Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды
одан әрі жетілдіру ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық
қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы электр энергетикасындағы 2009
жылдан бастап орташа мерзімді кезеңге және келесі жылдарға арналған
нарықтық қайта құрудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында әзірленді.
Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды жетілдірудің
мақсаттары:
1) электр энергетикасы саласының жұмыс істеу тиімділігін арттыру
және жаңа қуаттарды құру мен жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту үшін
инвестициялар тартуға жағдай жасау;
2) электр энергиясының көтерме сауда және бөлшек сауда нарықтарында
айқын бәсекелес баға белгілеуді жасау;
3) нарықтың жұмыс істеуіне қажетгі ақпараттық-техникалық
инфрақұрылым құру;
4) электр энергиясы нарығын мынадай жолмен кеңейту:
қуаты 1 мегаваттан артық өңірлік тарату желілеріне қосылған
тұтынушылардың электр энергиясының бәсекелес нарығында жұмыс істеуіне
жағдай жасау;
өңірлік электр станцияларының орталықтандырылған сауда нарығына
қатысуына жағдай жасау;
тиімді теңгерімдеуші нарық құру және электр энергиясының
спотнарығының өтімділігін арттыру;
5) тұтынушыларды ұзақ мерзімді кезеңде энергиямен жабдықтау
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің электр энергетикалық әлеуетін қалпына
келтіруге және дамытуға инвестициялар тартуға жағдай жасау және қуат
нарығын құру;
6) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД), Еуразиялық
Экономикалық Қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ), Бірыңғай Экономикалық
Кеңістік елдерінің мемлекетаралық ашық және бәсекелес электр энергетикалық
нарығын қалыптастыруға қатысу, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен
қосарлас режимде жұмыс істеу.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу энергетикалық кәсіпорындар мен
тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау, нарық субъектілерінің
арасындағы өзара қарым-қатынастардың айқын тетіктерін орнату негізінде
Қазақстан Республикасында электр энергиясы нарығының тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеуді қажет етеді.
1. Электр энергетикасының қазіргі құрылымы мен жай-күйі
Электр энергетикасында жүргізілген нарықтық қайта құрулардың
нәтижесінде мынадай ұйымдық-технологиялық құрылым қалыптасты:
1) елу тоғыз энергия өндіруші ұйым электр энергиясын өндіруді және
оны көтерме сауда тұтынушыларына және энергиямен жабдықгаушы ұйымдарға
сатуды жүзеге асырады. Елу тоғыз энергия өндіруші ұйымның жетеуі ғана
Жүйелік оператордың желілеріне, тоғызы Жүйелік оператордың желілеріне және
өңірлік электр желілік компаниялары желілеріне (бұдан әрі - ӨЭК), ал
қалғандары тек қана ӨЭК желілеріне қосылған. Бұдан басқа, он бір энергия
өндіруші ұйым ірі өнеркәсіптік компаниялардың құрамына кіреді және олар
үшін электр энергиясын өндіруді және жеткізуді жүзеге асырады;
2) Жүйелік оператор өңіраралық және мемлекетаралық деңгейдегі
желілер бойынша кернеуі 110-500 кВ электр энергиясын беру функциясын,
сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесін (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ-
і) жедел-диспетчерлік басқару функциясын атқарады;
3) жиырма бір өңірлік электр желілік компания кернеуі 0,4 - 220 кВ
желілер бойынша электр энергиясын беруді және бөлуді өңірлік деңгейде
жүзеге асырады;
4) электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда тұтынушылары;
5) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (бұдан әрі - ЭЖҰ) электр
энергиясын көтерме сауда нарығында және орталықтандырылған сауда-саттықта
сатып алуды жүзеге асырады және оны бөлшек сауда тұтынушыларына,
коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және халыққа сатады;
6) электр қуаты резервтерінің пулы (бұдан әрі - ЭҚР пулы) - нарыққа
қатысушылардың өздерінің келісім-шарттық міндеттемелерінің қатысына қарай,
олардың электр қуатының авариялық тапшылығын жабуға қажетті электр қуатын
резервтеу тетігін қолдайтын, электр энергиясының көтерме саудасына
қатысушылар құрған ұйым;
7) орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр
энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының
орталықтандырылған саудасын жүзеге асыратын ұйым.
Қазақстанның бірыңғай электр жүйесі үш: Солтүстік, Оңтүстік және
Батыс аймақтарынан тұрады. 2008 жылдың аяғында Ақтөбе энергия торабын
Қазақстанның БЭЖ-імен қосатын "Солтүстік Қазақстан -Ақтөбе облысы" 500 кВ
өңіраралық электр беру желісі пайдалануға енгізілді.
2008 жылғы қазанда 500 кВ-тық "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі
транзитінің екінші желісі құрылысы" жобасының бірінші кезеңін іске асыру
шегінде ұзындығы 248 километр ОҚМАЭС-Шу 500 кВ ӘЖ учаскесі пайдалануға
енгізілді. Шу-500 бен ОҚМАЭС ШС қосу энергияға тапшы Оңтүстік аймаққа
қосымша 100 МВт беруге мүмкіндік берді. 2009 жылдың аяғында, жобаның толық
аяқталуымен, оңтүстік бағытта электр энергиясын беру көлемі 1350 МВт-қа
дейін ұлғаяды.
Электр беру желілерінің өткізу қабілетін шектеудің салдарынан
Қазақстанның оңтүстік аймағында күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясына
деген қажеттілік энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының өте жоғары
құнымен өз өндірістік қуаттарын пайдалануы арқылы жабылады.
Елдің қолданыстағы заңнамасымен электр желілеріне кемсітпей еркін
қол жеткізу қамтамасыз етілген және шаруашылық жүргізуші субъектілерге
электр энергиясын сатып алу бойынша энергия өндіруші ұйымдармен, оның
ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де, дербес шарттар жасасу
құқығы берілген.
Қазақстанда екі деңгейден - электр энергиясының көтерме сауда
нарығынан және бөлшек сауда нарығынан тұратын электр энергиясының нарығы
құрылған және жұмыс істеуде.
Электр энергиясын сатып алу-сату және беру бойынша көтерме сауда
нарығы субъектілерінің арасындағы қатынастар:
1) орталықсыздандырылған нарықта сатып алушылар мен сатушылар
арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарттарымен және
орталықтандырылған саудадағы мәмілелермен;
2) электр энергиясын сатып алушылардың (жекелеген жағдайларда шектр
энергиясын сатушымен) Жүйелік оператормен электр энергиясын беруге жасасқан
шарттарымен ресімделеді. Электр энергиясын өңірлік деңгейдегі электр желісі
арқылы беру қажет болған жағдайда ӨЭК-пен шарт жасалады.
Бөлшек сауда нарығы субъектілерінің арасындағы қатынастар электр
энергиясын сатып алу-сату шарттарымен ресімделеді.
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар
саласына жатады және олардың тарифін реттеуші орган белгілейді. Қазіргі
уақытта электр энергиясын беру тарифтерін айқындау үшін мынадай әдістемелер
пайдаланылады:
1) Жүйелік оператордың электр желілері бойынша электр энергиясын
беру үшін аймақтың тапіпылыққа тәуелділігіне, аймақ ішінде және аймақтар
арасында өткізу қабілеттілігіне қарай аймақтық тарифтер белгіленеді;
2) ӨЭК-тің электр желілері бойынша электр энергиясын беру үшін
жұмсалған шығындардың және нормаланған пайда мен электр энергиясын тиімді
босатудың арақатынасы ретінде айқындалатын "кіру" тарифтері белгіленеді.
2. Электр энергиясының нарығындағы проблемаларды бағалау
Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
Қазіргі уақытта электр энергиясының көтерме сауда нарығы электр
энергиясының орталықсыздандырылған нарығы, жүйелі және қосымша қызметтер
нарығынан және электр энергиясының орталықтандырылған нарығы секторларында
жұмыс істейді. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап көтерме сауда нарығының
төртінші секторы - "нақты уақыт" режимінде теңгерімдеуші нарық іске
қосылды. Бұл нарық 2009 жыл бойы имитациялық режимде жұмыс істейтін болады.
Орталықсыздандырылған сауда нарығында электр энергиясы нарығының
субъектілері келіссөздер немесе тендерлік рәсімдер жүргізу жолымен екі
жақты электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады, оларда шарттың
қолданылу кезеңіне электр энергиясын жеткізу көлемін келіседі, шарттық
бағаны және электр энергиясына ақы төлеудің шарттарын белгілейді.
Орталықсыздандырылған сауда нарығының көлемі электр энергиясының көтерме
сауда нарығында электр энергиясы жеткізілімдерінің 90 пайызын қамтиды.
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы
орталықтандырылған сауда алаңы сияқты, онда нарық субъектілері сауда жүйесі
арқылы ұзақ, орта мерзімді кезеңге (жыл, тоқсан, ай, апта) арналған сатып
алу-сату мәмілелерік сондай-ақ "бір күн бұрын" режиміндегі спот-мәмілелерді
жүзеге асырады. Субъектілердің электр энергиясының нарығына қатысуы,
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, ерікті болып табылады. Орталықтандырылған сауда
нарығының көлемі электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр
энергиясы жеткізілімдерінің 10 пайызын қамтиды, оның ішінде "бір күн бұрын"
режиміндегі спот-мәмілелердің көлемі 1 пайыздан кем.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190
каулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы электр энергетикасындағы
нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту тұжырымдамасына сәйкес энергиямен
жабдықтаушы ұйымдар 2004 жылдың төртінші тоқсанынан бастап сатып алынатын
электр энергиясының жалпы көлемінің 50 пайызына дейін орталықтандырылған
сауда-саттықта сатып алуға, ал энергия өндіруші ұйымдар тиісті көлемдерді
сауда-саттыққа шығаруға тиіс болатын. Сонымен, электр энергиясы нарығының
оңтайлы құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік болмады. Нарықтың қазіргі ахуалы
энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың және тұтынушылардың бәсекелестік нарықтың
артықшылығын алу мүмкіндігін шектейді. Спот-нарықтағы электр энергиясына
бағаның маусымдық өзгеруінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, күзгі-қысқы
кезеңде (бағаның өсу кезеңі) ұзақ мерзімді келісім-шарттарға қол қойып,
көктемгі-жазғы кезеңде (бағаның төмендеу кезеңі) нарықтың артықшылығын
пайдалана алмайды.
Электр энергиясы нарықтарының әлемдік дамуын талдауды ескере отырып,
оңтайлы құрылым мынадай ара қатынаста қалыптасуы тиіс: электр энергиясының
басым бөлігі (90 пайызға дейін) орталықсыздандырылған және
орталықтандырылған нарықта еркін сатып алымуы тиіс, 10 пайыз шамасында
міндетті түрде спот-нарықта алынуы тиіс. Бұл ретте электр энергиясының 5
пайызына дейін теңгерімдеуиіі иарықта сатып алынады.
Орталықсыздандырылған сауда нарығы мен орталықтандырылған сауда
нарығының арасындағы айырмашылық әріптестерді таңдау мен электр
энергиясының бағасын анықтау рәсімдеріне байланысты.
Авариялық қуат резервтерін құру мен ұсыну бойынша ЭҚР пулы
қызметінің өтімділігі бұдан былай теңгерімдеуші нарықпен бәсекелесу
есебінен төмендейді. Бұл ретте ЭҚР пулы біртіндеп нарықтан кетеді деп
күтілуде.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы шешілмеген, оның одан
әрі дамуын тежейтін негізгі проблемалары:
1) электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымының болмауы;
2) желі шаруашылығының жеткіліксіз дамуы және Қазақстан аймақтарының
арасындағы электр берілісі желілері өткізу қабілетінің шектелулерінен
электр энергиясын өндірушілер арасындағы бәсекелестік деңгейінің төмен
болуы;
3) нарық субъектілерінің тым артық реттелетіні;
4) "бір күн бұрын" режиміндегі орталықтандырылған спот-сауда-
саттықта нарық субъектілерінің сауда-саттыққа тұрақты түрде қатысуын
қамтамасыз ететін тетіктің жоқтығы;
5) өңірлік электр желілері компанияларын электр энергиясын
коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі ЖЕАЖ)
болмауы болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан электр энергиясының көтерме сауда нарығы
Жүйелік оператордың электр желілерінің шегінде аймақтық нарықтарға
сегменттеледі және ӨЭК электр желілерінің шекараларында өңірлік нарықтарға
сараланады. Көтерме сауда нарығының әрбір сегментінде шын мәнінде 2-ден 5-
ке дейін энергия өндіруші ұйымдар өзара бәсекеге түседі және көтерме сауда
нарығының әрбір сараланымы өндірушілердің үстемдігін білдіреді.
Әлектр энергиясының бөлшек сауда нарығы
ӨЭК-тегі электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр
энергиясын сатып алу-сату жөніндегі қызмет оны беру жөніндегі қызметтен
ажыратылған және ЭЖҰ, оның ішінде электр энергиясына кепілдік беріп
жеткізуші ұйымдар (бұдан әрі - ЭКЖ) құрылған. Қазіргі кезде жариялы
шарттардың негізінде ЭЖҰ мен ЭКЖ көтерме сауда нарығында электр энергиясын
өз бетінше сатып алғысы келмейтін және немесе оған мүмкіндігі жоқ
тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Әуелде бөлшек саудамен тұтынушыларға электр энергиясын бергені үшін
кепілді өнім берушілермен және өзара бәсекеге түсетін ЭЖҰ ұйымдар құру,
сөйтіп бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті қамтамасыз ету көзделді.
Сонымен бірге ЭЖҰ арасында бәсекелестік құру мүмкін болмады және бөлшек
сауда нарығында өңірлік электр желілік компаниялары құрған ЭЖҰ (ЭКЖ) 100%-
дық үлесімен үстемдікке ие.
Жылу энергиясын өндіру табиғи монополия саласына жататын электр және
жылу энергиясын құрамдастырылып өндіру электр станцияларының, сондай-ақ
электрмен жабдықтау бойынша ЭЖҰ қызметі электр энергиясы нарығында үстем
жағдайға ие субъектілері ретінде табиғи монополиялар және реттелетін
нарықтар туралы заңнамаға сәйкес реттеледі.
Осыған байланысты бөлшек сауда нарығындағы өз шешімін қажет ететін
негізгі проблемалар:
1) бөлшек сауда нарьврында түпкілікті тұтынушыларға электр
энергиясын жеткізу саласындағы ЭЖҰ арасында бәсекелестіктің жоқтығы;
2) басқа ЭЖҰ-ға электр энергиясын қайта сатуды күштеп таңатын
жекелеген ЭЖҰ-ның электр энергиясы нарығындағы қызметі;
3) өңірлік деңгейде ЭКЕАЖ құрудың аяқталмауы;
4) тұтынушылар санаты бойынша да, тәуліктік аймақтар бойынша да
тариф құру жүйесінің дамымағаны;
5) тұтынушыларда энергияны есепке алатын заманға сай құралдарының
жоқтығы болып табылады.
3. Энергиямен жабдықтаудың сенімділігі және нарықтың инвестициялық
белгілері
Тұтынушыларды сенімді энергиямен жабдықтау саласындағы Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық базасы қысқа мерзімді кезеңде
сенімділікті қамтамасыз етуге қойылатын ережелер мен талаптарды қамтиды,
яғни мыналарға:
тұтыну өндірісі үдерістерін теңгерімдеуге қажетті қуат резервтеріне;
аварияларды және энергетикалық жабдықтар жұмысының технологиялық
бұзылыстарын болдырмау және жою үдерістеріне қойылатын талаптар
белгіленген.
Жүйелік оператор мен электр энергетикасы субъектілері пайдаланған,
қысқа мерзімді кезеңде энергиямен жабдықтаудың сенімділігі талаптарын
орындауды қамтамасыз ететін тетіктер өндірушілерге қосымша пайда табуға
мүмкіндік бермейді және инвестициялар тартуға бағалық белгілер бермейді.
Қазақстанның энергетикалық жүйесі мен нарығының әлемдік озық
шетелдік энергия жүйелері мен энергия нарықтарынан айырмашылығы, онда қысқа
мерзімді кезеңде энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету
талаптары жоқ. Атап айтқанда, Бірыңғай энергетикалық жүйеде тұтынушылардың
жүктемесінің қажеттілігін қуат беруші қуаттармен қамтамасыз ету және оның
болуы жөніндегі талаптар, сондай-ақ осы талаптардың орындалуын қамтамасыз
ететін нарық тетіктері.
Мұндай жағдайда дем беруші қуаттардың жеткілікті деңгейінің болуын
қысқа мерзімді кезеңде қамтамасыз ету және инвестициялық белгілер беру
толығымен Қазақстанның көтерме сауда нарығында қалыптасатын электр
энергиясының құны мен бағасына түседі және "нарық - бағалар - инвестициялар
- электр энергиясындағы қажеттілікті жабу - нарық" байланысы арқылы
қамтамасыз етіледі.
Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, электр энергиясының нарығы
инвестициялық белгілер әзірлеу тұрғысынан алғанда неғұрлым баяу болады.
Оған мынадай факторлар әсер етеді:
1) электр энергиясы уақыт бойынша қуаттың интеграцияланған
көрсеткіші болып табылады;
2) энергия жүйесінде жүктеме (сұраныс) тәулік бойы және жыл
маусымына қарай уақыт ішінде өзгеріп отырады;
3) энергия жүйесінде генерация (ұсыныс) энергетикалық жабдықтың
жұмыс істеу қуатының толық шамасында тұрақты түрде қатысады.
Осылайша, инвестицияларды жүзеге асыру үшін инвестициялық белгі мен
жеткілікті деңгейде пайда алуға Қазақстан электр энергетикасының
субъектілері энергетикалық жабдықтың жұмыс істеу қуатының барлық көлемі іс
жүзінде жекелеген сағаттарда ғана емес, жыл маусымына қарамастан, тәуліктің
барлық уақытында қажет болған жағдайда ғана қол жеткізіледі және электр
энергиясына қойылған бағаның деңгейі инвестициялардың қайтарымдылығы мен
пайдалылығын қамтамасыз етеді.
Осындай ұйымдастыру кезінде электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі
Қазақстанда өндірістік қуат тапшылығының туындауына алып келді, онда
еліміздің экономикасының табысты дамуы үшін электр энергиясын тұтыну
өсімімен салыстырғандағы олардың озық өсімі талап етіледі.
Жоғарыда көрсетілген проблемалар саланың қаржылық тұрақтылығына және
инвестициялық тартымдылығына одан әрі дамуына және нарықтық қатынастарының
тереңдеуіне мүмкіндік бермейді.
Бұл ретте ӨЭК-тер мен электр станцияларының негізгі қорларының тозуы
сындарлы шегіне жетті, бұл таяу жылдары өте қауіпті салдарға әкеп соғуы
мүмкін. Электр станциялары мен электр желілерінің негізгі жабдықтарының
орны толтырылмайтын тозуының және істен шығуының алдын алу үшін оларды
қалпына келтірудің нақты тетігін құру қажет.
Осыған байланысты Қазақстанның энергия жүйесінде өндірістік қуатты
дамытуды қамтамасыз ету үшін оның өсімін ескере отырып, тұтынылатын
жүктеменің барабар жабылуына мыналар қажет:
1) қолданыстағы активтердің жаңартылуына және жаңа өндіруші және
беруші қуаттардың енгізілуіне бағытталған саланың даму стратегиясын және
инвестициялық саясатын әзірлеу;
2) энергиямен сенімді және қауіпсіз жабдықтау жөнінде талаптарды
нарық субъектілерінің орындауын қамтамасыз ететін, сондай-ақ нақты
инвестициялық дабылдарды беретін нарық тетіктерін әзірлеу және енгізу.
Әлемдік практикада осындай тетіктер ретінде алдыңғы қатарлы бәсекелік
нарықтарда мыналар пайдаланылады: қуат нарығы, бағалық серпілістермен нарық
үлгісі;
3) тұтынушыларды ұзақ мерзімді кезеңде теңгерімді сенімділік және
энергиямен жабдықтау қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды әзірлеу және
белгілеу;
4) электр және жылу энергиясын өндіру және беру, техникалық қайта
жарақтандыру жоспарларын әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын нарық
субъектілеріне қойылатын талаптар.
4. Электр энергиясының көтерме нарығын дамыту
Нарықтық қатынастарды одан әрі дамытудың негізгі міндеттері
Электр энергиясының көтерме нарығын дамытудың негізгі міндеттері
мыналар болып табылады:
1) ұзақ мерзімді кезеңде тұтынушыларды сенімді және қауіпсіз
энергиямен жабдықтау бойынша талаптарды белгілеу және осы талаптарды
орындауды қамтамасыз етуші қуат нарығын құру;
2) бәсекелестік деңгейін арттыру және электр энергиясының көтерме
нарығының шекарасын кеңейту бойынша жұмыстарды мыналар арқылы жалғастыру:
аймақ және ӨЭК желілері шегінде электр энергиясының көтерме нарығын
сегменттеуге әсер ететін техникалық және экономикалық тосқауылдарды жабу,
атап айтқанда:
Қазақстанның Солтүстігі - Батысы және Қазақстанның Солтүстігі
-Оңтүстігі электр беру желілерін салу;
электр энергиясын өндіруге, "КЕGОС" АҚ және ӨЭК электр желілері
бойынша электр энергиясын беруге баға белгілеуді жетілдіру;
барлық энергия өндіруші ұйымдар мен энергия жабдықтаушы ұйымдар үшін
"бір күн бұрын" режимінде орталықтандырылған спот-сауда арқылы электр
энергиясын сатудың міндетті нормасын белгілеу;
орталықтандырылған сауда нарығының операторы базасында Орталық Азия
сауда алаңын құру және орталықтандырылған сауда нарығына шектес елдердің
электр энергетикасы субъектілерін тарту;
3) электр энергиясы нарығы субъектілерімен үстем жағдайды теріс
пайдаланудың алдын алу бойынша және Қазақстан Республикасы заңнамасының
сақталуына мониторинг және бақылау жүйесін құру;
4) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығын
орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсететін қызметтерінің
спектрін кеңейту арқылы дамыту;
5) электр энергиясы нарығының ақпараттық-техникалық инфрақұрылымын
жасау.
5. Нарықтың мақсатты моделі
Қазақстандық электр энергиясы нарығының перспективалық моделі екі
негізгі деңгейді: электр энергияеының көтерме және бөлшек сауда нарығын
көздеуі тиіс:
1. Қатысушылары барлық энергия өндіруші компаниялар, 1 МВт астам
қосылған қуатымен электр энергиясының тұтынушылары, энергиямен жабдықтаушы
ұйымдар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығы. Көтерме
сауда нарығының құрылымы мыналардан тұруы тиіс:
электр энергиясының орталықсыздандырылған сауда нарығы;
электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы;
"нақты уақыт" режиміндегі теңгерімдеуші нарық;
қуат нарығы;
жүйелі және қосалқы қызметтер нарығы.
Әлемдік тәжірибе мен Қазақстанның электр энергиясы нарығындағы
жұмысының он жылдық кезеңі электр энергиясын жеткізу тұтынудың тәуліктік
кестесі ұзақ және орта мерзімді келісім-шарттар бойынша электр энергиясының
орталықсыздандырылған нарығындағы және орталықтандырылған сауда-
саттығындағы нарық субъектілерімен жасалатын 80-90 пайыздан аспайтын
мәмілелер есебінен, "бір күн бұрын" режиміндегі спот-сауда-саттықта электр
энергиясын 10-15 пайызға дейін міндетті сатып алу-сатудан, электр
энергиясының теңгерімдеуші нарығына және қосалқы қызметтер нарығына
қатысуымен қалыптасуы тиіс екенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz