Орта Азия таулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

А.К.Курбаниязов

ОртаАзияның физикалық географиясы

Түркістан 2009

Бұл Орта Азия физикалық географиясы оқыу қолданбасы Орта Азияның
табиғи жағдайына сипаттама бере келе, олардың табиғый компонентернің
(геологиялық дүзілісі, рельефі, климаты, сулары, топырақ жамылғысы,
өсімдіктерінің тарқалыуы және жануарлар дүниесінің) өз-ара байланыстылығын,
табиғи ресурстарын, олардан пайдалану жолдарын және оларды қорғау жолдары
мағлуматтар айтылған.
Оқу қолданба география ғылымының негізгі пәндерінің бірі болып, бұл
жоғары оқыу орындарындағы география, экология, мамандығын оқып үйренетін
студентерге арналған

КІРІСПЕ
Орта Азия Евразия материгінің ішкерісінде жайласып, Евразия құрлығының
басқа аймақтарынан өзінің тарихи геологиялық дамуы, табиғи шегарасына ие
аймақ болып табылады.
Орта Азияның табиғи географиялық шегаралары сияси және этник
шегаралармен туры келмеиді. Сол себепті оның табиғи-географиялық
шегараларын анытауда аймақтын геологиялық және полеогеографиялық дамуын
жәнеде геоморфологиялық дүзілісін есепке алып белгіленеді.
Орта Азияның аймағының табиғатының полегеографикалық дамуы және
қалыптасуы жағынан оның тегістік бөлімімен таулы қысымы арасында бір бүтін
тығыз баиланыс бар. Себебі тегістіктер таулардан үгіліп алып келінген
жатқызықтардың жиналуынан пайда болған, тегістік болімнен көтерілген су
пулары таулы бөлімде конденсациялану нәтижесінде ығадықа айналып өзендерді
бір бөлімін азықтандырады және тегістікке қарай ағады. Ол тегістіке шықанан
кейн булануға, егістіктерді суаруға жұмсалады, ал қалған бөлімі жер асты
суын пайда етеді.
Орта Азия физикалық географиясы пәні жоғарғы оқыу орындарында
география білім дізімінің маңызды оқыу пәндерінің бірі болып есептеледіБұл
оқыу құралын үйрену арқылы студентер өзі жасап тұрған аймақтың табиғатын,
олардың бір- біріне әсерін, табиғи ресурыстарды, оларыдың кәзіргі жағдайы,
олардан үнемді паидалану жолдары табиғаты қайта қалпына келтіріп, табиғаты
байытып барыу және табиғат жөніндегі білімді терендету болады.

Орта Азия аймағының шегарасы және жер көлемі
Орта Азия табиғи аймақтық жағынан Евразия материгінің сондай бір жалпы
табиғи құрылысы, ол басқа жерлерден ерекшеленеді. Орта Азия материктің
орталығында, мұхиттардан алыста, тұйық жерде орналасқан, солтүстік және
батыс жаққа ашықтығы, шығыс және оңтүстіктен таумен қоршалғандығы жер ең
басты ерекшелігі болып табылады.
Жер шекарасы жалпы ұзындығы 9950 км болып, содан 8650 км, құрғақтық
арқылы маңызды бөлігі өлкенің батысына, яғни Каспий теңізі (1300км)
жағасына дұрыс келеді.
Орта Азия аймағы батыс шекарасы оңтүстікте Каспий теңізінің оңтүстік-
шығыс шекарасындағы Курд ауылынан басталып, теңіздің шығыс жаға бойымен
Маңғыстау қолтығына дейін созылып жатыр. Содан кейін батыс шекарасы
Маңғыстау Солтүстігі, Доңызтау, Шоғырай платосының батыс бөлігі, Шошқа,
Мұғалжар тауы суайырғышы және Орал-Торғай өзендері суайырғышы бойымен Бреди
қаласына дейін созылып жатыр. Батыс шекарасы жалпы ұзындығы шамамен 3750
км. Содан 1300 км.бөлігі Каспий теңізі жағасына дұрыс келеді.
Орта Азия Солтүстік шекарасы туралы әр түрлі пікір бар. Ғалымдардан
бірі Л.П.Корженевский Орта Азияның солтүстік шекарасы шамамен 48° солтүстік
бөлімі арқылы, яғни Қазақстан жазық тауы оңтүстік бөлігі арқылы өтеді.
С.П.Суслов болса аймақтың солтүстік шекарасын 50° солтүстік бөлігі арқылы
өтеді. Бұл Солтүстік мұзды мұхитымен Қазақстан арасындағы суайырғыштарға
тура келеді. Біздің ойымызша, солтүстік шекараны Қазақстан төмен тауының ең
солтүстік шекарасы немесе Батыс сібір аумағымен тұтасқан 200 метрлі
горизонтал арқылы Семей қаласынан соң оңтүстік-шығысқа жақын Үар және
Көкпекті қаласы арқылы Зайсан көліне, одан Қара Ертіс өзені бойымен Бурчум
ауылына 30 кмге жетпестен (460 м), аймақтың ең шығыс бөлігінде тұтасқан.
Бұл жерде Серектитауы бар. Солтүстік шекара жалпы ұзындығы шамамен 2150 км
ді құрайды.
Орта Азия өлкесінің шығыс және оңтүстік шекаралыры таулардың суайырғыш
бөліктерінен өтеді. Өлкенің шығыс шекарасы Қара Ертіс өлкесінің соң
бөлігіндегі Серіктітауы (690 м) нан басталады. Ол жердің ең шығыс шекті
нүктесімен 1 меридианда (86°46) орналасқан. Серіктітаудан басталған жердің
шығыс шекарасы Саур, Шығыс Тарбағатай, Урнашар, Жамо, Майлытау және
Жоңғария Алатау тізбелерінің оң бөлігі бойымен өтіп, Көк көл (Демекш)
аумағының оңтүстік батыс жаққа жеткен. Жалпы айтқанда шығыс шекара жолдарын
өзгертіп Памир тау тізбегінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Беикке дейін
төмендегі тау тізбектері арқылы өтеді. Борохоро, Ирен-Хабирга, Норат,
Алықтау, Жеңіс, Хан-Тәңірі тау түйіні, Көкшеалатау, Сарыкөл тізбектері
болады. Өлке шығыс шекарасы жалпы ұзындығы 2650 км-ді құрайды.
Беик (4665км) басталған өлкенің оңтүстік шекарасы, негізінен, оңтүстік-
батыс және батысқа, Каспий теңізі, оңтүстік-шығыс шекті бөлігіндегі
Астрабат ойысына бірігіп кетеді. Шекара бұл бөлікте төмендегі тау және тау
тізбегінің ең жоғары бөліктері арқылы өтеді. Ҳиндукуш, Сафедкух
(Парапамиз), Әлем Нишопур (Кохи Мирабат, Кохи Шахтахан) Сарай, Эльбурс
(Миоркох), Күн Гургон тізбектері.
Орта Азия аймағының солтүстік және оңтүстік шекаралары онша
иірілмеген, бірақ солтүстік шекарасы көп бөліктерден құралады. Батыс
шекарасының Каспий бөліктері көп бөлінген.
Аймақтың солтүстік шекті нүктесі Айыртау 53°50 және 68°30, м.к. және
63°45 ш.у.та орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2650 км-ге созылған
болып, субтропик белдеуде орналасқан. Аймақтың батыс шекті нүктесі
Түпқарағай 50°15 ш.у. және 44°37 м.к-те орналасқан. Аймақтың батыс, шығыс
шекті нүктелері аралығы шамамен 2800км-ді құрайды.
Орта Азия табиғи-географик аймағының жері шамамен 3млн. 450 мың км2 ді
құрайды. Бұл аймақ Батыс Европадағы жер аумағы жағынан ең үлкен болған
Франциядан 6 есе және Германия жер бөлігінен болса 11 есе үлкен.Өлке
аймағына Ұлы Британия сияқты елдерден 15, Белгия сияқты елдерден 128 ін
орналастыру мүмкін.
Орта Азия елі үлкен аймақты ел болғандығы үшін оның табиғаты да әр
түрлі.
кесте-1
Орта Азия орташа айлық және жылдық жауын-шашын өлшемдері (мм)
1
Сауыр-Тарбағатай 15
Жоңғар Алатауы 1120
Тян-Шань
Іле Алатауы 486
Күнгей Алатауы 237
Қырғыз сілемі және Талас Алатауының етегі 329
Теріскей Алатауы 1081
Ақшырақ сілемі 432
Қойлытау етегі 236
Хантәңірі және Жеңіс 2422
ауданы(Сарыжаз,Инелчек,Қайырды) 983
Көкшағалтау сілемі және Барқалдай 204
Жетімтау және Жетімбел сілемі 79
Нарынтау 132
Атбасы 67
Сусамыртау 193
Ферғана сілемі
Тян-Шань тау сілеміндегі кіші таулардағы 229
мұздықтар. Шатқал сілеміндегі және Талас
Алатауынының Шыршық аумағына қарасты бөлігі 7132
Тян-Шань тау сілемінің бәрі

Олой
568
Олой сілемі 132
Түркістан сілемі 557
Зарафшан Хисор сілемі (Зарафшан өзені аумағына
қарасты бөлігі) (200)
Хисор сілемінің барлық жаны 1477
Олой сілемінің бәрі
1469
Памир 462
422
Олой сілемі
Зулмат сілемі 1500
Шимоли Танымас
Ғылым Академиясы сілемі 484
Петр 1 сілемі 820
Дарвоз сілемі 164
Ванч сілемі 670
Жазғұлом сілемі 376
Мұзкөл сілемі 984
Рушан және Базардара сілемі 158
Шуган сілемі 104
Боқчигир сілемі 175
Ишақшим сілемі 261
Шоқдара сілемі 80
Жанубий Аличур сілемі 62
Вахон сілемі 150
Сары көл сілемі 8341
Памир тау сілемінің бәрі

Орта Азия таулары бойынша барлығы



18085

Орта Азия тауларындағы ең үлкен мұздықтар (Р.Д.Забиров мәліметі бойынша)

Мұздықтар Орналасқан орны Ұзындығы, км Көлемі км2
Федченко Бадахшонда 77,8 907,0
Инелчек Үлкен Тян-Шанда 61,0 823,6
Грум-Гржимайло Бадахшонда 36,7 160,0
Резинченко(Инелчек маңайы) Үлкен Тян-Шанда 35,2 98,0
Гармо Бадахшонда 27,5 153,7
Үлкен суықдара Олойорти сілемі 25,2 69,2
Қойынды Үлкен Тян-Шанда
Зарафшан Мастчах тау 24,2 139,9
Сугран тоғанында 24,2 48,0
Гандо Бадахшонда 22,5 55,0
Географиялық Бадахшонда 21,5 81,7
Семенов ------------------21,0 69,4
Мушкетов ------------------20,0 49,3
Фортамбек --- 19,9 74,3
Корнежевский Үлкен Тян-Шанда 19,5 89,1
Мазардара ------------------19,5 32,5
Октябрь ------------------17,5 116,0
Құрымды(Иваново) --- 17,2 60,6
Дарвоз Бадахшонда 16,5 44,0
Кіші Танымас Олойорти сілемі 16,0 66,0
Язғұлом өзені
басында
Олойорти сілемі
------------------
------------------
--
Дарвоз сілемі
Ғылым Академиясы
сілемі

Сондықтан онда теңіз 132 м. Төменде орналасқан Қарагия (Батыр) шұңқыры
мен бірге теңізден 7690 м жоғарыда тұрушы Тиричмир шыңы бар. Бұл өз
кезегінде 1 жағынан елдің орталық және батыс аймақтары да ыстық жазбен
бейнелеуші құмды шөлдер мен қапталған тегістіктер, екінші жағынан, шығыс,
оңтүстік бөліктерінде жазда да қар мен мұзды кетпейтін үлкен таулы
ландшафттардың дамуына себепші болған.
Орта Азия табиғи-географик елі аймағында Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікістан және Түркіменстан, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Иран
сияқты егеменді елдер аймағы орналасқан.

1. Орта Азия табиғи географиялық аймағының шегаралары жөнінде ғылыми
бағыттар.
2. Орта Азия табиғатың зертелу тарихы.
3. Орта Азия жер беті дүзілісі.

Орта Азия табиғатын географик зерттеу тарихы.

Тарихи деректер бойынша Орта Азияда мәдениет ерте дамыған. Бұл аймақ
алғашқы қоғамдық құрылыста өмір сүрген адамдардың мекен жайлары бұған дәлел
бола алады. Орта Азия териториясында археологик деректер бойынша палеолит,
мезолит және неолит дәуілерінеде ертедегі адамдар өмір сүрген жерлер
табылған. Олар Қаратау, Үстірт, Ферғана ойпаты, Сурқандария, Чырчық,
Ахангаран, Зарафшан аңғары, Амудария, Копетдаг, Арыс өзені бойлары, Вахш
өзен аңғары болып саналады.
Орта Азияда жыл санауымыздан алдын 5000-3000 жылдардың өзінде-ақ
халықтар шаруашылқпен аңшылықпен және егіншілікпен айналысқан. Сонымен
бірге қолөнер, құрылыспенде айналысқан. Олар зергерлік бұйымдар әшекейлер
жасаған. Тау жыныстарынан алтын, күміс, мыс, қалайыны ажыратып ала білген.
Өлке аумағында антик дәуір қоғамының дамуы еңбек құралдарының дамуы
негізінен қолөнер және суармалі егіншіліктің дамуы географиялық
мағлұматтарды және көзқарастарды қалыптастырды. Алдын құл иеленушы қоғам
дүниеге келді. Біздің жыл санауымызға дейінгі VІІ-V ғасырларда Соғдиана,
Хорезм, Бақтрия, Марғиана сияқты алғашқы мемлекеттер пайда болды.
Олар өздері өмір сүріп тұрған жер туралы мәліметтері және түсініктері
мол болды. Соның арқасында көптеген жаңа қалалар құрылды. Олар Афросияб,
Ферғана ойпатындағы Элатон және Бузылма, Тәжікстандағы Кобадиен,
Қарақапақстандағы Гәуірқала сияқты елді мекендер орны осыны анықтайды.
Бірақ бұл кездегі жазылған географиялық мәліметтер шетелдік басқыншылардың
басып кіруіне байланысты жоқ болып кеткен.
Орта Азия табиғаты шаруашылығы халықтарының әдет-ғұрыптары туралы
алғаш мәліметтер зардуштилік дінінің қасиетті кітабы Авесто да жазылған.
Бұл кітапта Орта Азиядағы ежелгі мемлекеттер Хорезм, Бақтрия, Соғдиана
туралы олардың шаруашлығы өзендері туралы мәліметтер келтірілген. Антик
кезеңдегі ғалымдар Геродоттың Тарих кітабында кездеседі. Онда
Мауараннахыр табиғаты, жер бедері, халқы туралы қысқаша мәліметтер
келтірілген.
Антик кезеңдегі ғалымдардан Квинт Курций Руф, Страбон, Арриан,
Птолемей сияқты ғалымдар еңбектерінде толық келтірілген. Олар Сырдария-
Яксарт, Зарафшан –Политимет, Амудария-Окс деп жазылған.
Жыл санауымыздан алдын І ғасырда өмір сүрген Квинт Курций Руф,
Политимет, Зарафшан өзені таулық бөлігінде жылдам ағу туралы жазса, жыл
санауымыздың І ғасыр аяғында өмір сүрген Арриан Зарафшан өзенінің суының
көп болуына қарамастан кейбір жерлерде құмға сіңіп кететіні туралы жазған.
Жыл санауымыздағы І ғасырда өмір сүрген Страбон Орта Азия шөлдері және
аңғарларының географиялық орны және табиғаты туралы жазған. Ол Тажан және
Мұрғап өзендері бойындағы жағдай туралы мәліметтер келтірген.
І ғасырда өмір сүрген географ Клавдий Птоломей 8 томды География деп
аталатын еңбектің 6 томында Орта Азия өлкесі туралы жазылған. Онда жер
бедері, табиғат ерекшеліктері, ірі қалалары, халқы керуен жолдары туралы
айтылған.
Птоломей Әлем атласын түзіп ондағы 23 картада Азия құрлығының 81-
147° шығыс бойлық және 35-63° солтүстік ендік арасында жерлерге толық
мәлімет берілген. Ол картада Сырдария-Яксарт, Зарафшан-Политимет, Амудария-
Окс, Тажан-Марг, Мұрғаб-Ох деп аталған.
Птолемей өзінің картасында Орта Азиядағы ірі өзендер суын Каспийге
құяды деп дұрыс емес мәлімет берді. Каспий теңізі пішінін батыстан шығысқа
қарай қате сызған сонымен қатар Арал теңізі орнын Окс көлі деп көрсеткен.
Орта Азия туралы ғылыми мәліметтер қытай деректерінде де кездеседі.
Олар Чжан Цзян еңбектерінде кездестіруге болады. Ол өзінің Орта Азияға
жасаған 13 жылдық саяхаты кезеңінде Ілі аңғары, Ыстықкөл, Қазақстан
далалары, Зарафшон аңғары, Амудария өзендерінде болып осы аралықтағы барлық
аймақтардың табиғатын, тарихын, халқын және шаруашылығы туралы мәліметтер
жинады. Сосын бұл ғалым басқада ғалымдар жинаған мәліметтер негзінде
карталар құрастырды. Бұл карталарда Қырғызстан, Талас Алатауы, Қөкшеалатау
сияқты жоталар Балқаш және Ыстықкөл, Шу, Зарафшан сияқты аңғарлар бір неше
елді мекендер көрсетілген.
Чжан Цзян саяхаттары кезеңінде жиналған мәліметтерде Қытай өз
тауарларын Орта Азия арқылы Жерорта теңізі мемлекеттеріне шығарған
көрінеді. Осыдан Ұлы Жібек Жолы пайда болды. Өлке аумағын зерттеуде қытай
саяхатшылары Сюан Цзан, Орта Азияда өмір сүрген Араб және Иран саяхатшылары
Ибн Хордодбек, Ибн Русте, Ал Масудий, Ибн Фазлон, Истахрий, Ибн Хаукал,
Еқут, Ибн Батутта қатнасқан.
Географияға байланысты мәліметтер жиналыуында 629-645 жылдары Орта
Азия бойынша саяхат жасаған қытайлық Сюан Цзан еңбектері көңіл аударалық.
Ол Шу аңғары Ыстықкөл, Шымкент, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Термез
қалалары, Тян-Шань, Памир, тауларын үйренеді. Негізінен Ыстықкөл туралы
жақсы мәлімет береді.
Араб саяхатшысы Ибн Хурдодбек Аралықтар және мемлекеттер кітабы
шығармасында Орта Азия географиясына байланысты мәліметтер көп. Ол
негізінен аймақ өзендері Амудария туралы жазады. Сонымен қатар Отырар,
Ташкент, Ховос, Замин, Самарқанд туралы жазады. Олар арасындағы қашықтықты
зерттеген.
Орта Азия табиғатын зерттеген араб саяхатшысы Абул Хасан Ал Масудий (Х
ғасыр) еңбектерінде кездестіруге болады. Ол Амудария таудан басталып Терміз
жанынан ағып өтіп батысқа бұрылатындығын сосын көлге құюлуын бұған қоса
тағы бір Ферғана өзен құятындығын жазады. Ол бірнеше каналдар арқылы Хорезм
аймақтарын суаратындығы да айтылған.
Орал өзені Үстірт Амудария, Қзлқұм шөлі бойлап саяхат жасаған араб
ғалымы Ахмад Ибн Фазлон өзі көрген жерлер туралы көптеген мәліметтер
қалдырған.
Араб саяхатшысы Абу Исхоқ Истахрий (Х ғасыр) өзінің Климат кітабында
Орта Азия географиясының сулары туралы мәлімет береді. Ол өз кітабына 19
карта енгізген 2 карта Орта Азияға арналған. Онда тау жоталары Амудария мен
Сырдарияның Аралға құятындығы көрсетілген.
Және бір араб саяхатшысы Ибн Хаукал 976 жылы Орта Азияда болып сосын
Аралықтар және мемлекеттер кітабын жазады. Бұл кітапта өлке картасы бар.
Онда Самарқанд, Буқара, Ташкент жолдар таулар көрсетілген.
Орта Азия өлкесіне арабтардан Еқут Ибн Абдулла өзінің Мемлекеттердің
алфавит бойынша тізімі кітабында Орта Азия табиғаты халқы қалалары керуен
жолдары туралы мәліметтер қалдырған.
Ибн Батутта Қытайға барған сапарында Үстірт арқылы Хоразмге одан
Қызылқұм арқылы Буқара және Самарқандқа келеді. Нәтижесінде ол өзі жерлер
табиғаты туралы мәліметтер жазып қалдырады.
Өлке географиясы дамуында жергілікті ғалымдардың үлесіде зор. ІХ-ІІ
ғасырларда өмір сүрген Мухаммад ибн Мусо Хоразмий, Ахмад Фарғоний, Абу
Абдулло Мухаммад ибн Ат Термизий, Абу Наср Ал Фаробий, Абу Бакр Наршахий,
Абу Райхон Беруний, Абу Али ибн Сино, Махмуд Қашғарий тағы басқалар болып
табылады.
Орта Азияда география ғылымының дамуында Мухаммад ибн Мусо Хоразмидің
еңбегі зор. Ол көптеген Орта Азияның табиғатына байланысты еңбектердің
авторы болып саналады. Жердің сүреті аты географиялық еңбегі кітабы бар.
Онда жердегі 537 нүктенің 200 артық тау сипаттамасы берілген. Ол меридиан
сызығының ұзындығы 111,8 км тең екендігін анықтаған. Хоразмийді Орта Азия
географиясының негізін қалаушы ретінде танылған.
Және бір Орта Азия география ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым ол
Ахмад Фарғоний болып есептеледі. Ғалым Астрономияға кіріспе деген
кітабында жердің домалақ екендігін дәлелдеген. Ахмад Ферғаний астрономия
геодезия географияға байланысты құралдар сонымен қатар өзен суын өлшейтін
құрал жаратқан.
Өлке географиясын зерттеуде Шығыс Аристотелі Ал-Фарабий еңбегі зор. Ол
астроном математик, философ, географ ғалымы болып әлемге танылған. Оның
табиғатқа байланысты 160 ден артық еңбегі бар. Ол дүниенің төрт құраушы
факторын көрсеткен –от, ауа, су және жер. Бұл кәзіргі литосфера, атмосфера,
гидросфера деген ұғымдарға тура келеді.
Өлке табиғатын зерттеуде Абу Бакр Наршахийдің еңбегі үлкен. Ол өзінің
Буқара тарихы кітабында Буқара қаласының тарихын баяндаумен қатар
Мауараннахырдың климатын, суларын, өсімдік және жануарлар дүниесін зерттеп
көптеген мәліметтер қалдырған. Олар арасында Амудария мен Зарафшанға көп
тоқтаған. Ол Зарафшан өзенін Харамкам деп атайды. Сонымен қатар Амудария
Түркістандағы ең үлкен өзен болып суы лайлы деп көрсеткен.
Берунийдің Дәрілік өсімдіктер туралы кітап деген шығармасында Орта
Азия өлкесінде өсетін өсімдіктер туралы жазған. Беруний Қызылқұм, Қарақұм
және Амудария төменгі ағысының табиғаты және оның дамуы туралы төмендегідей
тұжырым жасайды: Қызылқұм, Қарақұм және Амудария алдын көптеген геологиялық
өзгерістерге ұшыраған, сулы өңір құрлықпен алмасып отырған. Бұл өзгерістер
жердің ішкі және сыртқы факторлар әсерінде болады. Қызылқұм мен Қарақұм
Амударияның аллювиалды жыныстарының жиналуынан пайда болған. Су ағымының
геологиялық ісін анықтауда Амудария өзенін пайдаланған. Ол өзенде ағып бара
жатқан заттың үлкендігі су ағымының жылдамдығына дұрыс пропорционал
екендігін анықтаған. Кейін бұл құбылысты Беруний заңы деп атады. Беруний
Орта Азия бойынша табиғат географиясы мен бір қатарда динамикалық
геологияныда меңгерген.
Орта ғасыр медицина ғылымында үлкен жұмыс атқарған Абу Али ибн Сино
есептеледі. Ол өлкедегі жер бедері таулар және жазықтықтардың жүзеге келу
заңдылықтарын үйренді. Ибн Сино минералдарды төрт топқа бөлді – тастар,
металдар, алтынкүкіртті жанушы жыныстар және тұздар. Ол әшекей тастардың
сипаттамасын жақсы берген.
Орта Азия географиялық жағынан зерттелуінде өзіндік үлесі бар ғалым ол
Махмуд Қашғари болып табылады. Оның Девони луғатит ат-түрк еңбегінде Орта
Азия және онымен шектесетін аумақтар туралы көптеген мәліметтер қалдырған.
Негізінен халықтары туралы сипаттама берген. Еңбегінде әлем картасы болып
онда Алай, Түркістан, Зарафшан, Ферғана, Шатқал, Талас тау жоталары,
Қарақұм, Сурхан, Вахш аңғарлары түсірілген.
Махмуд Қашғари Орта Азия елдерін өзі кезіп шыққан соң Девони луғатит
ат-түрк еңбегінде жазады. Оның пікірінше жер жүзі екі ұғымнан жазықтық
және таулыдан тұрады деген. Таулы бөлікке Қырғызстан мен Қазақстан және
Қашғар кірген. Ол қәзіргі кездегі географиялық атауларды – арық, бұлт, жаз,
жаңбыр, күз, сел, су, тұман, қыр, бұғаз құм сияқты атауларға сипаттама
берген.
Орта Азия табиғаты туралы географиялық білімдердің ХІІІ-ХVІІ
ғасырларда даму тарихы Р.Рахимбеков және З.Донцовалар (1992) мәліметтері
бойынша төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: Маңғол шапқыншылығы (1220-1360
жылдар), Темурилер кезеңі (ХІV ғасырдың 60 жылдарынан ХVІ ғасырға дейін),
Шайбанилер кезеңі (ХVІ ғасыр), Аштарханилер кезеңі (ХVІІ).
Орта Азияны маңғолдар кезеңінде зерттеулер тек қана шетелдік елшілер
ғана айналысты. Барлық ғалымдар шетелге кетуге тура келді. Бұқаралық
географ Мухаммад Авфий, Ташкенттік ақын Бахриддин Чочий, Қашқадариялық ақын
Зие Нахшабий солардың арасында.
Өлке туралы мәлімет қалдырған Мухаммад Авфий (Үндістанда өмір
сүреген). Оның еңбегінде өлке климаты ол жердегі халықтар туралы мәліметтер
бар. Ол жерді жеті климатқа бөліп әр бір климатта өмір сүретін халықтар
туралы жазған. Каспий теңізі және ондағы аралдар туралы да жазған.
Фахриддин Банокатий Тарихи Банокатий еңбегінде Сырдария саласы
Ахангаран өзені туралы мәлімет қалдырған.Сонымен қатар Банокатий қаласы
туралы да жазған.
ХІІІ-ХVІ ғасырларда Рим папасы Маңғол сарайына елші жібереді. Олар
арасында мәлімет көп жинаған Плано Карпини және Марко Поло болады.
Карпини Шыңғысханға елші болып баруда Орта Азияның солтүстігінен
(Аралдың солтүстігі-Жетісу-Жоңғар қақпасы арқылы Моңғолияға) өтеді.Өзінің
Маңғолдар тарихы еңбегінде өлкенің солтүстік бөлігін Каспий бойы жер
бедерін, шөл табиғатын суларының аздығын, сортаң болып келуін және сорлы
топырақтар туралы көптеген мәліметтер келтірілген.
Маңғолдар билігі кезінде Орта Азия географиясы тарихында өзіндік орны
бар зерттеуші ол венециялық саяхатшы Марко Поло болып табылады. Ол
Маңғолдар басшысы Құбылайхан сарайында 17 жыл қызмет істеген. Сол кезде
Амудария бойлап Бадахшан және Памир тауларына саяхат жасаған.
Марко Поло атасы Никколо Поло және Маттео Полоның 1260 жылы Хива-
Самарқанд-Түркістан-Солтүстік Тянь-Шань бойлап жасаған саяхаттары туралы
жазылған мәліметтер бойынша Орта Азия туралы көлемді мәліметтер қалдырған.
Марко Полоның Памир тауына жасаған саяхаты қызықты болған. Себебі
Еуропалықтар арасында алғаш Памир туралы дұрыс мәлімет қалдырды. Ол Памир
көптеген тау жоталарынан құралғандығы олар аңғарлар арқылы бөлініп
тұратындығы, климатының суықтығы тау басында мұздықтардың болуы және ол
жерде адам өмір сүре алмайтындығы туралы жазған.
Маңғолдар құлаған соң өлкеде құдретті Темурийлер билігі басталды.
Осыдан бастап ғылым және мәдениет дамуы басталды. Амир Темур басшылығы
кезінде (ХІV ғасыр соңы және ХV ғасыр соңы) Орта Азияда маңғолдар күиреткен
мәдениеті, экономиканы және ғылымды қата дамытады. Астанасы Самарқанд
қаласына көптеген ғалымдар жиналады. Темурийлер кезінде әлемдік деңгейдегі
ғалымдар саяхатшылар, тарихшылар, астроном және географ ғалымдар Мырза
Улуғбек, Наққош, Абдураззоқ Самарқандий, Али Құсшы, Қазызада Румий,
Ғиясиддин Жамшид сияқты ұлы ғалымдар болатын.
Хофизи Абру да Темурийлер кезінде жарты ғасырдай Орта Азия және оған
жақын аумақтар тарихы, географиясы мәденитетін үйренген ғалым болып
саналады. Ол Ұлы Амир қызметін жасаған.
Хофизи Абру (Хиротта туылған) еңбектерінде Маурауннахрның табиғаты,
шаруашылығы, қалалары сонымен қатар өлкенің географик орны, шекарасы,
климаты, өзендері, яғни Амудария мен Сырдария, Мұрғап туралы қызықты
мәліметтер қалдырған.
Орта Азия географиясына байланысты мәліметтер Темурийлер мемлекетіне
Кастилия королі генрих ІІІ-тің елшісі сияқты келген Руй Гонзалес де
Клавихоның Ұлы Тимурлан тарихы еңбегінде кездеседі.
Ол Темур билігінің тарихын, халықтарын, күштілігін, әдет-ғұрыптарын
табиғатын жазып қалдырған. Клавихо Қызылқұм табиғатын, жер бедерін,
бархандарды суреттеп жазған. Ол Бадахшан таулары, ол жердегі қазба
байлықтар туралы, Амудария және Мұрғап өзендерінің гидрологиясын сипаттап
жазған.
Темурийлер кезеңінде өмір сүрген Хорасан әкімі Шохрух билігі кезінде
Қытайға елші ретінде Ғиясидддин Наққош барған. Ол жолында кездескен
аумақтар негізінен өлкенің шығыс бөлігі табиғатын халқын, тарихын,
қалаларын жазып қалдырған. Оның еңбегі ретінде Қытай тарихы шығармасы
есаптеледі.
Темурийлер кезіндегі және бір ғалым ол Абдураззоқ Самарқандий болып
табылады. Ол Никитинден жарты ғасыр бұрын Үндістанға елші ретінде барып,
оның табиғатын тарихы туралы көптеген мәліметтер жазған. Ғалымның Орта Азия
географиясы туралы негізінен Қарақұм және Қызылқұм және де Зарафшон
аңғарының табиғатын, өсімдік дүниесін және жануарлар дүниесін қағазға
түсірген.
Әлем таныған астроном, табиғаттанушы ғалым Патша Мырза Улуғбек өлке
географиясы дамуына көп үлес қосқан. Ол Самарқанд қаласында Ғылымдар
Академиясын құрып, оған өз кезеңінің ең күшті ғалымдарын жинады. Олар
арасында Қазызада Румий, Ғиясиддин Жамшид, Али Құсшы сияқты ғалымдар
болатын.
Улуғбек медресесін құруымен қатар көптеген еңбектер жазып қалдырды.
Олар арасында бізге жетіп келгендері Тарихи арабаьулус және Зижи
Курогоний (Улуғбек зижи яғни астрономиялық кесте) кітаптары болып
саналады. Зижи Курогоний астрономияға арналған болсада онда Орта Азия
туралы қымбат географиялық мәліметтер кездеседі. Еңбекте әлемдегі 570
қаланың, сонымен қатар Орта Азияның бір қатар қалаларының координаталары
берілген. Самарқандта жер глобусы болып онда климат шекаралары, таулар,
шөлдер, теңіздер және өзендер көрсетілген.
Улуғбек шәкірттері арасында Ең данышпаны Али Құсшы. Ол өз кезеңінің
Птолемейі есептелініп Улуғбек өлген соң Иран, Түркия жерлерінде астрономия
математика, географияға байланысты зерттеулер жүргізген. Ол жер экваторын
есептеген, жердің әрекетін, Күн мен ай тұтылуының себептерін анықтаған және
де ғылыми түрде дәлелдер келтірген.
Орта Азияда География ғылымының дамуында үлес қосқан және бір
Темурий Захириддин Бобур Ол тарихшы географ, этнограф, ақын және әділетті
патша болған. Ол өз зерттеген мәселелері туралы өзінің Бобурнома еңбегін
жазған. Бобур Фарғона, Зарафшан, Ташкент аңғарын бірнеше рет кезген. Батыс
Тянь-Шань, Түркістан, Зарафшан, Алай Хисар тау жоталарында болған. Ол
жердің табиғатын мұздықтарын өсімдік және жануарлар дүниесін зерттеген.
Бобурнома еңбегінде табиғат туралы мәліметтер келтірілген.
Бобур өзінің Бобурнома географик еңбегінде Орта Азияда болып тұратын
жер сілкінісі жер бедерін климатын ғылыми түрде баяндады және географиялық
салыстырулардан пайдаланған.
Бобур География ғылымының көптеген салаларын көрсетуге талпынған. Ол
бір аймақты баяндауда басқа аймақтармен байланыстыра зерттеген.
Бобурнома да Фарғона ойпаты туралы жазғанда алғаш оның Орта Азиядағы
орны үлкендігі жер бедері пайдалы қазбалары, климаты, сулары, өсімдіктері
және жануарлар дүниесіне анықтама берген соң қалалары, халқы, шаруашылығы
әйгілі адамдары туралы жазған.
Бобур климат туралыда көптеген мәліметтер қалдырған. Бобур Ферғана
ойпатының бесінші климатта орналасқандығы туралы жазған. Ферғана ойпатына
жел батыстан келуін көрсеткен. Сонымен қатар таулармен қоршалғандықтан
жауын-шашын көп түспейтіндігі туралы жазған. Бобур алғаш географиялық
салыстырмалы әдіс түрін пайдаланған. Бобурнома да Самарқанд және Қабул
табиғатын бір-біріне төмендегідей салыстырады: Самарқанд қысы суық қар,
Қабулдағыдай көп түспейді. Жазы жақсы Қобулда ондай емес. Қобулда жаз суық
болатындығын айтады.
Бобур өз еңбегінде гидрология туралы мәліметтер қалдырған. Ол Сырдария
туралы былай жазады: Сайхун өзені Хожанд басталып, шығыс және солтүстік
жағынан осы ауданға келіп одан батысқа қарай ағады.
ХVІ ғасырда Шайбонийлер билігі келгенсоң өлке географиясы ғылыми
жағынан екі бағытқа бөлінді. Біріншісі – Орта Азиялық болып, ол Шайбанилер
тиісуі арқылы өз елінен кетіп қалған өлке туралы мәліметтер қалдырғандар
оларға Бобур және Хайдар Мырза. Екінші бағытқа сол өлкеде өмір сүретін
табиғаты туралы мәліметтер қалдырған олар, Махмуд Ғыждуаный, Отамиш Хожи,
Хафыз, Таниш Буқарийлер.
Орта Азия географиясы дамуына үлкени үлес қосқандардан Ташкент әкімі
Хусайн Курагон отбасына байланысты болған Мухаммад Хайдар Мирза болып
табылады. Ол Шайбанилер билігінен қашып алдын Қашғарда кейін Моғулстанда,
Үндістанда және Кашмирде ғылыми еңбектер жазған.
Хайдар Мирзо Тарихи Рашидий атты белгілі еңбегін жазған. Бұл еңбекте
Орта Азияға шекаралас аудандар табиғаты, орографиясы, климаты, сулары,
халқы туралы мәліметтер келтірілген. Ол өз еңбегінде Моғолстан хандығына
қараған Орталық Тянь-Шанның бір бөлігі өлкенің солтүстік шығыс бөлігінің
табиғатын және халқын жазады.
Хайдар Мирза Тянь-Шань тау жотасына бір қанша жақын дұрыс орографиялық
сипаттама берген. Ал Хайдар Мирзадан 300 жыл кейін өмір сүрген А.Гумьболт
және К. Рихтгфен сияқты ғалымдар Орта Азияның шығыс бөлігінде меридиан
бағытта Болар тау жотасы бар деп дұрыс емес мәліметтер жазып қалдырған.
Мухамед Хайдар Мырза Тарихи Рашидий еңбегінде Балқаш және Ыстықкөл
туралы мәліметтер қалдырған. Онда Балқаш көлінің бір бөлігі суының
тұщылығы, Ыстық көлдің ақпайтындығы оны таулар орап тұрғандығы туралы жазып
қалдырған.
Шайбанилер кезінде өмір сүрген Махмуд Ғижвоний Ғылымның кілті деген
еңбегінде Хоразм табиғаты Амудария өзені туралы мәліметтер келтірілген. Ол
өз еңбегінде қыста Амудария мұздайтындығы жазда суының көбеюі оның
жағалауынан кеме қатынаса болатындығы туралы жазған. Сонымен қатар Қарақұм
Каспий теңізі Маңғыстау түбегі туралы өсі өлкенің үлкен қалалары Буқара,
Самарқанд, Ашхабад сияқты қалалар халқы әдет ғұрпы туралы мәлімет берген.
Буқаралық тарихшы географ Хофиз Таниш өзінің Абдулланома еңбегінде
Мауарауннахр және Дешті қыпшақ табиғаты туралы аз болса да мәлімет
қалдырған.
ХVІІ ғасырдан бастап Орта Азия өлкесімен орыстарда қызығып оның
географиясын үйренуге кірісті. Олардың негізгі мақсаты Орта Азияның зерттеу
деген сылтау мен осы жердегі үш хандық Хива, Буқара амірлігі және Қоқан
хандығының әскери сырларын және күш құдыретін білу еді. Яғни басып алуды
жоспарлауға керек еді. Бұл мақсатқа жету үшін 1715-1717 жылдары Бекович-
Черкасский басшылығында негізінен әскерлерден құрылған ғылыми зерттеушілер
Каспий теңізі, Маңғыстау түбегі, Амудария, Узбой өзені және Үстірт арқылы
Хиваға келді. Бұл әскери ғылыми саяхатты Хожа Нафас бастап келеді.
Саяхатшылар жолындағы Маңғыстау түбегін, Узбой өзенін, Үстіртті, Амудария
өзенінің төменгі бөлігін зерттейді.
1721-1725 жылдары Флорио Беневени Ресейдің Буқара, Хивадағы елшісі
ретінде қызмет етіп негізінен Хива хандығы және Буқара амірлігінің әскери
құдыреті саяси жағдайы туралы мәліметтер жинайды. Сонымен қатар ол Амудария
құмдарындағы алтын және тағы басқа жер асты байлықтары туралы мәлімет
жинайды. Амударияның алдын Каспийге құйғандығы туралы айтады.
1740-1743 жылдарда Д.Гладишев және И.Муравиндер Хива хандығының халқы
саяси жағдайы сауда қатынастары туралы мәлімет жинайды Арал теңізінің
жағалауларың және Сырдарияның төменгі бөлігінің географиялық ерекшеліктерін
зерттейді.
Буқара әмірлігіне ұсталған орыс тыңшысы Филипп Ефремов 1774-1782
жылдары Қарақұм, Қызылқұм шөлдері, Зарафшан және Ферғана ойпаттарында
болады. Ол осы аралықта 9 жылдық саяхат атты еңбегін жазды.
1794 жылы Т.С.Бурнашев басшылығында ғылыми саяхат Қызылқұм шөліне,
Зарафшон аңғарының төменгі бөлігінде табиғат құбылыстарын зерттеді. Бұқара
хандығының әскери қуатын үйренді.
1820-1821 жылдары Бұқараға елші болып келген А.Негри басшылығында
ғылыми саяхатында Қызылқұм, Зарафшан табиғатын, өсімдіктерін және жануарлар
дүниесі туралы мәліметтер жинады.
Арал теңізі жағалауының түзілісі су деңгейі, Үстірт тегістігі сонымен
қатар Хива хандығы жерлерінің табиғатын 1825-1826 жылдары құрылған
полковник Ф.Ф.Берг басшылығындағы ғылыми саяхатшылар зерттеді.
Қызылқұм және Зарафшон аңғарларының табиғи жағдайын үйренуде 1841-1842
жылдарда жұмыс алып барған К.Ф.Бутенев басшылығында Бұқара ғылыми
саяхаттарының қызметі үлкен.
Арал теңізі тереңдігін, жағаларының түзілісін, аралдарын үйренуде 1849
жылы А.И.Бутаков басшылығында Арал тенізіңе ғылыми саяхатынының қызметі
үлкен.
Орта Азияның солтүстік-шығыс таулық бөлігін үйренуде қазақ ғалымы
Шоқан Уалиханов болатын. Ол 1856 жылы М.М.Хоментовский әскери ғылыми
экспедицияларға қатысып, алдын Вернийден сосын Чилик өзен аңғары арқылы
Қарқаралы өзен аңғарына өтеді сосын Салташ және Тюп аңғары арқылы Ыстықкөл
ойпаттығына келеді. Ол және Балқаш, Алакөл аңғарларын, Жоңғария тау
жоталарын зерттеген.
Шоқан Уалиханов өзі құрған және зерттеген ғылыми тұжырымдары негізінде
осы өлке табиғатын, өсімдіктерін, жануарларын, тау түзілу процестерін
үйренген. Ол сонымен қатар этнографик демографик зерттеулер алып барған.
1856-1857 жылдары Орталық Тянь-Шаньның орографиясы және геологиясын
үйрену үшін П.П.Семенов басшылығында ғылыми саяхат жасайды. П.П.Семенов
Тянь-Шанның геологиялық құрылысын үйренеді. А.Гумбольт Тянь-Шань тауын
вулқан атқылауынан пайда болған деген тұжырым жасағанын жоққа шығарады.
Ресей ХІХ ғасырда Орта Азияға жорық жасайды. Сонымен бірге көптеген жаңа
саяхаттар ұйымдастырады. Олар А.И.Федченко, А.Ф.Мендендроф, Н.А.Северцов,
И.В.Мушкетов, В.А.Обручев, Л.С.Берг сияқты ғалымдар басшылығында ғылыми
зерттеулер болады.
Қызылқұм, Зарафшан және Ферғана аңғарлары және Алай тау жоталарының
табиғи географиясын, геологиялық түзілісін, қазба байлықтарын, өсімдік және
жануарлар дүниесін жәнеде этнографиясын 1868-1871 жылдары А.П.Федченко
басшылығында ғылыми экпедиция ұйымдастырылып зерттеді.
1857 жылы Н.А.Северцов басшылығындағы ғылыми зерттеу жұмыстары Арал,
Сырдария, Қызылқұм сияқты аумақтарды қамтыды .Н.А.Северцов басшылығындағы
ғылыми саяхат 1864-1868 жылдары Алай тау арты, Ыстықкөл, Батыс Тянь-Шань
сияқты аймақтар фаунасын зерттеумен айналысты.
1878 жылы академик А.Ф.Миддендроф Түркістан генерал губернаторы
К.П.Кауфманның шақыруымен Ферғана аңғары табиғатын, қазба байлықтарын
зерттеп мәліметтер жинайды.
Аймақтың геологиялық құрылысын зерттеу үшін 1874 жылы И.В.Мушкетов
басшылығында ғылыми экспедиция ұйымдастырылады. Олар Сырдария, Тянь-Шань
тауларын, Памир тауын және Қызылқұмның табиғи жағдайын зерттейді.
Академик В.А.Обручев 1886-1888 жылдары Зарафшон аңғарының төменгі
бөлігін және Қызылқұмның геологиялық құрылысын табиғи жағдайын зерттейді.
Арал теңізі гидрологиясын жағалау морфологиясын климатын, биологиялық
байлығын зерттеп, су деңгейінің ғасырлар кезінде өзгергенін анықтау 1902
жылы Л.С.Берг басшылығындағы зерттеушілердің қызметі үлкен. Бұның
нәтижесінде Гумбольдттың Арал Балқашпен палеоген және неоген дәуірлерінде
бірлесіп тұрған деп топшылауын жоққа шығарды. Олар Арал Каспиймен Узбой
арқылы бірлескен деп тұжырым жасады.
ХХ ғасыр 20 жылдары өлкенің геолгиялық құрылысы табиғатын зерттеуде
Д.Н.Наливкин, К.К.Марков, А.А.Григорьев, И.П.Герасимов, Н.Г.Кассин,
Қ.И.Сатпаев, Х.М.Абдуллаев, И.Хамрабоев, О.Акрамхожаев, Г.О.Мавлонов сияқты
ғалымдардың қызметі үлкен.
Орта Азия табиғи географиясын және толық аудандастырып зерттегендер
Л.Н.Бабушкин, Н.А.Корженевский, В.И.Четиркин, Н.А.Гвоздецкий, Н.А.Когай,
Н.Д.Долимов, АГ.Бабаев, С.Нишонов, В.М.Чупахин, М.Маматқулов, П.Баратов,
А.А.бдулқосимов, Ю.Султанов, Л.Алибеков, П.Ғуломов сияқты ғалымдар
есептеледі.
Климатын үйрену бойынша Л.А.Молчанов, Р.Р.Циммерман, Л.Н.Бабушкин,
В.А.Бугаев Ф.А.Муминов; өзен көлдерін В.Л.Шульц, О.П.Шчеглова, А.Расулов
сияқты ғалымдардың үлесі бар. Жер асты суларын О.К.Ланга, Ғ.О.Мавлонов,
У.М.Ахмедсафин Н.А.Кенесарин, С.Ш.Мырзаев сияқты ғалымдар үлесі зор.
С.С.Неструев, Р.И.Аболин, К.З.Зокиров, И.И.Гранитов, Е.Н.Коровин,
А.И.Формозов М.Орифхонова, У.У.Успанов, С.И.Соколов, А.М.Мимитов,
А.З.Глазовская, И.Н.Антипов Каратаев, А.Н.Розанов, Х.Абдуллаевтер Орта
Азияның топырағын, өсімдігін және жануарлар әлемін толық зерттеді.
Е.Н.Павловский, А.Н.Формозов, Д.Н.Қашқаров, Т.З.Зохидовтар зоогеографиялық
жұмыстарын жүргізді.
Орта Азия табиғатымен табиғи байлығын зерттеумен Х.Хасанов,
С.У.Умирзақов, А.Азотиян, Р.Рахимбеков, З.Н.Доицовалар айналысты. Соңғы
дәуірлерде халықтың (әлеуметтік) өсірудің нәтижесімен Орта Азия өлкесі
табығи жағдайларды белгілі бір мақсаттарға жұмсау үшін табиғи байлықтарды
зерттеп және олардың сатылу бағасын белгілеу арқылы географиктердің көлемін
арттырды. Олардың әдістері жетіліп артып осы заманға келіп ғылыми
сапарларға шығумен үздіксіз тәжрибе амалдар кеңейе бастады. Әсіресе
географиялық зерттелу барысында космостан алынған суреттерден пайдалану кең
көлем алды. Өлке табиғатын жәнеде терең үйрену үшін ландшафттарды зерттеу
ауыз толтырып айтарлық істер амалға асырылды. Орта Азия геогрфиясында
жаңадан ғылыми бағытардан мелиоратив география рекреациялық география
антропогендік ландшафттану туризм географиясы салалары дами бастады.
Қазіргі күндегі географияның ауқымды мәселесі конструктивті
географиялық проблемалар; Арал теңізіндегі судың тартылуы айналасында болып
жатқан экологиялық құбылыстарды үйреніп шығып соларды көрсету.
Мақсаты: табиғаттың ластануын алдын алу, табиғи байлықтарды зерттеп
шығып оларды белгілі бір мақсаттарға пайдалану. Адамдардың тарапынан
орындалатын әр түрлі істер су құбырлары, каналдар, рекреация обьекттері,
егін далалары, қалалардың георафиясын зерттеу сияқты проблемалары.

Жер бетінінің түзілсі.

Орта Азия жер бетінінің түзілсі бойынша екіге: таулы және жазықты
бөліктерге бөлінеді. Жазық бөлігі үлкен көлемді алып оның батыс, солтүстік
батыс және солтүстік бөлігін алып жатыр, таулы бөлігі солтүстік шығыс және
оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл бөліктерді бөліп тұратын шекаралар
адыр бұдыр болып келеді, мұның себебі кейбір жоталар атап айтсақ Қаратау,
Нұрата жоталары жазықтықты ішкері қарай бірнеше 100 кмге кіріп барады.
Осымен бірге жазықтар теңіз қалдықтары сияқты таулардың арасына кіріп
барады. Мысалы Тұран ойпаты шығысқа қарай Зайсан Алакөліне дейін созылған
Орта Азия жер қыртысының түзілсін таулы бөлігінен бастаймыз.

Орта Азия таулары

Орта Азияның бұл бөлігіне оңтүстік шығысында Саур және Тарбағатай,
Жоңғар Алатауы, Тян –Шань, Алай, Хисар, Памир, Түркмен-Қорасан таулары
кіреді.
Орта Азиядағы тауларының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі олардың
шығыстан басталып батысқа дейін бірнеше жоталарға бөлініп кетуі. Олардың
теңіз деңгейінен биіктігі шығыстан батысқа қарай төмендеп кетуі. Биік
таулар жотасының бір-бірінен биік тау аралығы көлдермен ажыратып тұруы және
оларға ұзақ уақыт бойы геологиялық дәуірлер барысында өзен және басқада жер
беті денудациялық күштердің нәтижесінен шығатын тау жыныстарының
жатқызылуы. Бірақ төрттік дәуірге келіп көлдердің және де көтерілуі
нәтижесінде өзендердің су ауқымымен қатар террасаларын қосып алған. Сай
және өзен салаларының төменгі бөліктері жайылма конус құраған. Жайылып
кеткен яғни конустар таралған жерлердің жоталарға жақын бөлігі тектоникалық
әрекет нәтижесінде жазықтар келіп шыққан. Жалпы алғанда Орта Азияның таулы
бөлігі тау аралық көлдердің зерттеліп ашылуы оның жер бедері құрлымындағы
неотектоникалық әрекеттер маңызды орын алады. Орта Азия орографиясындағы
көлдер, тау жоталары, тау тізбектері неоген дәуіріндегі альп тау
түзілісінің нәтижесі болып есептеледі.
Қазір Орта Азияда орналасқан орографиялық түзілімдеріне қысқаша
мәлімет береміз.
Алтай тауының оңтүстігінде Зайсан көлі орналасқан. Оның ең төмен жері
(382 м) Зайсан көлі пайда болған. Алтай, Саур және Тарбағатай тау
жоталарынан басталатын көптеген өзендермен тілімденген. Бірақ олардың
көпшілігі көлге жетпестен жерге сіңіп кетеді немесе егіншілікке
пайдаланылады. Өзендер көлдерге судың аз бөлігін құяды. Бұлардан басқа
көлдерге бірнеше кіші шұңқырлар кездеседі. Олардың көпшілігі жаз мезгілінде
кеуіп кетіп тұзды көлдермен аралас.
Көлдерде құмды жерлер сонымен қатар бархандарда кездеседі.
Зайсан көлінің оңтүстігінде Саур және Тарбағатай жоталары орналасқан.
Бұлар солтүстігінде Зайсан Алтынемел шектеседі. Олар көбінесе жайылып бет
алған екі жазық жоталарды бір-бірінен Шілікті өзені бөліп тұрады. Саурдың
ең биік шыңы Мұзтау деп аталады. (3816 м). Ол Қытайдың жерінде орналасқан.
Жотаның көп бөлігі тегіс келеді күмбез сияқты болып тек қана кейбір
жерлерінде терең шұңқырлар кездесіп тұрады. Бұлар қар сызығынан 250-350 м
биікте орналасқан.
Саур жотасының суайырғыш бөлігі және оған жақын бөліктері және
қарларда кіші мұздықтар пайда болған.
Саур жотасының шығысында бөктері өзендермен шұңқырлармен тілімденген.
Қазақстан мен Қытай арасында Үлкен Ұласты өзені жотаның екігі бөліп
жіберген, шығысында Кендірлік өзені ағады және Зайсан көліне құяды.
Саурдың шығысында Манрак аласа таулы жер орналасқан болып ол Саурдың
солтүстік батыс жалғасы болып есептеледі. Оның ұзындығы 60 км ге жақын.
Орташа биіктігі 1400-1500 м, ең биік шыңы 1800-2050 м ге дейін жотаның
оңтүстігінде орналасқан. Шілікті өзенінің биіктігі 300-350 м. Оның
солтүстік бөктері өзендер мен тілімденген. Шілікті өзенінің аумағы оңтүстік
Салмас-Желтау аласа таулары созылған болып, олар Тарбағатай тау жоталырмен
қосылған.
Тарбағатау тау жотасы айтарлықтай кеңдік бойлап созылып кеткен. Оның
ұзындығы 250 км ге жақын ең биік нүктесі 2992 м, бірақ бұл жоталарда
мұздықтар жоқ. Оның суайрығыш бөлігін тегістелген плтолардан тұрады.
Тарбағатай жотасының солтүстік бөктері рельефінің қалыптасуында, сол
жерден бастау алатын өзендерінің жұмысының (ісінің) әсері үлкен. Бұл жерден
басталған өзендердің ешқайсысы Зайсан көліне жетпей кеуіп кетеді. Оның
оңтүстік бөктерінде көптеген өзендері бар. Олардан тек қана Ұржар, Қатынсу
өзендері Алакөлге жетіп барады. Тарбағатай жотасының оңтүстік және оңтүстік
батысында Үлкен Алакөл көлі орналасқан. Ол Орта Азия таулы бөлігінің
солтүстік батысында орналасқан ірі таулардың бірі болып есептелінеді.
Алакөл көлі ойпатығының ең аласа бөлігінде Алакөл және бірнеше кіші
көлдер орналасқан. Алакөл теңіз деңгейінен 370 м биіктікте орналасқан.
Алакөлдің ойпаттарында лайлардан түзілген жазықтар болып оларда сорланған
топырақ көп.
Алакөл көлінің оңтүстігінде Жоңғар Алатауы орналасқан. Ол оңтүстікте
Ілі ойпатымен шекаралас. Ол ені бойлап 250 км ге созылған. Ең биік шыңы
Тышқан және Сарқан деп аталып олардың теңіз деңгейінен биіктігі 4575 және
4242 м. Жоңғар Алатауы бірнеше бір бірінен параллел жағдайда созылған
жоталардан тұрып, олар кіші көлдермен ажыратылған. Олардың барлығы көбінесе
кеңдік бойымен созылған олардың ажыратып тұрған көлдерге өзендерге тура
келеді. Көлдердің биіктігі 475-2000 м аралығында ұзарады.
Борталын ойпаты Жоңғар Алатауын екі бөлікке болып: солтүстік орталық
жота, оңтүстік-орталық жота. Көксу өзенінің басталған нүктесінен бұл екі
жота бір бірімен тұтасып қосылып жалғыз тау жотасын құрайды және 5000 м ге
дейін көтеріледі. Солтүстік орталық жотаның ең биік бөлігінде қәзіргі заман
мұздықтары тараған. Ал батыс жағына оның биіктігі азайып барады. Оның
оңтүстік бөктері тік, солтүстік бөктерінде болса бірнеше суайрық бөлігі
тегіс жоталардан таралған. Оңтүстік орталық жотасының түзілуі әр түрлі.
Солтүстік бөлігі Іле жотасының қарай төмендеп барады. Тек қана Тоқсанбай
және Көк-Жоталарына таралған бөлігінде альпі жер бедері кездеседі.
Өсек өзенінен аймағынан батыста өзендері Жоңғар Алатауы оңтүстік
орталық жоталарын бірнеше бір-бірінен параллель жағдайда созылған жоталарға
ажыратылған. Олар батысқа қарай төмендеп барады. Оңтүстікте орналасқан
Кучомин көлі оларды Алтын Емел жотасынан ажыратып тұрады. Алтын емел
жотасының биіктігі 3200 м деп биік болып, оңтүстік батыс жағына қарай
төмендеп барады. Тек қана Мажай атты тау массивінде оның биіктігі 2882 мге
жетеді. Алтын емел жотасының оңтүстік бөлігі Көнур Үлен ойпаты орналасқан.
Бұл ойпат Іле өзенінің ойпатымен байланысқан. Жоңғар Алатауының көпшілік
жоталары бөктерінде теңіз деңгейінен түрлі биіктіктерде жазықтық тәрізді
жерлер бар.
Жоңғар Алатауы оңтүстігінде іле өзені орналасқан. Оңтүстігінен Кетпен
және Іле арты жоталарымен қоршалған. Ол Шу Іле төмен жоталарына дейін
созылған. Ойпаттың шығысында Қытай орналасқан. Ойпаттың ұзындығы 450 км ден
ені 120 км жоталарға жақын бөліктерінің жер беті нишап орталық бөлігі тегіс
биіктігі 420-700 м. Аралығында Орталық бөлігінде Іле өзені айналасынын
бойлап эол рельеф бархандар кеңінен тараған. Іле өзені көл бойлап
меандралар кең қайыр құрып ағады.
Орта Азия таулы аумағының үлкен бөлігін Тян-шань жоталары алып жатыр.
Тян-Шан тау жотасы бірнеше тау жоталарынан тұрып, олар әсіресе ендік бойлап
мыңдаған км ге созылған және оның ең биік шыңы Хан Тәңірі тау массивінен
батыс жағына қарай төмендеп барады. Осымен бірге Тян-Шанда меридиан және
оған жақын бағытқа ие бірнеше жоталарда бар. Бұларға Ферғана, Ақшыйрақ және
тағы басқалар кіреді.
Тян-шань тау жотасы арасында бірнеше тау аралық ойпаттар бар. Олар
Ферғана, Ыстықкөл, Нарын және т.б. Тян Шань солтүстігінде Іле өзені және
Қазақстан жазықтарымен шектескен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта азияның геологиялық түзілісі
XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары
Түркия Мемлекетінің құрылуы
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Тектоникалық құрылым және рельефтің негізгі ерекшеліктері
Еуразияның жер бедері
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Еуразия құрлығы
Пәндер