Қазақ жеріндегі неміс тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН – ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН БАРЛЫҚ ҰЛТТАР МЕН ҰЛЫСТАРДЫҢ ҰЛЫ МЕКЕНІ

Какенова Эльмира Тарбақбайқызы

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Argpi@rambler.ru

Бүгінгі таңда елімізде 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-
тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс
аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен
парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында көп
ұлтты қазақ еліндегі қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым-
қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпы ұлттық келісімде өмір
сүруі қазақ елінің бейбіт жолмен дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазақ халқының тарихи жерінде халықтардың бейбіт өмір сүруі мен
өркениетті мәдениет және бір мемлекет ішінде әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-
тәтті тұрмыс кешуі жөнінен бай тәжірибе жинақталған. Бұл мұра біздің
бірлігіміздің тамырын анықтап, келешегіміздің жарқындығын көрсетеді.
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамның өзі тәріздес еліміздегі ұлтаралық
қатынастар да соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Экономикалық
және саяси реформалар барысында жаңа әлеуметтік топтар қалыптасты.
Қоғамның демократиялануы Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін
өркендетуге жағдай туғызды. Бұл барлық қазақстандық этностардың азаматтық
қоғам негізінде дамуына, этносаралық қатынастардың үйлесуіне жол ашты.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетке айналып жан
жадыратар елеулі оқиғалар орын алуда. Сондай елеулі оқиғалардың бірі
елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлтаралық қарым-қатынас мәселесін
шешуді парасаттылықпен қолға алды. Елбасының өз басшылығымен 1995 жылы 1
наурызда республикамыздың қоғамдық саяси картасында ұлтаралық саясат
саласында жаңа инситут – Қазақстан халықтары Ассамблеясы дүниеге келді.
Содан бері аталған қоғамдық институт еліміздегі 130-ға жуық ұлттар мен ұлыс
өкілдерінің өзекті деген мәселелерін шешуге күш салып келеді.
Қазақстан халықтары ассамблеясының еліміздегі ұлтаралық қарым-
қатынсты нығайту жөніндегі маңызы уақыт өткен сайын артып, өзіндік рөлі
айқындала түсуде. Қоғамдағы діл бірліктердің барлық қырлары бойынша,
әсіресе, ұлтаралық саясатты айқындайтын мемлекеттік шаралар әзірленуде.
Ассамблеяның пікірін ескеру және оны шешуде ұлттар мүддесін назарға алу
үйлесімді қалыптасты. Осындай бағыт-бағдарды ұстанған Ассамблеяның негізгі
дінгегі беки түсуде.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
мәдени жағдайын дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық
бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға және ұлттық мәдениетті қорғаудың
құқықтық тұтқаларын нығайтуға заңдық негіз жасалған. Қазір республикамыздың
барлық мектептері 9 тілде - қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин,
татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде
оқытылады, 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің 170 жексенбілік республиканың
барлық өнірінде жұмыс істейді.
Көптеген ұлттар мен ұлыстардың қазақстанда өмір сүруі біздің
қоғамымыздың зор байлығы, олар зор қамқорлықты қажет етеді. Солардың
арасында саны неғұрлым көп диаспоралардың бірі немістер. Таяу кезге дейін
Қазақстанда жарты миллионға жуық немістер болды және олар ұлттық
диаспораның сан жағынан үштен бірін құрады. 1980 жылдардың ортасынан бастап
немістердің Германияға эмиграциясы басталды. Сол себепті де немістердің
саны азайғанымен, соңғы кезде біршама тұрақтала бастады.
Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихы 200 жылдай деп есептелінеді.
Қазақстанға немістердің келе бастауы Ресей империясының қазақ жерін
отарлауымен тұспа-тұс келеді. Ресейдің қазақ жеріне аттанған әскер
экспедицияларының құрамында кезінде патша Петр I, одан кейін де монархтар
Ресей Ғылым Академиясына шақырған неміс дворяндығының өкілдері, ғалымдар
көп болды. 1734 жылғы сондай экспедицияның құрамында Фридрих Миллер болды,
ол Солтүстік Қазақстанның географиялық жағдайын зерттеді, жергілікті
тұрғындардың тұрмыс халі туралы жазды. Сондай-ақ Бухгольц Алтай аймағы,
Зайсан көл аумағын, Петр-Симон Паллас пен Евгений Эверсман Орталық және
Батыс Қазақстанды зерттеді. Олар сонда алғаш рет Каспий теңізінің деңгейі
әлемдік мұхиттан төмен жатқандығын анықтап, Қара теңіз бен Каспий теңізі
аралығында жалғастық болуы туралы жорамал жасады. ХІХ ғасырдың бас кезінде
аты әлемге танымал математик Эйлер Жайықтың төменгі ағысы бойын зерттеген
экспедицияға қатысты. Ол тұңғыш рет Жайықтың картасын жасап, бұрынғы
Гурьевте бірінші метеорологиялық пункт ашты. Ал фон Шренк Балқаш пен
Ақкөлдің генезистік жүйесін жазды. 1840-43 жылдары Жоңғар Алатауы мен оның
шыңдарын зерттеп, олардың биіктігін барометрлік тиімділікпен айқындаған да
сол фон Шренк еді. Өткен ғасырдың орта шенінде атақты астроном Струве Арал
мен Каспий теңіздерінің гидрографикалық картасын жасады. Вильгельм Бартольд
пен Фридрих Радлов көшпенділердің өмірі, тұрмыс-салттары жөнінде тамаша
кітаптар жазды. Олардың еңбектері Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары тарих
факультеттерінің студенттеріне әлі күнге дейін оқулық іспетті. Зерттеушілер
Е. Михаэлс, К.Вернер, фон Грент, А.Фридерикстер қазақ жерінің жер асты
қазынасын зерттеді. Алматыдағы ең үлкен бақ Э. Баумның атымен аталады.
Омбының генерал-губернаторы фон Шпингер қазақ сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов пен
жақсы араласқан. Оның баласы – қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың да
оқу, қызметіне жағдай жасап отырған.
Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы фон Кауфман жергілікті халықты оқу-
ағартуға шақырды, ал дәрігер Александр Шварц Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын
талай індеттен аман алып қалған. Аталмыш еңбектер арқылы қазақ халқының
тарихында неміс ұлтының ұлы тұлғаларының алар орнының ерекше екендігін көре
аламыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда да қазақстанның көп ұлтты
халықтары тәріздес неміс этносы жалпы ұлттық келісімді қолдап келеді.
Қазақстандағы неміс этносының даму деңгейі олардың түрлі қоғамдық
ұйымдары мен Қайта жаңғырту қоғамдарын, мәдени орталықтарын құру арқылы
өзін-өзі ұйымдастыру процесі белсенді дамып келе жатыр. 1992 жылы Қазақстан
немістерінің бірінші съезінде барлық аймақтық қоғамдарды біріктіретін
Қазақстандағы немістердің қоғамдық ұйымы Қайта жаңғыртуды құру туралы
шешім қабылданды. Ассоциацяның жоғарғы басшы органы – төраға және Кеңес.
Ассоциацияның орындаушы органы – Конгресс. Ал, оның шешімдерін шығарып,
Қазақстан немістері Кеңесінің отырыстарын талқылап, Ассоциациясының шартты
тапсырмаларын жүзеге асыратын Неміс үйінде орналасқан Қазақстан немістері
Кеңесінің Бюросы болып табылады. 1994 жылдың 25 тамызында германияның ішкі
істер федералді министрлігі Қазақстан немістері кеңесінің Бюросының жұмыс
істеуін салтанатты түрде Алматыдағы Немістер үйіне жүктеген. Екі елдің
басқарушы өкіметінің қызығушылығының арқасында Немістер Ассоциациясы
халақаралық қатынастың субъектісіне айналып, өзінің этникалық тобының қайта
жаңғыруына зор әсер етті. 1996 жылы Қазақстан Республикасының
этникалық немістерін қолдау мақсатында қазақ-неміс қызметтестігі туралы
келісімге қол қойылды. Қазақстанда неміс этникалық тобының сақталуы мен
бекуінің негізі болып 1996 жылы 31 мамырда қабылданған Келісімшарт
табылады. Қазақстан өкіметінің 1997 жылғы 19 наурыздағы № 368 қаулысы
бойынша герман жағына қазақ-неміс қызметтестігі туралы келісімнің толық
күшіне енгенін ресми түрде мәлімденді. 1995 жылы Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстан-неміс қоғамдық бірлестіктерінің
жетекшілерімен және Р.Херцогпен өткен кездесуі Қазақстан Республикасында
тұратын неміс этникалық тобының саяси, экономикалық және әлеуметтік
бірліктерінің мәнін дәлелдеп берді. Сонымен неміс үйі Қазақстан
немістерінің орталығы ғана емес, өз елінің прогрессивті дамуына
қызығушылықпен қарайтын Қазақстан зиялыларының кездесу орнына айналған.
Қазіргі кезде Ассоциация Қазақстанда тұратын 228123 неміс ұлты өкілдерінің
басын біріктіруде. Ассоциацияны басқару демократиялық принциптермен жүзеге
асырылады. Әр 3 жыл сайын жалпы халықтық конгресс, ал конгрестер аралығында
ассоциация кеңесінің жиыны өтіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Польша жеріндегі Түркістан легионы
Қазақстанда неміс тілін коммуникация құралы ретінде сақтау мәселелері
Руникалық жазбалар. Орхон - Енисей ескерткіштері
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы
Неміс шаруаларының алғашқы отарлау шаңырағы
Қазақстандағы этникалық немістердің ана тілін сақтауы мен мәдениетін дамытуы
Көне және батыс түрік қағанаты
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
Қазақстанға неміс халқының қоныстану тарихы
Қазақтың ұлттық спорт түрлері тарихы
Пәндер