Интернеттің Қазақстан сегментіндегі электрондық оқыту құралдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5

АНЫҚТАМАЛАР . . . 5

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5

КІРІСПЕ . . . 6

1 Қазіргі уақыттағы э лекторонды оқулықтың маңызы

1. 1 Білім берудегі электронды оқулықтың орны . . . 8

1. 2 Электрондық оқыту басылымдары мен құралдарының мазмұндық толықтырылуын көрсету жолдары . . . 19

1. 3 Білімдендірудегі электрондық басылымдарды жіктеу . . . 23

1. 4 Білімді ақпараттандыру сапасына қойылатын талаптар . . . 30

2 Электронды оқу құралына материалды компьютерлік дайындау

2. 1 Графикалық және мәтіндік безендірулер . . . 40

2. 2 Аудиоүзінділер мен видеофрагменттер . . . 45

2. 3 Оқулықты құрудағы Macromedia Flash МХ бағдарламасының мүмкіншіліктері . . . 48

2. 4 Электронды оқулықтың құрылу негізі . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 69

КІРІСПЕ

Электронды оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.

Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.

Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады [1] .

Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:

1. Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.

2. Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.

3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.

Д ипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті - ЖОО мекемелерінің медицина факультеті студенттеріне арналған «Генетика» пәні бойынша электронды оқулық дайындау және аспаптық құралмен тәжірибемен игеру, мультимедиа технологиясымен таныстыру, бейнефильмдерді жасау болып келеді.

Электрондық фильм жасауға арналған Macromedia Flash MX технология таңдаудағы шарт: осы технология бағдарлама интерфейсін көрнекі, бояу дайындауға не пайдаланушы ынтасын сөзсіз жоғарылатуға рұқсат етеді. Бұл бағдарлама пайдаланушылардың жоғарылау аспектілерін және олардың дара қабілеттіліктерін есепке алады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - «Генетика» пәні бойынша электронды оқулық дайындай отырып Macromedia Flash MX технологиялары мүмкіндіктерін және принциптерін зерттеу, электрондық оқулық жасауда жаңа технологияны пайдалану.

Жұмыстың зерттеу объектісі - Macromedia Flash MX саналады. Қазіргі таңда Macromedia Flash MX әрбір интернет - пайдаланушыға таныс. Оның көптеген тұтынушылары Macromedia графикалық пакеттерін күтті, сондықтан оған табынушыларының үлкен саны әлдеқашан барлық әлемді жаулап алды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен түзілген:

Бірінші бөлімде электрондық оқулық туралы түсінік, қазіргі таңдағы электоронды оқулықтың рольі, электрондық оқулыққа жүйелік талаптар, электрондық оқулық құрылымын ұйымдастыру қарастырылған

Екінші бөлімде электронды оқу материалдарын компьютерлік дайындау, электронды оқулық құрудағы Macromedia Flash МХ бағдарламасының мүмкіншіліктері, электрондық оқулық жасау технологиясы және электронды оқулықтың сипаты туралы ақпарат беріледі.

1 Қазіргі уақыттағы э лекторонды оқулықтың маңызы

  1. Білім берудегі электронды оқулықтың орны

Әр жыл сайын тиімді және таралған білімдендіру электрондық басылымдары мен ресурстарына негізделген ақпараттық технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Ондай технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табылады. Осыған байланысты электрондық баспалар және ресурстарды оларды жасау және қолдану тәсілдерін бөлшектеп, қарастырудан бұрын ОЭБ - ны өңдеу және қолдану негізінде жататын ақпараттық технологиялармен танысқан ақылға сай келеді.

Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуде сипаттамалық ерекшелігі өңдеу мүмкіндігі және компьютерлік техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып есептелетін әртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар бөлінеді. Шыныменде соңғы жылдары осындай құралдар санына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін және дыбыс шығару, фото және видио бейнелер үшін құралдар кіргізілген. Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пайда болып, кең таралса, осы құрылымдарды мультимедиа құралдарына жатқызылады.

Мультимедиа құралдарының спецификациясын ақпараттық түрлерін және оны беру тәсілдерін білмей түсінуге болмайды. Оқытудағы электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты классификациялаудың тек негізгі аспектілеріне тоқталамыз. Ақпаратты классификациялауға болатын критерийлердің бірнешесі бар. Бірінші критерий түрінде көру, есту, сезу, дәмін тарту, сияқты адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін қолдануға болады. Оқыту электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйренудің көз қарасы бойынша компьютерлік және коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, адамға ақпараттық әсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс болады. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі үш группаға бөледі:

  1. Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік немесе визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа текст, графикалық бейнелер және суреттер, фотографиялар, мультифильмдер, видеофильмдер жатады.
  2. Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа у - шулар, әуендер, сөз жатады.
  3. Сенсорлық немесе тактильдың ақпарат деп аталатын, арнайы техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық жүйесімен қабылданатын ақпарат.

Ақпараттың аталған түрлерін басқа критерийлері бойынша да жіктеуге болады. Олардың бәрі адамның ақпаратты қабылдау тәсілі болып табылады. Осыған байланысты келіп түсетін оқытылатын ақпаратты ассоциативті және туралауға бөлуге болады. Оқушылар ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте текстік немесе сөздік суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда тесті оқу немесе педагогтың сөзін тыңдау, оқушыда бар өсімдіктер туралы түсініктер мен алынған ақпараттың ассоциациясына алып келеді. Текстті оқу немесе сөзді тыңдаудың барлық оқушылардың өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек. Әрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды [3] .

Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту мақсаттарының назары бойынша объектілердің қасиеттерін береді. Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер, видеофильмдер, ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады. Мультимедиа құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі болып тура ақпаратты беру және өңдеу мүмкіндігі табылады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып - үйренгенде мультимедиа құралдарын пайдалану, оқушыларға өсімдікті және онда болатын процесстерді көруге, мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.

Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары түсінігі, бір жағынан компьютерлік өңдеужәне ақпаратты әртүрлі типте көрсету мен тығыз байланыста болса, екінші жағынан, білім алу эффективтілігіне әсер ететін электрондық баспалар және ресурстарға байланысты. Мультимедиа құралдарын білім беру сферасына енгізілуі сәйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық құралдардың пайда болуына және олардың мазмұндық артуына, оқытудың жаңа әдістерін және педагогтардың кәсібі шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге ықпалын тигізеді.

Мысалы, видеофильмдерді сақтауға, өңдеуге және өндіруге мүмкіндік беретін мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне енгізу, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер мен жұмыс істей отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көз қарасы бойынша маңызды болған видеофрагменттерді көруге жұмсайды.

“Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты” “мультимедиа” сөзі бірден бірнеше әртүрлі мәнге ие болатындығын түсіну маңызды. Мультимедиа - бұл.

  • Әртүрлі типтегі аппараттық өңдеу құралдарын қолдану және функциялау, өңдеу ретін суреттеуші технология;
  • Әртүрлі типтегі ақпараттардың берілуі және өңдеу технологиясының негізінде жасалынған ақпараттық ресурс;
  • Әртүрлі типтегі ақпараттың берілуі және функциялануы өңдеумен байланысты компьютерлік программалық қамтамасыз ету;
  • Әртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік апппараттық қамтамасыз ету;
  • Әртүрлі типтегі (сөз, әуен, видео бейне, анимация және т. б) динамикалық және дәстүрлі статистикалық және визуальды (текс, графика) ақпаратты өзінде біріктіретін ақпараттың ерекше жалпылаушы түрі.

Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық технологиялардың спектрін білдіреді.

Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға байланысты, графикалық, дыбыстық, фото және видео әсерлерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық заряд бар және олар белсенді түрде көңіл көтеру индустрияны қосылады.

Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам шығармашылығының көптеген облыстарында революция жасады. Мультимедиа технологиясын қолданудың кең облыстарының бірі білім беру сферасы, себебі мультимедиаға негізделген электрондық баспалар және ресурстар оқытудың тиімділігін неғұрлым артттырады. Материалды ауызша баяндағанда оқушының бір минутта ақпараттың мың шартты белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда» 100 мыңға жуық осылай бірліктерді меңгеретіні тәжірибе арқылы тексерілген [4] .

Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдарының саны мыңға жетеді. Мультимедиа - технологиялар және оған сәйкес білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер 1995 жылы басылымнан шыққан мультимедиа және СD - ROM анықтамасы бірінші басылымда барлығы 34 нұсқа шыққан болса, 1998 жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен болса, қазір бұл тізім бірнеше мыңдаған атауларды өз ішіне алады. Әрине, бұл көрсетулер мультимедиа құралдарымен қамтамасыз етілгендігңн нақты суреттеп бере алмайды, бірақ жасалынған және пайдаланып жатқан мультимедиа құралдар санының өсуіне біржақты дәлелденді. Мультимедиа құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін және төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін көбейтуді қамтамасыз етеді.

  • Визуальды ақпаратты «басқару» (орналастыру, қою) ;
  • Әртүрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау (ығысу) ;
  • Анимациялық эффектердің жүзеге асуы;
  • Визуальдық ақпараттың деформациялануы (белгілі бір сызықтық параметрдің үлкеюі несесе кішіреюі, бейненің созылуы немесе жиналуы) ;
  • Аудиовизуальдық ақпараттың дискреттік берілуі;
  • Бейненің (қараңғылануы) көлеңкеленуі;
  • Визуальды ақпараттың талданған бөлігін оны келесі ығысуы немесе «лупамен» қарастырылуы үшін тіркеу;
  • Бір экрандағы кез келген бөлігін активтендіру мүмкішілігі бар аудиовизуаль ақпараттың көп терезелі көрінісі.
  • Шынымен өтіп жатқан процесстердің шын уақыттағы оқиғалардың демонстрациясы.

Мультимедиа және білім берудегі ақпараттанудың сәйкес құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Мультимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның ролі өседі. Иллюстрация бұл:

  • Текстке түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа типін енгізу (бейне және дыбыс)
  • Көрнекті және көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады. )

Иллюстрация терминін талқылаудың екеуіде бірдей дәрежеде әдеттегі қағаз оқулықтар мен оқыту құралдарына, сондай - ақ заманға сай мультимедиа оқыту электрондық баспалар және ресурстарға қатысы бар екенін түсіну керек. Бұдан басқа иллюстрацияның маңыздылығы, оқытуды оқу материалының қиын маментерін ақпараттандырудың барлық құралдары көрнекті көзжеткізетіндей және жеңіл түсіндіруге мүмкіндік береді. Мультимедиа дәл осыған ықпалын тигізеді. Мультимедиа баспаларда және ресурстарда иллюстрациялар мысалдар (оның ішінде тексттерде ), екі өлшемді және үш өлшемді графикалық бейнелер (суреттер, фотосуреттер схемалар, графиктер, диограммалар) дауыстық фрагменттер, анимациялар, видеофрагменттер түрінде көрсетіледі. Білім беру мультимедиа құралдарында иллюстрацияның жаңа түрлерінің пайда болуы қазаз дәстүрлі оқулықтардан бас тарту деген сөз емес. Дәстүрлі оқулық кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безендіру обылысында баспа элементтерін кеңістіктік группаларға бөлу ерекшеліктері оның алатын мол тәжірибе жиналған. Осы бойынша кейбір элементтерге акцентпен қарайды, қабылдаудың физиологиялық жақтарын және басқа факторлар назарға алынады. Қазір көптеген оқу дисциплиналары және оқыту бағыттары бойынша мультимедиалық энциклопедиялар түзілген. Оқытудың жаңа әдістерін пайдаланып, оқу процессін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ойын ситуациялық тренажерлер мен мультимедиалық оқыту жүйелері өндірілді [5] .

Оқыту электрондық баспалар мен ресурстардың интерактивтілігі дегеніміз, қолданушыларға, яғни үйренушілер және педагогтарға бұл құралдармен белсенді әсерлесуге тура келеді дегенді білдіреді. Интерактивтілік оқыту диологы үшін шарттардың болуын білдіреді, оның қатысушыларының бірі электрондық баспа немесе ресурс.

Интерактивтілікті беру мультимедиалық құралдарының ең мәнілі артықшылықтарының бірі. Интерактивтілік белгілі шектерде ақпаратты көрсетуді басқаруға жағдай жаратады: оқушылар жеке икемденуін өзгерте алады, нәтижелерді тексереді, сондай - ақ қолданушының нақты сұрақтарына жауар беретін программаны шақыруға мүмкіндік береді. Оқушылар жек академиялық талаптарын қанағаттандыратын материалдың берілу жылдамдығын, кайталаулардың санын және басқа параметрлерді кіргізе алады. Бұл мультимедиа технологияларының иілгіштігі жөнінді қорытынды шығаруға болады.

Мультимедиа технологиялар ақпараттың көп түрлерін ойша және гормониялық интегрлеуге мүмкіндік береді. Бұл компьютердің көмегімен ақпаратты әртүрлі формаларда беруге мүмкіндік береді, олар төмендегідей;

  • бейнелер, оған сканирленген фотосуреттер, чертеждар, карталар және слайдтар кіреді;
  • дауыстың дыбыстық жазылуы, дыбыстық эффекттер және музыка;
  • видео, күрделі видеоэффектілер.

Білім беруде мультимедианы қолданудың тиімділігін көптеген мысалдармен көрсетуге болады. Ереже бойынша, әдемі бейнелер немесе анимациялар мен өтетін прецентациялар статикалық текстке қарағанда, визуал тартымды және олар қажет болған эмоционалдық деңгейді ұстайды, сонымен оқыту тиімділігін арттырады. Мультимедианы қолдану мектеп жағдайында физика немесе химия бойынша оқушыларға бір қатар тәжірибелерді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедианың көмегімен кеңістікте қозғалуға болады және оқушыларға сыныптан шықпай - ақ, тарих курсындағы муражай экспонаттарын немесе археологиялық ескерткіштерін көрсетуге болады. Заманға сай самолеттардың ұшқыштарын арнайы мультимедиалық тренажерларда сабақ өткізбей дайындау мүмкін емес, себебі бұл әдіс шынайы жағдайларды және келешек ұшқыштан талап етілетін интерактивті әсерлесуді модельдейді [6] .

Мультимедианы пайдалану оқушыларға оқыту материалдары мен әр түрлі жұмыс істеуге мүмкіндік береді - адам матералды қалай оқып үйренетінін, ақпараттандыру құралдарының интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалануын және өзінің сыныптастарымен бірге қалай жұмыс істейтінін өзі шешеді. Осылайша, оқушылар білім беру процессінің белсенді қатысушыларына айналады. Мультимедиа оқыту электронды баспалар және ресурстар мен жұмыс істей отырып, оқушылар өздерінің қабілеті және талабына сай әсер ете алады. Олар өздеріне қызық материалды ғана оқиды, оқығанын қанша рет қажет болса, сонша рет қайталайды, ал бұл дұрыс қабылдауға жеткілікті ықпал етеді. Осылайша, сапалы мультимедиа баспаларын және ресурстарды қолдану оқыту процесін оқушылар арасындағы олардың білім алуының өэдік стильдеріне және темптеріне қызығушылығына әлеуметтік және мәдени ерекшеліктеріне қатысты иілгіш болуын қамтамасыз етеді. Мультимедианы қолдану оқыту процесінің бірнеше аспектілеріне позитив әсер етеді. Мультимедиа ықпал етеді:

  1. Ақпаратты қабылдау және түсіну оқыту сияқты когнитивтік аспектілерін ынталандыруға;
  2. Оқушылардың мотивациясының артуына;
  3. Оқушыларда бірінің жұмыс істеу дағдыларын және ұжымдық танымдық дамуына;
  4. Оқушыларда оқуға терең жолмен келуді дамытуға және оқылатын материалдың терең түсінікті болуын қалыптастыруға;

Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың артықшылықтарын қатарына мыналарды кіргізуге болады:

  • Оқыту процесінде оқушы қабылдауының бірнешеконалын бірмезгілде қолдану, оның есебінен бірнеше әртүрлі сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға келтіріледі.
  • Күрделі, қымбат немесе қауіпті экспериментті модельдеу мүмкіндігі;
  • Процесстерді динамикалық көрсету есебінен абстракт ақпаратты визуалдау;
  • Микро және макро дүниелердегі процесстерді және объектерді визуалдау.

Мультимедиа құралдарын нақты пәндер облысында да, бірнеше пәндер облысының топтарындағы орналасқан дисциплиналарда оқыту процессін жақсарту үшін қолдануға болады.

Білім беру жүйесінің эффектілерігіне белгілі дәрежеде оқу үдерісі жүріп жатқан ортада әсер етеді. Бұл түсінікке оқыту процессінің құрылымы оның шоттары және оңайлығы кіреді (қоғам, кітапханалар, мультимедиалық ресурс орталықтары, компьютерлік зертханалар және т. с. с. )

Мұндай жағдайда мультимедиа баспалары және ресурстар көп санды мүмкін болған оқыту құралдарының бірі ретінде қолданылады. Демек, заманға сай мультимедиа құралдарының дамуы білім беру технологияларын жаңа деңгейде қолға келтіруге мүмкіндік береді, бұл мақсат үшін ең прогрессивті техникалық инновациялар қолданылады. Білім беру аясына кіретін мультимедиалық құралдардың заманға сайы болып әртүрлі модельдеу құралдары және қызмет көрсетуі технологияларға негізделген, виртуал ақиқат деп аталатын құралдар табылады. Виртуал объектілер немесе үдерістерге нақты немесе елестетілетін объект немесе үдерістердің электрондық моделдері жатады. Виртуал сөзі қағаз және басқа материалдық тасушыларда көрсетілген білімдік және басқа объектілердің электрондық нұсқаларының сипатын айтып көрсету үшін қолданылады. Виртуалды шындық - бұл дыбыстық, көру, тактильды тағы басқа ақпарат түрлерін беретін және қолданушыға виртуалдық кеңістікке кіру елесін тудыратын мультимедиа құралдары. «Виртуалды шындық» жүйелері адам мен орта арасында тура «тікелей» контактті жүзеге асырады. Олардың ең жетілгендеріне қолданушы датчикті жасалған қолғапты киіп, тек компьютер жадысындағы объектке қолын тигізе алады. Басқа жағдайларда экранда бейнеленген нәрсені «айналдырып» және оны басқа жағынан көруге болады. Қолданушы «ақпараттық костюм» «ақпараттық қолғап» «ақпараттық және көзілдірік» басқа құралдар мен құралданып «виртуалдық кеңістікке» қадам басады [7] .

Осындай мультимедиа құралдарын білім беру жүйесінде қолдану қолданушы қабылдайтын ақпараттың мағынасы және қабылдау мехонизмін өзгертеді. «Виртуальды ақиқат» жүйелерімен жұмыс жасау кезінде, білім беруде ақпаратты қабылдау кезінде сапалы өзгерістер болады. Бұл жағдайда қабылдау тек көру және есту арқылы ғана емес, сондай - ақ сезу және иіскеу арқылы да жүзеге асады. Принципиалды жаңа деңгейде білім берудегі көрнекіліктің дидактикалық принципиптерін жүзеге асыруда сілтеулер пайда болады. Білім беруде мультимедиа технологиясына пайдаланудың кеңістіктік ойлауын дамытуда, нақты шындыққа максимал жақындаған жағдайда мамандардың машықтануын ұйымдастыруда маңызы зор. «Виртуал ақиқат» жүйесін медицинада хирургтарды күрделі операцияларды жүргізуге, ауруларды реабелитациялау мәселелерін шешуге үйрету үшін қолдануы таң қаларлықжүйе. «Виртуалды шындық» берген ақпаратты түсіну тек тоериялық емес, практикалық болуы да мүмкін, дәлірек айтқанда: көрнекті - бейнелі немесе көрнекті - әрекетті. Практикалық ойлау тоериялық ойлаумен салыстарғанда тырысуды аз талап етеді, ереже бойынша, бейнелік ақпаратты түсіну символдық ақпаратты түсінуге қарағанда жеңіл. Виртуал ақпарат технологиясын пайдаланып құрылған электрондық басылымдар мен ресурстар оқыту үдерісінде оқу метериалын жақсы түсіну және меңгеруді қамтамасыз ете алады. Бірақ, виртуалды шындық жүйесінің деңгейі қанша жоғары болған сайын, оларды жасауға сонша көп еңбектену керек, педагогтар мен оқушыларға берілетін ақпараттанудың техникалық құралдарының мінсіз болуы тиіс.

Интернеттің Қазақстан сегментіндегі электрондық оқыту құралдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық бизнес құрылымы
Мобильді жарнаманың өсуі
Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Шет тілін оқытудағы интернет мүмкіндіктері
Интернет желісі және оның маңызы
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Интернет технологиялары пәнінен электронды оқулық жасау
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері
Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz