Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі


Мазмұны
- Бастауыш мектепте пәнаралық байланыстың құрылымы. Бастауыш сыныпта математика мен информатика элементтерімен жұмыс жүргізу ерекшеліктері. Математика пәнінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыт.
2. ЭЕМ арқылы есеп шығарудың әдімстемелік ерекшеліктері.
2. 1.
Математикалық білім беруде мемлекеттік стандартта жалпы адамзаттың мәдениетті қалыптастыруғы халықаралық, педагогика элементтерін ендіруге, оқуды өмірден ынталандыруға көңіл бөлуде. Оқу бағдарламасы мен оқулықтарға материалдар мазмұны қайта көрсетіліп, жеке тұлғаға бағытталған, ізгілік мәдени тәрбиеге бастьыы назар аударылған.
«Математика» пәнінің білім стандарттары - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысындағы барлық түрлерін ортақ математикасын оқушылардың алатын міндетті білім деңгейін тағайындайтын құжат.
«Математика» пәні бойынша бастауыш білім стандарттарындағы білім мазмұнымен, оның құрылымымен анықтау төмендегідей ұстанымдарды ескеру арқылы жүзеге асырылады.
- ізгілендіру;
- интеграция;
- дидактикалық бірліктерді ірілендіру.
Математикалық білім стандарттарына математикалық білім, білік дағдыларындағы шеру, танымдылық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға еңбекке бейімделу, оқушылардың ақыл-ойының математикалық стилдерін, генетикалық және ерік пен сезімдерге қатыстыларды сапамен дамыту көзделген. Сондай-ақ математикалық білімдерге өмірде қолдануға жан-жақты дайындау арқылы баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруға басымдылық берілген. Сонымен бірге «Математика» оқу пәнінің мақсат, міндеттері, зерттеу объектілері даму болашағы осыған сәйкес бастауыш мектептерде математиканы оқытудың білім мазмұнындағы
- Төменгі сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсаттарына сәйкес;
- бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіншілік өрістеріне сәйкес;
- бірсарынды және орнықсыз қайтымды болдырмай сабақтаса дамытуды қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының дайын болуына орай білімді горизонталь және вертикаль бойынша толықтыра және кеңейте түсіге мүмкіндік беретін сызықты-сатылы және блокты - модульді, құрылымды жүзеге асырады;
- оқушыларды мектепалды дайындықтың нақты деңгейін ескере отырып оқу материалдарының мектептердің бастауыш сатысындағы әрбір сынып бойынша тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді;
- арифметикалық, алгебралық және геометириялық материалдардың пәнаралық үйлесімді байланыста болуын және олардың өзара әсерлесуін және бірін-бірі байланыста түсуін қамтамасыз етеді;
- теориялық және практикалық мәселелердің үйлесімді арақатынасын жүзеге асыру арқылы математикалық заңдар, ережелер мен қатынастардың өмір қажеттілігі мен мұқтаждығынан туындайтынын көрсетіп беруге мүмкіндік жасайды:
- оқу процесін өтілген материалдардың қолдану тиімділігін ескере отырып ұйымдастыруға және ақырғы нақты нәтижеге жетуді бағдарлауға мүмкіндік береді.
Осы қағидаларға негізделе отырып анықталған бастауыш мектеп математикасының базалық білім мазмұны біршама кеңейді.
- Бастауыш сыныптарда оқылатын математика пәнінің базалық мазмұны.
«Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнын төмендегідей бөлімдерден құрылды:
- Теріс емес бүтін сандар мен шамалардың арифметикасы;
- Алгебраның эелементтері;
- Геометрия элементтері;
Сонымен бірге, білім мазмұнында білім беру, оқыту керектігі анықталды.
Бастауыш мектептерде теріс емес сандар арифметикасын оқытып-үйрету толық аяқталмады, оқушылар алгебра мен геометрияның жүйелі курсын оқуға қажетті пропедевтикалық дайындықпен қамтамасыз етіледі.
Әрбір жаңа ұғым оның мән-мағынасын аша түсуге септігін тигізетін іс-әрекеттерге, практикалық жұмыстарды орындаудан және қолдануда бір есептерді қарастырумен байланыста қарастырылады. Сондықтан бастауыш математикалық білім мазмұнында мәтінді арифметикалық есептің жүйесі енгізілген.
Осы тұрғыдан алғанда бағдарламаның басты ерекшелігі бастауыш мектепте теріс емес бүтін сандардың арифметикасын қарастырды.
Бастауыш сыныптарда «Он көлеміндегі сандар», «Жүз көлеміндегі сандар», «Мың көлеміндегі сандар», «Миллиард көлеміндегі натурал сандар» және «ноль саны» тақырыптары біртіндеп кеңейтіле және дамыта отырып қарастырады. Бағдарламада ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімді қатынасы анықталған. Сондай-ақ микрокалькуляторды (көптаңбалы натурал сандар мен арифметикалық амалдарды жазбаша орындауды саналы түрде меңгергеннен кейін) пайдалануға үйретіледі.
Есептеулердің негізіне алынатын заңдары мен қасиеттері табиғи тілдің көмегімен тұжырымдалады және тәжірибеде тікелей қолданылады.
Есептеулер тәсілдеріне үйрету барысында қосу мен азайту, көбейту мен бөлу өзара кері амалдар ретінде қарастырылады. Сондықтан амалдарды орындау және оны кері амалды пайдаланып тексеру оқытылып-үйретіледі. Яғни, мұнда арифметикалық амалдардың арасындағы байланысқа сүйеніп білім-біліктерін ірілендіру ұсынылады.
Бағдарлама маңызды шамалар мен оларды өлшеуді оқытып-үйретудің ондық есептеу жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесі арасындағы байланысқа негізделген жалпы әдістемесін ұсынады:
- нақты шама туралы оқушылардың түсініктерін қалыптасу деңгейін айқындау және сәйкес ұғым мен терминді енгізу;
- біртекті шамаларды салыстыру (сезіну арқылы, көз мөлшерімен, беттестіру арқылы, қандай болмасын шартты өлшеуіштер және т. б. көмегімен) ;
- шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып алынады да, өлшеу барысында қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстыру;
- шаманы өлшеудің жаңа бірлігімен таныстыру және оның практикалық сұранысына қарай енгізілуінің негізделуі;
- өлшеу бірліктерін түрлендіру, яғни олардың бірінен екіншісіне көшу, әртүрлі өлшеу бірліктерінің қатынасын тағайындау;
- өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу. Сандармен орындалатын және шамалармен жүргізілетін арифметикалық амалдар қатар қарастырылады.
Бағдарлама есептердің жүйесін анықтаумен қатар оларды қарастырудың реті мен кезеңдерін, сондай-ақ топтау және сыныптарға бөліну принциптерін, есептерді шешу тәсілдерін (арифметикалық және алгебралық) енгізудің өзіндік әдістемесін анықтайды.
Арифметикалық амалдарды енгізу ретіне қарай есептерді қарастырудың мынадай кезеңдері ұсынылады:
Математикаылқ жаттығудың ерекше түрі ретінде есепті енгізуге дайындық (« . . . кем», « . . . артық», «айырмалық салыстыру») мән-мағынасын ашатын, қосу мен азайту амалдарының белгісіз компоненттерін табуға берілген жәй есептерді шығару, екі-үш амалға берілген есептерді шығару;
Жанама түрде тұжырымдалған қатынастармен байланысты жай есептерді шығару;
Үш-төрт амалмен шығарылатын есептерді қарастыру.
Есептерді шығару барысындағы басты фактор және көрнекілікті қолданудың тиімді жолы оның нақты түрінен абстракты түріне көшуді жүзеге асыру. Сондықтан көрнекілікті мынадай тізбекте пайдалануды ұсынады:
- нақты заттық илюстрация;
- схемалық илюстрация;
- оқушының түсінігі;
- есептің қысқаша жазылуы, тұжырымдамамен жалпы ережеге сілтеме жасау;
- есептің мәтіні (тірек сөздер) .
Оқушылардың математикалық білім, біліктерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту; оқытушылардың өмірі мен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсіл ретінде өздігінен есептер құрастырып шығаруды ұсынады. Осындай шығармашылық жұмыс берілген есепке кері есеп құрастыру және шығару, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру, жай есепті екі және одан да артық амалдармен шығарылатынын есепке түрлендіру. Бастауыш сынып алгебра мен геометрияның жүйелі курсын оқып үйренуге қажетті даярлықтың практикалық негізін құрайтын алгебра мен геометриялық қарапайым түсініктер мен ұғымдарды практикалық білік пен дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Оларға алгебра саласы бойынша «өрнек», «санды өрнек», «санды теңдік және теңсіздік» «санды өрнектіктің мәні», «қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері» яғни теңдеулер құру алқылы есептер шығару және т. б. жатады.
Ал геометрия салысы бойынша «кеңістік туралы түсінік», «геометриялық шамаларды өлшеу», «әр түрлі геомериялық шамалармен танысу» және т. б. жатады. Геометриялық шамаларды оқытып үйретудегі басты назар үшбұрыштың жеке түрлерінің (тең бүйірлі, тең қабырғалы) тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдерін салыстыра қарастырғанда және сол тәсілдің ең тиімдісін анықтауға әр түрлі тәсілдермен салыстыруға болады.
Бұл алгебра мен геометрия элементтері және арифметикалық материалдың табиғи бірліктерін өзара байланысын жүзеге асырудың мейлінше тиімді жолдарының бірі болып табылады. Бастауыш сынып математикасын оқыту базалық мазмұнда көрсеткендей математикалық білім білік дағдыларды жетілдіруде, дамыта түсу мақсатында оқытудың әр жылының соңына қарай өткізілетін қайталаудың өзіндік жүйесі мен әдістемесінде бұрын өткен мәселелерді еске түсіру барысында жаңа мағлұматты қамту арқылы олардың даму процесін қамтамасыз ету көзделеді. Бұл материалдарды салыстыруға, қорытынды жасауға, ұғымдар арасындағы жаңа байланыстар (компьютерлік жұмыс) орнатуға, олардың логикалық желісін жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Математикалық ұғымды және іс-әрекет тәсілін оқытудың әдістемесі әр сабаққа лайықталған оқулық жаттығулардың жүйесі бойынша анықталады. Оқулықтың әр жаттығуы бойынша оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни өз бетінше есеп шығару, есеп құрастыру логикалық ойлау арқылы (компьютермен іс-әрекетін ұйымдастыру) білім білік дағдыларды игерудің негізгі жолы болуы тиіс.
- Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Орта білім бері жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатика пінін оқытудың сапасын арттыру қажет. Олай болса аталған талаптарды жүзеге асыру барысында ол пәннің қай сыныптан бастап оқыту туралы қарастырмақ. Информатика пәнін оқытуды төменгі сыныптарға көшіруде төменгі факторлар негізге алынады:
- кіші жастан балаларды ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- кіші жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту үшін информатика пәнін пән ретінде енгізу;
- кіші жастағы балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында оларды әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне дарлау.
Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды:
- төменгі сыныптарда (2-4 сыныптарда) информатика пәнін оқытудың тұжырымдамалық негізін анықтау;
- төменгі сыныптарда информатика пәнін оқытудың мазмұнын анықтау;
- информатика пәнін оқытуда оқу-әдістемелік кешені мен программалық құралдарын жасақтау;
- информатика пәнін оқыту нәтиждесін анықтау, сыныптарын таңдау.
Бұл міндеттерді бастауыш сыныпта информатика пәнінде мазмұндық құрылымы анықтайды:
1-4 сыныптар үшін оқушылардың логикалық толымдылық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту мақсатында ақпарат, компьютер алгоритм және ақпараттық технологиялар дамытушы компьютерлік ойындар мен алгоритм атқару ортасында қарастырылады.
Аталған процестер 1998 жылдан бастап Қостанай облысының Лисаков қаласындағы аралас мектеп-гимназиясында Қазақстанда информатика пәнін 1-4 сыныптарда жүргізіп келеді. Бұл тәжірибе барысында 1-4 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы жасақталды
Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы оқушылардың ойлаау қабілетін компьютерлік дамыту ойындар арқылы дамыту мен өзіндік танымдық іс-әрекетін ақпараттық ортада қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағдарламаның тиімділігі оқушылар жоғарғы сыныпта информатиканы оқытуға дайын келеді және мемлекеттік білім стандартын терең меңгеруге мүмкіндік береді. Информатика пәнін оқыту арқылы оқушылар ақпараттық мәдіниеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктің материлдық негізін меңгереді.
Ұсынылып отырған информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы орта мектептерде информатика және есептеуіш техника негіздері курсын 1-4 сыныптарға оқытуға арналған.
ЭЕМ-нің басты мақсаты - ақпараттық әлем туралы түсінікті қалыптастыру компьютерді қызметтік құрал ретінде меңгеру, есеп шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту.
- Теориялық бөлім. Мұнда ақпарат және ақпараттық үрдістер ұғымы қарастырылады. Нәтижесінде әлемнің ақпараттық құрылымын көру ақпараттық үрдістерді тану және талдау бірліктерін қалыптастырады.
- Дамыту барысында программалау тіліне кіріспе оқылады. Нәтижесінде алгоритм оларды тарату мен орындау әдістері туралы ұғым қалыптасады. Мазмұны мен әдісі шығармашылық дамытуды мақсат еткен.
- Сарамандық тұрғыда компьютер әмбебап ақпараттық машина екендігі туралы түсінік қалыптасады. ЭЕМ әр түрлі мақсатта қолдану қарастырылады және оқушылар компьютермен қарым-қатынас жасау дағдысын үйренеді.
Алғашқы кезеңде информатика пәнін мектепте оқытудың мақсаты - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілетін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Бұдан білім беруде информатика салысын оқытудың негізгі мақсаттары:
- оқушыларға алгоритм ұғымын түсіндіру, алгоритм жазу түрлерін, негізгі басқару құрылымы туралы білімді меңгерту;
- оқушылардың оқу процесінде компьютерлік текстермен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру
- қолданбалы жеңіл бағдарламамен жұмыс жасау мүмкіндіктерін жетілдіру.
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің бағдарламалық құрылымы негізінен үш бөлімнен тұрады.
- 2-сынып - кіріспе курсы. (Ойын мен есептер)
2. 3-сынып - бастапқы даярлау. (Ақпараттық алгоритмдеу)
3. 4-сынып - даярлау. (Алгоритмдеу негізі)
(1-2 сыныптар) «Ойын мен есептегі информатика» бойынша оқушыларды информатиканың кез келеген курсын дәстүрлі бөлімі алгоритммен таныстыру, ақпаратты өңдеу мен есептер шығаруда алгоритмді орындау және құрастыруды, зат белгілерін, оларды сипаттауды зат құрылымын анықтауды ойын арқылы үйренеді.
«Ойын мен есептегі информатика» курсында алгоритм туралы түсінік, жазылу түрлері, негізгі басқару құрылғылары, күрделі алгоритмдер, параметрлі алгоритмдер, алгоритмді жобалау әдістерінен оқушылар көптеген мәлімет алады. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен жоспар құруға және есептің орындау алгоритмін бөлшектеп түсіндіруге, алгоритмді тесттеуге және қажетті түзетуді енгізуіге үйрене алды.
3-сыныпта «Ақпараттық және алгоритмдеу» бөлімі бойынша компьютердің құрылымын, олардың қызметі туралы толық мағлұмат алады. Ақпарат туралы түсінігін талқылап, табиғаттағы ақпараттармен танысады. Оқушылардың алгоритм туралы түсінігі тереңдетіп оқытылады, негізгі алгоритм құрылымымен (сызықтық, тармақталу, цикл және процедура) танысады.
4-сыныпта «Алгоритмдеу негізі» алгоритм курсы білімін тереңдетуге компьютердің құрылымы және оның жұмыс жасау принциптерін, пернелік тақталармен танысуға бағытталған. Калькуляторды өз қажетіне пайдалану. Қолданбалы графикалық және мәтіндік бағдарламасымен жұмыс жасау тәжірибесін тереңдетеді.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту деңгейіне қойылатын талаптар «алгоритмдеу» мазмұндық желісі бойынша.
Оқушылар нені білу керек:
- алгоритм ұғымын, алгоритм қажеттіліктерін;
- атқарушылық компоненттер жүйесі ұғымын;
- негізгі алгоритмдік құрылымды;
- алгоритмнің әр түрлі жазылу тәсілдерін;
- алгоритмнің жазылу ережелерін.
Ал, оқушының нені үйрену яғни нақты мысал арқылы көрсетуді, әр түрлі тәсілдерін құрауды, алгоритм теруді түзетуде және жұмысқа қосуды т. б. үйрену қажеттілігі көзделеді.
Бағдарламаға сәйкес оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену барысында олар компьютермен жұмыс жасауды және оны басқа пәндерге (айталық математика, сурет, қазақ тілі сабақтарында) қолдана біліп, кескіндер салып үйренуі қажет. Сонымен қатар компьютерді қалай қолдану керектігін, оның көмегімен қажетті бағдарламаларды іске қосуды перне тақтаның негізгі қарапайым көп қолданылатын тетіктерін, мысалы: бағыттамалар ENTER, DELETE, BS, INSERT, т. б. ) графикалық редакторды іске қосуды және онда қарапайым кескіндерді (түзу, үш бұрыш, төрт бұрыш т. б. ) салуды, кескінді бояу мен сақтау жолдарын үйреніп білуі тиіс. Ұсынылып отырған 1-4 сыныптарға арналған бағдарламалар бойынша аптасына бір сағаттан, ал жыл бойына үш жүз он бір сағаттан сабақ жүргізіледі. Барлығы төрт сыныпқа жүз екі сағат. Мұнда қарастырылған тақырыптар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тандалып алынған. Осы аталғандарға сәйкес бастауыш мектепті ақпараттандыру дегеніміз - бұл бастауыш мектепте оқу құралдары есебінде және бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу, дамыту үшін, сондай-ақ оқу процесі мен мұғалімнің жұмысын талапқа сәйкес ұйымдастыру мақсатында оқу үрдісінде ақпаратты, коммуникативті технологияларды енгізу керектігін қарастырады. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Сол себепті де мектепті ақпараттың басты құралы болып табылатын және соған сәйкес бүгінгі күні құрылымдық, мазмұндық жағынан, өзгеріске ұшырап отырған пән - информатика пәні.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оны тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр.
Ресей ғалымы И. Б. Мыловтың пкірінше, бастауыш мектеп оқушыларын қазіргі ақпараттық технологияны оқыту процесын ұйымдастыруды негізгі екі әдістемелік тұрғыда амал ретінде қарастыруға болады.
- Басты мақсат есебінде бастауыш мектеп оқушыларының нақты компьютерлік программамен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері қарастырылады (графикалық, мәтіндік редакторларымен және қолданбалы программамен жұмыс істей білу) . Тәжірибеге сүйенсек, бүгінгі күні бастауыш мектеп оқушыларын қазіргі ақпараттық технологияларға оқытуды ұйымдастырудың бұл әдісі кең тараған.
- Қазіргі ақпараттық технологияларға оқытуды бастауыш мектептегі жаңартудың негізгі мақсатына сәйкес қарастыруды және оқыту пән шеңберінде маңызды дидактикалық аспектілерді ескере отырып жаңа сапалық деңгейде жүзеге асырылады.
- әр баланың жеке дамуына жағдай жасау және оның оқуда, қарым-қатынасты өзіндік тәжірибенің қалыптасып, машық және әлеуметтік белгілердің дамуына ықпал ету;
- дербес оқытуды оқу тапсырмасын бірлесе отырып орындауға біріккен оқушылармен жеке балаларды құрайтын оқу тобын үйлесімді байланыстыра білу туралы айтып оқыту үрдісін жаңарту керектігі жайлы айтылған.
Қазіргі өскелең өмір бұл пәннің мектепке жылдам енуімен қатар ол пәннен берілген білім сапаларын жетілдіруді де талап етеді.
Қазақстанда информатика пәнінің мектепте оқытылу проблемасынын зерттелуі, биыл құрылғанына 70 жыл толғалы отырғанын Ы. Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясында, бұрыңғы педагогика ғылымындағы ғылыми зерттеу институты құрамындағы «Физика математика циклындағы пәндерді оқыту әдістемесі» лабораториясында ф. м. ғ. к., доцент Ж. Қараевтың жетекшілігімен 1990 жылдардан бастап жүзеге асырыла бастады. Сол кездерде қазақ мектептеріндегі информатика сабағында А. Есжанов, Б. Нақысбеков, Ж. Қараевтың дайындаған оқулығы мен әдістемелі құралдары, есептер жинағы пайдаланылады.
Қазіргі таңда мектептерде теориялдық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижесі бүгінгі таңда информатика пәнінің бірнеше кезеңге бөлініп оқытылғаны жөн екендігі дәлелденіп отыр.
Бірінші кезең - пропедевтикалық. Бұл кезеңде, төменгі сынып оқушыларын алғаш компьютермен тастыру өтеді. Қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар программаларын қолдану арқылы оларда компьютердің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең - информатика пәні бойынша оқушылар дайындықтың жалпы білім деңгейімен қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушылар ақпараттық технология құралы мен әдістерін меңгеріп, компьютерді қолдана білу біліктігі қалыптасады.
Компьютерді бастауыш мектептер пайдалану үшін арнаулы кабинетте аптасына бір сабақ өткізіледі. Мұнда сынып оқушысы шағын топшаларға бөлінбей толық оқытылады. Компьютер «электрондық тақта» рөлін атқарып, оған оқушылар кезекпен шақырылады. Олар оқу программасына сәйкес компьютерде программаларды орындау режимінде жұмыс істейді. Сыныпта жұмыс жүргізу үшін сабақты көрнекі түрде өткізу мақсатында компьютерде немесе үлкен экранды теледидарға қосып қою керек. Информатика сабағын басқа пәндермен байланыстыра отырып өткізу үшін, сабақ кестесінде, ол сол пәннің алдында немесе артында қойылуы тиіс.
ІІ. Бастауыш сыныптарда математика мен информатиканы интеграциялаудың ерекшелігі.
2. 1. Мектептегі пәндер интеграциясы.
Білім беру жүйесі жоғары білімді, оның жүйелік, саналық, тереңдік, оңтайлық сапаларын меңгерте, әлем бейнесін, ондағы құбылыстар мен процестердің байланысын, тұтастығын түсіндіріп тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан қазіргі әлемнің саяси, мәдени, ақпараттық интеграциясының дамуын меңгеруді талап етеді.
Мектептегі пәннің дербестігі, олардың бір-біріне әлсіз байланыстары оқушыларда әлемді тұтас бейнесін қалыптастырғанда қиындықтар туғызып, мәдениетті қабылдауды шеттетеді.
Интеграция процесінің тарихи аспектілеріне келсек, ол дифференцияларына тікелей байланысты. Интеграция процесі пәнаралық байланыстың оқытудың жаңа сапалы деңгейінде іске асырылып жоғары формада көрсетеді. Осыдан интеграция процесінің тамыры классификациялық педагогикадағы пәнаралық байланыс идеясымен тығыз байланысты екені байқалады.
Отандық педагогикада ХХ ғасырда білімді интеграциялау жолдарын іздестіре бастады. Соның бірі 1910-1915 ж. ж. Москвада педагог А. И. Папованың бастапқыда ашылған бастауыш мектептеге арналған «Қала мұғалімінің үйірмесі» болды. иМұғалімдер интегративті курсқа пәндерді біріктіру туралы идеялары негізінде өздерінің бағдарламаларын дайындады.
Сондықтан бастауыш мектепте білімдік-тәрбиенің кешен бірлігінде басқа да пәндерді өзіне интеграциялап «бір пән информатикасы оқыту идеясын ұсынды.
1980 жылдың ІІ-і жартысында ғана интегративті тәсілдер білім беруде төмендегідей 4 тұрғыда дамығаны, байланысы маңызға ие болды.
- интеративтік ресурстарға жеке пәннің білімдік мазмұнын біріктіру;
- барлық пәндерде шығармалары дамытатын парадигмаларын зерттеу. (әдіс бойынша интеграция)
- білім беру процесін компьютерлендіру. (технология бойынша интеграция)
- сабақта оқушылармен коммуникативті қарым-қатынас жасау әдістемесін үйрету.
Интеграция педагогикалық құбылыс ретінде дәстүрлі сипатта мектептегі пәндерге тән, әсірсе пәндіп деңгейдегі интеграция болғандығы көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz