Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1. Ұзақ мерзімді активтер түсінігі, құрамы және олардың есебін нормативтік реттеу . . . 5

1. 2. Кәсіпорынның ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы

мен есеп саясаты . . . 12

2 КӘСІПОРЫНДА ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 22

2. 1. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру . . . 22

2. 2. Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру . . . 30

2. 3. Негізгі құрал мен материалдық емес активтердің тозуының есебі . . . 40

2. 4. Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі . . . 48

3 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ АУДИТІ . . . 53

3. 1. Негізгі құралдардың аудиті . . . 53

3. 2. Материалдық емес активтердің аудиті . . . 58

3. 3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың аудиті . . . 63

Қорытынды . . . 70

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 72

Қосымша . . . 74

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ұзақ мерзімді активтер көптеген кәсіпорынның өндіріс процесін жүргізуінің негізгі болып табылады. Кәсіпорынның табыс табуы және алдағы уақытқа стратегиялық болжам жасауы көбінесе осы ұзақ мерзімді активтерге негізделінеді. Сол себептен де нарық қатынастары жағдайында шаруашылық қызметін жүргізуші субъектілерде ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да есеп қызметкерлері өз қызметінде қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын басшылыққа алады.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық қызметін жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да жиырма жылдай уақыт өтті. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынып, күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты - шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандарттарға өту барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі болып саналады.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар, негізгі қорлар - еңбек құралдары және белгілі бір қызметпен айналысуға жағдай туғызатын матариалдық емес активтерді, яғни ұзақ мерзімді активтерді пайдалану арқылы іске асырылатыны баршамызға белгілі.

Дипломдық жұмысымның тақырыбының өзектілігі болып өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы пішінін сақтай отырып, құнын оның көмегімен өндірілген өнімге біртіндеп амортизациялық аударым ретінде ауыстыратын еңбек құралдарын, басқа да материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады. Себебі, кез келген өндірістік немесе коммерциялық кәсіпорын құрылған кезде, бірінші кезекте, яғни ұзақ мерзімді активтерді қажет ететіндігі бәрімізге белгілі. Кез келген өндіріс өз қызметіне заманауи құрал-жабдықтарды тартса алға басады, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп отырған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген[1] .

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебі мен аудитін ұйымдастыруды жан-жақты зерттеу және оны жетілдіру жолдарын ұсын болып табылады. Теориялық негіздерді практикалық материалдармен сабақтастыра отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:

  • негізгі құралдардың есебі мен материалдық емес активтердің есебін ұйымдастырудың қағидаларын оқып-білу;
  • негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістерін зертеу;
  • ұзақ мерзімді қаржы салымдарының есебін ұйымдастыру;
  • ұзақ мерзімді активтердің аудитін ұйымдастыру әдістемесін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу дәрежесі. Бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы жөнінде ТМД елдері мен еліміздің көрнекті ғалымдары Мырзалиев Б. С., Сұлтанова Б. Б., Жантаева А. Ә., Әбдішүкіров Р. С., Баймұханова С. Б., Кеулімжаев Қ. К, Донцова Л. В., Радостовец В. К, Сейдахметова Ф. С, Төлегенов Е. Т. және басқа да ғалымдар еңбектерінде тереңінен зерттелген.

Дипломдық жұмысымның зерттеу объектісі ретінде «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» біріккен кәсіпорнының бухгалтерлік есеп мәліметтері алынды. Бұл біріккен кәсіпорын 1993 жылы құрылған. Контракт бойынша шетел инвестицияларының сомасы 20 млрд. долларды құрайды. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның құрылтайшы-серіктестері болып төмендегі компаниялар саналады: «Шеврон Оверсиз Компани» - 50%, «Эксон Мобил Казахстан Венчурс Инк» - 25%, «Казмұнайгаз» - 20%, және «ЛукАрко» - 5%. 2013 жылы ұзақ мерзімді активтері 3369968 мың доллар. 2013 жылы кәсіпорынның шикі мұнай өндіру көлемі 13, 7 млн. тоннаны құраған, бұл кәсіпорында орташа күндік мұнай өндіру деңгейі 296 мың баррельді көрсетеді. Есепті кезеңдегі бірлескен кәсіпорынның таза табысы 632519 мың долларды құрап отыр.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, 12 кестеден тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттерімен анықталған.

  1. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІҰзақ мерзімді активтер түсінігі, құрамы және олардың есебін нормативтік реттеу

Ұзақ мерзімді активтер деп кәсіпорында бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, болашақта экономикалық олжа, табыс әкеледі деп күтілетін активтерді айтады. Ұзақ мерзімді активтерге төмендегілер жатады:

  1. негізгі құралдар;
  2. материалдық емес активтер;
  3. ұзақ мерзімді инвестициялар;
  4. ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар.

Жалпы негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар (құрал-жабдықтардың) есебі» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізілген. Қазіргі кезде Қаржылық есептің халықаралық стандарттарының 16-шы «Негізгі құралдар» деп аталатын стандартына сәйкес жүргізіледі.

«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды[2] .

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптары және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және қызмет істейтін түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей 3 топқа бөлініп, есептелінеді:

а) негізгі құралдар;

б) тауарлы-материалды қорлар;

в) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Шаруашылық субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алынған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма, тағы басқалары)

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, мұнай іздейтін және өндіретін скважиналар, тағы басқалары) ;

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, мұнай, газ тасымалдайтын құбырлар, тағы басқалары) ;

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлар, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары) ;

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы да басқалары;

ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы да басқа негізгі құралдар) ;

д) шаруашылық құрал-жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер, тағы да басқалары) ;

е) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны) ;

ж) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалар) .

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін баланстан тыс «Жалға алынған негізгі құралдар» - деп аталатын шот ашуға болады. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Мүліктік түгендеуге байланысты негізгі құралдар инвентарлық және инвентарлық емес деп жіктеуге болады.

Шаруашылық субъектілерінде ұзақ мерзімді активтер қатарына материалдық емес активтер де кіреді. Сондықтан да материалдық емес активтер Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 28-стандартымен сонымен бірге, 38-ші Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі.

Шаруашылық субъектілерінде объектілерді материалдық емес активтертердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған[3] .

Жалпы материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бірақ кейбір материалдық емес активтертердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар.

Мұнай газ секторындағы кәсіпорындарда материалдық емес активтерге бірінші кезекте, Қазақстан Республикасында белгіленген заңдарға сәйкес мұнайды іздеу мен барлау құқығы, мұнайдың қорларын өндіру құқығы, лицензиялар т. с. с. жатады.

Материалдық емес активтер шартты түрде 4 топқа бөлінеді:

  1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер;
  2. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер;
  3. Қолдану, пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер;
  4. Материалдық емес активтертердің басқа да түрлері.

Бірінші топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. «Ноу-хау» - құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрде көрсетілген нысан және тағы басқа түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.

Кең мағынасында «ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, кілті қолма-қол тапсырылатын құрылыста және тағы басқа қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. «Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты мен төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін.

Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтертердің қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат (мысалы, мұнайгаз секторында дәлелденген мұнай қоры бар секілді геологиялық барлау мамандарының ақпараты) немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы және тағы да басқа мәліметтер жатады.

Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Мұнайгаз секторында бірлескен кәсіпорындар көптеп ашылады, сондықтан да мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т. б. шығындары жатады.

ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтерге көбінесе тауар таңбалары, тауардың шыққан жері және тағы басқалар жатады. Тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді. Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді[4] .

Тауардың шыққан жерінің атауы - тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.

Нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқығын береді.

Бірақ ол үшін тауар таңбасының құнын білу керектігін ұмытпайық.

Қолдану, пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт лицензиялар және басқалар жатады.

Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланатын құқық болып саналады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар, патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат болып саналады. Оны алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуға да, патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болуы тиіс.

Өнеркәсіптік үлгілер. Мұндай материалдық емес активтерді пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілері модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі мүмкін. Өнеркәсіптік үлгілер авторлардың шығармашылық еңбегі ретінде мойындалады. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) - қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік органдарының берген рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді:

Субъект бойынша:

  • Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына берілетіндер;
  • шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.

Қызмет ету көлемі бойынша:

  • негізгі - мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;
  • бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетіндер) - белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын алуға беріледі;
  • операциондық - валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.

Мерзімдік әрекеті бойынша:

  • тұрақты - берілген мерзімі шектелмеген;
  • уақытша - белгілі бір мерзімге берілген.

Мұндай лицензия секілді материалдық емес активтер мұнайгаз секторындағы кәсіпорындарда ең керекті де маңызды активтердің бірі ретінде саналады. Бірде-бір кәсіпорын лицензиясыз қандай да бір қызмет түрімен айналыса алмайтындығын бәрімізге белгілі.

Инвестицияға тоқталсақ, жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелділік. Инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі болып саналады. Кәсіпорындар мен компаниялар инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
Кәсіпорын капиталын ұлғайту үшін инвестицияларды тарту есебі
Инвестициялар есебі туралы мәлімет
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі
Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы
Қаржы инвестиция есебі
Қаржылық инвестициялар есебі
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі
Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz