Ардагерлерге көрсететін әлеуметтік жұмыстың барысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ,
«ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫДАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР» КАФЕДРАСЫ
Жүсіп Мақсат
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗІМДЕРІ
5В050100-әлеуметтану мамандығы
ТҮРКІСТАН, 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ,
«ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫДАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР» КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді:
Қоғамдық ғылымдар кафедрасының
меңгерушісі, филос. ғ. к., доцент
Ө. А. Малдыбеков
«___»2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗІМДЕРІ
5В050100-әлеуметтану мамандығы
Студент Ж. Мақсат
Ғылыми жетекшісі,
филос. ғ. к., доцент Ө. А. Малдыбеков
ТҮРКІСТАН, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . 4
I. АРДАГЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұғымының мәні мен мазмұны . . . 9
1. 2. Ардагерлерді әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қолданыста болатын заңнамалар ……… . . . . . . 23
1. 3. Ардагерлерге көрсететін әлеуметтік жұмыстың барысы……… . . . 25
II. АРДАГЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ
2. 1. Ардагерлерді қолдау және оларға әлеуметтік көмек берілудің жариялануы……… . . . ……… . . . 31
2. 2. Ардагерлерді әлеуметтендірудегі көкейтесті мәселелер туралы . . . …. . 34
ҚОРЫТЫНДЫ…… . . . . . . 49
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…… . . . 50
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» [1] -деп, қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.
Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.
Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың - қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси - кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.
Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыз рухына бас иеміз. Әрине соғысты, оның қорытындыларын бағалауда әр ұрпақтың өз көқарасы болуы мүмкін. Уақыттың тарихи-саяси оқиғаларды бағалауға, саралауға өз таңбасын салуы - табиғи құбылыс. Бірақ олар түбегейлі, принципті мәселеде өзгермеуі керек. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды.
Әлеуметанушы ретінде біршама талдауларға назар аударсақ: соғыс дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 мил. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 мил. деп есептеледі. Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айрықша болды. Республикамыз халқы қаһарлы жылдары тас- түйіндей бекілді. Қазақстан халқының соғыс қажеттеріне жұмылдырылуы 24% жеткен. Ал екі майданда бірдей соғысқан Германия халқының соғысқа жұмылдырылуы 12 % болған. Осы деректен-ақ тылдағы еліміз залқына қандай ауыртпалық түскенін айқын көруге болады. Салмақ әйелдер мен жасөспірімдерге түсті. Соғыс жылдары өнеркәсіпте еңбек еткендердің 50% жеңіл, сондай- ақ тамақ өнеркәсібінде 85-90%, ауыл шаруашылығында 80% астамы әйелдер болды. Жастар жұмыс істейтіндердің 35-40% құрған. Осындай жұмысшылар құрамымен Қазақстан соғыс жылдары КСРО-да өндірілген молибденнің 60%, металдық висмуттың 65%, полиметалл рудаларының 79%, мыстың 35%, қорғасынның 83% берді. Батыс аудандардан көшірілген 220 кәсіпорынды қабылдап, қысқа мерзімде іске қосты. Өз халқының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы төмен бола тұрса да республикамыз соғыс жылдары орталыққа 4 829 мың тонна астық, 600 мың тонна ет тапсырды [2] .
Республика малшылары Қызыл Армияға 110 мың ат берді, бұл 10 атты әскер дивизиясын құруға жетті. Соғыс өртіне шалынған аймақтардан эвакуацияланған жүздеген мың адамдарды, кейіннен саяси-сүргінге түсіп, депортацияға ұшыраған 1 миллионға жуық әртүрлі этнос өкілдерін қабылдады. Мұның бәрі республикадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды одан әрі күрделендірілгені белгілі [3] .
Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге қол ұшын берді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапыл соғыста Қазақстаннан 1 миллон 600 мыңдай жауынгер жауларға қарсы жан аямай шайқасты. Одақ бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшылар, партизандар, қарапайым халық өкілдері 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы атақ - Кеңес Одағының Батыр атағын иеленеді. Солардың қатарында осы үлкен атаққа қазақ ұлтының 103 азаматы ие болыпты [4] .
Міне оңаймен келмеген жеңіс күніне жеткізген азаматтарды ардақтау парыз. Ел борышы. Сондықтан, оларға деген әлеуметтік көмектер реті мемлекет тарапынан қашанда қаралып отыр. Жыл сайын ардагерлердің қатары азайып, сол майданға қатысқандар легі азайғанмен өз қанымен отанын азат еткендерге деген құрмет арып келеді. Зерттеу жұмысымда осы бағыттағы әлеуметтік процестер ТМД әр бөлігінде әр түрлі қаралғанымен, Қазақ жерінде қашанда өз бағасын ала білген. Сондықтан, бүгінгі ұрпаққа Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағы мен оның халықтарының жеңісінің факторлары туралы айту парыз. Және бұл қолдаулар әр қашанда жүйелі орын алып отырады.
Жұмыстың зерттелу денгейі . Бұл тақырып сонау ежелден зерттеліп келе жатқаны баршамызға аян. Бір қызығы бұл өз құндылығын жоймайтын, әрі қайта-қайта зерттеуді қажет ететін жыл өткен сайын сараптаулар жүргізе беретін аса қызығушылықпен қарайтын жұмыстар қатарында. Әлемде барлық мемлекеттер осы тұрғыда сөз қозғап өзіндік таңбасын қалдыруға тырысып жатады. Оны жас ұрпақ білуі керек. Ол соғыстағы жеңістің қайнар көздері, негіздері мен қозғаушы күштері туралы ондаған, тіпті мыңдаған еңбектер жазылған.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне, Қазақстанның индустриялы, аграрлы ел болып қалыптасуындағы басқару мектебін құрудағы рөлін айту парыз. Отан соғысынан қайтқан жеңімпаздар аса құштарлықпен, адалдықпен, іскерлікпен еңбек етті. Отан соғысы жеңімпаздарының ерекше миссиясы туралы айтқанда ғалымдарымыздың екінші тылдағы ерлігі туралы айту қажет. Белгілі ғалымдар М. Ғабдуллин, С. Аманжолов, С. Бәйішев, А, Нүсіпбеков, С. Зимонов, А. Абдуллин, Ә. Қайдаров және басқалары соғыс кезінде ең қиын сәттерде жауынгерлердің арасына саяси- тәрбие жұмысын жүргізіп, алдыңғы шепте аянбай соғысса, соғыстан кейін ғылымның бүкіл бір саласына бағдар, басшылық жасап, Қазақстанда іргелі ғылымның дамуына ерекше үлес қосты.
Ұлттық акдемияның академиктері атанды. Соғыстың от-майданында жүріп «алты малтаны ас етіп», «толарсақтан қан кеше жүріп», елге жеңімпаз ретінде оралған олар соғыстың ерлік рухын, адам бойындағы бар қасиетке сын болған алапат қиыншылықта өзінің азаматтық арына дақ түсірмей, тіпті дәлірек айтсақ қазақ ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігі, жанкештілігі мен төзімділігі туралы бүгінгі ұрпаққа жеткізген кешегі өткен Бауыржан Момышұлы мен Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев бастаған жазушылар мен ақындардың шығармашылық ерлігін, бүгінгі ортамыздағы қайырымдылық пен әділдіктің, патриоттықтың жыршысы мен күзетшісіндей Әбдіжәміл Нүрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев және басқаларды айту парыз.
1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті берік орын тепті. Кеңес жауынгерлерін өз туының астына топтастырған коммунистік идеология мұрағатқа кетті. Соғыстың қорытындысында қалыптасқан социалистік лагерь, әлем саяси дамуының бағытын анықтаған Ялта бейбітшілік шарты, Варшава шарты ыдырады. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Оған қазақстандықтар мен қазақтар қосқан қасиетті де қаһармандық ерлік үлес - ерлікті біз мақтан тұтамыз. Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді. Олардың ерлігі алдында тағзым етіп бас ию тірілерге қажет.
Ұлы отан соғысы ардагерлеріне жасалу қажет әлеуметтік жұмыстар мәселесі жөнінде еңбектер жазғандардың қатарынан А. В. Зориктуеваның «Социальная защита ветеранов Великой Отечественной войны», Ф. Рахматуллаев, Д. А. Абузярованың «Трансформация системы социальной защиты ветеранов Великой Отечественной войны» атты еңбектерін ерекше атап өту керек.
Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Міне осы бағыттағы зерттеу жасау үшін осы тақырыпта жазғанды орынды деп білемін. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда қадірлеп ұстау үшін әлеуметтік тұрғыдан қолдап отыру керек деп білемін.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - Ұлы отан соғысы ардагерлерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін анықтау. Қойылған мақсаттардан келесі міндеттерді шешу негізделген:
- Әлеуметтік тәрбие беруде ардагерлердің Отан үшін орнын жас ұрпаққа таныту;
- Мемлекет тарапынан ардагерлерге көрсетіліп отырған көмектің қандай болып жатқанын анықтау;
- Ардагерлерді әлеуметтендірудегі көкейтесті мәселелерді анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Ұсынылып отырған диплом жұмысында төмендегідей ғылыми жаңалықтар анықталған:
- Мемлекет құрылымындағы өзгерістер ардагерлерге деген құрметті жоймайды. Арнайы сараланатын әлеуметтік материалдарды қолдану арқылы оның тәрбиелік маңызы анықталды. Бұл қазіргі қоғамда дамушы жастардың санасына үлкен сабақ болары сөзсіз.
- Қазіргі дағдарыс пен жаһандық процесстерді өтудегі рухани негіздердің тарихи қажеттілігі екендігі анықталды. Құндылықтардың құнсыздануы, мәдениеттің құлдырауы сияқты көріністер сараланды. Ұлттық тәлім-тәрбие мен дәстүрлік ерекшеліктерді саралауда ардагерлердің жан қиярлық еңбектерінің ролі анықталды.
- Әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеуші ұйымдар тарапынан жасалған зерттеулерден алынған мәліметтерге қарай жасалған жұмыстар нақты зерттеліп, жаңа ұсыныстар берілді.
Зерттеудің методологиялық негізі болып Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыруы туралы бағдарламасы, Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Халықты әлеуметтік қорғаудың 2010-2015 жылдарға арналған бағдараламасы, Дельпере Н. “Защита прав и свобод граждан пожилого возраста”, “Социальная работа с пожилыми людьми” Е. И. Холостовтың, “Социальное обслуживание пенсионеров и инвалидов. Обзорная информация” және де басқа көптеген еңбектер есептеледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І АРДАГЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұғымының мәні мен мазмұны
Ұлы Жеңіс әкелген құндылықтар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қантөгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқан ағаларымыз бен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтық қорғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айтумегн қатар оларға деген қолдаулар жөнінде айту парыз.
Елбасы, Н. Ә. Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы кейбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам.
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этникалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені ХХІ ғ. табалдырығында «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16% - ы, табиғи қорларға - 20 % - ы, «адам капиталына» 64% -ы тигенін есептеп шығарды [5] .
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарды. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалды: «әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін».
Қоғам ауқымындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.
Роулз критерийіне сәйкес қоғамның жалпы әл-ауқаты оның ең кедей тұрмысты жіктерінің әл-ауқат деңгейімен анықталады. Алайда, үдемелі теңдікке бағытталған саясат, өте қымбат қоғам игілігі ретінде (немесе тиімділіктен айырылу ретінде) қаралуы мүмкін, ондай игілікті тек дәулетті қоғам ғана пайдалана алады. Бұл арада орынды жеткіліктілік қағидасын сақтау ерекше маңызды.
Қазіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен шиеленесуі, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, еңбек етуге мүмкіншіліктің жоқтығы, жеке адамның, қоғамның, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеу жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде.
Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие ден біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық. қүқықтық, экономикалық экологиялық моральдық-этикалық бөімдерін, тәжірибелік іс-әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесінің процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азамат тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекетте өсіп жатқан алам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.
Қазіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен шиеленесуі, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершіліктік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, еңбек етуге мүмкіншіліктің жоқтығы, жеке адамның, қоғамның, ұлттық және мәдени дәстүрлердің өзін шектеу жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде.
Осындай кезеңде жас жеткіншектерге әлеуметтік тәрбие берудің маңызы зор болып тұр. Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этникалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені ХХІ ғ. табалдырығында «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16% - ы, табиғи қорларға - 20 % - ы, «адам капиталына» 64% -ы тигенін есептеп шығарды [6] .
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарды. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалды: әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін [7] .
Қоғам ауқымындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.
Көптеген дамыған елдерде «Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік көмек көрсету» эмпирикалық деңгейде үкімет ұйымдастыратын әлеуметтік бағдарламаларға және мұқтаж адамдарға ақшалай және заттай нысанды бөлінетін қаражаттарға қатысты қолданылады.
Кеңестен кейінгі елдердің қоғамтану әдебиетінде «әлеуметтік көмек көрсету» термині біршама бертінді пайда болды - 90 -шы жылдарда тұрмыс деңгейінің күрт төмендеуі мен халықтың қайыршылық халге түсуі салдарынан ол қоғамға қажетті және әлеуметтік маңызды үдерістің символына айналды [8] . Осы терминді саясаткерлер, құқықтанушылар, әлеуметтанушылар және экономистер көбіне сөздің жай мағынасында пайдаланады. Қарапайым көрінетіне қарамастан, «әлеуметтік көмек көрсету» ұғымы өте көп мәнді және қарама-қайшы.
Сөздің кең ауқымдағы құқықтық мағынасында әңгіме әлеуметтік қатынастар жүйесі туралы қозғалады және әлеуметтік көмек көрсетудің мазмұны іс жүзінде өркениетінде әлеуметтік көмек көрсету механизмі тектес құрам мен отбасылық байланыстардан қазіргі заманғы демократияның заңдастырылған үлгілеріне дейін ұдайы дамып отырды, мұнда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы экономикалық және құқықтық институттардың күрделі кешенімен қамтамасыз етіледі.
Сонымен, санаттарды (категорияларды) құқықтық тұрғыдан қарағанда халықтың әлеуметтік қорғалуының жалпы межелері азаматтарға конституциялар мен өзге де заңнамалық актілерде көзделген әлеуметтік кепілдіктерді береді. Бұл - проблеманың құқықтық аспекті.
Сонымен бірге мемлекеттің барлық азаматтарды тегіс қамтитын әлеуметтік кепілдіктер (тегін тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі бүкіл жүйенің қамқорлығы, еңбекке берілетін құқық, кепілденген зейнетақылық қамсыздандыру және т. б. ) беруге ұмтылуы қоғам мен жеке адам арасындағы қалыпты объективтік-субъективтік байланыстардың бұзылуына ұшыратады.
Жеке адам өздігінен өз қамын ойлауға және өзінің жеке тіршілік әрекеті мен өз балаларының тіршілік әрекеті үшін жағдайлар жасауға ұмтылуды доғарады. Әлеуметтік асырауда болудың феномені туындайды, ол адамның өз күшіне емес, ал қоғамның қолдау көрсетуіне ойсыз бағдар жасауын білдіреді. Ол еркін және саналы субъект ретінде әрекет жүргізуді тоқтатады, яғни даралықтан айырылады да, енжар объектіге айналады. Бұл - шамадан тыс кепілдік берудің негізгі келеңсіз әлеуметтік салдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz