Коммерциялық банк активтерінің құрылымы


Мазмұны
Кіріспе . . . …. . 3
I-тарау Коммерциялық банктер активтерінің рационалды құрылымы - банктің тұрақтылығының кепілі
1. 1 Коммерциялық банк активтерінің құрылымы . . . 6
1. 2 Банктік активтердің сапасын бағалаудың қазіргі жағдайы. 12
1. 3 Нарықты экономика жағдайында коммерциялық банк активтерін басқару
жүйесі25
II-тарау АҚ Темірбанктің активті операцияларын талдау
2. 1 АҚ Темірбанктің негізгі активті операцияларының қазіргі жағдайы……34
2. 2 АҚ Темірбанктің активтерінің сапасын айқындау . . . 41
2. 3 Банктің активтерін және пассивтерін талдау. ……. ……. . …. . 44
2. 4 Банктің несие қызметін талдау . . . . . … . . . 47
2. 5 Депозит саясатын талдау . . …. . …. …. . 51
2. 6 Банк қызметінің қаржылық көрсеткіштерін талдау. . . . 53
2. 7 Банктің кіріс және шығыс бөлімін талдау . . . . . 58
2. 8 “Темірбанк” АҚ-ң қарыз капиталын талдау. . ………. . … . . . 63
III-тарау АҚ Темірбанктің активтер сапасын жоғарылату жолдары
3. 1 Несиелік тәуекелдерді басқару - банктік активтердің сапасын
арттырудың негізгі жолы. ………66
Қорытынды . ………. 72
Қолданылған әдебиеттер тізімі . 76
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің активтерінің құрамы, маңызы және сапасы ерекше мәнге ие болады. Себебі коммерциялық банктер ресурстық базаны тиімді үйлестіру проблемасымен бетпе-бет кездесу үстінде. Банктер қаражаттарды активтерге салу барысында көптеген ішкі және сыртқы факторларды есепке алу керек. Демек, олардың алдында “пайдалылық және өтімділік” диалемасы пайда болады. Әрине, банктер нарықтық экономика жағдайында әрекет ететін барлық шаруашылық субъектілер сияқты алдымен өзінің табыстылығын қамтамасыз етуді жөн көреді. Дегенмен, банктер әрдайым нақты ақшаға қажеттілікті өтей алу қабілеттілігіне ие болуы шарт. Банктердің өтімділігі - бұл банктік жүйенің қызмет ету негізі болып табылады. Олар қаржы нарығының субъектілері болғандықтан күн сайын клиенттердің қажеттіліктерін өтеу үшін өтімді қаражаттардың қорына иеленуі керек. Сондықтан банктік активтерінің тиімді әрі өтімді құрылымын құру банктік теорияның жеткілікті қиындықтарға ие тақырып болып есептеледі.
Қазіргі кезде әрбір коммерциялық банк бұл мәселені өз бетінше шешу үстінде. Демек, әрбір банк активтердің сапалы әрі тиімді құрылымын бекіту барысында біртекті мәселелерге жолығады. Себебі жалпыға бірдей банктік активтердің оптималды құрылымы бекітілмеген. Коммерциялық банктердің басқармалары активтердің оптималды құрылымын бекітілген заңдылық шеңберінде өздері құрастырады. Әрине, бұл мезетте банктің жүргізіп отырған саясаты, елдегі жалпы экономикалық жағдай және басқа да негізгі факторлар ескерілуі шарт. Ол тек банктің тұрақты табыстылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оның тұрақты қызмет ету негізін де сақтап отырады. Сондықтан банктік қызметтің ерекшелігін ескере отырып, нарықтың әрбір қатысушысы аталған мәселені жете зерттеуі шарт. Мұның нәтижесінде осындай ірі мәселенің дұрыс шешімі табылады.
Коммерциялық банктердің оптималды активтер құрылымы - бұл активтердің өтімділігі, тәуекелділігі, критикалық және толық емес активтердің үлесі, сондай-ақ активтер кірістілігінің деңгейі сияқты барлық шарттар ескеріліп, бөлек банк үшін құрылған ең тиімді активтер құрылымы болып табылады. Бұл құрылым негізінен елдегі банктік заңдылықтардың және бухгалтерлік есептің ерекшеліктері, сыртқы ортаның әсеріне байланысты өзгеріске ұшырайды. Сонымен бірге банктік активтерінің құрылымы банктің осы салаға бағытталған саясатына байланысты болады.
Дамыған елдерде бұрыннан-ақ кез келген коммерциялық банктердің активтерінің сапалы құрылымын құрумен арнайы комитет айналысатын. Аталған комитеттің негізгі қызметі болып қолда бар қаражаттарды тиімді әрі төмен тәуекелділікпен орналастыру бағыттарын таңдау табылады. Жалпыға мәлім, несиелендіру активтер құрылымында маңызды мәнге иеленеді. Сонымен қатар несиелендіруді аса тәуекелді активтер қатарына жатқызуға болады. Сондықтан да оларды басқаруға ерекше назар аударылады. Соның үстіне шығындарды бақылау, салықты жоспарлау және активті операцияларының бөлек түрлері бойынша тәуекелділік деңгейін реттеу аталмыш комитеттің функцияларының шеңберіне енеді. Демек, ол кең көлемді банктік активтерді басқаруды жүзеге асырады.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты болып коммерциялық банктің активтерінің оптималды құрылымын анықтау, олардың сапасын талдаудың қазіргі ерекшеліктерін, сондай-ақ банктік активтерінің сапасын басқару, соның ішінде несиенің сапалылығын басқару тұрғысындағы банктік қызметтің алға басуын қамтамасыз ететін ұсыныстарды талдау есептеледі. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай негізгі міндеттер атқарылады:
- банктік активтердің сапалы құрылымын талдау және зерттелген мәселенің қазіргі жағдайын теориялық негіздеу;
- банк қызметін белгілеген мерзім аралығында экономикалық талдау және маңызды көрсеткіштердің өзгеру динамикасын бағалау;
- жүзеге асырылған зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау және банк активтерінің сапасын жетілдіру шараларын көрсету.
Диплом жұмысты жазу барысында зерттеу обьектісі ретінде АҚ Темірбанк алынды.
I-тарау Коммерциялық банктер активтерінің рационалды құрылымы - банктің тұрақтылығының кепілі
- Коммерциялық банк активтерінің құрылымы
Банктің активті операциялары экономикалық мәні және олардың сапасы жағынан әртүрлі болып келеді. Сапасы әртүрлі активтер арасындағы сандық қатынас немесе баланс жиынына түрлі актив баптарының қатынасы активтер құрылымы деп аталынады. Бұл құрылым рационалды немесе рационалды емес, тиімді, яғни операцияның табыстылығы мен пайдалылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін, немесе тиімді емес болу мүмкін. Мұны анықтау үшін келесі шарттар қарастырылады:
- Активтердің диверсификациялану деңгейі;
- Активтер құрылымы, соның ішінде «жақсы» (қамтамасыз етілген, сенімді) және «жаман» (жоғары тәуекелді, критикалық, қамтамасыз етілмеген, сенімсіз, қайтарылуы мүмкін емес) активтердің мөлшері;
- Түрлі активтер топтарының өтімділік деңгейі;
- Банктің активтер мен пассивтер құрылымының алтын сәйкестік ережесін сақтауы (тартылған және орналастырылған қаражаттардың мөлшері мен мерзімі бойынша сәйкестендіру) .
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жалпы активтері 2003жыл ішінде 46, 2% артып, 1146, 0 млрд. теңге көлеміне жетіп, сыртқы жиынтық өнімге қатынасы 30, 5% бекітілді. Жалпы алғанда коммерциялық банктің активтерін 4 топқа топтастыруға болады:
- Кассадағы нақты қаражаттар немесе оған теңестірілген қаражаттар.
- Құнды қағаздарға инвестициялар.
- Ссудалар.
- Негізгі құралдар.
Кассадағы нақты қаражаттар түрлі нақты валюталардан құралып қана қоймай, сонымен қатар оған Ұлттық банк пен басқа коммерциялық банктердегі ақша қаражаттары енеді. Бұл активтер алғашқы өтімділік резервін құрайды. Демек, егер банктен мерзімнен бұрын депозиттерді талап еткенде немесе басқа да қаражаттарға деген қажеттіліктер туғанда, нақты қаражаттар банктің «бірінші қорғаныс линиясы» болып табылады. Әдетте коммерциялық банктер бұл активтер тобын тиімді деңгейде сақтауға үлкен көңіл бөледі. Себебі нақты қаражаттардың қоры банктің өтімділігін сақтап, сонымен бірге олар банк үшін ешбір пайыздық кіріс әкелмейді.
Шетел тәжірибесінде «кассадағы нақты ақшалар немесе оған теңестірілген қаражаттар» бабына келесі активтерді енгізу қабылданған: федералдық резервтік банктер мен басқа да коммерциялық банктер шотындағы қаражаттар, банкноттар мен монеталар, сондай-ақ инкасациялау процесіндегі төлем қаражаттары. Аталған қаражаттар ақшаны айырбастау, салымдарды қайтару, ссудалық сұранысты қанағаттандыру және әртүрлі операциондық шығындарды өтеуге қолданылады.
Құнды қағаздарға инвестициялар да банк активтерінің өтімді бөлігін қамтамасыз етеді. Әдетте оларды нақты қаражаттарға қажеттілікті өтеу және банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қаражаттарды мобилизациялау үшін «екінші қорғаныс линиясы» деп аталады. Демек, құнды қағаздар банктің екінші резервтер тобын кұрайды. Құнды қағаздар нақты қаражаттар мен ссудалар арасындағы аралық орынға ие болады. Өйткені құнды қағаздар орташа деңгейлі пайыздық кіріс әкеліп қана қоймай, сонымен қатар оларды қысқа мерзімде нақты қаражаттарға айналу мүмкіндігі банк үшін аса тиімді.
Дамыған елдерде жалпы инвестициялардың көп бөлігі мемлекеттік құнды қағаздарға келеді. Сондай-ақ өтімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін банктер шағын көлемдегі қаражаттарды басқа да құнды қағаздарға салады. Олардың қатарына жататындар: акцептер, нарықтық айналымдағы коммерциялық құнды қағаздар, тауарлық-несиелік корпорациялардың брокерлік ссудалары мен сертификаттары, үкіметтік құрылымдардың облигациялары және бірінші дәрежелі эмитенттердің құнды қағаздары.
Қазіргі кезде қазақстандық екінші деңгейлі банктер экономиканың нақты секторын аса белсенді несиелендіруде. Жалпы активтердің 70% жуығын экономиканы несиелендіруге бағытталып отыр. Бұл Қазақстандық банктердің активтерінің құрылымы дамыған елдердің әмбебап банктерінің актив құрылымына жақындағанын сипаттайды. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарына сәйкес 2005 жылы банктердің экономикаға несие құю көлемі 767, 0 млрд. теңге, ал 2006 жылы ол көрсеткіш 905, 0 млрд. теңгені құрап, 2005 жылы несиелендіру көлемі 1059, 0 млрд. теңгеге жететінін жоспарлады. Қаржылық нәтижелерде оларды нетто-ссудалар деп белгілеп, онда барлық ұсынылған әрі толық қайтарылмаған несиелердің таза сомасы көрсетіледі. Ссудалар аталған активтердің ішінде ең тәуекелді активтер тобын құрайды. Біршама өтімді ссудалар бұл басқа банктерге ұсынылған ссудалар, сонымен бірге каржы жағдайы тұрақты кәсіпорындар мен мекемелерге берілетін қысқа мерзімді ссудалар. Қазіргі жағдайда ұзақ мерзімді ссудалардың өтімділігі өте төмен. Сондықтан банктердің оларға қызығушылығы да шамалы болып отыр.
Банктің негізгі құралдары күнделікті қызмет барысында екінші деңгейлі активтер тобын құрайды. Жалпы активтер көлеміндегі олардың үлесі әдетте 1-2% құрайды. Дегенмен, олар банктердің пайда алуының материалдық негізін құрайды. Ғимараттар, құрал-жабдықтар мен материалды емес активтердің таза құны фиксирленген активтер деп сипатталады.
Аталған активтердің рационалды құрылымын бекіту мен сақтау бойынша коммерциялық банктер бірқатар мәселелерге кезігеді. Активтердің құрылымы негізінен елдегі банктік заңдылықтардың ерекшелігі, қолданылатын бухгалтерлік есеп ерекшеліктері және сыртқы ортаның әсеріне байланысты өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сонымен бірге олардың құрылымы банктің жүргізіп отырған банктік саясатына тікелей байланысты болады. Дегенмен, дүние жүзілік банктердің активтер құрылымындағы белгілі бір ортақ тенденцияларын келтіруге болады:
- Ссудалар активтер ішінде ең ірі үлесті алып, орташа мөлшерде 65%-83, 25% иеленеді;
- Құнды қағаздарға салынатын инвестициялар шамамен 2, 15-23, 87% аралығында бекітіледі;
- Банк активтерінің 0, 2-12, 94% кассалық активтер алады;
- Басқа да активтердің үлесі негізінен 2, 0-8, 0% шамасында орын алады.
Қазақстан Республикасында қызмет ететін коммерциялық банктердің активтер құрылымының ерекшеліктерін бағалау аса маңызды болып есептеледі. Оларды жан-жақты қарастыру үшін келесі кестені талдайық.
Кесте 1
Қазақстандық банктердің активтерінің құрылымы.
Жоғарыдағы кестеге сәйкес, қазақстандық банктердің активтерінің құрылымы дамыған елдердің банктерінің активтер құрылымынан елеулі өзгешеліктері жоқ екенін байқауға болады. Активтер құрылымындағы негізгі орынға несиелер иеленді, яғни банктер активтердің 63, 3%-ын несиелендіруге жұмсайды. Әрине бұл жағдай несиелендірудің жоғары табыстылықты қамтамасыз етуімен тікелей байланысты.
Коммерциялық банктер мұндай тенденцияларды ескере отырып, сапалық жағынан активтердің рационалды құрылымын құруға тырысады. Бұл мәселе төңірегінде активтерді актив-брутто мен актив-нетто топтарына бөліп қарастыру ерекше сипатқа ие болады. Оларға толығырақ тоқталып кетейік.
Актив-брутто құрылымы.
- Кіріс әкелмейтін активтер:
- ақшалай қаражаттар;
- басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;
- міндетті резервілеу қоры;
- негізгі құралдар;
- материалды емес активтер;
- капиталды шығындар;
- болашақ кезең шығындары;
- валюталық құралдар мен құнды қағаздарды қайта бағалау;
- дебиторлық қарыз;
- есептесудегі қаражаттар;
- бюджеттік және бюджеттік емес қорлардағы қаражаттарды пайдалану;
- капиталды салымдарды қаржыланды;
- ағымды шығындар;
- пайдадан бөлінетін қаржылар;
- есепті және өткен кезең шығындары.
- Кіріс әкелетін активтер:
- ұзақ, орта, қысқа мерзімді ссудалар;
- ссудалар, пайыздар бойынша уақыты өткен қарыздар;
- факторинг;
- лизинг;
- құнды қағаздар;
- берілген кепілдемелер.
- Жалпы брутто-активтер.
Баланс-нетто құрылымында активтерден реттеуші, жинақтаушы және транзитті шоттар көлемі шегеріледі.
Актив-нетто құрылымы.
- Кіріс әкелмейтін активтер:
- ақшалай қаражаттар;
- басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;
- міндетті резервілеу қоры;
- қалдық құны бойынша есепке алынған негізгі құралдар мен материалды емес активтер;
- кредиторлардан артқан көлемдегі дебиторлар.
- Кіріс әкелетін активтер:
- ссудалар бойынша жоғалтуларды жабу резервін шегерген соң ұзақ, орта, қысқа мерзімді ссудалар;
- операциялар бойынша алдын-ала құрылған құнсыздану резервін шегергеннен кейінгі факторинг және лизинг;
- құнды қағаздар, вексельдер, қайтарымсыз міндеттемелердің құнсыздану резервін шегергендегі құнды қағаздар.
- Жалпы актив-нетто.
Актив-неттоның актив-бруттоға қатынасы сапалық жағынан активтердің рационалды құрылымын береді.
- Банктік активтердің сапасын бағалаудың қазіргі жағдайы
Коммерциялық банктің активтерінің сапасы аса өзгермелі көрсеткіштердің қатарына жатады. Сондықтан оны әрдайым бағалап отыру үлкен мәнге ие. Бағалауды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін келесі жағдайларды ескеру керек:
- Баланс активінің сапалық құрылымы және оның көлемінің динамикасы, соның ішінде:
- өндірістік активтер (негізінен клиенттермен операциялар) ;
- өндірістік емес активтер;
- банктің меншікті қажеттіліктеріне арналған шығындар (капиталды активтер, банк ішілік ақшалай активтер, материады емес активтер, пайда есебінен шегерілген қаражаттар, шығындар мен зияндар) ;
- Тартылған қаражаттардың құрылымы мен оның көлемінің динамикасы;
- Меншікті қаражатардың құрылымы мен оның көлемінің динамикасы;
Мұндай талдау негізінде банк өмірінің маңызды тенденцияларын анықтап, қандай операциялардың есебінен пайдалылықтың артқанын немесе кемігенін айқындап, меншікті капитал мен иммобилизирленген активтердің өзгерісін бағалап, тартылған қаражаттардың өсімін (кемуін) көріп, банк қызметінің әдістері мен ерекшеліктеріндегі өзгерістердің қажеттіліктерін айқындауға болады. Басқаша айтқанда, динамикадағы банк портфелін бағалау өз балансын тиімді басқаруды сипаттайды. Сонымен қатар банк портфелін құрастырудың альтернативті әдістерін, нарықта орын алған пайыздық ставкаларын, кірісті максимизациялау мен зиянды минимизациялауға ерекше көңіл аударылады. Сонымен активтер сапасы олардың өтімділігімен, тәуекел активтердің көлемімен, критикалық және толық емес активтердің үлесімен және кіріс әкелетін активтер көлемімен айқындалады. Банктің меншікті міндеттемелерін күн сайын өтеу мүмкіндігіне ие болу үшін активтер құрылымы өтімділік талаптарына сәйкес болу керек. Өтімділік деп активтерді өткізу және қайтадан ақшаға аудару жылдамдығы мен сапасы есептеледі.
- Бірінші деңгейлі өтімді қаражаттар деп дәл осы мезетте пайдалануға дайын жағдайдағы қаражатар, яғни нақты ақша болып табылатын немесе оңай ақшаға айналатын қаражаттар саналады. Оған кассадағы қаражаттар және оған теңестірілген қаражаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен басқа коммерциялық банктерде орналастырылған корреспондентік шоттардағы қаражаттар (нақ осы мерзімде проблемді қатарына жатқан қаражаттардан басқасы), жоғары деңгейлі эмитенттердің вексельдері, кейбір мемлекеттік құнды қағаздар. Сонымен қатар Ұлттық банктің міндетті резервілеу қорына депонирленген банктің қаражатын жатқызуға болады, бірақ банк оларды пайдалана алмайды.
- Өтімді активтер - бұл қысқа мерзім аралығында нақты ақшаға айналу қабілетіне ие қаражаттар болып табылады. Өтімді активтер қатарына 30 күн аралығында банкке нақты қайтарылатын несиелер мен басқада төлемдер, банктің иелігіндегі құнды қағаздардың белгілі бір бөлігі және басқа да активтер.
- Банк үшін қажетті мерзімде өткізілуі мүмкін емес, сонымен бірге өткізу барысында біршама жоғалтулар мүмкін болатын активтерді өтімділігі төмен активтер қатарына жатқызамыз. Аталған топқа негізінен негізгі құралдар енеді.
- Өтімсіз қаражаттар деп нақты ақшаға аударылуы мүмкін емес активтер есептеледі. Өтімсіз қаражаттарға банктің мерзімі өткен әрі сенімсіз қарызы және сатып алушы табылмайтын активтер енеді.
Банк өтімділігін сипаттау үшін 2 тәсіл қолданылады. Ол өтімділікке екі көзқарастың орын алуымен тікелей байланысты. Демек, оны қалдық (босалқы) және ағым ретінде қарастыруға болады.
Өтімділікті қалдық ретінде түсіну кең таралған. Бұл көзқарасты түсіну үшін келесі жағдайларды талдаған жөн:
- белгілі бір мерзімдегі банк балансының активтері мен пассивтерінің қалдықтары мәліметтерінің негізінде өтімділік деңгейін анықтау;
- нақты ақшаға жылдам айналуы мүмкін активтер ғана қарастырып, өтімді активтердің көлемі нақты мерзімдегі банктің өтімді қаражаттарға деген қажеттілігімен салыстырылады;
- өткен кезеңге тиісті баланс мәләметтері бойынша өтімділік деңгейін бағалау. Бұл өткен кезеңдегі өтімділікті сипаттап, есепті кезең бойынша өтімділік деңгейі туралы ақпараттар алынбайды.
Бұл тәсілмен есептелінген өтімділік нақты әрі толық ақпараттарды бейнелемейді. Мұндағы есептелінген өтімділікке мынадай анықтама беруге болады: егер баланстың активін жылдам өткізу нәтижесінде алынған қаражаттар пассивтің мерзімді міндеттемелерін жабуға мүмкіндік берсе, онда банктің балансы өтімді болып табылады.
Өтімділікті ағым ретінде қарастыру кең әрі толық мағынаны береді. Бұл жағдайда банк өтімділігінің деңгейін бағалау үздіксіз жүзеге асырылып, оны бағалау балансты талдаумен шектелмей, сонымен бірге банктің несиелер мен займдарды тарту мүмкіндігін және ағымды операционды қызметтен қаражаттардың ағымын қамтамасыз ету қабілетін есепке алады. Мұнда банк өтімділігін келесідей түсіндіруге болады: егер банктің өтімді активтері мен қысқа мерзімде басқа көздерден тартылған өтімді қаражаттардың жалпы көлемі банктің барлық ағымды міндеттемелерін өтеуге жеткілікті болса, онда банк өтімді болып есептеледі.
Бантің өтімділігіне көптеген факторлар әсер етеді. Олардың негізгілері төменде көрсетілген:
- Пассивтер құрылымы. Қарыздық қаражаттардың ішінде белгілі бір мерзімге жұмылдырылған қаражаттардың көлемі неғұрлым басым болса, соғұрлым банк үшін мерзім мен сома бойынша активтер мен пассивтер арасындағы қажетті балансты сақтау оңайға соғады. Демек, банктің өтімділігі жоғары дәрежеге ие болады.
- Активтер құрылымы. Активтердің жалпы көлемінде бірінші деңгейлі өтімді активтердің артқан сайын, банктің өтімділігі де жоғарылайды. Дегенмен, мұнда міндетті түрде аталмыш активтер кіріс әкелмейтінін ескерген жөн. Сондықтан тек бір ғана критерий негізінде құрылған баланс оптималды болуы мүмкін емес. Мұны ескере отырып, банк өтімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі және өзіне максималды кіріс әкелу қажеттілігі арасындағы тепе-теңділік шешімін іздеу және табу керек. Демек, банк өз кірістілігі мен пайдалылығын бірінші орынға қояды.
- Тартылған ресурстардың мерзімін орналастырылған қаражаттардың мерзіміне сәйкестендіру. Бұл әрбір бөлек кезеңде банк қызметінің екі саласының динамикалық тепе-теңділігін орнатумен ұштасады, яғни банктің болашақтағы төлемдерінің сомасы мен банк активтерге жіберуге қабілетті соманың арақатынасын тиімді деңгейде орнату керек. Демек, мұндағы алтын ережені былай айқындауға болады:
« банктің пассивтері қандай болса, активтері де сондай болуы шарт».
- Активті операциялардың тәуекелділік деңгейі;
- Банкті басқару сапасы;
- Баланстан тыс операцияларды орындау көлемі, құрылымы және мерзімі;
- Банктің басқа қайнар көздерден қаражаттарды жылдам мобилизациялау мүмкіндігі.
Сонымен қатар банктің өтімділігіне әсер ететін көптеген сыртқы факторлар да аз емес. Олардың қатарына енетін факторларды былай топтастыруға болады:
- циклдық (іскерлік белсенділіктің өзгерісін сипаттайтын) факторлар;
- Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы өзгерістер;
- ұзақ мерзімді (тұтынудағы өзгерістерге негізделген, инвестициялық процестер мен ғылыми-техникалық прогресске байланысты) факторлар;
- Сезондық (сезондық өндіріс түрлерімен байланысты) факторлар.
Коммерциялық банктер өтімділік деңгейін өздері бекітеді. Дегенмен, берілген нақты жағдайдағы банк үшін тиімді өтімділік деңгейі мен осы саясатты анықтайтын банк басқармасының мамандану деңгейі де өз әсерін тигізеді. Сондай-ақ, банктің өтімділігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген талаптары тікелей әсер етеді.
Банк активтерін өтімділігіне байланысты келесідей топтастыруға болады:
- жоғары өтімді активтер;
- өтімді активтер;
- ұзақ мерзімді өтімді активтер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz