Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе… . . . 3-4
1. Тарау. Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы . . . 5-28
1 . 1. Дәрілік өсімдіктердің зоналар бойынша таралуы . . . 5-22
1. 2. Таулы аймақтағы дәрілік өсімдіктер . . . 23-28
II. Тарау. Оңтүстік Қазақстанның дәрілік өсімдіктері . . . 29-46
2. 1. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы дәрілік және улы өсімдіктер . . . 29-38
2. 2. Дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және сақтау . . . 39-45
2. 3. Дәрілік өсімдіктер өсетін аймақтарды қорғау . . . 46
Қорытынды . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі; Қазақстан Республикасында орманды, далалы, таулы, шөлейтті, шөлді және тағы басқа да табиғи жағдайлар әр түрлі болып келеді. Міне сондықтан да, Қазақстан өсімдіктер дүниесі мейлінше бай және олар алуан түрлі деуге болады. Республика жерінде 6000-ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД көлемінде бірінші орында тұрады. Өсімдіктер дүниесінің осындай мөлдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңыздылығы зор.
Қазақ Қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен ілгеріден-ақ кеңінен тараған. Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь - Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Сырдария- Қаратау флорасы да бұдан да бай.
Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда дермене, жантақ, есекмия, қара меңдуана, сасық меңдуана, адыраспан, самалдық шөп, сүйекті аққурай, дәрілік мелисса т. б. дәрілік өсімдіктер кездеседі. Пайдалы өсімдіктер таулы аудандарда бай, олардың дәрілік түрлері де аз емес. Қылшаның таулы түрі рауғаш түрлері кикоты тау етектері мен тау белдеуінің төменгі жағынынан кездеседі. Ішек құртын (глисти) жақсы айдайтын қырық құлақ (усусыр) қарандыз және т. б. дәрілік өсімдіктер таулы жерлерде өседі.
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді олардың ішінен пайдалануы жағынан көңіл қарарлықтай, өте-мөте маңыздыларын, сонымен қатар Қазақстан аумағының көпшілігінен ғана таудан алып отырған. [1. 3-6 б]
Диплом жұсысының мақсаты ; Қазақстанның дәрілік өсімдіктеррінің таралуы ерекшелігі. Дәрілік өсімдіктердің зоналар бойынша таралуы. Таулы аймақтардағы дәрілік өсімдіктер. Оңтүстік Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің таралу ерекшеліктері. Оңтүстік Қазақстан қорықтық аймақтардағы дәрілік өсімдіктер. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы дәрілік және улы өсімдіктерді зерттеу. Дәрілік өсімдіктерді жинау сақтау жолдары. Дәрілік өсімдіктерді өсетін аймақтарды қорғау.
Диплом жұмысының міндеті; Қазақстан аумағындағы дәрілік өсімдіктедің таралуы және адамдарға пайдасы. Қазақстан жер бедерінің әр түрлілігіне байланысты дәрілік өсімдіктердің таралу ерекшелігі. Оңтүстік Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің табиғат жағдайларына байланысты таралу ерекшеліктері. Дәрілік өсімдіктерді адам ағзасын пайдасы мен қолданылуы.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі; Ә. Іскедіровтің «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» атты бұл кітабында дәрілік өсімдіктерді зерттеді. М. Оспанов, Ж. Лұқпанов. «Өсімдік- жанға шипа дертке дауа » адамдарға пайдасы, қалай қолданылуға болатыны жайында зерттеген. М. Хажымұратов «Қазақстанда кездесетін улы өсімдіктер» тек улы өсімдіктер емес жалпы дәрілік өсімдіктерді зерттеген. Улы өсімдіктер жайында 9 томдық «Қазақстан флорасында» біршама толық зерттеген. К. В. Доброхотова, В. В. Чудинов «Қазақстан дәрілік өсімдіктері» жайлы зерттеді. Арыстанғалиев пен Рамазанов «Қазақстан өсімдіктері» атты кітап жазып, өсімдіктердің қазақша -орысша-латынша аттарын анықтауда және бір жүйеге келтіруді зерттеді.
Диплом жұмысының құрылымы; Диплом жұмысы кіріспеден екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1. Тарау. Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
1. 1. Дәрілік өсімдіктерді зоналар бойынша таралуы.
Қазақстан жерінде орманды дала зонасының тек Оңтүстік шеті сүйірленіп келеді келеді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар кездеседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығымен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0, 4% HHJKРОJKLОрманды алып жатыр. Орманды дала зонасындағы өсетін дәрілік өсімдіктер; атқұлақ, көкек жанаргүлі, көктемдік жанаргүл, мойыл, тайтұяқ, түзу қазтабан, дөңгелек жапырақты алмұртшөп, ашық құндызшөп, көкпек, шайтанкелмес дәрілік өсімдіктері өседі.
Атқұлақ (Қымыздық) -Щавельконский - Ол -биіктігі 1, 5 метрге дейін жететін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жуан әрі қысқа, қосымша тамыр көп. Сабағы түзу, он бойы созылған салалары бар. Тамыр жапырақтары үш бұрышты, жүрек тәрізді, сағақтары ұзын ұштары доғал келеді. Жоғарғы сабақ жапырақтарының, сағақтары қысқа. Барлық жапырақтарының астыңғы беттерін қысқа-қысқа түк басқан. Гүлдері майда жасыл түсті, сыпырғы сияқтанып шоғырланып тұрады. Июнь- июль айларында гүлдейді. Шабындықтардың, орманның шеттерінде, мал жайылымдарында, шалғынды жерлерде, жолдардың жиектерінде өседі. Дәрі үшін өсімдіктің тамырын күзде және жерге түскен бөлігін гүлдеген кезде жинап алып пайдаланады. Құрамында илік заттар, антроглукозиттер, смолалар, эфир майлары, к витаминінде темір бар. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, өт айдайтын қан тоқтататын, құрқұлаққа ем болатын қасиеті бар. Аш ішектің, тоқ ішектің қабынуын, геморрой түйіндерін, қанның азаюын емдеу үшін де қолданылады. Ауыз уылғанда және тіс түбінің еттері қабынғанда ауыз шаяды. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі-дәрмектермен кейбір тері ауруларын емдейді. [1. 18-19б]
Көкек жанаргүлі -Горицвет кукушкин -Көкек жанаргүлі -көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Биіктігі 90 сантиметрге жуық сабағын төмен қараған қысқа түк басқан. Сопақша келген жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, ені жағынан да аздаған түктері бар. Гүлдері қызыл, бұтақтарының ұштарында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары қысқа, тостағанша қоңырау сықылды, үстіңгі жағында гүлдейді. Ылғалды жерлерде, батпақтардың шеттерінде, орман іші алаңдарда, жоңыршқа шабындықтардың арасында кездеседі. Дәрілік мақсат үшін көкек жанаргүлінің жер үстінгі бөлігін пайдаланады. Халық арасында бұл өсімдікті сары ауруға, бронх қабынуына, ревматизімге қарсы қолданылады. Жатырда және басқа органдардан қан кеткен жағдайларда пайдаланылады. Бұл дәрімен сыртқы жараларды жуады және қышыма емдейді. Ірің жараларға компрес ретінде сыртынан таңып байлап қоюға болады. [1. 68-69б]
Көктемдік Жанаргүл -Адонис весенний, горицвет- Көктемдік жанаргүлдің шикізаты аптекаларда тұнба жасау үшін, ал заводтарда галенді препараттар мен гликозитер алу үшін қолданылады. Бұл өсімдік апрель айында орманды аймақтардың шеті далалы жерлерде өсіп, дөнгелектене біткен ашық сары гүлдерін шаша гүлдейді. Көктемдік жанаргүлдің алтындай сары гүлдері көктемгі қуаныш пен махаббатың хабаршысындай, өсімдіктің алғашқы жапырақтарымен бірге пайда болды. Жанаргүл бұл кезде өте әдемі көрінеді. Ертедегі Фининия мен Сирияда адония деп аталған көктеммен алғаш кездесу мейрамы ұйымдастырылып отырған жанаргүл биіктігі жарты метрге дейін жететін, жуандау келген қоңыр қара тамыр сабағы бар, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары жіңішке әрі қалың, төмегілері кезектесіп орналасқан. Сабақтары бұтақтары көп, сырты тегіс түп жағындағы жапырақтары, қабыршық сықылды қоңыр болып келеді. Гүл жапырақтарының саны 14-20 гүл шеңбері ірі 5 сантиметрге дейін жетеді. Гүл тостағаншасының жапырақшалары бесеу. Қазақстанда көктемдік жанаргүлінің басқа да 7 түрі кездеседі. Бірақ олардың көбінде жүреки глюкозитрі 2-3 есе аз болады. Тек Түркістандық жанаргүлдің емдік қасиеті ғана көктемде жанаргүлмен бірге көктемдік жанаргүлдің жердің үстіндегі жапырақты бөлігін апрель айында гүлдегеннен бастап, июль айының басында тұқымды шашылғанға дейін жинайды. Өсімдікті пышақпен кесіп, орақпен орып алады. Тамырымен жұлуға болмайды. Өйткені өсімдіктің бір жолы жойылып кетуі мүмкін. Орылып алынған шөпті жел қағып жерде көленкеде дереу кептіріп алу керек Дайындалған шикізат құрғақ бөлмеде қағазға оралып, ағаш жәшікте сақталады. Бұл өсімдіктің құрамында циморин, адонитосин деген глюкозитері бар.
Көктемдік жанаргүлдің медитцинада кеңінен қолданыла бастауының өзіндік тарихы бар. Өткен ғасырда Н. А Бубков деген жүрек бұлшық еттерінің жұмысы нашарлап, ішіне су жиналып, аяқтарын ісік шалған ауруларды тәуіптердің белгісіз бір шөптермен емдеп жазып жүргенін байқап қалады. Ұзақ зерттеудің нәтижесінде Н. А . Бубков белгілі ғалым С. П. Боткиннің ауруханасында тәуіптердің қолданған көптеген шөптерінің ішінен осы көктемгі жанаргүлді бөліп алады да, оның емдік қасиеті толық анықтап шығады. Бұл шөп жүрек еттерінің күштері азайып, ауру адам ентікенде, денедегі қан айналысы нашарлағанда соның әсерінен несеп жүрмей қалғанда қолданса, өте жақсы нәтиже береді. Жүрекке неғұрлым күшті әсер ететін каперстянка сияқты дәрілермен салыстырғанда бұл дәріні қолдау қауіпсіздеу, себебі ол жүрек еттерінде сақталып, үстемеленіп жиналмайтын белгілі уақыттан кейін организмнен шығып кетіп отырады.
Көктемдік жанаргүл жүрек неврозына қарсы және орталық нерв жүйесін тыныштандыратын, несеп жүргізетін дәрі орнында қолданылады. Бұл бронх демікпесі деп аталатын ауруды емдейтін дәрінің құрамына кіреді. Өсімдіктен тұнба былай жасалады 6-8 г шөпті 200 грамм қайнаған суға салып тұндырады. Тұнбаны күніне 1 ас қасықтан 2-5 рет тамақтан соң ішеді. Көктемдік жанаргүлі улы өсімдік болғандықтан, дәрі ретінде дәрігердің ғана байқауымен пайдаланады. [1. 70-71б]
Мойыл -Черемуха обыновенная Мойыл биіктігі 10 м жуық ағаш, яғни бұталы өсімдік. Қабығы қоңыр, жапырақтары кезектесіп орналасқан . Сағақтары ұзын, эллипс тәрізді, шеттері өткір ара тісті. Оның жоғарғы жағында жапырақтарының шеттерінде бездері бар. Гүлдері майда ақ түсті шоғырланып төмен салбырап тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да гүл жапырақшалары да бес-бестен жемісі -қара сүйекше, май -июнь айларында гүлдейді. Жемісі августь -сентябрь айларында піседі. Ол су қоймаларының, шөлдердің, өзендердің жағаларында, бұталардың арасында ормандардың шеттерінде өседі. Дәрі жасау үшін мойылдың жемісін пайдалнады. Құрамында алма, лимон қышқылы, илік заттар, эфир майлары, қант тұқымында, гүлдерінде жапырағында, қабығында амигдалин дейтін гликозир бар. Амигдалин глюкозаға және синиль қышқылына ажырайды. Синиль қышқылы -адам организімі үшін аса улы зат. Халық медитцинасында жасалған мойылдың жемістерінен тұнбалар іш өткізеді қойдыртатын дәрі ретінде пайдаланады. Гүлдерінен жасалған тұнбаны көз ауруларына емдеуге қолданылады. Өкпе ауруларын емдеуге қолданылады. Өкпе ауруларын өсімдіктің гүлдерімен жапырақтарынан жасалған тұнбалармен емдейді. Жас бұтақтары қабығының қайнатындысын тер шығаратын дәрі ретінде қолданады, ал тұнбасымен ревматизмді емдейді деп айтқан. [1. 94-95б]
Тайтұяқ - Копытынь европейский Тайтұяқ -ұзын, жіңішке көлбеу өскен тамыры бар, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырақтарының шеттері бүтін аттың ізі ұқсас сағанақтары ұзын түкті. Бұл өсімдіктердің жапырақтары қыста да түспейді. Гүл сабағы қысқа гүлдері жеке-жеке орналасқан, сырт жағынан қарағанда ашық қоңырлау, ішкі жағы қою қоңыр түсті. Жемісі қауашақ сықылды апрель айында гүлдейді. Бұл өсімдік негізінен ормандар арасында көленкелі жерлерде өседі.
Дәрілік мақсат үшін тайтұяқтың жер үстіндегі бөлігін және тамырын жинайды. Құрамындағы эфир майлары, азорон пинен, эвгеналлоид бар. Тамыры улы, сондықтан дәрі жасағанда өсімдіктің дәрілік мөлшерін дұрыс алып, ұқыптылықпен қадағалау керек. Халық медетцинасында тайтұяқ несеп айдайтын, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар асқазан және жүрек қызметін реттейтін қабынуға қарсы әсер ететін, құстыратын және оған байланысты асқазан маскүнемдікке шипа болатын қасиеті де бар. Әйелдердің етеккірін қалпына келтіру үшін де қолданылады. Бауыр, асқазан ішек ауруларына қарсы және сары ауруға ұшыраған дене сарғайғанда да ем үшін қолданылады. Шешек ауруына несеп жүргізу арқылы ісікті қатару үшін қолданылады. Дене сарғайғанда шай шөпті және тайтұяқты теңдей етіп алып, осы қоспаның 1 ас қасық 1 стакан суға тұндырады да 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді. Асқынған маскүнемді емдеу үшін тайтұяқ шөбі тұнбасының 1 ас қасығын 1 стакан араққа қарағысы келмейтіндей болып безеді.
Түзу қазтабан -Лапчатка прямостоячая Түзу қазтабан - биіктігі жарты метрге дейін жететін, шөп тектес көп жылдық өсімдік. Тамыры көлбеу өседі, жуан әрі қатты, көптеген қосымша тамырлары бар. Сыртынан қарағанда қоңырқай сындырып қарағанда іш жағы қызыл түсті болады. Сабағы тік, қысқа түктері бар кейде жоғары көтеріліп барып жоғары көтеріледі де, жоғары жағында жайылма өседі. Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтары үш және бес саналы болып сағақтары ұзын келеді. Сабақтан өскен жапырақтары отырмалы үш-үштен қосақталып тұрады, үлкендеу келген қосымша жапырақтары бар. Тамыр жапырақты өсімдік гүлдеген кезде қурап түсіп қалады. Гүлдері жіңішке, олар сабақтарының ұзынша бөлек - бөлек тұрады. Гүл тостағаншасы екі қабат. Әр қабатында төрт қабақшадан бар. Гүл жапырақшалары төртеу, алтындай сары түсті түп жағынан қызыл дақылдар болады. Май айынан августь айына дейін гүлдейді. Ормандардың ішінднгі алаңдарда, ылғалды және құрғақ шабындықтарда бұталардың арасында өседі.
Дәрі жасау үшін өсімдік тамырын жинап, кетпіріп алады. Өсімдіктің құрамында илік заттар, крахмал, алма қышқылы, шайырлы заттар камед эфер майлары, қант бар. Халық медетцинасында түзу қазтабанның қақырық түсіретін, өт айдайтын қабынуға қарсы әсер ететін, ауырған жерлерді нерв жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар деп есептеді. Түзу қазтабанның тамырынан жасалған дәрілер асқазан қабынғанда және асқазан ішекке жара түскенде, өкпе желденіп кеңейгенде, өкпе туберкулезбен іш өткенді, күшті жөтелді емдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар асқазаннан, ішектен, жатырдан қан кеткенде де пайдаланылады. Ауыз уылғанда, тіс түбінің еттері қанайтын болғанда ауыз шаяды. Дене сыртындағы тері ауруларын, қанталаған іріңді жарақаттарды емдейді. Еріннің және қолдың аяқтың терілері жарылғанда осы өсімдіктер тамырынан жасалған май дәріні жағады. [1. 126-127б]
Дөңгелек жапырақты алмұртшөп - биіктігі -30см жететін тамыр сабағы ұзын және қосымша тамырлы, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамырынан тікелей өсіп шығатын сағақтары ұзын, дөңгелек тәрізді, шеттері майда тісті, қыстада түспейді тұра беретін бірнеше жапырағы бар. Жапырақтары қалың жасыл түсті, кейде сопақшалау, шеттері бүтін болып та келе береді. Әдетте олар 2-3 жылдан кейін барып түсіп қалады. Гүлдері ақ және ақшыл түсті ұзын гүл сабағының жан -жағына салбырап тұрады. Гүл тостағаншасының ұштары имектеу, бес жіңішке қалқшадан тұрады. Гүл тәжі ақ түсті, 5 гүл жапырақшасы бар. Жемісі 5 ұялы, дөңгелек, көп тұқымды қауашақ.
Дөңгелек жапырақты алмұртшөп тамырынан тез көбейеді. Алғашқы 2-3 жылдық жапырақтары пайда болады да 3- ші 4- ші жылдары май айының аяқ шетінен бастап августқа дейін гүлдейді. Көбінесе қарағайлы, шыршалы ормандардың арасында өседі. Дәрі үшін өсімдіктің жапырақтарын жинайды. Оның құрамына гликозитер илік заттар, арбутин бар. Дөңгелек жапырақты алмұртшөптің жапырақтарынан жасалған дәрілерді кесіп айдайтын және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Осыған байланысты бұйректің, қуықтың қуық жолдары бездерінің созылмалы түрде іріңдеп қабынуы және шешек ауруын емдеу үшін қолданылады. Өсімдіктің тұнбасымен тамақ және бас ауруларын, жарақатты емдейді. Көп жазылмай жүрген жараларға дөңгелек жапырақты алмұртшөптің жас жапырақтарын жаншып таңып, майлап қояды. Өсімдіктің кептірілген жапырақтарының 2 шай қасығын 1 стаканға қайнап тұрған суға салып тұндырып, 1 күн ішінде ішіп тауысады.
Ашық құндызшөп - Прострел раскрытый - Ашық құндызшөп ерте көктемде жапырақтары жайылғанға дейін, гүлдеп үлгеретін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры қоңыр түсті, тік өседі. Сабағы 45 см -ге жетеді, иол бойында жібек сықылды жұмсақ түктері, сабағының ортасына таман сабақты қоршай орналасқан жапырақтаының сабақтары ұзын, саусақ сықылды екі-үш саласы. Гүлдері жеке -жеке орналасқан, ірі, ақшыл көк немесе ақшыл қызыл түсті. Апрель май айларында гүлдейді. Ормандардың бұталардың арасында, ашық жерлер өседі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жерге түскен бөлігі пайдаланады.
Ашық құндызшөпті орыс тілінде сон трава (ұйқы шөбі) деп атайды, сол халық арасында ашық құндыз шөптің тамырын жалаған жануарлар ұйқыға кетеді екен деген ұгым байланысты болса керек. Кейде мұның ұқсастығына қарап, жабайы қызғалдақ деп те атайды. Өсімдіктің құрамында протоанимин анемонин, сантониндер бар.
Ашық құндызшөптің тұнбасы микробтарды, грибоктарды жояды. Сондықтан оны іріңді жараларды және терінің грибоктармен зақымданған жерлерін емдеу үшін пайдаланылды. Өсімдіктің тұнбасы туберкулезді, жөтелді, бронх қабынуын, әйелдердің жыныстық ауруларын емдеу үшін қолданылады. Халық медитцинада ашық құндызшөпті ұйықтататын және жүйкені тыныштандыратын дәрі ретінде пайдаланады. Ревматизмге ұшырағанда буындарды осы өсімдіктің спиртті ерітінділерін жағып емдейді. [4-19-20б]
Көкпек, шайтанкелмес -Синюха голубая -Көкпек шайтанкелмес - биіктігі 1 м дейін баратын көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры сабағы қысқа, одан көптеген жіңішке тамырлар тарайды. Жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан қауырсын тәрізді, сопақша, ұштары сүйір келеді. Төменгі жағында жапырақтарының сабақтары ұзын, жоғарғы жағында жапырақтар орналасқан. Гүлдері көкшіл түсті, майда ұнамды исі бар. Гүл тостағаншаның қалақшаларыда, гүл жапырақтары да бес-бестен болады. Жемісі - сопақша келген көп тұқымды қауашақ. Июнь - июль айларында гүлдейді. Жемісі август -сентябрь айларында піседі.
Ормандардың шеттерінде, шабындықтарда жолдардың шетінде, өзендердің жағаларында, орман ішіндегі алаңдарда өседі. Дәрілік мақсаты үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын август - сентябрь айларында қазып жинап алады. Құрамында сапониндер, смола, органикалық қышқылдар, эфир майлары бар. Көкпек шайтанкелмес-халық медетцинасында көп тараған. дәрілік өсімдіктердің бірі. Бұл өсімдікті нерв жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін дәрі есебінде пайдаланады. Сонымен қатар қояншық ауруына қарсы ұйқы қашқанда қолданылатын шипалық қасиеттері бар. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайтанкелместі өкпе және бронх қабынғанда және өкепе туберкулезімен емдеу үшін қолданылады. Өсімдіктің қақырық түсіретін қасиеті шет елдерден әкелінетін сенега атты дәріден кейін емес. Жүйкені тыныштандыратын қасиетті дәрілік шүйгіншөптен 8-10 есе артық саналады. Шай талкелместі асқазанға және ұлтабарға жара тұскенде емдеу үшін де пайдаланады. Бұл өсімдікті ақшайырдың шөбімен қосып пайдаланса, дәрінің тиімділігі арта түседі. Ол үшін тамақтан жарты сағат бұрын батпақ ақшайырының сулы тұнбасынан 1-2 қасығын ішеді де екі сағаттан кейін шайтанкелместің тамырынан жасалған тұнбадан 1 ас қасық ішеді. Емдеу мерзімі 3 апта.
Дала зонасы шөптесін, дәрілік өсімдіктерге бай. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктер мен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатыр. Дала зонасының өсімдіктерінің арасында дәрі -дәрмектің өсімдіктері де бар. Мысалы; ырғай, сары волушка, итбүлдірген, шайшөп, итмұрын, дәрілік валерин, кездеседі.
Ырғай - Бузник Черная - Ырғай - бамбуктер тұқымдасына жатады биіктігі 3 м 10 м дейін жететін көп жылдық, ағаш тектес өсімдік. Бұталарының өзегі ақ әрі жұмсақ. Жапырақтарының ұзындығы 30 см, қауырсын тәрізді, қарама -қарсы орналасқан. Ортақ сағақтары жапырақтарының саны 5-7 см дейін жетеді. Гүлдері майда ашық сары түсті, тұтас шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары ұзын. Гүлдері иіліп төмен қарай салбыраған. Жемісі қара көк түсті саны 2- ден 4- ке дейін жететін сопақша келген кішкене сүйекті дәнектерден тұрады. Май -июнь айларында гүлдейді, жемісі июль - август айларында піседі. Ырғай көбінесе балқарағайлы ормандардың арасында қалың болып өседі. Кейде мәдени өсімдіктер ретінде бақтарға, парктерге отырғызылады. Бірақ тез жабайыланып ауыл арасында, ашық жерлерге, жолдардың жиегіне, елді мекенге тарала өсетін қасиеті бар.
Дәрілік мақсаты үшін өсімдіктің гүлін, жемісін кей жапырақтары мен қабығын, тамырын жинайды. Гүлдердің құамында қоймалжың заттар, сірке және валерин, алма қышқылдары қатты түрдегі эфир майлары, тер шығаратын гликозидтер, рутин, жемісінде илік заттар, глюкоза, фруктоза бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz