Салық қызметінің экономикалық табиғаты, мәні және қызметі


Салық қызметінің экономикалық табиғаты, мәні және қызметі
- КІРІСПЕ
- Салық органы салық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде.
- Салық қызметін құрудың қажеттілігі.
- Салық қызметі органын ұйымдастырудың мақсат-міндеттері және негізгі қағидалары.
- Дамыған елдердегі салық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Қорытынды
- Кіріспе
Салық қызметі Қазақстан Республикасының салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән-жайларды (салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық төлем соммаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салықтық міндеттермелер жүктелген заңды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ақ олардың балансты болуын) қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің обьективті экономикалық қызметі болып табылады.
Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп-өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл ретте мемлекеттік салықтық қызмет аясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын құруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды.
Мемлекеттің салықтық қызметі:
- Мемлекет аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттерге алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық құрылымдарды қалыптастыру және олардың тиісінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттік біртұтас өзінің немесе өзі айрыќша уәкілеттік берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде;
- Барлық салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару, сондай-ақ заңда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатталады.
1. Салық органы салық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде.
Салық органдары бюджетке түсетін түсімдерді есепке алуды, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен соммалары бойынша салықтық міндеттемелерін орындалуын салық төлеушінің жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есептеу бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі. Жеке шоттарды жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне қою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, сондай-ақ олар уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жасалып, қол қойылады, куәландырылады және салық есептілігі үшін Салық кодексінің 69-бабында көзделген тәртіппен салық органына беріледі.
Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуге - салық төлеуші туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу жатады.
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі - тұлғаны салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу кезінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық төлеушіге берілетін бірыңғай нөмір болып табылады.
Салық органы салық төлеушінің тіркеу нөмірін оның салықтық міндеттемелеріне қатысты жіберілетін салық төлеушінің барлық құжаттарында көрсетуге тиіс. Салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру, өзгерту және оны жарамсыз деп тану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Салық төлеушілерді тіркеу есебі салық төлеуші салық органдарында салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Салық органы жеке тұлғаларды салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебін Салық кодексінің 530-бабына сәйкес салық салу обьектілерін есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде жүргізіледі. Осы мақсатта:жылжымайтын мүлік (жер) үшін-олардың нақты орналасқан жері, сондай-ақ көлік құралдары үшін-көлік құралдарының мемлекеттік тіркелген жері, ал ондай жоқ болған жағдайда-мүлік иесінің орналасқан (тұрғылықты) жері салық салу обьектісінің орналасқан жері болып табылады.
Салық төлеуші салық органына тіркеу туралы өтінішті тіркеу есебіне қою орны бойынша: тіркеу есебіне қою үшін-тіркеу есебіне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде; тіркеу деректерінің өзгерістерін енгізу үшін-осындай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
Тіркеуге алу есебі салық төлеушіге бұрын берілген тіркеу нөмірі өзгертілмей жүргізіледі. Салық органы тіркеуге алу есебіне қоюды салық төлеушінің өтініші берілген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушінің қалауы бойынша салық органы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша оның тіркеуге алу есебіне қойылғанын растайды.
Салық төлеушінің куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда, салық органы Салық кодексінің 521-524 баптарында белгіленген тәртіп негізінде және мерзімдерде, салық төлеушінің бұрынғы тіркеу нөмірі сақталған және салық төлеушінің бұрын берілген куәлігі жойылған жағдайда, салық төлеушінің деректері өзгертілген куәлігін беруді жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға өз қызметін асыратын орнын немесе орналасқан жерін өзгерткен жағдайда, салық төлеуші он жұмыс күні ішінде тіркеу есебінен шығару туралы өтінішті өзі тіркеу есебінде тұрған салық органын беруге және қызметін жүзеге асыратын жаңа орны немесе орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне тұруға міндетті.
Салық төлеушіні Салық төлеушілердің мемлекетттік тізімінен шығарып тастау Салық кодексінің 57, 58-баптары негізінде салықтық міндеттемелердің тоқтатылуына байланысты жүзеге асырылады.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушінің мемлекеттік тіркеуден өту мерзімін бұзғаны үшін; салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру мен тіркеу есебіне қою кезінде табыс етілетін мәләметтердің растығы, сондай-ақ салық есептілігінде салық төлеушінің тіркеу нөмірін қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де жағдайлар үшін жауапты болады.
Салық органдары салық төлеушілерді тіркеу есебін жүзеге асыру кезінде мынадай:
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды жүзеге асыратын;
- статистика жүргізетін;
- салық салуға байланысты объектілерді және салық салу объектілерін есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын;
- лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат беру мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін;
- жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүргізетін;
- азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын;
- нотариаттық іс - әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
- қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін басқа да уәкілетті органдармен өзара іс - әрекет жасайды.
Салық кодексінің 529-бабында белгіленген уәкілетті органдар уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіпке сәйкес тиісті мәліметтерді енгізу кезінен бастап он жұмыс күні ішінде салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс етеді.
Салық салу обьектілерін, басқа да, міндетті төлемдер алынатын обьектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар салық төлеушілер, сондай-ақ салық салу обьектілері, басқа да міндетті төлемдер алынатын обьектілер туралы мәліметтерді олардың есепке алынған және (немесе) тіркелген орны бойынша салық органдарында уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін мерзім мен нысанда табыс етуге міндетті.
Лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін уәкілетті органдар олардың берілген (кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған) кезінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензия, куәлік немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттар берілген (кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған) салық төлеушілер туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық қызметі органдарына табыс етуге тиіс.
Шетелдік заңды тұлғалардың келуін (кетуін) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган олардың келуін (кетуін) тіркегеннен кейін келудің мақсатын, орнын және болу мерзімін көрсете отырып, келуші шетелдік жеке тұлғалар туралы мәліметтерді он жұмыс күнінен кешіктірмей салық қызметі органыына табыстайды.
2. Салық қызметін құрудың қажеттілігі
Салықтық қызмет өзара тығыз байланысқан құқықтық және экономикалық қатынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті заңдар мен басқа нормативтік - құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақытылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді.
Демек, салықтар мен өзге де міндетті төлемдерінің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық қызметіне байланысты болады.
- салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді белгілеу;
- мемлекеттің салық жүйесінің қазіргі кезең талаптарына сай құрылуына, оның экономикалық және құқықтық негіздерінің тиімді болуына ат салысу;
- салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін біржақты-ерікті орындауларына жағдай жасау және осыған орай салықтық тиімді болуына ат салысу;
- салық салу саласындағы мемлекеттік органдар мен арнайы салық органдарының жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілеу;
- салық органдарының қызметтерін тиімді ұйымдастыру және салықтық құқықтарын ұтымды белгілеп, жетілдіру.
- Салықтық міндеттемелердің айтарлықтай көлемде орындалмағанына орай олардың мәжбүрлі негізде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
- Салықтық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу және осы жауапкершілік шараларына кінәлі тұлғаларды тарту;
- Салық салу саласындағы салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтық және салықтық мәдениеттерін қажетті деңгейде қалыптастыру арқылы олардың материалдық мүдделерінің мүмкіндігінше байланысты болуына ат салысу;
- Отандық және шетелдік инвестициялардың мол және тиімді ағымның арнасын кеңейту мақсатында инвесторларға салық салу климатын жақсарту, тартымды жеңілдіктер беру және оларға қатысты салық әкімшілігін екі жақтың (тараптың) мүдделерін есепке ала отырып жүргізу сияқты негізгі бағдар-бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Салықтық қызметті өздерінің құзыреттеріне сай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға:
- ҚР Президенті;
- ҚР Парламенті;
- ҚР Үкіметі;
- Жергілікті Мәслихаттар мен әкімдіктер;
- ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
- ҚР Қаржы министрлігі;
- Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
- ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
- Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардағы және қалаларға аудандар бойынша салық органдары жатады.
Салықтық қызмет мемлекет аумағында жүзеге асырылатын болғандықтан, оған қатысатын осы уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретттеріне байланысты мынадай тәртіппен орналастырылады.
- мемлекеттік үкімет билігі органдары:
а) жоғарғы өкілді және заң шығарушы орган - ҚР Парламенті;
ә) жергілікті өкілді органдар - Мәслихаттар;
- Мемлекеттік атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары:
а) жалпы құзыретті органдар:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі;
- Жергілікті әкімдіктер;
з) Арнайы құзыретті органдар:
- Ќаржы Министрлігі, оның тиісті басқармалары мен бөлімдер;
- Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
- Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
Салық қызметінің негізгі құқықтық әдістеріне:
- салық заңдарын шығару;
- салық заңдарына тәуелді және сол заңдарды атқару мақсатында нормативтік құқықтық актілер шығару;
- жекеленген салықтық - құқықтық актілер шығару;
- келісімді негізде екі жақты салықтық құқықтық акті қабылдау;
- мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының, салықтық заңдарда (заңнама) белгіленген өкілеттіліктерін өздері қатысатын нақты салықтық құқықтық қатынаста біржақты түрде жүзеге асыруы жатады.
Салық қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын жолдар мен тәсілдер:
- салықтарды белгілеу;
- салықтарды алу;
- салықтардың толығымен және уақытылы төлеуіне салықтық бақылау жүргізу;
- салық төлеушілердің есебін жүргізу;
- табысты төлеу көзінде салықтарды ұстап қалуды ұйымдастыру;
- мемлекеттің салық органдарының жүйесі мен қызметтерін ұйымдастыру;
- салық заңдарын бұзған кінәлі тұлғаларға белгіленген заңи жауапкершілік шараларын қолдану;
- салық салу жүйесін және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды салықтық - құқықтық реттеуге ат салысу;
- салықтық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қадағалау және қамтамасыз ету сипатында көрініс табады.
Мемелекет аумағындағы салықтарды белгілеу мынадай нысандағы нормативтік құқықтық актілер:
а) Парламент қабылданѓан ҚР заңы;
ә) Президент шығарған ҚР заңы;
б) ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы арқылы жүзеге асырылады.
Салыќтарды белгілеу элементтеріне белгілеу субьектісі, белгілеу нысаны және белгілеу тәртібі жатады. Салықтардың белгілеудің конституциялық қағидалар: салықтарды белгілеу және жою кезіндегі мемлекет билігінің заң шығару тармағының үстемділігі; салықтарды белгілеу кезінде заңдылықты сақтау; салықтық заңдардың конституцияға сәйкес болуы; салықтарды төлеу міндеттілігі; мемлекеттің салықтық қызметінің бұқаралылығы және жариялылығы болып табылады.
Мемлекеттің салықтық қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясындағы қаржылық бөлу процесінің жай-күйін салық жүйесінің тұрақты болуы. Мемлекеттің салықтық қызметі мен салық жүйесінің нормативтік құқықтық базасы салық әкімшілігін қалыптастыру және салық әкімшілігін жүргізу негіздері мен тәсілдерін, сондай-ақ жолдарын нақтылайды.
Салық әкімшілігін жүргізетін салық органдарының негізгі міндеттеріне:
Мемлекеттің салықтық қызметі ауқымында жүргізілетін салық әкімшілігі макроэкономикалық өсу тұрғысынан және халықаралық салық салу стандарттарының өркениетті үлгілеріне сай қоғам мен мемлекеттің, сондай-ақ корпоративтік шаруашылық (ішінде жеке меншік негізіндегі жекелей кәсіпкерлік қызмет) субьектілерінің экономикалық - қаржылық мүдделерінің балансы болуын көздейді және соны қамтамасыз етуге ат салысады.
Салықтық қызметті жүзеге асыру барысында салықтың экономикалық мән-жайын білдіретін фискальдық, қайта бөлу, бақылау және реттеуіш функциялар да өз рөлдерін атқарады.
Мемлекет атынан жүзеге асырылатын салықтық (салықтық - бюджеттік) қызмет тек құқықтық негіздерге сүйене отырып атқарылады. Салықтық қызметтің құқықтық негіздерінде, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конститутциясы, арнайы қаржылық, салықтық заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер жатады.
Салықтық қызметті жүзеге асыру барысында салық органдары алған: салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы; жеке тұлғаларды қоспағанда, салық жылында салық төлеуші бюджетке төлеген салық және басқа да міндетті төлемдер соммалары туралы; салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасайтын тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорѓау органдарына, салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін айқындау туралы істерді және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға берілетін; Қазақстан Республикасы тараптарының бірі болып табылады салық немесе құқық қорғау органдарының арасында өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға ұсынылатын мәліметтерден басқа, салық төлеуші туралы кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
3. Салық қызметі органын ұйымдастырудың мақсат - міндеттері және негізгі қағидалары
Салық органдарының негізгі міндеттеріне:
- өз құзыреттері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- салықтардың, алымдардың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің тиісті бюджеттерге түсуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттің фискальдық саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыруға ат салысу;
- халықаралық салық салу мәселелерін тиісінше шешуге байланысты халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың белсенді қатысушысы мәртебесіне ие болу жатады.
Салықтарды жоғарғы өкілді орган шығарған заңның негізінде тек мемлекет белгілейді және ол Қазақстан аумағында жүретін салықтарды енгізу және олардың төлеушілерін, салық салу обьектісін, мөлшерлері мен төлеу мерзімін дәл көрсетеді. Салықтар белгілі кезеңде, яғни салық жылы ішінде салық салу обьектісінен бір мәрте ғана алынады. Салықтарды белгілеу кезінде жеңілдіктер беру мәселелері қоса қарастырылады. Кейде, заңда көзделген жағдайда жергілікті өкілді органдарға жүктеледі. Айта кететін бір жәйт, салық салу обьектілерін заңға негіздеп айналысатын, табыстары мен мүліктері және көрсететін қызметтері бар субьектілерге ғана қатысты болады.
Алымдарды белгілеу де мемлекет тарапынан, жоғарғы өкілді орган шығарған нормативтік құқықтық актінің негізінде жүзеге асырылады. Дәлірек айтсақ, алымдарды белгілеудің жалпы принциптерін ҚР Парламенті айқындаса, ал олардың нақты ставкаларын әкімшілік - аумақтық құрылыстардың ерекшеліктері мен экономикалық жай - күйлерін есепке ала отырып белгілеу ҚР Үкіметіне немесе жергілікті өкілді органдар - мәслихаттарға жүктелуі әбден мүмкін.
Баждарды белгілеу тек ҚР Парламенті арқылы, ол қабылданған заң негізінде жүзеге асырылады. Баж алу обьектілері мемлекеттің арнайы мамандандырылған органдары көресететін немесе жасайтын заңи және басқа да маңызы бар белгілі бір қызметтер болып табылады және сол қызметтерді пайдаланған заңды және жеке тұлғалар баж төлеушілер болып есептелінеді. Баждардың өзіне тән қасиеті арқылы болып келеді немесе біршама баламалы деген термин қолданылады.
Салықтарды, алымдар мен баждарды, сондай-ақ басқа да міндетті төлемдерді алуды тікелей салық органдары жүзеге асырады. Салық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің облыстардағы, аудандардағы мемлекеттік салық органдарынан тұрады. Салықтарды алу, яғни төлеу заңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ салық органдарының нормативтік құқықтық және нұсқаулық актілеріне көзделген мерзімде жүргізіледі. Салық органдары салық төлеушілер мен салық салынатын және салық салуға байланысты обьектілердің есебін уақытылы алу нәтижесінде салықтық міндеттемелердің мерзімінде орындалуына жағдай жасайды.
Салық қызметінің мақсаттары:
- салық төлеушілердің экономикалық - қаржылық мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттің салықтық юрисдикциясының шегін ұтымды белгілеу;
- салықтың көмегімен республикалық бюджет кірісіне ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік - экономикалық, әкімшілік-саяси және мәдени дамудың мемлекеттік бағдарламаларын ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;
- мемлекеттің салық жүйесін нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
- өндіріс аясын және өндірістік қатынастырды тиісінше салықтық-құқықтық реттеуді қамтамасыз ету;
- шаруашылық субьектілерінің халық тұтынатын тауарларды шығаруға және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған белсенді экономикалық қызметтерін салықтық ынталандыру;
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздеріне салықтық қызметтің жалпы бастамаларын, принципттерін, міндеттері мен мақсатын, салықтар мен салыќ жүйесінің құрылымын, салық салу процесіндегі фискальдық және реттеуші функцияларының балансы жұмыс істеуін, сондай-ақ салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтар мен міндеттерін белгілейтін нормалар жатады.
Салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде ғылыми тұрғыдан негізделіп, қалыптастырылған және заң жүзінде бекітілген белгілі бір принциптер басшылыққа алынады.
Салықтық қызметтің негізгі принциптері ретінде салық жүйесінің құрылысындағы мына: заңдылық және ғылыми негіздік; жалпыға ортақтылық және міндеттілік; жариялылық және әділеттілік; ыңғайлылық және жеткіліктілік; қарапайымдылық және экономикалық бейтараптылық; жоспарлылық және нормативтілік; жеңілділік және бірдүркінділілік; мерзімділілік және кезеңділік; жүйелілік және тұрақтылылық; айқындылылық және нақтылылық; мемлекет тарапынан барлық шаруашылық субьектілеріне тең талап қоюды қамтамасыз ету; субьектілердің (салық төлеушілердің) тапқан табыстарын пайдалануларына бірдей жағдай жасау; табыс табушы заңды және жеке тұлғалардың салық төлеу жөніндегі міндеттері; салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтар мен міндеттерін белгілеу кезінде бірыңғай тәсіл қолдану; салық төлеушілер мен мемлекеттің заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау теңдігі, резиденттік сияқты принциптерді атауға болады.
Осы приниптерге сай, мемлекет өзіне тән міндеттері мен функцияларын атауға және қоғамның қажеттілігін мен мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті қаражаттарды салықтарды белгілеу және алу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттер кірісіне жұмылдырады.
- Дамыған елдердегі салық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz