Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс экономикалық контрабандамен
күрестің криминологиялық және құқықтық аспектілеріне, оның әлеуметтік-
экономикалық мәні мен осы қылмыс түрінің көрініс табуының объективтік
формаларын зерделеуге арналған. Зерттеу жұмысында экономикалық
контрабанданың қылмыс құрамына (субъективтік және объективтік белгілері
бойынша), және оны жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктеріне баға
берілген.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан республикасының Конституциясының 2
бабының 2 бөлігінде Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі
бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1].
Қазақстанда 90-жылдары болған экономикалық дағдарыс, өнеркәсіптің төмен
құлдырауы, дәстүрлі шаруашылық байланыстардың үзілуі өнеркәсіп және
ауылшаруашылық өнімдерінің жыл сайын азаюына, сұраным мен ұсыным арасындағы
теңдіктің бұзылуына, отандық халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік
өнімдерінің жұтауына, инфляцияның, нарық бағасының өсуіне алып келді, содан
барып қоғамда әлеуметтік жағдай шиеленісті, елде жалпы криминалдық ахуал
нашарлады.
Тап осы кезеңде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыскерліктен сақтандыру және оның
алдын алу, оның аса қауіпті түрлерімен – ұйымдасқан, рецидивті,
экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күресті күшейту мәселесі аса
маңызды орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев: біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық қайта құру және
демократиялық мемлекет орнату процесі реформа саясатына, қоғамдағы
тұрақтылыққа, азаматтардың өмірі мен әл-ахуалына қауіп төндіретін жойқын
криминогендік процестермен қақтығысатын межеге жетті деген еді [2].
Дегенмен, өндірісті құлдыратқан, халықтың тұрмысын нашарлатқан 90-
жылдардағы ауыр әрі созылмалы экономикалық дағдарыстан кейін 2003–2010
жылдары мемлекет дамуының экономикалық көрсеткіштерінде тұрақтылықтың
біршама көтерілгендігі байқалды.
Бұдан біз елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның ақыры өз
жемісін бере бастағандығын көреміз. Міне, реформаның аз да болса осындай
жетістіктерін қорғау барлық мемлекеттік органдардың, әсіресе құқық қорғау
органдарының басты міндеті. Ал сол міндетті орындау жолындағы ең үлкен
кедергі – экономикалық қылмыстылық, ол мемлекеттің экономикасын әлсіретеді,
өндірістік, қоғамдық қатынастардың ырғағын бұзады.
Экономикалық қылмыстылықтың құрамына қылмыстық заңнамада экономикалық
контрабанда да енгізілген, бұл жалпы ауырлығы орташа қылмыс, бірақ оның
ауырлататын түрлері – мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне, заңды
және жеке тұлғалардың мүдделеріне қол сұғатын, кеден ісіндегі қоғамдық
қатынастарды өрескел бұзатын түрлері ауыр қылмыстарға жатады.
Контрабандалық қызмет мемлекеттің маңызды экономикалық мүдделеріне
нақты қауіп төндіретін қоғамға жат құбылыс қана емес, ол тығыз топтасқан
қылмыстық топтар жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыс түріне айналды.
Статитикалық мәліметтерге сәйкес 2012 жылы 461, 2013 жылы 877, 2014
жылы 896 экономикалық контрабанда қылмысы бойынша іс қозғалған.
Бірақ қылмыстық заңнама экономикалық контрабанданы ауырлығы орташа және
ауыр қылмыстар санатына жатқызғанмен (ҚК-тің 11-бабы), ол қоғам үшін аса
қауіпті болып табылады, ал мемлекеттік шекараны жылына ондаған мың адам
кесіп өтіп жатқанда оның таралу аясы толассыз кеңеюде, ондай қылмыс үшін
жауаптылық мәселесі қылмыстық заң теориясында әзірге шешімін таппай тұр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- қылмыстың осы түрі үшін қылмыстық жауаптылық көзделген қылмыстық
заң талаптарын мүлтіксіз сақтау негізінде экономикалық
контрабандамен қылмыстық-құқықтық күресудің теориясы мен
тәжірибесін зерделеу;
- ҚК-тің 234-бабының нормаларын жетілдіруге бағытталған
тұжырымдар және құқық қолдану органдарында экономикалық
контрабандамен күресудегі саралау мәселелері бойынша
тәжірибелік ұсыныстар жасау;
- зерттеліп отырған мәселеге қатысты қылмыстық заңды теориялық
және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіру
болып табылады.
Осы мақсаттарды орындау үшін олармен байланысты мынадай міндеттерді
шешу жолдары қарастырылады:
- зерттеу тақырыбына қатысы бар барлық ғылыми дерек көздерді, ҚК-
тің 234-бабында бекітілген қылмыстық-құқықтық норманың
бланкеттік негізін зерделеп, сыни баға беру;
- көлеңкелі экономика мен ұйымдасқан қылмыстылықтың феномені
ретінде экономикалық контрабанданың әлеуметтік-экономикалық және
заңдық мәнін ашу;
- экономикалық контрабанданың экономикаға тигізетін барлық
зардаптарын айқындап, сол негізде құқықпен қорғалатын игіліктер
үшін оның қазіргі қырларын жеке-жеке бөліп алу;
- экономикалық контрабанданың негізгі және ауырлататын
құрамдарының элементтері мен белгілерін жан-жақты талдау;
- экономикалық контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық көздеген
қылмыстық-құқықтық норманы ары қарай жетілдіру мүмкіндігін
іздестіру.
Дипломдық зерттеудің объектісі - әлеуметтік теріс құбылыс деп саналатын
экономикалық контрабанда, оның жасалуы себептері мен жағдайлары, көрініс
табуының ерекшеліктері мен сипаты, осы қылмыспен байланысты болған
криминалдық іс-әрекеттердің қылмыстық заңдағы бекімін табуының заңдылық
нысандары жатады.
Дипломдық зерттеудің заты – заң шығарушы ҚК-тің 234-бабында көзделген
экономикалық қылмыстың құрамы ретінде нормаға енгізілген экономикалық
контрабанда және де оның құрылымдық элементтері мен белгілері (негізгі және
ауырлататын), оларды қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан
Республикасының заңдары.
Дипломдық зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізін, қоғамдық құбылыстардың өзара
байланыстылығы, тәуелділік және өзара шарттылық арқылы зерделеудің жалпылай
әдісі, сондай-ақ ғылыми талдау әдістерінің жүйесі: формальды-логикалық,
нақты-әлеуметтік, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, жүйелік және тарихи-
заңдық әдістер жатады.
Зерттеудің нормативтік базасын ҚР Конституциясының негізгі ережелері,
Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңнамасы, Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары,
халықаралық-құқықтық актілер және т.б. құрайды.
Дипломның ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасы 1997 жылғы
қабылданған Қылмыстық кодексінде Экономикалық контрабанда үшін қылмыстық
жауаптылық көзделген норма кешенді түрде зерттеуге алынған жұмыстардың бірі
болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы дипломда келтірілген қорытындылар мен
тұжырымдар заң нормаларын жетілдіру мүмкіндігімен ұштасады.
Дипломда қылмыстық заң нормаларына жан-жақты түсініктеме беріледі және
олар терең талданады және контрабанданың әлеуметтік-экономикалық мәнін
ашуға, оның зиянды жақтарын талдап көрсетуге талпыныс жасалады.
Зерттеу нәтижелері қылмыстың алдын алу шараларын жетілдіруге мүмкіндік
береді.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеудің теориялық
маңыздылығы экономикалық қылмыстарды, атап айтқанда, экономикалық
контрабанданы жасаудың себептері мен жағдайларының теориясын, оның
ауырлататын құрамдарын зерделеу барысында ашылады.
1.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың
негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшеліктері мен
зардаптары
1. Экономикалық контрабанданың криминологиялық ерекшеліктері мен
әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазақстанның тәуелсіздік алуы оның әлемнің көптеген мемлекеттерімен
экономикалық байланыс орнатуына, халықаралық рынокқа шығуына мүмкіндік
тудырды. Сыртқы экономикалық қызметтегі бостандық мемлекеттің бұл саладағы
монополиясын жойды, кәсіпорындар, фирмалар, жеке адамдар шетелдік
серіктестермен тікелей экономикалық байланысқа шықты.
Соңғы жылдары, атап айтқанда, 2010 жылға дейін республикада
бірлескен кәсіпорындар саны қарқынды өсті, әлемнің аса ірі компанияларының
(Chevron, BP, DHL, CNPC және басқалар) өкілдіктері ашылды, табиғи
ресурстарды бірлесіп игерудің, ішкі заттар мен материалдарды өңдеудің,
аграрлық секторға озық технологияларды енгізудің және т.б. жобалары
жасалып, іске асырылды.
Қылмыстылықтың және оның формаларының өзгеруі қоғам өмірінің
экономикалық жағдайларына, қылмыстық іс-әрекеттерді жою үшін биліктің
қандай әдістерге және құралдарға жүгінетіндігіне байланысты қоғамдық
қатынастар сипатының өзгеруі қылмыс ұғымын өзгертеді, оның күйіне,
құрылымына және динамикасына ықпал етеді.
Ел экономикасының дамуында шешуші рөл атқаратын маңызды салалардың бірі
– сыртқы экономикалық қызмет. Бұл саладағы монополияны жою әртүрлі
мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы рынокқа еркін
шығуына, көптеген халықаралық бірлестіктердің, қорлардың және бірлескен
кәсіпорындардың құрылуына мүмкіндік берді.
Жаңа сыртқы экономикалық қатынастарға көшу тәжірибесі көптеген келеңсіз
құбылыстардың бетін ашты, кеден заңдары, қылмыстық және әкімшілік заңдары
бұзыла бастады, ол мемлекетке экономикалық зиян, саяси нұқсан келтірді.
Экономикалық қылмыстылық ұғымы ұйымдасқан қылмыстылық немесе
қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастыру сияқты ұғымдармен қоса ғалым-
заңгерлер мен құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметкерлерінің ұдайы
аузында жүретін болды. Бұл қылмыстар қылмыстық-құқықтық саралауда
пайдакүнемдік құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жатады. Бірақ ұрлық, тонау,
қарақшылық сияқты қылмыстармен салыстырғанда бұл қылмыстарды, әдетте,
мүлікке заңды негізде қолын жеткізе алатын адамдар жасайды. Олар
тауарларды, материалдық басқадай құндылықтарға билік етуге заңды құқығы бар
материалдық-жауапты, лауазымды адамдар немесе жеке тұлғалар (автордың
ескертуі – жеке кәсіпкерлер) [3, 225 б.].
Экономикалық қылмыстылыққа кезінде әртүрлі анықтама берілді, бірақ
солардың ішінде 1940 жылы Э. Садерленд берген анықтаманы айта кету керек:
Экономикалық қылмыстылық дегеніміз – әлеуметтік мәртебесі жоғары құрметті
адамдардың өз кәсіби міндеттері шегінде және өздеріне көрсетілген сенімді
бұзып жасайтын құқық бұзушылығы [4, 51 б.].
1939–1945 жылдары америкалық ғалым М. Кайнар зерттеулер жүргізіп,
қойылған шектеулер мен белгіленген нормаларды бұзудың нәтижесінде
тұтынушылар мен салық төлеушілердің жалпы қылмыстылықтан келетін шығыннан
неше есе артық зиян көргендігін анықтаған. Швед криминологы
Б. Свенсон экономикалық қылмыстылыққа мынадай анықтама береді: Осы іс-
әрекеттің өзінің негізгі құрайтын шаруашылық қызметтің шегінде жүзеге
асырылатын созылмалы, жүйелі, жазаланатын, пайдакүнемдік сипаттағы іс-
әрекет.
Экономикалық өзгеріске байланысты экономикалық қылмыскерлік те біршама
өзгеріске ұшырады. Меншіктің жаңа формаларының пайда болуы, экономиканың
нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуі, әлемдік экономикаға бірігу
криминалдық жағдайды ушықтырды.
Экономикалық қылмыстар мәселесін қарастырғанда олардың объективтік те,
субъективтік те себептермен көбіне жасырын жасалатындығын ескеру керек.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың көбейіп отырғандығы соңғы
жылдары олардың бетін ашу жұмыстарының қарқынды жүргізілуімен
байланысты[5].
Экономикалық қылмыстылықтың жиынтығын құрайтын экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстарға криминологтар баса назар аударып отыр. Экономикалық
қылмыстылықтың әлеуметтік қауіптілігі сонда, ол қоғам институттарына теріс
ықпалын тигізеді, мемлекеттің материалдық негізі – экономиканың ырғақты
жұмысын бұзады.
Экономикалық қылмыстар мемлекетке елеулі мүліктік зиян, ал қоғамға
моральдық зиян келтіреді. Олар экономикалық реформаның жүзеге асырылуына
кедергі болады. Экнономика саласында қылмыс жасайтын адамдар басқалардың
моральдық-психологиялық көңіл-күйін бұзады, олардың реформаға деген
сеніміне күдік тудырады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты экономикалық қылмыстардың
мынадай жаңа түрлері пайда болды:
1) ақпараттандыру ережелерін бұзу;
2) Қазақстан Республикасының мүдделеріне қайшы мәмілелер жасасу;
3) валютаның немесе асыл тастар мен металдардың заңсыз айналымымен
байланысты әртүрлі қылмыстар;
4) Қазақстан Республикасының кеден, монополияға қарсы және салық
5) заңдарын бұзу;
6) жалған банкроттық, жалған кәсіпкерлік, банкроттықты жасыру және
басқалар.
Сонымен, экономикалық қылмыстылық дегеніміз – қоғам институттарына
теріс ықпал ететін, мемлекеттің материалдық негізі – экономиканың қалыпты
жұмысын бұзатын әлеуметтік теріс құбылыс екен [6, 45 б.].
Онда бірнеше ерекшеліктер бар:
- мемлекетке экономикалық қылмыстан келетін зиянның деңгейі;
- жасырындылық;
- кейбіреулерде жартылай криминалдық менталитет қалыптастырудың
заңсыз тәсілдері;
- онда, негізінен, ұйымдасқандық сипат бар;
- қылмыстардың көп құрамдылығы және көп оқиғалылығы.
Бұл ерекшеліктерді жеке-жеке қарастырайық.
1. Мемлекетке экономикалық қылмыстан келетін зиянның деңгейі.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардан келетін экономикалық зиян
қазіргі кезде жан-жақты зерттелген жоқ, ал ондай қылмыстардың жасалу
тәсілдері мен озбырлық объектілерін талдау арқылы мемлекетке одан жалпы
қылмыстық іс-әрекеттерге қарағанда қанша есе көп зиян келетіндігін айту
қиын. Мысал үшін қылмыстың пәтерден мүлік ұрлау және кәсіпорыннан (меншік
формасына қарамай) азық-түлік ұрлау сияқты түрлерін салыстырайық.
Біріншіден, ұрлық көбіне бір оқиғадан тұрады, жәбірленуші одан шамамен
400 000 теңге зиян көруі мүмкін (қымбат мүлік, тұрмыстық техника және т.б.
ұрланып), ал кәсіпорыннан ұрлау көп оқиғалы болуы мүмкін (ұрлық ұзақ
уақытқа созылса), ол жәбірленушіге және оның жақындарына (яғни, бір немесе
бірнеше жеке тұлғаға) жалпы қылмыстық іс-әрекет сияқты моральдық зиян
келтіреді, ал экономикалық қылмыс бүтіндей әлеуметтік топтың, ол жайында
хабардар адамдардың құқықтық санасына қатты теріс әсерін тигізеді.
2. Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы. Экономикалық
қылмыстардың көпшілігі азаматтардың немесе басқа адамдардың арызы бойынша
емес, өкілетті органдардың қылмыс факторларын ашуы нәтижесінде айқындалады.
Айта кету керек, орташа өндірістік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін
толық тексеру бір жылға немесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, сот-
бухгалтерлік сараптама да көп уақыт алады. Қылмыстың бұл түрін мүлікті
басқаруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге уәкілетті адамдар жасайды.
Өте жасырындылық, шынын айтсақ, бұл қарастырылып отырған қылмыстардың
барлық түрлеріне бірдей таралмайды. Жалған ақша шығару,
алаяқтық, жалған төлем құжаттарын пайдалану сияқты қылмыстарды, олардың
ұйымдастыру деңгейі төмен болғандықтан және қастандық жасалатын объектіге
мемлекет тарапынан бақылау күшті болғандықтан, тез анықталады және толықтай
ашылады.
Ал иемдену немесе ысырап жасау арқылы ұрлау, ақпараттандыру ережесін
бұзу, жалған банкроттық, жалған кәсіпкерлік, банкроттықты жасыру, салық,
кеден және монополияға қарсы заңдарды бұзу сияқты ұйымдастырылу деңгейі
жоғары құрамдардың жасырындылығы да өте күшті, олардың келтіретін зияны да
көп. Экономикалық қылмыстылық құрамында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп
саласында тауар-материалдық құндылық өндірумен байланысты қылмыстар алда
келеді.
3. Кейбіреулерде жартылай криминалды менталитет қалыптастырудың заңсыз
тәсілдері. Қазақстан халқының едәуір бөлігі соңғы жылдары сауда-саттықпен
айналысуда (ел ішінде де, челноктық бизнеспен шетелдерге барып та).
Зерттеу көрсетіп отырғандай, олардың көбісі шын табысын жасырады, салық
төлеуден жалтарады, кеден заңдарын бұзады.
Қоғамдағы қиын жағдай көп адамдарды, әсіресе жастарды ұсақ, формальды
емес кәсіпкерлік пен қылмыстылық арасында қалдырып отыр.
4-5. Экономикалық қылмыстардың ұйымдасқандық, көп құрамдық және көп
оқиғалық факторлары. ТМД аумағында ұйымдасқан қылмыстылықтың экономиканың
барлық саласында бар екендігіне байланысты бұл факторлар өзара тығыз
байланысып кеткен.
Экономикалық қылмыстылық, бір жағынан, криминалданған экономикалық
қатынастардың жалғасы болып табылады, ол – шаруашылық қызмет үшін
пайдаланылатын меншікке, экономикалық үдерістерді басқарудың белгіленген
тәртібіне және азаматтардың экономикалық құқықтарына экономикалық
қатынастар жүйесінде белгілі бір функция атқаратын адамдар тарапынан
жасалатын пайдакүнемдік озбырлықтардың жиынтығы.
Стратегиялық шикізаттар мен энергиялық ресурстардың едәуір қоры бар
Қазақстан үшін экономикалық контрабандамен күрестің маңыздылығы зор.
Экономикалық контрабанда елдің экономикасын тұрақсыздандырады, қоғам
жүргізіп жатқан экономикалық реформаның жүзеге асырылуына кедергі
келтіреді, мемлекеттіктің негізін бұзады, ол лауазымды адамдарды заңға
қайшы әрекеттерге итермелейді, ұйымдасқан қылмыстылықтың өріс алуына
себепші болады.
Экономикалық контрабанда экономикалық қылмыстардың ең қауіптілерінің
бірі. Ол ҚК-тің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес ауырлығы орташа қылмысқа
жатқызылады, ал оның айрықша ауыр түрі (234-баптың 3-бөлігі) ауыр қылмысқа
жатады. Қылмыстардың бұл тобын қылмыстық заң, теория мен тәжірибе
экономикалық деп атайды (Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар),
дұрысы оларды экономикаға қарсы қылмыстар деу керек еді.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 18.07.1997 жылғы Контрабанда үшін қылмыстық
жауаптылық туралы заңдарды қолдану практикасы туралы №10 қаулысының 1-
тармағына сәйкес жасағаны үшін жауаптылық ҚК-тің 234-бабында көзделген
экономикалық контрабандада мемлекеттің экономикалық мүддесі тектік және
тікелей объект болып табылатындығын соттар ескеруге тиіс... [7, 105 б.].
Экономикалық контрабанданың әлеуметке жат бағыттылығын, зиян келтіру
қабілетін, оның заңмен қорғалатын мүдделерге қарсы қастандығын анықтайды,
ол жаңа Қылмыстық Кодексте айқын берілген. ҚК экономикалық контрабанданы
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың біріне жатқызады. Сонымен
заң шығарушы экономикалық контрабанданы қылмыстардың қай тобына жатқызу
керек екендігі туралы таласты тоқтатты.
ҚК-тің Ерекше бөлімінің құрылымында көрініс тапқан мұндай бағалауға,
біріншіден, кез келген мемлекеттің кең және өмірлік маңызы бар экономика
саласында экономикалық контрабанданың шектелген салада жасалуы; екіншіден,
оның құнды экономикалық мүдделерге қарсы бағыттылығы; үшіншіден, оның
қоғамға қауіптілік деңгейінің жоғарылығы негіз болды.
Осыған байланысты айта кету керек, отандық қылмыстық заңнаманың
кеңестік даму кезеңінде, тіптен 1997 жылғы жаңа Қылмыстық Кодекс
қабылданғанға дейін контрабанда (кейін экономикалық контрабанда және
контрабанда болып бөлінді) заңда және қылмыстық құқық теориясында
мемлекеттік қылмыс деп қаралды. Мұндай көзқарас құқықтық санада берік
ұялады, кеңестік және ресейлік ғалым-криминалистердің көпшілігі
контрабанданы өзінің мәнісі жағынан мемлекеттік қылмыстарға жатқызады.
Мысалы, Е. Алауханов контрабанданы мемлекеттік қылмыстар тобына
кіргізді, онда елдің экономикалық қауіпсіздігін бұзуға қабілет бар деп
санады [8, 34 б.].
Ондай қасиет бар, бірақ ол контрабанданы мемлекеттік қылмыстар қатарына
жатқызуға негіз бола алмады, себебі бұл ретте кейбір объективтік, ең
бастысы – субъективтік факторлар толық ескерілмей қалады, мысалы, айыптының
іс-әрекетіне бағыт берген сылтауда мемлекеттің экономикалық тұғырын бұзу
мақсаты жоқ. Ал экономикалық қылмыстардың қайсысы болмасын мемлекеттің
экономикалық қауіпсіздігіне азды-көпті нұқсан келтіреді, қандай да бір
зиянын тигізеді. Бірақ бұл факт оларды ҚК-тің Ерекше бөлімінің Мемлекеттің
конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деп аталатын
5-тарауының нормаларына сай мемлекеттік қылмыстар қатарына жатқызуға негіз
бола алмайды.
Экономикалық контрабанданың экономикаға қарсы сипатынан кең көлемді,
көп таралған және әлеуметтік тамырын терең жайған көлеңкелі экономика
айқын көрініс табады.
Бұл мәселе жөніндегі отандық және ресейлік ірі мамандар экономиканың
көлеңкелі жағы өз шегіне жетті деп отыр. Егер жалпы ішкі өнімдегі заңсыз
сектордың үлесі батыс елдерінде – 5-10% құраса, ол Қазақстанда – 18%,
Ресейде – 23% екен. Бұл көрсеткіш көлеңкелі экономика кең тараған Латын
Америкасы елдерінің көрсеткіштерімен шамалас. Бұл құбылыстың Қазақстан
Республикасында шарықтап шегіне жеткендігін ЭСҚК Агенттігі де растап отыр.
Мысалы, Ресейде сыртқы сауданың, яғни тауарлардың импорты мен
экспортының көлеңкелі экономикадағы үлесі 2002 жылы 53%-ға жеткен
(өнеркәсіп – 11%, көлік және байланыс – 9%, құрылыс – 8%).
Бұл сауда саласында тіркелмейтін қызметтің басым екендігін көрсетеді.
Мұндағы бас кәсіпкерлер – челноктар. Олардың импортының көлемі 2001
жылы 10 млрд АҚШ долларына жеткен. Ресейдің Статистика жөніндегі
мемлекеттік комитетінің ресми мәліметі бойынша, ол киімнің ішкі тауар
айналымында – 76%-ға, трикотаж бұйымдарында – 68%-ға, аяқ киімде – 61%-ға
жеткен. Заңсыз табыс 2002 жылы 170 трлн рубльге бағаланған, ол көлеңкелі
айналымның Статистикада есепке алынғанының жартысы ғана.
Көлеңкелі экономиканың контрабанданың етек алуымен тікелей байланысты
бұл элементі капиталды шетелдерге қарай ағызудың күшті арнасына айналып
отыр.
Кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, бұл арнамен
келетін тауар импортының ресми көлемі барлық импорттың 35-40%-ын құрап
отырғандығын көреміз. Челноктар елден декларация жасалмаған шетел
валюталарын, антиквариат, мәдени құндылыққа жататын өнер шығармаларын алып
шығады. Жылына 1-2 млн челнок Қазақстанның кедендік шекарасын екі бағытта
кесіп өтеді екен. Олардың жұмыс істеу сызбасы жақсы қалыптасқан: валютаны
шетелге алып барады, онда сатып алған тауарды Қазақстанда сатады, түскен
ақшаны валютаға айналдырып, ол валютаны шетелге алып шығады, ары қарай
сызба қайталанады.
Бұл жағдайды көлеңкелі экономиканы, оның ішінде криминалды сыртқы
экономикалық қызметті зерделеуші экономистер де айтып отыр. Олар былай
дейді: ... құқық қорғау органдарының мәліметтері адам түршігерлік, ал
нақты жағдай одан да бетер. Экономикалық қылмыстылық, әсіресе контрабанда
жасырын жасалады, көбісі ашылмайды.
Мысалы, ресми мәліметтерге қарасақ, 90-жылдардың басында экономикаға
орасан зиян келтіретін ауыр қылмыстардың 5-10%-ға жуығы ашылса, бұл
көрсеткіш қазір 1-3%-ды ғана құрайды екен.
Экономикалық контрабанда, негізінен, жасырын жасалатындықтан қандай
тауардың қанша көлемде шекара арқылы заңсыз өткендігін анықтау мүмкін емес.
Бірақ кейбір статистикалық мәліметтер ептеп ұғым береді.
Біраз уақыт бұрын Статистика агенттігі автомобильдер экспорты, импорты
туралы ресми мәліметтерді Жол полициясы басқармасындағы мәліметтермен
салыстырған, нәтижесінде жылына 5-6 мың автомашинаның мемлекеттік бақылауды
жанай өтіп (көбіне Ресей арқылы), Қазақстанға келетіндігі анықталды.
Тауардың елге контрабандалық жолмен өтуі мемлекетке материалдық зиян
келтіреді және мұндай экономикалық қылмыс жасаған адамдар жазасыз қалады.
Бұл жағдай елдің сыртқы экономикалық секторының криминалдануына алып келді.
Егер Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Тергеу бөлімшелері ҚК-тің 64-
бабы бойынша 1988 жылы бір қылмыстық іс қозғаған болса, бұл көрсеткіш 1989
жылы – 12, 1991 жылы – 21, ал 1993 жылы – 40 болған. 1995 жылы соттарға
осындай қылмыстар туралы 117 іс түссе, 1996 жылы 142 қылмыстық іс түскен.
1997 жылдың 10 айында республикада тауарлар мен құндылықтардың заңсыз
айналымына қатысты 313 қылмыс тіркелген. Бас Прокуратураның мәліметтеріне
қарағанда, қылмыстың бұл түрі Алматы қаласында (40 факты), Жамбыл облысында
(37 факты), ШҚО-да (32 факты) және Алматы темір жолы қызмет көрсететін
теміржол зонасында кең таралған көрінеді. Бұлардың 105 жағдайында – кеден
органдары, 64 жағдайында – Мемлекеттік тергеу комитеті, 36 жағдайында –
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 4 жағдайында – прокуратура, қалғандарында –
салық полициясы органдары (қазіргі қаржы полициясы) қылмыстық іс қозғаған.
Экономикалық бағыттағы қылмыстардың Қазақстандағы барлық қылмыстар
құрамындағы үлесі мынадай:
Бұл келтірілген мәліметтер сыртқы экономикалық қызмет саласындағы
шынайы жағдайды, жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы алып өтетін
тауарларының көлемін нақты көрсете алмайды, дегенмен құқық қорғау
органдарының контрабандамен күресті біршама жандандырғанын байқауға болады.
Ал контрабанданың заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды да заңсыз
экономикалық іс-әрекетке итермелейтіндігін ұмытпау керек.
Бұған қатысты А.С. Никифоров былай дейді: ... қылмыстық қызмет, оның
ішінде контрабанда біздің экономиканың құрамдас бір бөлігіне айналды, оған
криминалдық сипат беріп отыр [9, 90 б.].
Экономикалық қылмыстылық динамикасының 2010 жылға дейінгі
криминологиялық болжамы, соңғы 6-7 жылда контрабанданың ашылуы 9 есе
өскенмен, көңіл жұбатарлықтай емес. Екінші жағынан, қылмыстың бұл түрінің
өте жасырын жасалатындығы себепті, оның нақты жағдайын басып айту қиын және
бұл қылмыста жәбірленуші де, куәлер де, тіптен қылмыстың ізі де жоқ және
контрабанда операциясы алдын ала мұқият ойластырылып жасалады.
Қылмыскерлікпен күресте Қазақстан Республикасы БҰҰ-мен, Еуропа
Кеңесімен, өзге де мемлекеттермен, мемлекетаралық ұйымдармен қарым-
қатынастық байланыста болғанмен, қазіргі кезде оның құқық қорғау
органдарының ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестік
мәселесі аса маңызды болып отыр.
ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының, мемлекеттік билік және басқару
органдарының жұмысындағы саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және
ұйымдық қателіктерді пайдаланып, қылмыстық орта өзінің ортақ криминалдық
өрісін құрды, өзара топтасып, экономикалық құрылымдардың едәуір бөлігін өз
бақылауына алды.
Соңғы бірнеше жыл бойы қылмыстылықтың ТМД елдеріндегі динамикасы мен
құрылымында олардың экономикалық дамуына және ұлттық қауіпсіздігіне нақты
қауіп төндіретіндей ұқсастық бар. Жылдан жылға трансұлттық қылмыстар саны
өсуде, бандитизм, тапсырыспен адам өлтіру, қару-жарақ және есірткілер
контрабандасы, экономикалық контрабанда және қаржы алаяқтығы көбеюде.
Ұлтаралық қылмыстық байланыстар нығайды, нақты жолға қойылды. ТМД
елдерінің мемлекеттік билік және басқару органдары, үкіметаралық және
мемлекетаралық ұйымдары қылмыстылыққа пәрменді шаралар қолданып, қарсы
тұрмайды.
ТМД құрылған кезден бастап қылмыскерлікпен, әсіресе экономикадағы
қылмыскерлікпен күрес ТМД-ға кіретін елдердің бірлескен қызметінің аясына
жатқызылды, ол Вискули келісімінде және Достастық жарғысында заңдық бекімін
тапты.
Мысалы, 1993 жылғы 12 наурызда Мәскеу қаласында ТМД үкіметтері
басшыларының Кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдасқан
қылмыспен және қылмыстың өзге қауіпті түрлерімен күресудің бірлескен
шаралар Бағдарламасын қабылдады. Бағдарламада 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск
қаласында мемлекет басшылары қол қойған Азаматтық, отбасы және қылмыстық
істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция
Достастық мемлекеттерінің Ішкі істер органдарының ынтымақтастығы мен өзара
әрекеттестігі үшін құқықтық негіз болады делінген.
Бағдарламада ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-тәжірибелік мәселелердің екі
тобы берілген.
Ұйымдық-құқықтық мәселелер мыналарды қарастырады:
- ТМД шегінде ұйымдасқан қылмыспен және қылмыстың басқа да қауіпті
түрімен күресті үйлестіретін тұрақты орган (комиссия) құру,
мәліметтердің мамандандырылған банкін қалыптастыру, аса ауыр
қылмыс жасап, қашып жүрген адамдарды мемлекетаралық іздестіру
жұмысын жүзеге асыру, ТМД-ның бірнеше мемлекеттерінің мүддесіне
қатысты кешенді операциялар жүргізгенде өзара келісілген
әрекеттер жасау, ұлтаралық қылмыстылықпен күресу жөнінде
ұсыныстар даярлау;
- ұйымдасқан қылмыстылықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес
туралы, мемлекеттік қызмет туралы, қылмыстық жолмен тапқан
табысты тазартумен күрес, ондай табыстарды іздеп тауып,
тәркілеу туралы, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және
қылмыстық үдеріске қатысушыларды қорғау туралы, жедел іздестіру
қызметі туралы заңдар қабылдау қажеттігі жайында ұсыныстар
даярлау;
- ұйымдасқан қылмыстық топтармен, қару-жарақтың, жарылғыш
заттардың және радиоактивтік заттардың заңсыз айналымымен күресу
саласындағы ынтымақтастық туралы, тергеу-оперативтік топтардың
өзге мемлекеттер аумағындағы өзара әрекеттестігі, Ішкі істер
органдарының, кеден қызметі мен шекара әскерлерінің өзара
әрекеттестігі туралы, әуе көлігіндегі және көлік
коммуникацияларындағы лаңкестікпен күрес саласындағы, банк
жүйесі мен сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен
күресу жөнінде және де есірткінің заңсыз айналымымен күрес
саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімдер
жасасу [10, 212 б.].
Бағдарламада көзделген ұйымдық-тәжірибелік шаралар мына бағытта
жүргізілуге тиіс:
- бандитизммен және қарулы қылмыстылықпен күрес (басшыларын, ықпал
ететін аумағын анықтау, қаруды алатын көздерін айқындау, ТМД
елдеріндегі бандиттік топтар жайындағы мәліметтерді талдау);
- үйлестірілген кешенді операциялар жүргізу (келіп-кететін
қылмыстық топтарды айқындап, олардың жолын кесу, автомобиль
жолдарында қарақшылық жасап жүрген бандиттік топтарды айқындап
әшкерелеу, темір жол объектілерін тонаушы топтарды жою);
- қару-жарақ ұрлау, заңсыз сату сияқты қылмыстармен күресудің
бірлескен шараларын іске асыру;
- жалғаспалы ауыр қылмыстардың ашылуына бірлесіп бақылау жасау;
- автомобиль ұрлауға маманданған қылмыстық топтарды бірлескен
шаралар жүргізіп қолға түсіру;
- есірткі бизнесімен күрес;
- экономика саласындағы қылмыстылықпен күрес (құрылыс шикізаттары
мен материалдарын сыртқа шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдардың
сыртқы экономикалық қызметіне бақылауды күшейту, мұнай
өнімдеріне, түсті және сирек кездесетін металдарға қатысты
заңсыз мәмілелердің жолын кесу;
- Достастыққа қатысушы мемлекеттерден энергия көздерін, мәдени
құндылықтар мен валюталарды заңсыз алып шығатын жолдарды
айқындау
мақсатында бірлескен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- банк жүйесінде алаяқтықпен айналысатын тұрақты қылмыстық
топтардың қызметі жайындағы материалдарды жинақтап қорыту,
мұндай қылмыстардың ұйымдастырушыларын табу мақсатында ТМД
елдерінде үйлестірілген жедел іздестіру шараларын жүргізу;
- ақшаның мемлекеттер арасында жүруін бақылайтын банк жүйесін
құру.
Бұл бірлескен бағдарламаның көптеген позициялары орындалмады. Оған
мынадай мән-жайлар себеп болды:
- бағдарламаны орындау мерзімі өте қысқа – 1 жыл;
- бірлесіп шешілуі тиіс мәселенің ғаламдық масштабы;
- бірлескен жұмыс тәжірибесінің жоқтығы;
- ынтымақтастық үшін құқықтық базаның жоқтығы;
- олардың мүдде ерекшеліктеріне қарамастан іс-шаралармен ТМД
елдерінің барлығын қамтуға талпыныс;
- бірлескен әрекеттердің материалдық-техникалық базасының жоқтығы;
- ТМД елдерінің кейбір аймақтарындағы саяси және әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық;
- тараптар арасында міндеттердің айқын бөлінбеуі;
- кешенді мәселелерді бір-екі министрліктің күшімен шешуге ұмтылу;
- бағдарламаның орындалуына бақылаудың болмауы.
1996 жылы ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесі ТМД Жарғысының 4-бабына
сәйкес және қылмыскерлікпен күресте бірлескен ұтымды әрекет жасау
мақсатында 1997–2000 жылдарға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер
аумағында ұйымдасқан қылмыстылықпен және қауіпті қылмыстардың өзге
түрлерімен күресудің бірлескен шараларының Мемлекетаралық бағдарламасынң
бекітті.
Бұл бағдарламалық құжатты қабылдаған мемлекеттер басшылары Достастық
елдеріндегі қылмыскерлік жағдайының нашар екендігін атап өтті. Ұйымдасқан
қылмыстық топтар жасайтын трансұлттық сипаты бар ауыр қылмыстардың барлық
жерде етек алғандығы байқалады. Лаңкестік, қылмыстық табыстарды заңдастыру,
қару-жарақ пен есірткі контрабандасы, мәдени құндылықтар мен стратегиялық
материалдардың экономикалық контрабандасы, жалған ақша шығару,
автомобильдер ұрлау, қаржы және сыртқы экономика саласындағы, оның ішінде
ақпараттық-есептеу техникасын және ең жаңа төлем құралдарын пайдаланған
қылмыстар, тапсырыспен адам өлтіру және басқадай қылмыстар кең етек алды.
Бағдарламада, сонымен қатар, ТМД елдерінде қабылданған шаралардың
қылмыстық іс-әрекеттерге бара-бар еместігі, өзара үйлестіріліп
келісілмегендігі, мұның трансұлттық ұйымдасқан топтардың әлеуметтік-
экономикалық және қаржы салаларына енуіне мүмкіндік беретіндігі аталынды.
Сондықтан да мемлекеттердің ақпаратпен қамтамасыз етілуін жетілдіруге,
құқықтық бағаны нығайтуға, құқық қорғау және басқа органдардың ТМД
елдерінің экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғушылармен күресте нақты
келісілген шаралар жүргізуге бағытталған мемлекетаралық әрекеттер керек
деген тұжырым жасалды.
1993 жылғы Бағдарламаға қарағанда 1996 жылғы Бағдарламада ТМД
елдеріндегі криминогендік жағдайдың талдамалары мен қылмыстылықтың даму
болжамдарына, ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, қылмыстылықтың ұйымдасқан
формасымен күресу тәжірибесіне баса назар аударылған. Бұл жерде ТМД елдері
құқық қорғау органдарының осы бағыттағы бұрынғы бірлескен әрекеттерінің
тәжірибесі де ескерілген.
Бұл мемлекетаралық бағдарлама ұйымдық-құқықтық мәселелерді, ұйымдық-
тәжірибелік іс-шараларды, ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етуді,
материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді, бақылау тетігін
қарастырған алты бөлімнен тұрады.
Қазіргі кезде ТМД елдеріндегі қылмыстылықты салыстырып талдау
әдістемесі жоқтың қасы, бұл мәселені бірлесіп зерттеудің мақсаты мен
міндеті анықталмаған, материалдық-техникалық база жоқ. Соған байланысты,
бәрінен бұрын, ТМД елдеріндегі қылмыстылықты зерделегенде салыстырмалы
көрсеткіштердің параметрлерін анықтау керек.
Оған мыналар жатады:
- қылмыстылықтың жайын, құрылымы және динамикасын бейнелейтін
жалпы сипаттама, қылмыстылықтың өзгерісін анықтайтын
заңдылықтар;
- қылмыстылыққа, аймақтардың экономикалық және саяси сипаттамасына
әсер ететін географиялық және саяси жағдайлардың сипаттамалары;
- идеологиялық, әлеуметтік-психологиялық және ұлтаралық құбылыстар
мен күрестердің сипаттамалары;
- қылмыстылықпен күресті реттеу және оның тәжірибесі саласындағы
жағдайдың сипаттамасы.
Бүгінде қылмыстардың салыстыратын құрамдарының ауқымы туралы мәселені
дұрыс және толық шешудің криминология теориясының және ТМД шегінде
қылмыскерлікпен күресу тәжірибесінің бұрынғысынан да маңыздылығы зор болып
отыр.
БҰҰ-ның жыл сайынғы мәліметтер жинағын құрастырғанда қылмыстылықты
салыстыру үшін әлемдік қауымдастыққа арнап, қоғамға аса қауіпті жағдай
тудыратын қылмыстар таңдалып алынады.
Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның экономикалық жүйесінің
нарықтық қатынастар жолына түскендігін, мемлекеттің құқық қорғау
органдарының күші мен мүмкіндіктерін ескеріп, ғалым-заңгерлер мен маман-
аналитиктер экономикалық қылмыстылық көрсеткіштерінің жыл сайын 25-30%-ға
жалпылай өсетіндігін болжап отыр. Бұл экономикалық қылмыстардың ішінде,
әрине экономикалық контрабанда да бар.
2. Экономикалық контрабандалық қылмыстардың алдын алу
Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз, бұл – мемлекеттің, қоғамның, жеке
және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың тартылуына, жаңа
қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай
криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстылықтың детерминация және
себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі. [11, 45 б.].
Қылмыстылықтың нақты жай-күйі мен қозғалысын, өсу жағдайын оның себептері
мен шарттарын анықтай отырып, тұтас не жекелеген қылмыстылықты іс-
әрекеттердің алдын-алу шараларын ұйымдастыруға болады. Аталған іс-шараларды
іске асыру құқық қорғау органдары мен басқа тиісті субъектілерге
жүктелінеді. Қылмыстылықпен күрес шараларының жүйесін анықтамай
экономикалық қылмыстылықпен күресу қылмысы үшін қылмыскерге жазалау шарасын
қолданғаннан анағұрлым тиімді болмақ. Кез келген жақсы заң шығарушының
басты мақсаты – жақсылық пен жамандықты таразылай келе, бақыттың биік
шыңына немесе мүмкіндігінше шамалы ғана бақытсыздыққа адамдарды жетелеуге
алып баратын жол сілтей алу болып табылады. Бірақ та аталған мақсатқа жету
жолындағы шаралар көбіне тиімсіз, не қойылған мақсатқа қайшы келіп жатады.
Шектен тыс қаталдық, не жұмсақтық қылмыстылықпен күресудің әділ, тура жолы
болмас. Мұндай шектеулер қоғамда жаңа қылмыстардың туындауына, не
қылмыстылық санының өсуіне, қайшылықтардың күрт шиеленісуіне алып баратыны
баршамызға аян. Қылмыстың жасалуына бірнеше алғы шарттар негіз болады.
Демек, қылмыстың жасалу мүмкіндігі итермелеуші ниет санына пропорционал
болса, онда қылмыстылық көлемінің кеңеюі мен қылмыстылықтың жасалу
мүмкіндігі де артады. Көпшілік заңдар, көпшіліктен жинақтап, қалаулы деген
тұлғалардың пайдасына берілуін қолдайды. [12, 21 б.].
Жалпы қылмыстылықты ескерту дегеніміз - қоғамның даму тұрғысы, оның
экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа институттарының жаңғыруы,
әлеуметтік саладағы қылмыстылықты тудыратын тоқырау құбылыстарын және
жағдайларды жою, объективті түрде оны ескертуге (әсер ету жағдайын шектеу,
деңгейін төмендету, жағымсыз жағдайлардың салдарының қалыптасуы арқылы)
әсерін тигізеді.
Қылмыстылықты ескертудің жалпы түріне салық реформаларының жүргізілуіне,
инвестициялық ахуалдың жақсаруына, халықтың салықтық мәдениетінің
жоғарылауына, инфляцияның төмендеуіне, өндіріс жағдайының өсуіне
бағытталған іс-шараларды жатқызу керек.
Өкінішке орай, жақын арада мемлекетіміздің экономикасы түпкілікті
түрде жақсара қоймас. Бүгінгі таңда қоғамдық және экономикалық
қатынастардың түрлі субъектілері арасындағы жалпы байланысты,
жаһандандырудың, қылмыстылықпен күресудің жүйесінен жалпы әлеуметтік
шараларды бөлудің қажеттілігі мол. Экономикалық контрабандаға әсер етуші
мән-жайлар қаржылық институттармен (валюта саласында, бюджеттік салада,
ақшалай айналым саласында) тығыз байланыста салықтық саланы қамту қажет
және де салықтық процестермен тығыз байланыста.
Қылмыстылықпен күресу, оның алдын алу үшін заңнамалар нақты, анық
сенімді, тиісті талаптар сақталатындай болуы тиіс. Ескерту әлеуметтік
қызметтің ерекше түрі ретінде криминологияда әлі шешілмеген және ондағы
негізгі ұғымдарға нақты түсінік берілмеген. Бір қарағанда қылмыстың алдын
алудың жалпы ұғымына терең талдау мен анықтама берудің қажеті жоқ сияқты.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын алуға
анықтама берсек, ол – қылмыстылықтың себептерін және оның жасалуына
мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік,
қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін шараға байланысы, олардың
арасындағы жыйынтығы [13, 187 б.].
Әңгіме әртүрлі субъектілерден тарайтын көп деңгейлі шаралар жүйесі
жайында болып отыр.
Қылмыстылықтың алдын алу термині даусыз деп саналмайды, себебі орын
алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыстылық, ол – бар нәрсе.
Бұл тұрғыдан алғанда оған дау айтуға болады, бірақ ол ғылыми айналымға
кіріп кеткендіктен, қалыптасқан ұғымды өзгертіп жатудың қажеті болмас.
Мұндағы басты мақсат – қылмыстылықтың себептілігі мен детерминациясына баса
көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу.
Бұл терминмен қатар сақтандыру термині де қолданылады. Кейбір
авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреулері олардың арасында
айырмашылық бар дейді. Сақтандыру туралы, көбіне, нақты қылмыстардың
жолын кесуге қатысты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны жасауға
дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара қолдану жайында сөз
болады. Бұл тұрғыдан алғанда, сақтандыру жоғарыда көрсетілген
классикалық мәндегі қылмыстылықтың алдын алу мен құқық қорғау қызметінің
ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жақын тұрған сияқты.
Қылмыстылықтың алдын алу – азаматтарды қылмыс жасауынан тежеуіне
бағытталған мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызметтері.
Қылмыстылықтың алдын алудың мәні, қылмыстардың барлығының емес,
жекелеген түрлерінің бір бөліктерінің алдын алу. Ескерту – медициналық
термин, қандай да нәрседен қорғау дегенді білдіреді. Криминологиялық
теорияда ескерту екі бағытта жүргізіледі:
- жәбірленушінің қылмыстылықтан қорғалуы;
- жекелеген адамдарды және қоғамды қылмыстылықтың тарап, етек
жаюынан қорғау (вирустан зақымданудан); адамдарды крмининалды ортаға,
криминалды бірлесе таратуды, криминалды қызметтерден сақтау бұл
бақытты адамдардың қылмыстылық торына түсуден қорғау деп атауға болады.
Қылмыстылықпен күрес, әдетте қылмыстылықты түпкілікті терістеуді ұсынады.
Күрес қылмыскерді іздеу, ұстау және оларды жауаптылыққа тарту, қарсылық
білдірген жағдайда жою деген үзілді-кесілді мағынаны береді. Бүгінде күрес
қылмыстылығына әсер ету кез келген стратегияның маңызды бөлігі болып отыр.
Қылмыстылықты бақылау - әлеуметтік мүмкін дәрежеде оны тежеу. Шет елдерде
мұны қылмыстылыққа әсер етудің ең тиімді әдісі ретінде қолданады.
Адам көп жыл бұрын босануға тиіс еді немесе жаңа қылмыс бұрынғымен
байланысты емес (бұрынғысы - лауазымдық, ал екіншісі – зорлық-пайдақорлық
қылмыс), бұл жай адамның жеке басының бағыттылығын көрсетпейді, ал бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу фактісінің өзі оған қатаң режим
тағайындауға негіз болады. Қатаң режимдегі колонияны тағайындау туралы
мәселені шешуге ықпал ететін маңызды фактор – бұрынғы жазадан босатылғаннан
бергі өткен уақыт мерзімі.
Егер одан бері неше жылдар өтіп, сол кезеңде адам дұрыс өмір салтын
құрса, онда жаңа қылмыс кездейсоқ мән-жайлардың салдары деп есептелінеді,
ол бұрынғы қылмыспен байланыстырылмайды [14, 56 б.].
Экономикалық контрабандалық қылмыстылықтың алдын алу жүйесінде үш түр
бөлініп алынады: жалпы, арнаулы және жеке дара алдын алу. Бұлай бөлуге
алдын алу қызметінің ауқымы негіз болған. [15, 22 б.].
Экономикалық контрабандалық қылмыстылықтың жалпы алдын алу дегеніміз –
қылмыстылықтың барлық халыққа немесе оның топтарына ықпал ететін, жалпы
экономикалық, әлеуметтік және өзге критерийлер бойынша бөлініп алынатын
және бұл ретте ондай әлеуметтік топтардың іс жүзінде барлық өкілдеріне
қылмыстық іс-қимыл мүмкіндігін жасайтын детерминация және себептілік
процестерін жою жөніндегі шаралар жүйесі. Жалпы алдын алуға қатысты алатын
болсақ, әңгіме бұл жерде – халықтың басым көпшілігінің қайыршылыққа ұшырау,
ал ат төбеліндей адамдардың тікелей қылмыстық іс-әрекеттер жасап байып кету
процесін тыйып тастау жайында;
адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және экономикалық контрабандалық
қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру (жуып-шаю) әрекетіне қарсы
қатаң шара қолдану жайында болып отыр. Бұл аса мұқтаждықтан немесе қолы
жүріп тұрғандар қатарына қосылсам ба деп криминалдық әрекетке
ниеттенушілерге тосқауыл болады.
Мысалға мынандай жалпы алдын алу шаралары жүзеге асу керек:
1. Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, адамдардың
іскерлік белсенділігі мен ынтасын көтерудің негізінде нарықтық қатынастарды
қалыптастыру.
2. Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және басқадай жағдайларын
жақсартуға, олардың өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы
үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржымен, заңмен қамтамасыз етуге шаралар
қарастырып, оны жүзеге асыру.
9. Оқу орындарында Мемлекет және құқық негіздері және құқықтану
пәндерін оқытудың сапасын жақсарту. Оқылатын сағат санын 60-қа дейін
көбейтіп, курс аяғында емтихан алуды қарастыру.
4. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алуды жалпы қоғамдық деңгейде
қарастырғанда Қазақстан үшін өзекті проблема – адамдарды жұмысқа
орналастыру мәселесін шешу қажет. Нарықтық қатынастарға көшу жұмыссыздар
санының көбеюіне әкеліп соқты. Сондықтан да Еңбек туралы Заңның негізінде
Қазақстан халқын еңбекпен қамтамасыз етудің 2011–2015 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек. Бұл бағдарлама халықты еңбекпен
қамтамасыз етудің облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалары негізінде
жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін әртүрлі мемлекеттік органдардың, жұмыс
берушілердің және қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыста болуы шарт.
Мемлекеттік бағдарлама 4 бөлімнен тұруға тиіс: а) көрсетілген кезеңде
республиканың еңбек рыногында қалыптасқан жағдай; б) еңбек рыногын болжау;
в) еңбекпен қамтамасыз ету, жұмыссыздар санын азайту және жұмыссыздарға
әлеуметтік қолдау көрсету шаралары; г) 2011–2015 жылдардағы еңбекпен
қамтамасыз ету қоры.
5. Республиканың ірі қалаларында құқық бұзушылықтан алдын алудың
кешенді шаралары жасалуға, онда қаланың экономикалық, әлеуметтік,
географиялық және басқа ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Мұндай шаралар
қаланы әлеуметтік дамытудың 2011 жылға арналған жоспарына кіруі керек. Онда
қылмыстылықпен күрестің негізгі проблемаларын жан-жақты қамтитын нақты
шаралар және күрестің озық тәжірибелері көрініс табады. Құқықтық тәртіпті
қорғау шаралары тар мағынада емес (халық жасақшыларын құру, маскүнемдермен
күрес, жатақханаларда тәртіп орнату, т.б.), оларды кең әлеуметтік ауқымда
жүзеге асыру қарастырылады, мысалы, халықтың көші-қонын реттеу, қоғамға
көндіктіру процесін басқару, қаланың инфрақұрылымын дамытуға белсенді
қатысу, халықты қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдыру, т.б.
6. Заңды жалпыға бірдей оқытуды және заңға тәрбиелеуді ұйымдастыру.
Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, оқитын жастардың және басқа да
азаматтардың құқықтық оқу жүйесін жетілдіру.
Халық арасында заңды жан-жақты насихаттау, атап айтқанда, жасалған
қылмыс үшін жазаланбай қалу мүмкін еместігіне көз жеткізу, адамды
қастерлеуге, оның жеке басын сыйлауға баулу, заңды, қоғамдық тәртіпті
бұзуға болмайтындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда, бұқаралық
ақпарат құралдарының ролі зор.
7. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың әлеуметтік
ақталуына көмектесу. Оларды жұмысқа орналастыру жүйесін құру. Сотталған
адамдардың қажетті жұмысшы мамандығын игеру үшін жаза өтейтін колониялардың
жұмысын жақсарту және жетілдіру. Әлеуметтік ақтау орталықтарының, бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қоғамға көндіктірудің
басқа да нысандарының қызметін ұйымдастыруға көмектесу, оларға қолдау жасау
[16, 45 б.].
Жалпы алдын алу шеңберінде жеткіншек ұрпақтың оңтайлы тәндік, рухани
және өнегелік дамуы, қандай да бір психо-физикалық ерекшеліктері бар
адамдарды (керең, зағип және т.б.) тиімді әлеуметтендіру мәселесі шешіледі.
Экономикалық контрабандалық қылмыстылықтың жалпы алдын алу қоғам
өмірінің әлеуметтік те, экономикалық та, саяси да, рухани да саласын
сауықтыру жөніндегі шараларды қамтиды. Экономикалық қылмыскерлікпен күрес
қоғамның барлық саясатының: мемлекеттік те, әртүрлі мемлекеттік емес
құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарының қызметінің де ажырамас
бөлігі болуға тиіс. [17, 56 б.].
Қоғам өмірінің әртүрлі салаларының өзара әрекеттестік факторларын
ескеру керек. Егер экономикадағы немесе әлеуметтік өмірдегі қандай да бір
теріс құбылысты тез жою мүмкін болса, оның саяси немесе рухани өмірдің
белгілі бір факторларымен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етіп, оны біршама
бейтараптандыруға болады.
Жалпы алдын алу шараларын криминологтар емес, басқа мамандар
(экономистер, социологтар, саясаттанушылар, әлеуметтік психологтар, басқару
мамандары және т.б.) ойластырады.
Қылмыстылықтың алдын алу, ескерту, күресу ұғымдарының түпкі мәні
қылмыстылықты болдырмаудың шараларын қарастыру әрекетінің болуында және
қылмыстылықты ескертудің демократизм, парасаттылық, заңдылық, ғылыми
негізділік, кешенді көзқарас пен теңдестіру сынды қағидаттарға
негізделуінде. Демократизм – құқық беруші конституциялық нормаға сәйкес,
азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға кеңінен араласуына
қылмыстылықты ескертуге тұрақты және тиімді түрде қатысуы.
ескерту жөніндегі қызметінің мазмұны. Заңдылық – қылмыстылықты
ескерту жөніндегі субъектілерден басқа (оларға орындау үшін өзге
нормативтік актілер ұсынылады) азаматтардың, лауазымды адамдардың,
Ізгілік – қоғамға жат мақсат пен бағдарларды бейтараптандыру жолымен
адамның ар-ожданы мен мүдделерін қорғаумен, тұлғаның қоғамға жат мінезбен
бүлінуінің себептері мен шарттарын жою мен қоғамдық қатынастағы
адамгершілікті сақтаумен сипатталатын қылмыстылықты
мекемелер мен ұйымдардың заңды сақтау талаптары. Ескерту шараларының бәрі
де – алдын алу шараларының барлық түрлері мен құралдары нақты және
бұлжытпай заңға сәйкес жүзеге асырылады. Ғылыми негізділік – практиканы
криминогендік мәні бар нақты факторларының пайда болуы, қылмыстылықтың жай-
күйі мен ағымдарының өзгеру заңдылықтары білімімен қаруландыратын ескерту
қызметінің нысандары мен әдістерін таңдап алу мен пайдаланудың
криминологиялық талаптарын қатаң сақтау.
Ғылыми негізділік бір жағынан ескертудің ықпал етуші күшін, оның мақсатты
қызмет әсерімен өзгеру мүмкіндіктерін терең игеруді білдірсе, екінші
жағынан келісті және сенімді дұрыс материалға сүйене отырып, қылмыстылықтың
шын мәніндегі жай-күйіне, онымен күрестің нақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz