Қазіргі кездегі құқықтың жалпы сипаттамасы



Ж О С П А Р

КІРІСПЕ 3

I. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫММЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУ 5
1.1. Құқықтың пайда болуы 5
1.2. Құқықтың түсінігі жəне белгілері 6
1.3. Құқықтың қағидалары мен функциялары 10
1.4. Құқықтың типтері 12
1.5. Əлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық 12

II. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 16
2.1. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар 16
2.2. Құқық жүйесі 18
2.3. Құқық нормалары 20
2.4. Құқықтың қайнар көздері 22
2.5. Құқықты жүзеге асыру 27
2.6. Құқықбұзушылық жəне заңды жауапкершілік 30

ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІ.АКТІЛЕР ТІЗІМІ 38
ҚОСЫМША 40
Курстық жұмыс қоғамның құқықтық жүйесі түсінігі, құрылымы, қалыптасуы мен дамуы және құқықтық жүйенің нысандары мен тәсілдерін қазіргі кездегі құқықтық жүйелерді қарастырылған.
Қоғамның құқықтық жүйесі ұғымы оның өзіне тән сипатымен белгісіне байланысы анықталады. Құқықтық жүйе – қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. Сондықтан қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір орнымен ерекшеленеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігіне қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық жүйе проблемалары – оның ұғым категория аппаратын құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай – ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама – қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі.
Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің «сындарлы он жылын» артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар кешін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Нормативті-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Орталық Қазақстан. 1991. 19 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса // Парламент жаршысы, 1995. № 10; 1999 № 5.
4. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса // Парламент жаршысы, 1995. № 12; 1999 № 5.
5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса // Парламент жаршысы, 1995. № 12; 1999 № 5.
6. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 ж
7. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 ж
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан - 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 2000 ж

Арнайы әдебиеттер:
2. Абенов Е. Децентрализация политической власти как условие институционализации демократии//Евразийское сообщество. 2011. № 4.
3. Айхенберг К. Правовое государство. М.: Наука, 2010 г
4. Арын Е.М., Абен Е.М, Галямова Д.Р., Жоламан Р.К. Реформирование структуры высших органов государственной власти в контексте модернизации политической системы Казахстана // Евразийское сообщество. 2011. №4.
5. Аюпова З.К. Конституционные основы государственной власти в Республике Казахстан в условиях переходного периода // Саясат. 2011. №8.
6. Баймаханов М.Т. Становление правового государтсва и конституционный процесс в Республике Казахстан. Алматы: КазГЮА, 2005.
7. Венгеров А.Б. Несущие конструкции правого государства // Общественные науки. 2011.№3.
8. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті. Алматы – 2006 ж.
9. Исатаев А.Ж., Булгакова Д.А. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Алматы – 2010 ж.
10. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы – 2011 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

КІРІСПЕ 3

I. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫММЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУ 5
1.1. Құқықтың пайда болуы 5
1.2. Құқықтың түсінігі жəне белгілері 6
1.3. Құқықтың қағидалары мен функциялары 10
1.4. Құқықтың типтері 12
1.5. Əлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық 12

II. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 16
2.1. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар 16
2.2. Құқық жүйесі 18
2.3. Құқық нормалары 20
2.4. Құқықтың қайнар көздері 22
2.5. Құқықты жүзеге асыру 27
2.6. Құқықбұзушылық жəне заңды жауапкершілік 30

ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІ-АКТІЛЕР ТІЗІМІ 38
ҚОСЫМША 40
КІРІСПЕ

Курстық жұмыс қоғамның құқықтық жүйесі түсінігі, құрылымы, қалыптасуы
мен дамуы және құқықтық жүйенің нысандары мен тәсілдерін қазіргі кездегі
құқықтық жүйелерді қарастырылған.
Қоғамның құқықтық жүйесі ұғымы оның өзіне тән сипатымен белгісіне
байланысы анықталады. Құқықтық жүйе – қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара
байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да
болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. Сондықтан
қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір орнымен
ерекшеленеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігіне қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі
салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық
жүйе проблемалары – оның ұғым категория аппаратын құрылымдық
ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын
орнын, сондай – ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты
ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе,
тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде
қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде
азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар
жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама
– қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан
жағдайында бұның өзектілігі арта түседі.
Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің сындарлы он жылын артқа
тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз
өзі тәуелсіздігін баянды ету және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі
бағыттарын айқындауға бар кешін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген
жағдайдың барлығы аталған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға
мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қоғамның құқытық жүйесінің зерттеуінің
тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу
барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы, Ғ.
Сапарғалиев, С. Зиманов, Рене Давид, Камилла Жофре – Спинози, К. Цвайгерт,
Х. Кетц және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелер туралы сөз еткен болатын.
Олардың еңбектерде құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған.
Зерттеу обьектісінде. Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда болуы,
қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық қатынастар,
олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен
ерекшеліктері құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша
құқықтық жүйелердің тәсілдері, нысандары, оны пайдалану жолдары мен қоғам
өмірінен жойылу және қазіргі таңдағы қоғамның кейбір мәселелерін құрайды.
Курстық жұмыстың негізгі және басты мақсаты.
Курстық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында
төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:
- қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;
- құқықтың қазіргі кездегі жалпы сипаттамасы.
Қоғамның құқықтық өмірі саласында құқықтық жүйенің мүмкіндіктеріне
кешенді талдау жасау. Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас
бөліктерін жіктеу, олардың жеке – жеке орынын өзара байланысын қатынасын
сарапқа салу. Аталған тақырып бойынша екі маңызды әлеуметтік міндетті
тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты
барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық
құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді.
I. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫММЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУ

1.1. Құқықтың пайда болуы

Мемлекетке дейінгі əлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың
адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып ру-дың, тайпаның əлеуметтік-
экономикалық біртұтастығын көрсетуі жəне қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек
құралдарының жетілме-гендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен
байланысты бол-ды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалып-
тастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай,
өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына əсерін
тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1) алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым-қатынастар ең алды-мен əдет-ғұрып
нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нəтижесінде əдетке айналған,
тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;
2) жазбаша нысандағы көрінісі болмастан, адамдардың жүріс-тұрысы мен
санасында өмір сүрген;
3) əдеттің, сонымен қатар, сендіру жəне мəжбүрлеу (рудан қуу)
шараларымен қамтамасыз етілген;
4) оларда негізгі реттеу тəсілі болып тыйым (табулар жүйесі, құқықтар
мен міндеттердің болмауы) табылған;
5) олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін біл-дірген.
Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері. Құқық əлеу-меттік институт
ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-
бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағыт-талған. Мемлекеттің құқықсыз
өмір сүре алмайтыны секілді, құ-қық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық
мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын
орнықтырады, қолданады жəне оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен,
экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер
əдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық
нормалар жалпыға мəлім болу мақсатында жазбаша рəсімделе басталды. Құқықтың
пайда болуы – əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-
қайшылықтардың таралуын əлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) мононормалардың (алғашқы қауымдық əдет-ғұрыптардың) əдет құқығының
нормаларына айналуы жəне осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;
2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – норма-тивтік
актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық-шығармашылық
қызметі;
3) сот жəне əкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден
құралған жəне басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін
прецеденттік құқық.

1.2. Құқықтың түсінігі жəне белгілері

Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен
орнықтыры-латын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды
анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) еріктілік сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілігі.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік
тəртіпте қамтамасыз етуінен жəне кепілдеуінен, əділеттілікті
қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді
жоя отырып, қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың əрекет етуіне
мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың жəне жалпы қоғамның
əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен
мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті.
Құқықтың əлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап
өтуге болады:
1) құқық адамдардың əрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты,
үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақы-лануын қамтамасыз етеді, осы
арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды
өркениетті құбы-лысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-
тұрысы мен қызметіне əсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-
жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші жəне анықтаушы болып
табылады жəне осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық əділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық
материалдық игіліктердің дұрыс жəне əділетті бөлінуінің талап-тарын
орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңді-гін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сəйкес қоғам-ның
жаңаруының қайнар көзі болып табылады; əсіресе, оның құндылығы тоталитарлық
режимдердің құлауы мен жаңа нарық-тық механизмдердің бекітілуі
жағдайларында өсе түседі;
6) құқықтық тəсілдер халықаралық жəне ұлтаралық сипаттағы мəселелерді
шешудің негізі жəне жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қа-тынастарды
реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете
отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдық – кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мəнін түсінуде келесі тəсілдерді бөліп атауға бола-ды:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құ-рушы таптың
заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген
заң нормаларының жүйесі ретінде анық-талады;
- жалпыəлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы əртүрлі таптардың,
əлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Құқықтың объективтік жəне субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи
құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəне жеке құқық.
Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған,
мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті,
формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі
заңнама, заң əдеттері, заңды прецеденттер жəне нормативтік шарттар. Оның
объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тəуелсіз болып, оған
тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағат-тандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы.
Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге,
білім алуға жəне т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі
тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен жəне оның санасы мен еркінен
тəуелділігінен көрінеді.
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік жəне субъективтік құқықтар)
қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бос-тандыққа жəне т.б.
құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қата-рына жататын құқықтар бір жерде
бектілген-бектілмегеніне қара-мастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен
тікелей туындайды. Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объек-
тивтік жəне субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады,
яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығару-шылар, соттар,
құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты
ерікті қызметінің нəтижесі болып табылады;
ə) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея
түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ре-тінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері жəне оның дамуы бары-сында оның бір
мезетте əрі қарама-қайшы, əрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші
жағы – бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы – жеке-құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен
бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқа-ралық билік
ретіндегі жəне барлық бұқаралық институттардың құрылымы жəне қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъек-тілердің
заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мəртебесі.

6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың
түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен
тығыз байланысы табылады. Бұл белгі
мыналардан көрініс табады:
1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орын-далуын
мемлекеттік мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық
қатынастарды таптық, жалпы əлеуметтік жəне басқа да мүдделерге сəйкес
реттейді;
3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше əлеу-меттік
реттеуші, заңды жəне заңсыз əрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына
мүмкіндік береді.
4) басқа əлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеу-шілік рөлінің
ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.
1.3. Құқықтың қағидалары мен функциялары

Құқықтың қағидалары – бұл құқытың ерекше əлеуметтік реттеуші ретіндегі
мəнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар.
Құқықтың заңдылығын, табиғатын жəне əлеуметтік мəнін көрсе-теді жəне
заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мəнінен туындайтын
жүріс-тұрыс ережелері болып табылады.
Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық
қағидаларды бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып
келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
- əділеттілік;
- азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
- ізгілік (гуманизм);
- демократиялық;
- құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
- сендіру мен мəжбүрлеуді үйлестіру.
Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мəнді белгілерін
сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық жəне сот өндірісінің жариялылығы
жəне т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана əрекет етеді. Мысалы,
азаматтық құқықта – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы;
қылмыстық құқықта – кінəсіздік презумпциясы.
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар
құқықтық əсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс
бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.
Құ-қықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі
рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыт-тары.
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты
шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) сыртқы жақ, бұған сəйкес құқықтың əлеуметтік функция-лары
анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынас-тарды реттейді,
меншік нысанын бекітеді жəне т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси
жүйе субъектілерінің қызметін реттей-ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық
белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер
етеді жəне т.б.) функция-лар.
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар – реттеуші жəне
қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан,
қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сəйкес қатынастарды дамытуға
жəрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден
жəне заңды мін-деттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық əсер етудің əлеу-
меттік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастыра-ды: реттеуші
статистикалық жəне реттеуші динамикалық функ-циялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынас-тарға оларды
белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен əсер етуінен көрінеді.
Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси
құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мəнге ие.
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынас-тарға құқық
субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен əсер етуінен
көрінеді. Ол азаматтық, əкімшілік, ең-бек құқығының институттарынан көрініс
табады.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, сая-си, ұлттық жəне
жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің
шамасын, оларды жүктеу мен орын-даудың тəртібін орнықтыруға бағытталған
құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

1.4. Құқықтың типтері

Құқықтың тарихи типі–бұл белгілі бір экономикалық базиске тəн барлық
құқық жүйелерінің жалпы əлеуметтік сипаттарын көрсететін категория.
Формациялық бағытқа сəйкес, базис қоғамдық даумудағы шешуші фактор болып
табылады, ол мемлекет пен қоғамның белгілі бір типін қалып-тастырады.
Экономикалық базистің типтеріне қарай құқықтың құлиеленушілік, феодалдық,
буржуазиялық жəне социалистік тип-терін бөліп қарастырады.
Құқықтың құлиеленушілік типі – бұл құлиеленушілердің толыққұқылығын
жəне құлдардың құқықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін
білдіретін, құлиеленуші мемлекет қалыптастырған құқықтық нормалардың
жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны құлиеленуші таптың өмірінің материалдық
жағдайларына сəйкес анықталады.
Құқықтың феодалдық типі – бұл бір сословиелердің артық-шылығын жəне
келесі бір сословиелердің кемсітілуін бекітетін, феодалдар табының еркін
білдіретін сословиелік-құқықтық нор-малардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны
феодалдар табының өмірінің материалдық жағдайларына сəйкес анықталады.
Құқықтың буржуазиялық типі – бұл капиталистердің еркін білдіретін жəне
олардың мүдделеріне жауап беретін, мемлекетпен қалыптастырылған жəне
қорғалатын жалпыға міндетті норма-лардың, жүріс-тұрыс ережелерінің
жиынтығы.
Құқықтың социалистік типі – бұл халықтың еркін білдіретін, мемлекетпен
қалыптастырылғ жəне қамтамасыз етілетін жалпыған міндетті заң нормаларының
жиынтығы.

1.5. Əлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

Қоғам реттеуші-ліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір
сүрудің əртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу
нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде,
техникалық жəне əлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын жəне табиғат
заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар
жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану
ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық
нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек
əлеуметтік сипатта емес; ə) субъектілік құрамы тек адамдармен ғана емес,
сонымен қатар сыртқы əлеммен, табиғат-пен, техникамен де байланысты.
Əлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын
жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, мораль-дық, діни, саяси,
эстетикалық, əдет, корпоративтік нормалары жатады. Əлеуметтік нормалар
келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта
болады, ол – қоғамдық қатынастар; ə) субъектілік құрамы əлеуметтік
саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.
Техникалық жəне əлеуметтік нормалар өзара тығыз байла-ныстылықта
болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техни-калық нормаларды мемлекет
пен құқық қолдайды, нəтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды
туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне
айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде
қауіп-сіздік ережелерін бұзу əрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Мораль – бұл адам-дардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық,
əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың
жүйесі. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған жəне қамтамы-сыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жал-пыға міндетті, формальды
анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық пен моральдың ортақ белгілері:
1) əлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған,
кешенді нормалар болып табылады;
2)олардың реттеу объектісі біреу – қоғамдық қатынастар;
3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмен-дегідей:
1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық
мемлекетпен бірге пайда болады;
2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса,
құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;
3) əрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды
реттей алады, ал құқық аса маңызды жəне өзі рет-тей алатын қоғамдық
қатынастарды ғана реттейді;
4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну
барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анық-талған мерзімде күшіне
енеді;
5) қамтамасыз ету тəсілі бойынша: моральдық нормалар қоғам-дық əсер ету
шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік əсер ету
шараларымен қамтамасыз етіледі;
6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қа-тынастарды
жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттесе,
құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сəйкестік пен
құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.
Діни нормалар деп əртүрлі діндермен орнықтырлған жəне осы дінге сенуші
тұлғаларға мін-детті болып табылатын ережелерді атайды. Олар əртүрлі діни
кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тəуратта, буддистер-дің діни
кітаптарында жəне т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының
жəне қызмет етунің тəртібін анықтайды, діни рəсімдерді орындау, шіркеулік
қызмет тəртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дəуірлерде діни норма-лар заңды
сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-
некелік жəне т.б. қатынастарды реттеген. Қа-зіргі кездегі бірқатар ислам
мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын
реттейтін діни, құқықтық жəне моральдық нормалардың негізі болып табылады.
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы
құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция əрбір адамға ар-ождан
бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып,
діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге
заңды тұлға мəртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орында-рына
иелік етуге құқылы.
Корпоративтік нор-маларға мүшелікке негізделген еркін
қауымдастықтардың, кəсіп-тік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да
құжатта-рында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік жəне
коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.
Қорпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсас-тығы олардың
екеуінің де белгілі бір ресми тəртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда
бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан
айырмашылығы–олар өзде-ріне сəйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен
мүдделерін білдіреді жəне солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпо-
ративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көздел-ген əсер ету
шаралары қолданылады.
Əдет ретінде күнделікті қалып-тасқан əрекеттердің нəтижесінде
қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нəтижесінде
оларды сақтау əдетке айналған нормалар əдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпші-ліктің əдетті
түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау əдеті). Кейбір жағдайларда
санкцияланған əдет құқықтың қайнар көзі бо-лып табылады.
II. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар

Нормативистік бағыт. Оны жақтаушылар (Штаммлер, Но-вогородцев, Кельзен
жəне т.б.) құқыққа мемлекетпен қорғалатын нормалар жиынтығы ретінде
анықтама береді.
Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сəйкес, құқық нормалар жүйесі
(пира-мидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған
негізгі (егеменді) норма тұрады, жəне бұл жердегі əрбір төменгі норма өз
заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады.
Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет
қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.
Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы. Бұл құқық Тео-риясын жақтаушылар
(Т.Гоббс, Д.Локк, А.Радищев жəне т.б.) мемлекет орнықтыратын құқыққа қоса
адамға тумысынан берілетін табиғи құқық та болады деп санаған.
Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке жəне т.б. құқық.
Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мəңгі, өзгермейтін құқықтарының жиын-
тығы) – қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық,
бұл өз бойына сана мен мəңгілік əділеттілікті сіңіре білген құқық.
Бұл теорияның шеңберінде құқық пен заң бөліп қарастырылады, яғни,
позитивтік құқықпен (мемлекет қабылдаған заңдармен) қатар адамға туған
сəтінен тиесілі жоғары, шынайы, табиғи құқық та болады.
Құқықтың діни теориясы құқықты түсіндіруде құдай кітаптарына, ең
алдымен, Інжілге негізделеді.
Бұл теорияның өкілдері (Аристотель, Фома Аквинский жəне т.б.) егер
адамға табиғи құқықтар туған сəтінен берілсе, оларды Құдай беруі мүмкін деп
санаған.
Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф.Савиньи, Гуго, Г.Пухта жəне
т.б.) құқықты заңшығарушы қалыптастыр-майды, ол халықтық рухтың, дамуы
нəтижесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған.
Құқықтанушы-ғалымдар халық-тық құқықтық рухтың көріністерін дəл тауып,
оның ережелерін заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заңшығарушы дайын
құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс.
Психологиялық бағыт. Бұл теорияның өкілдері (Л.И.Петра-жицкий, Росс,
И.М.Рейснер жəне т.б.) нормалармен қатар құқық түсінігіне адамдардың
құқықтық санасын да, құқықтық эмоция-ларын да енгізеді.
Психологиялық бағыт кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең
қолданыста болған. Себебі, бұл кезде жаңа заңдар қалыптаспаған болатын,
тіпті, декреттердің өзінде соттар-дың істерді пролетарлық мемлекет
мүддесіне сəйкес шешуінде құқықтық санаға жүгінуі танылған еді.
Социологиялық бағыт. Құқықтың социологиялық теория-сының өкілдері
(П.Эрлих, Жени, С.И.Муромцев жəне т.б.) құқық табиғи құқықтар мен заңдардан
емес, заңдарды жүзеге асырудан көрініс табады деп санаған, яғни, құқықты өз
құқықтарын белгілі бір дəрежеде жүзеге асырушы жеке жəне заңды тұлғалардың
қызметі ретінде түсіндірген. Құқық ретінде мемлекетті құру тəжі-рибесі де
жарияланған.
Марксистік бағыт. Марксистік теорияның өкілдері (Маркс, Энгельс, Ленин
жəне т.б.) құқықты экономикалық үстемдік құрушы таптың заңға айналған еркі
ретінде түсіндірген.
Жəне таптық еріктің құқығынан көрініс тапқан мазмұнды материалдық
өндірістік қатынастардың сипатымен анықтаған.
Интегративтік бағыт. Бұл бағытқа сəйкес шын мəнінде кемшіліксіз
құқықтың болуына күмəн келтіріледі, сондықтан, аталған бағыттың өкілдері
əртүрлі теориялардан өз ойларынша ең дұрыстарын таңдап алып, құқыққа
мынадай анықтама береді: Құқық – бұл еркін еріктердің өзара байланыстағы
күресі мен ке-лісімін реттейтін, ресми қорғаумен қамтамасыз етілген жəне
нақты бір қоғамда танылған теңдік пен əділеттілік норматив-терінің
жиынтығы.

2.2. Құқық жүйесі

Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға,
институттарға бөлінуі. Құқық-тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір
байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін
білдіреді.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз
кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-тарды, салаларды
құрайды;
2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-кен, тығыз
байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;
3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи
факторлармен тығыз байланысты;
4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы
қатынастарға тəуелді жəне адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы
мүмкін емес.
Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады:
құқықтық реттеу пəні мен əдісін.
Құқықтық реттеу пəні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қаты-настар. Ол
басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қаты-настар объективтік түрде
қалыптасады жəне олардың белгілі бір сипаты сəйкес құқықтық нысандарды
талап етеді.
Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы-
неке құқығының реттеу пəні болып табылады.
Қосымша негіз болып құқықтық реттеу əдісі табылады. Егер пəн құқықтың
нені реттейтініне жауап берсе, əдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу əдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қо-ғамдық
қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы.
Құқықтық реттеудің төмендегідей негіз-гі əдістері болады:
1) императивтік – бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген
биліктік ережелер, субординация əдісі;
2) диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы,
координация əдісі;
3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапаттау əдісі;
4) ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге
асыруға кеңес беру əдісі;
Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын)
реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
Құқық саласының белгілері;
- əрбір саланың өз пəні болады;
- əрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;
- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқық-тар мен
міндеттерді жүзеге асыру тəсілдерін жəне құқықтық нор-маларды жүзеге
асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық ша-раларды орнықтыратын ерекше
заңды режимі болады.
Құқық салаларының түрлері:
1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы
алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында консти-туциялық құқық, одан
кейін материалдық құқықтар – азаматтық, қылмыстық, əкімшілік құқықтар жəне
оларға сəйкес іс жүргізу-шілік салалар – азаматтық іс жүргізушілік,
қылмыстық іс жүр-гізушілік жəне əкімшілік іс жүргізушілік құқықтары
орналасқан;
2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше
сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық,
əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы;
3) кешенді салалар; бұларға негізгі жəне арнайы салалардың əртүрлі
институттарының бірігуі тəн: шаруашылық құқық, аграр-лық құқық, экологиялық
құқық, сауда құқығы, прокурорлық қа-дағалау, теңіз құқығы.
Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын)
реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының
құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Əрбір құқық саласында бірқатар
институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тəртібі институты,
жалақы институты, азаматтық құқықта – ескіру мерзімі институты, өкілдік
институты жəне т.б.
Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инс-тиутты
қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табы-лады: 1) құқықтық
нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қаты-настарды реттеудің толықтығы;
3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-
құқықтық актілер-дің тарауларында, бөлімдерінде жəне басқа да құрылымдық
бір-ліктерінде жинақталуы.

2.3. Құқық нормалары

Құқық нор-масы – бұл мемлекет таныған жəне қамтамасыз ететін жалпыға
міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нор-масынан
қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды жəне
осы ереже аталған субъектілердің əрекеттерін реттеуге бағытталған.
Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол
себепті, бұл нормаға ерекше əлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі
белгілерінің тəн болуы заңды да. Алайд, бұл құқық жəне құқық нормасы
түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның
бөлігі ретінде байланысқа түседі.
Құқық нормасының белгілері:
1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін жəне міндетті
əрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
2) формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құ-жаттарда
көрініс табады;
3) мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнық-тырады жəне
мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз еті-леді;
4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құ-қықтар
берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, се-бебі, құқықты
міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүм-кін емес.
Заң нормаларының түрлері:
1) реттеуші жəне құқыққорғаушы;
2) құқық беруші, тыйым салушы жəне міндеттеуші;
3) императивтік жəне диспозитивтік.
Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен
міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын
норма.
Құқыққорғаушы норма – бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдардың моральдық климаты және кәсіби ізгілік әлеует
Халықаралық құқықтық жауапкершілік
Құқық және құқықтық жүйе
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛДАУ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Қоршағана ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Кұқықтық режимнің дамуындағы тенденцияларды қарастыру
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Пәндер