Балалардың құқықтық қағидалары


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 343. 85(574) Қолжазба құқығында

Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы

Ювенальдық юстиция: ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҰЖЫРыМДАМАСЫ мен ЖЕТІЛДІРУ КЕЛЕШЕГІ

12. 00. 09 - қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі

Заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010

Жұмыс Қарағанды «Болашақ» университетінің Қылмыстық құқық және процесс кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесші: Ғылыми кеңесші
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:

заң ғылымдарының докторы, профессор

Нұргалиев Бахыт Молдатьяұлы

Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:
Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:
Ғылыми кеңесші: Ресми оппоненттер
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:

заң ғылымдарының докторы, профессор

Төлеубекова Бахиджан Хасенқызы

Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:
Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:

заң ғылымдарының докторы, профессор

Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы

Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:
Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:

заң ғылымдарының докторы, профессор

Нүкенов Маратқали Ордабайұлы

Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:
Ғылыми кеңесші:
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:
Ғылыми кеңесші: Жетекші ұйым
заң ғылымдарының докторы, профессорНұргалиев Бахыт Молдатьяұлы:

әл - Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университет

Диссертация 2010 жылдың 30 қыркүйекте 11 сағат 00 мин. Қарағанды «Болашақ» университетінің жанындағы заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі ОД 14. 20. 07 біріккен диссертациялық кеңесте қорғалады.

Мекен-жайы: 18, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 16 үй .

Диссертациямен Қарағанды «Болашақ» университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылдың 30 шілдесінде таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

заң ғылымдарының докторы,

доцент Қ. А. Бакишев

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасында ювенальдық юстиция жүйесінің дамуы мен қалыптасуын зерттеуге арналған. Қылмыстық сот ісі аясындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету қиындықтарын зерттеуге талпыныс жасалған. Жұмыста қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың істерінде алдын алу, ашу, қылмыстық істі тергеу мен сотта қарау мәселелеріне тұжырымдылық негізде назар аудару қажеттілігіне көңіл бөлінеді, қолданыстағы заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жетілдіру жолдары ұсынылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қоғамдағы идеологияның жоқтығы, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қорғансыздығы, жаңадан қалыптасып жатқан қоғамдық қатынастардың, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудің заң тұрғысынан тиісті мәнде реттелмеуі, қоғамдық өнегеліліктің төмендеуі мен құқықтық бедерсіздіктің күшеюі тасасында қылмыстылықтың өсуіне жетеледі.

Замануи қоғам үшін аталған тақырыптағы ізденістің маңыздылығы Қазақстан Республикасындағы заң шығарушылық ісі мен құқық қолдану іс-тәжірибесіне елеулі әсер ететін адам құқықтары саласындағы халықаралық қағидалар мен стандарттардың артықшылығын мойындауға негізделіп отыр. Атап айтатын болсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылдың 10-желтоқсанында Пекин ережесі ретінде белгілі болған Кәмелетке толмағандар жайындағы сот әділдігін жүргізуге қатысты қысқа үлгідегі ереже қабылдаған болатын. Бұл үлгіде кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы іс бойынша іс жүргізудің 1996 жылдың 19-желтоқсанындағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактының 14-бабында қарастырылған, негізгі іс жүргізулік кепілдіктермен бірге ерекше ереже әрекет ететіні атап өтілген. Бұл Ереже осы істер бойынша іс жүргізетін және биліктік өкілетке ие болған адам тиісті біліктілікке ие болуға тиісті екендігін белгілейді. Ережеде қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кәмелетке толмағандардың мүдделеріне жауап беретіндей және ол кәмелетке толмаған оған еркін қатысып және өзінің айғақтарын еркін бере алатын жағдайда өтуі тиіс екендігі айтылған. Мұндай міндеттерді шешу үшін Ереже кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған соттар құруды ұсынады. Сонымен бірге, кез келген кәмелетке толмағанның ісінің ең басынан бастап, қандайда бір қажеті жоқ кедергісіз тез өткізілуі қарастырылады. Сондай-ақ, қажетсіз жариялылықтың салдарынан оған зиян келтірмес үшін немесе оның беделін түсірмес үшін кәмелетке толмағанның құпиялыққа құқығын да сақтау керек. Ереже соттық талқылау мен үкімнің теріс зардаптарын шектеу үшін істі соттық талқылаусыз қысқарту шарасын қарастырады (жасаған қылмысын, соттылығын және басқа жағдайларын жария ету) [1] .

Қазақстан Республикасы балалар өмірінің сапасын жақсарту, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан, жыныстық және тұрмыстық күш көрсетуден арашалау жөніндегі халықаралық стандарттарға қол жеткізуге күш салуда. Балалар құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнамалар қабылданған халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкес жүргізіледі. Бұл бағыттығы маңызды қадам 1994 жылғы 8-маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қаулысымен 1989 жылдың 20-қарашадағы БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенциясын және 2000 жылғы 25-мамырдағы БҰҰ Балалар саудасына, балалар зинақорлығы мен балалар порнографиясына қатысты бала құқықтары туралы Конвенциясына факультативті хаттаманы ратификациялау болды.

Конвенцияның жалпы қағидалары мен нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясынан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстерінен көрініс тапты.

Қазақстан Республикасында балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Олар - «Білім туралы», «Бала құқығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасы келуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақылар туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қараусыздығы мен панасыздығын ескерту туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» және басқалар.

Кәмелетке толмаған азаматтар тәрбиесі, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау әрқашанда қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Дегенмен кәмелетке толмағандардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері тиісті мәнде қорғалмайынша, құқықтық мәдениет жеткілікті жоғары деңгейге жете алмайды.

Жас ұрпақтарды дамытудың заңдылықтары мен ағымдарына жан-жақты және терең зерттеулер жүргізбейінше, балалар мен жас өспірімдердің сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін әлеуметтік жағдайлары мен үрдістеріне, олардың өмір тіршілігіне объективті талдау жүргізбейінше аталған міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Осындай зерттеулердің арасынан ерекше орын кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күрес мәселелерін зерделеуге берілуі тиіс.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігіне аса жоғары деңгейде назар аударылады. Ол жөнінде «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының» бір бағытын жүзеге асыру мақсатындағы ювенальдық юстиция үшін жағдай жасау жөніндегі өткізілген эксперимент кәмелетке толмағандар қылмысы туралы іс бойынша соттарды мамандандыру қажеттілігін көрсетті.

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығына қатысты анықтау мен алдын ала тергеу органдарын мамандандыру мәселесі де өзекті болып саналады. Бұл, 2008 жылдың сәуірінен 2009 жылдың сәуіріне дейін Астана қаласындағы Ішкі істер департаменті «Алматы» ауданының ішкі істер басқармасында және Алматы қаласындағы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы негізінде өткізілген «Ювенальдық полиция» пилоттық жобамен айғақталады. Жобаның мақсаты - кәмелетке толмағандар ювенальдық юстициясының бірыңғай жүйесі шеңберінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандармен кешенді жұмысы - құқық бұзушылықтың алдын алудан бастап және олар жасаған қылмыстарды ашу мен тергеу жүргізуге дейін өзара әрекеттестік негізінде белгіленген шараларды жүзеге асыру.

Өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз «Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуын . . . қамтамасыз етуі тиіс. Бұл саладағы басым бағыт - жазалаушы іс-әрекет емес, құқық бұзушылықтарды абайлату мен олардың алдын алу болуға тиіс . . . », деп атап өтті [2] .

Осыған байланысты жас өспірімдер қылмыстылығы мәселелерін зерттеу, қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, ювенальдық юстиция саласындағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру, кәмелетке толмағандарға қатысты жүргізілетін сот әділдігінің кепілдемелерін күшейтуді зерттеу өзекті және артықшылығы мығым мәселе болып табылады.

Осы саладағы зерттеулерді жүргізудің дер кезінде қолға алынуы мен қажеттілігін бүгінгі таңдағы кәмелетке толмағандар жасап отырған қылмыстар санының өсуі талап етеді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика мен арнаулы есеп жүргізу комитетінің ресми деректері бойынша еліміздегі қылмыстылық құрылымындағы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы мыналарды көрсетеді: 2002 жылы - 7159 (қылмыстардың жалпы санының 6, 95 %), 2003 жылы - 7359 (6, 58%), 2004 - 6273(7, 3), 2005 - 6529 (7, 7), 2006 - 5814 (6, 7), 2007 - 5383 (6, 6), 2008 - 5124 (6, 2) [3] .

Қылмыстардың көпшілігі кәмелетке толмағандарға қатысты жасалады. Мәселен, 2006 жылғы ресми деректерге қарайтын болсақ, республика бойынша жасалған 2006 жылғы жалпы 141271 қылмыстың 6488-і кәмелетке толмағандарға қатысты жасалыпты, 2007 жылғы 128064 - 6274 қылмыс, 2008 жылғы 127478 қылмыстың 5769-ы жағдайында қылмыс құрбандары кәмелетке толмағандар болған.

Заң шығарушы, кәмелетке толмағандардың психологиясы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, осы санаттағы істерге тергеу жүргізу мен соттық талқылау кезінде қолданылатын ерекше ереже белгілеген. Олар кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғаудың қосымша процессуалдық және іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеудің кепілі болып табылады. Бұған осы санаттағы істер бойынша іс жүргізуді реттейтін қазақстандық іс жүргізу заңнамасындағы бірқатар нормалар жүйесі негізделген, және осы институтқа «Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері» 11-бөлімінің, жеке «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу» 52-тарауы арналған. Көрсетілген тараудың ережелері мен ұйғарымдары заңның жалпы ережелеріне қосымша болып табылады. Бұл ретте салалық заңнама негізінен кәмелетке толмаған айыпталушылар мен сезіктілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің құқықтық әдістер мен нысандарын ғана нақтылайды.

Криминалистикалық циклдегі заңнамалар елеулі өзгерістерге ұшырады. Оларда адамгершіліктік пен ырықтандыруға жақындату бойынша маңызды қадам жасалып, баланы мемлекет тарапынан рақымсыздықтан, сол сияқты әлеуметтік қатынаста өзге де субъектілердің оның құқықтарына қысым жасаушылықтан арашалайтын қосымша заңдық құралдар құрылды.

Қазіргі кезде жасалған рефеормалардың нәтижелерін терең де жан-жақты зерделеу мен қорытындылаудың, олардың әсерлілік дәрежесін және қоғамның нағыз қажеттіліктері мен халықаралық құқық ережелеріне сай келуі дәрежесін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, ұлттық заңнамаларды халықаралық-құқықтық құжаттармен белгіленген ережелер мен стандарттарға сәйкестендіру мейлінше өзекті және дер кезінде зерттелетін мәселе болып табылады.

«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының» маңызды буыны қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқықтарының, сондай-ақ, құқық қолданудың өзара байланысты түзетулері кешенді жолмен жүзеге асырылатын қылмыстық саясаты болып табылады. Осы саясаттың бағыттарының бірі, ең бастысы ауырлығы онша емес және орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған, халықтың әлеуметтік осал топтарына, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты адамгершілікпен қарау болып жарияланды [4] .

Осы тұжырымдамада кәмелетке толмағандарға қарсы, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту қажеттілігі көрсетілді.

Құқықтық мемлекет тұлғалардың, ең бірінші кезекте заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, өмірін, денсаулығын, ар-намысын, абыройын және бүтіндей қоғам мен конституциялық құрылыстың басқа да игіліктерін қорғауды қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Бұл ереже көбінесе жеке өміріне, бостандығы мен жеке тәуелсіздігіне күшпен араласумен, бостандығына шектеу қою, бұлтартпау және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір лауазымды адамдардың қолдануы жөнсіз болып табылатын әрекеттермен жанасатын қылмыстық соты ісіне тартылған кәмелетке толмағандарға қатысты ерекше мәнге ие болады. Осы санаттағы қатысушыларды айрықша қорғау қажеттілігі адамның өз тегінің және келесі ұрпақтардың жақсы өсіп-өнуіне деген ұмтылысына негізделген. Балалар ең осал азаматтар санатына кіреді, сондықтан, олардың толық мәнді дамуына өте жайлы жағдай туғызатын арнайы зандық және әлеуметтік тетіктер үнемі қажет етіледі.

«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы» бағыттарының бірінде Қазақстанда құқықтық мемлекет құрумен байланысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен, сондай-ақ сабақтастықпен және кезең-кезеңмен соттық-құқықтық жүйелерді дамытумен байланысты мамандандырылған институттарды одан әрі жетілдіру қажеттілігі жария етілді.

Осыған байланысты, қылмыстық іс жүргізу құқығын дамытудың бастапқы артықшылығы ретінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қылмыстық сот ісін жүргізудің негізін құрайтын қағидаларды біртіндеп жүзеге асыру жария етілді.

Соттық-құқықтық жүйелерді дамытудың негізгі бағыты соттар мен судьялардың, соның ішінде ювенальдық соттарды мамандандыру болып жарияланды. Бұл ретте ювенальдық соттар еліміздегі ювенальдық юстицияны құрудың орталық негізгі буынына айналуы тиіс [5] .

Мемлекеттің жүргізіп жатқан құқықтық саясатын дамыту үшін 2008 жылдың 19-тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен осы бағыттағы құрылымның артықшылығын анықтаған «Қазақстан Республикасында 2009-2011 жылдарда ювенальды юстиция жүйесін дамыту тұжырымдамасы» қабылданды [5] .

Осыған орай, ювенальдық юстиция ұғымымен және мазмұнымен, кәмелетке толмағандар қатысқан қымыстық соты ісін бөлумен, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылыққа тергеу жүргізу ерекшеліктері мен алдын алуға, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, ювенальдық сот әділдігіне қатысты бүкіл заңнамалар жүйесін жетілдірумен байланысқан мәселелерді зерттеу мен теориялық тұжырымдар жасау өзекті болып көрінеді.

Аталған мән-жайлар диссертация тақырыбын таңдауға себеп болды. .

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында ювенальды сот әділдігінің қалыптасуымен және дамуымен байланысқан теориялық мәселелерді талдау, заманауи құқық қолдану тәжірибесінің жай-күйін зерделеу және қазақстандық ювенальдық юстицияны жетілдіру жөніндегі ғылыми-негізді ұсынымдар әзірлеу болып табылады. .

Алға қойылған осы мақсат келесі міндеттерді талап етеді:

- мәселе бойынша тұжырымды ғылыми аппаратты жүйелендіру;

- ювенальдық сот әділдігінің қалыптасуы мен дамуының тарихи тұрғыларын зерделеу;

- кәмелетке толмағандардың ауытқушы мінез-құлықтары мәселелерін зерттеу;

- кәмелетке толмағандар қатысуымен жасалатын қылмыстар туралы заңнамаларды қолданудың тәжірибесін талдау;

- қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы іс жүргізулік кепілдіктерді зерделеу;

- кәмелетке толмағандар қатысқан қылмыстық істерге қатысты іс жүргізу ерекшеліктерін анықтау және оларды жетілдірудің жолдарын белгілеу;

- кәмелетке толмағандар қатысқан істер бойынша адвокаттың қатысу ерекшеліктері мен оның рөлін зерттеу;

- сот әділдігін жетілдіру жөніндегі ғылыми негізделген ұсынымдар жасау.

Зерттеу объектісі мен пәні.

Диссертациялық зерттеудің объектісі ювенальдық юстиция тұжырымдамасын жүзеге асыруға, сондай-ақ, қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуге байланысты туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады

Зерттеудің пәні қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған кәмелетке толмағандардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін реттейтін халықаралық құқықтық актілер мен ұлттық заңнамалардың, нормалардың жиынтығы, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар қылмыстылығын ескерту мен алдын алудың әсерлілігін көтеруге бағытталған тиісті органдар қызметтерінің мазмұны мен нысандары болып табылады.

Зерттеудің методологиялық, нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздері. Зерттеудің методологиялық негізін танымның жалпы ғылымдық және арнайы әдістер, соның ішінде, тарихи, формальды-логикалық, нақты-әлеуметтанулық, техникалық-заңгерлік әдістер құрады. Ізденуші, сонымен қатар, кәмелетке толмағандар қатысқан қылмыстық іске тергеу жүргізудің ерекшеліктерін реттейтін нормаларды қисынды-заңгерлік талдау жолы қолданды.

Тұжырымдар мен ұсынымдардың нормативтік негізіне мыналар қызмет етті:

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948 жылғы 10-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші сессиясында қабылданған) ;

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт (Нью-Йорк, 19-желтоқсан 1966 ж. ), 2003 жылғы 15-қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің №1227 Жарлығымен қол қойылған.

Бала құқықтары туралы Конвенция (Нью-Йорк, 20-қараша 1989ж. ), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 08. 06. 1994 жылғы №77 Қаулысымен ратифицияланған;

Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін орындаудың Біріккен Ұлттар Ұйымының минимальды стандарттық ережесі («Пекин ережесі»), 1985 жылдың 10-желтоқсанындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 40/33 қарарымен қабылданған;

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін орындаудағы адам құқықтары туралы қарары, 2002 жылғы 22-сәуірдегі 58-сессиясында (52-мәжіліс) БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясымен қабылданған;

Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30-тамыздағы жалпыхалықтық референдумымен қабылданған, 1998 жылғы 7-қазандағы Қазақстан Республикасының №284-1 конституциялық заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген;

1997 жылғы 16-шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

1997 жылғы 13-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8-тамыздағы «Қазақстан Ресубликасындағы бала құқығы туралы» № 345 Заңы;

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9-шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар қараусыздығы мен панасыздығын ескерту туралы» № 591-11 Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19-тамыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған ювенальдық юстиция жүйесін дамыту тұжырымдамасы»;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24-тамыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясатының тұжырымдамасы»;

2002 жылғы 11-сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот тәжірибесі мен оларды өзге де қылмыстық және қоғамға жат әрекеттерге тарту туралы» №6 Нормативтік қаулысы (ҚР Жоғарғы сотының 11. 07. 2003 жылғы №4 нормативтік қаулысымен өзгертулері енгізілген) және басқа да нормативтік құқықтық актілер.

Диссертация жазу кезінде зерттеу тақырыбы бойынша арнаулы әдебиеттер, соның ішінде Н. С. Алексеев, А. Н. Ақпанов, Г. Н. Ветрова, Н. И. Гуковская, В. Г. Даев, А. И Долгова, Л. Д. Кокорев, М. Ч. Қоғамов, Л. Л. Каневский, В. З. Лукашевич, A. M. Ларин, В. А. Лазарева, Г. М. Миньковский, Э. Б. Мельникова, Е. Г. Мартынчик, Е. В. Ремизов, М. С. Строгович, В. М. Савицкий, Н. И. Снегирева, Б. Х. Төлеубекова, С. П. Щерба, В. В. Шимановский, В. Н. Шпилев, П. С. Элькинд сияқты және басқа да авторлардың еңбектері оқылды.

Сондай-ақ, тұлғалардың соның ішінде, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеген С. Ж. Айдарбаев, М. С. Башимов, Ж. Д. Бұсұрманов, С. Ф. Бычкова, Жалыбин, Б. А. Жетпісбаев, А. Н. Ли, А. К. Мұқтарова, М. С. Нәрікбаев және басқа да отандық ғалымдардың еңбектері зерделенді.

Зерттеудің эмпирикалық негіздері. Зерттеудің нәтижелері диссертациялық зерттеу жұмысының жоспар-проспектісіне сәйкес 2003-2009 жылдар аралығындағы кәмелетке толмағандар қатысқан 300 қылмыстық іс материалдарын іріктеп зерделеу мен қорытындылауға негізделген. Диссертант ресми құқықтық статистика деректерін, қылмыстық істер жүргізуді жүзеге асырған органдардың 350 қызметкерімен жүргізген сұхбатының нәтижелеріне талдау жасаған. Зерделенген эмпирикалық материалдар Қазақстанның орталық аймақтарынан алынған.

Ғылыми жаңалығына келетін болсақ, жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстанда бірінші рет ювенальдық юстицияның пайда болуы мен даму тарихына арнаулы теориялық-қолданбалы зерттеу жүргізілуі, Қазақстан Республикасында ювенальдық сот әділдігі институтын енгізу және жетілдіру мәселелерін зерттеу болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы, ең алдымен, онда республикада ювенальдық юстиция институтының қалыптасуы мен даму кезеңдерін монографиялық деңгейде зерттелуінде болып табылады, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу мен ескертудің арақатынасы белгіленді, қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер анықталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық - педагогикалық қолдап отыру
Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы
Қолдау әрекетін әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық жобалау
Бала асырап алу
Отбасылық тәрбие стилдері
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Отбасы мен неке мәні мен мазмұнын ашу
Арнайы педагогиканың шығу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz