Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I -тарау . . . 6-36

  1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салалары . . . 11- 24

1. 2. Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының бағыттары

мен серпінді жобалары . . . 25-36

II - тарау . . . 37 -50

2. 1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін

арттырудың негіздері . . . 40-44

2. 2. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасын реттеу объектісі мен

АӨК - нін ғылыми қамтамасыз ету . . . 45-50

Қорытынды . . . 51-53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 54-56

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.

Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайға жалпы талдау.

Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:

ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы - 222, 6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га(10, 8%) -егістік жерді, 5 млн. га (2, 2%) -пішіндік жерді, 189млн. га(85%) - жайылым жерді алып жатыр.

  • Ауыл тұрғындарының саны -7, 3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47, 2%-ын құрайды.
  • Топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5% - ға жуығы жатыр.
  • елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын шашынның аздығымен сипатталады - 150 - 320 мм.
  • теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тұдырады.
  • Маусым аралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі.
  • солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы, суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (асты, майлы, жеміс жидек дақылдары, көкөніс мақта) көбінше әртараптандырылған.
  • 2007 жылдағы 1 га егістікте ауылшаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47, 5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды.
  • бидай мен ұнның ірі экспорттаушы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады. Елдің ауыл шаруашылығы өнімнің жалпы экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар.
  • мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90% - ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі.
  • ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында, 13 - 14 жылды құрайды, ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 70% - ы 1991 жылға дейінгі өндірілгендер.
  • ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қызмет көрсету ұсыныстарының шектеулігі.

Дүниежүзілік банктың бағалауы бойынша несие ресурстарына деген қажеттіліктің қанағаттанбағандығы ең кері тартпалық бағалар бойынша жылына шамамен АҚШ-тың 1 млрд долларына бағаланады.

Ауыл экономикасын көрсету мақсатында соңғы 10 жылда қомақты қаржы ресурстарымен қосымша күшейтілген АӨК мен ауылды дамыту және қолдау жөніндегі мемлекттік және салалық бағдарламалар қабылданды.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылы 6 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, дағдарысқа байланысты қиын жағдай қалыптасса да, елімізде халықтың әлеуметтік жағдайы төмендемейді. Ал дағдарысқа қатысты мемлекеттің іс қимыл жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі-ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы - ел экономикасындағы өз ерекшеліктері бар негізгі салалардың бірі.

Сондықтан 2008 жылы аграрлық секторды мемлекеттік қолдау деңгейі 2007 жылғы көрсеткіштен 1, 7 есе асып түсті. Соның ішінде субсидия беру 2 есе, несиелендіру деңгейі 2, 2 есеге өсті. Нәтижесінде, егіс көлемі артып, 15, 6 миллион астық алынды, мал шаруашылығында да ілгерілеу байқалды. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу де едәуір жақсарды. Халық қажет ететін негізгі тағам түрлерінен тұрақтандыру қорлар құрлып, бұл ішкі рынокта азық- түлік бағасының тұрақты болуына ықпал етті. Ірі қалалар айналасында азық-түлік белдеулері қалыптаса бастады.

Егін шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау ішкі рыноктың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының (қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек және тағы басқа) 1 гектарына кететін шығындарын субсидиялауға, тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр. Нәтижесінде 2008 жылы қант қызылшасының көлемі -39 пайызға, майлы дақылдар-34, 5 пайыз, көкөніс -16, 8 пайызға өсіп отыр.

2009 жылдан бастап минералды тыңайтқыштар ендірілетін егіс көлемін ұлғайту мақсатында, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері пайдаланатын минералды тыңайтқыштардың құнын 50 пайыз арзандатуға бағытталған жаңа бюджеттік бағдарлама жұмыс істей бастады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жыл сайын мал тұқымын асылдандыруға, ірі қара мал, қой, шошқа, құс еттері мен сүт, жұмыртқа ендіруге керекті құрамажем бағасын төмендетуге кететін шығындарға субсидиялар берілуде. Алайда, республика бойынша асыл тұқымды мал санының жыл сайын өсуіне қарамастан, олардың үлес салмағы әлі де төмен. Мәселен, мұйізді ірі қара мал шаруашылығында -3, 6 пайыз, қой -6, 9 пайыз, жылқы-2, 5 пайызды құрайды. Алдағы кезде де мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау үшін істелетін жұмыстар сапалы мал өнімдерін өндіруді молайту мен асыл тұқымды мал басын көбейтуге бағытталуы керек.

Елімізде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау әлемнің дамыған елдері мен салыстырғанда әлде қайда төмен. Қазақстанда 1гектар айналатын жерге көрсетшлген мемлекеттік қолдау 35 долар шамасында ғана болса, Еуропа елдерінде -, Канадада-882, АҚШ-та 411, 7 долларды құрайды. Бізбен табиғи климаты ұқсас Канадамен салыстырғанда астық өнімділігі 2 есеге, бір сиырдың сүт сауу 3 есеге төмен. Айтарлықтай қолдауларға қарамастан, ауылдың жағдайы әліде мәз емес, техникалар ескі, қаржы жетпейді, жолдары жүруге жарамсыз, өндірілген өнімді өңдеу, сақтау толық шешілмеген.

БСҰ-ға кірер алдында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау және оның тетіктерін жетілдіру барынша күш жинауға тиіс. Ол диқандар мен шаруаларды бәсекеге қабілетті арзан және сапалы өнім өндіруге ынталандыратын дәрежеде, әрі қарапайым, түсінікті болуы тиіс. Мемлекеттік қолдау арқылы нарықтық экономика кезінде біз орта шаруаның зиянсыз жұмыс істеуіне жағдай жасалуы тиіс.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында шешімін таппаған үш үлкен мәселе бар. Біріншісі- техниканың тапшылығын ескіруі, екіншісі - қаржының жетіспеуі, үшіншісі- ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, өңдеу мәселесі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Ауыл шаруашылығы Қазақстан агралық өнеркәсіптік кешенінің негізгі саласы болып табылады яғни Қазақстан ауыл шаруашылығы кешенінің даму бағыттарын, негізгі салаларын, жобаларын, ел экономикасындағы орны мен ерекшеліктерін толығырақ қарастырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырып ауыл шаруашылық кешенін ғылыми қамтамасыз ету жайлы толығырақ мәлімет беру.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, дамуын, егіншілік жағдайын мал шаруашылығын дамытып отандық өнім сапасын арттыра отырып, аграрлық бизнестің тиімді жүесін қалыптастыру, отандық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру және сыртқы рынокта сату көлемін ұлғайту және де егін, мал шаруашылығын дамыту мен одан алынатын өнімдерді өңдеу мәселелерін жан - жақты қарастыру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден екі тараудан, тарау бөлімдерінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. тарау.

Қазақстан ауыл шаруашылығы кешенінің даму бағыттары және

ауылдық аумақтарды дамыту.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2009 жылы халыққа жолдауында сала басшылығы мен мамандарының алдына ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті өнімдерді, оны экспортқа шығарып, еліміздің бюджетін тұрақты түрде толтырып отыратын рентабельді салаға айналдыру міндетін қойды. Осыған байланысты және әлемдегі экономикалық және қаржы дағдарысынан шығу мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған 3 жылдық бюджетте жыл сайын ауыл шаруашылығына 1 млрд АҚШ долары көлемінде қаржы қаралды. Сонымен бірге, 2009 жылы Ұлттық қордан экономиканы тұрақтандыру үшін бөліген 10 млрд АҚШ долларының 1 млрд ды ауыл шаруашылығын дамыту үшін «ҚазАгро»ұлттық холдингіне бөлінді.

Қосымша бөлінген қаржы негізінен, ауылшаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру мен кооперациялауға жұмсалды. Атап айтқанда, дамыған экспорттық инфрақурылымдары бар, жылыжай, көкөніс, мал бордақылау мен тауарлы сүт кешендері, құс фабрикалары салынады. Қазіргі заманғы ет, сүт, көкөніс өңдеу кешендерінің құрылысы жүргізіледі, тамшылатып суару технологиясы енгізіліп, жеміс - көкөніс дақылдары өндіріледі, ауыл шаруашылығы жаңа қуатты техникалар мен жарақтандырылады. Яғни бір сөз бен айтқанда, жұмыстар ауылшаруашылығын индустрияландыру бағытталады.

Ал ағымдағы жұмстардың басты бағыты - 2009 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын сапал және дер кезінде өткізу. Бұл экономиканы тұрақтандыру мен дағдарыстың зиянын азайту жолындағы маңызды шаралардың бірі. «Көктемнің әр күні жылға азық » деп бекер айтылмаған. Уақтылы егін егіп, мол өнім жинап алсақ, ол ел ырзығы, байлғы. Ұлттық қордан бөлінген қаржының 84 миллард теңгесі осы мақсатқа жұмсалады. Ендігі мәселе Ұлттық қордан Президент пәрмені мен бөлінген қаржыны аграрлық секторды дамытуға пайдаланып жатыр. Алдымен көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген қаржыны ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жеткізудің дұрыс, тиімді тетіктерін тауып, іске қосылуы керек.

Суармалы жерлерде жұмыс істейтін агроқұрылымдар көлемі шағын. Мысалы, Өңтүстік Қазақстан облысында 70 мың агро құрылым бар, бұл- Республика агроқұрылымының 35 пайызы. Оллардың 24813 немесе 35 пайызы мақта өндіру мен айналысады. Мақта өсірілетін шаруашылықтардың 13127 - сінің немесе 53 пайызының 5 гектарға дейін, 9252 сінің немесе 41 пайызының 15 гектарға дейін жері бар. Агроқұрылымдардың жер көлемі өте шағын болғандықтан ауыспалы егіс жүесі игерілмей, егістік жердің құнарлығы жылдан жылға төмендеуде, жаңа техника мен технологиларды пайдалану тиімсіз. Мәселен 2008 жылы облыста іріленген 803 шаруашылық 1 гектар мақталықтан 30 центнер өнім жинаған болса, облыс бойынша небары 19, 5 ғана өнім жиналды. Сондықтан бірінші кезекте шаруа қожалықтарын ірілендіру мәселесі қолға алынуы керек. Оны іске асыру әкімгерлік жолмен емес, ерікті түрде шаруаларды ірілендіруді ынталандыру жолымен жүргізілуі тиіс.

Ауылдағы шаруаның өндірген өнімдерін ортадағы делдарларға жегізбей, әр ауыл, аудан көлемінде ауылдық тұтынушылар кооперативін құрып, олардың жұмысын жандандыру үшін «Қазагронесие » АҚ арқылы берілетін несиенің көлемін көбейтіп, шаруалардың өнімдерін дайындап, сақтап, өңдеп тиімді бағаға сатып беру мәселесін шешу керек. Сонда азық-түлік бағасы арзандайды. Шаруалардың өнімдерін дайындап, сақтап, өңдеп тиімді бағаға сатып беру мәселесін шешуде. Сонда азық түлік бағасы арзандайды, шаруалардың табысы да өседі. Алайда, бұл жұмыс Республика көлемінде мардымсыз жүргізілуде. 2008 жылдың 1 қаңтарында Республика бойынша осы бағытта 3396 жеке қосалқы шаруашылық 1106 шаруа қожалықтарын біріктіріп 120 ауылдық тұтынушылар кооперативті құрылып, оларға 7, 6 миллиарт несие берілді. . Бұл ауылдық тұтынушылар коопераративтеріне біріктірілген Республикадағы шаруа қожалықтарының 0, 5 пайызы ғана. Бұл өте аз. Бұл ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруге, кооперациялауға жол ашатын перспективалы бағыт. Сондықтан Үкімет пен жергілікті әкімдер бұл мәселеге аса басым аударып, барынша көмек көрсетулері керек. Көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызды шаралардың бірі - шаруаларға арзандатылған жанар-жағар май жеткізу болып табылады. Соңғы кездері экспортқа шығарылатын мұнай бағасының 3-4 есе арзандағанына қарамастан, шаруаларға берілетін мұнай өнімдерінің бағасы бұлтырғы көлемінде қалуы тіптен түсініксіз. Бұл бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағасынанда қымбат. Осы себепті, Үкімет ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін жанар-жағар май бағасын арзандатудың мүмкіншіліктерін іздестіру керек.

Республика көлемінде жыл сайын егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға миллиарттаған несие бөлінеді. Бірақ екінші деңгейі банктер мен «Қаз Агро» ұлттық холдингіне қарайтын қаржы ұйымдарының несие беру жолдарының қиын және үстеме сиақыларының жоғары болуына байланысты Үкімет тарапынан ауышаруашылығы саласын қолдауға бөлінген қаржыларды көптеген шаруашылықтар пайдалана алмай келеді. Мәселен «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің «Азық-түлік келісім шарт коорпорациясы » АҚ несиені тек 2-деңгейлі банктердің кепілдігі мен береді. Ал екінші деңгейлі банктер ауылдағы кепілдікке қойылатын дүние-мүлктерді қабылдамай, кепілдік хат беруден бас тартуда. Жер кодексіне сәйкес шаруалардың жерді кепілдікке құқығы бар болған мен, оны банктер қабылдамайды. Соның салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азық-түлік келісім шарт коорпорациясы » АҚ атқылы берілетін несие көлемі 2006 жылғы 1 миллиарт 700 миллион теңгеге дейін, немесе 15 есеге азайтты.

Республика үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы №858 қаулысына сәйкес мақта кластерін және жеке меншік мақта зауыттарының арсында бәсекелестікті дамыту мен мақта бағасының монополиясын жою мақсатында құрылған. «Мақта келісім шарт коорпорациясы » АҚ өз дәрежесінде жұмыс атқармай келеді. Тікелей Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев тапсырмасымен мақта өсірушіларді қолдап, бәсекелік орта тұдыру үшін салынған осы компанияның мақта тазалау зауыты өз қуатының үштен бірін де пайдаланбайды. Ол соңғы үш жылда облыста өндірілген мақтаның не бары 4, 7 пайызын ғана қабылдап, жекеменшік мақта зауыттарының алдында дәрменсіздік көрсетіп отыр. Ал 2008 жылы осы коорпорация республикалық бюджеттен мақта шаруашылықтарын қолдауға бөліген 600 миллион теңгенің, шаруашылықтарға қойылған шартарының қиындығынан небары 50 миллион теңгесін немесе 8, 3 пайзын ғана игерді. Мақта саласын дамыту тұралы заңның қабылдағанына 2 жылдан асса да, заң әртүрлі толыққанды жұмыс істемейді. Мақта қолхатын пайдалану арқылы несие беру әлі шешілмей келеді. Мақта кепілдігінің (кепілдік квотасы ) жалпы көлемі 96 мың тонна немесе 5, 4 миллиард теңге болуына қарамастан, өткен жылы небәрі 15 мың тонна мақта 1 миллиарт теңге көлемінде ғана мақта қолхаттары мен кепілдендірілді.

Биылғы жағдайда оңып тұрған жоқ. Оңтүстікте көктем шығып, дала жұмыстары басталып кеткендігіне қарамастан, Президент тапсырмасымен Ұлттық қордан бөлінген қаржының шаруаларға жеткізу жолдары әлі шешілген жоқ. «ҚазАгро» Ұлттық холдигі басқармасының шешімі мен бекітілген несиелеу ережесінде несие шаруаларға 2-ші деңгейлі банк кепілдігі болған жағдайда 8 пайыз, астық қолхатымен 12 пайыз жылдық өсімімен беріледі делінген.

2-деңгейлі банктер өзі тарапынан кемінде 4-5 пайыз сый ақы талап етеді және өтімділігін жоғары кепілдік сұрайды. Сонда несиенің жылдық өсімі кем дегенде 12-13 пайызға барады. Алайда, бұл жағдай да шаруалар несие ала алмайды. Себебі олардың өтімдіктері жоғары кепілдіктері жоқ. 2-деңгейлі банктер ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жер телімі мен техникасын, жылжымайтын мүлктерін кепілдікке қабылдамайды. Сондықтан, облыстарда несие алу үшін өтімділігі жоғары кепілдіктері бар компаниялар арқылы несие алуға әрекеттер жасауда. Олар шаруға беретін несиеге өздерінің 8-10 пайыз сыяқыларын қосып, несиені 20-22 пайызға қымбаттатып жібереді. Мұндай ахуал егіс алқаптарының егілмей қалуына немесе өндірілген азық- түлік қымбаттауына әкеліп соғады. Бұл дағдарысқа қарсы күрес пен экономиканы тұрақтандырұға, халықты азық- түлік пен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетін жағдай қалыптастырады. Сондықтан ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілердің ағымдағы жұмыстарына «ҚазАгро» холдингіне кіретін компаниялар арзан несие берудің тетіктерін жетілдіре түсуі керек.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне несие берудің ең тиімді жолы «Қазагронесие» АҚ пен оның Республикадағы 161 ауданда құрылған ауыл несие серіктестіктері арқылы беру екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Алайда, мұндай ауыл несие серіктестіктеріне Республикадағы 194 мың шаруа қожалығының 6113- і ғана немесе 3, 1 пайызы ғана біріккен. Үімет осы мәселені арнайы қарап, келешекте «ҚазАгронесие» акционерлік қоғамы арқылы ауышаруашылығы тауар өндірушілерін көптеп тарту тетіктерін қарастыруы керек.

Ауылды халықты жұмыс пен толық қамту үшін миконесие ұйымдарының санын көбейтіп, микро несиелеу жумыстарын жандандыру арқылы шағын бизнесті дамытуды ынталандырып және қолдап отыру керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру- алда тұрған басым міндеттердің бірі. /32/

Республика ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу терең өңдеу, өз дәрежесінде емес. Базарларда, дүкендерде сатылатын, терең өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері шет елдерден келеді. Азық-түлік тауарларының импорт көлемі басым. Тамақ өнеркәсібі жоқтың қасы. Қазіргі кезде тұтынушылар азық-түлік өнімдерінің тек өңделгеніне ғана емес, сапасына, сондай-ақ дизайніне, бұып-түюіне, өлшеп орауна дейін назар аударады. Ал, экономика заңдылығына сәйкес, азық-түлік өнімдерінің импорты 20пайыздан асса, сол тауарды өндіруші сала дамымайды, қайта төмендейді. Сондықтан мемлекет ауыл шаруашылығының өңдеу саласына қолдауды күшейту керек. Сонымен бірге, мал өнімдерінің қауыпсіздігін қамтамасыз ету мен эпизоотиялық жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар жұмыстар атқарылуы тиіс. Бүкіләлемдік сауда сауда ұйымына кіру алдында малдәрігерлік қызметі халықаралық талаптар мен стандарттарға сай дамыту үшін және азық-түлік қауыпсіздігін нығайту мақсатында «Малдәрігерлік қызмет тұралы » Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Республика халқының 47 пайызы ауылда тұрса, 30 пайызы ауылда жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен айналысатын 201890 агроқұрылым бар. Олардың басқа, акуылда шағын және орта бизнес пен айналысатын кәсіпкерлер, бюджет саласының мекемелері мен қызметкерлері қаншама.

Елбасымыз биылғы Жолдауында ауылды қолдау тек ауыл шаруашылығын қолдау емес, ол ауылдың инфрақұрылымын қолдау, ауыл тұрғындарына өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасау екені баса айтылды. Ол үшін ауыл жолдарын, су, жылу, кәріздік жүелер, мектептер, ауруханалар мен мәдениет үйлерін жөндеу керектігіне тоқталды. Бұл шаралар дағдарыс кезінде ауыл тұрғындарын жұмыс пен қамтұмен бірге, олардың мәдени тұрмыстық жағдайын жақсартады.

Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік сала қызметкерлерін (дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет, спорт, қызметкерлері және тағы басқалар) тұрақтандыру мақсатында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен 2009 жылдан бастап ауылға жұмысқа орналасқан әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағдарламасы жұмыс істей бастады. Бұл бағдарлама бойынша ауылға жұмыс істеуге келген мұғалім, дәрігер және басқада әлеуметтік сала мамандарына 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Ал, үй салып алу үшін 630 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 15 жылға пайыссыз несие берілетін болды.

Бұл шаралар ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартады, нәтижесінде халықтың денсаулығы нығаяды, білім беру сапасы артады. Дағдарыс кезінде жаңаша ойлау, жаңа бағдарламалар жасау арқылы, жаңа биіктерге шығуды ойластыруымыз керек. Дағдарыстан кейін өрлеу басталады, сол өрлеу жолын дұрыс таңдап алуымыз қажет.

2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасынң ауылдық аумақтарын дамыту тұралы мемлекттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары өз мәресіне жетті. Мемлекеттік бағдарлама жүзе асырыла бастаған үш жыл ішінде барлық қаражат көздерінен, соның ішінде республикалық бюджетті қоса, шамамен 202 млрд теңгедей қаражат бөлінді, соның ішінде, республикалық бюджеттен 66, 8 млрд. теңге жергілікті бюжеттерден 95, 6 млрд. теңге бюджеттен тыс қаражат көздерінен 40 млрд. теңге бөлінген.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 2004-2006 жылдары 100 мектепті, 63 денсаулық сақтау нысандарын, 193 ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарн, соның ішінде ұзындығы 2531 шақырымды құрайтын су желілерін салуға және қайтадан қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Ауылдық аумақтардың 100% телвизиялық каналдар мен радио жиіліктері мен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуда. Ауылдық елді мекендерде пошта-жинақ қызметі жүесі де дамуда. Ауылдық округтердің экологиялық карталарын құрастыру, женрлік-кадастрлік карталарын дайындау жұмыстары өз жалғасын табуда. Ауылдық аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында жергілікті бюджет есебінен 5250 ауылдық білім беру ошақтары, денсаулық, мәдениет және спорт нысандары, 973 сумен қамтамасыз ету объектілері салынған, жаңартылған және күрделі жөндеуден өткізілген. Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы номативтік-құқықтық база да жетілдіруде. «Әкімшілік аумақты орналастыру тұралы » Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды, аталған Заңда «ауылдық елді мекен » деген түсінікке ауылдық әкімшілік округке бағынышты «поселкілер » кіреді деп атап көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қара және түсті металлургияның, өңдеуші өнеркәсіп және құрылыс индустриясы
Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін инфрақұрылымның рөлі
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )
Ұлыбритания
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесін құру
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Атырау облысының экономикалық потенциялы
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылығының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz