Орталық Қазақстан экономикалық ауданының қалалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ф – ОБ – 001035

ЖОСПАР.

Кіріспе.

1.Тарау.Орталық Қазақстан экономикалық
ауданы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 2

1.1.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны ... ... 5
1.2.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының
қалалары ... ... ... ... ... ... ..7

Негізгі бөлім.

ІІ.Тарау. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы ... ..11

2.1.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының халқы ... ... ... ... ... ... .12
2.2.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының
өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... 1 4
2.3.Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауылшаруашылық
географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4. Орталық Қазақстан экономикалық ауданның экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Ф – ОБ – 001035
І.ТАРАУ.Орталық Қазақстанның экономикалық ауданы.
Орталық Қазақстан экономикалық аудан- Қазақтың ұсақ шоқысында (Сарыарқа),
шөлейт және шөл зонасындағы ағынсыз шағын Нұра, Сарысу жөне т.б. өзендердің
алабында орналасқан.
Орталық Қазакстан экономикалық ауданы Қарағанды, бұрынғы Жезқазған
облыстарын камтиды. Ол республика аумағының 16%-ға жуығын алып жатыр,
Орталық Қазакстанның экономикалык-географиялық орны атынан көрініп түр.
Біршама оқшау, жер шалғайлығы және көлемді шөл дала арқылы республиканың
оңтүстік, шығыс, батыс бөліктерінен бөлектенген жағдайда. Оның үстінен
Петропавлдан Мойынты мен Шуға аса маңызды магистральдардың бірі өтеді. Одан
Жезқазғанға, Балқаш қаласына тармақ шығады. Бұл магистраль Орталық
Казақстанды солтүстігінде — Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірмен,
солтүстік-батысында — Оңтүстік Оралмен, солтүстік-шығысында — Алтай және
Кузбаспен, оңтүстігінде Мойынты арқылы Алматымен, Оңтүстік Казақстан
экономикалық ауданы және Орта Азия елдерімен байланыстырады.
Орталық Қазақстан — республиканың аса маңызды индустрия орталығы, Ол
минералдарға бай, бірақ су тапшы. Шаруашылықтың даму базасын Қарағанды
көмір алабы, Успенск белдеуі, полиметалл және сирек металдар кендері, темір
мен марганец кен орындары құрайды. Шаруашылық кешенінің негізі — көмір
өнеркәсібі мен қара металлургия Казақстанның орталығындағы әкімшілік
аумақтық бөлік. 1932 жылы құрылған. Жер аумағы- 428,0 мың км2. Тұрғыны
1333,6 мың адам (2008). Облыс 9 ауылдық, 2 калалық әкімшілік ауданға
бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық округ бар. Әкімш. орталығы —
Қарағанды қаласы. К,арағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде
орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының
солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы,
Ерейментау, Қызылтау, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары,
оңтүстігін Бетпақдала шөлі мен Балхаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен
ұсақшоқылы, төбелі-белесті. Облыс минералдық шикізат ресурстарына өте бай.
Мұнда көмір, мыс, қорғасын, темір, мырыш, марганец, вольфрам кендерінің мол
қоры бар. Кобальт, никель, сирек металдар кездеседі. Бейруда шикізатынан —
құрылыс тасы, әктас, цемент шикізатының, отқа төзімді саздың, пирофилиттің,
кұмның мол қорлары бар.
Облыс климаты тым континенттік, қысы суық, кей жылдары өте қатал,
боранды. Каңтардың көп жылдық орташа темпетурасы -16 — 17°С (абс. Минимумы
— 49°С). Жазы ыстық, қуаң, желді. Шілденің орташа темп-расы 20 — 21°С
(абс. максимумы 40°С). Карағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа
маңыздылары Балкаш — Ертіс суайрығынан басталып, Теңіз — Қорғалжың көліне
құятын Нұра, оның сол салалары —

Ф – ОБ – 001035
Шерубайнұра және Құланөшес пен Көң өзеңдері. Облыста жалпы ауданы 926 км2
болатын 1900-дей көл бар. Ірілері: Балқаш, Қарасор, т.б. 460 тоған мен
бөген бар. Олардың ірілері: Нүра өзеніндегі Самарқан, Шерубайнұра, Жартас,
Самар, Кеңгір, Жезді, Қылыш, Ақтасты, Карсақбай. Ертіс — Қара-ғанды —
Жезказған каналы Атасу кентіне дейін тартылған. Облыста республика халқының
9%-ы тұрады (2008). Түрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан
келеді. Қала халқы жалпы халықтың 83%-ын құрайды (2008). 2001 жылы
Карағанды, Шахтинск, Абай, Саран, Тентек шахталары, Шүбаркөл, Қушоқы
қималары 21,8 млн. тонна көмір өндіріп (рес-публика көмірінің 27,5%-ы), 2,6
млн. тонна кокс (100%) берді. Ірі ендіріс орындары: "Испат Кармет"
(Теміртау), "Казақмыс" корпорациясына қарайтын Жезқазған кен металлургия,
және "Балқашмыс" кен-металлургия комбинаты. Полиметалл мен сирек кездесетін
металдарды өндіру өнеркәсібінің ірі орталығы Ақжол (қорғасын, мырыш),
Ақшатау, Жамбыл (вольфрам, молибден), Карағайлы, Жоғарғы Кайрақты
(полиметалл, сирек металдар). Қарағанды облысының ауыл шаруашылығына
пайдалануға жарамды жері — 34257,1 мың га, оның ішінде егіндік жер — 1062,2
мың га, шабындық — 389,6 мың га, жайылымы — 31724,9 мың га жерді құрайды

Ауыл шаруашылығының басты салалары — жаздық астық өсіру, етті-сүтті
сиыр, қой, жылқы өсіру. Облысты камтитын Сарыарка темір жолының ұзындығы
1827 км. Облыс жері арқылы Павлодар — Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Қарағанды облысында 624 мемлекеттік мектеп, 15 жеке мектеп, 4 кешкі мектеп,
32 көсіптік-техникалық мектеп, 24 колледж болды. 17 жоғары оку орыны жұмыс
істеді. 359 амбулатория мен емхана, 298 кітапхана, казақ, орыс, неміс драма
театрлары, филармония, музикалық комедия театры, 33 клуб пен мөдениет үйі,
8 мұражай, цирктер жұмыс ісиейді .

Ф – ОБ – 001035

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының картасы.

Ф – ОБ – 001035
1.1.Орталық Қазақстан экономикалық ауданның географиялық орны.
Табиғат жағдайы мен ресурстары географиясы.
Орталық Қазақстан - Республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі,
теңіздерден алшақ жатуымен бірге ірі өзендері де жоқтың қасы. Бірақ
минералды ресурстарға бай аймақтың бірі. Сарыарқа жері пайдалы қазбалардың
көмбесі десе де болады. Мұнда - көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын,
мүнай және т.б. пайдалы казбалар кездеседі.
1. Орталық Қазақстан экономикалық тарихына көз жүгіртсек аудан XIX
ғасырдан бастап сауда саттықтың орталықтарына айнала бастаған. Павлодар -
Қарқаралы, Петропавл (Қызылжар) - Ақмола - Қарқаралы қалалары арқылы Балқаш
көліне дейін одан солтүстік шығыстағы Семейге пошта қатынасы орнаған, жол
бойында 1848-1930 жылдар аралығында Қоянды, Баянауыл жәрмеңкелері жұмыс
істеп, Қытай, Орта Азия және Ресейдің саудагерлері өзінің тауарларын
сатқан. Басқа Республикалармен шекарасының шектеспеуі ауданның сырткы
байланысын дамытуына, ал климатының қуаң болуы ауыл шаруашылығын дамытуға
колайсыз әсер етеді.
Климаты шұғыл континенталды, қысы суық боранды желдер жиі болып тұрады.
Қардың қалыңдығы 20-30 см. Соған байланысты топырақта жеткілікті түрде
ылғал жиналмайды. Жаз айлары, ыстық және аптап желдер болып тұрады. Жылдың
жауын-шашын шамамен 250 мм. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай
агроклиматтык. жағдайы ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін
тигізуде.
2. Табиғи ресурстары. Орталық Қазақстанды - минералды ресурстардың қазынасы
десекте болады. Бұл ауданда пайдалы қазбалардың алуан түрлері жөне үлкен
корлары шоғырланған. Сондықтан бұндай аудан дүние жүзінде жоқ десе де
болады. Жер қойнауында көмірдің үлкен коры, Қарағанды көмір алабында
шоғырланған, сонымен бірге 100% кокстелетін көмірде осында. Балқаш маңы мен
Жезқазған кенорындарында мыстың коры шоғырланған, марганецтің 100%-ы Атасу
және Жезді кенорындарында.
Вольфрамның барланған қоры жағынан Орталық Қазақстан дүние жүзінде 1-
ші орын алса, молибденнен 4-і орын. Негізгі кен-орындары - Жоғары Қайрақты,
Кектенкөл, Солтүстік Қатпар, Қараоба, Оңтүстік Жауыр және т.б. Оңтүстік
Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кенорны аныкталынып барлау
жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге әр түрлі кенсіз пайдалы қазбалардың
қоры аныкталды. Әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан
жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі олардың бір-біріне жақын
орналасуы. Кенорындарының барланған қоры - отын, электр энергетика,
металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.

Ф – ОБ – 001035

Су ресурсы. Орталык Қазақстан су ресурсына тапшы аудан. Тек қана
оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында ұсақ көлдер
кездеседі. Олардың дені ащы көлдер. Судың жетіспеуі өнеркөсіп және ауыл
шаруашылық салаларын дамытуға кедергі болуда. Су мен қамтамасыз ету үшін
бірнеше су қоймалары және канал салынды. Нұра өзенінде 4 су қоймасы
салынған, ең ірісі Теміртау (Самарқанд) (ауданы 82 км2 су көлемі 260 м3)
және Шерубай Нүра, Кенгір өзенінде Кеңгір және Жезді су қоймалары салынған.
Ауданның жер ресурсымен қамтамасыз етілгендігін бағалаңыздар. Ол үшін
ауданның аумағын басқа аудандармен салыстырып, жан ба-сына шаққандағы жер
ресурсы мен қамтамасыз етілгендігін анықтаңыздар (суретті және кестені
пайдаланыңыздар). Ауданда қандай биологиялық ресурстар бар екендігін
анықтаңыздар. Ол үшін аудан қандай табиғат зонасында орналасқандығын және
қандай топырақ түрлерінің тарағандығын естеріңізге түсіріңіздер. Ауданның
қайсы бөлігінде қунарлы топырақ кездеседі?
Орман ресурсы. Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі,
негізгі ормандары суды қорғауда жөне рекреациялық мақсатта маңызды рөл
атқарады. Негізгі ағаш түрлері - Қарағай, Қайың және Көктерек. Табиғаттың
әсем жерлерін сактау мақсатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.

Ф – ОБ – 001035
1.2.Орталық Қазақстан экономикалық ауданның қалалары.

ҚАРАҒАНДЫ - оның халқы 70 мың болса, 1939 жыл 155 мың, 1959 жыл 383 мың,
1970 жыл 522 мың, 1979 жыл 567 мың, 1989 жыл 507,3 мың адамға жетті.
Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып
қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын
континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ,
аңызақ желді. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -16°С, шілденікі 20°С.
Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 350мм. Қаланы сумен Нұра өзені,
Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала шегінде
сортаңды күңгірт-қоныр топырақ тараған. Қараған, тобылғы, әр түрлі шөп,
сұлыбас, қызғылт селеу, т.б. дала белдеміне тән өсімдіктер өседі.
Қазақстанның 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала
"Қарағанды" деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір
тапқан. Өтенов деген бай Қарағанды өңірін И.Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс
кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір
Спасск мыс қорыту затына тасылып тұрған. 1856 – 87жылдары мұнда 303 мың
тонна көмір өндірілді. 1899жылы Рязановтың мұрагері кен орнын француз
концессионері Карноға сатты. 1907 жылы кен орны ағылшың концес-
сионерлерінің қолына көшті. 1899- 1920 жылдары аралығында 815 мың тонна
көмір өндірілді. Қазан төңкерісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет
меншігіне айналды. 1920 - 30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда
көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы "Қазаққұрылыскөмір" тресі
құрылды. БК(б)П ОК-і 1931 жылдың 15 тамызында "Көмір мен кокс қорларын
көбейту туралы" арнаулы қаулы қабылдап, Қарағандыда елдің үшінші көмір,
базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының
дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі
көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты
кәсіби көмек керсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен
қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға
жеткізу үшін темір жолдар салынды. 2-дүние-жүзілік соғыс жылдары Қарағанды
көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, т. ж. көлігін көмірмен үздіксіз
қамтамасыз етті. Кеңес өкіметі жылдары Қарағандыда өнеркәсіп саласы кеңінен
дамыды. Елдің нарықтык экономикаға өтуіне байланысты 90-жылдардың ортасынан
Қарағандыдағы кәсіпорындар мен мекемелер жекешелендіріле бастады.
Өнеркәсібінің басты саласы тас көмір өндіру. Олармен "Қарағандыкөмір",
"Көмір-Инвест", "Трансэнерго" ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады.
Бұлардан басқа тау-кен, т.б. шикізат өнімдерін өндіретін "Эколог", "Концерн-
Елрово", "Қарағандыбейруда" ААҚ-дары "ННК-GROUР", "Топаз-2000", "Батыр",
"Сары-Шөп" ЖШС-тері, "Қарағанды энергоресурс" ЖАҚ жұмыс істейді. Қаланы
электр, газ, сумен "Қарағанды-

Ф – ОБ – 001035
Пауэр", "АБС-энерго", "Қарағанды Дистрибьюшин" ЖШС-тері, электр желісін
тарату компаниясы, "Суканал" ААҚ-лары қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіп салаларын машина және түрлі жабдықтармен қамтамасыз ететін
әрі жөндейтін республикада мемлекеттік "Ликвидшахт" арнаулы кәсіпорыны, құю-
машина жасау зауыты, "'Қарағандыкенмаш — ИТЭКС" ААҚ-ы, энергия зауыты,
сауда-техника комбинаты, механика құрастыру фирмасы, оқу-өндірістік
кәсіпорыны, турбо-механика зауыты машина жасау. көмір машинасын жасау, №1
машина жасау, тұрмыстық техника зауыттары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
Металлургия және металл өңдеу саласынан "Арқа-мыс" ЖАҚ-ын, "Темірші", "Эза-
нол" ААҚ-дарын, "Газ-қызмет", "Литейшик", "Қазақстанантикор", "Арқа-Ванна"
ЖШС-терін атауға болады. Электр және электртехника жабдықтарды
"Қазэнергосервис" ЖШС-і, "Қарэнергожөндеу", "ЭСАМ" құрастыру басқармасы,
"Автоматика", "Эталон-прибор", "Қазқараметавтоматика" акцион. қоғамдары
шығарады. Бұлардан басқа "Таң", №1 тәжірибе зауыты, " Металлбұйымдар
зауыты" АҚ-дары бар. Құрылыспен шұғылданатын және құрылыс материалдарын
жасайтын "Қарағандықұрылыссервис", "Шахтажүргізу", "Орталық
сантехқұрастыру" акционерлік қоғамдары, "Қарағанды қопару өнеркәсібі"
мемлекеттік кәсіпорны, "Жөндеу — құрылыс басқармасы", №636 құрылыс-
құрастыру поезі, "Шахтақұрылыс-құрастырусервис", "Электрторқұрылыс".
"'Кварц''акционерлік қоғамдары, "Еңбек" өндіріс кооперативі, "Энергия"
ЖАҚ, "Арнаулы автоматика" ЖШС-і, "Коксхимқұрастыру", "Агат",
"Шахтасалумеханизация", "Қарағанды жолдары", "Қалалықжолсалу", "Жол салу",
т.б. акцион. қоғамдары, сонымен бірге жол жөндейтін жөндеу салу басқармасы
жұмыс істейді. Ағаш құрылыс бұйымдарын шығаратын "Ағаш өңдеу өнеркәсіп" ЖШС-
і, 2 жиһаз фабрикасы бар. Жеңіл өнеркәсіп саласында тоқыма-галантерея
фабрикасы, "Еско" ААҚ, "Томирис" және "НИКА" фирмасы, "Қарагандыкиім" ААҚ;
тамақ өнеркәсібінде "Маргарин зауыты", "Қарағанды конфеттері", "Эфес" сыра
зауыты, "Сарыарқа" акционерлік қоғамы және "Балық", "Айсберг", "Бекон",
"Жанар-тур" ЖШС-тері, "Қарағанды — нан" ААҚ, 2-нан зауыты, т.б. жұмыс
істейді. Полиграфия саласынан "Авиатрек" баспахана үйі бар.
Қарағанды көлік пен байланыстың үлкен орталық Мұнда "Сарыарқа"
кәсіпорындары, "Сарыарқа" әуежайы, 3 автопарк, үш автокомбинат, 2
автоколонна, "Қарағандыкөмірдің автобазасы", "Арғымақ", "Автокар",
"Аралықавтотранс", "Трансагенттік", "Ақжол", "Қарағандытурист" ААҚ-дары,
"Трансали", "Арнаулы агроөнеркәсіптік көліксервисі", "Агро",
"Жеміскөкөніссауда", "Сапар" сияқты тасымалмен шұғылданатын көлік ЖШС-тері
жұмыс істейді. Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы Мұнда Қазақстан
Республикасы ҰҒА-ның Орталық Қзақстан бөлімшесі, 19 ғылылыми-зерттеу және
жобалау институттары (ҰҒА-ның химия-металлургия, фитохимия ғылыми-зерттеу
институттары, Көмір ғылми-зерттеу институты, "Гипрошахта", "Гипроуглегормаш
жобалау институтары,
Ф – ОБ – 001035
т.б.) орналасқан. Қарағанды мемлекеттік унверситеті, техникалық.
университет, медицина академиясы, ПМ-нің заң институты және әр саладан
мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орыны жұмыс істейді. 10
кәсіптік-тех. мектеп, 7 колледж, 80 мектеп, 39 мектепке дейінгі балалар
мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай,
6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, муз. комедия театры,
филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қ-ны салудың
бірінші бас жоспары 1936 ж. қабылданғанымен каланы жоспарлы түрде дамыту 2-
дүниежүз. соғыс жылдары тоқтап қалды. 1960 ж. жаңа бас жоба бойынша каланы
кешенді салу басталды. Ивдустриялық негізде Майқұдық, Оңтүтік-Шығыс ірі
тұрғын массивтері салынды. Қаланың орталық бөлігін — Жаңа Қаланы салу
неізінен аяқталды. 1960 — 85 жылдары аралығында әлеуметтік және мәдени-
тұрмыстық мақсаттағы нысандары бар инж. жағынан толық қамтамасыз етілген 20-
дан артық. ірі шағын аудандар тұрғызылды. Қ-ның орт, бөлігінің
архитектурасын жасағаны үшін авторлар тобы
(арх. Э.Г. Меликов, С.И. Мордвинцев,М.О. Жандаулетов) Қазақстанның Мемл.
Сыйлығына ие болды (1978). Қ-да Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орнатылды (1958),
"Шахтер Даңқы"(1976) және 2-дүние-жүз. соғыс жылдары қаза болған
қарағандылықтарға (1978) арналған монументтер қойылды. Елді
индустриялаңдырудағы үлкен рөлі, 2-дүние-жүз. соғыста ел экономикасын
қамтамасьгз етуге қосқан зор үлесі-үшін қала Еңбеқ Қызыл Ту орденімен
марапатталған (1984).

ЖЕЗҚАЗҒАН- Қарағанды облысындағы қала, т.ж. стансасы. Қазақстандағы
түсті металлургия орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының
оңтүстігіндегі Қара-кеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгелінің оңтүстік-
батыс жағалауынла орналасқан. Тұрғыны 90,0 мың адам Іргесі 1939 жылы
қаланған. 1941 — 54 ж. Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала. 1973
— 97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Жезқазғанда "Қазақмыс"
корпорациясы, "Казкат" біріккен кәсіпорын, "Жезқазғансирекметалл"
республикалық мемлекет кәсіпорны, "Кеңгір" химия өндірістік кәсіпорны,
электр жабдықтарын шығаратын "Симпл" серіктестігі, ЖЭО, электр жүйесін
тарататын компания, қалалық электр жүйесі, "Ұлытау" қазақ — кытай біріккен
тоқыма-киім тігу, "Көркем", "Ғасыр", "Нан әнімдері", "Сарыарқанан",
"Полиграфия", "Жезқазған жолдары", "Oılsas" акцион. қоғамдары, өндірістік
кооперативтер, т.б. жұмыс істейді. Ж. қалалық әкімшілігіне қарайтын
ауылдарда "Балапан" акцион. қоғамы мен 194 шаруа қожалығы а.ш-мен
шұғылданады. Қалада түсті металлургия ғылыми зерттеу институты, Жезқазған
унниверситеті ботаника бағы, гуманитарлық, агротех. Медицина колледждер
жұмыс істейді.

Ф – ОБ – 001035

Теміртау (170 мың адам). Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы
1905 жылдан басталады. Нұра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп
келгендер орналаса бастады. Алғашқы қоныстанушылар ауылдың
атын жергілікті жердегі Жуар шоқысының атауымен Жуар деп атады. Ұлы Отан
соғысынан кейін Теміртау деп аталды. Ол кезде қалада бар жоғы 20 мың тұрғын
болатын. Қаланың негізгі тірегі - болат балқыту комбинаты. 1960 жылы 3
шілде күні алғашқы Қазақстан шойыны алынды. Бүл күнді Қарағанды металлургия
комбинатының туған күні деп атайды.
Қазіргі Теміртаудағы Миттал Стил Теміртау кәсіпорыны дүние жүзінде
болат балқыту жөнінен жетекші орында. Қалада кокс өндіретін зауыт
агломерацияльщ фабрика және электр стансасы, химия өнеркөсібінен азот
тыңайтқышын (аммони сульфаты) шығаратын зауыт жұмыс істеуде.
Тамак өнеркөсібінен ет және ұн тарту комбинаттары жұмыс істейді.

Балқаш(74мың адам) Балқаш көлінін, солтүстік жағалауындағы өнеркөсіпті
қала. Қалада Республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі Балқаш мыс
комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты
іргесі қаланған Балқаш Қазакстандағы маңызды түсті металлургияның орталығы.
Комбинат мыс жөне күкірт қышқылын шығарады. Сонымен қатар асыл
металдар зауыты (жылына 600 тонна күміс, 3,5—5 тонна алтын өндіреді). Жаңа
технологиялық қондырғылармен жабдықталған мырыш зауыты, кірпіш, механикалық
жендеу зауыты, балық консерві комбинаттары жүмыс істейді. Құрылыс
материалдары мен ағаш өңдеу енеркөсіптері жақсы жолға койылған. Қала
маңында (Шашубай ауылы) балық консерві комбинаты жұмыс істейді.

Ф-ОБ-011035
ІІ.ТАРАУ.Орталық Қазақстан экономикалық ауданның шаруашылығы.
4. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Орталық Қазақстанның экономикалық негізін кен өндіру өнеркәсібі мен
металлургия құрайды, сондай-ак машина жасау мен химия өнеркәсібі де дамып
келеді. Бұл аудан өнеркәсібі өнімінің көлемі жағынан Қазақстан бойынша
жетекші орын алады. Қазіргі кезде де, сондай-ак болашақта да ауыр
өнеркәсіпті дамыту базасы Қарағанды алабының тас көмірі мен қоңыр көмірі,
Успенск кенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық аудандары
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Пәндер