәліметтер келтірілген. « Қазақстанның жануарлар

дүниесі » ( А. Ф. Ковшарь, В. А. Ковшарь ) және « Қазақстанның өсімдіктер әлемі » (А. А. Иващенко) « Қазақстанның қызыл кітабы » атты еңбектен Қазақстанның сирек кездесетін, жойылу қаупінде тұрған өсімдік және жануарлар дүниесі туралы кеңінен баяндалады. В. Мосоловтың «Құмдағы тірішілік » атты очерктер жинағы Қазақстанның құмды аймақтарын, тіршілік тынысын қызғылықты баяндайды.

Мақсаты мен міндеттері Біріншеден, Қызылқум шөлінің физикалық-географиясын үйрену арқылы, табиғи компононтеріне және оның дамуына әсер ететін табиғи факторларын үйрену Екіншіден Қызылқұмның табиғи ресурыстарын, табиғи жаилауларын үиренип географиялық баға береміз, үшіншіден шөлдерге тән флора және фаунасын қорғау, төртіншіден ғаламдық көкейкесті проблема шөлейттену және шөл экологиясына әсер етуші факторларды сипаттау, шөлдеуге байланысты іс-шараларды анықтау.

Құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қызылкұм геологиясы және жер беті рельефі

Амударияның, Сырдарияның аса үлкен өзен аралығын Памир - Алтай тауы аймағының сілемдерінен Арал теңізіне дейін Қызылқұм алып жатыр. Ауданы 300 мың км жуық, оның беті солтүстік - батыс бағытында таулардан Арал теңізі жағалауындағы 53 м дейін біртіндеп аласарады. Оның солтүстік және шығыс бөлігі Қазақстанда, ал батыс және оңтүстік бөлігі Өзбекстанда орналасқан.

Геологиялық құрлысы жағынан Қызылқұмның Қарақұмнан айырмасы қатпарлы палеозойлық фундамент Қызылқұмның шегінде жер бетіне тақау жатады, ал орталық бөлігінде мезозой мен үштік қабатын тесіп өтіп, аласа таулар пайда қылады. Қызылқұмда төрттік шөгінді қабаты Қарақұрдағыдан біршама өзгеше қалыптасқан. Аллювийлі материал шөлге негізінен Сырдария арқылы әкелінген. Борпылдақ Қызылқұмдық қат қабаттық құрамы Қарақұмның дәл сондай шөгінділерден құрамында сазының көптігімен ажырайды. Мұны ірі кесек материалдарды Сырдарияның Ферғана қазаншұңқырына қалдырып, едәуір жұқаларын қазаншұңқыр шегінен ары Қызылқұмға алып келуімен түсіндіруге болады. Сырдарияға құятын көптеген өзендердің кесек материалдарды ағызып әкететін негізгі көзі болған. Амударияда аллювийлі шөгінділердің мұндай коллекторы болған емес, қазірде жоқ. Ол шайынды заттарды тікелей Қарақұмға ағызып әкеліп,

Бағытынан тайып, оларды кең аймаққа қалдырып кетті. Копет - Дагтың солтүстік беткейінен ағып шыққан өзендер Теджен мен Маргиб сияқты аллювийді тіке Қарақұмға ағызып әкетеді. Қызылқұм территориясы жалпы алғанда жазық бола тұра, оның беткі мейілінше күрделі. Арал теңізінің оңтүстік - шығыс жағалауын негізінен терең тілімденген эолды құмдар жауып жатады, бұлардың арасында ежелгі арналарды бойлай құмтасты - сазды, көбінесе сортаңды жазықтардың жіңішке жолағы созылып жатыр. Кең байтақ алқапты құм массивтерімен, құмдықтарымен, мейлінше борпылдақ бетпен және сормен алмасып келетін тақырлар алып жатыр. Қызылқұм үстінің аса ірі бөлігінде құмтасты қырқалар мен құм қырқаларының ірі алқабын Сырдарияның ескі арналарын қуа таралған аллювийлі жазықтардың жіңішке жолағы басып өтеді.

Аллювийлі жазықтардың жолағынан солтүстік - батысқа қарай созылған құмды қырқалар біршама аласа. Оңтүстікке қарай олардың биіктігі артады 20 - 30 м дейін, ал кей тұстары 100 м дейін құртады жетеді. Бұл қырқалар көбіне бетін жуып жатқан құмдарды ашылып қалған байырғы жыныстардан тізілген Заунгуз қырқаларына ұқсас.

Таулардың беткейлері терең сайлармен тілімделген. Тау етегінде кесек материалдары үйіліп жатады да, тастақты шөлдің учаскелері пайда болады. Аласа палеозойлық тауларда тұрақты су ағысы жоқ. Көктемде жауын - шашынның ең көп мөлшері түсетін кезеңде тау беткейлерінен және жыраларымен тасқын сулар ағып түседі. Мамырда жаңбыр токтасымен ақ су ағысы тартылып қалады. Жыралардың түбінен әдетте тұщы әрі мұздай грунт сулар ағып шығады.

Аймақтың климаты

Қызылқұмның солтүстік жартысының климаты жалпы алғанда суреттердің солтүстік аралық зонасында орналасқан территорияның соның Ішінде Үстірттің климатына ұқсас. Солтүстік Қызылқұмға шұғыл континенттік климат жағдайлары тән. Жазы ыстық, қысы суық. Батыс Қызылқұм Орта Азия жазықтарының құрғақ бөлігі, жылдық жауын шашын мөлшері 80 - 100 мм. Жауын - шашынның ең көп мөлшері көктемде (наурыз, сәуір) 1 0- 20 мм ең азы шілде мен тамызда түседі. Бұл айларда әдетте жаңбыр болмайды. Қызылқұмның оңтүстігінде қар тұрақтанып жатпайды. Қысы суық, бірақ солтүстігіндегіден жұмсақ, қаңтардағы орташа температура -4°С, ал төменгі темратурасы - 30°С астам, осы ретпен Қазалыда - 12°С - 44°С, Қызылқұмның солтүстігінде шілдедегі орташа температура +30°С-қа ал солтүстігінде +26°С-қа жетеді.

Қызылқұмда сұр - қоңыр топырақ басым, құмтасты сазды және сазды жазықтарда тақырлар өте тұзды, саздақты және сазды топырақтар түзеледі, олардың тұзды жерде өсетін өсімдіктер - қара сексеуіл мен баялыш және т. б. өседі. Шағын өңірін өсімдіктері өте сирек және шоқылары жел өтінде болатындықтан, көбіне топырақ жамылғысы жоқ құм тасты - қырқалар мен төбелер алып жатады. Өсімдіктер мен бекіген биік қырқалы және төбелі құмдарда әдетте илак, аяқ сексеуіл, черкез, қадым және боз жусан өседі.

Қызылқұмдағы биік құмтасты қырқаларда осы шөлге тән ақ сексеуіл тараған, жергілікті жағдайларға қарай ақ сексеуілдің құрамы өзгеріп отырады. Қызылқұмның солтүстік бөлігіндегі құмтасты қырқаларда сексеуілдің түбінде әдетте шөл кеуегінің жамылғысы өседі.

Қызылқұмның жануарлар дүниесі Орта Азия шөлдерінің екі аралық зонасының солтүстік және оңтүстік табиғат жағдайларына байланысты. Фаунасы жағына палеозой таулары, Амудария мен Сырдария өзендері аңғарларындағы тоғайлар ерекше көзге түседі. Қызылқұмда рептилия, әсіресе кесірткелер мен жыландар, кемірушілер, құмтышқан, қосаяқ, тұяқтылардан қарақұйрық аз. Жануарлардың мекендейтін жерлері ретінде Қызылқұмның палеозойлық таулардың оларды қоршап тұрған шөлден елеулі айырмашылығы бар. Фаунаның тарауларына грунт су көздерінің маңызы зор. Тауларда жарқанаттар, сарыбас сұңқар, моңғолдық қызғылт кезеген, торғай мекендейді. Тау баурайындағы жазықтықтарда кесіретке, жылан, тасбақа көп.

Қызылкұм флорасы

Құмды шөл өсімдіктері.

Қазақстанның құмды шөлдерінің өсімдіктері едәуір көп және әртүрлі болып келеді. Араларында қуыстары көп борпылдақ құмды топырақтардан су төмен қарай тез өтіп, тереңде тығыз тау жыныстарының үстінде жиналады, бұдан су өте алмайды. Әдетте, шөл жерлерінің түні салқын, күні ыстық келеді. Соның салдарынан салқындаған құмның бетіне су буы тамшы түрінде шық болып түседі. Бұл су тамшыларынан құмды топырақ астында ылғал жиналады. Су мол болған жерде өсімдік те көп болады.

Қазақстанда құмды шөлдер көп, олар миллиондаған гектарды жерді алып жатыр. Амудария мен Сырдария аралығында Қызылқұм жатыр. Мұның солтүстігін ала, Арал теңізінің жағалауларында Арал маңы құмдары келеді, бұлардың арасындағы ең ірі учаскені Үлкен және Кіші Борсық деп атайды.

Онда солтүстік те Волга мен Орал өзендерінің аралығында Каспий маңы

құмдар жатыр.

Шу өзенінің төменгі ағысында Мойынқұм ал Балқаш көлемінің құяр жерінің маңында Сарытауқұм, Сарыесік - Атырау деп аталатын оңтүстік Балқаш маңындағы құмдар жатады. Көлемі кіші құмды шөлдер Орталық Қазақстан жерінде де кездеседі, тіпті Қостанай облысының оңтүстігінде Тосын құмы жатыр.

Құмда өсімдік алдымен құм төбелерінің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде, содан кейін ғана құм төбелердің үстінде өседі.

Жүзгін құм төбелер мен құм жалдарының төбесі мен беткейлерінде жүзгіннің әр қилы түрлері кездеседі. Жүзгінде жапырақ болмайды. Мұның сұрғылт түсті жас бұтақтарында жасыл өркендері салбырап тұрады. Жүзгіннің гүлі ақ немесе қызғылт түсті ұсақ қос иісті болып келеді. Жүзгіннің жемісі кішкентай кірпі тәрізді жан - жағында жыл - жал болып келеді. Тұқымдары өніп шыққан кезде, ұяда өскен еменнің тұқымдар сияқты қалың боп өскен көгі жақсы сақталады.

Құм қарағаны - пішіні жөнінен бұтаға да кіші кірім ағашқа да ұқсайды. Жапырақтары жиденікі сияқты жіңішке және бозғылт түсті болады. Кішкене бұршақ тәрізді жемісі болады. Құрамында белок көп сондықтан ол қой сүйсініп жейтін өсімдіктердің бірі.

Қияқ - құмда көптеген злактар да жақсы өседі. Солтүстіктердегі шөлде құмдардың төбесімен беткейлердің жалпақ және ұзын жапырақтары бар, масақтары кере қарыс, сабандары жуан келетін қияқ та алыстан көзге түседі. Мұның сабақтары қатты, білеуленіп біткен шырынды тамыр - сабақтарынан

шашақтанған жіңішке тамырлар жан - жаққа таралып, кең аймақты алып жатады да жылжымалы құмдарды жақсы токтатады. Қияқтың тамыр сабағын жылқы құман теуіп ашып жейді.

Еркекшөп - баурайлар мен ойпат жерлердегі тығыздау құмды топырақта қияқтың орнын еркекшөп алады. Далалы жердің ойпаттарында өсетін еркекшөптің масақтары жалпақ, үшбұршаққа ұқсас келсе ал оның құмда өсетіндерінің масақтары жіңішке және ұзын болады. Мұның биік және көп сабақты келетін түптері қопа болып та өседі, жазық құмда өскен еркекшөпті пішенге арнап шабады.

Селеубояу - жан - жағында мықты жуан және қамшының өрімі тәрізді тамырлар шығарады. Селеубояудың биіктігі жер бетінен жарты метрдей ақ болғанмен, тамыры айналасында 10 м жерге дейінгі сусымалы құмды бекітеді. Қаскелең маңы Мойынқұм дейтін құмды шөл, Қаскелең өзенінің жағалауында бар. Бұл арада бір жылдық жабайы қарабидай өседі. Мұның сабағы жіңішке, масақтары сарғыш, дәндері мәдени қарабидайдікі сияқты бірақ майда болады. Көктемгі жылы және жауын шашын мол, болған жылдары, бұл шөптің кейбір жерлерінде жабайы қара бидай адам қолдан еккендей қалың өседі.

Құм түйірлерінде шыны сынықтары тәрізді өткір қырлары болды. Злактардың жіңішке және шашақ тамырлары құмды жерге кіріп бара жатқан кезде, құм түйіршіктері зақым келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда өскен құм злактарының тамырларында тамаша бейімділік пайда болған. Тамырдың бет жағына желім тәрізді зат бөлініп шығады. Бұл затқа айналасындағы құм қиыршықтар жабысып, өсіп келе жатқан тамыр шашақтарының айналасында жіңішке қатты түтікшелер пайда болады. Осы қатты түтікше злактардың нәзік тамырларын құм түйірлерінің өткір қырларын кесіп қорғайды. Құмды шөлдерге малға жемшөпке арнап көп жылдық қара бидай әкеледі. Егістікке егілген қарабидай тамырларының айналасында, құм злактарінікі сияқты, қорғаныш болатындай қатты түтікше пайда болады. Құмды шөлдерге егілген

қарабидайдың тамырларында жоғарыда айтылған түтікше пайда болады. Бұған қарағанда өсімдіктер өзінің өскен жерінің жағдайына қарай бейімделе

келіп, өзгеретінін көреміз. Құмдарда майда шөл қияқтарда көп болады.

Кәдімгі қияқ әдетте саз - балшықты жерлер мен өзен және көл жағалауларына да биік болып өседі. Шөл қияқтары аласа, тамыр сабақтары ұзын болады. Бұл тамыр сабақтарында көптеген тамырлар бар, олар арқылы бар өсімдік өзіне керекті суды маңындағы топырақтан сорып алады. Қияқтардың жапырақтары ұсақ болады, олар жазда кеуіп кетеді, сол кеткен күйінде қыстап қалады. Сондықтан бұларды «шабылмаған пішен» дейді.

Құрғақшылық түсе бастаған кезде қияқтың жапырақтары ұшынан төмен қарай кебе бастайды. Алдымен қызарады, одан кейін сарғаяды ең ақырында күрең тартады. Бұл кезде хлорофил мен қоректік заттар жапырақтардың түп жағына келіп, одан әрі тамыр мойнына жылжиды. Алайда жапырақтар кеуіп және уақытша қурап қалғанымен, олардың құрлысы бұзылмайды. Жауын - шашын болса әлгі кеуіп қалған жапырақтар қайтадан қалпына келіп, жапырақ тақталары түбінен бастап ұшына дейін көгереді. Шөл қияқтары - қой үшін негізгі шөптің бірі. Құрғақшылық түскен кезде шөл өсімдіктерінің көпшілігі ұйықтаған сияқты болып тыныштыққа көшеді. Құм төбелердің араларында көптеген ойпаттар болады. Бұл ойпаттарға үрлесін қар көп жиналады да көктемде ол араға қақ тұрады. Көп ұзамай-ақ бұл қақ кеуіп кетеді. Осы жердің қатайған топырағында мүктер өсе бастайды. Көктемде мүктер көгереді, өседі және көбейеді. Осы күшінде 1 - 2 апта тұрады. Одан соң су буланады, оның орыны тағыда кебеді, мүктерде кебірсиді, күтірлек болып, түсі бозарады. Осындай күйдегі мүкті дымқыл құмның үстіне қойып, оның бетінде су буы көбею үшін олардың үстіне шыны стакан қойса, біраздан соң ылғалды бойына тартып көгере бастайды.

Шағылдың сусылдақ жылжымалы құмдарына ала бұту тұқымдасына

жататын бір жылдық өсімдік құмаршық көп өседі. Мұның жасылдау келгені реңсіз, ұсақ гүлдер болады. Құмаршықтың шумақтаным жатқан тамырлары, өзінің өсіп тұрған айналасындағы бірнеше метр жерлердің құмын бекітеді. Құмаршықтың тұқымы ұсақ болғанымен оның белогы және майы көп болады. Сондықтан да кейде мұны жинап алып, жергілікті халық одан жарма жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш Жер асты суы
Ғалымның көлі деп отырғаны қазіргі Арал теңізі
Қазақстанның табиғат зонасы
Өлкенің өсімдік жамылғысы
Қазақстанның табиғи зонасы
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Европа территориясының климатін қалыптастырушы факторлар
Орал тауы туралы мағлұмат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz